Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе.
I - тарау. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы - құқық заң ғылымының саласы ретінде.
II - тарау. Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттік негізгі заңы.
- Конституцияның мәні және заңдық ерекшеліктері.
- Конституцияның қолданылу мәселелері.
- Конституцияның құрылымы, ерекшеліктері және заңдармен арақатынасы.
- Қазақстан Республикасының дамуының бірқатар мәселелері.
III - тарау. Конституция нормалары мен халықаралық - құқықтық актілер нормаларының өзара қатынастары.
Қорытынды.
Қолданылған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттердің тізбесі.
К І Р С П Е
Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасы ұлттық құқық саласының маңызды бір саласы болып табылады. Ол құқықтың қай саладаға болмасын құқықтанушы маман иелерін дайындауда негізгі фундаменттік ролді атқарады. Оның атауының, мемлекеттің негізгі заңы - Конституциямен байланыстылығының өзі оның құқық жүйесінде алар орынының маңыздылығын көрсетеді. Пәннің негізгі қызметі елдегі мемлекеттік биліктің жүзеге асырылуы мен жалпы мемлекеттік құрылыстың негізін зерттеу.
Конституциялық құқық құқықтың басқа салалары секілді заңдық нормалар жиынтығын құрайды. Олар өзіндік ортақ белгілері мен анықталған, сонымен қатар құқықтың басқа салаларының нормаларынан ерекшеленетін ішкі бірлікпен сипатталады.
Конституциялық құқықты құқықтың саласы ретінде, ғылым ретінде және оқу пәні ретінде қарастыруға болады.
Құқықтың кез келген саласы мен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәні деп аталады. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы Қазақстан қоғамының барлық құрылымының негізін құрайтын қатынастарды реттейді және мемлекеттік билікті ұйымдастыру және жүзеге асырумен тығыз, тікелей байланысты. Сонымен қатар Конституциялық құқық адам мен мемлекет арасында пайда болатын негізгі қатынастардың барлық кешенін реттейді. Конституциялық құқық пәнінің басты ерекшелігі - оның нормалары жоғарыда аталған салаларда негізгі қарым - қатынастарды реттейді.
Сөйтіп, құқықтың бұл саласының пәнін ең маңызды, тұғырлы деп анықтауға болатын қатынастар құрайды.
Конституциялық - құқықтық нормалар ең алдымен мемлекеттік құрылысты анықтайтын негізгі қағидаларды бекітеді. Мемлекеттік құрылысты анықтайтын негізгі қатынастар және оның нормалары Конституцияның бірінші жалпы ережелер бөлімінде жан жақты айшықталған. Олар мемлекет сипаттамасының мән-маңызын ашады: мемлекет құрылысының нысаны, басқару нысаны, мемлекеттік билік бастаулары, оларды жүзеге асыру қағидалары, экономикалық және саяси жүйелердің негіздері және тағыда басқалар.
Бұл ретте биліктерді бөлу қағидасына Конституцияда айырықша маңыз берілгені баса айта кеткен жөн.
1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында, бұрынырақтағы Конституцияларға орын алып келген «Конституциялық құрылыс негіздері» деген жалпылама ұғым жоқ.
Адамның мемлекеттің азаматтығына тиесілігін анықтайтын қатынастар, жеке тұлғаның қоғамдағы және мемлекеттегі жағдайын сипаттайтын адам және азаматтық құқықтың мәртебесі негіздерін құрайтын қағидалар да Конституциялық құқықтың пәніне жатады.
Конституциялық құқық нормалары экономикалық жүйенің негіздері, анықтайтын қоғамдық қатынастарды: мемлекет пен рұхсат етілген және қорғалатын меншік түрлерін, экономиканың негізгі бастаулары мен қағидаларын, меншік иелерінің құқықтарын қорғау кепілдіктерін және тағы да басқаларын реттейді. Конституциялық - құқықтық реттеудің пәні саяси жүйенің негіздері белгілейтін қатынастар: қоғамдық ұйымдардың тыныс - тіршіліктері, олардың мемлекетпен қарым - қатынасының негізгі қағидалары, діни консепциялардың мемлекетпен арқатынасы негіздері болып табылады.
Конституциялық - құқықтық нормалар мемлекеттік билік органдары және жергілікті мемлекеттік басқару органдары құрудың және олардың қызмет етуінің негізгі қағидаларын бекітеді. Конституциялық органдардың түрлерін, құқықтық мәртебесін, сондай-ақ оларды құру тәртібін, құзіретін, қызметінің ұйымдық - құқықтық нысандарын, шығаратын актілер белгілейді.
Сөйтіп, Констиуциялық құқық Қазақстан Республикасы ұлттық құқығының жетекші саласы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы негіздерін іске асырушы қоғамдық қатынастарды, адам және азаматтың құқықтық мәртебесін, Қазақстан Республикасындағы мемлекет билік органдарының және жергілікті басқару және өзін - өзі басқару жүйесін реттеуші және бекітуші құқықтық нормалардың жиынтығынан құралады.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық - құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей әдістері қолданылады:
- Міндеттеу әдісі;
- Тиым салу әдісі;
- Рұхсат ету әдісі;
- Тану әдісі. 1
Міндеттеу әдісі мемлекеттік орган секілді, жеке тұлғаларға да қатысты. Олар барлық салаларда қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-ші бабында «мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұхаралық ақпарат құралдары әр бір азаматқа өзінің құқықтары мен мүделеріне қатысты құжаттар мен, шешімдер мен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті» деп жазылған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-шы бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып табылады, яғни: «меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуі тиіс». Аталған қағида мемлекеттік меншікке секілді жеке меншікке де қатысты, тиісінше, конституциялық норма мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүдесіне ғана емес, сондай-ақ қоғам мүдесіне де пайдалануға міндеттейді.
Конституциялық құқықта тиым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тиым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-шы бабының 3 тармағында былай делінген: «саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді». Конституция заңда қаралмаған әскериелендірілмеген құрамалар құруға тиым салады. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы демократияның шынай көрінісі болып табылатын рұхсат ету әдісін де кең қолданады. Мұндай әдіс көп жағдайда адамның және азаматтың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады. Мысалы ретінде әркімнің заңмен белгіленген басқа ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұрумен және тұратын орнын еркін таңдауын айтуға болады. Рұхсат ету әдісінің өзіндік ерекшелігі мынада, Конституция белгілі бір ауқым, шекке дейін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып, субъектінің әрекетін айтарлықтай шектей алады.
Рұхсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттілігін белгілеу кезінде де қолданылады. Айталық, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-ші бабының 4 тармағына Парламент Палаталардың бірлескен отырысында Президентке, оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттілігін беруге құқылы.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы меніңше, құқықтық реттеудің тағы бір әдісін тану әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі Конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс объективті факторды - адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды. Мемлекет адамдардың табиғи құқығына рұхсат етеді емес, дәлірек айтқанда, таниды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-ші бабының 2 тармағында былай деп жазылған: «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік - құқықтық аутілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады». Құқықтық реттеу әдісі ретінде тануда Конституциялық құқықтың демократиялық және адамгершілік мәнін сипаттайды.
I - тарау.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы - құқық заң ғылымының саласы ретінде.
Конституциялық құқық құқықтың бір саласы ретінде өзінің жүйелік құрылымы жөнінен жекеленген институттарға бөлінеді. Конституциялық құқытық институттар біртекеті және өзара байланысты қатынастарды реттеуші белгілі бір конституциялық құқық нормаларын көрсетеді. Сала жүйелері, ішкі бірлікпен, сол жүйенің элементтарі арасындағы өзара байланыспен сипатталатын белгілі бір құқықтық құрылымдар жиынтығын білдіреді.
Конституциялық құқық институттарының қатарына келесідей институттар жатады:
- Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы негіздері;
- Адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері;
- Азаматтық институты;
- Сайлау құқығы институты;
- Президенттік институты;
- Парламентаризм институты;
- Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау институты.
Қазақстан Республикасы Конституциялық құқық институтына сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы соттық билік негіздері және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару институттарын жатқызуға болады.
Адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері институтын құрайтын конституциялық құқық нормалар ең алдымен адамның табиғи, ала сатылмайтын құқықтарын бекітеді. Бұл нормалар мемлекет пен тұлға арасында пайда болатын қатынастарды реттейді. Бұл институт адам және азамат құқықтарының конституциялық кепілдіктерін де қамтиды. Аталған институтты құрушы нормалар негізінен Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың міндеттерін қамтитын нормалар болып табылады.
Қазақстан Республикасының конституциялық құқық бастаулары деп - Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін қоғам құрылым негіздерін және мемлекеттік билікті ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер ұсынылады.
Конституциялық құқықтың бастаулары нысандары бойынша да, маңызы жөнінен де сан салалы.
Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының негізгі бастауы болып - Қазақстан Республикасының Конституциясы танылады. Бұл Конституцияның жоғарғы заңи күшінің барлығымен және Республиканың барлық аумағында нормалары тікелей қолданылып, әрекет ететіндігімен түсіндіріледі. Барлық басқа бастаулар Конституцияның нормаларынан шығады және оған қайшы келмеуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының ең маңызды бастауларына аса маңызды мемлекеттік - құқықтық мәселелерді реттеуші Конституциялық заңдар жатқызылады. Оларға мысал ретінде: «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңды, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңды келтірсек болады.
Конституциялық құқық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың жеке тікелей қайнар көзі болып табылады. Қазақстан Республикасының конституциялық құқық нормалары қалайша құқықтың қайнар көзі ретінде сипатталады? Енді осы сұраққа жауап беріп көлелік.
Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, конституциялық құқықтың нормалары конституциялық - құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.
Екіншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және тағы да басқа салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі, жан жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
Үшіншіден, Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Қазақстанның барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар және басқа да нормативтік құқықтық актілер Конституциядан бастау алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.
Төртіншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясының тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай - ақ құқықтың басқа салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы көрініс тапқан.
Бесіншіден, Конституция құқықтың басқа бастауларынан, сондай-ақ тек мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге тұтастай қоғамның да негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекеленген тараптарын қамтиды. Ал Қазақстан Республикасы Конституциясының идеялары, қағидалары мен құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді: жекеленген адамды, азаматты, қоғамдық қызметтің барлық субъектілерін қамтиды.
Алтыншыдан, сондай-ақ Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеумен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлект пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.
Жетіншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясының конституциялық құқықтық қайнар көз ретіндегі тағы бір өзіндік қыры - онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жай заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының мемлекеттік (Республикалық) мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық заңдар жатады. «Конституциялық заңдар» атауы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген. Қазақстан конституциялық заңдарының өзіндік ерекшелігі - олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарды қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуден осынысысен ерекшеленеді.
Жай заңдар да конституциялық құқықтың қайнар көзі болып табылады. Жай заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасы Конституциясында қаралған жағдайда жай заңдарды Президент те қабылдай алады. Қазақстанның Конституциялық құқығының қайнар көзіне азаматтық туралы, интеграция туралы және басқа да жай заңдар жатады.
Қазақстан республикасы Мәжілісінің регламенті, Сенатының регламенті, Парламентінің регламенті, Парламент Палаталары құрған үйлестіруші және көмекші органдар туралы ереже конституциялық құқық салаларының қайнар көзі болып табылады. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қайнар көзіне Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады. Президенттің нормативтік жарлықтары үш топқа бөлінеді:
- Конституциялық заң күші бар жарлықтары;
- жай заң күші бар жарлықтары;
- заңға сәйкес нормативтік жарлықтар.
Әрине, тәртіп бойынша, Президент өзінің заң шығармашылық қызметін заңға сәйкес нормативтік жарлықтар қабылдау жолымен жүзеге асырады. Парламент өзінің заң шығармашылық өкілеттігін Президентке берген жағдайда ол заңдық күші бар жарлықтар қабылдауға құқылы, заңдық күші бар жарлықтардың заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған заңдардың заңдық күші мен тең.
Республикада заң шығаратын орган жұмыс істемеген кезеңде Президент конституциялық құқықтың нормалардан тұратын конституциялық және заңдық күші бар бірқатар жарлықтар қабылдады. Олар әлі де күшіндежәне Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қайнар көздері болып табылады. Олардың қатарына Президенттің Парламент және депутаттар туралы, референдум туралы, Президент туралы, Үкімет туралы, Конституциялық Кеңес туралы және басқа жарлықтары жатады.
Президенттің нормативтік жарлықтарының бәрі бірдей конституциялық құқықтың қайнар көзі болып табылмайды. Ондай жарлықтар конституциялық-құқықтық нормалардан тұратын нормативтік жарлықтар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілері конституциялық құқықтың, конституциялық - құқықтық нормалардан тұртаын сала ретіндегі қайнар көзі болып табылады.
«Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның конституциялық құқықтың қайнар көзі ретіндегі мәні ерекше зор. Аталған декларация Кеңестер Одағы кезінде қабылданғанымен, ал кейін егемендіктің «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңда, 1993-ші жылғы және 1995-ші жылғы Конституцияларда және басқа конституциялық актілерде бекітілген қағидаларын жариялады.
Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқықтық актілердің нормалары да конституциялық құқықтың қайнар көзіне жатады. Ол адам құқығы, қоғамдық құрылымдар және басқалар туралы Конституциялық мәні бар құқықтық нормалардан тұруы мүмкін.
Саланың қайнар көзіне жергілікті өкілетті органдардың, сондай-ақ констиуциялық құқықтық нормалары (шешімдер, жарғылар, ережелер) бар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік құқықтық актілері де жатады. Олардың кеңістіктегі заңдық күші шектеулі және олар жергілікті сипатта болады.
Конституциялық құқық құқықтық ғылымның бір саласы ретінде оқытылады. Ғылым ретінде конституциялық құқыққа өз пәні, өз бастаулары, оны оқып үйренуге өзіндік бағыт-бағдар тән. Ғылым конституциялық құқықты құқықтық ғылымның бір бөлігі ретінде қарастыратындықтан ол салалық ғылымдардың қатарына жатады2. Конституциялық құқық ғылымы конституциялық құқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету заңдылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыққа сүйенетін енгізгі ұғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құқықтың құқықтық ғылым жүйесіндегі орны мен ролін анықтайды. Конституциялық құқық ғылымы мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, Қазақстан мемлекетінің механизімін, мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының нысандарын, әдістері мен тәсілдерін реттейді. Ол конституциялық құқықтың мәнін, нормалары мен институттарының бағыттарын және оның жүзеге асырылуға байланысты процесстерді зерттейді. Осындай жұмыстарды жүзеге асырудың нәтижесінде конституциялық құқықтық қатынастар туады, өзгертіледі және тоқтатылады. Сондықтан конституциялық құқық ғылымы конституциялық құқықтық қатынастардың сипатын және табиғатын, олардың басқа салалық құқықтық қатынастар мен салыстырғандағы ерекшеліктерін зерттейді. Конституциялық құқық ғылымы реттелетін қоғамдық қатынастардың конституциялық құқықтық нормалар әрекетінің тиімділігін зерттейді, ондай тиімділік әлсіреген жағдайда оны күшейту үшін ұсыныстар жасайды.
Аталған ғылым мәртебесі конституциялық заң арқылы белгіленетін мемлекеттік органдардың қызметін зерттейді. Сөйтіп, бұл мемлекеттік органдар, әрине, оқшауланған күйде емес, олардың өзара байланысы деңгейінде зерттеледі. Мұнда, сондай-ақ конституциялық құқықтық нормалардың тиіміділігі де қарастырылады. Конституциялық құқық ғылымы құқықтық нормалардың тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелу шегін объективті түрде зерттейді. Былайша конституциялық құқықтық нормалармен реттелуі мүмкін қоғамдық қатынастарды жалпылама анықтауға болғанымен, іс жүзінде олар реттейтін қоғамдық қатынастар шегін белгілеу оңай да емес. Нәтижесінде конституциялық құқықтық нормалар өз табиғатында құқықтың басқа салаларының нормалары мен реттелуі тиіс қатынастарды қоса барынша кең көлемдегі қатынастарды реттеуі мүмкін немесе керісінше, айталық өзінің әлеуметтік мәніне орай солар арқылы реттелуі тиіс қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтық нормалардың назарынан тыс қалдырылуы мүмкін. Ғылым мұндай мәселелердің жауабын іздеп, табуы тиіс.
Конституциялық құқық ғылымы халық өкілдігі, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік - аймақтық бөлініс нысандары сияқты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасайды. Жергілікті өкілетті және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жүйесін де осы ғылым зерттейді. Ғылым сайлау жүйесіне демократияның қайнар көзі ретінде айырықша назар аударады. Аса аңыздылардың қатарына мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық қағидаларын зерттеу жатады.
Конституциялық құқық ғылымы адам мен азаматтың құқығы, шетел азаматтары, конституциялық нормалардың адам құқығының халықаралық құқық нормалары мен өзара байланысты проблемаларын зерттеуге айырықша назар аударуы тиіс. Конституциялық құқық ғылымы оның пәні болып табылатын аталған объектілерді зерттейді. Ол оларды социологиялық, тарихи, логикалық және басқа әр түрлі әдістерді қолдана отырып, ғылыми методологиялық қағидаларға сүйене отырып зерттейді. Конституциялық заңдылықты оқып үйрену, оның әлеуметтік табиғатын, бағытын ашып көрсету, іс жүзінде қолданылуын қарау негізінде ғылым теориялық ережелерді, тұжырымдарды, тұжырымдамаларды қалыптастырады. Бұл ережелер тек ғылымның дамуы үшін ғана емес, сонымен бірге заңдылықты жетілдіру, мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту үшін де маңызды. Конституциялық құқық ғылымы тұтас құбылыс болғандықтан оның тұжырымдамалары, теориялық ережелері өзара байланысты болып қана қоймайды, сондай-ақ біртұтастығымен ерекшеленуі тиіс.
Конституциялық құқық ғылымының бірлігі мен тұтастығы теориялық кешендердің шартты түрде дербестігін жоққа шығармайды. Ол дербес зерттелетін мынадай айтарлықтай кешендерден тұрады. Олардың қатарына, мысалы, билікті бөлісу, парламентаризм, президенттік басқару нысандары, сайлау жүйесі, азаматтық, егемендік, мемлекеттіліктің сипаты мен мәні, халық билігі, азаматтық қоғам тұжырымдамасы, саяси плюрализм және тағы басқа теориялар жатады. Осы теориялар мен тұжырымдамалардың қай-қайсысы болсын дербес қалыптасады, бірақ сонымен бірге олар бір-біріне ықпал етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz