Статистикалық мәліметтерді топтастыру



1 Топтастырудың маңызы, міндеттері және түрлері. Топтастыру белгілері
2 Статистикалық таратпалы қатарлар
3 Интервалды таратпалы қатарды құру технологиясы
4 Статистикалық кестелер
5 Статистикалық мәліметтердің графикалық көрінісі
Статистикалық зерттеудің екінші сатысы статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру деп аталады. Жинақтаудың негізгі мақсаты – бақылау нәтижесінде алынған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу болып табылады.
2.1 Топтастырудың маңызы, міндеттері және түрлері. Топтастыру белгілері
Талдау материалды жинақтаудан, оны топтастырудан басталады. Топтастыру дегеніміз – бақылау бірліктерін олардың негізгі белгілеріне байланысты, біртекті топтарға бөлу. 2 – кестеде топтастырудың міндеттері мен түрлері көрсетілген.
2 кесте – Топтастырудың міндеттері мен түрлері
Топтастырудың міндеттері Топтастырудың түрлері
Біртектес типтерді, топтарды, кластарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай бөлу
Жиынтықтың құрамы мен құрылымын анықтау
Құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтау Типологиялық


Құрылымдық

Аналитикалық
Топтау белгілері топтастырудың негізі болып табылады. Солар бойынша зерттелетін статистикалық жиынтықтың бірліктерін белгілі бір топтарға жатқызады. Белгілердің жіктемесі және сипаттамасы 3 - кестеде көрсетілген.

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Статистикалық мәліметтерді топтастыру
Статистикалық зерттеудің екінші сатысы статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру деп аталады. Жинақтаудың негізгі мақсаты - бақылау нәтижесінде алынған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу болып табылады.
2.1 Топтастырудың маңызы, міндеттері және түрлері. Топтастыру белгілері
Талдау материалды жинақтаудан, оны топтастырудан басталады. Топтастыру дегеніміз - бақылау бірліктерін олардың негізгі белгілеріне байланысты, біртекті топтарға бөлу. 2 - кестеде топтастырудың міндеттері мен түрлері көрсетілген.
2 кесте - Топтастырудың міндеттері мен түрлері
Топтастырудың міндеттері
Топтастырудың түрлері
Біртектес типтерді, топтарды, кластарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай бөлу
Жиынтықтың құрамы мен құрылымын анықтау
Құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтау
Типологиялық

Құрылымдық

Аналитикалық
Топтау белгілері топтастырудың негізі болып табылады. Солар бойынша зерттелетін статистикалық жиынтықтың бірліктерін белгілі бір топтарға жатқызады. Белгілердің жіктемесі және сипаттамасы 3 - кестеде көрсетілген.
3 - кесте. Белгілердің жіктемесі және сипаттамасы
Жіктеу принципі
Белгілердің түрлері
Сипаттау ерекшеліктері
Мазмұны бойынша
Негізгі
Құбылыстардың, процестердің негізгі ерекшеліктерін көрсетеді.

Көмекші
Қосымша мәліметтерді алу үшін қажет.
Сандық мөлшері және олардың белгілерінің өзгешеліктері бойынша
Сандық
Соның ішінде:
а) үздікті (дискретті)
б) үздіксіз (интервалды)
Атрибутивті
(сапалық)
Белгінің жеке мәндері сан түрінде беріледі
Тек қана бүтін санды қабылдайды
Кез-келген мәнді қабылдайды

Белгінің жеке мәндері белгілі бір ұғым түрінде беріледі
Егер зерттелетін жиынтық бірліктері бір ғана белгі бойынша топтастырылатын болса, оны жай топтастыру деп, ал бірнеше белгілер бойынша топтастырылса, оны күрделі топтастыру деп атайды.
Статистикалық бақылау процесінде жинақталған бастапқы мәліметтер негізінде құрылған топтастыруды бастапқы топтастыру деп атайды.
Бастапқы топтарды жаңа топтарға топтастыруды қайта топтастыру деп атайды. Қайта топтастырудың мақсаты ұсақ топтардан ірі топтарды алу және әр түрлі өңделген мәліметтерді бір жүйеге келтіру.
Жинақталған және топтастырылған мәліметтердің нәтижесі статистикалық таратпалы қатарлар және кестелер түрінде беріледі.
2.2 Статистикалық таратпалы қатарлар
Статистикалық қатарлар зерттелетін құбылыстың құрылымын сипаттайды, жиынтықтың біртекті немесе әр тектілігін, даму заңдылықтарын анықтайды. Статистикалық қатарлардың жіктемесі 3 - суретте көрсетілген.
Динамикалық қатарлар құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруін көрсетеді; таратпалы қатарлар зерттелетін құбылыстың құрамы мен құрылымын көрсетеді.
Атрибуттық қатардың негізіне - сапалық белгі; вариациялық қатардың негізіне - сандық белгі алынады.

Вариациялық таратпалы қатар дискретті және интервалды болып бөлінеді. Дискретті вариациялық таратпалы қатарлардың топтастыру белгісі тек бүтін санды қабылдайды.
Интервалды вариациялық таратпалы қатарлардың топтастыру белгісі кез-келген мәнді қабылдайды.
Мысалы, Қазақстан Республикасындағы ең ірі тау сілемдерінің белгілері бойынша бөлінуі туралы бастапқы мәліметтер 4 - кестеде берілген.
4 кесте - Қазақстан Республикасындағы ең ірі тау сілемдерінің белгілері бойынша бөлінуі
Тау сілемдері
Орналасқан жері
Максималды биіктігі, метр
Хан Тәңірі шыңы
БГҚ 100 жылдығы шыңы
Талғар шыңы
Ишанбұлақ тауы
Бесбасқан тауы
Металлург тауы
Мұзтау шыңы
Манас шыңы
Ашутөр тауы
Мұзтау тауы
Комсомол шыңы
Сарыжаз жотасы
Меридианалды жотасы
Іле Алатауы
Күнгей Алатауы
Жетісу Алатауы
Іле Алатауы
Алтай таулары, Қатын жотасы
Талас жотасы
Теріскей Алатауы
Жетісу Алатауы
Іле Алатауы
6995
6276
4979
4653
4622
4600
4506
4482
4427
4370
4330

Қатарды құру үшін мынадай белгілер қолданылды:
а) негізгі белгілер- тау сілемдерінің атауы және оның максималды биіктігі, метрмен;
б) қосымша белгі- тау сілемдерінің орналасқан жері.
Тау сілемдерінің таратпалы қатарын 5 - кесте арқылы көрсетуге болады.
5 кесте - Тау сілемдерінің таратпалы қатары
Тау сілемдерінің биіктігі, м
4480-ге дейін
4481-5500
5501-ден жоғары
Тау сілемдерінің саны
3
6
2
Қатардың түрі: интервалды вариациялық.
Енді динамикалық қатарға мысалды төмендегі 6 - кесте арқылы келтіреміз.
6 кесте - Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы
Жылдар
2001
2002
2003
2004
2005
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы, теңге
17303
20323
23128
28329
34060
Бұл мысалда топтастыру негізіне алынған белгінің түрлері: негізгі, сандық, үздіксіз.
Топтастыру бір ғана белгі бойынша жүргізілген, сондықтан жай топтастыру деп аталады.
2.3 Интервалды таратпалы қатарды құру технологиясы
Варияциялық таратпалы қатардың екі элементі болады:
- вариант (х) - белгінің таратпалы қатардағы жеке мәні;
- жиілік (f) - әр варианттың неше рет қайталанғанын көрсететін көрсеткіштердің жеке мәндері.
Топтау кезінде топтық белгілері бүтін санмен берілетін болса, онда бөлініп алынған топтар саны сол берілген белгілердің мәніне сәйкес келеді.
Интервалды вариациялық қатарлардың варианттарының мәндері интервалдар түрінде беріледі. Интервалдар ашық және жабық, бірдей және әр түрлі болып бөлінеді.
Мысалы, 7 - кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорындар жұмысшылар саны бойынша 5 топқа бөлінген:
7 - кесте. Кәсіпорындардың жұмысшылар саны бойынша топқа бөлінуі
Кәсіпорындардағы
жұмысшылар саны, адам
Интервалдың ұзындығы
100-ге дейін
Төменгі шегі жоқ
100-200
100
200-500
300
500-1000
500
1000 және одан жоғары
Жоғарғы шегі жоқ

Бір ғана шегі көрсетілген (жоғарғы немесе төменгі) интервалдар ашық деп аталады. Келтірілген мысалда бұл бірінші және бесінші интервал, бұл белгінің шексіз ауытқуын білдіреді.
Қалған интервалдардың жоғарғы және төменгі шектері бар, сондықтан олар жабық интервалдар деп аталады. Сонымен бірге осы мысалда бірдей емес интервалдар да қолданылған.
Бір үлгідегі топтар бойынша бірліктердің сандық ерекшеліктерін сипаттау үшін бірдей интервалдарды қолданады.
Бірдей интервалдары бар қатарды құру кезінде топтардың санын және интервалдың тұрақты шамасын дұрыс таңдаған маңызды, ол оңтайлы болуы тиіс.
Топ саны зерттелетін жиынтық ерекшелігіне байланысты болады. Топ санын анықтағанда Американ ғалымы Стерджесс формуласын қолданады.
N=1+3,322lgN, (1)
мұндағы N - таратпалы қатардағы бірліктердің жалпы саны;
n - топтың саны.
Интервалдың тұрақты шамасы (d) төмендегідей формуламен есептеледі:
(2)
мұндағы Хmax пен Xmin - белгінің ең үлкен (максималды) және ең кіші (минималды) мәндері.
Сонда бірінші топтың төменгі шегі белгінің минималды мәніне тең болады, ал жоғарғы шегі Xmin+d тең болады.
Бірінші топтың жоғарғы шегі екінші топтың төменгі шегі болып табылады, ал жоғарғы шегі топтың төменгі шегіне интервалдың тұрақты шамасын қосқанға тең болады. Осы тәсілмен қалған топтардың да интервалдарының төменгі және жоғарғы шектерінің мәндері анықталады.
Енді дискретті вариациялық қатарға 8 - кесте арқылы мысал келтірейік.
8 кесте - Жұмысшылардың тарифтік разряды бойынша бөлінуі
Тарифтік разряд (вариант)
1
2
3
4
5
Жұмысшылар саны (жиілік)
7
9
5
6
5
9 - кестеде ауданның 20 шаруашылығы бойынша құс өнімдерінің көлемі туралы мәліметтер берілген.
9 кесте - Ауданның 20 шаруашылығы бойынша құс өнімдерінің көлемі
Шаруа-шылық-тардың №
Құс өнімдері (тірі салмақпен),
мың т.
Шаруашылық-тардың №
Құс өнімдері (тірі салмақпен),
мың т
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1022
946
993
1092
1201
1289
1404
1526
1607
1630
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
1636
1443
1233
1009
836
583
546
547
594
572

Шаруашылықтарды құс өнімдерінің көлемі бойынша интервалдары бірдей 5 топқа бөлу керек.
Есептің шарты бойынша:
Хmax = 1636
Xmin = 546
d = (1636 - 546) 5 = 218 мың т.
Енді әрбір топтың интервалының төменгі және жоғарғы шектерінің мәндерін есептейміз:
1 топ 546+218 = 764
2 топ 764+218 = 982
3 топ 982+218 = 1200
4 топ 1200+218 = 1418
5 топ 1418+218 = 1636
Сонда төмендегідей топтастыру алынады (10 - кесте).
10 - кесте. Шаруашылықтарды құс өнімдерінің көлемі бойынша топтастыру
Шаруашылықтардың
құс өнімдерінің мөлшері бойынша топқа бөлінуі,
мың тг
Шаруашылық-тардың саны
Шаруашылықтардың саны, % есебімен
546-764
764-982
982-1200
1200-1418
1418-1636
5
2
4
45
25
10
20
20
25
Барлығы
20
100
Сонымен, бес шаруашылықтағы құс өнімдерінің көлемі 546-дан 764-ке дейінгі және 1418-ден 1636-ға дейінгі аралықтарда болған.
Қайта топтастыру мынадай екі тәсілмен жүргізіледі: интервалдардың шамасын өзгерту арқылы немесе проценттік үлесі бойынша қайта топтастыру арқылы.
Мысалы, 11 - кестеде берілген мәліметтерге қайта топтастыру жүргізейік.
Кәсіпорындарды жұмысшыларының орташа жылдық саны бойынша үш топқа бөлеміз: 500-ге дейін, 501-5000, 5001 және одан жоғары. Ол үшін қайта топтастырудың бірінші тәсілін қолданамыз.
11 - кесте. Кәсіпорындарды жұмысшыларының орташа жылдық саны бойынша топтастыру (бастапқы топтастырылған түрі)
Кәсіпорындардың жұмысшылардың орташа жылдық саны бойынша топқа бөлінуі, адам
Кәсіпорындардың саны,% есебімен
Өнім көлемі, %
100-ге дейін
101-200
201-500
501-3000
3001-10000
10001 және одан жоғары
7
35
24
12
18
4
3
6
8
15
26
42
Барлығы
100
100
500-ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорындардың тобына алғашқы үш топ кіреді (100-ге дейін,101-200,201-500). Сонда осы топтағы кәсіпорындардың үлесі 66% құрайды (7+35+24), ал өнім көлемі-17% (3+6+8).
501-5000 жұмысшысы бар кәсіпорындар тобындағы көрсеткіштерді есептеу үшін төртінші топты толығымен алып және оған 3001-10000 интервалынан 2000 қосамыз. 3001- 10000 интервалының ұзындығы 7000 тең болғандықтан, 2000 - бұл бесінші топтың 27 болып табылады. Сонда 501-5000 топтарындағы кәсіпорындардың үлесі былай есептеледі:
12+(187)*2 = 17%.
Осыған ұқсас өнім көлемін есептейміз:
15+(267)*2 = 22,4%
5001 және одан жоғары жұмысшысы бар кәсіпорындар тобына бесінші топтың 187 кіреді: (187)*5+4 = 16,86≈17%
Сонда өнім көлемі (267)*5+42 = 60,6%.
Қайта топтастырудың нәтижесі 12 - кестеде көрсетілген.

12 кесте - Кәсіпорындарды жұмысшыларының орташа жылдық саны бойынша топтастыру (қайта топтастырылған түрі)
Кәсіпорындардың жұмысшылардың орташа жылдық саны бойынша топқа бөлінуі, адам
Кәсіпорындардың саны, % есебімен
Өнім көлемі, %
500-ге дейін
501-5000
5001и более
66
17
17
17,0
22,4
60,6
Барлығы
100
100
Енді қайта топтастыруды екінші тәсіл бойынша (үлестік) жүргіземіз. Алдымен жиынтықтағы бірліктер санының көрсеткіштері және олардың үлес салмағы бойынша топтарды анықтаймыз. Содан кейін топтағы барлық көрсеткіштерді есептейміз.
Мысалы, 13 - кестенің мәліметтері бойынша қайта топтастырудың үлестік әдісін қолдана отырып, дүкендердің үш тобын құру керек: ұсақ дүкендер - 50%; орта дүкендер -30%; ірі дүкендер- 20%.
13 кесте - Тауар айналымы бойынша дүкендердің топқа бөлінуі, млн. тг.
Тауар айналымы бойынша дүкендердің топқа бөлінуі, млн. тг.
Жиынтыққа шаққандағы % есебімен

Дүкендер саны
Тауар айналымы
А
1
2
20-ға дейін
20-30
30-50
50-100
100-150
150-200
200 және одан жоғары
9
12
28
32
7
5
7
1
6
18
21
26
17
11
Барлығы
100
100
Ұсақ топтарға тауар айналымы 50 млн. тг. дейінгі дүкендер, яғни бастапқы үш топ кіреді.Олардың саны барлық дүкендердің 9+12+28 = 49 % құрайды. Жетпей қалған 1% төртінші топтан алынады. Оның төртінші топтағы үлесі 0,031 (132) құрайды. Ұсақ дүкендердің тауар айналымының үлесін есептеу үшін бастапқы үш топтағы тауар айналымының үлесін қосамыз 25% (1+6+18) және төртінші топтағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистикалық мәліметтерді жинақтау
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру туралы
6 - Лекция. Мәліметтерді статистикалық талдау
Әлеуметтік статистика көрсеткіштері
Зерттеулердің сандық әдісін жүргізу процедурасы
Статистикалық жинақтау
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтастыру
САНДЫҚ ӘДІСТЕРМЕН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау
Статистикалық мәліметтерді жинақтау мен топтау
Пәндер