Бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысын шығару
Тақырып 1: Бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысын шығару. Париж конферециясы
Тақырып 2: Еуропа елдері екі дүниежүзілік соғыстар аралығында
Тақырып 3: Дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс жылдарында.
Тақырып 4: Еуропада фашистік мемлекеттердің орнауы
Тақырып 5: Екінші дүние жүзілік соғыс (1939.1945 ж.ж.)
Тақырып 6: Әлемнің екі лагерге бөлінуі “Қырғи қабақ” соғыс саясаты
Тақырып 7: ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Еуропа елдері.
Тақырып 8: Латын Америкасы елдер

Европа елдерінің саяси-экономикалық тарихы дүниежүзiлiк тарихтың құрамдас бөлiгi болып саналады. Бұл пән бойынша Европа елдерінің саяси-экономикалық тарихының ХХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезең қамтылады. Бұл кезең екі саты негізінде қарастырылады. Біріншісі-Европа елдерінің ХХ ғасырдың басынан бастап, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезең, екіншісі-Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Европа елдерінің әсіресе экономикалық дамуына басты назар аударылады. Сонымен қатар қазіргі уақытта Европа елдерінің саяси мәселелерді шешудегі орны мен қызметіне көңіл аударылады. Себебі ХХ ғасырдың басында Европа континентінде екі дүниежүзілік соғыстар болып өтті. Бұл соғыстар миллиондаған адамдардың өмірін алып кетті. Алайда осыған қарамастан соғыстардың алдын да, соғыстардан кейін де Европа елдері саяси-экономикалық өмірде реформаларды жасауды тоқтатпай, әрдайым жылжу барысында еді. Ал екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысы бойынша, әсіресе Германияның талқандалуына қарамастан қазіргі таңда алдынғы 8 мемлекеттердің қатарына жатады. Сондықтан Европа елдерінің саяси-экономикалық тарихын зерттей отырып, олардан тәжирібе алмасып, егеменді еліміздің гүлденуне атсалысумыз қажет.
ХХ ғасырдағы әлем тарихы, оның iшiнде Европа елдерiнiң тарихы ауқымды өзгерiстерге ұшырағанын білеміз. Әлемдiк тарихта бұл өзгерiстер өз көлемi мен салдары жағынан ерекшелендi. ХХ ғасырдың нәтижелерiн айтқанда әлем әдiлдiк пен демократияға бет бұрды дей аламыз. Бiрақ оның даму жолы қиындықтар мен қайшылықтарға, күрделiлiктерге толы. Алайда осыған қарамастан адамдардың өмiр сұру дәрежесi мен өмiр жасы өстi. Адамдар өздерiн еркiн сезiне бастады. Саяси қоғамдық құрылыстар да, саясат та өзгердi. Дүниежүзiнiң көптеген мемлекеттерi республикаға айналды. Ал монархияларда монархтар патшалық құрғанына қарамастан оны басқаралмай келеді.
КСРО құрылғаннан кейiн қоғамның даму тарихы объективтi даму тұрғысынан тұсiндiрiлiп, бұл кезең дүниежүзiлiк тарихи дамудың үлкен бiр белесi ретiнде айқындалды. ХХ ғасырдағы түбегейлi өзгерiстер тарихын бiлмей тарихшы болу мұмкiн емес. Сондықтан да бұл пәннiң алар орны пәннiң мазмұнымен анықталады.
Европа елдерінің саяси-экономикалық тарихы пәнiнiң мiндетi бүгiнгi күн талабы тұрғысынан студенттерге империализм тұсындағы капитализмнiң жетекшi елдерiнiң нарықтық экономикалық даму жолымен дами отырып, өркениеттi едерге айналу процесiнiң экономикалық саяси даму, әлеуметтiк саладағы қиыншылықтар мен кемшiлiктерiн, жетiстiктерiн жан-жақты тұсiндiру болып табылады.
Бiрiншi дүниежүзлiк соғыстың аяқталуы соғыс қорытындысын шығарғаннан кейiнгi кезеңдегi империалистiк дүниенiң даму барысы, ол елдердегi экономикалық тұрақтану мен дағдарыстар, Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы олардың сыртқы дипломатиясы мен дүниежүзiлiк соғысқа қатысуы, Европа елдерiнің Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi әлеуметтiк экономикалық, сыртқы саясатын және де, 1991 жылы КСРО жеңiлгеннен кейiнгi кезеңде тәуелсiздiк алған елдердiң қатынасының бағытын, ХХ ғасыр соңғы он жылдығындағы халықаралық қатынастарды студенттерге талдап, ұғындыру пән мақсаты.

1. Алексеев А. Карибский кризис: как это было. М., 1994
2. Слезкин Л.Ю. История Кубинской революция Москва, 1970г.
3. Борадаев В.А. Леонов Н.С. Ф.Кастро. Политическая биография. М., 1998.
4. П.Гавриков. "Фидель Кастро - неистовый команданте Острова Свободы". Москва, "Вече", 2006.
5. Строганов «Новейшая история стран Латинской Америки»«Высшая школа» Москва, 1995г. 140 -145 б.б.
6. Строганов А.М. Латинской Америка в ХХ веке Москва. 2002 г.

Бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысын шығару. Париж конферециясы
Жоспары:
1. Еуропа елдерінің бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси дамуының
негізгі бағыттары
2. Еуропа елдерінің бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық
дамуының жалпы сипаты
Лекция мақсаты: Бұл тақырыпта жалпы Еуропа елдерінің ХХ ғасырдың
басындағы дамуының негізгі бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы
қарастырылады. Жалпы пән бойынша қарастырылатын хронологиялық шектері мен
Еуропа елдерінің Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы мен әлемнің
жаңа басқару жүйесіне көшу қамтылады.
Лекцияның мазмұны. Европа елдерінің саяси-экономикалық тарихы
дүниежүзiлiк тарихтың құрамдас бөлiгi болып саналады. Бұл пән бойынша
Европа елдерінің саяси-экономикалық тарихының ХХ ғасырдың басынан бастап
бүгінгі күнге дейінгі кезең қамтылады. Бұл кезең екі саты негізінде
қарастырылады. Біріншісі-Европа елдерінің ХХ ғасырдың басынан бастап,
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезең, екіншісі-Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін Европа елдерінің әсіресе экономикалық дамуына басты назар
аударылады. Сонымен қатар қазіргі уақытта Европа елдерінің саяси
мәселелерді шешудегі орны мен қызметіне көңіл аударылады. Себебі ХХ
ғасырдың басында Европа континентінде екі дүниежүзілік соғыстар болып өтті.
Бұл соғыстар миллиондаған адамдардың өмірін алып кетті. Алайда осыған
қарамастан соғыстардың алдын да, соғыстардан кейін де Европа елдері саяси-
экономикалық өмірде реформаларды жасауды тоқтатпай, әрдайым жылжу барысында
еді. Ал екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысы бойынша, әсіресе Германияның
талқандалуына қарамастан қазіргі таңда алдынғы 8 мемлекеттердің қатарына
жатады. Сондықтан Европа елдерінің саяси-экономикалық тарихын зерттей
отырып, олардан тәжирібе алмасып, егеменді еліміздің гүлденуне атсалысумыз
қажет.
ХХ ғасырдағы әлем тарихы, оның iшiнде Европа елдерiнiң тарихы ауқымды
өзгерiстерге ұшырағанын білеміз. Әлемдiк тарихта бұл өзгерiстер өз көлемi
мен салдары жағынан ерекшелендi. ХХ ғасырдың нәтижелерiн айтқанда әлем
әдiлдiк пен демократияға бет бұрды дей аламыз. Бiрақ оның даму жолы
қиындықтар мен қайшылықтарға, күрделiлiктерге толы. Алайда осыған
қарамастан адамдардың өмiр сұру дәрежесi мен өмiр жасы өстi. Адамдар
өздерiн еркiн сезiне бастады. Саяси қоғамдық құрылыстар да, саясат та
өзгердi. Дүниежүзiнiң көптеген мемлекеттерi республикаға айналды. Ал
монархияларда монархтар патшалық құрғанына қарамастан оны басқаралмай
келеді.
КСРО құрылғаннан кейiн қоғамның даму тарихы объективтi даму
тұрғысынан тұсiндiрiлiп, бұл кезең дүниежүзiлiк тарихи дамудың үлкен бiр
белесi ретiнде айқындалды. ХХ ғасырдағы түбегейлi өзгерiстер тарихын бiлмей
тарихшы болу мұмкiн емес. Сондықтан да бұл пәннiң алар орны пәннiң
мазмұнымен анықталады.
Европа елдерінің саяси-экономикалық тарихы пәнiнiң мiндетi бүгiнгi
күн талабы тұрғысынан студенттерге империализм тұсындағы капитализмнiң
жетекшi елдерiнiң нарықтық экономикалық даму жолымен дами отырып,
өркениеттi едерге айналу процесiнiң экономикалық саяси даму, әлеуметтiк
саладағы қиыншылықтар мен кемшiлiктерiн, жетiстiктерiн жан-жақты тұсiндiру
болып табылады.
Бiрiншi дүниежүзлiк соғыстың аяқталуы соғыс қорытындысын шығарғаннан
кейiнгi кезеңдегi империалистiк дүниенiң даму барысы, ол елдердегi
экономикалық тұрақтану мен дағдарыстар, Екiншi дүниежүзiлiк соғыс
қарсаңындағы олардың сыртқы дипломатиясы мен дүниежүзiлiк соғысқа қатысуы,
Европа елдерiнің Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi әлеуметтiк
экономикалық, сыртқы саясатын және де, 1991 жылы КСРО жеңiлгеннен кейiнгi
кезеңде тәуелсiздiк алған елдердiң қатынасының бағытын, ХХ ғасыр соңғы он
жылдығындағы халықаралық қатынастарды студенттерге талдап, ұғындыру пән
мақсаты.
Студенттер ХХ ғасыр тарихын бүгiнгi күн талабынан ұғыну қажет. 1990
жылдардан басталған бұрынғы “социалистiк” деп аталатын елдерде болып жатқан
түбегейлi өзгерiстердi және дүниежүзiлiк әлемде болып жатқан оқиғаларды
күнделiктi мерзiмдiк басылымдар беттерiнде жариялап жатқан материалдар мен
теледидардан берiлетiн ғылыми-таным хабарлар арқылы, соңғы кезде шыққан
монографиялар зерттеулердi мұқият қадағалап оқу, ой қорытуға тиiс.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталғаннан соң соғысушы елдердiң бiр
жағының жеңiлуiне байланысты ғана емес, Орталық Европа мемлекеттерiнiң
кейбiреулерiнiң Қазан революциясы тәжiрибесiмен соғыстан революция жолымен
шығу қаупi төнгендiктен бейбiтшiлiк проблемасы ең негiзгi мәселеге айналды.
БүкiлРесейлық Кеңестердiң II съезiнде қабылданған “Бiтiм туралы декрет”
кейбiр елдерде революцияға шақыру үндеуi ретiнде қабылданды. Революция
қаупiнен сескенген соғысушы елдердiң империалистiк тобы бiтiм жасауға
асықты.
Алайда Антанта елдерi Бiтiм туралы декреттi, сондай-ақ Кеңестiк
Ресейдiң соғыс қимылдарын тоқтатуды сұрап, қайта-қайта жасаған ұсынысын
елемедi. Осындай жағдайда Кеңес үкiметi Германия және оның одақтастарымен
сепаратистік келiссөз жүргiзуге мәжбұр болды.
Ресейде Кеңес үкiметiнiң “күйреуiн” бiрнеше апта күткен Антантаның
империалистiк тобы Кеңес өкiметiн iшкi контрреволюция күштерiмен құлатуға
дайындалды. Олар iшкi контрреволюцияға көмектестi, Кеңестiк Ресейдiң
Германиямен бейбiт келiссөзiне барынша кедергi жасады.
Дүниежүзiлiк лидерлiкке ұмтылған АҚШ-тың сыртқы саясатындағы мүддесiн
көздеген соғыстан кейiнгi дүниежүзiнiң құрылым принциптерi жөнiнде 8 қаңтар
1918 жылы президент Вудро Вильсонның “14 пункттен” тұратын мәлiмдемесi
жарияланды.
Вильсон, Томас Вудро 1856-1924. АҚШ-тың саяси және мемлекеттiк
қайраткерi. Демократиялық партия өкiлi. 1913-1924 жылдары АҚШ президентi.
1902-1909 жылдары Принстон университетiнiң ректоры. 1910 жылы Нью-Джерси
штатының губернаторы. Президент болып сайланғаннан кейiн әлеуметтiк,
экономикалық реформаларды жүзеге асырды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс
басталған соң АҚШ-тың бейтараптығын жариялады, сонымен бiрге Антанта
блогымен тығыз байланыс орнатты. 1917 жылдың сәуiрiнде АҚШ-тың Германияға
қарсы соғысқа кiретiндiгiн жариялады. “14 пункттiң” авторы.
Вильсонның “14 пунктi” Кеңестiк Ресей жариялаған бейбiтшiлiк
бағдарламасына жауап едi. Американ президентi Кеңес үкiметiнен бейбiтшiлiк
инициативасын өз қолына алып, АҚШ-ты дүниежүзi қоғамы алдында әдiлеттiлiк
үшiн күресушi ретiнде көрсетуге тырысты. Америка президентi В.Вильсон АҚШ-
тың сыртқы саясаттағы ролi халықаралық қатынаста жаңа принциптердiң
туындауына мұмкiндiк бередi деп есептедi. Оның “14 пунктiнде” сыртқы
саясатта мынандай талаптар қояды:
- ашық бейбiт келiссөздер жүргiзу;
- Антанта елдерiнiң қатысуынсыз жасалған барлық құпия келiссөздер мен
келiсiмдердi танымау;
- “теңiз еркiндiгi” және “сауда еркiндiгi”;
- ұлттық қарулануды қысқарту;
- отарлаушылық мәселелерді “реттеуге еркiндiк”;
- отарлар мен тәуелдi елдерде АҚШ-тың ұстанымын нығайту, Ресейдiң
кейбiр аудандарында уақытша үкiмет құру, оны қолдау, Сiбiрде дербес
үкiмет құру, Орта Азияны басқаруға мүдделi державаларға мандат беру;
- Германияның жаулап алған Франция, Бельгия, Люксембург территорияларын
өздерiне қайтаруы;
- Австрия-Венгрия, Тұркия, Румыния Рейннiң сол жағалауынан әскерiн
әкетуi;
- Рейннiң оң жағалауында бейтараптық зона құру;
- соғыс тұтқындарын қайтару;
- жеңгендерге әскери мүлiктiң бiраз бөлiгiн беру;
- Тұркия құрамына енген халықтарға автономия беру және Қаратеңiз
бұғаздарын ашу;
- тәуелсiз Польша мемлекетiн құру;
- Ұлттар Лигасын құру:
Бұл бағдарламаның түпкi мақсаты Ресейдi бөлшектеу, антисоветтiк күштердi
қолдау болатын. Осыдан кейiн 1918 жылдың басында бiтiм жасау
келiссөздерiнен бас тартып, Антанта державалары Ресейдiң әр жерiнде
жанданып жатқан антисоветтiк күштерге көмек көрсеттi. Антанта да, Герман
блогы да Кеңес өкiметiне бiтiспес жау ретiнде қарады. Бiрақта осыған
қарамастан Германия Брест-Литовскiде Кеңестiк Ресеймен бейбiт келiссөздер
жүргiзуге келiстi. 3 наурыз 1918 жылы Брест-Литовскiде бiтiм-шартына
Г.В.Чичерин бастаған Кеңес делегациясы қол қойды. Бұл келiсiм-шарт небәрi 8
ай ғана өмiр сұрiп, Германияның iшкi және сыртқы жағдайына байланысты, 13
қараша 1918 жылы ВЦИК-тiң шешiмiмен күшi жойылды.
Герман әскерiнiң Батыс Майдандағы жағдайды өз мүддесiне сай өзгертуге
жасаған әрекеттерiнен ешқандай нәтиже шықпады. 1918 жылы шiлдеде басталған
одақтастардың қарсы шабуылы жалпы шабуылға ұласып, Бельгия мен Францияның
бiраз территориясы немiс әскерлерiнен азат етiлдi. Германияның iшкi жағдайы
да күрделендi. Халық соғысты тоқтатуды талап еттi. Макс Баденский бастаған
жаңа үкiмет 5-шi қазан 1918 жылы АҚШ президентiне “14 пункт” негiзiнде
соғысушы елдер арасында келiссөздердi жүргiзу жөнiнде ұсыныс жасады. Алайда
АҚШ Германияның толық тiзе бүгу, соғыс кезiнде басып алған жерлердi
тазарту, елдi басқарудан соғыс кiнәлiлерiн аластату шартын қойды. 11 қараша
1918 жылы “14 пункттiң” жалпы талаптары негiзiнде Компьен орманында
Франция француз маршалы Фош одақтастар атынан жеңiлген Германиямен
бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың тоқтағаны жөнiнде келiсiмге қол қойды.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталды.
Бақылау сұрақтары:
1. Европа елдерінің саяси-экономикалық тарихының маңыздылығы мен
қарастырылатын хронологиялық шеңбері.
2. Германияның ХХ ғасырдың басында экономикалық дамуы.
3. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен алғышарттары.
4. Соғыс қарсаңында жаңа блоктардың пайда болу себептері.
5. Вильсонның 14 пунктінің Европа елдеріне әсері.
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары.
1. Германияның отаршылдық саясаты.
3. Ұлыбританияның әлемдегі ұстемдікке ұмтылу тарихы мен отаршылдық
бағыттары
4. Испанияның ХХ ғасырдың басындағы экономикасы мен Бірінші дүниежүзілік
соғыс қарсаңындағы ұстанымы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Родригес А.М., Пономарева М.В. Новейшая история стран Европы и Америки.
ХХ век. Часть 1, 1900-1945. М., 2001, 38-127 беттер.
1. Экономическая история зарубежных стран под ред. В.И.Голубовиче.- М.,
1996.
2. Федотова В.Г. Модернизация другой Европы.- М., 1997.
Тақырып 2: Еуропа елдері екі дүниежүзілік соғыстар аралығында
Жоспары:
1. Еуропа елдері үшін бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысы. Париж бейбіт
конференциясындағы ұлы державалардың ұстанған бағыты.
2. ¦лттар лигасының құрылуы. Вашингтон конференциясы
3. Дауэс жоспарының Еуропа елдеріне әсері.
4. Версаль-Вашингтон жүйесінің күйреуі
Лекция мақсаты: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Антанта блогы өз
үлесін алуға асығысты. Осыған байланысты 1918-1919 жылдар аралығында
бірнеше келісімдерге қол жеткізіліп, жаңа жүйе қалыптасты. Осы жүйенің
қалыптасуы мен соғыстан кейін пайда болған жаңа мемлекеттердің тарихына
тоқтау, оған талдау жасау.
Лекцияның мазмұны: Париж конференциясы. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың
қорытындысын жеңiлген елдермен бейбiт келiсiмдермен бекiту және соғыстан
кейiнгi дүниежүзiнiң құрылым мәселесiн шешу үшiн жеңген - державалар
конференция шақырды. Бейбiт конференция Парижде 18 қаңтар 1919 жылы - дәл
сол 1871 жылы Германия империясының құрылғаны жарияланған күнi өз жұмысын
бастады. Конференцияны ашқан француз президентi Пуанкаре салтанатты тұрде
Германия жөнiнде былай дедi: “Рожденная в несправедливости, она закончила
свое существование в бесчестии”.
Конференцияға 27 елдiң өкiлдерi қатысты. Оның жұмысы “ашық
дипломатия” үлгiсi ретiнде кең тұрде хабарланды. Француз астанасына
мыңдаған делегаттар келдi. Алайда оның iшiнде тағдыры шешiлетiн Германия
өкiлдерi болған жоқ. Кеңестiк Ресей де шақырылмады. Конференция
антикеңестік соғыс интервенциясын дайындау жағдайында өттi. Конференция
ашылған күнi одақтастар “Ресейге одақтастардың интервенциясының
қажеттiлiгi жөнiнде” құжат қабылдады. Конференцияда “Орыс мәселесi” негiзгi
мәселенiң бiрiне айналды. Конференцияға 27 мемлекеттiң өкiлдерi
қатысқанымен барлық мәселенi шешуде жетекшi рольдi АҚШ президентi Вудро
Вильсон, Англия премьер-министрi Гарольд Ллойд Джордж, Франция премьер-
министрi Жорж Клемансо атқарды.
Жеңген елдер арасындағы қайшылық. Бейбiт келiсiмдердi дайындау
президент В.Вильсонның “14 пунктi” негiзiнде жүргiзiлдi де, яғни құпия
келiсiмдер назарға алынбады. Алайда оның шарттары келiссөздерге
қатысушыларға өз ықпалын тигiзбей қоймады. Оңтұстiк Тироль, Адриатиканың
бүкiл шығыс жағалауын және Кiшi Азияның бiр бөлiгiн беремiз деген уәдемен
Антанта жағында бiрiншi дүниежүзiлiк соғысқа кiрген Италия өз үлесiнiң
берiлуiн, ал Румыния Трансильвания, Буковина және Австрия-Венгрия мұрасынан
Банатты берудi 1916 жылы берiлген уәденiң орындалуын талап еттi. Румыния
1918 жылдың өзiнде Бессарабияны басып алды. Осындай себептерден Париж
бiтiм конференциясында қызу күрес тумауы мұмкiн емес едi. Соғыстың жалғасы
бiтiм деп есептеген Клемансо, өзiн келiспеушiлiктiң батпағына малтыққан
Европаны құтқарушы деп сезiнген Вильсон, екеуi арасында ымыраластырушы
ролiн атқаруға мәжбұр болған Ллойд Джордж — бұл үлкен үштiк бiтiспес
айтыста бiрте-бiрте соғыстан кейiнгi дүниенiң бейнесiн қалыптастырды.
Конференция барысында Вильсон Ұлттар Лигасының уставын жасау мен
талқылауды кезек күттiрмейтiн мәселе болуға тиiс деп есептедi. АҚШ жаңа
ұйымда “бейбiтшiлiктi сақтауда” шешушi роль атқаруға жанталасты. АҚШ-тың
ұстемдігіне Ұлыбритания, Франция, Жапония барынша қарсы шықты. Олар Ұлттар
Лигасының уставы қабылданған жағдайда территориялық және финанстық
проблемаларды талқылау қиындайды деп қауiптендi. Мәселе В.Вильсон
төрағалығымен Ұлттар Лигасы бойынша арнайы комиссия құрумен шешiлдi. Сондай-
ақ одақтастар герман отарларының тағдырын және “шығыс мәселесiн” талқылады.
Ллойд Джордж Франция, Италия, Жапония және басқа мемлекеттер өкiлдерiнiң
қолдауымен бұл жерлердi жеңгендердiң арасында бөлудi ұсынды. Алайда
В.Вильсон отарларды тез арада бөлуге қарсы шықты. Вильсонмен Л.Джордж да,
Клемансо да келiспедi. Конференция тұйыққа тiрелдi. 14 ақпан 1919 жылы
Вильсон конференция делегаттарын Ұлттар Лигасының уставымен таныстырды.
“Теңiз еркiндiгi” мәселесi қызу талас тудырды. Тек 1919 жылдың
сәуiрiнде келiсушiлiкке қол жеткiзiлдi. Осыған сәйкес АҚШ өзiнiң әскери-
теңiз бағдарламасын толық жүзеге асырудан бас тартты, бұл мәселе бойынша
бiр-бiрiмен хабарласып отыратын болды. Олар Ұлыбританияның теңiз державасы
ретiнде “ерекше жағдайын” мойындады. Ұлыбритания өз тарапынан бейбiт
келiсiмдердiң бiр бөлiмi ретiнде Ұлттар Лигасын таныды. Кейiнiрек Ұлттар
Лигасына Монро доктринасын енгiзу жөнiнде шешiм қабылданды. Франция мұны
АҚШ Саар және Рейн обылыстарына француздық мүдденi мойындаған соң қолдады.
Осылайша АҚШ Ұлыбританиядан “теңiз еркiндiгi” ұстанымын, екi держава
флоттарының теңдiгiн тануына қол жеткiзе алмады. Бұл АҚШ-тың Париж бейбiт
конференциясындағы iрi жеңiлiсi едi. Лидерлiк Лигада және басқа мәселелерді
шешуде Ұлыбритания мен Франция қолына көштi. Ағылшын-американ қатынасы осы
негiзде күрт шиеленiстi.
Версаль бiтiм шарты. Бұл құжат тарихқа Версаль деген атпен ендi және
соғыстан кейiнгi дүниенi реттеудiң басты құжаты болып табылады. Келiсiм
шартына Вильсонның талабымен Ұлттар Лигасының Уставы қосылды.
Версаль бiтiм-шарты бойынша: Келiсiмге сәйкес Германия өз территориясының
18 және халқының 112 бөлiгiнен айрылды. Мұның өзi дүниежүзiлiк аренада өз
орны бар алдыңғы қатарлы Германия мемлекетiнiң мүшкiл халге тұскенiн
көрсетедi.
- Францияға Эльзас-Лотарингия қайтарылды;
- Эйпен, Мальмеди және Моренэ плебисциттен кейiн Бельгияға өттi;
- Солтұстiк Шлезвиг бұл да плебисциттен кейiн Данияға берiлдi;
- Германия Польша мен Чехословакияның тәуелсiздiгiн мойындады;
- Польша Померания, Познаньның кейбiр аудандарын, Пруссияның Батыс,
Шығысының, мұнан басқа Жоғарғы Силезияның бiраз бөлiгiн иемдендi;
- Данциг Гданьск қаласы өзiне жақын жатқан территориялармен бiрге
Ұлттар Лигасына қарасты “ерiктi қалаға” айналды. Ол Польшаның кедендiк
шекарасына қосылды; Данциг коридоры аталған территория Шығыс
Пруссияны Германиядан бөлiп тұрды.
- Германия Люксембургтың тәуелсiздiгiн таныды;
- Австрияның тәуелсiздiгiн “барынша құрметтеуге” мiндеттендi;
- Мемель Клайпеда және оған жақын жатқан аудандар Ұлттар Лигасының
бақылауына өттi 1923 жылдан Литва құрамына енген;
- Саар көмiр бассейнi Францияның меншiгiне толық өттi;
- Саар облысының өзiн Ұлттар Лигасы 15 жыл басқаратын болды;
Германияда монополистiк капитал сақталғанмен, ол мемлекет ретiнде
көптеген құқықтарынан айрылды Версаль шарты Германияны қарусыздандыруды
көздедi:
- Германия территориясындағы Рейн өзенiнiң сол жағалауы бойынша және оң
жағалауы 50 шақырым iшке ендеп демилитаризацияланды;
- Оның жалдамалы негiзде жарақтанған 100-мыңдық 4 мыңы офицер армия
ұстауға ғана құқы болды;
- Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiкке тиым салынды;
- Әскери және теңiз авиациясын, сүңгуiр кеме ұстауға құқы болмады;
- Оны Рейн облысында әскери гарнизон орналастыру құқынан айырды;
- Германия соғысты тұтандырудың айыптысы деп жарияланды;
- Одақтастардың “барлық шығындарын” толықтыру үшiн Германия репарация
төлейтiн болды;
- Жеңген-елдердiң авиациясы Германия территориясында ұшу-қонуға толық
бостандық алды;
- Эльба, Одер, Неман және Дунай шетелдiк державаларға ашық деп
жарияланды;
- Жеңген-елдердiң Германияға товар әкелуiне кедергi келтiруге тиым
салынды;
Версаль бiтiм-шарты Германияны барлық отарларынан, ықпал
аймақтарынан, елiнен тыс жерлердегi жеңiлдiктерi мен меншiктерiнен айырды.
Германия отарлары Франция, Жапония, Бельгия, Португалия, Ұлыбритания және
оның доминиондары арасында мандаттық формада бөлiндi:
- Того мен Камерунды Ұлыбритания мен Франция өзара бөлiстi;
- Оңтұстiк-Африкан Одағына Африканың Оңтұстiк-Батысындағы герман
отарлары қарады;
- Австралия Жаңа Гвинеяның бiраз бөлiгiн алды;
- Жаңа Зеландия Батыс Самоаның бiраз жерiн иемдендi;
- Шығыс және Орталық Африкадағы Герман отарлары Ұлыбритания, Бельгия,
Португалияға берiлдi;
- Жапония Шандуньдағы герман концессиясына, сондай-ақ Тынық мұхиттағы
экватордың сол жағына қарай жатқан герман отар аралдарына ие болды:
Версаль бiтiм-шартының Германия одақтастарымен жасалған келiсiмдерде
де арнайы “Еңбек” деп аталатын бөлiмiнде Ұлттар Лигасының жанынан
Халықаралық еңбек бюросын құру жоспарланды. Бұл ұйым таптық принципке
негiзделдi, Амстердамдағы реформистiк интернационалдық кәсiподақпен тығыз
байланыс орнатты. Алайда Халықаралық еңбек бюросы ақпарат органы болды да,
әлеуметтiк мәселелердi шешуде ешқандай нақты iс атқарған жоқ.
Версаль бiтiм-шарты соғыстан кейiнгi дүниежүзiлiк жүйені бейбiт
реттеудiң негiзгi құжаты болып табылады. Ол дүниежүзiлiк проблемаларды
шешуде күш арасалмағының өзгергендiгiн көрсеттi.
Германия одақтастарымен жасалған келiсiмдер. Бiрiншi дүниежүзiлiк
соғыстың қорытындысы Германияның одақтастарына да жеңiл тиген жоқ. 10
қыркүйек 1919 жылы Сен-Жерменде Австриямен бейбiт келiсiмге қол қойылды.
Онда Австрия-Венгрияның жойылуына байланысты жаңа мемлекеттердiң шекарасы
анықталды.
Бұл келiсiм шарты бойынша: Австрия республикасы құрамына Жоғарғы және
Төменгi Австрия, Зальцбург, Штирия мен Каринтияның бiраз жерлерi, Солтұстiк
Тироль, венгерлiк Бургерланд кiрдi. Австрия 30-мыңдық әскер ұстауға ғана
құқылы болды. Бұрынғы Австрия провинциялары Богемия, Моравия және Силезия
Чехословакия құрамына кiрдi. Австрия-Венгрия құрамында болып келген
оңтұстiк славян жерлерi Италия мен словен, хорват, серб Корольдiгiнiң
арасында бөлiске тұстi. Италия Оңтұстiк Тироль, Юлия Краина, Фиум Риек
қаласынан басқа бүкiл Истрияға ие болды. Румынияға Буковина,
Трансильвания және Банаттың бiраз бөлiгi берiлдi.
Шекараны анықтау барысында ұлттардың мүддесi ескерiлмедi, бұл жаңа
құрылған мемлекеттер арасында алғашқы кезден-ақ ұлтараздықтың орын алуына
әкеп соқты. Сонымен қатар бiтiмнiң “Ерекше декларация” бабы Австрияның
Венгриямен қандай бiр болмасын саяси және экономикалық қатынас жасауына
тиым салды. Осылайша Австрия мен Венгрия тарихи қалыптасқан саяси-
экономикалық байланыстарынан айрылды.
27 қараша 1919 жылы Париждiң жанындағы Нейи-сюр-Сенде Болгариямен
бейбiт келiсiмге қол қойылды. Ол келiсiм шарты бойынша Батыс Фракия
Грецияға берiлдi. Оңтұстiк Добруджа Румыния құрамында қалды. Болгар
территориясының бiраз жерi серб, хорват, словен Корольдiгiне қарады.
