Өсімдік әлемі


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Өсімдіктер

Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіресе, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай «жауап» береді. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады. Мысалы, гүлді құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы төлеуіңіз керек екен. Себебі, құмырадағы гүл «мені бағалады» деп «риза» болып, одан әрі жайқалып өсе түседі екен. Ал, өсімдіктерге дұрыс қарамаса, уақытын-да суғарып тұрмаса «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттар бөліп шығаратын көрінеді. Мысалы, қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсеңіз, түнімен ұйықтай алмайсыз.

Ал, кактустар да адамның көңіл-күйіне әсерін тигізеді екен. Кактусқа «туу, түрі құрысын, қандай сүй-кімсіз» деп айтқан сәтте-ақ құрамында алкогольдік қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке итермелейтін көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері болғанын ғалымдар анықтаған.

Ал, кейбір өсімдіктер өз қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді. Биохимия маманы, доцент Дина Балясова көп жылдар бойы адам мен өсімдіктер-дің қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргізген. Ағылшын физиологы С. Мей-сонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Ал, жерік болған кезде қатты ит жерік болып, тіпті дәрігерлердің қандай ем қолданғанына қарамай, түсік тастайды. Ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түседі, әйелінің ауруға шалдыққанына сол кінәлі деп оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Көп ұзамай әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала көтеріп, дені сау, әдемі сәбиді дүниеге әкеледі.

Сөйтсе, фикус өз қожайы-нын әйелінен қызғанып, хи-миялық қоспа заттар бөле бастаған, ол зат Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген.

Әрине, өсімдіктердің барлығы тек зиянды екен деуге болмайды. Мысалы, фиалка (шегіркүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалық, ол басқа жаққа сапарға кетсе, сағынады екен. Ал қазтамақ (герань) бірінші суғарма-са, кәдімгідей «ренжитін» көрінеді. Өзінің ренішін ол көпке дейін гүл ашпай тұру арқылы білдіреді.

Ертеде адамдар зығыр (лен) еккен кезде, жала-ңаштанып егеді екен. Әйт-песе, мол өнім болмайды деп есептеген. «Көрдің бе, сен (зығыр) өнім бермесең, мен жалаңаш қаламын» деп айтады екен. Адамдар киімді зығырдан жасап, кигені белгілі ғой.

Ертеде «қыдырып» кеткен күйеуін үйге қайтару үшін әйелдер жатын бөлме-ге алқызыл түсті гүлді қойған. Сол бөлмеде үш күн қонған ер адам ендігә-рі басқаға қарамай, тек өз әйеліне деген сезімі арта түседі екен. Ең жағымд-ы гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда, өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген.

Гүлді өз қолыңыздан егіп, күтіп-баптаған жөн. Оларды сәбиді баққандай күтсеңіз, өс-кен соң сіздің денсаулығыңыз-ға, отбасыңызға оң әсер етеді дейді. Гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаңыз көңіл-күйіңіз көтеріліп, барлық жаман ойдан арыласыз.

Ал, мына бір оқиға осыдан 7 жыл бұрын болған. Бір үйдің ауласында жапырағы жайқалып, әдемі үлкен ағаш өсіп тұрған. Үй иесі отыздағы әйел бұл ағашты шауып тастайын деп, алдымен оның қабығын аршып тастайды. Ағаш солып қалған соң, кесіп тастамақшы болады. Әне-міне деп жүріп қолы тимейді. Бір күні «әйел өз болашағын білмекші болып көріпкел-ге барады. Көріпкел оған «отыз жасыңда өлесің» дейді. Әйелдің өзі де, туыстары да «дені сап-сау, аяқ қолы балғадай адам қалай өледі?» деп, көріпкелдің сөзіне аса мән бермейді. Тамыз айында әйел отыз жасқа толады да, туыстарын, көршілерін, жора-жолдастарын шақырмақшы болып, той қамына кірісіп кетеді. Құрбысы екеуі есіктің алдына шығып, мерейтой туралы әңгімелесіп тұрған сәтте, ауа райы күрт өзгеріп, аспанды қара бұлт торлап, қатты жел соғады. Онсыз да әрең тұрған ағаш желдің күшімен тура екі әйелдің үстіне келіп құлайды. Біреуі қашып үлгіреді, екіншісі ағаштың астында қалып, қайтыс болады.

Тура отызға толған күні, көріпкел айтқандай, ағашты кескен әйел қайтыс болыпты. Көріпкелдің айтқаны тура келді. Бұл оқиғада ең таң-қаларлығы-ағаштың әйел-ден өшін алғаны. Мүмкін, кездейсоқ болған шығар. Кім біледі? Бірақ, «ағаштың да жаны бар, олар да сезеді» дейді ғой.

«Емші» өсімдіктер Адамзат дамуының алғаш-қы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбейуіне қарай, адам осылардың кейбіреуле-рінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда, адамның тұңғыш ұстазы - табиғат, алғашқы дәріханасы - орман мен дала болды. Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты.

Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкпар, жалбыз, тал, арша, т. б. өсімдіктер-дің шипалық қасиеті белгілі болған. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққан. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген. Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуі тиіс» дейді. Мысалы, сарғайып ауырған адамды сары түсті өсімдікпен, бүйрек ауруын жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет. Халықтық меди-цинаның ел арасына көп тараған және тәуір дамыған саласы - шөппен емдеу. Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар дәстүр. Ха- лық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер де жинаған. Мысалы, қазақтар-дың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы П. С. Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін ашқан. Оның құрамында емдік эфирин за-ты табылды. Шырғанақтан алынатын майды қазақтар жараны, күйікті жазуға, итмұ-рын жемісінің қайнатылған тұнбасын аурудан әлсіреген адамға әл беру үшін, тобылғы сабағын қыздырғаннан кейінгі майын теміреткіні және қотырды емдеуге, қалақай, мыңжапырақ тұнбаларын қан тоқтатуға пайдаланған.

Қазақстан жерінде тұзды көлдер, батпақты сорлар көп-теп кездеседі. Жаздың ыстық күндері ол жерлерде қос тігіп, ас, сусын ала келіп емделетін. Ұзынша науа тәріздес етіп жерді қазып, ауру кісіні жатқызып, үстін батпақпен көміп тастайтын. Дәл осындай халықтық қағидаға сүйенген ем орындарының бірі Жаңа-Қорған санаторийінің жанын-дағы «Борықтыкөл» емдеу орталығы еді. Радикулит, ревматизм ауруларын емдейтін бұл санаторий республикадан тыс жерлерге де белгілі болған. Халық аңызы батпақтың емдік қасиетін алғаш ашқан аңшы оғынан жараланған киік деседі.

Айта кететін бір жай - қазақ халқы дәрмене жусанды емдеу үшін пайдалануын ғылыми медицинаға қосқан үлкен үлес деп бағалау ләзім. Өйткені, дәрмене жусанды қазақтың халық медицинасы ішек құрты ауруына қарсы пайдаланған. Бабаларымыз аталмыш өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сау-да керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп тұрған. Ол өте бағалы шипалы шөп ретінде, жоғары бағаланған. Себебі, дәрмене жусан Қазақстанның оңтүстігінен басқа жерде өспейді, яғни бұл өсімдікке дүние жүзінде сұраныс көп болған.

Халық медицинасы арқылы дәрілік шөптердің тізімі-нің ішінде атақты женьшень өсімдігімен таласа алатын бірден-бір өсімдік - қызғылт семізот (радиола розовая) . Немесе оны халық «алтын тамыр» деп те атап кеткен. Алтайдың халықтық медицинасында «алтын тамыр» адамның жұмыс қабілетін арттыратын дәрі ретінде пайдаланылып келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биогеография пәнінің зерттеу обьектісі
Дүниетану пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
Экзогендік геологиялық үрдістер
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
Платонның жан мен тән туралы ұғым жайлы
Дүниетану пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Қазақстанның қорықтары мен бақтары туралы
Дүниетану пәнінің жұмыс бағдарламасы
Тіршілік туралы түсінік. Табиғаттағы өсімдіктердің маңызы
Аласа таулы аймақ ландшафтысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz