Сыбайлас жемқорлықтың өсуін зерттеу



Кіріспе
1 Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сипаттамасы
1.1 Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы
1.2 Тарихи дамуындағы заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес түрлері
1.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың түрлері мен қылмыстық.құқықтық сипаттамасы
1.4 Сыбайлас жемқорлықтың жасалу механизмі және аспектілері
2 Қазақстан Республикасындағы сыбайластық жемқорлық қылмысымен күресудің криминологиялық ерекшеліктері

2.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың маңызын арттырудағы құқық қорғау органдарының мәні мен рөлі.
2.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыс жасаған адамға криминологиялық мінездеме
2.3 Шетел мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасы
2.4 Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы негіздер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттір тізімі
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан Республикасы жаппай экономикалық және әлеуметтік саяси дағдарыс жағдайында болды. Жұмыссыздық, товар дефициті, нарықтың күйреуі – бұлардың барлығы Республика тұрғындарының елеулі мөлшерін қайыршылыққа дерлік жеткізді. Табыс деңгейі бойынша халықтың бұрын кездеспеген таптарға бөлінуі орын алды. Мемлекеттің меншікті «жекешелендірудің» арқасында байыған жаңа ерекше таптар пайда болды. Бұлардың барлығы моральдық-идеологиялық вакумның, дәстүрлі өнегелі құндылықтардың қалпына келуінің заңға бағынуы деңгейі төмендеуінің пайда болуы, жастар санасына еліктеу мен теріс мінез-құлықтың ең дөрекі және көргенсіз үлгісін енгізу, құқықтық нигилизм сияқты құбылыстармен қатар жүрді. Қылмыстық әсерлердің көзі болып тек қана әлеуметтік өмірдің жеке көздері, жеке микроорта мен микротоптар ғана емес, сонымен қатар кең таралған әлеуметтік-экономикалық процестер де болып табылды. Өзінен өзі танылған, белгіленген құбылыстар мен процестер дәстүрлі қылмыстық факторларды күшейтті. Осыған байланысты зорлық қылмыстарында елеулі құрылымдық өзгерістер болды. Ол өзінің дәстүрлі-тұрмыстық сипатын жоғалтты. Қылмыстылық сапалы түрде өзгерді. Оның негізінің мазмұны маманданған жемқорлық, кісі өлтірушілер, есірткі сатушылар, жезөкшеге тартушылар құрады.
Зерттеудің мақсаты. Республикамыздағы қылмыстың ең ауыр қауіпті түрі болып табылатын, ең алдымен қоғамның экономикалық, саяси құқықтық, өнегелі салаларына сұқтанатын сыбайлас жемқорлықтың өсуін зерттеу. Осы аталған қылмыс мемлекеттік құрылымның осал тұстарын, лайықсыз әрекеттерін біле отырып, оларға өз қызметін ұсынады. Олармен ынтымақтастық жағдайда болуды қалайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл (заң актілерінің жиынтығы) - 10 лет Независимости Республики Казахстан. Сборник законодательных актов. - Алматы: Жеті Жарғы, 2001 ж.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы. Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы.- Астана, Ақорда 2009 ж. 22 сәуір.
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. - Алматы: Жеті Жарғы, 2000 ж. - 517б.
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. - Алматы: Жеті Жарғы, 1999 ж. – 317 б.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. - Алматы: Жеті Жарғы, 2000 ж. – 365 б.
Уголовное право Республики Казахстан. Учебник: Особенная часть. 1. Под ред. И.Ш. Борчашвили и С.М. Рахметова. Алматы: Данекер, 2002 г. – 424 б; Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. - Алматы: Жеті Жарғы, 1995 ж. – 206 б; Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. - Алматы: Жеті Жарғы, 2000 ж. – 365 б.
Дурманов Н.Д. Советский уголовный закон. М: Наука, 1970. – 310 б
Советское уголовное право. Общая часть. Под ред. Меньшагин В.Д, Дурманов Н.Д, Кригер Г.А, Кудрявцев В.Н. М: Государственное издательство юридической литературы, 1974 г. – 355 б.
Шляпочников А.С. Толкование советского уголовного закона. М: Государственное издательство юридической литературы, 1960 г. – 240 б.
Шаргородский М.Д. Уголовный закон. М: Государственное издательство юридической литературы, 1948 г. - 50 б.
Ковалев М.И. Советский уголовный закон. Свердловск: 1956 г, –300 б.
Лейст О.Е. Санкции в советском праве. М: 1962 г, – 105 б.
Герцензон А.А. Уголовное право. Часть общая. Учебное пособие. М: Государственное издательство юридической литературы, 1948 г. –169 б.; Наумов А.Н. Диспозиция уголовного закона и квалификация преступлений. //Советская юстиция, 1986/3 февраль. – 4 б.; Курс советского уголовного права. Часть общая. Том-1. Под ред. Беляева Н.А, Шаргородского Н.Д. Ленинград: 1968 г, – 140 б.
Советское уголовное право. Часть общая. ЛГУ: 1960 г. – 179 б.
Познышев С.В. Учебник уголовного права. Часть- 1. М: Юридическая литература, 1963г. –45б.
Недбайло П.И. О толковании советского закона. М: Юридическая литература, 1960 г. – 302 б.
Курс советского уголовного права. В 6-томах. Том-1. Уголовный закон. Под ред. Пионтковского А.А, Ромашкина П.С, Чхикавадзе В.И. М: Государственное издательство юридической литературы, 1970 г. –99 б.
Пионтковский А.А. Учение о преступлении по советскому уголовному праву. М: Государственное издательство юридической литературы, 1961 г. – 91 б.
Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. М: 1957 г, –106 б.
Карпушин М.П, Курляндский В.И. Уголовная ответственность и состав преступления. М: 1974 г, – 78 б.
Полячек Ф. Состав преступления по чехославскому уголовному праву. М: Государственное издательство юридической литературы, 1960 г. – 83 б
Брайнин Я.М. Уголовная ответсвенность и ее основание в советском уголовном праве. М: 1963 г, –94 б.
Преступление, состав преступления, диспозиция уголовно-правовой нормы. //Вестник. МГУ: - 1967 г. - № 4 – 6 б. Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть. Курс лекций. М: 1996 г, - 147 б.
Философический словарь. Под ред. Фролова И.Т. М: 1980 г, –78 б.
Уголовное право РФ. Общая часть. Под ред. Здравомыслова Б.Г. М: 1999 г, - 106 б.
Дроздов А.В. Человек и общественные отношения. Ленинград: 1966 г, - 65 б.
Курс советского уголовного права. Том-2. Преступление. Под ред. Пионтковский А.А. М: Юридическая литература, 1970 г. – 156 б.
Мамытов А.Н. Советтік қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. - Алматы: 1971 ж. - 266 б.
Ағыбаев А. Н. Уголовная ответственность за должностные злоупотребления в Республике Казахстан. - Алматы, 1995 г – 65 стр.; Отетственность должностных лиц за служебные преступления. Алматы, 1997 г – 89 стр.; Волженкин Б.В. Квалификация взяточничества. Л: 1989 г – 123 стр.; Галахова А.В. Превышение власти или служебных полномочий. М: 1978 г – 54 стр.
31 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негіздері. И.И. Рогов, Қ.А. Мами, С.Ф. Бычкова. - Алматы 2004 ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сипаттамасы

1. Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы ... ... ... ..7
2. Тарихи дамуындағы заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .12
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың түрлері мен қылмыстық-
құқықтық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
4. Сыбайлас жемқорлықтың жасалу механизмі және
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..31

2 Қазақстан Республикасындағы сыбайластық жемқорлық қылмысымен
күресудің криминологиялық ерекшеліктері

2.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың маңызын арттырудағы
құқық қорғау органдарының мәні мен
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .39

2.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыс жасаған адамға криминологиялық
мінездеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .44

2.3 Шетел мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңнамасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .49

2.4 Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану
тәжірибесі туралы
негіздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 62

Пайдаланылған әдебиеттір
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .64

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан
Республикасы жаппай экономикалық және әлеуметтік саяси дағдарыс жағдайында
болды. Жұмыссыздық, товар дефициті, нарықтың күйреуі – бұлардың барлығы
Республика тұрғындарының елеулі мөлшерін қайыршылыққа дерлік жеткізді.
Табыс деңгейі бойынша халықтың бұрын кездеспеген таптарға бөлінуі орын
алды. Мемлекеттің меншікті жекешелендірудің арқасында байыған жаңа ерекше
таптар пайда болды. Бұлардың барлығы моральдық-идеологиялық вакумның,
дәстүрлі өнегелі құндылықтардың қалпына келуінің заңға бағынуы деңгейі
төмендеуінің пайда болуы, жастар санасына еліктеу мен теріс мінез-құлықтың
ең дөрекі және көргенсіз үлгісін енгізу, құқықтық нигилизм сияқты
құбылыстармен қатар жүрді. Қылмыстық әсерлердің көзі болып тек қана
әлеуметтік өмірдің жеке көздері, жеке микроорта мен микротоптар ғана емес,
сонымен қатар кең таралған әлеуметтік-экономикалық процестер де болып
табылды. Өзінен өзі танылған, белгіленген құбылыстар мен процестер дәстүрлі
қылмыстық факторларды күшейтті. Осыған байланысты зорлық қылмыстарында
елеулі құрылымдық өзгерістер болды. Ол өзінің дәстүрлі-тұрмыстық сипатын
жоғалтты. Қылмыстылық сапалы түрде өзгерді. Оның негізінің мазмұны
маманданған жемқорлық, кісі өлтірушілер, есірткі сатушылар, жезөкшеге
тартушылар құрады.
Зерттеудің мақсаты. Республикамыздағы қылмыстың ең ауыр қауіпті түрі
болып табылатын, ең алдымен қоғамның экономикалық, саяси құқықтық, өнегелі
салаларына сұқтанатын сыбайлас жемқорлықтың өсуін зерттеу. Осы аталған
қылмыс мемлекеттік құрылымның осал тұстарын, лайықсыз әрекеттерін біле
отырып, оларға өз қызметін ұсынады. Олармен ынтымақтастық жағдайда болуды
қалайды. Сыбайлас жемқорлық қызметімен ақша талап ету мақсатында
азаматтарды кепілдікке ұстап алудың кеңінен таралуы тығыз байланысты,
террорлық жағдайлары да белгілі. Осылайша сөз қылмысты қол сұғушылардың
кейбір санаттарының қоғамдық қауіпінің деңгейінің өсуі, олардың салдарының
ауырлығының өсуі, қасақана, ерекше, қауіпті, арнайы бағыттағы
қылмыскерлердің үлесінің өсуі туралы болып отыр. Осыған байланысты, кез
келген қылмыспен күресудің ғылыми негізделген стратегиясын жүзеге асырудың
мәселелері кешенін теориялық жасау маңызы ерекше болып табылады. Осы
тұрғыда қоғамға қолайсыз мінез-құлықтың пайда болуы, содан кейін оның нақты
жағдайда жүзеге асырылуын анықтаушы жеке сананың теріс қалыптасу мәселелері
тек қана теориялық қана емес, сонымен қатар тәжірбиелік те мағынаға ие
болады.
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып
жарияланғанына он бес жылдан асты. Осы жылдар ішінде көптеген іс
тындырылғаны мәлім. 1995 жылы тамыз айының 30-жұлдызында референдум
жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз,
егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт
болып табылады. Осы Конституцияның 1-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасы
өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі мен
құқықтары, бостандықтарын құрметтеп қорғайды"[[i]]
Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс жүзінде толықтай тиянақты орнату
процесі оңайлыққа түспей отыр. Республикамызда болып жатқан өзгерістер,
күндегі апталық жаңалықтар, ауқымды кең тараған процестер, белгілі өскелең
талап-талғамға сай өмір сүруге ынталандырып отыр. Осы жоғарыда айтылған
мақсатқа жету үшін халықтың әл-ауқатын, жағдайын көтеруді, әлеуметтік
белсенділігімен қоғамдағы дәрежесін арттыруды, адамды өндіріске материалдық
қызығушылық арқылы тартуды әр республика өз даму процесінде халықты
құқықтық тұрғыдан қолдап қамтамасыз етуді басты бағдар етіп қойды. Осыған
орай қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі - заң саласы. Осы
үлкен негізгі саланың өзекті бір арнасы - қылмыстық заң бұл тұрғыдан
алғанда көп іс-қимылды талап етеді.
ҚазКСР 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде
орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен,
1997 жылы шілде айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа
Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1-жұлдызынан
бастап заңды күшіне енді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев "Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын
азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-
әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын", - деп
атап өтті [[ii]].
Сол себептен қазіргі кезеңде негізінен республикамыздың мемлекеттік
және қоғамдық өмірінің құқықтық негізінің нығаюына, қылмыспен және заң
бұзушылықпен күресті күшейтуге қоғамымыздың әр мүшесінің құқықтары мен
бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударуда. Алайда,
бірнеше онжылдықтар бойы қалыптасып кеткен социалистік қоғамдық
қатынастардың нарықтық қатынастар болып өзгеруі, шынайы тәуелсіздікпен
мемлекеттік егемендіктің тәжірибеде жүзеге асырылуы жас мемлекет үшін оңай
міндет емес екенін көрсетті және түбегейлі өзгеріс процесінде пайда болған
қиындықтар, шешімін таппай жатқан мәселелер де аз емес.
Ел дамуының бағдарламалық құжаты – Қазақстан-2030. Барлық
қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы
атты ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында біздің қоғамымыз бен
мемлекетіміздің дамуының алдағы жоспарымен негізгі қағидалары бағыттары
баяндалған. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде көптеген қалыптасып кеткен
көзқарастарды өзгерту қажеттілігі, оның ішінде жаңа тарихи жолдағы
кедергілермен күресу әдістерін, қоғамға жат құбылыстармен, соның ішінде
әсіресе қылмыстылықпен күресу әдістерін жаңарту қажеттілігі, жинақталған
өмірлік тәжірибемізді жоғалтпау үшін қоғамға, адамға тиімді болған өткен
тарихи сара жолымызды қайта саралау қажеттілігі туып отыр.
Осы тұста ел Президенті былай деп көрсетеді: Бүгінгі дамуымыздың
келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпшілігінің уақытша және
өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңістік мұра мен өтпелі кезеңнің
қиындықтарының салдары екенін атап өту қажет. Алайда, біз қандай шамада
мүмкіндіктерімізді пайдаланып, қауіп – қатердің алдын аламыз, өзіміздің
оңымызды еселеп, терісімізді азайтамыз – бұл біздің өзімізге, мақсаттары
мен басымдықтарды дәл білуімізге, оларды уақтылы әрі оралымды іске
асыруымызға байланысты.[[iii]]

1 Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сипаттамасы

1. Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы
Қазақстан Республикасы толық мемлекеттік тәуелсіздікке ие болғаннан
кейін, жаңа қоғамдық – саяси жағдайда елдің әлеуметтік – экономикалық және
рухани дамуының барлық саласын дамытуды басты мәселе етіп қойды.
Республикамызда жемқорлық қылмыспен күресті күшейту мақсатында өткен жылдың
ақпан айында американың халықаралық даму агентігінің қаржылық
демеушілігімен жемқорлыққа қарсы орталықтың ашылу рәсімі өтті. Орталық
әлемнің барлық елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жүйесі және
әдістемесі туралы ақпарат жиналды.

Орталықтың қызметкерлері Мемлекеттік қызметкерлер арасында
тұрақтылықтың ұлттық жүйесін нығайту мәселелері бойынша қоғамның күшейту
мүмкіндіктері туралы сауалнама өткізуді жобалауда. Жемқорлыққа қарсы
қылмыстың өзекті мәселелері бойынша республикамыздың Қауіпсіздік
комитетімен, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тығыз байланыс
жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары
мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қоғамдық қатынастарды реформалаудың
барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. Сыбайлас жемқорлықтың мән –
мағыналық мәселелері оның пайда болуы, онымен күрестің қылмыстық – құқықтық
құралдары қызу пікірталастар тудыру үстінде Сыбайлас жемқорлық ұғымы
қандай қылмыстық қол сұғушылықты қамтитыны да даулы мәселе қалпында қалып
келеді. Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін әрекеттерді ережеге бағындыру,
құқықтық саралау мәселесі де баяу жүргізілуде. Сондай – ақ, қылмыстық заң
баптарының санкциясы мен сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін жазаның қандай
түрлерін қолдану да нақты шешімін таппай отыр. Осыған байланысты сыбайлас
жемқорлықтың ұғымы, мәні, маңызы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу
жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарының қалыптасуы мен дамуы,
сыбайлас жемқорлықпен жасалатын қылмыстың нақты құрамы, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тұрудың қылмыстық – құқықтық, қылмыстық – процесуалдық,
криминалистикалық шаралары талданады. Қазіргі кезде қоғамымызда қауіпті
құбылысқа айналып отырған қылмыстардың бірі, сыбайластық жеқорлық болып
табылады. Қазақстанның жаңа қылмыстық заңдарының ережелерін ескере отырып,
сыбайлас жемқорлықпен күрестің өзекті мәселелерінің проблемалық
аспектілерін жасау болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің
өзекті мәселелері: жалпыға мәлім, жемқорлық қылмыс, ең алдымен қоғамға
қауіптілігімен, құпиялылығымен, ерекше құрылымымен, экономикаға кері әсер
етуімен, құқыққа қайшылығымен, күш көрсетуімен сипатталады. Осыған
байланысты, сыбайлас жемқорлық қылмысымен күресудің жаңа нысандарын,
әдістерін әзірлеу, қылмыс санаттарын уақтылы ашу, алдын ала қылмысты
болдырмау үшін құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру қажеттілігі
туындайды.[[iv]]

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрестің тиімділігін арттыру
мақсатында бұл қылмыстарды тергеу үшін, жедел – тергеу топтарын қазіргі
заманғы ғылыми – техникалық құралдармен жабдықтау болып табылады. Бұл
қылмыспен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында тергеудің жеке
әдістемелерін қалыптастыру маңызды. Жоғарыда айтылған қылмыстық істер
бойынша алдын ала тергеу жүргізу кезіндегі прокурордың қадағалау жүйесі
маңызды рөл атқарады.[[v]]

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең басты өзекті мәселесі – жеке
азаматтарға және мемлекетке материалдық үлкен шығын алып келуі. Қазіргі
республикамыздың нарықтық экономика кезеңінде, сыбайлас жемқорлық
қылмысымен қарсы күрес жүргізу мәселесі ең басты құндылық болып есептеледі.
Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат
қоғамының даму кезеңдерімен қалыптаспай келеді. Жалпы бұл термин латынның
соrruptio - сатып алу деген сөзінен шыққан.

Яғни, лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін
пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық туралы
Цицеронның егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана
қалтырайды, ал егерде, басқалармен бөлісуге жетерліктей жымқырған болса,
онда олар аса қорқыныш жоқ, деген белгілі сөзін еске алуға болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу айтарлықтай моральдық шығынға ұшырататыны
сөзсіз. Тәжірибеде осы қылмыспен күрес процесінде адамдардың пайдакүнемдік,
қанағатсыздық көре алмаушылық, арызқой әрекеттері жиі байқалуда. Сыбайлас
жемқорлық пен пара алу салықтан бұлтару сияқты көрініс табуда. Сыбайлас
жемқорлық және онымен күрес проблемаларының өзектілігі әдеттегідей
әлеуметтік шиеленістіктен, экономикалық тұрақсыздықпен, қайыршылықпен
сабақтасып, реформаларды жүзеге асыру кезеңінде айрықша көрініс табады.

Ең алғаш рет 1995 жылы ақпан айында Европалық Кеңес сыбайлас жемқорлық
мәселесі жөнінде тақырыптық жиын өткізді, ол 2001 жылы және ең соңғысы 2004
жылы өткізілді. Қазақстан Республикасында аса қауіпті құбылыс ретінде
көрінетін сыбайлас жемқорлық туралы әңгіме 1991 жылдан бастап қозғалды.
Қазіргі жағдайда ел басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күреске
ерекше мән беруде.

Ел Президенті қылмысқа қарсы күреске байланысты бірқатар жарлық
шығарды. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының қылмыспен
күресті күшейту мен құқық қорғауды нығайту мәселелері жөніндегі
мәжілісінде, парақорлықпен күрестің түбегейлі шараларын алға ала отырып:
Парақорлық әлеуметтік қауіпті көлем алып барады, - деп атап көрсетіп, -
параны көп нәрсе үшін – жер бөліп бергені үшін, коммерциялық құрылымдарды
қайта тіркегені үшін, әскерден қалдырғаны үшін, табысын салықтан жасыру
үшін, жекешелендіруге жәрдемдескені үшін, ең соңында бастықтың алдынан
тамыр – таныстықпен өткізгені үшін алады.[[vi]]

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына өзінің Қазақстан
- 2030 жолдауында жеті стратегиялық қағидалардың қатарына сыбайлас
жемқорлыққа табандылықпен әрі аяусыз күресуді де атап өтті. Қазақстан
Республикасы ТМД елдерінің арасынан бірінші болып, Сыбайлас жемқорлықпен
күрес туралы заң қабылдап және осы күресті теңдесі жоқ міндеттердің бірі
деп санады.

Алғашқы рет Республика заңдарында сыбайлас жемқорлыққа және соған
байланысты құқық бұзушылыққа заңгерлік түсінік беріліп, сыбайласқан құқық
бұзушылықтың субъектілері анықталып отыр. Заңда, сондай – ақ Қазақстан
Республикасы Конституциясының 39 – бабының І – тармағына сәйкес
мемлекеттік функцияларды орындау өкілеттігі бар және соларға теңестірілген
адамдардың құқығы мен бостандықтарын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлықпен
күрестің негізгі жолдары берілген.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен сыбайласқан құқық
бұзушылық үшін жауапкершілікке арнайы бөлім арнаған. Ал заңның негізгі
мақсатына тоқталсақ, І – бабында, осы заң азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп
- қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге,
сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау,
олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi
жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi
атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға
теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас
жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың
пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Осы Заң сол сияқты демократиялық
негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге
халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi
мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк
мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да
бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты негізгі ұғымдар заңның 2-бабында
баяндалған, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға
теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты
мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз
өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда
көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бөл
адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды
құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп
танылады.

Сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк,
әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас
жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын
әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас
жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады. Мемлекеттiк мiндеттер -
Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен мемлекеттiк,
оның органдары мен мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдардың өкiлеттiгiне
жатқызылған iс жүргiзу мәндерi.

Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау міндеттері - заңдармен
уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заң
актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу
себептері мен жағдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың
бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілердің дәл
әрі біркелкі қолданылуын және нормативтік актілердің міндетті талаптарының
орындалуын тексеру жөнінде жүзеге асыратын міндеттері. Лауазымды адамдар -
тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша мемлекеттiк органдарда,
жергiлiктi Өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да
әскерлерi мен әскери құрамаларында өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге
асыратын не ұйымдастырушылық - билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық
мiндеттерiн атқаратын адамдар. Жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар
- мемлекеттiк мiндеттерi мен мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгiн тiкелей
атқару үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан
Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген
қызметтердi атқаратын адамдар.

1.2 Тарихи дамуындағы заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
түрлері

Сонау 1998 жылдың аяғында Ел Президенті Жоғары тәртіптік кеңесті
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия етіп қайта
құрды, 1998 жылдың 7 – желтоқсанында Президент сыбайлас жемқорлықпен
күрестің 1999 – 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қол
қойды, 2000 жылы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия
таратылып, оның қызметі Президент әкімшілігіне берілді. Сыбайлас
жемқорлықпен күресу барлық кезде де қоғам мен мемлекеттің өзекті
мәселелерінің бірі болып саналады.

Мемлекеттік билік органдарына келетін болсақ, бұл мәселе, яғни,
сыбайлас жемқорлық ғылыми тұрғыдан зерттеу міндеттері қашан да ең өзекті
мәселе болып қала береді. Сыбайлас жемқорлық, парақорлықпен бірге лауазымды
адамның өзінің мүддесін ойлап бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену. Сыбайлас
жемқорлықтың мәні туралы, профессор Е.І. Қайыржанов былай деді - шындығына
келгенде сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің көз үйреншікті құбылысына
айналғаны қашан, ол қоғамның айықпас, қайта өрши түсетін індеті іспеттес.
Қазақстан Республикасында 1998 жылы қабылданған Сыбайлас жемқорлықпен
күрес туралы заңға келетін болсақ, заңның 2 – бабында, мемлекеттiк
мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген
адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн
пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн
өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген
мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке
және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы
беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп танылады.

БҰҰ – ның халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы анықтамалық
құжаттарында сыбайлас жемқорлық - жеке басының пайдасы үшін мемлекеттік
билікті теріс пайдаланушылық делінген. Біздің республикамызда сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңында, сондай – ақ өзге заңдарда
көзделген, белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке
әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық
үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық
бұзушылықтар деп танылады. [[vii]]

Белгілі ресейлік ғалым, профессор Л.Д.Гаухман сыбайлас жемқорлықпен
құқық бұзушылықты, оған қарсы күресті былай түсіндіреді: мемлекеттік
қызметкерлердің заңмен немесе өзге нормативтік актілермен тыйым салынған
мүлікті немесе сыйақыны, көрсетілген қызмет немесе жеңілдіктерді алуы
немесе оларға осындай қызметтің көрсетілуі, не болмаса заңмен немесе өзге
нормативтік актілермен көзделген материалдық игіліктерді біле тұрып
бермеуі.[[viii]] Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы заңда келтірген анықтаманы талдай келіп, оның тұжырымдары
халықаралық құқықтың стандартқа сай келеді деп айтуға болады.

Заңда сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты үшке бөліп қарастырады.

Жақын туыстардың, жекжаттардың бірге қызмет істеуіне жол бермеу; (11 -
бап)

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшін
жауапкершілік (12 - бап)

Игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас
жемқорлықпен құқық бұзушылықтар (13 – бап)

Заңның екінші блогындағы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық
бұзушылыққа мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың
төмендегідей әрекеттері жатады: басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың
қызметiне заңсыз араласу; аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен
жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты
мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану; 
мемлекеттiк және оған теңестiрiлген қызметке кiрген және онда
жоғарылатылған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық,
отбасылық жақындық); шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке
тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету; кiмге болса да табыс алуға байланысты
кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез
келген жәрдем көрсету; мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған
ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық
мүдделерге пайдалану; берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды
тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бөрыс немесе толық
емес ақпарат беру; жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда
көзделмеген ақпаратты бөл тұлғалардан талап ету; мемлекеттiк қаржы
ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың немесе
қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау қорына беру; жеке және заңды тұлғалардың
арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi
шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу; iзеттiлiк пен
қонақжайлылықтың жалпы қабылданған нормаларына сәйкес, сондай-ақ хаттамалық
және өзге де ресми шаралар өткiзу кезiндегi мезiреттiк iлтипат көрсету
белгiлерi мен мезiреттiк кәдесыйларды қоспағанда, жоғары тұрған ресми
адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету; жеке немесе
заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда
көрiнеу кедергi жасау; кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ
оған бақылау жасау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе
заңды тұлғаларға беру; мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттерін
мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беру; қызметi немесе жұмысы
жөнiнен жоғары немесе төмен тұрған не өздерiмен өзге де түрде тәуелдi
лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлiк салынатын сипаттағы құмар
ойындар ойнауға қатысу әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын
құқық бұзушылықтар болып табылады.

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе
оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағында аталған қандай да
болсын құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын
әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, қызметiнен босатуға
немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда
белгiленген тәртiппен өзге де тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады. 
Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың
iшiнде аталған құқық бұзушылықтардың кез келгенiн қайталап жасау заңда
белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi
атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады. Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2)
тармақшасында аталған адамдар осы баптың 1-тармағында аталған құқық
бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына
хабарлайды, ол бұларды материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң
iшiнде Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн осы Заңның
негiзiнде мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға
теңестiрiлген адамдар жауапты болады. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға
уәкiлеттi адамдарға: барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және
мәслихаттардың депутаттары, судьялар; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға: жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарына сайланған адамдар; заңда белгiленген тәртiппен
Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының
Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген
азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының
мүшелері; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша
жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет
қаражатынан төленетiн қызметшiлер; мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық
капиталында мемлекеттiк үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйымдарда
басқару мiндеттерiн атқаратын адамдар теңестiрiледi.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және
мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға
теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға
қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар
да жатады.

Жоғарыда аталған заң Қазақстан Республикасының күллi аумағында барлық
жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы Заң Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе,
Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында
тiркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Жекелеген мемлекеттiк
мiндеттердi атқару тәртiбi туралы (мәслихат депутаттарының, судьялардың
мәртебесi туралы, мемлекеттiк қызметшiлердiң жекелеген санаттарының қызмет
өткеруi туралы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың өзге де
ықтимал субъектiлерi туралы) заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға
бағытталған шектеулер мен тыйым салу көзделетiн басқа да құқықтық нормалар
белгiленуi мүмкiн.

Судьялар, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп
бойынша сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жауапты
болады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн
қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкiмшiлiк жауапкершiлiк пен шара тиiсiнше
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде және Қазақстан
Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделеді.

1.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың түрлері мен қылмыстық
құқықтық сипаттамасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:

1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi;

2) мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi,
мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық
бақылауды қамтамасыз ету;

3) мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды
тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу
рәсiмдерiн жетiлдiру; 

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-
ақ мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару
жүйелерiн қорғаудың басымдығы; 

5) Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес
лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген
басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары
мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану; 

6) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн
қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды
зардаптарын жою және олардың алдын алу; 

7) сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем
жасайтын азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

8) мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген адамдар мен
соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн мемлекеттiң
қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейiн
қамтамасыз ететiн жалақы (ақшалай үлес) мен жеңiлдiктер белгiлеу;

9) осындай қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға
кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеуге өкiлеттiк берiлуiн болдырмау,
сондай-ақ оған бақылау жасау; 

10) сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жолын
кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел-iздестiру қызметi мен өзге де
қызметтердi жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен заңға қайшы
тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлiктi заңдастыруға жол бермеу мақсатында
арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану;

11) осы Заңның 3-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында аталған адамдар үшiн
кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердi басқару органдарында ақы төленетiн қызметтер атқаруға тыйым
салуды белгiлеу негiзiнде жүзеге асырылады, бұған мұндай қызметтi атқару
заңмен белгiленген қызметтiк мiндеттерiмен көзделген реттер қосылмайды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдар заңның 6 –
бабында баяндалған, барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз
құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзуге мiндеттi.
Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының басшылары өз қөзыреттерi шегiнде осы Заңның талаптарын
орындауды және онда көзделген тәртiптiк шараларды қолдануды, кадр, бақылау,
заң қызметтерi мен басқа да қызметтердi осыған тарта отырып, қамтамасыз
етедi. 

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi,
алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз
құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық, кеден
және шекара қызметтерi, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары жүзеге
асырады.  Осы баптың 2-тармағында аталған органдар өз өкiлеттiктерiнен
туындайтын шараларды қолдануға және жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын
адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар
туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат органдарына дереу
жiберуге мiндетті. Ocы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған лауазымды
адамдар мен органдар сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әкiмшiлiк құқық
бұзушылықтар жөнiндегi iстi, материалды, хаттаманы, ұсынымды жолдаған
адамға немесе органға заңдарда белгiленген мерзiмде оларды қарау нәтижелерi
туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi. Қазақстан Республикасының Президентi
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк орган құруға, оның
мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындауға хақылы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдарға тиіспеушілік
кепілдіктері. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы
хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде
жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат
мемлекеттiк құпия болып табылады және осы Заңның 6-бабының 2 және 4-
тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда
белгiленген тәртiппен ғана табыс етiледi. Бұл ақпаратты жария ету заңда
белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске
жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Осы
баптың ережелерi көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған осы Заңға сәйкес жауап
беруге тиiс адамдарға қолданылмайды.

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға үміткер адамдарға қойылатын талаптар:
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға не осындай мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк
берiлген органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк лауазым атқаруға үмiткер
адамдар өздерiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық
және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-
әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы Заңмен және өзге де заңдармен
белгiленген шектеулердi қабылдайды, бұл ретте аталған адамдар мұндай iс-
әрекеттердiң құқықтық салдары туралы хабардар етiледi. Аталған адамдардың
шектеулердi қабылдауға келiсiм жазбаша түрде тиiстi ұйымдардың кадр қызметi
белгiлейдi. Шектеулердi қабылдамау ол адамды мемлекеттiк не соларға
теңестiрiлген мiндеттердi атқаруға шақырудан бас тартуға не жұмысынан
босатуға немесе заңдарда көзделген тәртiппен аталған мiндеттердi атқарудан
өзгедей босатуға әкеп соғады. Қаржы бақылау шараларына тоқталсақ,
мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе соларға теңестiрiлген
мiндеттердi атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын
адамдар тұрғылықты жерi бойынша салық органына:  табыстары туралы
мәлiмдеме;  салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан
Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлiк туралы аталған
мүлiктiң бағаланған құны мен тұрған жерi көрсетiлген мәлiмдеме; банк
мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, соның iшiнде Қазақстан
Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары
туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк
етуге қақылы ақша қаражаты туралы; заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы
қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банк және өзге де реквизиттерiн
көрсете отырып, акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң
тiкелей немесе жанама қатысуы туралы;  егер адам немесе оның жұбайы
(зайыбы) трастарды бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн
көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;  адамға
немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген
мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық заттар мен ақша қаражатын ұстау
немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және
мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен
реквизиттерi туралы мәлiметтердi табыс етедi. Мемлекеттiк лауазым атқаратын
адамдар өз өкiлеттiгiн орындау кезеңiнде жыл сайын, сондай-ақ жағымсыз
себептер бойынша мемлекеттiк қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан
кейiнгi үш жыл бойы салық заңдарында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi
бойынша салық органына мәлiмдеме табыс етiп отырады. Осы баптың 1-
тармағының бiрiншi бөлiгiнде және 2-тармағында аталған адамдардың жұбайы
(зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша салық органына салық салу объектiсi болып
табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс
жерлердегi де табыстары мен мүлкi туралы мәлiмдемелер берiп отырады. Осы
баптың 1, 2-тармақтарында аталған адамдар тиiсiнше өздерi лауазым атқаруға
үмiткер органға немесе жұмыс iстейтiн жерi бойынша осы баптың 1-3-
тармақтарында көрсетiлген мәлiмдемелер мен мәлiметтердi алғандығы туралы
салық органынан анықтама әкелiп тапсырады. Осы баптың 1 және 2-
тармақтарында аталған адамдардың (мемлекеттiк қызметтен жағымсыз себептер
бойынша босатылған адамдарды қоспағанда) осы бапта көрсетiлген мәлiмдемелер
мен мәлiметтердi табыс етпеуi немесе толық, дұрыс табыс етпеуi, егер
жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, адамға
тиiстi өкiлеттiк беруден бас тартылу үшiн негiз болып табылады не оны
жұмыстан босатуға немесе мемлекеттiк және оған теңестiрiлген мiндеттердi
атқарудан заңмен көзделген тәртiппен өзгедей босатуға әкеп соғады. Адам
мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарудан босатылғаннан
кейiн үш жылдың iшiнде алғаш рет жасалған, осы баптың 5-тармағында аталған
әрекет осы Заңның 6-бабының 2-тармағында аталған органдардың ұсынуы
(хаттамалары) бойынша әкiмшiлiк тәртiппен сот салатын елуден жүзге дейiнгi
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлеуге әкеп соғады. Аталған
мерзiмде мұндай iс-әрекеттердi қайталап жасау осындай тәртiппен салынатын
жүзден екi жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлеуге
әкеп соғады. Жауапты мемлекеттiк лауазымдар атқаратын лауазымды адамдардың
табыстарының мөлшерi туралы және олардың көздерi туралы мәлiметтер, сондай-
ақ сайланбалы мемлекеттiк қызметке ұсынылған кезiнде кандидаттардың
табыстары туралы мәлiметтер заңдарда белгiленген тәртiппен жариялануы
мүмкiн. 

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға және
соларға теңестiрiлген адамдарға өз атынан емес бөгде адамдар атынан,
жасырын, бүркеншiк атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмiлелер
жасауға тыйым салынады. Бұл мәмiлелер заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз
деп танылады. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мiндеттердi атқаруға
қатысатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының үкiметi
белгiлеген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттiк меншiкке байланысты мүлiктiк
сипаттағы барлық мәмiлелер мен қаржы қызметi туралы есептi мемлекеттiк
мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын
мемлекеттiк органға табыс етедi. Салық органына келiп түсетiн, осы бапта
көзделген мәлiметтер қызметтiк құпия болып табылады. Оларды жария ету, егер
жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi
адамды жұмыстан босатуға әкеп соғады. Бұл мәлiметтер осы Заңның 6-бабының 2
және 4-тармақтарында аталған органдардың, сондай-ақ соттың сұратуы бойынша
ғана заңда белгiленген тәртiппен табыс етiледi. Осы бапта көзделген қаржы
бақылау шаралары Қазақстан Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй
құрылысы үшiн құрылыс материалдарын меншiгiне сатып алуға байланысты құқық
қатынастарына қолданылмайды. Тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн
құрылыс материалдарын сатып алу кезiндегi қаржы бақылау Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.  Мемлекеттік міндеттерді
атқарумен сыйыспайтын қызмет. Лауазымды және мемлекеттiк мiндеттердi
атқаруға уәкiлеттiк берiлген өзге де адамдарға және соларға теңестiрiлген
адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған
негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын, сондай-ақ осы Заңның 3-бабы
3-тармағының 2) және 4) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда)
педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн
қызметпен айналысуға тыйым салынады. Осы баптың 1-тармағында аталған
адамдардың кәсiпкерлiк қызметпен айналысуына, егер шаруашылық жүргiзушi
субъектiнi басқару немесе басқаруға қатысу заңдарға сәйкес оның қызметтiк
мiндетiне кiрмейтiн болса, шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқаруға дербес
қатысуына, материалдық игiлiктер алу мақсатымен өзiнiң қызметтiк
өкiлеттiгiн заңсыз пайдалану арқылы өйымдардың немесе жеке адамдардың
материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға жәрдемдесуiне тыйым салынады. Осы
баптың 1-тармағында аталған адамдар қызметке кiрiскеннен кейiнгi бiр айдың
iшiнде өздерiне тиесiлi, пайдаланылуы табыс табуға жеткiзетiн мүлiктi
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы мiндеттердi
атқару кезеңiне сенiмдi басқаруға беруге мiндеттi, бұған сол адамдарға
заңды түрде тиесiлi ақша, сондай-ақ мүлiктiк жалға берiлген өзге де мүлiк
қосылмайды.  Осы баптың 1-тармағында аталған, осы мiндеттердi атқарумен
сыйыспайтын қызметпен айналысатын адамдар жұмысынан шығарылуға тиiстi
мiндеттерiн атқарудан заңда белгiленген тәртiппен өзгедей босатылуға тиiс.
Аталған мiндеттердi атқарудан мұндай мiндеттердi атқарумен сыйыспайтын
қызметпен айналысуына байланысты босатылған мемлекеттiк мiндеттердi
атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамға немесе оған теңестiрiлген адамға осы
бапта көрсетiлген қызметпен айналысуды тоқтатқанға дейiн мұндай мiндеттердi
атқаруға қайталап уәкiлеттiк берiлмейдi. Жақын туыстардың бірге қызмет
істеуіне жол бермеуі заңның 11-бабында анықталған.  Заңның бірінші
тармағында, мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды
және өзге де адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың өздерiнiң жақын
туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған
балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi,
аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметтерге
тiкелей бағынысты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда,
атқаруына болмайды. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзған адамдар, егер
олар аталған жолсыздық анықталған кезден бастап үш айдың iшiнде оны өз
еркiмен жоймаса, мұндай бағыныстылықта болуына жол бермейтiн қызметке
ауыстырылуға тиiс, ал бұлайша ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда бөл
қызметшiлердiң бiреуi қызметiнен босатылуға немесе аталған мiндеттерден
өзгедей түрде босатылуға тиiс. Осы баптың 1-тармағында аталған негiздер
бойынша жұмыстан босатылған адамдардың басқа органдарға, ұйымдарға
мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарумен ұштасатын
мемлекеттiк және өзге де қызметке кiруге құқығы бар. Игіліктер мен
артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық
бұзушылықтар. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген
адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi
игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен
құқық бұзушылықтар болып табылады:

1) өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн
атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi
атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн
қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау.

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе
оған теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша
қаражаты, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацы бұзыла отырып,
тиiстi мiндеттерiн атқаруына байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан
кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi салық органына мұндай
қаражат түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып,
республикалық бюджетке аударылуға тиiс;

2) iзеттiлiк пен қонақжайлылықтың жалпыға бiрдей қабылданған
нормаларына сәйкес немесе хаттамалық және өзге де ресми шараларды өткiзу
кезiндегi мезiреттiк iлтипат көрсету белгiлерi мен мезiреттiк кәдесыйларды
қоспағанда, өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн
атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардың
сыйлықтарын алу немесе қызметiн қабылдау.

Аталған адам бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ оның осы
тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып тиiстi мiндеттердi атқаруына
байланысты алған сыйлықтары жетi күн мерзiм iшiнде арнаулы мемлекеттiк
қорға тегiн өткiзiлуге тиiс, ал адамға нақ сондай жағдайлар кезiнде
көрсетiлген қызмет үшiн республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы
ақы төлеуге тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен адам жоғары тұрған лауазымды
адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген
нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға хақылы. Сыйлықтарды
сатудан түскен ақша қаражатын арнаулы мемлекеттiк қор республикалық
бюджетке аударады;

3) жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың
есебiнен; егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетiнiң
мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары
тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);  Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердің мемлекеттiк органдарының
арасындағы өзара уағдаластыққа сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдардың және
(немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын; 
жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен, ұйымдардың
қаражаты есебiнен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық
шараларға қатысу үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде осындай қоғамдық
бiрлестiктердiң (қорлардың) жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын
сапарларды қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және
заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-
сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау; 4) несиелер, қарыздар
алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер сатып алуда
заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану. Мемлекеттiк мiндеттердi
атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның
отбасы мүшелерiнiң аталған адам қызметi бойынша байланысты шетел, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен сыйлықтар
мен қызмет, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды
қабылдауға құқығы жоқ. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген
адам немесе оған теңестiрiлген адам жетi күн мерзiм iшiнде өзiнiң отбасы
мөшелерi заңсыз алған сыйлықтарды арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзуге
және республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы өз отбасы мүшелерi
заңсыз пайдаланған қызмет құнын өтеуге мiндеттi.

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе
оған теңестiрiлген адамның осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған
сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасауы, егер
онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, қызметiн төмендетуге,
қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге де түрде
босатуға не заңда белгiленген тәртiппен өзге де тәртiптiк жаза қолдануға
әкеп соғады. Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан
кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтарды қайталап жасау заңда
белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi
атқарудан өзге де түрде босатуға әкеп соғады. Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2)
тармақшасында көрсетiлген адамдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында
көрсетiлген құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi
сайлау комиссиясына хабарлайды, ол материалдар келiп түскен күннен бастап
бес күннiң iшiнде оларды Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.

Сыбайлас жемқорлықтың бұрыннан келе жатқан және кең тараған
көріністерінің бірі – парақорлық. Заңда парақорлық мемлекеттік қызмет
мүдделеріне қарсы жасалатын пайдакүнемдік сипаттағы қылмыс ретінде
қарастырылады. Бұл қылмыстың мәні – мемлекеттік қызметтер атқаруға
уәкілетті адамның қызметтік әрекеті үшін немесе қызметтік жағдайына
байланысты басқа тұлғалардан заңсыз материалдық сыйақы алуы болып табылады.

Парақорлық, яғни пара алу, пара беру және парақорлыққа делдал болу –
қоғамға қауіп төндіретін құбылыс болып табылады. Аталған қылмыстар
мемлекеттік қызмет мүдделері мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының
қызмет мүдделеріне елеулі нұқсан келтіреді. Аталған үш қылмыс құрамы бір –
бірімен тығыз байланысты. Әдеттегідей, бұл қылмыстар бір – бірімен
байланыста отырып жүзеге асырылады. Параның заты болып белгіленгендей ақша,
бағалы қағаздар, мүлікті иемденуге құқық беретін заттар, сондай – ақ
пайдақорлық сипаттағы өзге де жеңілдіктер болып саналады. Парақорлыққа
делдал болу дегеніміз – пара алушыға және пара берушіге пара алу мен пара
беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе іске
асыруға жәрдемдесу болып табылады. Парақорлыққа делдал болудың объектісі
және оның қылмыстық заты толық түрде пара алудың объектісі мен қылмыс
затымен ұқсас болып келеді. Қылмыстық кодекстің 311 – бабы. Парақорлыққа
делдал болудың объективтік жағы екі нысанмен сипатталынады:

✓ пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың
арасындағы келісімге қол жеткізуі;
✓ пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беруді іске асыруға
жәрдемдесуі. Парақорлыққа делдал болу осы екі нысанның белгілерімен
не болмаса біреуінің болуымен де сипатталады.
Пара алушы мен пара берушінің параны және оның алынуы туралы келісімге
келуі белгілі бір сөз байласу, кездесулер, келісімдік сөз алысуы, осы
делдал арқылы жүзеге асырылады. Парақорлыққа делдал болудың нысандары,
қылмыстың аяқталуы белгілеріне айырмашылықтарға ие болып отыр. Делдал
болудың бірінші нысаны бойынша, пара алушыға және пара берушіге пара алу
мен пара беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізген сәтінен
қылмыс аяқталынған деп есептелінеді. Сонымен қатар, пара беруші, пара
алушыға пара бергендігі не болмаса бермегендігінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аналогтық шаралардың тиімділігін бағалау
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі
Кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлық
Саяси сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері
Тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлық теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері
Жүргізілетін экономикалық саясат ұсынымдарды бағалау
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе туралы ақпарат
Экономикалық қылмыстар жүйесінің негіздері
Пәндер