Түркі пәлсапасы


Қожа Ахмет Яссауи.
(1094-1167 ж. ж)
Орта ғасырлар
Қожа Ахмет Яссауи
Имандылық пәлсапа, Әлеуметтік пәлсапа,
Құлықтылық
Қожа Ахмет Яссауи (? - 1166 ж. ) - түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.
Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Яссауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Яссы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты - Қарашаш.
Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
«Диуани Хикмет»
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ) . Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.
Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
«Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары - Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.
Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі - түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.
Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбап бабадан алады, кейін Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп, «Яссауишілік» атты діни ағымның негізін салады.
Ахмет - ел ішінде әділдігімен аты шыққан адам. Шешендігі мен ақылгөй даналығы оны жерлестері арасында сый-құрметке бөлейді. Ахмет айтып еді деген қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздер елден-елге тарайды.
Қазақ жерінің ортағасырлық мәдениетінің дамуында Яссауи жазған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) . Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған.
Яссауидің «Даналық кітабы» кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған.
Қожа Ахмет өзінің атақты «Даналық кітабы» аталатын циклді өлеңдерін жазған. Ақын өз өлеңдерінде:
Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен, - деп даналық сөздердің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.
Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге арналады:
Сөзімді айтам зейін қояр барша жанға,
Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға.
Демеу болсын ғарып, пақыр, шаршағанға,
Кекірейген кердендерден қаштым міне.
«Диуани Хихмет» атты діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады.
Қожа Ахметтің даналық сөздерінің көбі ұстазы Арыстанбаб жиі еске алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды ұсынады. Менменділік, көрсе қызар кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге ақыл-кеңес береді, яғни бабамыздың кихметтері толған ғибрат, мәнді-мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы.
Қожа Ахмет базбір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ деген адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстай отырып, жағымсыз қасиеттерден адамдарды сақтандырады.
Шам айналып көбелектей түстім күйге,
Жалын атып, от боп жанып күйдім мен де.
Бұрынғыдан күрт өзгеріп бөгде болдым,
Алла түспес ауызымнан, пенде болдым.
Міне, осылай Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат жолын таңдаған ақын ақыры сопылық жолға түсіп, өзі айтқандай «әділ сөйлеп, адал жүрер жолда болып, тазалық тұрағына енген. Ақын баба өз хикметтерінде, өзінен бұрын өткен даналар сөзіне зейін қойып, олардан үйренгендігін жасырмағ ан».
Ол дүние жинамаған. «Құдайдың құлымын. Мұхамедтің үмбетімін» деп санаған, басқаларды соған шақырған. 1993 жыл ЮНЕСКО шешімімен Қожа Ахмет жылы болып жарияланды. Ержиес университетінде (Түркия) Қожа Ахметке арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Меккеге бара алмаған адамдар Түркістандағы кессінесіне келіп, дұға оқытса да, жеткілікті деген сөз де бар. Қазір Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті жұмыс істейді.
Қожа Ахмет Яссауи
"ХИКМЕТТЕР"
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ) . Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
«Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.
Түркі халықтарының орта ғасыр кезіндегі Ислам мәдениетінің ықпалының күшеюі және біржола араб жазуына көшуі, өмірге көптеген ойшылдарды алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде сопылық ағымнын әсері күшейіп, бірте-бірте канатын кең жая түскен кез еді. Бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халыктың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла тағала адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен. Ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты. Олардың ішінде ерекше талантымен көзге түскендер хорезмдік Ахмет Үтінеки, Ахмег Ясауи, Сүлеймен Бақырғани (Отырар өлкесінен) тағы да басқа көптеген сопылық өкілдер болды. Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыкка, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Хазіреті Сұлтан Ясауи еді. Ахмет Ясауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз әңгімелер тараған. Егерде, 0 тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта (Сайрам) Ибраһим бин Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген.
Әйтсе де, Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:
. . . Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Ясауи.
…. Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайыктар сарасы - шейхым Ахмед Ясауи.
Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындык, олай болса, Әзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб әулие болмақ.
Түрік ғалымы, доктор М. Көпрулу өзінің "Турк әдебиятыңда илк Мутасаввифлар" атты кітабыңда Ахметтің әкесі Сайрамдағы Хазрет Әлидің әулеті Ибраһим атты шейх екенін айтады. Осы пікірге орыс зерттеушісі М. Е. Массон да ден қойғанмен, ол Қожа Ахметті түрік нәсілінен еді дейді.
Сопылық "мистикалық" ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидың өмірбаяны жан-жақты. толық бізге белгілі емес. Өмірінің кейбір деректері ғана жетіп отыр. Ол әлі ғылыми зерттеулерді, ізденістерді қажет етеді. Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз. Бірақ Әбсаттар Дербісалы қажының жазған деректеріне сүйенсек Қожа Ахмет Ясауи 1093 немесе 1094 жылы туған делінеді. Өлген жылы- 1166. Ер жеткен соң Түркістан (ол кезде Ясы деп аталған) шаһарына келіп тұрады.
Белгілі ғалым В. Бартольдтің айтуыңда Түркістан VI ғасырдан XV гасырга дёйін Ясы деген атпен белгілі. Ал, шығыстанушы ғалым Ә. Дербісәлі, қаланың әуелде Шауғар деп аталғанын, кейінірек Ясы болып кеткенін айтады.
Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяңдайды:
. . . Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне
Он сегізде Шілтеменеи шарап іштім,
Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар кұштым,
Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне . . .
Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім, бата алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.
XII ғасырдағы көне түркі тіліңде жазылған "Диуани Хикмет" кітабының авторы - Ахмет Ясауи. "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы") оғыз-кыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған төл әдеби туынды. Ақынның кең өлкені көшіп - қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті ауыз екі сөйлеу тілінде әдемі жеткізе алғандығына күмән келтірмейміз.
"Хикметтің" түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмелері ғана. Көшірмелері өте көп. Олар негізінен Стамбулда, Қоқанда, Ташкентте, Мәскеуде, Алматыда сақтаулы.
Көптеген түркі халықтары "Хикметті" аудармасыз-ақ қиналмай оқый алады. Дін исламнан хабары бар жанға "Хикмет" тілі өте жеңіл. Оны беріліп оқып, тереңірек үңілген адам, Ахмет жырларының қыпшақ тілдеріне өте жақын екенін байқар еді. Шығарманың тілдік лексиконы әсіресе, лексикогеографиялық ерекшеліктері, этносипаттары "Хикмет" тілінің қыпшақ диалектісіне жақындығын айтуымызға белгілі дәрежеде мүмкіндік береді. Кітаптан Орта Азиялық қалалардың мәуелі бақтарындағы алуан жемістер мен райхан гүлдерінен гөрі даладағы қызғалдақ пен қымыздық исі аңқиды. Отырықшы тайпалардың кәсіби тілінен гөрі, көшпенді жұрттың тұрмысына тән сөздер молырақ ұшырасады.
Мәселен, "Құлын", "Гүл", "Қызыл", "Қаршыға", "Сұңқар", "Лашын", "аға, іні", "мал-мүлік", "шейід", "бөрік", "сақал-шаш", "ата-баба", тағы да басқа көптеген сөздер тек мағыналық жағынан да емес, сонымен қатар отардың айтылуы мен жазылуы да қазіргі қазақ тілінде де осы күйде айтылып, жазылатынын ескерсек, шындыққа бір табан жақындай түсеміз.
Әрине, бұл жерде "сенікі", "менікі" деген үғым болмауы тиіс. Жалпы адамзаттық биік мәдениет тұрғысынан қарауымыз керек. Себебі Ахмет Ясауи шығармалары тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ рухани мұра екені бәрімізге мәлім. Тарихтан бізге белгілі, ислам дініндегі сопылық ағым VII-VIII ғасырлардан басталады.
"Диуани Хикметте" негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат. "Шариғат" ислам дінінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы "тарихат" сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, "хақихат" құдаймен бірігу оған жақындау, "мағрифат"- дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Ясауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз" "Мағрифатсыз" "хақиқат" болуы мүмкін емес. Ақын мүны өз өлеңінде былай деп өрнектейді:
. . . Ути ғүмырым шарғатқа неталмадым,
Шариғатсыз тарихатқа уталмадым,
Хақиқатсыз мағрифатка баталмадым,
Катиг иуллар пырсыз ничук утар достлар
. . . Өтті өмірім шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тариқатка өте алмадым,
Хақихатсыз мағрифатка бата алмадым,
Қиын жолдар пірсіз қайтіп өтем достар . . .
Міне, түсініп отырсыздар, мұнда Ясауи сопылық ілімдерінің өте күрделі екенін, діни мистикалық сарындағы бұл төрт қағиданың арғы жағында үлкен философиялық арналардан бұлақ көздері бітеліп жатқанын мезгейді.
Ясауи өз хикметтерінде сопылық дін ілімі туралы өте көп әрі шын беріле айтады, ол бұл шын мәніндегі білім деп айтады, ал сопылықтың барлық ұсақ-түйегін білмейтін адамды ол "надан" "түк білмейтін", "жалған сүюші", "жалған сопы деп есептеді.
"Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағым, Баға жетпес іпжуімді құнын білмеске сатпағын", - деп, бар жан-дүниесімен сопылыққа берілген Ясауи, "егер мен басымнан айырылсам да, бұл жолдан маған жалт беру жоқ", -- дейді.
Ахмет Ясауи аркылы сопылық түркі тілдес халықтардың рухани танымында шешуші орын алды. Сопылық философиялық жүйе ретінде адамдардың дүние-танымының қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Бұған дәлел Ясауиден кейінгі көптеген қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан да сопылыктың тікелей әсерін байқаймыз.
"Қазакстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен таралуына мына жағдай да әсер етті. Ол өз ілімін жеңіл және түсінікті тілмен, әсем бояулы өлең, жырларымен баяндайды, сопылық идеяларды жергілікті салт жырларымен үйлестіре дәріптейді. Ахмет Ясауидің Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілдес халықтары арасында зор беделге ие болуы Ясауидің ислам заңдарын Шығыс сопылық ілімдік лангейзммен және бақсылық жыры элементтерімен икемді үйлестіре алуынан еді
Ясауи былай дейді: "Кімде-кім құдайды есіне алса, ол онымен табысқанын көре алады". Сондықтан да Ясауи үшін құдайды тану өзін-өзі танумен бірдей. Сопылықтағы доктрина құдайды мистикалық сүю болып табылады. Ясауи ілімінде бұл доктрина оның "таным" теориясының бөлінбес бөлігі бола тұрып, ерекше орын алады.
Ясауиден бұрын түркі нәсілдері Тәңірге табынатын болса, енді олар Аллаға сыйынатын болды. Ясауи сопылығы арқылы бүтін шығыс философиясымен, әлемдік діни философиямен хабардар боламыз.
Сопылықтың ықпалын, Ясауиден кейін өмір сүрген көптеген ақын, ойшыл ғұламалардың еңбектерінен кездестіреміз.
Ахмет Ясауи өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінәжатханада өткізеді. Сопы "алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнә" деп өзіне бір тоқтам жасайды. Халуетте тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған-терген, естіген, көрген, оқыған білгендерін сарапқа салып, қияли күй кешеді. Осы фактінің өзі, нақ сол сопылық Мұхамедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты және ол Мұхаммед заманына оралуды уағыздады.
Қожа Ахмет Ясауидің қанша жыл жасап, ғүмыр кешкені белгісіз. Бір деректе 73 жас, бірде 85 жасты айтады. Халық аңыздарын негізге ала отырып, Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Ясауиді 125 жыл өмір сүрді дейді. Оны растайтын "Хикметте" мынандай өлең жолдары бар.
Иер устида улмас бурун тирик улдим,
Алтмиш учта суинат деди иштіб билдім.
Иер астида жаним била куллик қилдим,
Иттиб, уқиб, иерга кирді Кул Қожа Ахмад.
Ираилардин фаиз уа фатух алалмадим.
Иуз Игрима бишка кирдим билалмадим.
Хақ тағала тағатларын, Қылалмадым,
Иштиб, уақиб перға қирди Қeл Қожа Ахмад.
Осы жолдарды негізге алсак, Қожа Ахмет Ясауи жаңа санақ бойынша 1041 жылы дүниеге келген болып шығады. Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен одан қалған асыл мұралары әлі де көп ізденістерді, ғылыми зерттеулерді керек етеді. Ахмет Ясауи өзінің үзақ өмір жолын түйіндей келіп:
Қожа Ахмет, басынды елге ие біл,
Ақиқатты таза сүйе біл.
Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен
Халық қана дүниеге ие 6ұл, -
-деп, Ахмет Ясауи тек насихатшысы емес, XII ғасырда өмір сүрген философ, ұлы ғұлама мейірімді кішіпейіл ойшыл акын ретінде түркі жұртына танымал болды.
Ахмет Ясауи халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп етер қасиетті әулие. Оның мазараты мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы.
Сондай-ақ Түркістан қаласынан ашылған университетке Қожа Ахмет Ясауи аты берілуі ұлы бабамызға деген үлкен құрметтің белгісі болса керек. Бұл кейінгі ұрпақ парызы.
Музейде этнография және археология залында "Қожа Ахмет Яссауи "Хикметтер"" атты тарихи - танымдық кездесу өтті.
Кездесуді музей директоры Е. Ж. Құрманбеков ашып берді. Кездесуде Қ. Жұбанов атындағы университеттің профессоры, филология ғылымның кандидаты Б. Т. Бораш - Қожа Ахмет Иассауи қазақ жеріндегі көне Сайрам шаҺарында дүниеге келгенін, бала жасынан-ақ араб, парсы тілдерін жетік меңгеріп, өз заманында Иран, Араб елдері арқылы дүмпуі жетіп, бүкіл Орта Азияны дәуірлете дамытып тұрған Шығыс өркениетін, оның білімі мен ғылымын терең игергенін, Қожа Ахметтің алғашқы ұстазы әрі тәрбиешісі атақты шайқы Арыстанбаб болғанын, ол дүние салғаннан кейін Бұхараға келіп, атақты шайқы Қожа Юсуф Хамаданидан софылық ілім жайлы дәріс алғанын және дін негізін қалаушы екенін атап өтті. Орталық мешіттің найб-имамы А. Онайбаев қажы Ахмет Иассауи уағыздарында адамдарды ізгілікті болуға, ақылгөй, ұстаздың сөзін аяқ етпеуге шақырады.
Қ. Жұбанов атындағы университеттің филология магистрі М. Балтымова қазіргі Иассауи хикметтері бүгінгі - ХХІ ғасырдағы қазақ жастарына рухани, имани бойтұмар, мазмұнының бүгінде актуалді екеніне тоқталып өтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz