Қытай ақын-жазушыларының ішкі соғыс кездеріндегі еңбектері


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. «4-МАЙ» ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ӘДЕБИ РЕФОРМА ЖӘНЕ «4-МАЙ» МӘДЕНИ ТӨҢКЕРІС

1. 1. Қазіргі заман қытай әдебиеті және оған коммунистердің тигізген ықпалы . . . 5

1. 2. «4-май» қарсаңындағы әдеби реформасы және «4-май» мәдени

төңкерісі . . . 18

1. 3. Алғашқы ішкі соғыс кезіндегі әдебиет . . . 22

1. 4. Қытай коммунистік партиясының әдебиетке әсері және әдеби төңкерісіндегі поэзия мен прозаның орны . . . 26

2. «4-МАЙ» ҚОЗҒАЛЫСЫНАН КЕЙІНГІ ҚЫТАЙ ЖАҢА ЗАМАН ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

2. 1. Жаңа әдеби ұйымдарының құрылуы . . . 31

2. 2. Солқанатжазушылар одағының құрылуы және төңкерістік әдебиеттің дамуы . . . 37

2. 3. Лу Синь. Өмір жолы және шығармашылығы . . . 41

2. 4 Мао Дун. Өмір жолы және шығармашылығы . . . 47

2. 5 Ба Цзин . . . 56

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Қытай ақын-жазушыларының еңбектері, соның ішінде елдің әлеуметтік саяси жағдайына және көркем әдебиетке қосқан үлесі тұрғысын да жан-жақты зерттелгенімен, жазылған тақырыптар тарихи маңызын жойған жоқ. Қытай ақындарының да қытай мәдениетінің қозғаушы күші ретінде мемлекетке әкелген қозғаушы факторлардың бірі ретінде мойындалуы қажет. Сөз өнерінің, көркемсөз тігісінің, көркем ойлардың, сөз шешендігімен шеберлігінің көрінісін қытай ақындарының көркем шығармаларынан көреміз.

Біз осы бітіру жұмысында осы тақырыптарға тоқталған еңбектерге жүгіне отырып, қытай ақын-жазушыларының шығармаларындағы тілдік жаңашылдыққа, отансүйгіштікке баса назар аударуға тырыстық.

Бұл бітіру жұмысымыз әсерімен түрлі ақын-жазушылардың шеберлігіне әсер етіп, поэзиялық құндылықтарды құрметтеуге, сақтауға әрі дамытуға үндейтін тақырып. Қытай ұлтының дабасында болған, қазірде бар және болатын мәселелерге терең талдау жасаған кытай ақындары кейіпкерлерінің образы арқылы әшкерелеген патриоттық өмірі үлгі болып, ұлттық идеологияны нығайтуға, халық рухын көтеруге де себібар қытай ақындарының еңбектері бүгінге дейін өзекті болуы да осыдан.

Диплом жұмыстың мақсаты. Зерттеудің негізгі мақсаты - қытай ақын-жазушыларының ішкі соғыс кездеріндегі еңбектерін негізге ала отыра, өлеңдері мен хикаяларындағы кейіпкерлер образын ашып, тілінің лексикалық ерекшеліктерін анықтау. Уақыт өте келе қайта қарауды, терең талдауды қажет ететін қытай ақындарына қайта соғып, бүгінгі жаңа көзқараспен қайта зерделеуді мақсат тұтамыз.

Әлем әдебиетінде алар орны орасан қытай ақындарының рухани мұрасының стильдік-семантикалық, құрылымдық жағын, көркемдік амал-тәсіл-дерін, экспрессивті, эмоциялық бояуын, сөзсаптауын, стилін, сондай-ақ басқа да тілдік ерекшеліктерін анықтау.

Диплом жұмысының міндеті:

-Ақын-жазушылардың негізгі тақырыптары;

-стиль ерекшелігі;

-ақын-жазушылардың творчествалық лабораториясының кейбір ерекшеліктері;

-кейіпкерлердің жиынтық образы;

-шығармалардағы саяси астар.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу бағытының ғылыми құндылығы тақырыптың уақыт талабынан туындағанынан, ауқымдылығымен салмағынан айқын көрінеді. Көптеген ғалымдармен публицистер, ақындар өз еңбектерінде қытай поэзиясының шығармашылық шеберлігіне арнайы зерттеу еңбектерін арнағанымен, жан-жақты сарабдал қытай қаламгерлерінің еңбектерін қайталап қараған сайын, бұрын байқалмаған жаңалық ашуға болады. Сондықтан, бітіру жұмысы аталған тақырыпта қалам тербеген жұмыстарды қайталамайды, себебі, өзіндік байқауларымызбен пайымдарымызды алға тартқанды жөн көрдік. Қытай әдебиетіндегі кейіпкерлер образына баға беріп, көркемдік деңгейіне, қоғамдық маңызына тоқтала отырып, табысты жақтарын ашып көрсетіп, ғылыми түрде тоқталу - жұмыстың жаңашылдығы.

Диплом жұмысының зерттеудің нысаны. Жұмысты жазу барысында негізгі материалдарды қытай прозасымен поэзиясы, XX ғасырдың басында, ұлы өзгерістер дәуірінде өмір сүрген ақындардың шығармалары атты жазылған еңбектерінен жинақтап, Мао Дун, Ба Цзинь секілді атақты қытай жазушылардың еңбектеріне, Н. Т. Федоренконың «Китайская литература» еңбегіне сүйендік. Сондай-ақ, қытай әдебиетін зерттеп жүрген көптеген орыс зерттеуші ақындарының еңбектері негіз болып алынды.

Диплом жұмысының әдіснамалық негіздері. Бітіру жұмысын жазу кезеңінде қазіргі әдебиет білімінде қалыптасқан негізгі принциптермен ғылыми әдіс-тәсілдер қолданылды. Яғни, баяндау және талдау, салыстыру, сараптау, семантикалық талдау әдістеріне және аудару тәсілдеріне иек арттық.

Сондай-ақ, жалпы тіл білімінде қолданылатын лингво-стилистикалық әдістер басшылыққа алынды.

Диплом жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы.

Қазақ әдебиетін тарихын алар болсақ, өткен жолдарын ой елегінен өткізсек, көптеген сұрақтар өткірлене түседі. Бұл орайда қазақтардағы билік пен үстемтап өкілдерінің қанып езер езгісіне назат ету идеясын бүкіл жан-тәнімен қабылдаған қазақ зиялыларының алғашқы легімен қытай қаламгерлерінің идеяларынан үндестік байқауға болады.

Адамзат қоғамының әділдікпен теңдікке қол жеткізуі үшін арпалысқан күрескерлер заманзарын жырлаған ақындардың көрнекті мұраларын оқып-білудің, зерттеудің маңызы зор. Ал, Қытай тарихындағы ұлы бет-бұрыс қозғаушыларының бірі, тарихтың парасатты зерттеушілері, өз заманының проблемаларын терең ұғынған азаматтар, білімділігі, қайраттылығымен өмірінің соңына дейін ұлтына қызмет ету мақсатына адал болған қытай ақындарының шеберлігін жан-жақты зерттеудің маңызы салмақты.

Зерттеу бағытының тәжірибелік мәні мен маңызы тақырыптың ғылыми құндылығымен тікелей байланысты.

Өскелең ұрпаққа тәрбие беруде бұл жұмыстың теориялық әрі тәжірибелік мәні зор.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Диплом жұмысын қытай әдебиетінен және ақын жазушылардың, интернет тағы сол сияқты құжаттардан толықтай зерттеліп өз дәрежесіне жетті.

Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен қорытынды бөлімінен тұрады.

  1. «4-МАЙ» ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ӘДЕБИ РЕФОРМА ЖӘНЕ «4-МАЙ»

МӘДЕНИ ТӨҢКЕРІС

1. 1 Қазіргі заман қытай әдебиеті және оған коммунистердің тигізген

ықпалы

Қытай коммунистік партиясы құрылғаннан кейін дереу жиқангерлікке, феодализімге қарсы тұру жайында халыққа төңкерістік программа және айқын үндеу жариялады, коммунистер күшті шоғырлай отырып, жұмысшылар қозғалысымен шұғылданды, коммунистік партияның көмегімен Сүн Жоң Шан Гоминдаң партиясын қайта өзгертіп құрып, “Кеңес Одағымен бірлесіп, коммунистік партиямен бірлесіп, жұмысшы дихандарды сүйемелдеу» дейтін үшін саясатты алға қойды. Төңкерістік бірлік саптың құрылуы, оған ілесіп «4- май» қозғалысының туылуы, жұмысшы дихандар қозғалысының етек алуы төңкерістің қадамын барынша жеделдетті. Қытай төңкерісі ақыры алғашқы ішкі төңкерістің соғыс өрлеуікөтерілген дәуірге қадам тастады. 1921 жылдан кейінкоммунизмшіл зиялылардың жұмысшы дихандардың арасына баруына және жалпы төңкерістік қозғалыстың қанат жаюына ілесіп, әдебиет төңкерісті үгіттейтін құралға айналды. 1923 жылы жарияланған «Мойындағы қан» дейтін шығармада, «Бас кетіп қол аяыз үзілсе де, күрес жасау рухын жоғалтпаймыз» дейтін серт беріліп, Бейжің-хан ку темір жол жұмысшыларының милитаристерге қарсы тұруындағы қайсар күрес жігері бейнелені Ан юан кен жұмысшылары арасында тараған оқиғалы дастан «Жұмысшылар естелігінің көркемдігі төмендеу, мазмұны да тарихи шектемелілікке ұшыраған болса да, онда 1922 жылғы қыркүйекте Анюанда өткен ірі жұмыс тастаудың басталу себебі және оның жеңіспен аяқталуындағы тарихи шындық біршама жүйелі баяндалған. Бұл бұқараның жасампаздығында сирек кездесетін бірнеше жүз шумақты шығарма 1922 жылы дихандар қозғалысы басталған Гуаң дүң өлкесінің Хай фи аймағында да «Баласының Тиан куыңды боқтауы», «Дихандар қоғамы құрылды», «Еңбек жыры» қатарлы халық жырлары таралды. Сондай - ақ, «Екі көре майақы» қатарлы драмалар шықты. Осының бәрі сол кезде белгіліүгіттік рөл атқарды. Сол кездегі газеттерде хабарлауынша 20 мың жұмысшысы бар Хай фең дихандар қоғамының мәдени үгіт қимылы едәуір жанды жүргізілген, 1923 жылы көктем мерекесінде бес мыңнан аса көрермен қатынасқан жаңа жыл сауық кешінде осы қоғамның үгіт бөлімі жағынан ұйымдастырылған «Жер майы» дейтін дихандардың трагедиялық драмасы ойналғанда, дихандардың жер иесі жағынан қаралғандығын көктеген көрермендер бүкіл залды күңіренте қаһарлы үн көтерді. Дихандар парлаған жастарын тия алмай, егіле жылаған Мау жуш басқарған дихандарқозғалысынан лекция оқу орындарында «Төңкерістік ән», «Төңкерістік сурет” сабақтары орналастырудан тыс, халық жырларын жиюға да күш ұйымдастырылды. Шанхай сияқты қалаларда “4- май“ тұсындағы «Декабрь жыры», «4-май халық әндері», «Халықтық ынтымақ жырлары» қатарлы халық әндеріне жазылған жырлар жарыққа шықты. Бұл жырлардың өтінде милитаристік үстемдікке, жиқангерлікке қарсы терең өшпенділік бейнеленді. Шанхай жұмысшыларының 3-реткі қарулы көтерілісінде туылған жырда «Көктен де, жерден де қорықпаймыз, кісенді қанға бояп, жан берсек те патшаны орнынан жұлып алуға әзірміз» деп көрсетілді.

Бұл жырда жұмысшы табының төңкеріс жолында оттан, судан тайынбайтын, өлімнен қорықпайтын, буырқанған айбынды жігері бейнелеген. Аз ұлттар орналасқан шекара өңірлерде де төңкерістік қозғалыстың ықпалы мен жиқангерлікке, феодализмге қарсы халықтық әдеби туындылар жарыққа шыға бастады. Гуаң ши - дегі Жуаңзу халықтары арасында «Кедейлерде төсек жоқ, «Уи багы ағайды іздейміз» дейтін шығармалар да жарыққа шықты. Онда жер иелері мен милитаристердің езгісіне нәлет айтылып, Жуаң зу халқының партияға ілесіп, төңкеріс жасайтын тілегі бейнеленеді. 20-жылдары монғол халқы арасында батырларды жырлайтын «Гада ми лин» дейтін осы заманғы тарихи дастан жарыққа шықты. Дастанда 1921жылы ішкі монғолдың Жыли мо дейтін шығыс аймағында көтерілген бір реткі стихиялық көтеріліс бейнеленіп, көтерліс жетекшісі Гау да милин мен оның әйелі Моданның қаһармандығы көрсетіледі. Бұл шығармаларды төңкерісшіл зиялылар мен жұмысшы дихан жыраулары жазған болса да, шығарма жұрт арасында ауыздан-ауызға тарап кемелденген. [1. 1, 56]

Алғашқы дәуірдегі коммунистер мен жас коммунизмшіл зиялылар арасында төңкерістік әдебиетті қалыптастыру жайында назариялық қуаттамалар алға қойылды. Партия құрылған алғашқы жылдарда бір бөлім коммунистер жаңа әдебиет қозғалысына жетекшілік етті. «Балғын қытай ғылым қоғамында, Ли дажау, Дың жүң Шиа қатарлы коммунизмшілдер 1921-1922 жылдары өздерінің кейбір көзқарастарын бейнеледі. Олар қоғамға мүше жазушыларды коммунизмге сенуге, әдебиетті байлардың ермегіне айналдырмауға шақырды. Әсерлі әдеби туындылар жаратып, жұртшылықты ояту үшін балғын қытай жазушыларының төңкерістік демократиялық қозғалысқа қатынасуын талап етті 1922 жылы ақпанда партия басшылығындағы социалисттік жастар одағының орган журналы «Атой «журналында әдебиет стоны ашылып, төңкерістік шабыттандыруына ие өлеңдер жариялана бастады. Сол жылы Гуаң жоу да ашылған социалисттік жастар одағының мемлекеттік тұңғыш құрылтайы қарар қабылдап, одақ мүшелерін шағын құрылымдық қимылдар ұйымдастыруға және жаңа жастарды қабылдап отыруға, техникалық білімібар жастарды буржуазия үшін емес, пролетариат үшін қызмет істеуіне мүмкіндік жасау үшін мүмкіндік жасауға; ғылым мен әдебиет көркем өнерді пролетариатқа тәуелдендіруге шақырады. 1923 жылы маусымда шыққан партияның назариялық журналы «Жастар» да жарияланған «Жаңа жарнама» да сол кездегі әлеуметтік ағыммен әдебиет ағымына баса талдау жасалып, «Қазіргі Қытай әдебиетінде буржуазияның поэзия идеясы орын теуіп, екінің бірінде үмітсіздік ауқымы байқалып тұр» деп көрсетеді. Сондай-ақ, Қытайдың төңкерістік қозғалысы менәдебиет қозғалысына еңбекші есептелмейтін тап жетекшілік ететін болса, ол нәтижеге жете алмайды дейтін айқын таным білдірілді. Осының барлығы коммунисттердің жас әдебиетке көңіл бөлгендігін және әдебиеттің төңкерістік істермен пәрменді түрде ұштаса түсуіне күш салғандығын аңғартады. [1. 2. 66]

1923-1926 жылға дейінгі аралықта алғашқы дәуірдегі коммунистердің бір бөлімі, мәселен: үгіт жұмысымен жұмысшылар қозғалысымен шұғылданған коммунистерден Дың Жоң Шия, Юн Да Иң, Шиау Чун Уй, Шуй Чиу Бай, ЛйЧиу Шы, Шын Зы Мин, Жиаң Гуаң Шы қатарлылар» «Жаңа жастар» маусымдық журналын, «Қытай жастары» апталық журналын, «Сананы, (Шанхайда шығатын «Мемлекет газетінің» әдебиет беті) база етіліп, кейбір алға басар әдеби көркемөнер журналдарынан да пайдаланып, көптеген мақалалар жариялап, маркстік әдебиет жайында тың қуаттамалард алға қойды. Жалпы тарихи материалистік қағидаларға сай, олар алдымен қондырмаға жаттындығын тұрақтандырды. Шиау Шу Нуи» Көркемөнер және өмір» дейтін мақаласында сол кезде таралып жүрген идеалист әдебиет көркемөнер көзқарастарына (Мәселен: «көркемөнер барлығын жаратады, барлығынан көркемөнер ғана нағыз көркемөнер болады» делінетін) бағыттай отырып, «көркемөнер өмірдің бейнесі», «көркемөнер саяси, заң, дін, мораль, әдет т. б. сияқты қоғам базиске орнатылған қондырмалық зат, адам заттың ең төменгі тұрмыс формасының өзгеруіне ілесіп өзгеріп отыратын нәрсе «деп дұрыс көрсетті. «Жиаң Гуаң Сыңның» Пролетарлық төңкеріс және мәдениет» деген мақаласында таптық қоғамда әдебиетті де қамтыған тұтас мәдениетте таптық сипаттың болғандығы және пролетарлық әдебиеттің дүниеге келмей қалмайтындығы одан ары түсіндірілді. Дың Жоң Шия «Жаңа ақындар үлес қосудан бұрын» деген мақаласында әдебиет көркемөнер әуескерлері арасында өмір сүріп отырған қоғам мен жұмыс болмайтын дарашылдық сыңайды ой саларлық дәрежеде сын тезіне алды. Жазушыларға біріншіден, халықты тарбиелеу және жиқангерлермен олардың құлдары шығарған «Қытай ұлтында ұлттық сипат кем» сандырақты әшкерлеу үшін, шынайы өмірді суреттейтін шығармаларды көбірек жазып, ұлттық сенімді арттыру, ынжықтықты жою, екіншіден, «қоғамды өзгерту мақсатына жету үшін шынайы өмірді суреттейтін шығармаларды көбірек жазып, бесенеден белгілі болып тұрған қараңғы қапастыбарынша әшкерелеу, жұртты елеңдету, олардың үмітін аңғарту керек» дегенді ескертті. Дың Жоң Шия әдебиет жұртты төңкерістік сана орнатуға оятатын, төңкерістік ерлік қалыптастыруға жігерлендіретін ең өнімді қару болуға тиіс деп қарады. Юн Дай Иң «Багулық па екен» деген мақаласында жаңа әдебиеттің халықтың рухын тасқындатып, олардың ұлттық тәуелсіздік қимылмен, демократиялық төңкеріспен шұғылдануына мүмкіндік жаратуын айқын талап етті. Коммунисттер осы заманғы Жүңг одағы басым көп санды ұлттың өмірі дәл суреттелетін, олардың болашағы меңзелетін төңкерістік әдебиетті дәріптеді. Бұл жөнінде Шын Зы Мин «Бізге қандай әдебиет көркемөнер қажет» деген мақаласында «Төңкерстік әдебиет дегеніміз-мылтық, бомба дейтін сөздерге ғана толы нәрсе емес, сондай-ақ, «Айлық проза «журналы ұран етіп отырған қан мен көз жаста емес, төңкеріс әдебиет көркемөнердегі авторлардың жігері, табан тірер тиянағы» деп түсінік жасады. Юн Да Иң «Әдебиет және төңкеріс» деген мақаласында: «Алдымен төңкерістік сезім болғанда ғана төңкерістік әдебиет болады» деп көрсетті. Сондықтан, олар жазушылармен әдебиет көркемөнер әуескерлерінің еңбекші жұртшылыққа жақындасуын, халық жұртшылығы арасына барып, төңкерістік қимылмен шұғылдануын талап етті. Дың Жоң Шия «Егер бір ақын өмірді білмейтін болса, онда оның шығармасы ылғи долбар немесе қиял ғана болады, адамды терең әсерлендіре алмайды» деп көрсетті. Ол өзінің үш жылдың алдында жазған мынадай екі өлеңін мысалға алды:

«Мұнар басып бұлдыраған,

Екі өттім Тоң Тиң Худан.

Ақжал толқын бурқанып,

Құлазиды сүрей орман.

Есіруде бұл заманда,

Жыртқыштар тек жол торған.

Бұл сұмдарды қанға бөккен,

Мен түбінде жоймай қойман

Мұнар басып бұлдыраған,

Екі өттім Тоң Тиң Худан.

Күзгі көкке қонды кеште

Алаулап бір нүр қызарған.

Бай кедейді болашақта,

Тең етпекке бел байлағам

Боламдағы көзге қораш,

Қалайда оған жетпей қойман. Бұл өлеңнің осылай сәтті әсерлі шығуының себебі ол «сол кездегі іс жүзіндік қимылдарға тікелей қатынасқандығымнан болды» деп түсіндірді. Шы Зы Мин «Әдебиет және төңкерістік әдебиет» деген мақаласында төңкерістік идеямен өмір тәжірибесінің авторда кем болса болмайтын екі нәрсе екенін түсіндірді. Ол былай деді:» Ақын төңкерісшіл болмаса, оның төңкерістік шығарма жаратуы әсте мүмкін емес. Жалаң төңкерістік идеяға ие ақындарда төңкерістік шығарма жарата алмайды. Өйткені, біз талантты, тапқырлықты, қаншалықты көкке көтергенімізбен әдебиет қашанда өмірдің сәулесі болмақ, жұмысшылардың жұмыс тастау қозғалысына тікелей араласпаған, қапырық түрмені өз көзімен көріп, сұрақшылардың таяғының дэмін татпаған, тұла бойын күс басып, жұмысшылармен қарапайым диқандар арасында бір ауызды аядай үйде түнеп көрмеген, жан етті жейтін жұмыстар істеп, қожайындардың қамшысы мен балағатының дертін тартпаған жазушылардың пролетариаттардың көмескі көңіл күйін ұғысу мүлде мүмкін емес, олардың отырып, мәдениет жақтағы бірлік сап мәселесін түсіндірді. Алға басар мәдениет саласындағыларды бірлесіп, сары жұртшылармен күресуге шақырды. [1. 3, 34-45]

Чуй Чиу Бай мен Жиқан Гуаң Сының бір бөлім мақалаларында (Мәселен: «Қызыл орыс әдебиет көркем өнерінің тұңғыш қарлығашы, ‘‘Қазан төңкерісі және орыс әдебиеті» қатарлы) Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік орыс әдебиетінің жағдайы таныстырылды. Алғашқы дәуірдегі Коммунисттердің бұл назариялық қуаттамалары толық және жүйелі емес еді, оны қай-қайсы мақалалардан кезіктіруге болатын марксизм мен бұрыннан бар демократиялық идеялардың шекарасы бүкілдей айқын парықталмағандықтан, күңгірт ұғымдар, тіпті қате түсініктер де жиі кездесіп отырды. Кейбір мақалалардың авторы қытай қоғамының жағдайын шала шарпы білетіндіктен дұрыс көзқарасты үгіттеуде кеңес әдебиетін таныстыруда солшылдық идея танытты. Ұсақ буржуазия жазушылары негізгі күш болып отырған сол кездегі қытай әдебиетінің алғашқы дәуірдегі коммунистер көбірек жоққа шығару жағына бейімдеу болып, керенау жағын көрсету қажет болғанда, оның сірә қаншалық екендігін жете мөлшерлей алған жоқ. Бірсыпыра адамдар әдебиет көркемөнердің ерекшелігіне салқын қарады. Бұл олардың Лу Синнің мәдениет шебіндегі маңызды рөлін және оның шығармаларының ұлы құнын жете түсіне алмауына себепші болды. Әдебиет көркем өнершілердің олардың қуаттамаларын түсінуіне және оны қабылдаударына да көп нұқсандар жеткізді. Солай болғандықтан олардың қуаттамалары көп уақытқа дейін кемеліне келе қоймады. Тек төңкерістік өмірдің талабын негізге ала отырып, бағалы ұсыныстармен ұрандар көтеріп, алғашқы қадамда маркстік әдебиет көркемөнерге назариялық ұрық ғана септі. 1926 жылы» Қытай жастары «дейтін апталық журналдың 144-санында Лениннің «Партия ұйымы және партиялық әдебиет» дейтін мақаласы аударылып басылды. Мұның жаңа әдебиет қозғалыс тарихында елеулі маңызы болды. Алғашқы коммунистердің ықпалымен 1924 жылы бір топ әдебиет ұйымдары жарыққа шықты. Мәселен: Шанхайда Жиаң гуаң сы, Шын зы минжәне әдебиет көркемөнердің бір топ әуескер-лері «көктем найзағайы» дейтін қоғам құрды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын шығармашылығын Кеңес жазушыларымен үндестіру
Лао Шэ
Қазақ әдебиеті және Зәки Ахметов
С.Орайханұлының шығармашылығы
Қазақ тіліндегі майдандық басылымдар
Орталық Азиядағы түркі халықтарының тарихы: Қырғыздар. Ұйғырлар. Өзбектер. Түркмендер. Қарақалпақтар
Қазақ және Жапон әдеби байланыстары
Абылай хан, әбілмансұр (1711-1781)
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс
Керей тайпасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz