Қазақтардың 1 Дүниежүзілік құрылтайы


Қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы 1992 жылы, тәуелсіздігіміздің таңсәрі шағында, егемендігіміздің елең-алаңында азаттығымыздың алтын бесігі - Алматыда өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Германия, Франция, Норвегия, Монғолия, Қытай, Австрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам делегат қатысты.
Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын құру оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады.
Нұрсұлтан Назарбаев - Төралқа төрағасы.
Қалдарбек Найманбаев - Төрағаның бірінші орынбасары.
Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев - Төралқа Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы туралы
Қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы 1992 жылы, тәуелсіздігіміздің таңсәрі шағында, егемендігіміздің елең-алаңында азаттығымыздың алтын бесігі - Алматыда өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішіндеТүркия, Германия, Франция, Норвегия, Монғолия, Қытай, Австрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам делегат қатысты.
Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын құру оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады.
Нұрсұлтан Назарбаев - Төралқа төрағасы.
Қалдарбек Найманбаев - Төрағаның бірінші орынбасары.
Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев - Төралқа мүшелері.
Келесі, екінші құрылтай 2002 жылы дініміздің дала төсіндегі діңгегі - қасиетті Түркістанда өтті. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Германия, Франция, Норвегия, Монғолия, Қытай, Австрия және басқа елдерден 400-ден астам делегат қатысты.
Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік құрылтайы 2005 жылғы 27-28 қыркүйекте Қазақстанның жан-жақты қарқынды және прогрессивті нәсілдерінің нышанына айналған еліміздің жаңа елордасы - Астанада өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Австриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса делегат, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтайда шетелде тұратын қазақ диаспорасы өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.
Бизнес байланысын нығайту, қазақ диаспорасының республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.
Делегаттардың аса қызығушылығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Мәдениет, ақпарат және спорт, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Индустрия және сауда министрліктері тараптарынан ұйымдастырылған дөңгелек үстелдердің өтуіне бірден-бір ықпал етті.
Бұл құрылтай - қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа біртұтас ұлт ретінде нық қадам басқандығының белгісі болып табылды.
Алғашқы құрылтайымыз сонау 1992 жылы, тәуелсiздiгiмiздiң таңсәрi шағында, егемендiгiмiздiң елең-алаңында азаттығымыздың алтын бесiгi - Алматыда өткiзiлгенi естерiңiзде. Келесi, екiншi құрылтай 2002 жылы дiнiмiздiң дала төсiндегi дiңгегi - қасиеттi Түркiстанда ұйымдастырылғаны да баршаға белгiлi.
Үшiншi құрылтайымыз елiмiздiң жаңа байтағы - бүгінгі қарыштап өсіп, қарқындап даму жолына түскен туған Қазақстанымыздың символы Астанада ашылып отыр.
Қазақстан кешегі Кеңес Одағы кезінде дербес мемлекет болған емес. Ол әуелі екі ғасыр патшалық Ресейдің боданы, ал жетпіс жылдан астам уақыт бойына Кеңес Одағының қатардағы республикаларының бірі ғана болды. Сол Кеңес Одағы күйреп, он бес республика өз алдына бөлініп шыққанда, қазақтың кең байтақ жеріне көз алартушылар аз болмады. Бүгін солардың атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын: ата тарихын жақсы білетін сіздер оны өздеріңіз де аңдап отырған шығарсыздар, бірақ ондай мемлекеттер де, тіпті мұндай ұшқары пікірді ресми түрде айтып қалған оның басшылары да табылды. Міне, осындай ұлт тағдыры тарих талқысына түскен сын сағатта, біздер, сабыр сақтап, алыс-жақын көршілеріміздің бәрімен келелі келіссөздер жүргізіп, іргемізді бүтіндеп, шекарамызды бекітуге кірістік. Ең алдымен, Қытай Халық Республикасымен шекарамызды анықтап, халықаралық хаттамаға қол қойдық. Осы залда отырған Қытайдан келген қандастарымыз куә, Қытай патшалық Ресеймен де, кешегі жарты әлемді билеген Кеңес Одағымен де шекара мәселесін түпкілікті шешкен емес. Қазақстанмен шешті және мәңгілікке, ешбір күмәнсіз, күдіксіз шешті.
Қазақстан экономикасы Кеңес Одағы тарқағанда сын көтермес жағдайда еді. Дүниежүзілік нарықтың талабына шыдайтын бірде-бір өнім шығара алмайтын республика кәсіпорындарының барлығы дерлік өз жұмысын тоқтатып, ауыл шаруашылығы да құлдырап, кейін кеткен еді. Тіпті республиканың өз валютасы да болмады. Міне, осы жылдарда: «әуелі - экономика, одан кейін - саясат» деген қағидатты басшылыққа алған біздер түбегейлі экономикалық реформаны жүзеге асыруды қолға алдық. Әуелі төлтеңгемізді енгіздік, кейін «Қазақстан - 2030» атты стратегиялық бағдарлама қабылдап, еліміздің 2030 жылға дейінгі дамуын белес-белесімен алдын ала белгіледік. Нәтижесінде Қазақстан экономикалық реформаны жүзеге асыруда кешегі Кеңес Одағы республикаларының ең алдына шығып, біз ұстанған экономикалық модель дамушы елдерге үлгі-өнеге ретінде ұсыныла бастады.
Үшінші кезекте біз қоғамның саяси жүйесін, заң шығарушы билікті реформалауды қолға алдық. Соның нәтижесіне халықаралық, демократиялық талаптарға сай келетін Конституциямызды қабылдап, кәсіби деңгейде жұмыс істейтін қос палаталы Парламентімізді сайладық. Өзіміздің ұлттық заңдарымызды қабылдау нәтижесінде ұлттық заңнама қалыптастырып, құқықтық реформаларды жүзеге асырдық. Биыл Ата заңымыздың 10 жылдығына арналған халықаралық конференция кезінде есімдері әлемге әйгілі заңгерлер Қазақстанның ұлттық заңнамасы мен елімізде жүргізілген құқықтық реформа нәтижесінің халықаралық биік талаптарға сай екендігін ерекше атап өтті.
Төртіншіден, біз атқарушы билік жүйесін де реформалауды ойдағыдай жүзеге асырдық. Республика экономикасы мен халық санының ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби үкімет жасақтап, жаңаша жергілікті басқару жүйесін құрдық. Мұның бәрі бізге басталған реформаларды бюрократиялық кедергілерсіз алға апаруға мол мүмкіндіктер туғызды. Міне, осылайша іргемізді бекітіп, экономикалық дамуымызды айқындап, заң шығарушы және атқарушы биліктің жұмысын қалыпқа түсіргеннен кейін біз рухани құндылықтарымызды түгендеуге мүмкіндік алдық.
Ең әуелі, туған тілімізді түлеттік. Егер 1990-91 жылдары республикамызда қазақ тілінде оқытатын 2768 мектеп болса, 2005 жылы олардың саны 3700-ге дейін жетті. Соның нәтижесінде республика мектептерінде қазақша оқитын балалардың үлесі 60 пайызға дейін көтерілді. Қазақ тілінде білім беретін жоғары оқу орындарының саны да арта түсуде. Жыл сайын ана тілімізде шығатын кітап, газет-журнал өнімдерінің таралымы көбейіп, теледидар, радио хабарларының мөлшері де арта түсуде. Қазір Қазақстанның 14 облысының бесеуінде іс-қағаздарын жүргізу қазақ тіліне көшірілді.
Ең бастысы, елімізде қазақ халқының үлес салмағы артты. Егер 1989 жылы республикадағы қазақтардың үлесі 40 пайызға жетер-жетпес болса, қазір бұл көрсеткіш 58 пайызға жетті. Кеңес заманында биліктің есігін сығалап жүретін қандастарымыздың мемлекеттік қызметтегі үлес салмағы 80 пайызға көтерілді. Әрине, бұл салада қолға алатын істер әлі де баршылық, бірақ қол жеткізген нәтижелеріміз де ауыз толтырып айтарлықтай. Екіншіден, мүбәрак дінімізді дамытуға бар мүмкіндікті жасадық. Тек тәуелсіздік алған жылдары республика бойынша 2000-нан астам мешіт салынып, көптеген медреселер ашылды. Орталық Азиядағы жалғыз «Нұр - Мүбәрак» ислам мәдениеті университетін ашып, жоғары білімді діни мамандар даярлау ісін жолға қойдық. Астананың дәл кіре берісінде елге келген әр мейман мұсылман мемлекетіне келгенін сезінсін деп алтынмен апталған, төрт мұнара, зәулім күмбезді «Нұр - Астана» мешітін тұрғыздық.
Дін - ұстараның жүзіндей өткір ұғым, ал Қазақстан көп ұлтты ғана емес, көп дінді мемлекет. Сондықтан елі іші тыныш болуы үшін дінаралық татулық саясатын да берік ұстанып, жер жаһандағы алуан түрлі дін өкілдерінің басын қосқан әлемдік діндер лидерлерінің алғашқы съезін өткіздік. Келесі жылдың күзінде, құдай қаласа, оның 2-съезін өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл да Қазақстанның халықаралық дәрежедегі беделінің артқаны деп білемін.
Үшіншіден, кешегі қызыл империя кезінде жұтылып кетудің аз-ақ алдында тұрған ұлттық мәдениетімізді қайта түлетіп «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жасадық. Бұл бағдарлама бойынша қазақ жеріндегі барша тарихи, мәдени ескерткіштер қалпына келтіріліп, халқымыздың аса бай ауыз әдебиеті, әдеби, мәдени және музыкалық мұрасы жүздеген том болып жарық көруде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz