Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті проблемалары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СУДЬЯ МӘРТЕБЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жоспар:
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
1. 1 Судьяның құқықтық мәртебесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері және қазіргі жағдайы . . . 6
1. 2 Судьяларға өкілеттіліктерді беру тәртібі және оларға қойылатын талаптар . . . 12
2. СУДЬЯ МАМАНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1 Судьялардың құқықтық санасы мен мәдениетінің олардың кәсіби қызметтерін жүзеге асырудағы және тұрғындарының сенімділіктерін арттырудағы мәні . . . 17
2. 2 Үкімнің заңдылығы мен негізділігі - судья жұмысының сапалылығының көрінісі ретінде . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы : «ҚР-дағы судья мәртебесінің өзекті мәселелері» атты бұл курс жұмысы ҚР-дағы судья мәртебесінің қысқаша тарихы мен қазіргі жағдайын, судьялардың сот төрелігін жүзеге асырудағы рөлі, судья кадрларын даярлау мен іріктеу, судьяның кәсіптік қызметі мен жарамдылығын және жұмысының сапасын зерттеп зерделеуге арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі : Сот жүйесі мен қызметін түпкілікті қайта құру, судья ісіндегі кәсіпқойлықты, тәуелсіздікті баянды ете отырып, сот ісін жүргізуді тиімділікпен жоғары дәрежеге жеткізу, бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы судья ешкімнің де ықпалына қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, мемлекет атынан сот билігін жүзеге асырады, сот мәжілісі тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығын қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады, ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Адам тағдырында сот билігі әділеттіліктің ең жоғарғы сатысы іспетті.
Сот пен судьяның адам мен қоғам алдындағы жауапкершілігі өте жоғары. Адам тағдырына байланысты билік айту, үкім (шешім, қаулы) шығару оңай емес. Күрмеуі қиын сұрақтардың жауабын тауып, шынайы шындықтың түбіне жету үшін арнайы білім, кәсіби даярлық, зеректік, қабілет, мол тәжірибемен қатар, заңдарды жетік білу және оны дұрыс талдай білу керек.
Елбасы соттардың ІІІ съезінде халықтың Президентке, Үкіметке, әкім не министрлерге емес, тек сотқа ғана жүгіну қажеттігін нақтылап айтты.
Қазір қалың көпшілік бұрынғыдай атқарушы билікке көп шағымданбайды. Арыз-шағымын айтып, соттарға жүгінуге бейім. Бұл сот билігіне халық сенімінің артқандығының белгісі.
Қазақстан халқы, дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі ретінде, адам құқығы мен бостандығының басымдығын мойындай отырып, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлағанын өз Конституциямызда баянды етті.
Біз демократия жол басы емес, ол алдағы мақсатымыз екенін ешқашан естен шығарғанымыз жоқ, демократияны декретпен енгізуге болмайтынын, оны жан-жүрегіңмен түйсіну керек екенін білдік.
Жаң қоғамдық қатынастарды орнықтыру олардың құқықтық қамтамасыз етілуіне уақытылы түзетулер енгізумен, сапалы заңдардың қабылдануымен, жоғары деңгейдегі құқық қолданумен, құқық қорғау органдарының кінәратсіз әрі үйлесімді жұмыс істеуімен, сот беделінің шүбәсіздігін мойындаумен ұштастырылуда.
Қазақстанда тәуелсіз сот жүйесінің негіздері қаланып, заңның жоғарылығы дәйекті қамтамасыз етіліп келеді. Қоғамда сот билігіне деген сенім барған сайын арта түсуде.
ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы Жолдауында сот өндірісін оңайлату, оның обьективтілігін, сот актілерінің тұрақтылығы мен уақытылы орындалуын қамтамасыз ету; сот жүргізу шеңберінде және сот шешімдерін атқару кезеңінде азаматтар құқығына берілетін кепілдіктерді күшейту; сот корпусының тәуелсіздігін қамтамасыз ету; судьяның біліктілігін арттыру; қылмыстық және азаматтық сот жүргізу мен сот шешімдері шеңберінде адвокаттардың рөлін арттыруды қамтамасыз ету; сот рәсімдерінің ашықтығы мен анықтығын қаматамасыз ету сияқты алдағы уақытта шұғылданатын мәселелер нақтыланып көрсетілген.
Осы мәселелерді шешу жолында бірінші тұлға ол судья. Сол себептіде судья мәртебесіне байланысты мәселелердің өзектілігі бұрынғыданда арта түсуде. Айтылған жағдайлар курс жұмысының тақырыбының өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік береді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Жалпы сот реформасы туралы сөз болғанда ғұлама Шоқан Уалихановтың еңбектерінен бастаған жөн. Сондай-ақ ғалымдар Н. Н. Веселовский, А. И. Добромыслов, Л. Словохотов, С. Сабатаев, Н. Дельвичтердің еңбектерін айтуға болады.
Кеңес дәуірінде бұл тақырып М. Шаламов пен М. Сапарғалиевтің көптеген ғылыми еңбектерінде біраз зерттелген.
Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап судья мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеген отандас ғалымдар К. Х. Халиқов, Қ. Ә. Мәми, Ш. М. Шарипов, А. А. Касимов, Е. Қ. Қаржаубаев, А. Н. Жаилғанова, М. Р. Абилкаировты атауға болады.
Зерттеу нысаны және пәні . Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі судья мәртебесін зерттеу жұмыстың нысаны болып табылады.
Зерттеудің пәні - судья мәртебесінің тарихы мен қазіргі жағдайы, судья мамандығының негізгі өзекті мәселелері.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті . Бітіру жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесін кешенді түрде жан-жақты зерттеп талдау, судья институтының табиғатын ашу, оның құқықтық жүйедегі орнын айқындау.
Осы мақсаттан келесідей міндеттер туындайды :
ҚР құқықтық жүйесіндегі судья институтының орны және оның ерекшелігін анықтау;
Судья мәртебесінің тарихын даму кезеңдерге бөліп қарастырып, ғылыми ой елегінен өткізу;
Судья мамандығының негізгі мәселелерін айқындау және оларға талдау жүргізу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Біріншіден, бізге дейінгі ғалымдардың айтқан ой-пікірлерін қайталамай, өз мүмкіндігімізше жаңа ғылыми мәселелерді, яғни судья кадрларын әзірлеу, іріктеу, судьяның кәсіптік қызметі мен құқықтық санасы, оның кәсіптік жарамдылығы, судья жұмысының сапасы сияқты бұрын-соңды қазақ ғылыми әдебиетінде айтылмаған жаңа мәселелерді қозғаймыз.
Екіншіден, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы мен Сот жүйесі мен судья мәртебесі туралы Конституциялық Заң негізінде судья мәртебесін кешенді талдауға арналған монографиялық зерттеу болып табылады.
Үшіншіден, бітіру жұмысында Қазақстандағы судья мәртебесіне әсер ететін факторлар сараланып, олардың рөлі мен маңызы зерттелген.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі . Жұмысының құрылымы ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Көлемі қойылған талапқа сай.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
1. 1 Судьяның құқықтық мәртебесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері және қазіргі жағдайы
Бұл бөлімшеде судья ұғымының қалыптасуы мен даму кезеңдері, қазіргі жағдайы, судьяның мәртебесі, оның құқықтық жағдайы, судьяның мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының ішінде алатын ерекше орны анықталады.
Судья мәртебесінің зерттелу тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең, судья туралы мағлұматтардың патшалық ресей тұсында жиналып, сұрыпталуы, жарық көруі. Бұл кезең 1917 жылы Қазан төңкерісіне дейін созылды.
Екінші кезең, (1917-1990) Кеңес дәуірінде судья мәртебесін зерттеу пролетарлық көзқараста жүргізілді. Қазақстан үшін ең алғашқы ғылыми еңбек болып М. Шаламовтың «Судебное устройство Казахстана» зерттеуін айтуға болады. Одан кейін М. С. Сапарғалиев бірнеше еңбектерін жария етті.
Үшінші кезең, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін уақыт. Бұл кезеңде ең алғашқы сот билігі мен судья мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеген профессор Қ. Х. Халиқов судьяның құқықтық мәртебесі мен оның тәуелсіздігіне жан-жақты талдау жасап кейінгі зерттеушілерге бағыт бағдар берді.
Лауазымды тұлғаның қоғамдағы орны мен әлеуметтік мәртебесі сол лауазымды тұлға өкілі болып табылатын ұйым мемлекетті басқару саласында қандай қызмет атқаратындығымен анықталады. Бұл реттен судья да тыс қалмайды. Судьяның қоғамдағы орны, сот атқаратын іспен, яғни заңдылық пен құқық тәртібін қорғау, сот әділдігін жүзеге асыру, сот төрелігін ешқандай кедергісіз, ешкімнің нұсқауы мен бұйрығынсыз, тәуелсіз жүзеге асыру маңыздылығымен ерекшеленеді.
Біздің қоғамымызда судьяның алатын орнын анықтау үшін судья институтының әлеуметтік бастау-қайнар көзін ашып, бұл институттың қалыптасу тарихына көңіл аударған жөн. Өйткені кеңес халық сотының тарихы сол кездегі заңгерлердің бірқатар жұмыстарында көрсетілген, ал қазақстандық соттардың тарихы бұл мәселенеің ажырамас бөлігі болып табылады. 1936 жылғы Конституция қабылданғанға дейін Қазақстан автономиялық республика құқығында РКФСР құрамында болып келді, сондықтан біз кеңестік сот жүйесін РКФСР-ға қатысты талдауға мәжбүр болдық. Біз халық судьяларына тікелей қатысы бар мәселелерді қысқаша қараумен шектелдік, атап айтқанда, халық судьясы институтының негізі қашан, қандай жағдайларға байланысты қалыптасты, оның табиғаты қандай және халық судьясына үміткерлер қандай талаптарға сай болу керек еді т. с. с.
Халық судьясы институты Кеңес мемлекетінің алғашқы күндерінде пайда болды.
Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейдің саяси билігін басып алып, заң мекемелерін жойғаннан кейін Кеңес мемлекетінің өзінің құрылымдық түрі, қызмет мазмұны жөнінде және судьялар құрамы бойынша жауап беретін жаңа сот құру қажеттілігі туындады.
Кеңес мемлекетінің алғашқы соттарын ұйымдастырудың маңызды принциптері сот жөніндегі 24. 11. 1917 жылғы №1, 7. 03. 1918 жылғы №2, 20. 07. 1918 жылғы №3 Декреттерінде және 1918 жылғы Конституцияда бекітілді.
Ресей социалистік федеративтік кеңес республикасының 1918 жылғы 30 қарашадағы Халық соттары туралы Ережесінде алғаш рет халық судьяларын іріктеудің өлшемдері қалыптасты, олар 12-бапта көрсетілген мынадай талаптарға жауап беруге тиісті еді: кеңестерге сайлауға және сайлану құқығына ие болуы; партияның пролетарлық ұйымдарында, кәсіподақтарда, жұмысшы кооперативтерінде, фабрика-зауыт комитеттері мен кеңес мекемелеріндегі жұмыстың саяси тәжірибесінің болуы; кеңес мекемелеріндегі жұмыстың саяси тәжірибесінің болуы; кеңес судьясы үшін теориялық және практикалық әзірлігінің болуы. Судьялыққа үміткердің бірінші өлшемге және қалған екеуінің ең болмаса біріне сәйкес келуі тиіс еді.
Халық судьясы болуы үшін: саяси көзқарасты, қоғамдық ұйымдарда адамдармен жұмыс істеу тәжірибесі бар және қоғамдық қызмет салаларының бірінен өзін жағымды жағынан таныту міндетті шарт болып табылады және осы талапқа жауап беретін адамдар ғана халық судьясына үміткер бола алатын еді. Бұған қосымша, ол арнайы заң даярлығынан өткен немесе заң жұмысынан тәжірибесі болуы керек екендігі тағы бар.
1920 жылғы 21 қарашадағы Халық соты туралы жаңа Ереже халық судьялығына тағайындаудың тәртіп-ретіне кейбір өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер біріншіден, судья кадрларын нығайтуға және сот жұмыстарының сапасын жақсартуға сәйкестендірілді, екіншіден, судьялардың тәуелсіздігіне және олардың тек заңға бағынуына бағытталды, өйткені оларды кері шақыру тек губерниялық атқару комитетінің шешімімен бекітілген жағдайда ғана жүзеге асатын болды. 1918 жылғы халық соттары туралы Ережеде аса күрделі қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша сот құрамына төрелік етіп тек қана тұрақты судьяны ғана емес, заседательді сайлау құқығы берілген болса, ал 1920 жылғы халық соты туралы Ережеде сот талқылауында төрелік етуші болып тек тұрақты судьяның қатысуының міндеттілігі мойындалды. Осы арқылы сот әділдігін жүзеге асыруда басты рөл атқаратын судьяның кәсіптік тәжірибесі мен білімінің маңыздылығы атап көрсетілді.
1922 жылғы 11 қарашадағы РКФСР сот құрылысы жөніндегі Ереженің 11-бабына сәйкес халық судьясы болып: сотталмаған РКФСР азаматы, жынысына, нәсіліне және ұлтына қарамастан мына шарттарға жауап беретін: а) кеңестерге сайлайтын және сайлану құқығына ие азаматтар; б) жұмысшы-шаруа, қоғамдық, кәсіподақ немесе партия ұйымдарында жауапты саяси жұмыстарда 2 жылдық еңбек стажы бар немесе заң органдарында халық тергеушісінен төмен емес қызметте, тәжірибелік жұмыста 3 жылдық өтілі бар азаматтар ғана сайланған. Өрескел қылықтары үшін қоғамдық ұйымдардан қуылғандар халық судьясы бола алмаған.
1924 жылғы 29 қазандағы КСРО мен одақтас республикалар сот құрылысының Негіздерінің 3, 4-баптары сот органдарындағы жұмыстың таптық бағытын жүргізуді қамтамасыз етудің жалпы бастамасын белгілеп берді. Бұл заңда сот қызметін тек қана еңбекшілердің қатысуымен жүзеге асыру көзделген. Сотталмаған, Кеңестерге сайлайтын және сайлану құқығы бар, қоғамдық-саяси немесе кеңес әділет не басқа да мемлекеттік органдардағы тәжірибелі жұмыс стажы бар КСРО азаматы судья болып сайлана алады делінген. 1926 жылғы сот құрылысы жөіндегі Ережеде халық судьясы болып: сайлайтын және сайлану құқығына ие және заң органдарында істеуі міндетті емес, жалпы мемлекеттік мекемелерде қоғамдық-саяси еңбек өтілі бар тұлғалар сайланады деп көрсетілді. Бұл заң Халық комиссариатына сот органдарында жұмыс істеуге тартылған адамдарды юрисдикциялық әзірлеуге қамқорлық жасау міндетін жүктеді.
1938 жылғы 16 тамыздағы КСРО, одақтас және автономиялық республикалар Сот құрылысы туралы Заңның 11-бабында халық судьялары мен халық заседательдеріне бірыңғай талап қарастырылды. Халық судьясы мен халық заседательдері болып: сайлау құқығына ие және жасы 23-ке жеткен барлық азаматтар бола алды. Судьяға үміткерлерге бұдан басқа талаптар қарастырылмаған. Сотталған адамдарды сайлауға болмайтындығы көрсетілген.
1958 жылғы 25 желтоқсандағы КСРО Одағы, одақтас және автономиялық республикалар сот құрылысы туралы заң Негізінің 29-бабында судьялар немесе халық заседательдері болып сайлану құқығына ие және сайлау күніне жасы 25-ке толған КСРО азаматының әрқайсысы сайлана алады деп жарияланған.
Ал қазіргі жағдайға келсек, Президенттің Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілгендей, сот және құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру - басты мәселелердің бірі болып қала береді.
Қоғамның заң саласын реформалау қажеттілігі оның экономикалық және саяси жүйесінде жүзеге асырылып жатқан өзгерістерге сай келетін құқықтық инфроқұрылымдар құруды талап етуінен туындап отыр.
Соттардың құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған қайта құру - реформаның маңызды құрамдас бөлігі.
Сот құрамын жасақтауда судьяларды тағайындау тәртібі енгізілді, олардың мәртебесі мен материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейін көтеретін басқа да шаралар жүзеге асырылды.
Ол шаралардың тиімділігін арттыру және соттың тәуелсіздігін, судьялардың кәсіпқойлылығы мен мамандандырылуын қамтамасыз ету мақсатында соттарды ұйымдық жағынан нығайтып, жалпы және төрелік болып бөлінуінің қажетсіздігі дәлелденді. Судьялардың ауыстырылмайтыны және Жоғарғы Сот Кеңесі мен біліктілік алқаларының ұсынысы бойынша оларды сайлау мен тағайындау қағидаларын қолдану; әділ сот жүргізе алмайтын адамдарды босатудың негіздері мен тетігін тауып, сот сатылары арасында іс жүргізуден тыс қатынастарын болдырмау шарты айқындалды. Сот құрылысы мен сот ісін жүргізу қайта ұйымдастырылды.
Сот жүйесін реформалау, судьялардың әлеуметтік беделін арттырып, сот органдарын жеке адамның құқығы мен бостандығының сенімді кепілгері етуге, қоғамдық қарым-қатынастардың субьектілерінің арасындағы дау, тартыстардың заңды, әрі әділетті түрде шешілуіне, судьяларды, олардың отбасы мүшелерін құқықтық және әлеуметтік қорғау мәселелеріне бағытталған.
Ата Заңымыз сот билігіне ерекше көңіл бөліп, сот пен судьяның қоғамдағы рөлі мен орнын айқындай түсті.
Конституцияның «Соттар және сот төрелігі» деген тарауында елімізде әділеттілікті орнықтырудың, сот қызметін жетілдірудің стратегиялық бағыты айқындалды. Біздің Республикамыздағы соттар - беделі асқақ, мерейі үстем мемлекеттік ірі ұғым.
1995 жылғы ҚР Конституциясы сот билігін мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде бөліп алып, заң шығарушылық және атқарушылық биліктен бөлуді жария етті. Сот билігінің мақсаты азаматтардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырудан, ҚР Конституциясының, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуден тұрады. Осы арқылы сот билігіне, біріншіден, құқық туралы барлық жанжалдар мен дауларды шешетін төрешінің, екіншіден, мемлекетте заңдылық режимінің орындалуы мен сақталуын қамтамасыз ететін органның рөлі берілген.
Қоғамдық құрылыстағы өзгерістер, әсіресе кейінгі жылдары кең дамып келе жатқан демократиялық құрылым, сот рөлін бұрынғыдан да күшейтіп, оның құқығын көтере түсуде.
Заңда белгіленген тәртіппен судья лауазымына тағайындалған немесе сайланған, тиісті сотта жұмыс істейтін және өз өкілеттіктерін кәсіптік негізде жүзеге асыратын адам судья болып табылады.
Судьялардың құқықтық мәртебесі судьялардың тәуелсіздігі мен ауыстырылмайтындығын, сондай-ақ оған ешкімнің тиіспеушілігін қамтиды. Тәуелсіздік судьяның тәуелсіздігін және тек Конституцияға және «ҚР сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына ғана бағынатындығын білдіреді.
Сот істерін қарау кезінде сот талқылауына қатысушылардың пікіріне байланысты емес, айыптау жағында, қорғау жағында қолдамайды. Судья істі қарау кезінде әділ болуға және қаралған дәлелдемелерге баға беруге негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша шешім қабылдауға және бұл ретте тек Конституция мен заңды басшылыққа алуға тиіс.
Судьяны, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген ҚР Президентінің келісімінсіз, ал Жоғарғы соттың судьясын ҚР Парламенті Сенатының келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяға тиіспеушілік оның жеке басына, меншігіне, ол тұратын тұрғын үй және қызметтік үй-жайларға, ол пайдаланатын жеке және қызметтік көлік құралдарына, оған тиесілі құжаттарға, багажына және өзге де мүліктеріне тиіспеушілікті қамтиды.
Судьяға қатысты қылмыстық істі ҚР-ның Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға қатысты арнайы жедел іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.
Судьяға ҚР-ның Президенті белгіленген тәртіппен куәлік береді.
Судьялардың құқықтық мәртебесі соттарды құру тәртібін, оларды ұйымдастыру қағидаттары мен қызметін, сот жүйесін, әрбір сот буынының құрамын, құрылымын, құзыретін, сондай-ақ судьялардың құқықтық мәртебесін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жүйесін құрайтын ҚР сот билігі заңнамасымен реттеледі.
Соттардың қызметін және судьялардың мәртебесін реттейтін негізгі құжаттар ҚР Конституциясы мен сот жүйесі туралы Конституциялық заң болып табылады.
Судьялар институтының әлеуметтік табиғаты демократиялық және құқықтық мемлекеттің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады. Ал демократиялық ерекшелік - сот билігін жүзеге асыруға сауатты, жоғары білікті маманды тартумен өлшенеді.
Профессор К. Х. Халиқов берген судья ұғымының мазмұнын толықтыра отырып, мемлекет атынан жеке немесе алқа құрамында заңда белгіленген процесуалдық тәртіппен сот істерін қарап, кінәсіз адамдарды жауапкершіліктен босатып, ал кінәлі адамдарға айыптау үкімін шығаратын, қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын қолданатын, тәуелсіз, тек заңға ғана бағынатын биліктің өкілі деген қорытындыға келдік.
Судьялардың басқа лауазымды адамдардан айырмашылығы, біріншіден, ол сот жұмысында тек заңға ғана бағынуға міндетті болса, екіншіден, ол билік иесі. Әрине заңның дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы әрбір судьяның өз пікірі бар. Заңды түзету, өзгерту немесе күшін жою мақсатында ол басқа азаматтар сияқты заң органдарына жүгінуге, баспасөзде сөйлеуге құқылы, бірақ сотта істі шешу кезінде ол заңға бағынуға, оны дұрыс қолдана білуге міндетті.
Судьялардың мәртебелерінің теңдігі олардың сот төрелігін іске асырудағы процессуалдық құқықтарының теңдігі ретінде қарастырылады. Сот төрелігін іске асыруда барлық судьялар тең құқылы және және міндеттері де тең болады. Олардың иммунитеттері де бірдей, мемлекет тарапынан да теңдей әлеуметтік қамқорлықта болады.
Судьялардың құқықтық мәртебесі тақырыбын зерттей келе, олардың қазіргі жағдайына тоқтала кеткен абзал. Қазақстанның сот ісін жүргізуде сот-құқықтық реформалаудың жаңа кезеңі - қылмыстық істерді қарау кезінде әділсотты жүргізу үшін алқа билер сотын енгізу мәселесі туындар отыр.
Алқа билер соты - отандық әділсот тарихындағы принципті жаңалық және халықтың сот билігі тармағындағы жұмысқа қатысуының бірден-бір мүмкіндігі.
ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қ. Мәми алқа билер соты мәселелері жөніндегі халықаралық конференциядағы өз сөзінде: «жаңа құқықтық институттың енгізілуі қоғамда нақ әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік бәтуаға келу қажеттілігінен туындап отыр. Шын мәнінде, алқа билер соты қоғамның әділсот саласындағы өкілді органына айналуда» - деп атап өтті.
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің сот жүйесіне алқабилер институты енгізілгені баршаға мәлім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz