Қазақстанның табиғат жағдайы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І-ТАРАУ Қазақстанның табиғат жағдайы…… . . . 4-21
- Қазақстандағы жер бедерінің ерекшеліктері………. 4-6
- Климаттық белдеулерге сипаттама. 7-10
- Қазақстанның жер қоры. 11-13
- Қазақстандағы су қоры. . 14-21
ІІ-ТАРАУ Қазақстандағы шөледену процесі . . . 22-33
- Шөлдену процесінің негізгі себептері. 22-27
- Қазақстандағы шөлді аймақтар . . . 28-29
2. 3. Шөлдену процесімен күресу жолдары. 30-33
ІІІ-ТАРАУ Қазақстанда қалыптасқан экологиялық ахуалдар. . 34-55
- Топырақ экологиясы. . 34-42
- Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы. 43-49
- Қазақстандағы ормандардың экологиясы50-52
- Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешу жолдары . . . 53-55
ІҮ Қорытынды . 56-61
Ү Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 62-64
КІРІСПЕ
Қазақстан аумағы батысында Каспий теңізі мен Еділ сағасынан, Шығысында Алтай жоталарына дейін, ал солтүстігінде орал таулары мен Батыс Сібір жазықтығынан, оңтүстігінде Орта Азия шөлдері мен Тянь-Шань қарлы шыңдарына дейінгі ұланғайыр кеңістікті алып жатыр. Қазақстан алуан түрлі бай табиғатымен ерекшеленеді. Мұнда қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия, таулы ормандар мен шөлдер, Кең жазира жазықтар мен Тянь-Шань қарлы шыңдарына дейінгі ұланғайыр кеңістікті алып жатыр. Қазақстанның жер бедерінің құрылымы әркелкі. Республика ауданының 1/3 бөлігі биіктігі 27 метрдей (Каспий маңы ойпатты) 100-200 метрге дейінгі жазықтар мен ойпаттар алып жатыр. Жалпы Қазақстанның жері Солтүстік және Батыс жақтанШығыс пен Оңтүстік-Шығысқа қарай биіктей береді. Республиканың негізгі бөлігін құмды шөлдер алып жатыр. Қазақстан қоңыржай белдеудің оңтүстігінде орналасқан. Оның Еуразиялық ішкі аймақтарында орналасуы мұхиттардан, әсіресе Атлант мұхитынан алыс болуы, климаттық щұғыл континентальді болуына әсер етеді. Бұл ауа температурасының кенет өзгеруіне, ауаның өте құрғақ, жауын-шашын мөлшерінің өте аз түсуімен сипатталады. Республиканың солтүстігінде күннің түсу ұзақтығы орта шамамен алғанда жылына 200 сағат құрайды, оңтүстікте - 300 сағат. Ашық күндер саны жылына Солтүстікте 120, оңтүстікте 260 күн, бұлтты күндер саны солтүстікте 60, Оңтүстікте 10 күн. Осыдан орай жиынтық күн радиациясы Сотүстіктен оңтүстікке қарай өледі: қыста 50-ден 200 МДЖ/м²-ге дейін, жазда 650-ден 800 МДЖ/м²-ге дейін. Қазақстан климатының қалыптасуына ауа ағындарының қозғалысы үлкен әсер етеді. Атлант мұхитынан келген ауа өзімен жауын-шашын алып келіп, қыста ауа температурасын жоғарылатып, жазда төмендетеді. Арктикадан ылғалы аз, әрі өте суық ауа ағындары келеді. Қазақстанда ауа температурасының амплитуда көрсеткіші жоғары. Қазақстан жеріне түсетін жауын-шашынның мөлшері онша көп емес. Қазақстанның Солтүстігінде 300-400 мм жауын-шашын түссе, оңтүстіктің кейбір аудандарында оның мөлшері 100 мм-ден аспайды.
Қазақстан жері қыс маусымында Сібір антициклонының тармағы мен азорлық ядросының ықпалына жиі ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солтүстігінде Оңтүстік Батыс және батыс, ал жазда Солтүстік-батыс бағыттан соғатын жел биыл келеді. Қазақстандағы шөлейттену процесіне осы аталған антициклондардың ықпалы өте әсер етеді. Қазақстандағы атмосфераның процестер Солтүстік жарты шардың Атлантика - Еуразия секторының 3 түрлі аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары елдік бағытпен өтсе, онда ол елдік бағыттағы айналым делінеді. Елдік бағыттағы айналым кезінде Қазақстанның көпшілік бөлігінде жауын-шашынның мөлшері кеміп ауа температурасы жоғарылайды. Еуропадағы айналым кезінде республикаға суық ауа массаларының енуі жиілейді. Сібірлік айналымда - оңтүстіктен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа температурасы жоғарылайды, жауын-шашын кемиді.
Республикадағы шөлейттену процесіне жер бедерінің әр тектілігі де әсер етуде. Шөлейт (шөлейтті дала) климаттың белдем, немесе қуаң дала Қазақстанның Орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлшері оңтүстікке қарай 279 метрден 153 метрге дейін кемиді, оның 43-27 % жылдың суық маусымында түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңдығы батыстан-шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге артады. Ауаның орташа температурасы 25 °С -тан жоғары күндер саны 30-45, 35 °С -тан жоғарғысы - 10-20 күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 170-200 тәулік. Қыста қатал, ауа-райы құбылмалы келеді, жазғы ыстық, рациацияның жиынтық мөлшері тым жоғары. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27-29 күнге созылады. Шөл клиамттық белдемі Қазақстанның жазық өңірінің көп бөлігін қамтиды. Ол 3 типке ажыратылады: сазды шөл, құмды шөл және тасты шөл. Орташа жылдық температурасы 3-13°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 81-84 мм. Қазақстан жазықтарының оңтүстік бөлігінің барлығын шөл даласы (құмдауытты, саздаулы, тастақты және сортаңды шөлдер) алып жатыр. Құмдауытты шөлдерде жусанның бірнеше түрі, сол сияқты қияқ, бидайық, елелек, изен сияқты өсімдіктердің бірнеше түрі және аласа бұталар (жұзім, теріскей, қылша. таспа) өседі. Шөл даласында жатқан жоңғар алатауы мен Тянь-Шань тауларының тау беткейлік жазықтары шөлге ұқсас Шөлейи далада дала мен шөл жануарлары кездеседі. Шөл даласының жануарлар дүниесі өзгеше.
- Қазақстандағы жер бедерінің ерекшеліктері.
Қазақстанның жер бедерінің басты ерекшеліктерін физикалық картадан көруге болады. Картадан Республика жерінде жер бедерінің барлық сатылары айқын байқалады. Территориямызда ұлан-байтақ ойпатты жазықтар, шөлді аймақтар, үстірттер мен аласа таулар алып жатыр. Сондай-ақ территориямыздың біраз бөлігін төбелерін қар мен мұз басқан шыңды таулар алып жатыр. Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктерін төмендегідей сипаттауға болады:
- Жер бедерінде жазықтар мен аласа таулар басым және олар Қазақстанның батысында, солтүстіктерінде және орталығында орналасқан.
- Биік таулы аймақтар шағын территорияны қамтып, республиканың шағын және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр.
- Жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай көлбеу басып келеді.
- Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлар және жазықтармен алмасып отырады.
Жер бедерінің мұндай ерекшеліктері климат пен табиғатландшафтарының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Қазақстанның қазіргі жер бедері оның геологиялық құрылысымен және даму тарихымен тікелей байланысты. Палеозойға дейінгі уақытта, яғни архей және протерозой эраларында, республика территориясын тұтастай дерлік теңіз суы басты. Батыс Қазақстанның баяу иілуі палеозой эрасының басында да жалғасты. Палеозойдың алғашқы жартысында Капедон тау түзілісі болған. Күшті тектоникалық қозғалыстар әрекеттерінен геосинклиналь орнына Сарыарқаның Солтүстік-батысы мен Тянь-Шаньның солтүстігіндегі тау қатпарлары түзілген. Палеозойдың аяғында Герцин тау түзілісіне байланысты Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауында, Тянь-Шаньнің батыс жоталарында, Сарыарқаның шығыс бөлігінде және Мұғалжарда көтерілу процесі аяқталған. Мезозой эрасында теңіз тек Батыс Қазақстанда болып жатқан. Мезозой эрасында тектоникалық қозғалыстар шамалы болған. Полеозойда құрылған тау жүйелері күшті бұзылуларға ұшырап, мезозойдың аяқ шенінде Қазақстан жері біршама тегіс аймаққа айналды. Қазақстанның территориясында жер бедері әлі даму үстінде. Антропоген кезеңінде Қазақстанның биік таулы аймақтары бірнеше ретмұз болуларға ұшырады. Ол мұздар өте қалың және биік таулардың қазіргі жер бедерінің қалыптасуында әсері зор болды. Антропоген кезеңінің ортасында климаттың ылғалды болуынан өзендер суы молайып, эрозиялық әрекеті күшейіп, жер беті тілімдене бастады. Қазақстан жер бедерін қалыптастырудағы сыртқы күштер ішіндегі бастысы - ағын су әрекеті. Су тасқыны аңғарларды бұзып, бұзылғаннан пайда болған жыныстарды төмен қарай ағызып, ойпаң жерлерге жинайды. Қазіргі кезде биік таулы аймақтарда жер бедерін түзуші факторлардың бірі - мұздақтар. Жер бедерін түзуде жел әрекеті де едәуір әсер етеді. Қазақстанның жазық-аласа бөлігінің көлемді жерін Батыс Сібір мен Тұран жазықтары және Каспий маңы ойпаты алып жатыр. Батыс Сібір жазығының жер бедері біркелкі: онда биік төбелер мен қыраттар кездеспейді. Батыс Сібір жазығы Ертіс маңы және Есіл-Тобыл жазықтары болып бөлінеді. Онда өзен шөгінділері басым. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысындағы кеңбайтақ жерді Тұран жазығы алып жатыр. Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі ғана кіреді. Жазық негізінен Орта Азия республикалары жерінде орналасқан. Тұран жазығы горизонталь орналасқан көл, теңіз және өзендердің шөгінді жиынтықтарынан (леес тәрізді саз, саздауыт, құм мен құмайт) түзілген. Тұран жазығын Қазақстан жерінде Сырдария өзені солтүстікке және оңтүстікке бөледі. Оңтүстігін Қызылқұм, Солтүстігін қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары алып жатыр. Қызылқұмның жер бедерінде құм төбелер мен қырқалар басым, олардың аралығында кей жерде тақырлар көптеп кездеседі. Арал маңындағы Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдарының жер бедері де құмды және төбелі. Каспий маңы ойпатының жер бедері біркелкі. Мұнда көбінесе тегіс сазды кең жазықтар мен құм жондары басым, кей жерлерінде кішігірім жеке қыраттар кездеседі. Көлемі жағынан ең үлкен Жайық өзенінің батысындағы Нарын Құмы. Құмның беті ойлы-қырлы, мұнда құм төбелер жайпақ ойыстармен алмасады. Каспий маңы ойпаты ағын суға тапшы. Қазақстан жерінде оны тек Жайық пен Жем өзендері кесіп өтеді. Оңтүстік және Оңтүстік- шығысындағы суы аз, кішкене өзендер құмға сіңіп кетеді. Республика территориясының көп жерін үстірттер мен қыраттар алып жатыр. Олар: Үстірт, Торғай, Орал алды үстірттері, Жалпы сырт қыратының бір бөлігі. Бетпақдала және Балқаш маңындағы жазықтар. Жер беті көбінесе тегіс, бірақ жерлері белесті, ал кей жерлерінде беткейлкері тік құлама болып келеді. Биік таулы өлкелерге Қазақстанның Шығысы мен Оңтүстік шығысындағы Алтай, Сауыр Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань жатады. Биік таулы аймақтың аласа таулардан айырмасы - жер бедерінің биік және күшті тілімденгендігі.
- Климаттық белдеулерге сипаттама
Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт және шөл) қамтиды. Орманды дала климатық белдеуі республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 242-315 мм-ге дейін оның 80%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. Қазақстанда орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының азғана бөлігі (2, 5 %-ға жуық) алып жатыр. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға қарағанда, біршама қолайлы. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орта температурасы +18+20°, қысы едәуір суық, ауаның температурасы -51-53 °-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы -17-19 ° С. Ертістің, Еділдің, Тобылдың және басқа бірқатар ірі өзендердің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады. 53 °С-тан жоғары орташа тәуліктік ауа температурасының жылдық жиынтық мөлшері 2100 °С. Вегатациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 160-170 тәулік. Ормандарда орманның сұр топырағы, ал түрлі шөп өсетін далаларда қара топырақ болады. Ең қысқа жыл маусымы - көктемгі ұзақтығы. 1, 5 ай, жазы 3 айға созылады. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлшері 37 күн, кейбір жылдары 110-113 күнге дейін созылады. Орманды дала зонасы - Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зоналарының бірі.
Далалық климаттық белдем республиканың солтүстігіндегі біраз аймақты қамтиды. Дала зонасы Қазақстанның жер көлемінің 26 %-дан астамын алып жатыр. Дала зонасының оңтүстігінен бастап, батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылған кең алқапты қамти, шамамен 54°-50° С. е аралығында орналасқан. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының Оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы бүтіндей дерлік, Жалпы Сырттың сілемдері, Каспий маңы ойпатының Солтүстік шеті, Орал етегі (Жем) үстірті, Сраыарқаның оңтүстігі және Орталық аудандары жатады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-300 мм, оның 70-80 %-ы жаз айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140-160 күнге созылады, қардың орташа қалыңдығы 30 см-дей. Дүлей желді күндер көп және эрозиялық процестер күшті дамыған. 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік, температурасының жылдық жиынтық мөлшері 2100-2300°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 170-180 тәулік. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлшері 69 күн. Орманды дала климаттық белдеміне қарағанда қысы және көктемі қысқа, жазы ұзағырақ, күзі 1 айға жуық. Даланың климаты континентті.
Дала зонасы өзендерінің суы аз болады. Зонаны Ертіс, Еділ, Тобыл, Жайық, Нұра және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Егін шаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған аудандарда судың жеткіліксіздігі, яғни тапшылығы байқалады. Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Шөлейт климаттық белдем, немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Қазақстанның шөлейт жерлері дала мен шөл зоналары аралығында орналасып, Жайық жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км-ге созылған. Республика территориясының 14 %-ын алып жатыр. Зонаның Оңтүстік шекарасы 48°с. е. бойымен өтеді. Климаты құрғақ континетті. Жылдық жауын-шашын мөлшері оңтүстікке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді. Оның 43-27 %-ы жылдың суық маусымында түседі. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 25° С-тан жоғары күндер саны 30-45, 35° С-тан жоғарғысы 10-20 күн. Вегетациялық өсіп өну кезеңінің ұзақтығы 170-200 тәулік. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27-29 күнге созылады. Шөлейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы тартылып, кеуіп кетеді. Тұрақты ағатын ең ірі өзендері - Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз. Шөлейттің негізгі топырағы - ашық қызғылт топырақ. Топырақтың беткі қабатында шірінді 2-3% ғана. Саз топырақты жазық және ойпаң учаскелерде сортаңдар едәуір орын алады. Шөл дала зонасында даланың, әрі шөлдің өсімдіктері таралған. Мұнда негізінен ашық қызғылт топырақты жерде ғана егіншілікпен шұғылданады. Шөл климаттың белдемі Қазақстанның жазық өңірінің көп бөлігін қамтиды. Ол 3 типке ажыратылады: Сазды шөл, құмды шөл және тасты шөл. Шөл климаттық белдемі шөлейттен басталып, оңтүстікте биік таулы өлкенің етегіне дейін созылады. Шөл климаттық белдемі Республика территориясының 44%-ға жуығын алып жатыр. Климаты тым континентті және аса құрғақ. Орташа жылдық температурасы 3-13 °. Жылдық жауын-шашын мөлшері 81-84 мм. Кейде жылына 20-30 күндей қар жауады. Жазы ұзақ ыстық, қысы салқын, ауасы тым құрғақ келеді. Вегетациялық өсіп-өну кезеңі 180-260 тәулік. Шөл зонасы солтүстік пен оңтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік шөлдерге Үстірт пен Тұран жазығының солтүстік жартысы, Бетпақдала Үстірті, Мойынқұм, Балқаш маңы құлдары жатады. Ал оңтүстік шөлдерге Үстірт пен Қызылқұм алып жатқан Тұран жазығының оңтүстік жартысы жатады. Шөлдің солтүстігінде жеңіл сұр қоңыр топырақ тараған. Шөлдің Оңтүстігінде сұр қоңыр топырақ басым. Оның құрамында шірінді (1, 0-1, 2 %-ды) құрайды. Құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының үштен біріне жуығын алып жатыр Олардың ең ірілеріне Қызылқұм, Арал маңындағы Қарақұм, Мойынқұм, Сарыесік-Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдарын жатқызуға болады. Шөл өсімдіктері табиғат жағдайына қарай бейімделеді. Соңғы шөлдер құмды шөлдердің арасында немесе соларға жапсарлас жатады.
Ең ірі сазды шөл - Үстірт Бетпақдала және Сырдария өзенінің оңтүстік жағалары. Үстірттің ойпаң жерлерін тұзды көлдер, сор, сортаң және тақыр алып жатыр. Тастақ немесе тасты шөлдер Сарыарқаның оңтүстігінде, Бетпақдаланың шығысында және Үстіртте кездеседі. Шөл зоналарындағы өзен аңғарларында ерекше өсімдіктер бар. Әртүрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар өседі. Оны тоғай деп атайды. Тоғай әсіресе Сырдария, Шу, Іле өзендерінің аңғарларына тән. Бұнда жыл маусымдары айқын ажыратылады. Қысы қысқа 90 күндей, жазы ұзақ 160-170 күнге дейін созылады.
1. 3. Қазақстанның жер қоры.
Жер табиғаттың тіршілікке берген таусылмас сыйы, халық қазынасы. Ауыл шарушылық өндірісінің негізгі құралы болғандықтан жер қоғамның экономикалық өміріне аса зор рөл атқарады. Дұрыс пайдаланған жағдайда жер еш уақытта тозбайды. Керісінше үнемі жақсарып отырады. Табиғаттың адамзатқа сыйлаған өндіріс құралдарының ең құндысы болғандықтан жер үнемі жаңарып ұрпақтан-ұрпаққа неғұрлым жоғары өнім беретін сапалы күйінде ауысып отыруы керек.
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша 261, 17 млн. гектарды құрады. Ауыл-шаруашылығына пайдаланатын жер 215, 8 млн. гектар, соның ішінде жыртылған жер көлемі 22, 6 млн. гектар, шабындық 4818, 4 мың гектар және жайылымдық жерлер 182, 4 мың гектарды құрайды. Әлемнің көптеген елдерінен салыстырсақ, Қазақстан Республикасы жер ресурстарына бай. Бірақ Қазақстан территориясының көп бөлігі құрғақ шөлді белдемде орналасқан (2006 ж. №1. Табиғи және география)
Республикадағы ауыл-шаруашылық өндірісінде пайдаланылатын жерлердің көлемі туралы мәліметтер
1-кесте
Жақында қабылдаған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі конституциясында атап көрсеткендей «Қазақстанның басым көпшілігі құрғақшылық өңірде орналасқан және 66% территориясы әр түрлі деңгейдегі тақырға айналған. Алдын-ала есептеулер бойынша жайылымдардың деградациясынан, егістіктердің эрозиясынан және басқа себептерден келіп жатқан зиян шамамен 300 млрд. теңге (Конституция экологической безопастности РК на 2004-2005 г. Каз. Правда 2003 г. ) »
Жүргізілген зерттеулер барысында жер ресурстарына экология-экономикалық зиян зардабын тікелей тигізіп жатқан факторлар:
- Экологиялық апат аймақтардың жерінің тозуы.
- Жер қойнауымен қазба байлықтар мен құрылыс материалдарды алғандағы жерлердің бүлінуі. Жер ресурстары тозған эеологиялық апат аймақтарға жататын аудандар:
- Қызылорда облысы
- Ақтөбе облысы (Байғанин, Шалқар, Мұғалжар, Темір, Ырғыз)
- Оңтүстік Қазақстан (Арыс, Отырар, Созақ, Шардара)
- Қарағанды облысы (Ұлытау)
Қазақстанда қазба байлықтарды алу кезінде бүлінген жер көлемі 172 мың га, сегіз экономикалық аудандар бойынша «Оңтүстік» - 10046 га, «Оңтүстік шығыс» - 3205 га, «Оңтүстік батыс» - 22617 га, «Солтүстік Батыс» - 11334 га, «Орталық Қазақстан» - 60625 га, «Солтүстік Қазақстан» - 36893 га, «Солтүстік-Шығыс Қазақстан» - 15000 га, «Шығыс-Қазақстан» - 12313 га, (география және табиғат - 2005 ж. №1)
Жер ресурстары адамзаттың өмір сүретін базисі, шаруашылық және өндіріспен айналысатын ортасы. Қазақстан мемлекеті өзінің территориясының көлемі жөнінен 176 мемлекет ішінде д/ж-і бойынша 9-шы орында тұрғанымен, топырақ құнарлығын сипаттайтын қарашірік онша көп емес (3) . Жылдан-жылға егістік құнарлылығы төмендеп бара жатыр. 2001 ж. - 12, 24 ц/га, 2002 ж. - 11, 5 ц/га, 2003 ж. - 10, 8 ц/га, осыған орай егістіктен жиналып алынған ауыл-шаруашылығының жалпы өсімі де азайған. 2001 ж. - 15, 9 млн. г, 2003 ж. - 14, 8 млн. г. Жақында қабылданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі концепсиясында атап көрсеткендей «Қазақстанның басым бөлігі құрғақшылық өңірде онрналасқан және 66 % территориясы, әр түрлі деңгейдегі тақырға айналған. Алдын-ала есептеулер бойынша жайылымдардың деградациясынан, егістіктердің эрозиясынан және басқа себептерден келіп жатқан зиян шамамен 300 млрд. тенге» (5)
Ел территориясы бойынша топырақ құнарлығы жайлы жүргізілген экологиялық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, егістік жерлер 20-30 % өз құнарлылығынан айрылған. Зерттеулер дерегіне сүйенсек 14 облыс топырағында ең негізгі 12 түрі мен тармақтары бар.
- Қазақстанның су қоры
Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздақтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгейлік ерекшеліктері ең алдымен климат факторына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлшері қалыпты орташа деңгейден 2-4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі - жер асты суы. Су қорлары кең байтақ аумақта біркелкі таралмаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz