Кәсіби деформация


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Кәсіби деформацияға жалпы шолу
  2. Кәсіптік деформацияны зерттеу
  3. Кәсіптік деформациясының белгілері
  4. Кәсіптік деформация үлгісі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Әртүрлі маман дәрігерлердің кәсіби деформациясы

Кез - келген адам өзінің кәсібі және жұмысы арқылы дамиды және айналасындағы адамдарға көмектесе алады. Бірақ қазіргі кезде көп уақыт ( 5 жылдан көп) тек бір ғана жұмыспен айналысатын адамдар арасында кәсіптік шалдығу байқалады. Кәсіптік шалдығудың себебі, дұрыс таңдалмаған мамандық, карьерлік өсудің болмауы немесе басқа жағдайлар. Психологтардың айтуынша, мамандықтың таңдалуы сол адамның болашақтағы іс - әрекетіне, мінез - құлқына әсерін тигізеді. Кәсіби жұмыс адамға өсуге ғана емес, сонымен қатар адамның маман ретінде деградацияға ұшырауына әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайда адам қоғамға теріс әсерін тигізуі мүмкін. Кәсіптік деформация дегеніміз- дәрігердің психологиялық болмысына мамандығының жасайтын әсері. Кәсіптік деформация - маман иесінің жағымсыз қасиеттерінің бірі болып табылады. “Кәсіптік деформацияны” толық қарастырғанда Э. Ф. Зеер былай деді: «Бір жұмысты ұзақ уақыт атқарса, онда ол кәсіптік шалдығуға, кәсіптік білімнің азаюына алып келеді. Кәсіптік деформация - жеке тұлғаның тұлға ретінде қалыптасуына бөгет жасайтын уақыт бойы жинақталған өзгеріс. » Кәсіптік деформация көп жағдайда адамдармен тығыз қарым - қатынаста болатын мамандық иелерінде байқалады (дәрігер, мұғалім, психолог, т. б. ) . Кәсіптік деформация адаммен адам қарым-қатынас жасайтын қызметтерге тән. Кәсіптік деформация, кәсіби адаптацияға байланысты, яғни дәрігер аурудың қиналуына үйреніп, бейімделу негізінде пайда болады. Әрине, дәрігерге змоционалдық қарсы тұру қабілеті де керек, бірақта ол мамандықтың оңды қасиеттерін, этика нормалары негіздерін мұқият сақтауы қажет. Дәрігер өз шешімдері мен әрекеттеріне толық міндетті және науқастарға көрсетілген жәрдемнің түрлеріне толық жауапты болады. Науқастарға көрсетілген жәрдемнің сапасы ешқашан да оның білімі мен біліктілігінен жоғары болмайтынын есінде сақтап, дәрігер міндетті түрде және үнемі кәсіби дәрежесін жетілдіруі керек. Дәрігер өз әрекетін іске асыруда медицина ілімінің соңғы жетістіктерін қолдануы қажет. Кәсіби шешім қабылдауында, материалдық пайда табу жағы, дәрігерді қиянатқа итермелемеуі кажет.

Дәрі шығару фирмаларының препараттарын тағайындау үшін, дәрігер олардың сыйлықтарын алуға дағдыланбауы жөн. Дәрілерді тағайындаған кезде, дәрігер тек науқастың кұкығын сақтап, меди-циналық көрсеткіштерін басшылық етеді. Соғыс және бейбітшілік жағдайында, медициналық жәрдемді қажет етуші адамдарға, олардың жасына, жынысына, ултына, дініне, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына, азаматтылығына және басқадай медициналық емес жағдайына, сонымен қатар, материалдық жағдайына байланысты көмек беріледі.

Кәсіптік деформацияны зерттеу.

Кәсіби қызмет және тұлғалық аймақта деформация көрінісінің арасында, байланыстардың алуан түрлі болуы, кәсіптік деформацияның табиғи құрылымын ашудаі көптеген қиындықтар әкеледі.

Кәсіптік деформация даму барысында, тұлғаның спецификалық өзгеріс мәселесін зерттей келе, негативті қоғамдық психологиялық көріністердің орны ерекше екені анықталды. Ол тұрақтылыкпен сипатталып, түрлі жағдайлардың құрылымына кіре алады. Оларға: адамдарға деген ашуыза, қатулық, басқа адамның ауыртпашылығын қабылдағысы келмеу, адамгершілік пен мейірімділіктің болмауы, коммуникабельділіктің төмен болуы, басқа адамды түсінгісі келмеу, сыпайылықтың болмауы, өтірік айту, жауапсыздық, дөрекілік жатады.

Қоғамға кері әсерін тигізетін көріністер, қоғамдық қалыптарды бұзып, социумға зияндық әкеледі. Оларға: түрлі бюрократикалық өзгерістер, кек алу, саяси және құқықтық талаптардың бұзылуы жатады.

Қоғамдық қалыптардан туындайтын өзгерісті «қоғамдық патоло­гии» деп атайды. Қоғамдық патология, қоғам мен тұлғалардың көқарасына зиян тигізеді. Аталған көріністер арасындағы шекара көп жағдайда салыстырмалы екені баршаға мәлім. Әдебиеттерді талқылай келе, кәсіби қызмет, тұлғаға талаптар қою арқылы, оған арнайы бір білім беріледі. Соның нәтижесінде, ұзақ жылдарға созылған типтік есептерді шығару кәсіби білімді, сұхбат стилін қалыптастырумен қатар, кәсіби қылықтарды да орнатуға ықпал жасайды. Адам басқа бір тұлғамен танысқанда, ең алдымен тұлға ретінде бағаласа, оның мамандығы жаңа танысқан адам жөнінде арнайы түсінік қалыптастыруда өз ізін қалдырады. Рольдік позицияны түсіну барысында, адам өзін сұхбат жүргізуші адамның орнына қойып, өзінің әрекетін жоспарлай алады. Егер тұлға рольдік арақатынасты өмірдің барлық саласына араластыратын болса, онда оның әрекеті адекватсыз болып, онымен тіл табысу қиындыққа соғады.

Деформацияның көрініс беруін бірнеше мысалдармен келтіруге болады. Көптеген ұстаздар, сөйлеу мәнері мен дидактикалығымен ерекшеленеді. Жоғары оқу орындагы әрекеттер, оның тұлғалық жеке сұхбат барысында да өз көрінісін береді. Сонымен қатар, авторитарлықтың артық байқалуы, ұжымның қалыптасуын тежеп, студенттердің өз-өзін адекватты емес бағалауына және невроздың дамуына әкеледі. Мұндай ұстаздар, студентті тек «типтік көрініс беруші» ретінде қабылдап, жеке ерекшеліктеріне назар аудармай, оған эффективті әсер етуін төмендетеді.

Жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың кәсіби деформациясы, берілетін ақпараттардың көптігіне байланысты, лекция барысында көптеген сөздік штамптардың қолданылуымен байланысты. Бір жағынан, бұл - жылдар барысында оқытушының жұмысын жеңілдетеді, бірақ дәрістің мазмұнына кері әсерін тигізіп, бір типтілікке әкеледі.

Дәрігерлер үшін, науқаспен сұхбаттасу барысында, оны аса ынтамен тыңдау, ауру жөніндегі нақты түсінік қалыптастыру, сырқаттың жазылып кетуі жөнінде науқасты тыныштандыру, уайымын басу, оны сендіру маңызды. Бірақ, кейде дәрігер-хирургтардың қажет емес жердегі спецификалық әзілдері, олардың адамдармен қарым-қатынасын қиындатады. Дәрігерлерде кәсіптік деформация, уақытты үнемдеуге бағытталған, кәсіби термин сѳздерді қолдану ретінде көрінеді.

Деформация ерекшеліктерін мамандықпен қатар, адамның қызметтегі лауазымы анықтайды. Үнемі бұйрық беретін басқарушы кәсіпкерде әр кѳкіректік байқалып, шындықты адекватты қабылдау мен ѳзіне сын кѳзбен қарау әлсірейді. Мамандық, уақыт, адамның мінезін ѳзгертеді. Ал мамандықты таңдау бастан тұлғаның ѳзіне байланысты. Кѳптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, кәсіптік деформация, кәсіби тұлғалық даму жолы қалыптарының өзгеруі, ауытқуы барысында қалыптасады.

Мына сұраққа жауап алу аса маңызды: «Кәсіптік деформация ненің әсерінен дамиды?». Онтогенез бойынша мынадай жолдар белгілі: жетілу, оқу, субъекттің шығармашылыгы. Бұл жағдайда жетілуге, жеке дамудың жалғасы ретінде, кәсіптік деформацияның дамуы жатады. Оқу аналогы болып, түрлі адамдардың, басшылардың қызметтік қасиеттері мен сапалықты талап ету мақсатындағы психологиялық әсері табылады. Субъекттің шығармашылык белсенділігі, тұлға деформациясын тудыратын психологиялық тәжірибені сезіну ретінде дамиды. Психологиялық тәжірибе аспектісінің қалыптасуы, кейбір жағымды және жағымсыз мүмкіндіктердің жоғалуы мен психикалық дамуына әкеледі. Зерттеулердің қорытындысы бойынша, адамдар «психологиялық тұрғыдан әлсіз» болғанша, «күшті» болуға ұмтылатыны анықталған.

Кәсіптік деформацияның қазіргі таңда дамуының зандылықтарын зерттеу үшін, ең алдымен оны тудыратын жағдайлар мен шарттарды, даму үрдісін анықтау керек. Ол деформацияның себебін, табиғатын, ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен, кәсіптік деформация дегеніміз - тұлғаның кәсіби ортаға, кәсіби тәжірибе жинақтауға, қоғамның кәсіби қасиеттерін меңгеруге қарсылық үрдісі; сонымен қатар, сыртқы факторларға жауап ретінде, түрлі типте бейімделу, әрекет барысында кәсіби тәжірибені белсенді жинау үрдісі.

Кәсіптік деформациясының белгілері:

  1. Науқас тұлғасына дәрігердің біртұтас көзқараста болмауы;
  2. Мамандыққа тән сөйлемшелерді (жаргон) қолдануы;
  3. Науқасқа және оның туыстарына кейігіш және исығыс қарым - қатынаста болмауы;

Дәрігер қызметіне байланысты мекемеге қатынасты алынған міндеттерін тиянақты орындауы қажет. Студенттерді және жас мамандарды оқып жүрген дәрігердің тәртібі және өз міндеттерін орындауға қатынасы лайықты түрде және олар үлгі түтатындай болуы қажет. Дәрігердің жекеше тәжірибелігі заң арқылы реттеледі. Дәрігердің басқа дәрігерлерді, жетім балаларды тегін емдеуі - оның парызы және кәсіби адамгершілігі. Гуманизм мақсатында қызметін атқаруына байланысты, дәрігер тұлғалық беделін заңды түрде қорғауға, жеткілікті материалдық қамтамасыз етуді, соғыс және бейбітшілік кезінде кәсіби әрекетін атқаруға жағдай тудырушы, талап етуге мүмкіншілігі бар. Дәрігердің ұйымдастырылған (заны түрде) қарсылық білдіру қозғалыстарға қатынасуы, оны өз міндетін атқарудан ауруларына қажетті медициналық жәрдем беруден босатпайды. Емделудің кезеңдеріне қарай, дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы дәрігерге түрлі міндет артады. Мысалы, 1-ші сатысында бір-бірін түсініп, ем мақсатына келісім жасалады. Екінші сатыда - коммуникативтік жүйесі қүрастырылып, әрқайсысының реттік ролі және емдеуге әрекеттесіп қатынасу дәрежесі анықталады. Үшінші кезеңде дәрігер белсенділігін тежейді, аурудың дербестігіне және тәуелсіздігіне мүмкіндік жасайды.

Қарым-қатынас жасаудың қолайлы түріне, дәрігердің белсенді болып, директивті және директивті емес стильдің шегінен шықпауы жатады.
Ақылы медициналық жәрдем беру жағдайында, науқастың дәрігерден тосулары және талап қоюы қарқынды өседі. Мұндай жағдайда, екеуінің қарым-қатынасы келісім-шарт үлгісіне негізделеді. Бұл үлгі жеке кәсіпкерлік руһына сай, сұраныс және үсыныс, нарықтық қарым-қатынасқа байланысты қүрылады. Сондықтан, емдеу процесі екі жақты бақыланып, жүргізіледі. Дәрігерлік ассоциялардың жұмысына қатысуға, олардың тапсырмаларын орындауға, дәрігер міндетті болады.

Дәрігерлік жұмысын атқаруда, дәрігер аурулардың және медициналық қоғамдастықтың алдында, ал заң бұзылуына байланысты - сот алдында жауапты. Бірақ та, ең алдымен, дәрігер өз ар-ұяты алдында міндетті болуы керек.
Дәрігерлік этиканың орындалуын кәсіби ассоциялар қадағалайды.
Дәрігердің атқаратын алдын алу және емдеу диагностикалық жұмысының әлеуметтік маңыздылығы өте зор.

Адамның денсаулығын сақтау, өмірін қорғау қоғамға талай экономикалық табыс келтіретіні мәлім. Жоғары тәжірибелі, білімді бір дәрігер ғана жүздеген - мықтаған адамдардың өмірін сақтап қалуы нәтижесінде, қоғамдағы әлеуметтік жағдайға маңызды үлесін қоса алады. Дәрігердің басшылык ролі - бұл дәрігердің белсенді, бастаушы позицияда, лидер ретінде, ал науқастың белсенділігі шамалы, дәрігерге ілесетін жағдайда болуы. Дәрігердің басқару ролін өзіне алуы, беделді және билікті жағдайда болуы арқылы, барлық емдеу кезіңде туатын мәселелерді шешуін өз жауапкершілігіне алады. Мұндай дәрігерді, аурудың көбі «дуагер, маг» ретінде қабылдап, оның әрекетіне зәру болады. Аурулар оның басымдылығьша бейімделіп, оған толық бағынуға даяр. Олардың ойы - «дәрігер барлығын біледі, науқас - ештеңе білмейді». Кемеліне келмеген, ересеймеген, мінез-құлқына қарай басқаруды қажет ететін науқастарда, бұл қатынас қолайлы және қажетті.
Қазіргі кезде дәрігердің аурумен қарым-қатынас үлгісі ретінде, оның билік жасау, авторитарлы ролі саналады. Бұлда дәрігер белсенді, лидер позициясында болып, арақатынаста доминант (басқарушы) ролін атқарады. Яғни, ол емдеу және диагностикалық үрдісінде барлық мәселелерді өзі шешіп, толық жауапкершілікті өз мойнына алады (моральдық, психологиялық, құқықтық) . Мұндай жағдайда науқас адам дәрігердің бағынуында больш, тәуелді және пассивті емдеу объектісі ретінде саналады. Дәрігер мен науқас арасында тиісті дистанция сақталып, оны бұзуға тосқауылдар қойылады.

Кәсіптік деформацияға шалдықпау үшін не істеу керек?

Ол үшін маман өз жігері мен табандылығын күшейту қажет; бір жұмыстан екінші жұмысқа оңай өте білуі керек және ең бастысы ереже мен стандартта тұрып қалмай, нақты жағдайда, реальді уақытта жұмыс жасауы қажет.

Адамның мамандығына деген қатынасы да кәсіптік деформацияның себебі болып табылады. Яғни, маман жұмыс санынан, көлемінен емес, тікелей жұмыстың өзінен шаршап кетуі әбден ықтимал. Профилактиканы сақтаса, деформацияға ұшырамай - ақ белсенді әрі ұзақ жұмыс жасауға болады.

Сондықтан кәсіптік деформацияны еңбекқор, воркахолик сөздерімен сәйкестендіре беруге болмайды. Яғни, өз жұмысына берілген маманды біз деформацияланған деп айта алмаймыз.

Кәсіптік деформацияның пайда болу себептері:

А. К. Маркованың(1996ж. ) айтуы бойынша, кәсіптік деформация жұмыстың негативті өзгерісі жағдайында туындайды. Бұл жағдайға, сонымен қатар, тұлғаның әлеуметтік - психологиялық жағдайы да әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы, адамның іс - әректі, кәсіптік әдеті, қарым - қатынас жасауы, адамның кәсіптік өсуіне кері әсерін тигізеді.

  • Ұйқысыздық;
  • Демалмай жұмыс істеу;
  • Әріптестермен қақтығыс;
  • Бас дәрігерден сөгіс есту;
  • Немесе отбасындағы уайымдар және т. б.

Бәрі-бәрі жиналып адамды депрессияға соқтырады да, өз сабасынан шығарады. Бұл өз алдына мамандыққа әсерін тигізбей қоймайды.

Кәсіптік деформацияның үлгісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әртүрлі маман дәрігерлердің кәсіби деформациясы
Медицина қызметкерлеріне тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар
Дәрігердің кәсіби деформациясы
Кәсіптік деформацияның белгілері
Дәрігердің кәсіби деформациясы туралы
Компьютерлік графика тарихы
Туа біткен деформацияның себептері
Қатты денелерді сынау әдістері
Поливинилхлоридті талшығының құрамы мен құрылысы
Полиамидті талшықтарды алу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz