Математика сабағы кезінде шығармашылық дамыту



Кіріспе

1.Оқушылар шығармашылығының тәрбиелік мәні
2.Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды атқаратын әдістемеліктер
3.Оқушылардың ойлау қабілеттерін логикалық есептер арқылы дамыту

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Ұстаз еңбегінің күрделігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуда, әрбір баланың бойындағы қабылетті дамыту үшін жағдай жасауда. Ең бастысы: мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірде, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетті сезінуді тәрбилеуі керек. Танымның қиын жолындағы балалар жетістігі мұғалімнің әрбір оқушы мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.
Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған.
Адамның ақыл- ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби болады.
Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілетті әрі қалай дамытуды, шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.
М.Жұмабаев өзінің педогогика оқулығында баланың дамуының мәселелерін көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін, зейінін қалыптастыру керек екенін жазады.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
«Қабілеттер-білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» дейді А. В. Петровский.
«Қабілет- іс-әрекеттің белгілі бір түйінін ойдағыдай, нәтижелі орындауға көрінетін адамның жеке қасиеті» деп жазады Т. Тәжібаев.
«Қабілеттер адамның іс-әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері деген де анықтама бар. Мүмкін білім де, дағды да емес. Ол адамның белгілі бір істі орындауға даярлығы», - деп қарастырады Ә. Алдамұратов.
Психология қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.
Репродуктивті (өнімсіз) – іс- әрекетті не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.
Шығармашылық - жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
1. Рақымбек Д. Оқушылардың логика-методологиялық білімдерін жетілдіру. — Алматы.
2. Сәулебекова М. Мектеп оқушысының іс-әрекетін белсендіру — оның тұлғалық дамуының негізі. //Директор школы. — 2002.
3. Рақымбек Д.Оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетін жетілдірудегі логика-әдістемелік білімдердің орны //Қазақстан жоғары мектебі. — 2002. - №2.
4. Баймұханов Б. Математиканы оқытудағы сабақтастық// Бастауыш мектеп. — 2000 - №1.
5. Сатыбалдиев О. Оқытудың психологиялық астары Ұлағат. 2000-№5.
6. Мұбараков А. Оқушының қызметін ұйымдастыру. Бастауыш мектеп 2002 - №1
7. Елубаев С. Халық ауызындағы есептердің сипаттары. Бастауыш мектеп 2003 - №2
8. Көшкентаева М. Сабақта оқушылардың талдау жасау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары Білім2001 -№4.
9. Жұмабаева Н. Баланың логикалық ойлауын дамытудың жолдары // Бастауыш мектеп 2002 - №11 .
10. Рақымова Б. Оқушының танымдык әрекетін дамыту. Бастауыш мектеп 2002 - №10 .

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1.Оқушылар шығармашылығының тәрбиелік мәні
2.Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды атқаратын әдістемеліктер
3.Оқушылардың ойлау қабілеттерін логикалық есептер арқылы дамыту

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 

Кіріспе

       Ұстаз еңбегінің күрделігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуда,
әрбір баланың бойындағы қабылетті дамыту үшін жағдай жасауда. Ең бастысы:
мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның
бойында өзін, өмірде, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек,
әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы
жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетті сезінуді тәрбилеуі керек.
Танымның қиын жолындағы балалар жетістігі мұғалімнің әрбір оқушы
мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне
дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.
       Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат
тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз
оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған.
       Адамның ақыл- ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына
жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың
әйгілі ойшылы Әл-Фараби болады.
       Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде
бала өмірге келгендегі қабілетті әрі қалай дамытуды, шыңдауды қажет
ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған
қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.
       М.Жұмабаев өзінің педогогика оқулығында баланың дамуының мәселелерін
көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін, зейінін қалыптастыру керек
екенін жазады.
        Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін таңдау ең
алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
       Қабілеттер-білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері
дейді А. В. Петровский.
       Қабілет- іс-әрекеттің белгілі бір түйінін ойдағыдай, нәтижелі
орындауға көрінетін адамның жеке қасиеті деп жазады Т. Тәжібаев.
        Қабілеттер адамның іс-әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу
мүмкіндіктері деген де анықтама бар. Мүмкін білім де, дағды да емес. Ол
адамның белгілі бір істі орындауға даярлығы, - деп қарастырады Ә.
Алдамұратов.
       Психология қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.
       Репродуктивті (өнімсіз) – іс- әрекетті не білімді берілген үлгі
бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.
       Шығармашылық - жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер
деңгейі.
      

1. Оқушылар шығармашылығының  тәрбиелік мәні

Жалпы орта білім беретін және кәсіптік мектеп реформасын жүзеге асыруды
жылдамдату жаңа мектептегі бүкіл білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін
жаңартуды қажет етеді. Білім беру ісін ұйымдастыру мен басқарудағы
демократиялық пен жариялылық мемлекеттік-қоғамдық басқару принципі, оқыту
мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру жаңа мектепке жетудің бірінші кезектегі
тиімді жолы ретінде танылады.
Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы
шығармашылықты дамыту көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарыстырылған.
Онда проблемалық оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту
талданып, проблемалық оқыту индуктивтік-гипотезалық-дедуктивтік тәсілін
ұсынған.
Бірақ та оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту көптеген
еңбектерінде зерттелмегенде, бұл мәселені толықтай шешілген деп есептеуге
болмайды.
Осы орайда ең алдымен шығармашылық түсінгіне тоқталып өтелік. Әдебиетте
шығармашылық түсінігі-жаңа өзіндік нәрсенің жасалуымен байланысты, сонымен
қатар көшімелік іс-әрекетке қарсы қойылады. Кейбір деректерде шығармашылық
құбылыс деп қарастырылған.
Ал, педагогикалық ғылымда шығармашылық түсінігі, оқушылардың өзі үшін
жаңаны, яғни субъективті жаңаны жасау қызметін немесе адамның іс-әрекетінің
белсенділігі мен дербестілігінің ең жоғарғы түрі деп түсіндіріледі. Осыған
байланысты оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып оқытудың жаңа
информациялық технологиясын пайдаланған жөн.
Жаңа информациялық технология білім беру саласын дамытуға оқыту құрамы
ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни оқу процесін
даяралауға оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағыттау, оқушының өзіндік
танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жекеше оқытуды
дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын көздейді. Білім беруді
ақпараттандырудың негізгі мақсаты-ақпараттық білімдік кеңістікті оқу-тәрбие
процесінде қалыптастыру.
Педагогикалық жүйенің деңгейлік әдістері меңгерудің даралап оқытуын
талап етуге негізделген. Деңгейлік даралап оқытуды меңгеру кезінде
деңгейлік өзіндік және бақылау жұмыстарын, сол деңгейлік жұмыстарға
сәйкесінше талаптарды (үйренуішілік, алгоритмдік, эвристикалық,
шығармашылық) жетілдіру көзделген.
Үйренушілік деңгей міндетті минимум, ал қалған деңгейлер оқушының
дербес талап-сұранысына байланысты лайықты білімді, дағдыны, шеберлікті
шындауына мүмкіндік береді. Оқу процесін ұйымдастырудың деңгейлік
даралаудың негізі әрбір үйренушіге өзінің динамикалық дамуын, сонымен бірге
даму жолының төменгі деңгейден жоғары деңгейге ұмтылуын қамтамасыз етеді.
Бірінші деңгей-үйренушілік. Оқушылардың жаңа тақырыптан алған
білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін
практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар
өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының
қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.
Екінші деңгей-алгоритмдік. Мұнда кері байланысқан функцияларды
орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген  материалдарды жүйеге
келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар
беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және
үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға
арналған тапсырмалар беріледі.
Үшінші деңгей-эвристикалық. Оқушыларға берілген тапсырмалар танымдық
ізденіс түрінде, игерген білімді тереңдету үшін әр түрлі логикалық
операцияларды (анализ, синтез, салыстыруды) керек етеді.
Төртінші деңгей-шығармашылық, әрбір тапсырманы өз бетімен түсініп,
талдай отырып орындау ғылыми шығармашылық тұлғадан шағын зертету жұмысын
жүргізіп, (кішкентай) жаңалық ашқанмен бара-бар. Есеп шығару барысында ой-
өрісінің кени түсіп, негізгі математикалық заңдылықтарды тереңірек түсінуге
жол ашады.
Осындай талаптарға сәйкес құрылған өз бетімен деңгейлік тапсырмаларды
сатысы бойынша оқушының математика сабағында өзіндік шығармашылық қабілеті
дамиды.
  
2. Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды атқаратын
әдістемеліктер.
Математиканы оқуға, жалпы еңбекке деген оң көзқарас та сапасы да
нәтижелі жүзеге асырылатын оқу үрдісіне қалыптаса бастайды. Оқушы
математиканы оқудың қажеттілігі, өзінің парызы мен міндеттері, өзі үшін
және өзінің болашақ өмірі үшін осы еңбектің керектігі туралы қанша естісе
де және өзі осы сөздерінің дұрыстығын қанша сезіне тұрса, осы іске кіріспе,
онда математиканы оқуға деген ешқандай себеп тумайды, оның үстіне осы
еңбекке деген бірқалыпты қызығу қабілеті қалыптаспайды. Оқушының оқуға
дайындығын қалыптастыратын барлық нәрсе осы математиканы оқу барысында
қалыптасады.
Математика сабағында өздігінен жұмыс істеудің тәрбиелік мәні бар. Тек
өздігінен жұмыс істегенде ғана оқушы өз мүмкіндіктернін біліп жарқын да
жайдарлы қанағаттану көңіл-күйін сезіне алады. Математиканы оқып еңбектену
барысында оқушының рухани өмірінің байлығы: ой-өрісі мен сезімдерінің
тереңдігі, қиял еркінің күші ашылып, мінезінің негізгі қырлары қалыптасады.
Математиканы оқуда, сонымен қатар оқушының жігер-қайраты, жатады,
ілтипаты дамиды, жүйелі түрде жұмыс істеу, өз ойын (ауызша, жазбаша)
дәл, дәйекті ақын көрсету дағдылары қалыптасады.
Бастауыш сыныптан бастап оқушы алғашқы рет математика оқулығын оқып
үйренеді: оқулықтан мағлұматтарды алып үйренеді, бұл республикамыздан
білгір азаматтарын тәрбиелеуге байланысты мұғалімнің алдында тұрған үлкен
міндет.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері
мен білім беру технологиялары жоспарлау жүйесі қолданылады.
Пәндердің әдістемесін қолдануда жоспарлау мынаған келіп тіреледі, яғни
әр оқушының өз кезені барыснда мұғалім оған қажетті әрбір жаңа
педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы
қажет. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:
-оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;
-әдістеме мен технологияның сабақтастығы;
-оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім
тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;
-параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;
-мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы т.б.
Демек, педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы
бойынша) төмендегідей етіп жоспарлауді ұсынуға болады.
Бастауыш мектеп:
  -дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В. Занков, Д.В. Эльконин, В.В.
Давыдов, В.В. Репин, В.А. Левин);
  -дидактикалық бірліктердің ірілендіруі (П.М. Эрдниев);
  -түсініктерді қабылдау (С.Н. Лысенкова);
  -нәтижелі әдістемелер және оны қабылдау;
  -іс-әрекетті бағалау (Ш.А. Аманшвили, И.П. Волков);
  -оқулықсыз оқыту (В.В. Агеев);
  -ойын әдістемесі және оны қабылдау (М. Монтессори, Р. Штейнердің
жүйесін қабылдау);
  -сын тұрғысынан ойлауды дамыту (Ж. Пиаже, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушының өздігінен орындайтын және шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
Математиканы оқытудың мақсаттары
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Бастауыш сыныптардағы математика пәнінен дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру
Кіші жастағы оқушыларға математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану
Білім негізі – бастауыш мектептен басталады
Математика сабақтарында есеп шығаруға қызығушылығын дамытуда жеке оқушыға бағытталған оқыту технологияларын пайдалану әдістемесі
Математиканы оқытудың жалпы әдістері
Пәндер