Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
КІРІСПЕ
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 «Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесінің түсінігін ұйымдастырушылық құқықтық негіздері»
1.2 "Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесінің түсінігі және құрлысы"
1.3 "Шет елдердегі мемлекеттік қызметтің құқықтық мәртебесінің реттелуі"

: Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын зерттеуге арналады.
Жұмыста саяси мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігі, міндеттері, лауазымды тұлғалардың құқықтары, сонымен қатар шет елдердегі мемлекеттік қызметтің құқықтық жағдайы мәселелеріне теориялық және тәжірибелік түрде жүйелі талдау жасалған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Республикада жүргізіліп жатқан конституциялық және әкімшілік реформаларға, адамның құқықтары мен бостандықтарын кепілдейтін қоғамдық қатынастардың қалыптасуына орай осы саладағы құқықтық реттеу механизмін жетілдірудің, мемлекеттік қызметтің қарқынды дамуының қажеттігін жариялаған қазіргі заман талабымен байланысты. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы әкімшілік реформа туралы бірінші жарлыққа қол қойғанан бері мемлекеттік басқару вертикалы мемлекет пен қоғамның арасындағы қатынастардың мәнін елеулі түрде өзгертті [1].
Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық сөз сөйлеулерінде елде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформа мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын және тиімділігін, мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесін арттыруға, атқарушы биліктің жұмысының тұрақтылығын және ашықтығын, сыбайлас жемқорлықпен күресті қамтамасыз етуге жағдай жасайтынын үнемі атап өтеді.
Кәсіби мемлекетті құру мақсаты «Қазақстан 2030» Стратегиялық бағдарламасы: «Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау» ұзақ мерзімді басымдығынан туындайды [2].
Мемлекеттік қызметті дамыту жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халыққа Жолдауында: «Мемлекеттік органдардың құрылымын жетілдіру, мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларын олардың жұмысын бағалау негізінде көтеру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жоғарғы сапасына жету, сыбайлас жемқорлықты азайту мәселелері Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ойдағыдай кіргізудің маңызды факторы болып табылады», - деп атап көрсетті [3].

1. «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» ҚР Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы №304 Жарлығы//ҚР Президентінің ресми сайты//http//www.akorda.kz.
2. Назарбаев Н. Қазақстан – 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.- Алматы: «Білім», 1997.- 176 б.
3. Назарбаев Н. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стартегиясы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы// ҚР Президентінің ресми сайты//http//www.akorda.kz.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы.
5. ҚР –ң «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы, Алматы - 1999 ж.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған (7 қазан 1998 жылғы №284-І, 2007 ж. 21 мамырда №254-ІІІ ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
7. ҚР –ң «Мемлекеттік қызмет туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсанда № 2730 заңдық күші бар Жарлығы.
8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келiсу, кол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 27 сәуiрдегi № 976 Жарлығы
9. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері : оқу құралы / Т. Ағдарбеков. - Алматы : Заң әдебиеті, 2008. - 255 б. 1000 экз. - 211 б.
10. Қ.Д.Жоламан өзінің «Мемлекет және құқық теориясы».- Оқулық: «Нұр-пресс» - Алматы, 2005.- 89 б.
11. Указ Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 «О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан» // Казахстанский юридический портала Юрист//www.zakon.kz
12. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на открытии третьей сессии Парламента Республики Казахстан «Модернизация государственного управления на принципах корпоративного управления, транспарентности и подотчетности обществу» (г. Астана, 1 сентября 2006 года) // Официальный сайт президента РК www.akorda.kz
13. Турисбеков З.К., Капаров С. Управление гасударственной службой в Казахстане. Из опыта функционирования Казахстанской модели.- Екатеринбург, 2002.-160с.
14. Назарбаев Н.А. Повышение благосостояния граждан Казахстана - главная целъ государственной политики: Послание Главы государства народу Казахстана от 6 февраля 2008 года. - Астана: Елорда,2008.- 64 с.
15. Штатина М.А. Местное управление в зарубежных странах (Великобритания, США,Франция, страны Латинской Америки).-М.,1994. С.22-29
16. United States Code, 1988 Edition.- W., 1989.V.1.P. 421-1389. Соединенные Штаты Америки. Конституция и законодательные акты.- М., 1993. С.253-286
17. Сапаргалиев Г.С., Крепак П.А Синдром временщика. Им страдают госчиновники, не уверенные в завтрашнем дне // справочная система "Юрист", Вып. 3,2002, 4 сент.-С.1-2
18. Тулегулов А.К Государственная служба: опыт Англии и США. // Саясат - 1998., № 6, С.50
19. Ахметов С.К. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қыметті модернизациялау мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейінің көтеру факторы ретінде//ҚазҰУ Хабаршысы, философия, мәдениеттану, саясаттану сериясы, №1.- 2010.- 33-36 б.
20. Назарбаев Н.А. Выступление на Международной конференции по вопросам государственной службы (Астана, 17 июня 2008 г.) //Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет. - 2008. - № 3. - С. 7.
21. Стратегический план развития Республики Казахстан до 2010 года, Утвержден Указом Президента Республики Казахстан от 4 декабря 2001 года №735 // Официальный сайт Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан www.nature.kz

ӘОЖ 340:35.08-057.34(574) Қолжазба құқығында
МОЛДАШЕВА ЖАЗИРА КАСЫМБЕКОВНА
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
қызметшілерінің құқықтық жағдайы
Магистрлік диссертация бойынша
Автореферат
6N0301 - Құқықтану- мамандығы бойынша
Қазақстан Республикасы
Астана, 2011 ж.
Жұмыс Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің конституциялық
құқық және мемлекеттік басқару кафедрасында орындалған
Ғылыми жетекші: заң ғылымдарының кандидаты,
Г.С Шарапатова
Ресми оппонент: заң ғылымдарының кандидаты,
Т.Ж. Тасқожин
Қорғау Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінде мемлекеттік аттестациялық комиссия отырысында 2011 жылы 22 маусымда сағат 10-00 өтеді. Мекен жайы: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8.
Диссертациямен Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат ___ ___________ 2011 жылы таратылды
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын зерттеуге арналады.
Жұмыста саяси мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігі, міндеттері, лауазымды тұлғалардың құқықтары, сонымен қатар шет елдердегі мемлекеттік қызметтің құқықтық жағдайы мәселелеріне теориялық және тәжірибелік түрде жүйелі талдау жасалған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Республикада жүргізіліп жатқан конституциялық және әкімшілік реформаларға, адамның құқықтары мен бостандықтарын кепілдейтін қоғамдық қатынастардың қалыптасуына орай осы саладағы құқықтық реттеу механизмін жетілдірудің, мемлекеттік қызметтің қарқынды дамуының қажеттігін жариялаған қазіргі заман талабымен байланысты. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы әкімшілік реформа туралы бірінші жарлыққа қол қойғанан бері мемлекеттік басқару вертикалы мемлекет пен қоғамның арасындағы қатынастардың мәнін елеулі түрде өзгертті [1].
Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық сөз сөйлеулерінде елде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформа мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын және тиімділігін, мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесін арттыруға, атқарушы биліктің жұмысының тұрақтылығын және ашықтығын, сыбайлас жемқорлықпен күресті қамтамасыз етуге жағдай жасайтынын үнемі атап өтеді.
Кәсіби мемлекетті құру мақсаты Қазақстан 2030 Стратегиялық бағдарламасы: Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау ұзақ мерзімді басымдығынан туындайды [2].
Мемлекеттік қызметті дамыту жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты халыққа Жолдауында: Мемлекеттік органдардың құрылымын жетілдіру, мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларын олардың жұмысын бағалау негізінде көтеру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жоғарғы сапасына жету, сыбайлас жемқорлықты азайту мәселелері Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ойдағыдай кіргізудің маңызды факторы болып табылады, - деп атап көрсетті [3].
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында: Мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастар да саяси құқықты реттеудің нысаны болып табылады. Оның дамуының басым бағыттар ретінде:
- мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметтің аражігін неғұрлым нақты ажырату;
- мемлекеттік қызметшілердің түпкілікті нәтижеге бағдарланған қызмет
ін бағалаудың қазіргі заманғы жүйесін енгізу күтіледі [4] - делінген.
1999 жылы қабылданған Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша мемлекеттік қызметшілер -- мемлекеттік саяси қызметшілер және мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып бөлінді [5].
Қазақстан Республикасындағы саяси мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын зерттеу қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Негізгі Заңда бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілеріміздің міндеттерінің аса жауапты екендігі көрініс тапқан (Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы) [6]. Онда Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді деген қағидалар орнықтырылған.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін зерттеудің өзектілігі келесі факторлармен:
біріншіден, бұл құқықтық институт жөнінде әкімшілік реформа барысында терең теориялық көзқарастар мен жаңа инструментарий қажеттігімен;
екіншіден, мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен қызмет етуін жақсарту қажеттігі, жаңа бағдарламалық құжаттар негізінде оны реформалаудың жаңа даму бағыттарын анықтаумен негізделеді.
Кәсіби қызметшілер институтының қалыптасуын Егемен Қазақстан саяси жүйесінің стратегиялық реформалауының мақсаты ретінде қарастыруымыз қажет. Бұл мақсат ең алғаш Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қол қоюымен Мемлекеттік қызмет туралы 1995 жылғы 26 желтоқсанда № 2730 заңдық күші бар Жарлығында нормативті бекітілуге ие болды [7]. Бұл нормативтік құжат ең алғаш мемлекеттік қызметті кәсіби іс-әрекеттің ерекше саласы ретінде тапты.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Мемлекеттік қызмет, көптеген әртүрлі саяси, экономикалық, құқықтық аспектілерді қамтитын, көпжақты және күрделі құбылыс. Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың құқықтық аспектілері Г. Атаманчук, Д. Бахрах және т.б. бірқатар авторлар еңбектерінде келтірілген. Реформалаудың саяси-басқарушылық аспектілері М. Афанасьев, Ю. Васютин, В. Граждан жұмыстарында қарастырылған.
Мемлекеттік механизм, аппарат, органдар туралы көптеген жақын және алыс шетелдік және Қазақстандық заңгер ғалымдардың еңбектері, мақалалары бар - Баянов Е, Табанов С.А, Жоламан Қ.Д, Т.Н.Радько, В.Н.Храпонюк, М.Н. Марченко, М.И.Абдулаев, т.б. Қазіргі саяси-әкімшіліктік басқару мәселелеріне арналған, И. Василенко, Л. Сморгунов, А Шадрин, А. Файольдың жұмыстарын бөлек топқа жинақтауға болады.
М. Ашимбаев, Б.Г. Аяган, Л.А. Байдельдинов, Ж.Х. Жунусова, А.А. Нурмагамбетов, Д.А. Жамбылов, Ш.А: Курманбаева, Л.М. Иватова, А.Ш. Ишмухамедов, Р.К. Қадыржанов, М.С. Машан, Ж. Мурзалин сияқты отандық саясаттанушылардың еңбектері Қазақстан мемлекеттік билік жүйесінің даму заңдылықтары мен қайшылықтарын ашуға көмектесіп, Қазақстан саяси модернизациясы жағдайында саяси процесс мәнін түсінуге өз үлесін тигізді.
Мемлекеттік қызмет жүйесінің функционалдауы мен ұйымдастырудың конституциялық-құқықтық және, егемендік жағдайында, мемлекеттік билік пен оның құрылымдары жүйесінің институционалдау мәселелеріне Г. Сапаргалиев, А.А. Котов, Б. Майлыбаев, С. Копабаев, В.А. Малиновский, А.А. Токтыбеков, В.Н. Уваров, Р.С. Сакиеваның еңбектері арналған. Бұл еңбектерде, мемлекеттік қызметшілер, олардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын іске асырудағы лауазымы, сонымен қатар, қызметшілердің жеке құқықтық мәртебесі мен мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы, ұйымдастырылуы мен функционалдауын реттейтін заң нормалары жиынтығы жағынан, мемлекеттік қызметті құқықтық институт ретінде қарастырады.
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайының құрылымы мен жүйесін кешенді зерттейтін монографиялық жұмыстар жоқтың қасы. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы саяси-әкімшілік реформалары мен келешек демократизация жағдайында мемлекеттік басқару органдарының қалыптасуында саяси мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайының саяси аспектілерін зерттеу ғылыми және тәжірибелік қызығушылық туғызады.
Зерттеудің мақсаты. Қоғамның демократиялық жаңару процесінде саяси жүйенің ажырамас институты ретінде мемлекеттік қызметтің қалыптасуы мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, оның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын анықтау.
Зерттеудің міндеттері. Аталған мақсатты іске асыру үшін зерттеу жұмысына келесі негізгі міндеттер қойылды:
- мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі түсінігінің ұйымдастырушылық құқықтық негіздерін зерттеу;
- Қазақстанда мемлекеттік қызметтің қалыптасуы мен дамуын және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын анықтау;
- Қазақстанда саяси-әкімшілік реформалар жағдайында саяси мемлекеттік қызметшілердің функцияларын анықтау және жаңғырту бойыншы жеке ұсыныстар жасау;
- мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесінің түсінігі және құрылысын, даму ерекшеліктерін анықтау ;
- Шет елдердегі мемлекеттік қызметтің құқықтық мәртебесінің реттелуін басқа елдермен салыстырмалы түрде қарастыру;
- Саяси мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесінің мазмұнын ашатын элементтерді талдау;
- Дамыған мемлекеттік қызметтің қалыптасуы мен даму үдерісінің заңдылықтарын салыстырмалы түрде талдау;
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасындағы саяси қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайының саяси-құқықтық негіздері.
Диссертация көлемі және құрылымы, пайдаланылған әдебиеттер тізімінің жалпы саны: Жұмыстың құрылымы ғылыми зерттеудің логикасы мен жүйелілігін бейнелейді. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 80 бетте баяндалған. Жұмысты 60 атаудан тұратын қолданылған әдебиеттер тізімі аяқтайды.
Алынған қорытынды, зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы:
Диссертацияны қорғауға шығаратын тұжырымдар мыналар:
1.Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық жағдай мен құқықтық мәртебелерін нақты ажырату және олардың негізгі міндеттері мен мақсаттары барысындағы жоғары талаптар мен жауапкершіліктерді нақты көрсету;
2. Саяси мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті атқару барысындағы құқықтары мен бостандықтарына және міндеттеріне қажетті дәлелдің болуына байланысты талдау жасау;
3. Саяси мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік мүлікті пайдалану барысындағы бақылау жүйесінің ерекшеліктерін анықтау;
4. Саяси мемлекеттік қызметшілердің өз қызметтері мен бірге ғылыми және педагогикалық жұмыстары мен айналысу құқықтарының реттелуін көрсету;
5. Саяси мемлекеттік қызметшілердің өз-ара бәсекелестікті болдырмау үшін ұсыныстарды атап көрсету;
6. Саяси мемлекеттік қызметшілердің қызметтінің реттелуін анықтайтын нақты заңды енгізуге ұсыныстарды көрсету оны жүзеге асыру;
7. Шет мемлекеттердің саяси мемлекеттік қызметшілерінің тәжірибесін ала отырып бізге де осындай саяси мемлекеттік қызметшілердің ерекшеліктерін анықтайтын тәжірибенің болуы аса қажеттілігін атап көрсету.
Ғылыми жариялымдар туралы мәлімет: Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы Қазақстандық даму жолы: тәуелсіздікке 20 жыл. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. 16 наурыз 2011 жылы. Астана, 2011ж. 43-45 бб.
1.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы.
2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау.
Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Хабаршы ғылыми журналы 1995 жылдан шыға бастаған ISSN 1028 - 9364 №3 (82) Астана,2011ж.
269-272; 272-275 бб.
Ғылыми зерттеуде пайдаланған әдіснамалық база: Зерттеудің әдіснамалық негізіне құқықты түсіндірудің заңнаманы кешенді және жүйелі талдау мен үйлестіре жүргізетін тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, диалектикалық және логикалық формальді әдістері жатады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зерттеу тақырыбын таңдау. Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын зерттеуге арналады, сондай-ақ қазіргі кездегі саяси мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебелерінің аса маңыздылығын көрсететін қызмет жүйесін реформалау қарқынды түрде дамуын көрсетеді.
Кіріспеде диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі, ғылыми зерттелу деңгейі, зерттеудің объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері, әдістемелік, теориялық және эмпириялық негізі, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар көрсетіледі, зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы мен диссертациялық зерттеу жүргізу барысында жарияланған негізгі мақалалар көрсетілген.
Диссертацияның Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесінің түсінігін ұйымдастырушылық құқықтық негіздері деп аталатын бірінші бөлімі үш бөлімшеден тұрады.
1.1 - бөлімшеде "Мемлекеттік қызмет түсінігі, даму тарихы" Мемлекеттік қызмет - бұл көпшілік мемлекет, қысқаша айтқанда көпшілік биліктің ұйымдарындағы қызмет. Дәстүрлі теория көзқарасынан қарағанда мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік мекемелердегі, кәсіпорындардағы, ұйымдардағы және бірлестіктердегі қызмет болып саналады.
Ең кең теориялық түсінуде мемлекеттік қызмет - бұл мемлекеттік ұйымдарымен басқарудың кадрлық функциясын және мемлекеттік бюджеттен еңбекақы алатын (қысқаша айтқанда мемлекеттен оның ұйымдары мен оның бөлімшелері атынан) және заң шығаратын, орындаушы және соттық биліктің, прокуратура органдарын, бақылаушы қадағалау органдарын, мемлекеттік кәсіпорындардың әкімшілігі есептегенде мемлекеттік органдардың аппаратында күнделікті немесе уақытша қызметтерде орын алатын барлық тұлғалардың практикалық іс-әрекетінің орындалуы деп аталады. Алёхин А.П. және Козлов Ю.М. мемлекеттік қызметтің түсінігін мемлекеттік ұйымдардағы қызметшірлердің өз міндеттерін орындаумен бірге салыстырады: мемлекеттік билік ұйымдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, басқа ұйымдарда; мемлекеттік қызмет тар мағынада осы авторлардың ойынша қызметшілердің тек қана мемлекеттік ұйымдарда өз міндеттерін орындауды құрайды. Мұнда жергілікті өз-өзін басқару ұйымдарындағы қызметте орын алатын тұлғаларды орталықтандырылған емес мемлекеттік басқару қызметінің болуы мен орындалуын жатқызуға болады, қысқаша айтқанда муниципалдық қызметшілері, сондай - ақ тәжірибеде қазіргі заңнамада мемлекеттік қызметті мунициаплдықтан ажырата қарастырады.
Cонымен, Алёхин А.П. және Козлов Ю.М. Административное право еңбегінде мемлекеттік қызметтің түсінігін былай дәлелдейді: Қызмет адамның мақсаттандырылған іс-әрекетінің маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Қызмет басқарудан, мемлекеттік іс-әрекетті орындаудан, басқарудың өзін қамтамасыз етуден, адамдарды әлеуметтік-мәдени қамтамасыз етуден тұрады [8,177 б].
Дәстүрлі болып ғылыми әдебиеттер В.Манохинмен берілген мемлекеттік қызметтің анықтамасы болды: мемлекеттік қызмет мемлекеттік ұйымдардың және басқа мемлекеттік мекемелердің жеке құрамын ұйымдастыру мен құқықтық реттеу бойынша мемлекеттің іс-әрекетінің бір жағын құрайды, ал бұл жеке құрамның - мемлекеттің қыземткерлердің - өз іс-әрекеті - мемлекеттің мақсаттары мен қызметтерін практикалы және тікелей орындау [9, 357 б].
Ю.Б. Лазарев мемлекеттік қызметті мемлекетке қызмет ету, қысқаша айтқанда оның тапсырмасы бойынша және одан төлем алу үшін мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттің мақсаттарын, функцияларының таралуы бойынша орындау [10, 295 б].
Д.Н. Бахрахтың ойынша ондай нышандар болып табылатындар:
1) арнайы негізгі тәртіп жарғыларының, тәртіп бойынша жағдайлардың қолда бары;
2) бұл қызметшілер қызметке кірудің, арнайы дәрежелерді, класстық атақтарды алуы, аттестация өткізілуі және қызметтің қысқартылуы,құқықтық жауаптылыққа тартудың негізгі қатары, және т.б болып табылады [11,251 б ].
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік биліктің мақсаттары мен қызметін таратуға бағытталған лауазымдық міндеттерді орындау бойынша мемлекеттік ұйымдардағы мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеті.
Мемлекеттік қызметтің институционалдық қалыптасуы, саяси - құқықтық нормалармен, зандармен, актілермен және тағыда басқа заңнамалық құжаттармен ресми түрде бекітіліп белгілі ережелерге бағындырылған концептуалдық және ұйыдастырушылық негіздердің, кәсіптік қатынастардың құрылуын қарастырады және оның субъектілері құқықтарға, міндеттерге және жауапкершілікке ие болу керек.
1.2 - бөлімшеде "Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесінің түсінігі және құрлысы" "Мемлекеттік қызмет туралы" заңда мемлекеттік лауазым нормативтік - құқықтық актілерімен белгіленген лауазымдық өкілетіліктері мен лауазымдық міндеттердің белгілі тобы жүктелген мемлекеттік органның құрылымдық бөлігі деп айтылған.
Мемлекеттік лауазым - оны атқаратын адамның өклетілігінің мазмұны мен көлемін қамтып көрсетеді.
Лауазым мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерінің, құқықтарының көлемін және жауапкершілігінің шеңберін, оның кәсіби-мамандық даярлығына қойылатын талаптарды белгілейді. Ол қызметшінің атқаратын жұмысының мазмұнын көрсетеді, оның құқықтық жағдайын анықтайды.
Әрбір лауазым өкімдік тәртіппен құрылады, ол басқару органның штат кестесіне енгізіледі және тиісті мамандарға орналастыруға жатады.
Мемлекеттік саяси қызметші - мұндай қызметші болып тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси - айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Жалпы алғанда құқықтық мәртебелерінің ерекшелеріне қарай мемлекеттік қызметшілер әр алуан түрлерге бөлінуі мүмкін.
Ең алдымен: а) мемлекеттік органдардың; ә) мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметшілері болып бөлінеді.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері мемлекеттің қоғамға басшылық жасау жөніндегі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға шоғырланған.
Мемлекеттік қызмет туралы заңда осы заңның барлық мемлекеттік қызметшілерге қолданылатындығы, бұған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Конституциялық заңдармен немесе өзге заң актілері мен олар үшін басқадай құқықтық мәртебе белгіленген жағдайлар қосылмайтындығы айтылған [16, 211 б].
Егеменді Қазақстан үшін мемлекеттік қызмет қоғам мен халықтың қажеттілігіне аса маңызды рөл атқарылуы тиіс. Мемлекеттің бекітілуімен және азаматтық қоғамның дамуына сәйкес мемлекеттік қызметтің тиімділігін жоғарлату, сонымен қатар мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қызметшілердің қоғамға тиімді қызмет атқарылуын қамтамассыз ету. Қоғамға тиімді қызмет атқару ең бастысы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігіне байланысты.
Мемлекеттік қызмет жүйесінде жүзеге асқан кейбір қолданыстар "Мемлекеттік қызметшілердің ерекше түрлері" жүйесінде жемісті бейімделуде. Бұл қызметтерге жаңа қызметтік реестрлер мен коэффициенттерге негізделген еңбек ақысын есептеу әдістері секілді тәжірибелердің енгізілуін атап өту керек. Қазақстан Республикасының мемлекеттік істер жөніндегі агенттікте мұндай тенденция жалғасын тауып және соның нәтижесінде бірегей негіздер мен мемлекеттік қызметтің барлық түрлерінің принциптерін жасауға сонымен бірге тұрғындарға көрсетілетін қызметтің сапасының жоғарлауына ықпал етуі тиіс деп есептейді. Осыған орай Агенттік өз жұмысын мемлекеттік қызметшілер лауазымының реестрін жетілдіру бойынша Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың қызметшілер бөлімін мемлекеттік - әкімшілік қызметкер лауазымы реестріне қосылуы жобалануда. Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік қызмет еңбектің арнайы түрі болып саналып, мемлекеттік мәселелер мен функцияларды іске асыру мақсаты жүргізілуде.
1.3 - бөлімшеде "Шет елдердегі мемлекеттік қызметтің құқықтық мәртебесінің реттелуі" Қазақстан үшін басқару саласында едәуір нәтижелерге қол жеткізген АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония сияқты мемлекеттердің тәжірибесі ерекше қызығушылық танытады [30].
Дамыған елдердің мемлекеттік басқару саласында, кадырлық басқару және мемлекеттік басқару теориясында да іс жүзінде басым бағыт болып табылады. Мемлекеттік қызметті реттейтін заңнамалар экономикада, саясатта және әлеуметтік салада болатын ауытқулардың әсерінен өзгерістерге ұшырап, толықтырылып отырады.
АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Францияда заманауи мемлекеттік қызметтің негізі мәселен бізден бір ғасырдан астам уақыт бұрын қаланған. Бұл, барлық дамыған елдерде мемлекеттік қызметтің ірге тасының қаланып, керегесін тіктеу процесінің ұзақ уақыттар бойы жүретіндігін көрсетеді. Шетелдерде мемлекеттік қызметпен және кадр саясатымен айналысатын, шенеуліктердің жұмысын қадағалайтын, үміткерлерге іріктеу жүргізетін олардың кәсіби деңгейі мен қызмет ету нәтижесін бағалайтын арнайы құрылым айналысады.
Дамыған мемлекеттердің кадр қызметтері өз қызметінде ұйымдағы басқару тәсілі, жұмысшылардың біліктілігі, олардың тәртібі, жаңалық пен өзгерістерге әсерін ұдайы талдап, зерттеп, жетілдіріп отырады. Заңдармен айқындалған, қатаң сақталатын іріктеу, көтермелеу және шенеуніктерді жазалау процедуралары мемлекеттік басқарудың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік қызметшілер - мен жұмыс істеу жүйесі: лауазымдық міндеттерін сапалы атқаруы, персоналдың шұғыл шешім қабылдай білуі, кәсіптік деңгейі сияқты көрсеткіштермен бағаланады.
Халықаралық тәжірибені саралау нәтижесі негізінен әлемде екі анық белгіленген мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасқандығын көрсетеді - бірі мансаптық жүйе -- Германия, Жапония, Австрия елдерінде қалыптасса, екіншісі позициялық модель -- Ұлыбритания, АҚШ, Канада елдерінде қалыптасқан [31].
Диссертацияның Қазақстан Республикасындағы саяси мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын талдау деп аталатын екінші бөлімі үш бөлімшеден тұрады. Бұл бөлімде қызметтік құқықтары мен міндеттердің құрылымдық функционалдық сипаттамасы және мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің құқықтық табиғаты мен ерекшеліктері және саяси мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі зерттелген.
2.1 - Қызметтік құқықтар мен міндеттердің құрылымдық функционалдық сипаттамасы. Қызметкер міндеті - өз Отанының патриоты болу, Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге нормативтік құқықтық актілерін орындауда үлгілі қызмет ету, шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қарым-қатынасына, сенiмiне, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу басты міндет болып табылады.
Қызметкер:
- жүктелген міндеттемелерге сәйкес қызметтік міндеттерді адал және сапалы орындауға;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының заңды мүдделерін және бостандықтарын, құқықтарын сақтауға, мемлекеттің мүдделерін қорғауға, мемлекет институттарына азаматтардың сенімі, мемлекеттік биліктің беделіне мүмкіндік туғызуға;
- қоғамның және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға жеке жауапкершілікті білу, мемлекеттік меншіктің сақталуына және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
- өзіне талапты, принципшіл, объективті және бейтарапты, сондай-ақ әрбір сыбайлас жемқорлықты және өзге құқық бұзушылықты дер кезінде хабарлауға;
- өзінің қызметтік мiндеттерін атқару кезеңiнде киiм киюдің iскерлiк стилiн ұстануға;
- басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдардың, лауазымдық тұлғалардың, олардың құзыреті шегінде шығарылған шешімдерді және нұсқауларды уақытылы және сапалы орындауға;
- техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормаларын ескере отырып, өндірістік еңбекке арналған жұмыс уақытын тиімді пайдалану, денсаулыққа және жеке немесе жұмыс бойынша әріптесінің қауіпсіздігіне қауіпті қандай-да бір жағдай туралы хабарлауға;
- кәсіби сапаларын жетілдіру, өзінің қызметтік міндеттерін орындау үшін кәсіби деңгейін сақтау және тұрақты жоғарылату, қызметтік міндеттерін орындауда шығармашылық білдіруге;
- қызметтік міндеттерді орындау кезінде анық болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік құпияларды және өзге мәліметтерді сақтауға. Үшінші тұлғалар, олар республика азаматтарының мүдделеріне, мемлекетке зиян келтіруге мүмкін және (немесе) пайда көрумен ақпаратты таратпауға;
- кәсіпкерлiк қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық субъектiлерiнiң мүдделерiн сүйемелдеуге жол бермеуге;
- қызметтiк ақпаратты пайда күнемдік және өзге де жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге;
- оны қызметкер және техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган ретінде сенімсіздендіру әрекетін жасамауға міндетті [33].
2.2 - бөлімшеде Мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің құқықтық табиғаты мен ерекшеліктері Қазіргі уақытта ҚР кадрлық саясаты туралы Мемлекеттік бағдарламасы қолға алына бастады. Оның мынадай басым бағыттары бар:
:: мемлекеттік саяси қызметтің кәсіби даярлығы мен қабілеттілігіне байланысты тең дәрежеде орналасу;
:: қызметкерге оны іріктеу, қызмет бойынша көтеру, орналастыру кезінде кәсіби іскерлік және тұлғалық жағынан баға берудегі кешенділік пен объективтілік;
:: мемлекеттілік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақ-тарына бөлінуіне байланыссыз мемлекет қызмет жүйесінің бірлігі;
:: кадрлардың ракционалды жүйелі түрде жаңартылып отырылуы, жаңа күштердің келуі есебінен сапалы түрде көбейтілуі, әр жастағы кадрлардың мүмкіншіліктері мен қабілеттіктерін пайдалану;
:: кадрлық саясатты мемлекеттік қызметкерлердің әртүрлі санатына олардың творчестволық потенциалын толық ашу мақсатында арнайы адамдар негізінде реттелу;
:: мемлекеттік кадрлық саясатты демократияландыру, оны жергілікті жерлер мен аймақтарға заң шеңберіндегі кадрлық мәселелерді шешуді беру есебінен децентрализациялау;
:: мемлекеттік қызметкерлердің жоғары тұрған басшылар мен мемлекеттік органдардың және де қоғам мен халықтың бақылауында болуы;
:: кадрлық мәселелерді шешуде нормативті құқықтық тараптар мен рәсімдерді орындау және заңдылықты қамтамасыз ету[2]. Қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен құзырттілігін арттыру жұмысын түбегейлі өзгерту үшін мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін артты-рудың және қайта дайындаудың көп деңгейлі дифференсацияланған жүйесін құру қажет.
XXI ғасырдың мемлекеттік қызметілерінде белгілі бір іскерлік қабілеттіліктері, білімділігі, мәдениеттілігі мен қатар даму болашағын болжау мүмкіншілігі де болу керек. Мемлекеттік қызметкерлердің ойлары стратегиялық, болжаулық, логикалы, және мобильді болуы керек.
Әзірге біліктілікті арттыру мен шұғыл дайындауға ғана көңіл бөлінуде. Мемлекеттік және мемлекеттік қызметкерлер қоғамның әлеуметтік ин-ституттары ретінде қоғам мен азаматтардың мүдделеріне қызмет ететін болғандықтан, соларға қатысты қызметтік фупкцияларын жүзеге асыруға бағытталған.
Мемлекеттік қызметті бақылау функциясын жүзеге асыруда заң шы-ғарушы билік, атап айтқанда, парламенттік құрылымдар маңызды роль атқаруы тиіс. Соған байланысты Парламент талаптарында мемлекеттік қызмет жөніндегі арнайы комиссия болуы керек. Парламент құқықтық, саяси және қаржылық бақылау түрлерін жүзеге асыруға бағытталған.
Мемлекеттік саяси қызмет азаматтар мен қоғам үшін максимальды түрде ашық болуы тиіс. Оның ұйымдастырылуының жариялылық қағидасы оның табиғаты мен бағытынан шығады.
1. Мемлекеттiк саяси қызметшiнiң:
1) өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесi болуға;
2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;
3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;
4) үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға;
5) өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;
6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға; ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz