Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы



1 Соғыс алдындағы келіссөздер мен фактілер
2 Соғыстың 1.кезеңі
3 Соғыстың екінші кезеңі ( 1941 жыл 22 маусым . 1942 жыл 18 қараша)
4 Соғыстың үшінші кезеңі ( 1942 жыл 19 қараша . 1943 жыл желтоқсан)
5 Соғыстың төртінші кезеңі ( 1944 жыл 1 қаңтар . 1945 жыл мамыр )
6 Соғыстың бесінші кезеңі ( 1945 жыл 9 мамыр . 2 қыркүйек )
7 Атлант үшін шайқас
8 Курск шайқасы
9 Арденна шабуылдары мен Висла.Одер операциялары
10 Одақтар арасындағы соғыстар
11 Екінші Дүниежүзілік соғыс салдары
1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39 ж. Испаниядабасқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия көршілерінен баска жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет облысын, 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында Италия Албанияны басып алды. Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ,КСРО-мен үжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Екінші дүниежүзілік соғыс[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Екінші Дүниежүзілік соғысының Еуропада жүргізілуі

Екінші Дүниежүзілік соғыс (қыркүйектің 1, 1939 — қыркүйектің 2, 1945) —
дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тара пынан
басталғансоғыс. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние
жүзінеүстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті.
Оны Италия және Жапонияүкіметтері қолдады.

Мазмұны

  [жасыру] 
• 1 Соғыс алдындағы келіссөздер мен фактілер
• 2 Соғыстың 1-кезеңі
• 3 Соғыстың екінші кезеңі ( 1941 жыл 22 маусым – 1942 жыл 18 қараша)
• 4 Соғыстың үшінші кезеңі ( 1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл желтоқсан)
• 5 Соғыстың төртінші кезеңі ( 1944 жыл 1 қаңтар – 1945 жыл мамыр )
• 6 Соғыстың бесінші кезеңі ( 1945 жыл 9 мамыр – 2 қыркүйек )
• 7 Атлант үшін шайқас
• 8 Курск шайқасы
• 9 Арденна шабуылдары мен Висла-Одер операциялары
• 10 Одақтар арасындағы соғыстар
• 11 Екінші Дүниежүзілік соғыс салдары
Соғыс алдындағы келіссөздер мен фактілер[өңдеу]

1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне
үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті.
Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония
антикоминтерндік пактіге қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония
1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39
ж. Испаниядабасқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Австрияны,
Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында
Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары
кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия
көршілерінен баска жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес
Чехословакияның Судет облысын, 1939 ж. наурызда
Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында
Италия Албанияны басып алды. Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания
мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия,  Түркия елдерін қорғауға
міндеттеме алды, сондай-ақ,КСРО-мен үжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз
жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді
тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939
ж. 23 тамыз) қол қойды.

Молотов-Риббентроп келісімі

Осы Молотов-Риббентроп келісімі (В.Молотов КСРО-ның, М.Ребентроп
Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде
Шығ. Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп
алды. Финляндия,Латвия, Литва, Эстония, Бессарабия және Пол ьшаның шығыс
бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған
бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды.

Соғыстың 1-кезеңі[өңдеу]

Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен
келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал
3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк
армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді. 17
қыркүйекте Қызыл Армия Молотов — Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның
шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал
қыркүйек — казан айларында Эстония, Латвия, Литва үк іметтерімен өзара көмек
шарттарын жасасып, әскер кіргізді. Осыдан кейін Кеңес
үкіметі ФинляндияданЛенинград (казіргі Санкт-Петербор) қаласының
қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті. Осы талапты
күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың бас кезінде
кеңес-финн соғысы болып, шекара солтүстік-батысқа қарай жылжытылды.
Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз екенін көрсетті
және КСРО-ның беделіне үлкен нүксан келтірді. 1940 ж. 28 маусымда Румыния
Бессарабия мен Солт. Буковинаны Кеңес Одағына беруге мәжбүр болды.

Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай
бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия
Ұлыбритания теңіз флотына соқкы берді де, Бат. Еуропаны жаулап алуға
кірісті. 1940 ж. сәуір — мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып,
10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай Францияға басып
кірді. Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым
күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің қуыршақ үкіметі құрылып, елдің
қалған бөлігінде герман билігі орнады. Шарль де Голль бастаған француз
патриоттары Ұлыбританияға кетіп, күресті жалғастырды. Маусым айында (1940)
Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. Енді
гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті. Бірақ Гитлер
Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғыска мұқият
дайындала бастады. Жапониямен, Италиямен достык нығайтылды. Балкан
компаниясы (1941) нәтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік
Сербия, Хорватия мемлекеттері күрылды. Румыния, Венгрия, Болгария,
Финляндия фашистік одақка қосылды. Басып алынған жерлерді қырып жою,
еріксіз жүмысқа пайдалану саясаты жүргізіліп, нәтижесінде фашистерге қарсы
карсыласу козғалысы дүниеге келді. АҚШ үкіметі бейтараптык саясатынан бас
тартып, Ұлыбритания мен баска да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе
жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11
наурыз).

Соғыстың екінші кезеңі ( 1941 жыл 22 маусым – 1942 жыл 18 қараша)[өңдеу]

1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО- ға басып кірді. Германияға Венгрия,
Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиянкескі сипат
алып, Германия өзінің Қарулы Күштерінің 77% - ын осы майданда ұстады (қ.
Ұлы Отан соғысы ). Мәскеу шайқасында ( 1942, шілде – қараша ) кеңес армиясы
өз отанын қорғап қалды. 1941 жылы шілдеде КСРО үкіметі Ұлыбритания және
эмигоациядағы Польша, Чехославакия үкіметтерімен келісімге келді.
Қыркүйектің аяғы – қазан айының бас кезінде (1941) Мәскеуде АҚШ,
Ұлыбритания үкіметтері КСРО- ға қару – жарақпен көмек беру жөнінде
келісімге қол қойды. Гитлерге қарсы одақтың негізі қаланды. 1941 жылы 7
желтоқсанда Жапония Тынық мұхиттағы АҚШ- тың Перл – Харбор базасына басып
кірді. 8 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттері Жапонияға соғыс
жариялады. 1942 жылы 1 қаңтар күні Вашингтонда 26 мемлекет үндеу қабылдап,
фашистік одаққа қарсы күш біріктіруге шешім қбылдады. 1941 жылы 22.12
– 1942жылы 14.01 Черчилль мен Рузвельт біріккен ағылшын – американ штабын
және Тынық мұхитта ағылшын – американ – голланд – австралия бірыңғай одағын
құруға шешім қабылдады. 1942 жылы Жапония АҚШ- тың Тынық мұхиттағы негізгі
соғыс базаларына соққы берді, Тайланд, Сянган
(Гонконг), Бирма, Малайя, Филиппин,  Индонезияның басты аралдарын басып алды
да,Австралияға қауіп төндірді. АҚШ Атлант теңізіндегі флотының бір
бөлігін Тынық мұхитына көшірді де, 1942 жылдың 1 жартысында жапон флотына
біршеше соққы беріп, қорғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде
жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшеді. Америка және Ағылшын флоттары
Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 жылы жазда оларды
Атлант мұхитынан ығыстыра бастады.

Соғыстың үшінші кезеңі ( 1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл желтоқсан)[өңдеу]

Гитлерге одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия
Қарулы Күштерінің 71% - і кеңес – герман майданында болды. Қызыл Армияның
Сталинград тубінде жеңіске жетуі партизан қозғалысы мен Польша, Югославия,
Чехославакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б елдерде
қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 жыл 29 қазанда Солтүстік
Африкада генерал Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып,
Триполитания, Киренайка, Тоубурк, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын –
америкалық экспедициялық корпусы ( генерал Д. Эйзенхауер )
франциялықСолтүстік Африка саяси - әкімшілік бірлестігіне
( Алжир, Оран, Касабланка, т.б ) келіп түсті. Бірақ шaбуылға шыққан неміс
армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін
тоығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 жылы мамырда Солтүстік
Африканы толығымен азат етті. 1943 жылы жазда өткен әйгілі Курск шайқасында
жеңіске жеткенҚызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға
шығып, Украина мен Беларусьті азат етуге кірісті ( қ. Курск шайқасы ).
Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар
1943 жылы жазда Сицилияны басып алып, Апеннин түбегінебеттеді.
Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде
шілденің аяғында Италияда Муссолиниүкіметі құлап, П. Бадольо бастаған жаңа
үкімет 3 қыркүйекте АҚШ- пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда
гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді
толығымен басып алды. 1943 жылы өткен Каиржәне Тегеран конференциял арында
ағылшын – американ үкіметтері 1944 жылы мамыр айында Еуропада екінші майдан
ашуға келісті, ал Кеңес Одағы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін
Жапониямен соғысуға міндеттенді.

Соғыстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлі
Бірінші жүниежүзілік соғыстың себептері мен барысы, қорытындылары
Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай
1945-1980 жылдардағы КСРО туралы ақпарат
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
Антигитлерлік коалициясының құрылуы және екінші майдан мәселесі
Бірінші лейбористік үкімет
ФАШИСТІК ИТАЛИЯНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл
Пәндер