Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны



МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

1 тарау. Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
1.1. Кәсіпкерлік ұғымы, мәнi және экономикалық мазмұны
1.2. Кәсіпкерлік түрлерi мен олардың ерекшелiктерi
1.3. Қазақстан Республикасында iскерлiктi ұйымдастырудың
ұйымдық формалары.

2 тарау Кәсіпкерлік қызметке салық салу ерекшеліктері
2.1. Кәсіпкерлік қызметке арналған арнаулы салық режимі
2.2 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықты есептеу әдісі
2.3 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі

3 тарау . Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру және тиімділігін бағалау жолдары
3.1. Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру жолдары
3.2. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігін бағалау жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу - бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді.
Салықтан жалтарғаның халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.
Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады. Бұл салада өзге де проблемалар жеткілікті. Қазіргі қолданып жүрген Салық кодексі тікелей ықпал ететін заң күшіне әлі де толық ие емес. Салық жөніндегі заңды дамыту тұжырымдамасын жасау саласындағы жұмыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
Бұдан кейінгі тұрған мәселе қатаң бақылау орнату. Ондай бақылау әкімшілік тұрғыдан күш қолдану арқылы емес, қайта осы заманға нарықтық құралдардың - валюталық қаржылар мен экспорттық импорттық операциялардың қозғалысына бақылау орнату болуы тиіс.
Салықтар нарықтық экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай, мелекеттің кәсіпкерлікпен айналасуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшелерін заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі [3].
Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасың қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаларына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлыты шықты. Енді бүрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індеті заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасыиың заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Нарықтық экономика – бұл ең алдымен еркiн iскерлiк экономикасы және Кәсіпкерлік тiң оның барлық салаларында жұмыс iстеуi. Нарықтық қатынастарға көшу түрғындарды Кәсіпкерлік ке кеңiнен тарту арқылы ғана мүмкiн болады.
Кәсіпкерлік – бiр жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Ағылшын тiлiнен тiкелей аударғанда Кәсіпкерлік  business сөзi iс, шаруа, коммерциялық қызмет, сондай-ақ тиiсiнше Кәсіпкерлік мен business men сөзi iскер адам, iскер деген ұғымдарды бiлдiредi.
Американдық экономист Й.Шумпетер Кәсіпкерлік тi өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде қарастырады, ол бұл жерде iскерлiк қасиеттердi, оған қатысушылардың белсендiлiгiн өндiрiстiң қозғаушы күшi ретiнде, әлгi негiзгi үш фактордың iс –қимылын күшейтушi фактор ретiнде түсiнедi.
Осыдан көрiп отырғанымыздай, Кәсіпкерлік  терминiнiң iшкi мазмұны сан қырлы. Мiне, осындай ауқымды ұғымға экономикалық ғылым қысқаша анықтамамен шектеле алмайды, керiсiнше, оның экономикалық категория ретiнде негiзiн қалайтын қасиеттерi мен белгiлерiн жан-жақты қарастыруға тырысады.
Ең алдымен Кәсіпкерлік тi пайда табу немесе басқадай әдiспен олжалы болуымен байланысты қызмет ретiнде анықтайды. Мұның өзi Кәсіпкерлік тiң ең басты белгiсi және оның негiзгi мақсаты болып табылады. Мұнсыз iскерлiктiң өзiнiң өмiр сүруiн көз алдымызға елестету қиын.
Кәсіпкерлік мендердiң экономикалық қарым-қатынасòàðы бiр-бiрiìåí тығыз араласып кеткен өркениеттi рынок жағдайына жекелеген iскер тек қана өзiнiң жеке пайдасын, оның үстiне Кәсіпкерлік ке қатысушы басқалардың есебiнен пайда табуды ойламайды. Ол өзiнiң қызметiн тек өзiне ғана пайдалы қылмай, сонымен қатар ортақ iске қатысушы басқа да Кәсіпкерлік мендердiң пайдалы болуын көздеп ұйымдастыруы керек. Бұл түрғыдан алғанда пайда, деген сөздi зара пайда деген терминмен алмастырған дұрыс. Сондықтан болар дамыған елдерде Кәсіпкерлік жеке адамдардың, кәсiпорындардың немесе ұйымдардың бiрлесе отырып, табиғат байлығын игеру, өндiру, тауарларды сатып алу және сату немесе басқа тауарларға қызмет көрсету арқылы айырбастау, ақшаға қызмет қызмет көрсету сияқты жұмыстар атқару арқылы мүдделi адамдар мен ұйымдардың өзара пайда табуына бастайтын қызмет ретiнде қарастырылады. Сонымен, Кәсіпкерлік басқа жақтың шығынға және алдауға түсiп қалу есебiнен тек қана бiр жақтың пайда табуына жол бермейтiн адал қызмет ретiнде көрiнетiнiн байқаймыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстан Республикасының» Конституциясы. Алматы. 1995ж.
2. Қазақстан Республикасының “Салық Кодексi” (01.01.2006ж.).
3. Қазақстан экономикасын реттеу стратегиясы: ХХI ғасырға көзқарас. Алматы. 2002ж.
4. Абдуллина Н. Финансовое регулирование в РК. — Алматы, 1994.c.12
5. Адырбеков И.А. Стратегия развития предпринимательства: теория и практика становления рыночной экономики Казахстана. — Алматы. Казахстан, 1994.с.23
6. Адасбаев Б. Анализ развития малого предпринимательства в Республике Казахстан за 1992-1997 годы.//Аль-Пари, ғ 3, 1997.с.8
7. Аймаков Б. Налоговая система в условиях рыночных отношений.//Финансы Казахстана, ғ 8, 1996.с.5
8. Балапанов Е. О налогообложении юридических лиц.//Финансы Казахстана, ғ 2, 1997.с.6
9. Мадиярова Д.М. Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауiпсiздiк. Алматы. 2003ж.
10. Мамыров Н. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы. 2001.
11. Мадешев Б. Нарықтық экономикаға кiрiспе.- Алматы, 2004
12. Родостовец В.К Кәсіпорындағы буғалтерлік есеп. Алматы, 2005ж
13. Сахариев С.С. Әлем экономикасы. Алматы, 2004
14. Салық Кодексі; Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы .- Алматы, 2006
15. Назарбаев Н. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.- Алматы
16. Интыкбаев С, Малый и средний Кәсіпкерлік и налоги/ С. Интыкбаев// Каржы-Каражат.-1999ғ 10-11.с.86-87.
17. Искалиев К. Малому Кәсіпкерлік у- государственную поддержку/ К. Искалиев// Правительственный вестник.-1999.ғ7 с. 30-42.
18. Имашев Б. Развитие среднего и малого Кәсіпкерлік а – основа развития государства/ Б. Имашев // Фемида.-1999.-ғ2.-с.5-14.
19. Имашев Б./Становление малого предпринимательства в Казахстане/ Б. Имашев// Транзитная экономика.-1999.-ғ4.- с.5-14.
20. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. — Алматы, «К.аржы-караасатң, 1997, с. 389.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

1 тарау. Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
1.1. Кәсіпкерлік ұғымы, мәнi және экономикалық мазмұны
1.2. Кәсіпкерлік түрлерi мен олардың ерекшелiктерi
1.3. Қазақстан Республикасында iскерлiктi ұйымдастырудың
ұйымдық формалары.

2 тарау Кәсіпкерлік қызметке салық салу ерекшеліктері
2.1. Кәсіпкерлік қызметке арналған арнаулы салық режимі
2.2 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықты есептеу әдісі
2.3 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі

3 тарау . Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру және
тиімділігін бағалау жолдары
3.1. Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру жолдары
3.2. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігін бағалау жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын
жалтаруға жол бермеу - бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан
Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар Салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Жарлығы барлық
салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді.
Салықтан жалтарғаның халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну
қиын емес.
Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік
проблемасы жетіп артылады. Бұл салада өзге де проблемалар жеткілікті.
Қазіргі қолданып жүрген Салық кодексі тікелей ықпал ететін заң күшіне әлі
де толық ие емес. Салық жөніндегі заңды дамыту тұжырымдамасын жасау
саласындағы жұмыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
Бұдан кейінгі тұрған мәселе қатаң бақылау орнату. Ондай бақылау
әкімшілік тұрғыдан күш қолдану арқылы емес, қайта осы заманға нарықтық
құралдардың - валюталық қаржылар мен экспорттық импорттық операциялардың
қозғалысына бақылау орнату болуы тиіс.
Салықтар нарықтық экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып
табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай,
мелекеттің кәсіпкерлікпен айналасуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің
мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшелерін заңды құқы бар мекемелер мен
жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі
реттеледі [3].
Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың
басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасың қабылдап, онда
еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық
салу қағидаларына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты "Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы сәуірдің
24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлыты шықты.
Енді бүрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны
небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індеті
заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-
сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында
Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасыиың заңдарымен бұл заңға
өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық
жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір
күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Нарықтық экономика – бұл ең алдымен еркiн iскерлiк экономикасы және
Кәсіпкерлік тiң оның барлық салаларында жұмыс iстеуi. Нарықтық қатынастарға
көшу түрғындарды Кәсіпкерлік ке кеңiнен тарту арқылы ғана мүмкiн болады.
Кәсіпкерлік – бiр жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және
сан қырлы ұғым. Ағылшын тiлiнен тiкелей аударғанда (Кәсіпкерлік (
(business( сөзi iс, шаруа, коммерциялық қызмет, сондай-ақ тиiсiнше
(Кәсіпкерлік мен( (business men( сөзi iскер адам, iскер деген ұғымдарды
бiлдiредi.
Американдық экономист Й.Шумпетер Кәсіпкерлік тi өндiрiстiң төртiншi
факторы ретiнде қарастырады, ол бұл жерде iскерлiк қасиеттердi, оған
қатысушылардың белсендiлiгiн өндiрiстiң қозғаушы күшi ретiнде, әлгi
негiзгi үш фактордың iс –қимылын күшейтушi фактор ретiнде түсiнедi.
Осыдан көрiп отырғанымыздай, (Кәсіпкерлік ( терминiнiң iшкi мазмұны
сан қырлы. Мiне, осындай ауқымды ұғымға экономикалық ғылым қысқаша
анықтамамен шектеле алмайды, керiсiнше, оның экономикалық категория
ретiнде негiзiн қалайтын қасиеттерi мен белгiлерiн жан-жақты қарастыруға
тырысады.
Ең алдымен Кәсіпкерлік тi пайда табу немесе басқадай әдiспен олжалы
болуымен байланысты қызмет ретiнде анықтайды. Мұның өзi Кәсіпкерлік тiң
ең басты белгiсi және оның негiзгi мақсаты болып табылады. Мұнсыз
iскерлiктiң өзiнiң өмiр сүруiн көз алдымызға елестету қиын.
Кәсіпкерлік мендердiң экономикалық қарым-қатынасòàðы бiр-бiрiìåí тығыз
араласып кеткен өркениеттi рынок жағдайына жекелеген iскер тек қана өзiнiң
жеке пайдасын, оның үстiне Кәсіпкерлік ке қатысушы басқалардың есебiнен
пайда табуды ойламайды. Ол өзiнiң қызметiн тек өзiне ғана пайдалы қылмай,
сонымен қатар ортақ iске қатысушы басқа да Кәсіпкерлік мендердiң пайдалы
болуын көздеп ұйымдастыруы керек. Бұл түрғыдан алғанда (пайда(, деген
сөздi (зара пайда( деген терминмен алмастырған дұрыс. Сондықтан болар
дамыған елдерде Кәсіпкерлік жеке адамдардың, кәсiпорындардың немесе
ұйымдардың бiрлесе отырып, табиғат байлығын игеру, өндiру, тауарларды
сатып алу және сату немесе басқа тауарларға қызмет көрсету арқылы
айырбастау, ақшаға қызмет қызмет көрсету сияқты жұмыстар атқару арқылы
мүдделi адамдар мен ұйымдардың өзара пайда табуына бастайтын қызмет
ретiнде қарастырылады. Сонымен, Кәсіпкерлік басқа жақтың шығынға және
алдауға түсiп қалу есебiнен тек қана бiр жақтың пайда табуына жол
бермейтiн адал қызмет ретiнде көрiнетiнiн байқаймыз.

1 тарау Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
1.1. Кәсіпкерлік ұғымы, мәнi және экономикалық мазмұны

Кәсіпкерлік экономикалық қызметтiң басқа түрлерiмен салыстырғанда
өзiнiң жылдамдығымен және инисативалылығымен ерекшеленедi. Кәсіпкерлік мен
үнемi жаңа өнiмдi, технологияны, сапаны, рыноктi, бағаны, сондай-ақ
тұтынушыларды, материалдарды, құрал-жабдықтарды, транспортты, ғимараттарды,
ақпараттарды, байланысты және тағы басқаларын iздестiру үстiнде болады.
Адам Смит iскерлiктен түскен пайданы жеке меншiк иесi - Кәсіпкерлік
менге оның қым-қиғаш қызметi мен коммерцияық идеяларын iс жүзiнде асыру
жолындағы тәуекелi үшiн қоғамның берген ақысы деп атады. Басқару
саласындағы iрi маман Макс Вебер Кәсіпкерлік тi ақыл -ойдың дәнiн себушi
ретiнде бағалаған. Жоғарыда айтып кеткен Иозеф Шумпетер iскерлiктi
экономиканың басты факторы, оның дамуының негiзгi қозғаушысы еп санаған.
Белгiлi ағылшын экономисi Джон Мейнард Кейнс iскердiң бойында болуы тиiс
төмендегiдей негiзгi қасиеттердiң астын сызып айтқан: абайлай бiлу, алдын
болжай бiлу, есептей бiлу, өркениетке ұмтылу, тәуелсiздiк, алдағы күнге
сенiммен қарау, iлкiмшiл болу, ұқыптылық, жиған ауқатын мұрагерлерiне
қалдыру ниетiнiң болуы [1].
Нағыз Кәсіпкерлік меннiң бойынан табылатын осы қасиеттер тiзбесi
сырттан қарап түрған бақылаушының бойында секем туғызуы ықтимал. Өйткенi,
оның ойынша iскерлiкте тек қана ешқандай бiлiмi, тәжiрибесi, аами
қасиеттерi жоқ, шала сауатты адамдардың жолы болады. Шынында да, қазiргi
хаос билеген, заңның орындалмайтын амағайып кезеңiнде, тауарлық
игiлiктерге қол жеткiзудiң тәртiбi жасалмаған жағдайда, iскерлiк әдеп, пен
моральдiң сақталмауы арсыздықтың етек алуына жол ашып түрғанда мафиялық
құрылымдар табысқа жетуi мүмкiн. Алайда бұл уақытша нәрсе.
Тауарлар мен қызмет көрсетудiң өркениеттi рыногi қалыптасқан кезде
бәсекелестiк пайда болады, тиiстi заңдық қағидаттар қабылданады. Сол кезде
бiрқалыпты нарықтық орта қалыптасып, жоғарыдағыдай iс-қимылдар орын
алмайы. Ал жоғары кәсiби шеберлiлiк жарамсыз iскерлiктi нарықтан ысырып
тастайды [5-8].
Кәсіпкерлік немесе iскерлiк – бұл өзiндiк инициативалық, өз мүлкiнiң
жауапкершiлiгi аясында жүзеге асатын, жекелеген адамзаттардың немесе
олардың топтарының пайда немесе басқалай түрiнде экономикалық олжа
табуға бағытталған кез келген қызметi.
Сонымен қысқаша айтқанда Кәсіпкерлік - нарықтық экономика жағдайында
адамның пайда табуына, пайда алуға негiзделген экономикалық қызметi.

1.2. Кәсіпкерлік түрлерi мен олардың ерекшелiктерi

Бiздiң Республикамыздың көптеген азаматтардың пiкiрiнше Кәсіпкерлік
– коммерциялық қызмет ретiнде санайы. Кәсіпкерлік нарықтық қатынас
жағдайында экономиканың барлық жақтарын: өндiрiс, өнiм тарату, қаржылық
қамтамасыз ету, қамсыздандыру, қызмет көрсету, жұмыс орындау және өнiмдi
өндiрумен, бөлумен, айырбаспен және тұтынумен байланысты қызметтiң басқа
да түрлерiн қамтитын көп қырлы қызмет [11-18].
Қызметтiң мәнiне байланысты Кәсіпкерлік өндiрiстiк, саудалық,
қаржылық, делдалдық, және сақтандырулық болып бөлiнедi. Ендi олардың
әрқайсысының мазмұнын қарастырайық:
Өндiрiстiк Кәсіпкерлік . Өндiрiстiк Кәсіпкерлік ке негiзiн
материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк
қызметтiң түрi жатады. Бұл -iскерлiктiң қоғамдық түрғыдан алғана ең
қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi. Егер
өндiрiстiк Кәсіпкерлік болмаса, мысалы, коммерциялық Кәсіпкерлік тiң
материалдық негiзi болмас едi.
Өндiрiстiк Кәсіпкерлік бұл негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл
шаруашылық өнiмдерiн шығару. Өндiрiстiк Кәсіпкерлік бұл тұтынушыларға
өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани (интелектуалдық)
игiлiктердi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен айналысатын
iскер. Кейбiр iскерлер өнiм өндiрумен және дайындаумен өздерi айналысады,
бiрақ бұл бiрдi—екiлi жағдай ғана. Көпшiлiк жағдайда жағдайда өндiрiстiк
iскерлер өз Кәсіпкерлік iне отбасы мүшелерiн, туған-туыстарын (мысалы,
шаруа қожалықтарында) тартады, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылардың қызметiн
пайдаланады.
Өндiрiстiк Кәсіпкерлік тiң принциптiк схемасы төменде берiлiп отыр
(схема 1).
Өндiрiстiк Кәсіпкерлік тiң принциптiк схемасы

М Др Рс Т

Дм Дт

До ОС

1-схема

Шартты белгiлер:
М- өндiрiстiң айналым қоры; РС- жалдамалы жұмысшылар;
Дм- айналым қорды сатып алуға Др- жалдамалы жұмысшылар-
арналған ақша; дың еңбек ақысы;
ОС- өндiрiстiң негiзгi қоры; Т- тауар, сатылуға тиiстi өн-
До- негiзгi қорды алуға немесе дiрiс өнiмi;
жалға алуға арналған ақша; Дт- тауарды сатудан түскен
ақша;

Өндiрiстiк Кәсіпкерлік тi жүзеге асыру үшiн өндiрiстiң бiрқатар
факторларын сатып алуы керек. Бiрiншiден, материалдар, энергия, жартылай
фабрикаттар және басқа өндiрiстiң дайын өнiмдерi, яғни қосымша қор (схемада-
М) керек. Бұл үшiн Кәсіпкерлік мен ақша (Дм) төлеуi тиiс. Екiншiден,
өндiрiс негiзгi қорсыз (ОС) –жерсiз, техникасыз өндiрiстiк ғимаратсыз,
құрал жабдықсыз және тағы басқаларсыз өмiр сүре алмайды. Егер iскерде
бұлардың барлығы жоқ болса, онда сатып алуға немесе жалға алуға тура
келедi. Бұл үшiн де ақша (До) керек. Өз меншiгiндегi негiзгi қор ұзақ уақыт
бойы қызмет етедi, сондықтан Кәсіпкерлік меннiң шығыны белгiлi –бiр
өндiрiлген өнiмнiң көлемiне аммортизациялық аударым көлемiмен анықталады.
Үшiншiден Кәсіпкерлік мен өндiрiстi жүргiзу үшiн жұмысшылар жалдауы (РС)
қажет, олардың еңбек ақысы (ДР) да төленуi тиiс. Осы шығындардың үстiне
iскер өз еңбегiнiң де ақысын енгiзуi қажет. Өйткенi, iскерлiк қызметке
кететiн кез-келген шығын өнiмнiң өзiндiк құнына кiредi [4-8].
Онан әрi ақпарат алуға, алынған материалдар мен дайын өнiмдердi
сақтауға және тасмалдауға, негiзгi қорды жөндеуге, пайдалануға және
басқаларына шығын шығару керек болады. Өндiрiстiк iскерлiк дайын өнiм (Т)
алып, оны өткiзгеннен кейiн нәтижесiнде Кәсіпкерлік меннiң ақшалай қаржы
(Дт) табуы мен аяқталады. Барлық өндiрiстiк iскерлiктiң мәнi өндiрiс өзiн
–өзi ақтап, Кәсіпкерлік менге белгiлi –бiр пайда әкелуiнде жатыр. басқаша
айтқанда, бұл жағдайда Дт- Дм, До,Др, қосымша шығындар мен салықтан көп
болып, iскердiң табысының (Пп) көлемiндей болуы керек, басқа жағдайда
iскерлiк өзiнiң мәнiн жояды.
Қол өнер және жеке өндiрiстiк iскерлiк кәiспорынды тиiстi сандық
түрғыдан тiркеусiз де ашуға болады. Алайда, орта және iрi өндiрiстiк
Кәсіпкерлік те iстiң бұл формалды жағын айналып өту мүмкiн емес.
Өндiрiсiтiк Кәсіпкерлік - қолға түсе бермейтiн және қымбат өндiрiс
факторын қажет ететiн өте күрделi және ауыр iс. Әлбетте, осындай себептер
қазiргi жағдайда Қазақстанда өндiрiсiтiк iскерлiк өсуiне қол байлау болып
отыр. Бұған қоса жаңадан пайда болған Кәсіпкерлік мендердiң төмен
бiлiктiлiгi, өндiрiстiк қызметтiң әлi де беделге ие болмауы, жеңiл пайда
табу көздерiнiң баршылығы. Кәсіпкерлік тiң бұл түрiне iскерлердi көбiрек
тартуға кедергi келтiруде. Сонымен қатар, өндiрiстiк iскерлiк кез-келген
мемлекет экономикасының және жалпы Кәсіпкерлік тiң негiзi болып табылады.
Сондықтан да егре сол сәтндегi арзан табысты ойламай, болашағы мол түрақты
Кәсіпкерлік ке ұмтылатын болсақ, онда дәл өндiрiстiк iскерлiктi дамыту
өте қажет.
Коммерциялық Кәсіпкерлік . Коммерциялық немесе саудалық Кәсіпкерлік -
бұл тауарларды сату мен сатып алуға байланысты iскерлiк. Коммерция өзiнiң
бастапқы мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi, ал коммерцант- сауда, тауар
айырбастау, тауар ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер,
Кәсіпкерлік мен. Коммерциялық Кәсіпкерлік өндiрiстiк Кәсіпкерлік пен
тiкелей байланысты. Өйткенi,өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа
тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген
сұранымды анықтап, қандай да бiр болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi көбейтуге
немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi. Коммерциялық iскерлiктiң принциптi
сызбасы қажеттi факторлардың аз болуына байланысты өндiрiстiк бинеске
ақарағанда әлде қайда қарапайым. Жалпы алғанда, ол төмендегiдей көрiнедi
(схема-2).
Коммерциялық бизенстiң принциптi схемасы

Т
Т
Дф Дт

2- схема

Шартты белгiлер:
Т- тауар;
Дф- тауар иесiне берiлген ақша;
Дт- коммерциялық iскерден (коммерсанттан) сатып алынған
тауар үшiн берiлетiн ақша.

Сауда операциясының негiзгi формуласы: сату кезiнде (тауар-ақша( және
сатып алу кезiнде- (ақша-тауар(. Коммерциялық Кәсіпкерлік те сату –сатып
алу операциясынан басқа (тауар-тауар( (тауар үшiн-басқа тауар немесе
қызмет) формласы бойынша тауар айырбастау, бартер жүзеге асырылады [2].
Коммерциялық iскерлiктiң өзегi тауар бағасының айырмасы болып
табылады. Мысалы, өнiмнiң кейбiр түрлерiн өндiретiн жерлерде сол өнiмнiң
бағасы басқа ауданарға қарағанда әлде қайда арзанырақ болады, мiне,
коммерсанттар осы жағдайды пайдаланады. Келесi жағдайда (яғни, тауарды
сатып алу-сату iрi партиямен жүзеге асырылады) және бөлшек сауда арасындағы
айырмашылықты айтуға болады. мұндай жағдайды белгiлi –бiр тауардың бағасы
бөлшек сауаға қарағанда көтерме саудада әлде қайда төмен. Бағаның бұл
айырмашылығында тауарды арзанырақ бағаға сатып алып зжәне одан әлде қайда
жоғарырақ бағамен сататын коммерсант (саудалық Кәсіпкерлік мен) әлбетте
пайдалана бiледi.
Былай қарағанда қарапайым көрiнетiн коммерциялық Кәсіпкерлік ((арзан
сатып алдым- қымбат сатамын() шын мәнiсiнде iлде қайа күрделi.
Сұранысқа ие тауарды тауып, оны сатып алу, оны сақтау, тасмалдау,
сауда кәсiпорнына жеткiзу, сату алдынағы дайындық, сатып алушыларға
қызметкөрсету-мiне, коммерсанттың күш-жiгерi мен шығынының толық емес
тiзiмi осындай. Мұның үстiне егер сол Кәсіпкерлік меннiң өзiнiң және
жалдаған жұмысшыларының еңбек ақысына кететiн, сауда орындарын және басқа
құрал –жабдықтарды алу немесе жалға алуға, оларды күтiп баптауға, сатып
алушыларға саудадан кейiн көрсетiлетiн қызметке (тауарды үйiне жеткiзу,
орнату, кепiлдiк беру), сауда операцияларының құжаттық дайындалуына
кететiн шығындарды, сондай -ақ салықты қоссаңыз, онда коммерсанттың қызметi
iс-жүзiнде сауда Кәсіпкерлік iнiң принциптi схемасына қарағанда әлде қайда
күрделi болып шыға келедi.
Жалпы, коммерцияда өндiрiстiк iскерлiктегiдей де Кәсіпкерлік тiң көп
факторлары жұмсалады.
Қаржылық iскерлiк. Саудалық Кәсіпкерлік ке әлде қайда жақын түрған
қаржылық iскерлiк болып табылады. Өйткенi, оның негiзiнде сатып алу-сату
жатады. Бiрақ, мұнда ақша, валюта, бағалы қағаздар сиқты ерекше тауарлар
айналымға түседi [11].
Өндiрiстiк, коммерциялық және iскерлiк қызметтiң басқа түрлерiн жүзеге
асыру ақшалық (қаржылық) көзердi керек етедi. Шикiзат пен материаларды
сатып алу, ғимараттарды жалға алу, жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысын
төлеу және басқа iскерлiк жұмыстар ақша көздерiн түрақты жұмсауды қажет
етедi. Әрине, әлде бiр Кәсіпкерлік мен өз iсiн жүргiзу үшiн жеткiлiктi
мөлшерде ақша көздерiн иеленген деп ойлаймыз.
Алайда, тәжiрибе көрсетiп отырғандай, белгiлi –бiр Кәсіпкерлік
-операцияның басталуынан оның аяқталуына дейiн жеткiлiктi дәрежеде ұзақ
уақыт кетедi, сондықотан да операция аяқталғаннан кейiн ақшаны алғанға
дейiн Кәсіпкерлік менге қолда бар қаржы ресурстары жетiспеуi мүмкiн, осыған
қарай ол заемдық көздердi iздестiрудi бастайды. Дәл осындай жағдай, iскер
өз қолында отандық валютадағы жеткiлiктi мөлшерден қаржы көздерiн ұстап
отырса да, шетелдiк шикiзат пен материалдарға есеп айырысу үшiн шетелдiк
валютаны сатып алғанда да ұшырасады. Одан әрi Кәсіпкерлік мен белгiлi –бiр
табыс табу үшiн өзiнiң қолындағы бос жатқан ақшаны пайыз алу аясында
банкiге салады немесе акция, басқа да бағалы қағаздарды сатып алады. Мiне,
осындай, сондай-ақ көптеген басқа жағдайларда ақша көздерiнiң рыногы пайда
болады. Онда ақша, заем сату және сатып алу, валюта айырбастау жүргiзiледi.
Осындай рынокте өз Кәсіпкерлік iн жүргiзетiн және қарыжылық Кәсіпкерлік
операциясын жүргiзу есебiнен пайда табатын қаржылық iскер жұмыс iстейдi
[8].
Қаржылық iскерлiктiң негiзгi мазмұны мен принцитi схемасы мынадай:

Кәсіпкерлік мен (схема-4) ақша көздерiн (ақша, шетелдiк валюта, бағалы
қағаздар) оның иесiнен ақшалай соммаға (Дф) сатып алады. Содан соң сатып
алынған ақша көздерi сатып алушыларға Дф-дан асып түсетiн Дт-ға сатылады.
Дт мен Дф –ның арасындағы айырмашылық қаржылық Кәсіпкерлік меннiң тапқан
пайдасы болып есептелiнедi.
Қаржылық Кәсіпкерлік тiң принциптi схемасы

Дс
Дс
Дф Дт

3- схема
Шартты белгiлер:
Дс-ақша көздерi;
Дф- ақша көздерiн сатып алғаны үшiн Кәсіпкерлік меннiң төлеген ақысы;
Дт- Кәсіпкерлік мен-қаржыгерден ақша көздерiн алғаны үшiн сатып
алушының төлеген ақысы;

Кәсіпкерлік мен несиелiк iскерлiктi жүзеге асыру барысында салымның
кейiннен қайтарылуын қамтамасыз ете отырып, депозиттiк пайыз түрiнде салым
салушыларға белгiлi-бiр сыйлық төлеу үшiн өзiнiң ақшалай салымын (Дс)
пайдаланады. Бұдан соң ақшалар несие түрiнде депозиттен жоғары несиелiк
пайыз үшiн берiледi.
Несиелiк (Дт) және депозитивтiк (Дф) несиенiң арасындағы айырмашылық
қаржылық iскер –несие берушiнiң тапқан пайдасы болып табылады [21].
Әрине, бұл жерде қаржылық iскерлiктiң барынша жалпы ортақ сызбасы
көрсетiлiп отыр. Шындығында мұның барылығы өте күрделi. Қаржы көздерiн
операциялай бiлу- қаржылық шаруашылық және заң жүйесi бойынша арнаулы
бiлiмдi қажет ететiн өте жауапты және iлкiлiмдiлiктi iс.
Қаржылық iскерлiк Қазақстанда қалыптасу және бастапқы даму кезеңiн
бастан кешiруде. Тiптi қазiрдiң өзiнде коммерциялық банктер өз жұмыстарын
дұрыс ұйымдастыра алмағандықтан жабылып қалуда. Алайда, соған қарамастан,
мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру, кәсiпорындарды акционерлендiру,
жеке Кәсіпкерлік тiң пайда болуы мен дамуы және осы жанғаруларға
байланысты акцияларды, басқа бағалы қағаздарды (мысалы, купондар) сатып
алу-сату операцияларының кең етек жаюы, несиелiк қарым –қатынастар мен
валюталық операциялардың кеңiнен жүргiзiлуi қаржылық Кәсіпкерлік тi дамыту
үшiн нақты негiз бола алады.
Делдалдық Кәсіпкерлік . Жоғарыда қарастырылған Кәсіпкерлік тiң
өндiрiстiк, коммерциялық (саудалық) және қаржылық түрлерi iскерлiктiң
тағы бiр түрi делдалдық Кәсіпкерлік тi дүниеге әкеледi. Бұл Кәсіпкерлік
өндiрiстiк, сауда-коммерциялық, қаржы-несиелiк сияқты әр түрлi салаларда
жүзеге асырылады. Оның негiзгi ерекшелiгi –мұнда Кәсіпкерлік тiң
материалдық-заттай элементi болмайды.
Делдал өзi өнiм өндiрмейдi, тауар, валюта немесе бағалы қағаздармен
сауда жасамайды, несие берумен айналыспайды. Оның ролi мен мiндетi- осы
операциялардың жүргiзiлуiне және бiтiм жасауға мұрындық болу. Бұл жерде
Кәсіпкерлік тiң дәнiн себушi-елдал әкелетiн ақпарат [22].
Сатып алушы, тұтынушының жағында, екiншi жағынан өндiрушi тауар
сатушының жағында түратын делдал оларды iскерлiк бiтiмнiң аясына әкелiп
қосады. Сондықтан да делдалдық Кәсіпкерлік тiң принциптi схемасы
байланыстардың саны және мәнi жағынан аса күрделi емес (схема-4).

Делдалдық Кәсіпкерлік тiң принциптi схемасы
И

Дф Дф

Дт Дт

4- схема
Шартты белгiлер:
И - ақпарат;
Дф- ақпарат үшiн ақы;
Дт – делдалдық үшiн ақы.

Делдал-Кәсіпкерлік меннiң мақсаты – тауар мен қызмет көрсетудiң
мөлшерi және оларды сатудың шарты (бағасы жеткiзулi және тағы басқа),
сондай-ақ оларға деген сұраныстың деңгейi туралы ақпарат алу. Сондықтан да
ақпарат делдалдық Кәсіпкерлік тiң басты факторы болып табылады.
Өндiрушiден немесе тауар және қызмет көрсетушiден ақпарат алу, ақы төлеу
(Дф) арқылы жүргiзiледi.
Алайда, көбiнесе ақпаратүшiн ақы 0-ге тең болады (Дф(0), өйткенi
өндiрушi немесе сатушы өз тауары мен қызметiн өткiзуге мүдделi,
сондықтан да ол ақпаратты тегiн беруi мүмкiн.
Сатушының немесе өндiрушiнiң ақпаратын (И) алған делдал тауар немесе
қызметтi сату үшiн сатып алушыны iздейдi. Сонымен бiр мезгiлде ол сатып
алушы үшiн тиiмдi сатып алу шарттары мен аталмыш тауарға сұраным туралы
сатып алушылардың ақпаратын алуға ұмтылады. Мұндай ақпарат бергенi үшiн
сатып алушы делдалдан ақша (Дф) сұрауы мүмкiн оның (Дф) маңызы да 0-ге
теңелуi мүмкiн. Өйткенi, егер сатып алушы белгiлi бiр тауарды сатып алуға
мүдделi болса, онда ол бұл ақпаратты делдалға тегiн бере алады.
Делдал сатып алушының ақпаратын алғаннан кейiн сатып алушының ниетi
және сатып алудың шарты туралы сатушыға хабарлайды. Мiне, осылай iскерлiк
бiтiм- сауда – саттық жүргiзу үшiн екi жақ та (сатушы және сатып алушы)
жеткiлiктi дәрежеде мәлiмет алады [25].
Егер сауда - саттық жасалса, онда делдал сатушыдан да, сатып алушыдан
да ақы (Дт) алуға құқығы бар. Осындай ақыны немесе бұдан шамалы аздау ақыны
делдал сауда –саттық болмай қалған жағдайдың өзiнде де, екi жаққа берген
ақпараты үшiн сатушыдан да, сатып алушыдан да талап етуiне болады. Әрине,
сатушы мен сатып алушы да ақпарат үшiн алынған ақы (Дт) делдалдың өзi
сатушыға ақпарат үшiн берген ақы мен сонымен бiрге сатып алушыға ақпарат
үшiн берген ақыдан (Дф) көбiрек болуы керек. Мiне, осы айырмашылық
делдалдың iскерлiк табысын құрайды.
Бұдан басқа, егер сауда-саттық сатып алу- сату немесе жалға алу
сияқты жағдайдазаңды түрғыдан құжаттандырылуы қажет болса, онда делдал осы
жұмыстармен айналысады. Сондықтан да ол осы қызметтерге жұмсалған ақысын
сатып алушыдан немесе сатушыдан, мүмкiн жағдайда келiсiм бойынша екеуiнен
де қайтарып алуға құқығы бар.
Бiр қарағанда, делдалдық iскерлiк Кәсіпкерлік те басы артық буын
сияқты көрiнедi. Дей түрғаны мен, тауарлардың молшылығы және кең
ассортимент жағадйында Кәсіпкерлік базарында делдалдық ерекше рөл
атқарады. Олар тауарларды сатып алу-сату процестерiн жеңiлдетумен қатар
жалпы экономикалық айналым процесiн жеделдете түседi [25].
Кәсіпкерлік мен –делдалдар (оларды әдетте брокер, маклер, сауда
агентi, коммивояжер деп те атайды) өз қызметтерiн тек қана материалдық
игiлiктердiң айналым саласында ғана емес, әлеуметтiк салада да жүзеге
асырады. Басқаша айтқанда, олар тек қана сатушы мен сатып алушыны
табыстырмайды, сонымен бiрге бозбала мен бойжеткендердiң, жалға
жұмысшылар iздеушiлер мен қызметкерлердiң арасында дәнекерлiк жұмыстар
жүргiзедi.
Кәсіпкерлік мен- делдалдың қызметi қосымша мәндегi жұмыс болып
табылады. Өйткенi, ол бағалы игiлiктермен, яғни тауармен, ақшамен,
валютамен емес, тек қана адамдармен жұмыс iстейдi. Бiрақ, бұл елдалдың
тауып жейтiн наны оңай келедi деген сөз емес. Себебi делдалдықпен өте
жоғары дәрежеде коммуникабельдi (тез тiл табыса бiлетiн, ешкiмдi де
жатырқамайтын адам) болуы шарт. Ол белглi бiр ақпаратты дер кезiнде алу
үшiн психолог да бола бiлу керек. Мiне, осы жағайда ғана ол өзiнiң
пайдасын таба алады. Әтпесе, iскерлiк те басты рөлдерде ойнайтын адамдар
өндiрушiлер, сатушылар, сатып алушылар және тұтынушылар екенiн ол жақсы
бiледi [26].
Егер делдалдықты қызмет көрсетудiң белгiлi бiр түрi ретiнде
қарастырсақ, онда бұл түрғыдан алғанда делдалдықты қызмет көрсету жөнiндегi
Кәсіпкерлік мендердiң тобына жатқызуға болады.
Сақтандыру Кәсіпкерлік i. Cақтандыру экономикалық қарным-қатынастың
бiр түрi ретiнде бiздiң тарихымыздың кеңестiк кезеңiнде орын алды және
оны еңбек табысын табуға мүмкiндiгi жоқ немесе көмекке зәру адамдарға
жәрдем көрсету (зейнетақы, жәрдемақы және басқала) мақсатында белгiлi бiр
қаржы қорын құру үшiн кәсiпорындар мен азаматтардың тапқан табысының
белгiлi бiр бөлiгiн ерiксiз тәртiппен алу арқылы мемлекет жүзеге асырып
отырады [27].
Сақтандыру Кәсіпкерлік i – сақтандырудың ең ерiктi формасы. Оған
мүлiктi сақтандыру, өз өмiрi мен денсаулығын қамсыздандыру, тәуекелдiлiк
пен жауапкершiлiктi сақтандыру жатады. Нарықтық қатынастарға көшу
жағдайында қызмет көрсетудiң ерекше түрi – сақтандыру арқылы қорғауды сату
және сатып алуды жүзеге асыратын сақтандыру нарығы пайда болады. мiне, осы
рынок сақтандыру Кәсіпкерлік менiнiң қызмет орны болып табылады.
Кәсіпкерлік тiң бұл түрiнiң принциптi схемасы қарапайым (5-схема).

Сақтандыру Кәсіпкерлік iнiң принциптi схемасы
Дт
У
Дк
5- схема

Шартты белгiлер:
Дт – сақтандыру қызметiне берiлетiн ақы;
У - сақтандыру қызметтерi;
Дк – сақтандырушы шеккен зиянға берiлетiн ақшалай өтемақы.

Сақтандыру қызметiн сатушы ретiнде жұмыс iстейтiн Кәсіпкерлік мен жеке
өзi немесе сақтандыру агентi – делал арқылы мүмкiн деген сатып алушы
сақтандырушыға осындай қызметтi пайдалануды ұсынады. Бұл қызмет (У)
ерекшелiгi бар iскерлiк тауар ретiнде ақы төлеу түрiнде (Дт) сатылады.
Бұл үшiн сақтандырушы сақтандыру қызметiн сатып алушыға оның өзi немесе
оның мұрагерлерi сақтанушы өнiмiн, денсаулығын, мүмкiн жоғалтқанда, сауда-
саттық болмай, несие қайтарылмаған жағайда сақтандырушыдан өтемақы (Дк)
алуға құқық беретiн сақтандыру куәлiгiн бередi. Кәсіпкерлік тiң буырқанған
аумалы –төкпелi әлемiнде кепiлдiктiң мұндай түрi Кәсіпкерлік менге немесе
қарапайым азаматтарға өзiн сенiмдi сезiну үшiн қажет [29].
Кәсіпкерлік тiң басқа түрлерiне қарағанда, сақтандыру Кәсіпкерлік iнде
сақтаныру жарнасы (Дт) өтемақы сомасынан (Дк) аспайды, тiптi сақтандыру
сомасының салыстырмалы түрде азғантай процентiн құрайды. Себебi,
сақтандыру Кәсіпкерлік iнiң барлық есебi бақытсыз жағдайлардың, өрттiң,
су тасқынының, зiлзаланың, апаттың, ұрықтың, қарыз және несиенiң
қайтарылмау ықтималдылығының салыстырмалы түрде аз болуына негiзделуiне
жатыр. Сақтандырушылардың көпшiлiгi сондықтан да шеккен зияны үшiн өтемақы
алмайды, олар үшiн өтемақы 0-ге тең (Дк(0) болады. Осындай сақтанушылар
сақтандырушыларға төлеген сома (Дт) қайтарылмайды. Сақтандырушы
Кәсіпкерлік меннiң iскерлiк табысы Дт-Дк түрiнде болады, яғни олар жалпы
түскен сақтандыру жарнасының сомасы мен сақтандыру куәлiгiнде айтылған
жағдайда зиян шеккен сақтандырушылрға қайтарылатын өтемақы көлемiнiң
жалпы сомасының арасындағы айырмашылықты алады [30].

1.3. Қазақстан Республикасында iскерлiктi ұйымдастырудың
ұйымдық формалары.
Кәсіпкерлік адамзаттың кез келген ойластырған қызметi ретiнде
сендiру негiзiнде болсын, тиiстi мағынасында және заңдық негiздегi
жасалуы жағдайында болсын, мемлекетпен арадағы iскерлiкке қатысушылардың
экономикалық қарым-қатынастары нақты ұйымдастыруды қажет етедi. Заңмен
бекiтiлген iскерлiк қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi Кәсіпкерлік тiң
ұйымдық –құқықтық формасы деп аталады.
Кәсіпкерлік тi ұйымдастырудың ең қарапайым формасы –бұл жеке
iскерлiк. Бұл жағдайда Кәсіпкерлік мен жеке тұлға ретiнде кәсiпорынның,
фирманың мәртебесiн иеленбей-ақ, өздiгiнен, жалғызбасты болып iсқимыл
танытады. Алайда, егер бұл қызмет бiр рет қана немесе кездейсоқ
жүргiзiлмей, жүйелi түрде жүргiзiлетiн болса, онда мiндеттi түрде
мемлекеттiк тiркеуден өтедi. Әрбiр азаматтың, мысалы, өзiнiң үй iргесiндегi
учаскесiнде көкөнiс пен гүл өсiрiп, оны сатуға құқы бар. Бұндай жағдайда,
егер осындай жеке iскерлiк белгiленген минимумнан асатын пайда әкелсе,
iскер осы пайдадан салық төлеуi тиiс [31].
Бiрқатар жағдайларда белглi бiр жеке тұлға Кәсіпкерлік пен айналысуы
үшiн iскерлiктiң бiрнеше түрiмен айналысуға құқық беретiн ақылы лицензия
алу қажеттiлiгi қарастырылған. Мысалы, дәрiгерлiк қызмет, бiлiм беру
қызметiн көрсету, ал кейде тiптi құстың белгiлi бiр мөлшерiн атып
алатын аңшыларға немесе ау салатын балықшыларға да әлгiндей лицензия
алуы қажет.
Егер жеке iскерлiк қызмет белгiлi бiр салады жүйелi жүргiзiлетiн
болса, онда белгiлi бiр мерзiм мен қызмет көлемiне берiлетiн ақылы патент
алу қажеттiлiгi туады.
Жеке басты iскер өз шығынын өзi толық көтередi және өз қызметiнiң
нәтижелерi үшiн өзi жауап берiп, бастаған iсiн кез –келген уақытта тоқтата
алады.
Жеке iскерлiк қызметтiң тағы бiр түрi жеке кәсiпорын , фирма, шаруа
қожалығы болып табылады. Кәсіпкерлік тiң мұндай формасындағы мекеме құру
құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшiн ол жеке кәсiпорнын тiркеуден
өткiзiп, заңды тұлға мәртебесiн алуы шарт. Мұндай жағдайда аталмыш
кәсiпорын тек жалғыз адамнан ғана түрмауы мүмкiн. бұл кәсiпорынның меншiк
иесi iскерлiк қызметтiң субъектiсi ретiнде емес, жалдамалы қызметкерлер
қатарында саналады.
Жеке iскерлiк кейде отбаслық кәсiпорын түрiнде көрiнедi. Мұндай
жағдайда жеке iскерлiктен топтық, яғни ұжымдық iскерлiкке өту әдiсi
байқалады [32].
Жеке Кәсіпкерлік жаппай көрiнгенiмен тар ауқымдағы қызмет болып
саналады. Кәсіпкерлік тiң аламат әлемiнде жалғыз басты iскер өте нәзiк
тұлға болып көрiнедi. Оның пайдасы мардымсыз және ол нарықтың
аласапыранынан жеткiлiктi әрежеде қорғалмайды. сондықтан да Кәсіпкерлік
мендер өздерiнiң күштерi мен қаржыларын бiрiктiрiп, жалғыз бастылықтан
ұжымдық iскерлiкке өтуге бейiмдiлiктерiн жасырмайды. Бұл жағдайда ортақ
фирма немесе басқа да бiртұтас кәсiпорын құру кезiнде жекелеген
Кәсіпкерлік меннiң мүлiкке жекеменшiгi сақталады, тек Кәсіпкерлік мендер
бiртұтас команда құруға өздерiнiң күштерiн бiрiктiредi. Дей, түрғанмен
серiктестiктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары
өндiрiс құрал- жабыдықтарын толық немесе iшiнара бiрiктiредi. Жеке
iскерлiктiң бұл мүмкiндiгi, оның ұжымдық әдiсiмен iс жүзiнде қабысуы
Кәсіпкерлік тi дамытудың барынша маңызды факторы болып табылады [35].
Сонымен қатар, ұжымдық Кәсіпкерлік тiң көптеген формалары капиталдың
қосылуымен, ортақ меншiктiң құрылуымен, аталмыш бiрiгудiң барлық мүлкiне
мiндеттеме бойынша жауап беретiн заңды тұлға жасаумен байланысты. мұндай
кәсiпорындарда өндiрiс құрал-жабдықтарына меншiк топтық немесе ұжымдық
мәнге ие болады. бұл жағдайда ұжымдық меншiк шеңберiнде басқалармен бiрге
ортақ кәсiпорынға бiрiккен әрбiр iскердiң меншiгiндегi негiзгi құрал-
жабықтар ақшалай меншiк бөлiгiн белгiлеу түрiнде мүлiктi үлесiне қарай
бөлу жолымен жеке меншiк құқын сақтауына болады. жеке меншiктi осылац
сақтаудың түпкiлiктi нұсқасы- акционерлiк қоғам немесе кәсiпорын құру
болып табылады. Мұнда әрбiр қатысушы өзiнiң үлес акциясының қожайыны бола
алады.
Құрал- жабдықтарды, капиталды, басқаруды одан әрi бiрiктiру
корпорациялар, бiрiккен кәсiпорындар және тағы басқа түрдегi ұжымдық
iскерлiктiң интеграциялық формаларына әкеледi.
Аталмыш жағдайда кәсiпорынның аясында iс жүзiндегi белгiленген
заңдық тәртiппен құрылған, адамдар мен қоғамның әр түрлi қажеттiлiктерiн
қанағаттандыру мақсатында атқарылатын өнiм өндiру, тауар сату, қызмет
көрсету, жұмыс орындау жөнiндегi белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыратын
шаруашылық субъектiсi танылады [38].
Халық шаруашылығында жұмыс iстейтiн кәсiпорын ұйымдық-құқықтық
құрлысы, масштабы, қызмет ауқымы түрғысынан әр түрлi болып келедi.
Құқықтық және өндiрiстiк түрғыдан алғанда олар жекелеген топтар мен
түрлерге бөлiнедi. Ол үшiн нарықтық экономика олардың қызметiн
айқындайтын шаруашылық жүргiзу заңдылығының белгiлi бiр нормаларын
жасаған. Олар- шаруашылық серiктестiктерi, акционерлiк қоғамдар,
өндiрiстiк кооперативтер, сондай-ақ Кәсіпкерлік тiң мемлекеттiк
секторында -мемлекеттiк және муниципалдық кәсiпорындар.

2 тарау Кәсіпкерлік қызметке салық салу ерекшеліктері
2.1. Кәсіпкерлік қызметке арналған анрнаулы салық режимі
Арнаулы салық режимі - бұл салық төлеушілердің кей категорияларына
салықтың жеке түрлерін есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібімен
жүргізілетін бюджетпен есеп айырысудың ерекше түрі.
АСР-і мыналарға жүргізіледі: (қолданушылар)
✓ Кәсіпкерлік қызметке;
✓ Шару қожалықтарына;
✓ Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға;
✓ Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне [12].

Кіші кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға арналған арнаулы салық
режимінің тәртіптері

Біржолғы талон негізінде ара-тұра сипатта қызметін жүзеге асыратын
жеке тұлға, патент негізінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер,
оңайлатылған декларация негізінде қызметін жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешу жолдары
Қазақстан Республикасында кәсIпкерлIк қызметтIң дамуы және оны мемлекеттIк реттеу
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
Кәсіпкерліктің мәні және мазмұны
Кәсіпкерлік қызмет мәні және негізгі ерекшеліктері
Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау
Пәндер