Қызылорда облысының экологиялық, тұрмыстық жағдайы және оның келешегі


Қызылорда облысының экологиялық, тұрмыстық жағдайы және оның келешегі

(Қызылорда облысының тұрғыны, ардагер-ұстаз Әбдіре Раушанбектің ЖСДП Құрылтай съезінде жасаған баяндамасы)

Қызылорда облысының экологиялық, тұрмыстық жағдайы және оның келешегі

Қызылорда облысын, «Сыр өңірін»- тарих атасы Геродот еңбектерінде, Аристотельдің «географиясында», араб ойшылы Истархи (900 жылдар) жазбаларында, ағылшын көпестері Томпсон мен Готтың естеліктерінде, Ресей зерттеушілерінің еңбектерінде-жері құнарлы, өсімдіктердің көптеген түрлері өскен, төрт түлік малды өсіруге жайлы, экологиялық табиғаты таңғажайып аймақ екендігін жазып, тарихқа енгізген.

Кеңес Өкіметі кезінде облыс аумағын зерттеген ғалымдар жер үсті, асты қойнауында ас тұзы, мұнай, уран, түрлі түсті металдар, алтын және де көптеген құнды металдардың бар екенін анықтап, осы қазба байлықтардың біразы өндірілген.

Осы қазба байлықтарды игеру кезінде - өндіру технологиясы өрескел бұзылып, табиғатымыздың бұрынғы экологиялық қалпы нашарлап, уақыт өткен сайын Сыр бойының халқы жойылып кету шегіне қарай кетіп барады.

Кеңес Өкіметі кезінде «жердің құнарлылығын арттырамыз» деген желеумен егістік жерлерге химиялық тыңайтқыштарды шектен тыс қолданып, арам шөптерді өлтіру үшін улы гербецидттерді егістік жерлерге шашып, жеріміздің 70 пайызы шөлейтке айналды. Қазіргі кезде бұл жерлерге арам шөп те шықпайды. Ауылшаруашылық өнімдерінің барлығы да берілген химиялық тыңайтқыштардың әсерінен сақтауға жарамайды. Ауылдағы қазақтарға ауылжылдарының ешқандай пайдасы тиген жоқ. . Өздеріңізге белгілі қала тұрғындары ауыл шаруашылық өнімдерін өндірмейді. Қашанда қала халқын ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп келген ауыл еңбеккерлері. Қазіргі кезде ауыл мен қаламызды байланыстырып тұрған автобустарда қапшықтарына азын-аулақ айран-суттерін салып, сол қапшықтарды арқалаған қыз-келіншектер. Бұл ылажсыздан болып тұрған жағдай-бұл ешқандай кәсіптің түріне жатпайды. Ауылда істейтін кәсіптік тірліктің түрлері болып жатса мұндай келеңсіз шұбыру көрінісі болмас еді. Ауылда ешқандай жұмыс болмағандықтан халық атамекендерін тастап, қалалық жерлерге қоныс аударуда. Қаладан жұмыс таба алмағандар, пәтерпұлын да өтей алмағандар қайыршылық күйде әркімдерге жалданып жүр. Қазақтың негізгі кәсібі егін мен мал шаруашылығы. Жер жекешеленіп кетті, ал ауылда мал жоқ. Ауылдағы қазақтың келешегі не болмақ?

Ауылдағы кәсіптік асыраушының сенімді тірлігінің болмауынан халықтың тығырыққа тақалып, ашаршылыққа ұрынуы ықтимал.

Арал теңізі ортасынан орын тепкен «Возрождение» аралында 1945 жылдан бастап бактериялогиялық қаруларды жасырын сынайтын полигон болды. Мұнда оба, тырысқақ, шешек, безгек ауруларының қоздырғыш бактериялары сыналды. Облыс бойынша 21 мыңнан астам мүгедектер болса, балалы әйелдердің 70-80 пайызы анемия. Облысымызда дуниеге келіп жатқан сәбилер СИАМ егіздер мен АДАМ ПІШІНСІЗ болып, медицина мамандары мен бүкіл халықты дүрліктіруде. Аурудың барлық түрлері (оның ішіінде аса қауыпты туберкулез бен рак аурулары) біздің халқымызда.

Йод жетіспеушілік аймағына бүкіл Қызылорда облысы кіргізілген. Қызылорда облысына қатысты зұлматты әрекеттерді атап айтқанда: тұзды йодтау; Ембі ракеталық сынақ аймағындағы улы заттардың соғыстық стратегиясы; Байқоңыр ғарыш айлағы; уран, мұнай өндірісі.

Кеңес Өкіметі кезіндегі қателіктің бірі «Аралтұзға» тұзды калий иодадпен /KJO3/ иодтауға рұқсат беруі. Бұл қателікті еліміз егемендік алса да түземеуде. Бұл тұз - химияда күшті тотықтырғыш, нитротехникалық жарылғыш, ракеталық отын құрамы, бикфордтық оталғыш шнур құрамы, патанатомияда тотықтырғыштық күйдіргіш, биохимиясы, физиологиясы тірі адамға зерттеуге тиым салынған тұз. Демек, медициналық та, тамақтық та сертификат алуға мүмкіншілігі жоқ улы тұз.

Облысымыздың Жаңақорған, Шиелі аудандарында бейбіт кездің зұлматы уран өндірудің жер астын сілтілеу әдісі жүргізіліп отыр. Жаңақорған ауданына қарасты «Байкенже» ауылынан табылған уранды қытайлықтар иеленіпті. Олар аудан орталығын басқа ауылдармен байланыстырып тұрған дариядағы пантон көпірдің орнына көпір салып, уранды Жаңақорғанның ортасыменен тасымақшы деген де сөздер шығуда.

РУ-6 басқармасының Сырдарияға жақын Гигант, Авангард, Сунақ-Ата елді-мекендерін бұрғылап сілтілеуі бүкіл Сырдарияның төменгі ағысындағы тұрғындарды көп жылдардан бері уландырып келеді. Облысымыздағы тұщы су қоры жер асты суларын қоса есептегенде 35 млн. текшешақырым шамасында ғана. Бұл зұлматты апаттың жергілікті халыққа зияндылығы бұрыннан белгілі болса да оған осы уақытқа дейін мән берілмей отыр. Екіншіден, осы шын қауіпті жасырып, радиоактивті детекторлардың сезгіштігін төмендетіп перделеуі. Ол түссіз лакпен детекторды он, жүз есе сезбейтін ету КГБ-ның бақылауымен жүргізілген. Ал уранның тасымал жолы мұқият тексеруден өтіп тұруы қажет. Қазақстан Республикасының Өкіметі Шиелі стансасынан өтетін пойыздардың жолсеріктеріне осы стансадан поездар өткенде вагон терезелеріндегі перделерді жабуды тапсырған. Ал осы Өкіметтің жергілікті халықты радияциядан қорғау үшін ештеңе жасамауы бізге түсініксіз.

Бұрын уран өндірісінде жұмысты өлім жазасына кесілгендер істейтін. Сонда облыстың бүкіл халқы өлім жазасына кесілгендер ма? - деген ой келеді. Қаратаудың жерасты тасты тұғырының Оңтүстікке және Оңтүстік батысқа қарай ылдилай төмендеуін біле тұра осы кенішті ашуы уранды еріту үшін айдалған қышқылдың Шиелі жер астын ерітіп Сырдария суына қосылып, Сыр бойы халқын түгел уландырып жатыр. Шиелінің, аумағындағы елді мекендегі тұрғындар уран өндірісі басталғалы бері ауыз суды Жаңақорған ауданындағы «ЖҰЛДЫЗ» елді мекенінен тасып ішуде. Ол су біреуге жетсе, біреуге жетпеуде.

Құмкөл мұнайын өндірумен тағы да жерасты суымызды бүлдіріп жатыр. Мұнай шығатын жердің экологиялық жағдайын білесіздер ғой.

Жақында облысымыздың тұрғындарын «Днепрдің» дүмпуі тағы да дүрліктірді. 1999 жылы «Протон» ракетасы құлаған кезде Ресей жағы өтемақы есебінде бізге 410 мың доллар төлеп бәрімізді мазақ етті. Сол кездегі қазақстандықтардың, үкіметтің наразылығы әжептәуір болған еді. Үкімет Ресей жағына наразылық білдіріп, ал қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар «Ресейге Байқоңырды жалға беру жөніндегі келісім шарт қайта қаралсын, тіпті жабылсын» дегенге дейін барды. Содан бері ештеңе өзгерген жоқ, деректерге қарағанда ракеталар тынымсыз ұшуын да, құлауын да тоқтатқан жоқ. Сыр халқына, оның ЖЕР, СУ, АУАСЫНА қауіп үдеп барады.

Міне, тағы да 27 шілдеде 1 сағат 43 минутта Байқоңырдан ұшырылған «Днепр» зымыраны 73 секундтан кейін өлімге итерсең де үндемей көне беретін кілең қазақтар тұратын Қармақшы ауданының Қуандария, Көмекбаев атындағы кеңшарлар орналасқан маңға келіп құлады. Құлаған жерде ені мен ұзындығы 50 метр, тереңдігі 15-17 метр шұқыр пайда болып, оның маңындағы 10 гектар жердегі өсімдіктері түгелдей күйіп кетіп, 5 мыңдай ағат тамырымен суырылып тускен. Зымыран ұшар алдында құйылған 40 тонна гептил мен 80 тонна амил диаметрі 150 метр жерге шашылып, жоғарыдағы улы заттар сіңген салмағы 20 тонна құрайтын метал сынықтары жарты шақырым жерге дейін шашылған. Шұңқыр түбіндегі ГЕПТИЛ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ қалыпты деңгейден 1000 есе артық. Қазыргі кезде апат аймағындағы екі кеңшардың халқы, малдары мен жабайы аңдардың қандай күйде екені жасырылуда. Ойткені бұл аймақты Ресейдің қарулы күштері күзетіп, ол жақтағы, бұл хақтағы тұрғындарға қатынасуларына тиым салынған. Көргеніміз: облыс теледидарынан көрсеткен бейне көріністпрде кеңшар тұрғындарының денелеріндегі адам шошитын жаралар мен есеңгіреген адамдар ғана.

Мамандардың айтуынша 10 л суға бір тамшы ғана гептил тамызып, осы 10 л

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл аумақтарының мәселелерін шешу жолдары және дамыту
Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экономикалық орнықты дамыту
Қазақстанның табиғи ортасына әсер етудің әлеуметтік – экономикалық алғы шарттары
Облыс жерінде қар жамылғысы тұрақсыз
Сырдария өзенінің тармағы
Қызылорда облысындағы мұнай өндірісінің даму тарихы (1991-2008 ж.ж.)
Қызылорда облысы Сырдария ауданында күріш шаруашылығының дамуына экономикалық-географиялық талдау
Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары
Ауылдық тұрғындар орындарының теориялық негіздері
Қызылорда облысындағы өндіріс орындары және олардың экологиялық проблемалары. Мұнай өндірісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz