Эволюция түрлері


Макроэволюция
Макроэволюция ـ түрден жоғары деңгейде (туыс тұқымдас, отряд, класс, т. б. ) қалыптасуына ықпал ететін эволюциялық өзгерістер макроэволюция терминінің тұңғыш рет ғылымға, орыс ғалымы Ю. А. Филипченко енгізген (1927 ж. ) . Қазіргі кездегі зерттеулерде макроэволюцияның механизмі жоқ, тек микроэволюция процестерінің негізінде ғана жүзеге асады деген тұжырымдар жасалды. Микроээволюция деңгейінде көрінбейтін эволюцияның жалпы заңдылықтары мен бағыттарын макроэволюцияда байқауға болады. Микроэволюциядағы процестер жинақтала келіп, макроэволюциялық құбылыстардан сырттай көрініс табады. Макроэволюция деңгейінде микроэволюция кезінде байқалмайтын органикалық дүние эволюциясының бағыттары мен заңдылықтары белгілі болады. Кейбір биологـғалымдар (Р. Вальтерек, Р. Гольдшмидт) жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында макроэволюция терминінде өзгергіштіктің екі түрі: түраралық өзгергіштік (Мендель заңына бағынатын), ерекше өзгергіштікке (Мендель заңына бағынбайтын) де қолданылады. Эволюцияның дамуыды зерттеуші көптеген ғалым ـ биологтар туыс, тұқымдас, отряд, класс, т. б. микроэволюция негізінде дамитынын айтады.
Микроэволюция
Микроэволюцияـбір туыс жататын популяциялар ішінде жүретін әрі популяциялардың гендік қорының өзгеруіне және жаңа түрлердің пайда болуына алып келетін эволюциялық процестердің жиынтығы. Микроэволюция терминін ғылымға енгізген Ресей ғалымы, Н. В. ТимоффевـРесовский (1938 ж. ) . Микроэволюция мутациялық өзгергіштіктің негізінде табиғи сұрыптаудың нәтижесінде жүзеге асады. Микроэволюция негізінде эволюциялық факторлардың (мутация, миграция, оқшаулану, тіршілік үшін күрес, сұрыпталу, т. б. ) әсерімен популяциялы генотиптік құрамның өзгеруі нәтижесінде сол популяцияда жаңа түр пайда болады. Микроэволюция процесінің жүзе. е асуына популяция санының ауытқуы, олардың арасындағы генетик ақпараттардың алмасуы, оқшаулану және гендердің ығысуы (дрейфі) әсер етеді. Микроэволюция тұтастай алғандағы биологиялық түрдің бүкіл гендік қорының өзгеруіне немесе кейбір популяцияның оқшаулануы кезінде атаـаналарынаң өзгеше жаңа бір түрдің пайда болуына алыпкеледі. Микроэволюциялық зерттеулер нәтижелі болуы үшін популяцияның генетикалық құрылымы және оның динамикасы құрастырылады.
Біріншіден, сол даму іліміне сенетін ғалымдар оның бір-бірінен алшақ екі түрі туралы айтып, соларды «микроэволюция» және «макроэволюция» деп атайды.
Ал макроэволюция болса, қазіргі тіршілік иелерінің барлығы бастапқы зат пен энергиядан табиғи заңдардың негізінде, кездейсоқ жайттардың ықпалымен бірте-бірте өрбіген дейді. Макроэволюциялық болжамды жақтаушылар «үлкен жарылыстан» бастап, осы күнгі екеуімізге дейінгі барлық нәрсе кездейсоқ пайда болды дейді. Расында бұл тәлімді ғылыми ілім емес, пәлсапалық көзқарас деген жөн. Себебі оны ғылыми тәжірибе мен бақылау арқылы дәлелдеуге болмайды. Оның көп қағидаларының, мысалы, табиғи сұрыпталу теориясының көмескілеу анықталғандығы себепті оларды нақты тексеруге болмайды. Сондықтан бұл теорияны нақты ғылымға емес, пәлсапаға жатқызуға тура келеді. Бүгінгі күнгі ғалымдардың көбі мұны ашық мойындайды. (Өкінішке орай, мектеп оқулықтарының басым көпшілігі макроэволюцияны әлі де ғылым деп түсіндіреді. )
Макроэволюцияны ғылыми әдістермен тексеруге болмайтынымен қатар, ол физиканың негізгі заңдарының бірі - Термодинамиканың екінші заңына да қайшы. Макроэволюцияның айтатыны - зат пен энергия өз-өзінен ұйымдасып, қарапайым қалыптардан күрделі қалыптарға дами береді дейді. Ал термодинамиканың екінші заңы болса, егер сырттан еш әсер жасалмаса, кез келген жүйқ (тірі организм, зат не адам қоғамы болсын) күрделіден қарапайымға дамып, ыдырауға, өлуге, өшуге бейім тұрады дейді. Қазірге дейін бүкіл дүниеде осы заңды бұзатын, оған қайшы келетін ешқандай құбылыс байқалған емес.
Макроэволюцияның тіршіліктің қалай пайда болғанын түсіндіретін болжамын, яғни, баяғы заманда химиялық заттар бір-бірімен кездейсоқ қосылыс түзеп, тіршілік пайда болды деген болжамын растайтын дәлелдері де жоқ. Ғалымдардың өз зертханаларында түрлі химиялық қосылыстарды бір-бірімен қосып, тіршіліктің қасиетіне ие затты алуға тырыса бастағандарына ондаған жылдардың жүзі болды. Олар өз істерін жеңілдету үшін тәжірибелерін жай химиялық элементтермен емес, күрделі химиялық қосылыстармен жүргізсе де, шын мәнінде тірі затты ешқашан ала алған жоқ. Олардың әзірше қол жеткізгендері - тіршіліктің кейбір қасиеттеріне ие заттар. Бірақ осыған да ғалымдар «кездейсоқ» емес, көп еңбектің және тәжірибе жасағанда белгілі талаптар мен жағдайларды қатаң сақтаудың арқасында ғана қол жеткізді. Әрине, бұл жерде мен олар ешқашан зертханада тіршілікті қолдан жасауға жете алмайды деп кесіп айтқым келмейді.
Дүниедегі алдыңғы қатарлы астрофизик ғалымдардың бірі - Н. Чандра Викрамасингхе, өзі тегі бойынша Шри-Ланкалық, қазір Уельстегі Кардифф қаласының Университет колледжінде ғылыми зерттеумен шұғылданып, дәріс те береді. Ғылым докторы Викрамасингхе сонымен бірге математиканың және ықтималдықтар теориясының кең танымал тұлғасы. Оған тіршіліктің өзінен-өзі пайда болуының ықтималдығы қандай деген сұрақ қойылды. Жаратушы міндетті түрде болуы керек, себебі осы тіршілік әлемнің ешбір бөлігінде өздігінен пайда бола алмайды деген тұжырымға келді. Ғалымның өзінің айтуы бойынша, бұндай шешімге ол буддашыл агностик болғанына қарамастан ғылыми жұмысының қорытындысынан келген. Бұл оған оңай болмағаны анық, себебі бұндай тұжырым жасау оның бұрынғы көзқарасына қарама-қайшы.
Эволюциялық теория тағы тірі ағзаларда болатын мутациялық өзгерістер кейде пайдалы болады деп айтады. Бірақ әзірше табиғатта да, зертханаларда да пайдалы мутациялар байқалған емес. Ал эволюцияны жақтаушылар макроэволюцияның орын алуы үшін пайдалы, қарапайымдырақ организмді күрделірек ететін мутациялық өзгерістер міндетті түрде болуы керек дегенді мойындайды. Алайда тіршілік иелері үшін пайдалы мутациялар ешқашан байқалған емес. Олардың күні бүгінге дейін байқалғандары зиянды немесе бейтарап, солардың ішінде зияндылары басым көпшілікті құрайды да, бейтараптары бірен-саран ғана. Бұл Термодинамиканың екінші заңына толығымен сәйкес келеді. Сол заң бойынша, барлық жүйелер бұрынғыдан күрделірек емес, қарапайымдырақ күйге түсуге бейім болады. Бірақ кейбір адамдар макроэволюцияға нық сенетін болғандықтан, пайдалы мутациялар орын алуға тиіс деп болжайды, өйткені онсыз макроэволюция жоқ. Басқаша айтқанда, макроэволюцияға деген сенімдері олардың табиғатқа және ғылымға деген көзқарастарын белгілеп, бұрмалайды. Ал шынайы ғалымдар болса, өз көзқарастарын ұстанған ілімдерін тек нақты жайттар мен деректерге ғана негіздейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz