«Педагогика курсы» лекция жиыны


Кіріспе
Педагогика ғылымы пәндердің ішінде жас ерекшеліктер педагогикасы топтамасына жатады. «Педагогика курсы» курсы магистранттарға педагогика саласына байланысты базалық және әдістемелік білімдердің соңғы жетістіктерін және оны келешек кәсіптік іс-әрекетінде кеңінен пайдалануға қажет.
Пәннің негізгі ерекшелігінің бірі аталған оқу орындарында оқу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білімді меңгерту мен іскерліктерді қалыптастыру болып табылады.
Лекция мазмүны бүгінгі жаңа типті мектептегі оку-тәрбие процесіндегі жаңарту тендецияларын, ондағы жаңа технологияларды, педагогикалық қызмет шеберлер мен жаңашыл-педагогтар тәжірибелерін, өзара әсер етудің үжымдық формалары мен олардың өмірмен байланысын ескерсді.
Педагогикалық білімдер болашақ мамандарды білім жүйесіне койылатын мақсаттары мен білім берудің жаңа мазмүнымен таныстырады, мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару мен ұйымдастырудың формалары, әдіс-тәсілдермен қаруландырады, жанұя және қоғамның тәрбиелік ықпалдарын біріктіруге қажетті іскерліктерін қалыптастырады.
Лекция курсының: негізгі мақсаты магистранттарды бүгінгі педагогика ғылымының теориялық-әдіснамалық білімдердің негіздерімен қаруландыру болып табылады. Сондай-ақ, қоғамдық-экономикалық жағдайлардың динамикалық өзгеру жағдайындағы оқушының жеке басын қалыптастыруда түтас педагогикалық процесті тиімді үйымдастыра білу икемдігін калыптастыру болып табылады. Оқыту мен тєрбиелеудің әдістерін білу, оларды басшылыққа алуға білімін, икемін қалыптастырады.
Пәннің міндеттері : Аталған пәнді үйрету нәтижесінде магистранттар білуі тиіс:
- жалпы педагогиканыњ теориялыќ-єдіснамалыќ негіздерін білу;
- болашақ мұғалімдердің өздерінің еңбек обьектілері - тұтас педагогикалық процесс пен кәсіби әрекетіне деген тұтастық көзқарасын калыптастыру;
- оқу-тәрбие жұмысын педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдеріне, заңдылықтарына және негізгі қағидаларын сәйкес жүзеге асыру;
- сыныптағы оқу-тәрбие процесінің жай-күйін, оның негізгі сипаты бойынша айқындау (диагностика жасау) және оның болашақтағы даму жағдайын алдын-ала жобалау;
Магистранттарға педагогика пәні таныстыру көзделген. Бұл лекциялар жинағы магистранттардың теориялық білімдерін тереңдетуге озат педагогикалық тәжірибелерді оқып үйренуге өздерінің білімдерін кенінен толықтыруға көмек көрсете алады.
Жоғары мектеп педагогикасының теорялық-әдіснамалық негізі.
Жоспар:
- Қазіргі кезеңдегі жоғарғы білімнің даму тенденциялары және негізгі бағыттары.
- Білім берудегі әлемдік дағдарыс.
- Қазақстан Республикасындағы жоғарғы білім.
Педагогиканың ғылым ретінде өз пәні, яғни ғылыми таным білімнің белгілі бір саласы бар.
Бұл қоғамның жас ұрпақты өмірге даярлау жөніндегі ерекше функциясы - тәрбие беру саласы болып табылады. Тәрбиенің негізгі мақсаты - жинақталған біліммен қоғамдық - тарихи тәжірибені жеткіншек ұрпақтарға беру.
Тәрбиелеу процесінде жаңа ұрпақтар білімді, белгілі еңбек машығын меңгеруге, қоғамдық мінез - құлық нормаларын ұғып, өмірге деген көз қарастарды белгілі жүйесін қалптастыруға тиіс. Әр бір ұрпақтың алдында көбінесе күні бұрын болжауға болмайтын міндеттер туып отыратындықтан жас адамдардың бойында оларды жаңа міндеттерді бағдарлай білуге, оларды шешуге потенциялды дайын болуға көмектесетін белгілі бір қасиеттер қалыптастырылуы тиіс.
Тәрбие - қоғамдық құбылыс. Ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылар К. Маркс пен Ф. Энгельс қоғамдық дамудың заңдарына материалистік талдау жасап, тәрбие мен өндіргіш күштердің дамуы арасында заңды байланыс болатын анықтады. Олар «Адамның тұрмыс жағдайларының олардың қоғамдық қатынастарының, олардың қоғамдық болмысының өзгеруімен бірге олардың түсініктері, көз қарастарымен ұғымдары да өзгеретінін» дәлелдеп берді.
Социализм тұсындағы өндіріс пен өндірістік қатынастар дамуының жаңа сипаты жаңа типте әр жақты білім алған қызметкерлерге деген қажеттікті туғызды. Оларды даярлау үшін оқу, тәрбие мекемелерінің өзгеше жүйесі, тәрбие берудің жаңа мазмұны мен әдісін әзірлеу керек болды. Қоғамның барлық мүшелерінің жалпы, содан кейін кәсіптік немесе арнаулы білім алуын қамтамасыз ететін халыққа білім берудің жаңа жүйесі қалыптаса бастады.
Біздің қоғамымыз кемелденген социализм кезегіне аяқ басқанда жаппай орта білім беруді еңгізу, адамды жан-жақты дамытуды және оның коммунистік көз құарасын қалыптастыруды анағұрлым тиімді жүзеге асыру міндетті қойылды.
Педагогика - тәрбие туралы ғылым. Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде тарихи белгілі бір дәуірде ұсынылып дамытылатын педагогикалық идеялардың ықпалы арқылы нақтылы формалар қбылдайды.
Педагогиканың шығуы жеткіншек ұрпақтарды неғұрлым тиімді қажеттігінен туды.
Педагогикалық ой - пікір бастапқыда тәрбиенің мазмұны мен міндеттері туралы шәкіртердің ұстазбен қарым-қытынастары және мінез - құлық нормалары туралы жекелеген ойларымен пікірлер жинақтау сипатына ие бола бастады. Педагогикалық теория және прктикалық оқыту мен тәрбие беруді ұйымдастыру мәселелерімен Л. Н. Толстой көп айналысты. Ол шаруалардың балаларына арнап мектеп ашты, мектеп оқытуы үшін өзі бір неше оқулықтар, соның ішінде - жаңа әліппе мен арифметика оқулығын жазды. Өзінің педагогикалық ізденістерінде Л. Н. Толстой патша мектебінің формализмі мен жауапсыздығына қарсы наразылық білдірді, балалардың творчествалық қабілеттерін дамытуға, әр баланың жеке басын құрметтеуге шақырды.
Тәрбие туралы ғылым ретінде педагогика тәрбиенің мақсаты туралы, оның мазмұны мен әдістері туралы, ұйымдастыру формалары жөніндегі (оқыту мен тәрбие беруді қайда және қандай оқу тәрбие мекемелерінде жүзеге асыру керек, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың қандай формаларын пайдалану керек) жалпы сұрақтарға жауап береді.
Педагогикалық негізгі ұғымдар: тәрбиелеу, оқыту, білім беру болып табылады. Қазіргі замаңғы педагогикада тәрбие ұғымы үш мағынада қолданылыды.
Әлеметтік кең мағынада, оқу - тәрбие мекемесінде жүзеге асырылатын және бүкіл оқу - тәрбие процесін қамтитын мақсатты тәрбие туралы сөз, сөз болғанда, педагогикалық кең мағынада, оқу-тәрбие мекемесінде жүзеге асырылады.
Білім беру қоғамдық қажеттің, білімнің іскерлікпен дағдының белгілі бір жиынтығын меңгеруді көздейді. Адам алған білім оқу орны жүргізетін оқу сабақтарымен сабақ түс уақытта жүргізілетін алуан түрлі тәрбиенің жұмысының барысында да, сондай ақ мектептен тыс өз бетімен білім алуда қалыптасқан білімді іскерлікпен дағдыларды да қамтиды.
Оқыту деген де оқушыларды білім мен іскерлікпен, дағдылармен сондай ақ оқу сабақтарының барысында оқытушының басшылығымен жүзеге асырылатын таным қызметін тәсілдерімен қаруландыру деп түсіндіреміз.
Оқыту - білім беруге қарағанда анағұрлым тар ұғым. Оқыту біржүйеге келтірілген білімді, іскерлікті дағдыларды меңгеруді қамтамасыз ететін негізгі тәсіл болып табылады.
Оқытуға байланысты педагогикалық құбылыстарды қарағанда білім іскерлік дағды деген ұғымдар қолданылады.
Іскерлік - бұл алынған білімнің негізінде белгілі әрекеттер жасауға оқышулардың бойында қалыптасқан қабілеттік. Іскерлік іс әректеттен көрінеді.
Дағды - алған білімнің негізінде тез және қатесіз әрекет жасау арқылы көрінетін автоматтандырылған іскерлік. Дағды белгілі әрекеттерді әлде неше рет орындауды негізінде қалыптасады.
Екінші лекция. Қазіргі қоғамдағы жоғарғы білімнің ролі мен алатын орны.
Жоспар:
ҚР білім беру саясаты.
- Қазақстандағы жоғарғы мектептің дамуы және қалыптасуының негізгі кезеңдері.
- Университеттік білім берудің жаңа парадигмасы.
- Болондық процесс.
2. Жеке түлғанын қалыптасуы, тәрбиесі, дамуы ұғымдарына сипаттама.
Даму ұғымы: Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу процесі болып табылады да туа біткен және бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артыумен, сезім органдарының жетілуімен, қимылдардаң үйлесімділігімен және т. б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттарымен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады.
Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде-адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады.
Адамның дамуы дегеніміз-оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық өзгерісі емес. Даму - бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасаумен организм мен психикада болып жататын сапалық өзгерістер.
Дамуда басты, жетекші күш ретінде не әрекет етеді: баланың бойына табиғаттан дарыған мұра болып қалған қабілет-қасиеттер ме, әлде белгілі бір әлеуметтік ортаның әсерімен, оны қоршаған адамдардың ықпал жасаумен байланысты нәрселер ме?
Адамның дамуында биологиялық негіздің басымдығын жақтаушылар адамының белгілі бір тектің өкілі ретіндегі жалпы ерекшеліктері мен оны индивид ретінде сипаттайтын жеке-дара ерекшеліктері оның табиғатымен алдын-ала белгіленген деп пайымдайды. Биологияландыру теориясы-тәрбиешіден баланың табиғи дамуына араласпауды талап ететін еркін тәрбие падагогикасының басты ғылыми негізі.
Өзге бір сыңар езу көзқарастың өкілдері адамның дамуында ең маңызды және анықтаушы оның тұрмыс жағдайы, үйі мен қоршаған әлеуметтік ортаның ерекшеліктері деп санайды. Мұның өзінде олардың кейбіреулері барлық баларардың туа біткен мүмкіндіктері тең-не болса соны жазуға болатын таза тақта (tabula rasa) болып табылады деп пайымдайды. Ал адам өзін қоршаған ортаға икемделуге тиіс және сол ортаның өнімі болғандықтан, түрлі жағдайларда өмір сүретін адамдардың арасында елеулі айырмашылықтар пайда болады. Түрлі жағдайларда өскен балалардың ақыл-ой қабілеттері мен даму дәрежесіндегі айырмашылық та сондықтан.
Ғылым мен техниканың қаулап дамуы маман қызметкерлер даярлауды талап етуіне байланысты буржуазия, бұқаралық мектепте білім беру дәрежесін көтеруге мәжбүр болып отырған қазіргі кезде орта мен тұқым қуалаушылық ықпалының арақатынасы және тәрбиенің шегі мен мүмкіндіктерін айқындатын мәселелер бұрынғыдан да қауырт қойылып отыр.
Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс. Қазіргі психология мен педагогика тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын мойындай отырып, баланың дамуына қалай және қай бағытта мақсатты ықпал жасау керек, оған тәрбие беруді қалай жүзеге асыру керек екенін білу үшін бұл әсердің сипатымен механизмін жан-жақты зерттейді.
Тұқым қуалаушы- Ұрпақтарда ата-аналарға биологиялық ұқсастықтың
лықтың адам жаңғыртылуы тұқым қуалаушылық деп түсініледі.
дамуындағы ролі. Осы заманғы генетиканың табыстары адамның тұқым қуалаушылық қасиеттерімен ерекшеліктерін беру механизмін жаңа тұрғыдан анықтауға мүмкіндік беруде. Молекулярлы генетикалық деректері гендердің химиялық табиғаты туралы дәлелдейді, ал мұның өзі организмнің қасиеттері туралы информацияны сақтайтын және мұра етіп беретін өзгеше генетикалық кодта шифрленеді деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Адамның мінез-құлқының тұқым қуалаушылық программасы адамзат тұқымын жалғастыра түсу, организмге оның өмір сүру жағдайларының өзгеруіне икемделуге көмектесетін реттеу жүйесін қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Адам организмнің анатомиялық-физиологиялық құрылымы, оның жетілу сатылары, нерв жүйесі құрылысының ерекшеліктері, адамның жеке-дара ерекшеліктері тұқым қуалаушылық қасиеттерге жатады. Мұра етілетін анатомиялы-физиологиялық ерекшеліктерге терінің, көздің, шаштың түсі, сондай-ақ адамның адамзат тұқымының өкілі ретіндегі ерекшеліктері, яғни жоғары қабілетті ми, сөйлеу, тік жүру, ойлау нышандары мен еңбек ету қабілеті жатады.
Адамның өз табиғатынан дарыған, нышан түрінде ал кейіннен қабілет түрінде ашылатын тіршілік күштері деп жекелеген салаларда ойдағыдай қызмет ету мүмкіндігін түсіну керек. Бұл мүмкіндіктерді іске асыру көбінесе тұрмыс және тәрбие жағдайына байланысты болады. К. Маркс пен Р. Энгельс былай деп атап көрсетті: “Рафаель тәрізді индивид өз талантын дамыта ала ма, - бұл тұтасынан сұранысқа байланысты, ал ол өз кезегінде, еңбек бөлінісіне және адамдарды ағартудан туған жағдайларға байланысты”.
Жекелеген семьяларда қабілет тұқым қууы, бір қатар ұрпақтарда дарынды адамдардың шығуы көбінесе белгілі нышандардың тұқым қуалап берілуінен ғана емес, сонымен бірге балаларды іс-әрекеттің сол түріне деген мүдделік ахуалында тәрбиелеуден және оларды қызметтің осы түріне едәуір ерте араластырудан да деп түсініледі.
Физиологиялық тұрғыдан алғанда адамның дамуы өте күрделі процесс. Жас жағынан кемелденудің түрлі кезеңдерінде оның органдары түрліше дамиды. Мұның өзінде адамның өсуі мен есеюінің жеке кезеңдерінде бұлардың бір қалыпты дамымайтыны байқалды. Бұл, өз кезегінде, жасы әр түрлі топтардағы балалардың психикалық дамуының кейбір ортақ ерекшеліктерінен көрінеді. Мысалы: жас өспірімдердің анатомиялық-физиологиялық дамуының толып жатқан ерекшеліктері бұл жас туралы қиын жас деп айтуға негіз беретін олардың мінез-құлқының кейбір ерекше белгілерінен байқалды. Алайда жеке адамның әлеуметтік қырлары, яғни адамның қоғамдағы мінез-құлқының және оның адамдармен қарым-қатынасының ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тек қана нақтылы әлеуметтік жағдайларда қалыптасады және адамның биологиялық касиеттері оны алдын-ала айқындай алмайды.
Адам биологиялық түр ретінде өзінің біршама ұзақ дамуының барысында тым шамалы өзгерді, өйткені ол жөнінде жануарлар дүниесінің белгілі бір түрінің табиғи құрып кетуінен немесе тірі қалуынан байқалатын табиғи сұрыпталу заңы жүрмейді; оның үстінде адамның өзі табиғи ортаны, өзі өмір сүретін ортаны белсенді түрде қайта құрушы болып табылады.
Ортаның жеке “Жеке адам” деген ұғымды адамның қоғамдық мәні
адамды қалып- мәні айқара ашылады. …Адамның мәні, - деп жазды
тастырудағы ролі К. Маркс, жеке индивидке тән абстракт емес. Шын- дығында ол - барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Сондықтан ортаның адамның дамуына тигізетін әсерін қарағанда, біз жеке адамның қалыптасуы туралы сөз етеміз. Ал “жеке адам” деген ұғымға келсек, ол әлеуметтік ортамен барынша алуан түрлі өзара әрекеттердің әсерімен адам бойында қалыптасатын қасиеттерді қамтиды.
Маркстік-лениндік педагогика ортаның адам дамуына жасайтын ықпалын қарастыра отырып, қоғамның және жеке адам қалыптасуындағы, әсіресе таза адамдық нышандар дамуындағы қоғамның және адамдармен араластықтың ролін атап көрсетеді, бұлардың негізінде сөйлеу, ойлау, жүре білу қалыптасады. Мәселен, нәресте шағынан жануарлардың ортасына тап болған балалардың бойында бұл нышандар дамымады және олардың даму қабілетінің тежелгендігі соншалықты, адамдар мына қайта тап болған мұндай балалар адамдар мен араласу формаларын үлкен қиындықпен үйренеді немесе тіпті ақыр аяғына дейін адамның өмір салтына үйренісе алмайды.
Адамның жеке басын қалыптастыруға әсерін тигізетін негізгі әлеуметтік институттардың қатарына мыналар жатады: халыққа білім беру жуйесінің барлық буындарын қамтитын оқу-тәрбие мекемелері, мектептен тыс, мәдени-ағарту мекемелері, қоғамдық ұйымдар, информация таратудың бұқаралық құралдары мен қоғамның негізгі ұясы ретіндегі семья.
Адам әлеуметтік ортаның жемісі болып табылады. Ол әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне байланысты бірқатар өзгерістерге душар болады. адамның жеке басы оның өмірінің әлеуметтік жағдайларының ерекшеліктерін де, оның қай топқа жататынын да, оның тобының қоғамдық құрылымындағы жағдайында бейнелейді. Әлеуметтік жағдайлар түбегейлі өзгергенде, адамның бүкіл рухани бейнесі де өзгереді.
Адамды әлеуметтандыру процесі, яғни оның қоғамға енуі, әлеуметтік қатынастар орнатуы семьядан басталады.
Адамның жеке басының даму және қалыптасу процесіндегі семьяның ролі ерекше үлкен. Семья тұрмыстық белгілі жағдайларын жасайды, мәдени орта құрады, эмоциялық сфераның дамуына, алғашқы әлеуметтік адамгершілік түсініктердің қалыптасуына, адам мінезінің орнағуына әсерін тигізеді. Баланың семьядағы жағдайы көбінесе басқа балалардың болу не болмауына байланысты. Семья мүшелері мен баланың жастайынан жанында жүрген ересек адамдар оның өмірін қорғауға, денсаулығын нығайтуға қоршаған болмыспен араласуына, оны ұнамсыз ықпалдардан сақтауға қамқорлық жасайды.
Бала мектепке барғаннан кейін де семьяның әсері елеулі болып қала береді. Негізгі мектепте қаланатын оқушылардың көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыруда семьядағы жалпы адамгершілік қарым-қатынас, ата-ананың идеялық сенімділігі мен қоғамдық белсенділігі, олардың өз еңбегіне деген мүдделігі, көз қарасы көмектеседі. Жеке жағдайларда, адамгершілік салауаттылық жоқ семьдан тарайтын әсер балаларға мектепте үйрететінмен қайшы келуі мүмкін. Міне, мұндайда мектептің жетекшілік ролі, семьяға оқушының өз санасына ықпал жасаудың түрлі құралдарын пайдалану, оған өмірлік позициясын айқындауына көмектесу өте маңызды.
Адам жеке адам ретінде табиғаттан дарыған, тәрбие мен әлеуметтік қалыптасу жағдайларына байланысты белгілі бір түрде дамыған нышандардың және айналадығы болмыспен өзара әрекет жасаудың әсерінен алынған, бүкіл өмір бойына қалыптасатын сипаттар мен қасиеттердің қорытпасы болып табылатыны айдан анық. Осының нәтижесінде әр адамның жеке басынан оған белгілі бір қоғамның өкілі, оның әлеуметтік тобына тән, әлеуметтік типтелген жеке психологиялық дараланған, яғни индивидиум ретінде оған тән, барлық сыртқы әсерлерді дербес түсінудің нәтижесі болған және оның дара мінез-құлқынан байқалатын сипаттарды айыруға болады.
Тәрбиенің адам Тәрбие мақсаты процесс ретінде адамның мінез
дамуындағы және құлқының нақ сол қоғамда қабылданған норма-
оның жеке басын лар мен ережелерге сәйкес болуын қамтамасыз
қалыптастырудағы етуге және сонымен бірге, жеке адамның дара
ролі сипаттары мен қасиеттерін қалыптастыруға
үлкен әсерін тигізеді. Алайда ол тигізетін ықпал күші толып жатқан жағдайларға және алдымен ортадан таралған әсердің сипатына, сондай-ақ тұқым қуалаушылыққа байланысты болады.
Адамның дамуында және оның жобасын қалыптастыруда тәрбие мен микроортаның- семья мен маңындағылардың тигізетін әсерінің өзара әрекет жасауды ерекше роль атқарады. Бұл әсерлерді зерттеу және есепке алу әрбір баланың мінез-құлық ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Үйдегі қолайсыз жағдай баланың дамуына, үлгерімі мен мінез-құлқына әсерін тигізетіні байқалатын болса, тәрбиеші семья тәрбиесіне араласуы мүмкін және тиіс; ата-аналарға ықпал жасауы, олар жұмыс істейтін орындардағы қоғамдық ұйымдарға баруы және т. с. с сонымен бірге ол баланың тілін табу жөніндегі жеке-дара жұмысты күшейтіп, сабақ оқуы үшін қажетті көмек ұйымдастырады және т. б.
Тәрбие екі жақты процесс. Ол тәрбиеленуші тәрбиеші қоятын талаптарды түсініп, қабылдағанда, оларды орындауға құлшына ұмытылғанда ғана тиімді болады. Мұндай қатынасты қалыптастырудың негізінде баланың өзіне қойылып отырған талаптардың орынды, олардың әділ, дәлелді екенін түсінуі жатыр.
Тәрбиенің нәтижелерін сипаттайтын ең басты нәрсе бұл жалпы дамуын қамтамасыз ету, оның жеке басының бағытын қалыптастыру, оның бойында рухани қажеттер мен мүдделерді дамыту. Социалистік қоғамда тәрбие әлеуметтік қолайлы ортаның ықпалын күшейте түсуге және адамның жеке басын қалыптастыруды мақсатты, коммунистік құрылыстың міндеттеріне бағынышты етуге тиіс.
Тәрбие және адам Тәрбие жұмысы әрдайым белгілі бір жас мөлшерін-
дамуының жас дегі топқа бағдарланады. Жас мүмкіндіктері мен
ерекшеліктері ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиелік міндеттер қойы-
лып педагогикалық ықпал жасау құралдары мен әдістері таңдап алынады.
Түрлі оқу-тәрбие мекемелерінде әр бір жас мөлшеріндегі жекелеген топтармен сара жұмыс жүргізіледі.
Адамның өмірінде мектеп жасына дейінгі, мектеп жасы кезеңдері және әлеуметтік кемелденген, есейген кезең деп бөліп қарау қабылданған. Бұл кезеңдердің әрқайсысының ішінде адам дамуының белгілі өзгешелігімен сипатталатын жас шамасының анағұрлым қысқа белестері болады.
Мектепке дейінгі жастағы балалар мына кезеңдерге: Сәбилік шаққа - екі жасқа дейін, нағыз мектепке дейінгі шаққа - екіден жеті жасқа дейін болып бөлінеді. Мектеп жасындағы балалар оқыту мен тәрбиелеудің негізгі кезеңдеріне сәйкес кішкентай шәкірттік шақтағы балалар 7-9 жастағылар (І-ІІ сыныптар), естияр және есейген шақтағы жеткіншектер 10-12 жастағылар (ІV-VІсыныптар), ересек (ержеткен) шақтағы жеткіншектер 13-15 жастағылар (VІІ-VІІІ сыныптар) және жас өспірімдер 16-17 жастағылар (ІХ-Х сыныптар) болып бөлінеді.
Мектепке дейінгі шақ - бұл балалардың өміріндегі елеулі кезең, өйткені олар туғаннан мектепке барғанға дейін дамудың үлкен жолынан өтеді. Бұл дене шапшаң өсіп, организм жалпы нығаятын, ми мен организмнің барлық негізгі функцияларының дамитын кезеңі. Бұл кезеңде жас шамасының ерекшеліктері ғана емес, сонымен бірге дара типологиялық сипаттар да барынша көзге түсерліктей байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz