Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы



Халықтық тәрбиенiң осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейiк.
1. Халық педагогикасында тәрбие iсiн баланың жас ерекшелiгiн ескере отырып жүргiзудi талап еткен. Мәселен, ұлыңа бес жасқа дейiн патшадай қара, он бес жасқа дейiн қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала” деген мәтел баланы еркiн тәрбиелеудiң, көмекшiм деп үмiтпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттiгiн мегзейдi. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципiмен қабысып жатыр.
2. Халық педагогикасында тәрбие iсiн әр баланың жеке бас ерекшелiктерiн (психологиясын) ескере отырып жүргiзудi де ескертедi. “Баланы туады екенсiң, мiнездi тумайды екенсiң”, “Бiр биеден ала да туады, құла да туады”, “Балаңа үмiт арту — әкенiң парызы, ақтау — баланың қарызы” деп ой түйiндеген.
3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесi туған, өскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерiнiң, ұстазының үлгiсiне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегi әсерi жөнiнде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пiкiрлерi де халық педагогикасының қағидаларымен үндесiп жатыр.
4. Халық педагогикасының тағы бiр принципi балаға үлкен талап қоя бiлуге, оның жеке басын қадiрлеуге негiзделген. Баланың жiберген қателiктерiн үлкендер дер кезiнде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. “Ата балаға сыншы”, “Баланың балалығына әкенiң даналығы бар”, “Ақырып айтқаннан ақылмен айтқан) артық” деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған.
Яғни, тәрбиешiнiң жылы жүректi болуын, тапқырлық тәсiлмен тәрбиелеуiн орынды санаған.
5. Шәкiрттi тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл-ойын дамыту бүгiнгi педагогиканың ең көкейкестi мәселелерiнiң бiрi. Дамыта оқытып тәрбиелеу iсi асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата-бабамыз “Армансыз ұлан – қанатсыз қыран”, “Арманы жоқтың пәрменi жоқ” деп, келешектi қиялдай бiлетiн арманға, ой дербестiгiне тәрбиелеудi мақсат еткен.
6. Халық педагогикасының негiзгi принциптерiнiң бiрi — тәрбиенiң бiртұтастығы.
Тәрбие iсiнiң бiртұтастығы ұрпақ тәрбиелеудегi мақсат бiрлiгiнен
Негізгі әдебиеттер:

1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.
2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.
3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы

Халықтық тәрбиенiң осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен
байланысы қандай дегенге келейiк.
1. Халық педагогикасында тәрбие iсiн баланың жас ерекшелiгiн ескере
отырып жүргiзудi талап еткен. Мәселен, ұлыңа бес жасқа дейiн патшадай қара,
он бес жасқа дейiн қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай
бағала” деген мәтел баланы еркiн тәрбиелеудiң, көмекшiм деп үмiтпен
қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттiгiн мегзейдi. Ал бұл ғылыми
педагогиканың ынтымақтастық принципiмен қабысып жатыр.
2. Халық педагогикасында тәрбие iсiн әр баланың жеке бас
ерекшелiктерiн (психологиясын) ескере отырып жүргiзудi де ескертедi.
“Баланы туады екенсiң, мiнездi тумайды екенсiң”, “Бiр биеден ала да туады,
құла да туады”, “Балаңа үмiт арту — әкенiң парызы, ақтау — баланың қарызы”
деп ой түйiндеген.
3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесi туған, өскен ортасына, ата-
ананың, отбасы үлкендерiнiң, ұстазының үлгiсiне байланысты деп қараған.
Өскен ортаның тәрбиедегi әсерi жөнiнде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская,
А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты
ұстаздардың ой-пiкiрлерi де халық педагогикасының қағидаларымен үндесiп
жатыр.
4. Халық педагогикасының тағы бiр принципi балаға үлкен талап қоя
бiлуге, оның жеке басын қадiрлеуге негiзделген. Баланың жiберген
қателiктерiн үлкендер дер кезiнде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған.
“Ата балаға сыншы”, “Баланың балалығына әкенiң даналығы бар”, “Ақырып
айтқаннан ақылмен айтқан) артық” деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған.
Яғни, тәрбиешiнiң жылы жүректi болуын, тапқырлық тәсiлмен тәрбиелеуiн
орынды санаған.
5. Шәкiрттi тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл-ойын дамыту бүгiнгi
педагогиканың ең көкейкестi мәселелерiнiң бiрi. Дамыта оқытып тәрбиелеу iсi
асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата-бабамыз “Армансыз ұлан –
қанатсыз қыран”, “Арманы жоқтың пәрменi жоқ” деп, келешектi қиялдай бiлетiн
арманға, ой дербестiгiне тәрбиелеудi мақсат еткен.
6. Халық педагогикасының негiзгi принциптерiнiң бiрi — тәрбиенiң
бiртұтастығы.
Тәрбие iсiнiң бiртұтастығы ұрпақ тәрбиелеудегi мақсат бiрлiгiнен
туындайды. Кез келген тәрбие құралына талдау жасасақ, тәрбиенiң түрлерi
(еңбек, ақыл-ой, адамгершiлiк, әсемдiк т.б.) iштей сабақтасып жатады. Оны
бесiк жырынан, бата-тiлектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие
iсiн кешендi жүргiзудi ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.
7. Тәрбие iсiнiң туғаннан өмiр бойы үздiксiз жүргiзiлуiн халық
педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.
8. Халық педагогикасы отбасы үлкендерiнен бастап, ауыл ақсақалдары,
өнер иелерi түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие iсiне негiзделген. Халықтық
педагогикада “Көп талқысы — тез”, “Көп қорқытады, терең батырады”, “Көпке
қарсылық — құдайға қарсылық” деп ұжымдық тәрбиенi құптаған. (4 кесте).
Ұжымдық тәрбиеге ғылыми педагогика да ерекше мән берген. Қорыта айтсақ,
халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелерi мен заңдылықтарының
қалыптасуына бастау бұлақ болған.
Халық педагогикасы бүгiнде ғылыми зерттеулердiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың байланысы
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы туралы
Халықтық педагогика көздері
Мектептің оқу – тәрбие ісінде халық педагогикасын пайдалану
Жоғары мектеп педагогикасы
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Пәндер