Болгария 20 мыңнан астам әскер ұстауға тиым салынды. Болгария 37 жыл iшiнде
2,25 млрд. алтын франк көлемiнде репарация төлейтiн болды. Нейи келiсiмiнiң
48 бабына сәйкес Болгарияға Эгей теңiзiне “еркiн шығуға” кепiлдiк берiлсе
де, Батыс Фракияның Грецияға қарауы оны бұл мұмкiндiгiнен айырды. Осындай
шартпен жеңген мемлекеттер бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде Германия
одақтасы болған Болгарияны соғыс тұтандырушының бiрi ретiнде көп
территориясынан айырды
Осман империясы Севр келiсiмi бойынша державалар арасында бөлiске
тұсті. Ол келісімі бойынша Ұлыбританияға Палестина, Трансиордания, Иракты
басқару мандаты берiлдi; Франция Сирия мен Ливанды басқару мандатына ие
болды; Тұркия Ұлыбританияның бақылауында болған Египеттен бас тартты;
Францияның Мароккоға “протектораты*” танылды; Италия Ливияға отарлық
ұстемдiк орнатты; Хиджас тәуелсiз корольдiгi құрылды; Шығыс Фракия,
Дарданеллдiң европалық жағалауы, Галлиполь түбегi Грецияға қарады;
Формальды “оттомандық егемендiк” бола отырып, Измир Смирна Грецияға
берiлдi; Стамбул Константинополь шартты тұрде Тұркия астанасы болып
есептелiндi; Тұркия территориясына “капитуляция режимi” орнатылды;
Дарданелл, Мрамор теңiзi, Босфор барлық елдердiң кемелерiне соғыс және
бейбiт кездерде де ашық деп жарияланды; Бес ұлы жеңген-державалар, Греция
және Румыния өкiлдерiнен “Бұғаздар комиссиясы” құрылды, оған жергiлiктi
өкiметке тәуелсiз өз алдына әрекет ету құқы берiлдi. Севр келiсiмi шын
мәнiнде Тұркияның тәуелсiздiгiн жойды. Бұғаздар туралы қабылданған Лозанн
конвенциясы Тұркия бейтараптық саясат ұстаған жағдайда, барлық елдердiң
әскери кемелерi үшiн Босфор мен Дарданелл бейбiт және соғыс уақытында да
ашық екендiгiн жариялады. Бұл Кеңестiк Ресей, Тұркия және басқа
қаратеңiздiк мемлекеттердiң ұлттық мүддесiне қайшы келдi. 24 шiлде 1923
жылы Лозаннда Тұркиямен жаңа келiсiм жасалды. Тұркиямен жасалған Лозанн
келiсiмi Версаль системасына сызат тұсе бастағандығын көрсеттi. Тұркия және
Антанта державалары арасындағы соғыс тоқтады. Осман империясы құлады.
Тұркияның жаңа шекарасы белгiлендi.
Ұлттар Лигасы. Құрама Штаттардың басқарушы тобының бәрi бiрдей
В.Вильсонның Париждегi жетiстiктерiне қанағаттанған жоқ. Американ
президентi Парижде жаңа халықаралық ұйым — Ұлттар Лигасының жарғысы енген
Версаль бiтiм шарттарына қолын қойды. В.Вильсон АҚШ-тың Ұлттар Лигасына
мүше болуы, оның дүниежүзiлiк жетекшi ролiн қамтамасыз етедi деп сендi.
Президенттiң саяси қарсыластары, әсiресе республикандықтар, оған сенбедi.
10 шiлде 1919 жылы президент сенатта сөз сөйлеп, сенатты келiсiмдi
ратификациялауға шақырды.
Лиганың жоғарғы органы жыл сайын шақырылатын Ассамблея, оның арасында
Лига Советiнiң - мәжiлiстерi өткiзiлiп отырылады. Оның функциясы
дүниежүзiнде бейбiтшiлiктi сақтап тұру болып табылады. Ұлттар Лигасы —
бейбiтшiлiк мақсаттағы тұңғыш халықаралық ұйым. II дүниежүзiлiк соғыстан
кейiн құрылған Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Ұлттар Лигасының жалғасы iспеттес.
Дегенмен, АҚШ-тың қоғамындағы келiспеушiлiктердiң салдарынан американ
президентiнiң төл туындысы болып есептелетiн ұйым Американың қатысуынсыз
жұмыс iстедi.
Жаңа мемлекеттердiң құрылуы. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Европаның
саяси картасын едәуiр өзгерiстерге ұшыратты. Оның бетiнде жаңа мемлекеттер
пайда болды. Олар Австро-Венгрия, Ресей империясы құлағаннан кейiн құрылды.
Чехословакия. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың соңына қарай Австро-
Венгрия ыдырай бастады. Оған дейiн чехтар мен словактар венгерлер сияқты
автономиясын алған болатын. Алайда, соғыстың соңында Австро-Венгриядан чех
және словак жерлерiн бөлу үшiн қозғалыс күшейдi. Австро-Венгрия бiтiмге
келуге өтiнiш жасағаны мәлiм болған кезде, 28 қазан 1918 жылы Прага ұлттық
комитетi чех және словак жерлерiндегi өкiмет билiгiн өз қолдарына алып,
әртұрлi партиялар өкiлдерiнiң Уақытша ұлттық жиналысын құрды. Жиналыс
Чехословакияның тұңғыш президентiн — Томаш Масариктi сайлады.
Жаңа республиканың шекарасы Париж бiтiм конференциясында айқындалды.
Оның құрамына Австриядағы чех жерлерi, Венгрия құрамында болған Словакия
және Закарпаттық Украина, кейiнiрек Германия құрамында болған Силезияның
бiраз бөлiгi кiрдi. Осының нәтижесiнде елдiң халқының үштен бiрi немiстер,
венгерлер, украиндықтардан тұрды. 1920 жылғы Конституция Чехословакияда
қалыптаса бастаған демократиялық құрылысты бекiттi. Европаның болашақта
дамыған өнеркәсiптiк елi ретiнде Чехословакия саяси тұрақтылық пен халықтың
әл-аухаты, тұрмыс жағдайы жоғары деңгейiмен ерекшелендi.
Венгрия. 31 қазан 1918 жылы Австро-Венгрия императоры және Венгрия
королi Карл IҮ-шi венгер графы М.Каройиге демократиялық партиялардан үкiмет
құруды тапсырды. Бұл үкiмет Антантаға сүйенiп Венгрияны соғысқа дейiнгi
шекарасында сақтап қалуға тырысты. 16 қараша 1918 жылы Венгрия республика
болып жарияланды. Алайда, Венгрияда демократияны сақтап қалу мұмкiн
болмады. Венгер коммунистерi негiзiнен олар РКПб-ға мүше болған, Ресейдегi
революцияға қатысқан, Брест бiтiмiнен кейiн үйлерiне қайтқан соғыс
тұтқындары болатын революцияға шақырды және елдiң барлық жерiнде Ресей
үлгiсiндей Кеңестер құра бастады. Олардың өкiмет басына келуiне Венгрияның
көршiлерiне берiлетiн территорияны босатуды ультиматум тұрiнде талап еткен
Антанта “көмектестi”. Бұл ультиматум елде ұлттық апат ретiнде қабылданды.
үкiмет және Каройидiң өзi отставкаға кеттi. Бұл дағдарыстан шығу тек
Кеңестiк Ресей көмегi арқылы ғана шешiлетiн сияқты болып көрiндi.
21 наурыз 1919 жылы коммунистер мен социал-демократтар бiрiктi және
қантөгiссiз Венгер Кеңестiк республикасы жарияланды. Коммунистер лидерi
Бела Кун сыртқы iстер халық комиссары болды және Ресеймен “әскери одақта”
болуды ұсынды. Бұл ұсынысты Москва қолдады. Екi Қызыл Армия бiр-бiрiне
қосылуға ұмтылды, венгерлiктер чехословак әскерiн ығыстырып, Закарпаттық
Украинаға ендi. Алайда, екеуiнiң қосылуы жүзеге аспады. 24 шiлдеде
чехословак және румын әскерлерi шабуылға шықты. 1 тамызда Кеңес үкiметi
отставкаға кеттi, көп ұзамай Будапештке румын әскерлерi ендi. Венгрияда
өкiмет Венгрияда монархияны қалпына келтiрудi қолдаған антикоммунистiк
топтың қолына көштi. Осы жағдайда 1920 жылы парламентке сайлау жүргiзiлдi.
Монархия туралы мәселенi толық шешiлгенше Венгрия регентi болып бұрынғы
вице-адмирал Миклош Хорти сайланды. Регент болған, Хорти өкiмет билiгiн өз
қолына шоғырландырды, бiрақта елде парламент пен көппартиялылық сақталды.
Коммунистердiң қызметiне тиым салынды, Кеңес республикасының басшылары
сотқа тартылды.
1920 жылдың жазында жаңа үкiмет бейбiт келiсiмге қол қойды. Бұл
бойынша Венгрия 23 территориясынан, 13 халқынан және теңiзге шығудан
айырылды. 3 миллиондай венгерлер көршi мемлекеттерде қалды, ал Венгрияның
өзi 400 мың босқындарды қабылдады. Хортистiк Венгрияның сыртқы саясаты
Венгрияны бұрынғы шекараларымен қалпына келтiруге бағытталды. Сондықтан
оның көршiлерiмен ара-қатынасы үнемi шиеленiсiп отырды.
Австрия. 30 қазан 1918 жылы Австрияда өкiмет билiгiн Уақытша Ұлттық
жиналыс пен Мемлекеттiк Кеңес, социал-демократ Карл Реннер бастаған
коалициялық үкiмет қолына алды. Уақытша Ұлттық жиналыс монархияны жойды.
1916 жылы өлген Франц Иосифтiң орнына болған император Карл IҮ-шi Австрия
тағындағы Габсбургтер династиясының соңғысы едi. Австрия қол қоюға мәжбұр
болған бiтiм келiсiм шарттары оған өте ауыр тидi. Ол “кескiленген” -
мемлекетке айналды. Австрияның Венгриямен және Славян жерлерiмен жүздеген
жылдарға созылған экономикалық байланыстары жасанды тұрде бұзылды, мемлекет
теңiзге шығу құқынан айырылды.
Серб, хорват және словендер Корольдiгi. Австро-Венгрия құрамына кiрген
оңтұстiк славян халықтары Сербия маңына топтасты, 4 желтоқсан 1918 жылы
Серб, хорват және словендер Корольдiгiн құрды. Алайда сербтер осы
мемлекетте жетекшi орынға ұмтылды. Олар шыққан тегiнiң бiрдейлiгiне қарамай
хорваттар мен словендер -католиктер, македондықтар, черногорлықтар,
сербтер-православиелiктер, албандықтардың көпшiлiгi мұсылмандар басқа
халықтардың мүддесiмен санасқысы келмедi. Осы негiзде ұлттық мәселе саяси
өмiрде тұрақсыздық тудырды. Әсiресе елдiң iшiнде сербтер мен хорваттар
арасында қайшылық тереңдедi. Үкiмет барлық наразылықты басуға тырысты.
Король Александр 1929 жылдың қаңтарында тiптi парламенттi тарату мен саяси
партияларға тиым салуға дейiнгi шараларды жүргiздi. Ел халықтың “ұлттық
бiрлiгiнiң” символын көрсетiп, Югославия корольдiгi деп аталды. Осыған
жауап ретiнде хорваттық ұлтшылдар, усташтар, 1934 жылы корольдi өлтiрдi.
Тек 1939 жылы басқару режимi ұлттық мәселеде жеңiлдiктер жасауға шешiм
қабылдады: автономиялық Хорват облысын құру туралы жариялады.
Польша. Тәуелсiз поляк мемлекетiн қалпына келтiру Юзеф Пилсудскийдiң атымен
байланысты. 1919 жылдың желтоқсанында Антантаның Жоғарғы Кеңесi
Польшаның Шығыс шекарасын уақытша “Керзон линиясы” бойынша анықтады.
Керзон Британияның сыртқы iстер министрiнiң аты. Бұл линия бiр жағынан
поляктарға, екiншi жағынан украиндар мен литвалықтарға жақын жерден өттi.
Алайда, Польшаны Германияға қарсы қоюды ойластырған Францияға сүйенген
Пилсудский бұл шешiмдi қабылдамады. Оған Ресей империясы құлаған соң өз
тәуелсiздiгiн алған Литва, Украина, Белоруссия мемлекеттерiнiң нығая
алмағандығы да әсерiн тигiздi.
Поляк әскерлерi бiрте-бiрте Галицияға Украинаның бұл бөлiгi бiрiншi
дүниежүзiлiк соғысқа дейiн Австро-Венгрияның құрамында болған, Литваның
Вилен өлкесiне ықпалын орнатты, ал 1920 жылдың мамырында Киевтi алды. Осы
жерде Поляк әскерi Қызыл әскермен қақтығысты. Поляк әскерлерi 1920 жылдың
шiлдесiнiң соңына қарай “Керзон линиясына” ығыстырылды. Қызыл әскер “Керзон
линиясынан” өтiп, Польша территориясында революциялық үкiмет құрды.
Поляктар Польша жаңа ғана алған тәуелсiздiгiнен айырылатындығын тұсiндi.
Жаңа ұлттық өрлеу және төтенше француздық әскери көмек Пилсудскийге Вислада
қарсы шабуыл ұйымдастыруға мұмкiндiк бердi. Қызыл әскер шегiнуге мәжбұр
болды.
1921 жылы наурыз Ригада бейбiт-келiсiмге қол қойылды. Кеңес-поляк
шекарасы “Керзон линиясының” шығысына қарай анықталды, Польша құрамында
Украина мен Белоруссияның батыс бөлiгi қалды. Ұзамай-ақ поляктар Литвадан
Вилен өлкесiн басып алды. Кеңес-поляк соғысы жаңа поляк мемлекетiнiң тұңғыш
соғысы болатын, осы негiзде Польша мен КСРО арасында жаулық қатынас орнады.
Осылайша Польша шекарасы қалыптасты, Польша халқының көпшiлiгi поляктар
болмады.
Финляндия. 31 желтоқсан 1917 жылы Финляндияға тәуелсiздiк берiлдi.
1918 жылдың қаңтарында-ақ солшыл социал-демократтар мен финдiк Қызыл
Гвардия Кеңес өкiметiн орнатуға тырысты. Олар Финляндия астанасы
Хельсинкидi, елдiң оңтұстiгiндегi өнеркәсiп орталықтарын басып алып,
революциялық үкiмет құрды. Ол Кеңестiк Ресеймен достық туралы келiсiм
жасады. Финляндия тәуелсiздiк жариялағаннан кейiн онда қалған орыс
әскерiнiң бөлiмi революцияны қолдады. Фин үкiметi Васа қаласына көштi және
бұрынғы Ресей генералы К.Г.Э.Маннергеймге ұлттық әскер құру тапсырылды.
Ресей әскерiнiң Финляндияда болуы Финляндияның Германиядан көмек сұрауына
сылтау болды. 1918 жылдың сәуiрiнiң басында он мыңға жуық немiс әскерi
Финляндияға тұсiрiлдi. Революция талқандалды. Бiрақ ел Германияға тәуелдi
болып қалды, Финляндияны корольдiк деп жариялау және оның тағына герман
принцiн шақыру жоспары талқыланды. Алайда, бiрiншi дүниежүзiлiк соғыста
Германия жеңiлдi де, Финляндияда Республика жарияланды, немiс әскерлерi
елден кетуге мәжбұр болды. үкіметтiң сайланатын органдары құрылғанша жаңа
мемлекеттi Маннергейм басқарды. кеңес-фин қатынастары жақсармады.
Литва. Компьен келiсiмiнен кейiн Литваға Қызыл әскер енiп, Кеңес
өкiметi жарияланды, Литва мен Белоруссия бiр Кеңестiк республикаға
бiрiктiрiлдi. Кеңестiк Ресеймен федеративтiк одақ құру жөнiнде келiссөздер
басталды. Жоспар жүзеге аспады. Вилен өлкесiн поляк әскерлерi басып алды,
ал Литваның қалған жерiндегi Қызыл әскердi ерiктi отрядтар ығыстырды. 1919
жылы сәуiрде литва Тарибасы уақытша конституция қабылдап, А.Сметона
президент болып сайланды. Кеңестердiң барлық декретерi жойылды. Алайда,
Сметона өкiметi алғашқыда дәрменсiз болатын. Елдiң бiраз территориясын
поляк әскерлерi оккупациялады, Литваның солтұстiгi немiс отрядтарының
қолында болды, Кеңестiк Ресеймен қатынас реттелмедi, Антанта мемлекеттерi
Германияның жақтастары деп есептеп жаңа өкiметке сенiмсiздiкпен қарады.
Жаңадан құрылған Литва әскерi территорияны немiс отрядтарынан тазартуға
жұмсалды, антиполяктық мүдделер негiзiнде Кеңестiк Ресеймен қатынасты
реттей алды. Литва мен Кеңестiк Ресей арасында келiсiмге қол қойылды, Бұл
бойынша Вилен өлкесi литовтық деп танылды.
Тұркия Республикасы. Закавказьедегi тәуелсiз мемлекеттер құрудағы
сәтсiздiктiң басты себебi РСФСР-дың Тұркиямен келiсiмiнiң нәтижесi болып
табылады. Антанта елдерi Осман империясы тағдырын қиындатты. Осман
империясының Таяу Шығыстағы барлық иелiгi Англия мен Францияға берiлдi.
Тұрiктер тұратын Кiшi Азия түбегi территориясын бөлiске тұсiру көзделдi.
Оған ағылшын, грек, итальян және француз әскерлерi әкелiндi. Елде генерал
Мұстафа Кемаль бастаған ұлт-азаттық үшiн қозғалыс жанданды.
1919 жылы ұлтшылдар Стамбулда депутаттар палатасына Ұлттық пактыны
қабылдатты, ол бойынша Европа мен Азиядағы тұрiк облыстары Антанта
жоспарларына керағар тәуелсiз ұлттық Тұрiк мемлекетiн құратын болды. Оған
жауап ретiнде ағылшындар Стамбулды басып алып, депутаттар палатасын қуды.
Осы жағдайда Кемаль Кiшi Азия түкпiрiнде оккупацияланбаған территориядағы
Анкарада депутаттарды жиналуға шақырды. Осы депутаттар Тұркияның Ұлы ұлттық
жиналысы мәжiлiстi сайлады. Мәжiлiс Кемаль паша бастаған үкiмет құрды.
Асығыс тұрде әскер жасақтала бастады. Антантаға қарсы күрес негiзiнде
Тұркияның Кеңестiк Ресеймен жақындасуы басталды. 1920 жылдың жазында
екеуiнiң арасында дипломатиялық қатынас орнады. РСФСР жаңа Тұрiк мемлекетiн
таныған бiрiншi ел болды. 1923 жылы Тұркияда сұлтандық жойылды, ол
республикаға айналды.
Вашингтон конференциясы. I дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi дүниенi
бейбiт реттеу Қиыр Шығыста жалғасты. Соғысқа қатыспаған Жапония өзiнiң
басты қарсыластарының европа театрындағы соғыс қимылдарымен айналысуын
пайдаланып, Тынық мұхит және Қиыр Шығыстағы, әсiресе Қытайдағы өз
позициясын нығайтты. Жапония Қытайдың сыртқы саудасының жартысына билiк
еттi. Версаль келiсiмi бойынша оған герман “мұрасының” едәуiр бөлiгi тидi,
бұл американ басқарушы тобының көзқарасынша АҚШ-тың Қиыр Шығыстағы
мүддесiне зиян тигiзедi.
Осы аймақтағы Жапония экспансиясы Ұлыбританияның да мақсатына қайшы
келдi. Соғыстан кейiн халықаралық банк консорциумын құрып АҚШ “ашық есiк”
және “бiрдей мұмкiндiк” деген ұранмен Қытайды “интернационализациялауды”
талап еттi. Ұлыбритания Қытайды дәстұрлi принциппен “ықпал аймағына” бөлудi
ұсынды. Осы үш держава iшiнде жағдай шиеленiстi. АҚШ пен Жапонияның
басқарушы топтары тiптi әскери қақтығыстың болу мұмкiндiгiнде қарастырды.
Американ барлау басқармасы Ұлыбританиямен Жапонияда қуаты жағынан
американдықтан күштi әскери кемелердің жасалып жатқанын әшкереледi. АҚШ-тың
әскери-теңiз бәсекелестiгiн жеңiп шығатын материалдық мұмкiндiктерi мол
едi, алайда оған көп уақыт қажет едi.
Жапония Қиыр Шығыста АҚШ пен Ұлыбританияның сұсты бәскелесiне
айналды. 1902 жылы Ресейге қарсы жасалған ағылшын-жапон одағын, Жапония АҚШ-
қа қарсы қолдануды жөн көрдi. Сондықтанда, В.Вильсон Париж конференциясында
Ұлттар Лигасының Жарғысымен сыйыспайды деп одақты таратуға әрекет еткен
болатын. Ал шын мәнiнде ол Жапония мен Ұлыбританияны бiр-бiрiне қарсы қоюды
көздеп едi. Ұлыбританиямен АҚШ арақатынасы да қиындады. 20-шы жылдардың
басында Европа мемлекеттерiнiң АҚШ-қа қарызы 18 млрд. доллардан асты. АҚШ
қарызды төлеудi талап еттi, Қытайда британдық жеңiлдiктердi жоюға тырысты,
АҚШ өзiне Ұлыбританияның финанстық қарыздылығын пайдаланды.
АҚШ дүниежүзiнде ұстемдiкке жету ұмiтiмен өлттар Ассоциациясы деген
идеяны көтердi. Америка жаңа ғана бөлiнiске тұскен дүниенi қайта бөлудiң
инициаторы болды. Оны Қиыр Шығыста жапон интервенттерiн талқандаған
Кеңестiк Республика да мазасыздандырды. Осындай жағдайда американ
дипломатиясы Қиыр Шығыс пен Тынық мұхитта даулы мәселелердi шешу және
қарулануды “шектеу” мақсатында Вашингтонда халықаралық конференция шақыру
идеясын қозғады.
12 қараша 1921 жылы Вашингтон конференциясы ашылды. Оған 9 держава —
АҚШ, Ұлыбританияоның доминиондары және Индия, Жапония, Франция, Италия,
Бельгия, Голландия, Португалия және Қытай қатысты. Конференцияға Кеңестiк
Республика және қаралатын мәселелер тiкелей қатысты болса да Қиыр Шығыс
Республикасы да қатыстырылмады. РСФСР үкiметi Кеңестiк Ресей мен ДВР Қиыр
Шығыс Республикасы қатысуынсыз қабылданған шешiмдердi мойындамайтынын
мәлiмдедi. Конференцияда үш келiсiмге қол қойылды.
13 желтоқсан 1921 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Жапония “төрт
державалық Трактатқа” қол қойды. Трактат оған қатысушылардың Тынық мұхит
бассейнiнде аралдық иелiктерiн бiрiгiп қорғау “құқын” бердi. Отарларға
тиiспеуге өзара кепiлдiк бере отырып, державалар осы аймақтағы ұлт-азаттық
қозғалысқа қарсы күштерiн бiрiктiрдi. 1902 жылғы ағылшын-жапон одағы
жойылды. АҚШ Ұлттар Лигасына мүше болмағандықтан мандатқа ие болған жоқ.
Сол себептен, Трактатты ратификациялау барысында “конгресiнiң келiсiмiнсiз”
АҚШ үкiметi Тынық мұхит аймағында басқа ұлттардың иелiктерiн қорғау
мiндетiн ала алмайды деп көрсетiлдi. 13 желтоқсан 1921 жылы “төрт
державалық Трактатқа” қосымша декларацияда Трактатқа қол қою АҚШ-тың
мандаттық жүйеге келiскенi дегендi бiлдiрмейдi деп көрсетiлген. Осылайша
Америка Құрама Штаты осы аймақта аралдар иемдену мұмкiндiгiн сақтады.
6 ақпан 1922 жылы “теңiзде қарулануға шек қою” туралы “бес державалық
Трактатқа” АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Италия — қол қойды. Олардың
арасында мынандай пропорциялық флот ұстауға келiсiлдi: 5:5:3:1,75:1,75.
Мемлекет-державалар су сиымдылығы 35 мың тоннадан асатын линкорлар
жасамайтын болып келiстi. Сондай-ақ, келiсiм жаңа теңiз базаларын салуға
және жағалаулық қорғанысты күшейтуге тиым салды. АҚШ пен
Ұлыбританиябасқаларынан өзгеше мынандай құқыққа ие болды: АҚШ территориялық
суларын тiкелей қорғайтын аралдарын нығайтуға құқық алды; Британ
доминиондары Канада, Австралия, Жаңа Зеландия да осындай құқыққа ие болды.
Егер АҚШ-тың Филиппин мен Гуаманы нығайтудан бас тартуы Жапонияның мүддесiн
көздесе, ал британ иелiгi Сингапурдың әскери бекiнiске айналдырылуы оған
қарсы бағытталды. Бұл халықаралық қатынастар тарихында жаппай қарулануды
шектеген тұңғыш келiсiм болатын. Ұлыбританияөзiнiң әскери-теңiз флотының
АҚШ флотымен теңесуiн алғаш рет формальды тұрде мойындады.
Вашингтон конференциясында Қытай проблемасына көп көңiл бөлiндi.
Қытай өз территориясындағы Жапонияға берiлген Германдық отарларды қайтаруды
талап етiп Версаль бiтiм-шартына қол қойған жоқ. Версаль тонаушылық
саясатына жауап ретiнде Қытайда ұлт-азаттық қозғалыс “4 мамыр” қозғалысы
басталды. АҚШ “ашық есiк”, “Қытай достары” деген ұрандармен осы елде
американ капиталы позициясын нығайтуға және басқа елдердiң “ықпал аймағын”
жоюға тырысты. Британ дипломатиясы Версаль бiтiмi принциптерi негiзiнде
Жапониямен келiсiп, Қытайда дәстұрлi позициясын сақтауға Ұмтылды.
Германияның Тынық мұхиттағы иелiгiн алғаннан кейiн Жапонияның күшеюi АҚШ-ты
мазасыздандырды. Вашингтонның қысымымен Жапония Қытайға бұрынғы герман
иелiктерiн қайтаруға келiсуге мәжбұр болды.
6 ақпан 1922 жылы конференцияға қатысушылардың бәрi “тоғыз державалық
Трактатқа” қол қойды. Ол Қытайдың территориялық тұтастығы мен егемендiгiн
жариялады. Державалар “Қытайдың бүкiл территориясында барлық ұлттардың”
сауда мен өнеркәсiп үшiн “бiрдей мұмкiндiктер” принциптерiн ұстауға
мiндеттендi. Шын мәнiнде бұл державалардың Қытайды бiрiгiп тонау келiсiмi
едi. Трактат Қытайдың кедендiк теңсiздiгiн бекiттi. Қытайда “арендаланған”
территория қайтарылмады, Қытайда шет ел әскерi мен полициясы қала бердi.
Елдiң жартылай отарлық жағдайы ескерiлмедi. АҚШ пен Ұлыбритания Жапонияны
Шаньдун провинциясынан әскерiн әкетуге және оны Қытайға қайтаруға мәжбұр
еттi. Оңтұстiк Маньчжуриядан әскерiн әкету туралы Қытайдың талабын Жапония
орындамады. Вашингтон конференциясында державалар арасындағы келiспеушiлiк
Қиыр Шығысты шет ел интервенттерiнен азат етуге мұмкiндiк бердi.
Версаль-Вашингтон жүйесінің қайшылығы. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан
кейiнгi дүниенi реттеу барысында келiсiмдердiң тұтас комплексi жасалды, ол
тарихқа Версаль-Вашингтон жүйесі деген атпен ендi. Егер Версаль жүйесі
Батыс Европаның соғыстан кейiнгi проблемалары мен сондай-ақ оның Африка
және Таяу Шығыстағы мүдделерiн реттесе, ал Вашингтон Қиыр Шығыс пен Тынық
мұхит қайшылықтарын АҚШ мүддесiне сай шешуге ұмтылды. Осы орайда Вашингтон
Версальдың жалғасы болып табылады. Конференцияның бiрiншiсiнде де,
екiншiсiнде де дүниенi қайта бөлу жүзеге асты. Сонымен бiрге Вашингтон
конференциясы Версаль шешiмiн қайта қараудың бастамасына айналды. Оның
инициаторы Парижде жеңiлiс тапқан, капиталистiк дүниеде американдық
лидерлiкке жету үшiн сыртқы саясатта жаңа бағыт iздеген АҚШ болды. Шын
мәнiнде, Версаль-Вашингтон шешiмдерi халықаралық қатынас принциптерiн
жаңартудың қажеттiлiгiн тұсiнудiң өскендiгiн көрсеттi: Бұл - халықтардың
өзiн-өзi билеу құқын мойындау, конфликтердi шешу құралы ретiнде соғыстан
бас тарту. Сондай-ақ халықаралық қатынастар тарихындағы маңызды оқиға
Ұлттар Лигасының құрылуы болды. Кейбiр Европа елдерiнiң тәуелсiздiгi
танылды. Осындай жетiстiктерiне қарамастан Версаль-Вашингтон жүйесі ұзаққа
бармады.
Версаль-Вашингтон жүйесінің ұзаққа бармайтындығы оның шарттарынан
алғашқы кезден-ақ байқалған. Оны жасағандар көптеген мемлекеттер мен
елдердi мүшкiл халге тұсiргенi сонша, олардың бұл системаға қарсы күреспей
тұра алуы мұмкiн емес едi. Антанта державалары көңiлшек жеңiмпаздар емес
болатын. Соғыстан кейiнгi ауыртпалық жеңiлген халықтар мойнына тұстi. Бұл
халықтардың соғысты тұтандыруға қатысқан билігін құлатқаны, Германия үшiн
олардың елдерiнiң Антанта державалары алдында тiзе бүкпегенi назарға
алынбады. Репарация, жеңiлгендердiң мұмкiндiктерiн ескермей, “Жеңiлген
бәрiн де төлейдi” деген принциппен белгiлендi. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс
кезiнде салтанат құрған шовинизм, ұлтшылдық бәсеңсiмедi.
Европа мемлекеттерi арасындағы қайшылық шиеленiстi. 1921-1922 жылдары
Францияның ұстемдігімен Кiшi Антанта Чехословакия, Румыния, Югославия
құрылды. Осы әскери-саяси одаққа сүйенген Франция соғыстан кейiнгi
Европада өз ықпалын орнатуға жанталасты. Кiшi Антанта жеңiлген
мемлекеттердiң ревизионистiк талаптарына, Кеңестiк Ресейге, революциялық
қозғалысқа қарсы бағытталды.
Кеңестiк Ресей бұл жүйеден тыс қалды. Ең алдымен Ресей жеңген
державалар үшiн жаумен сепараттық бiтiм жасаған сатқын мемлекет болып
саналды. Большевизм жаулық қатынас туғызды, 1918-1919 жылдардағы
интервенция барысында оны құлату әрекеттерi жасалды. Ресейде жүрiп жатқан
азамат соғысы оның өкiлдерiн Парижге, Вашингтонға шақырмаудың сылтауы
болды. Большевиктер азамат соғысында жеңiске жеттi, мемлекеттiң соғысқа
дейiнгi шекарасын қалпына келтiрiп, Ресей дүниежүзiндегi iрi мемлекетке
айналды. Алайда, Кеңестiк Ресейдiң бiрде-бiр бейбiт келiсiмнiң соңында қолы
болмады. Дүниежүзiлiк проблеманы шешуден алшақтатылған Ресей Версаль-
Вашингтон жүйесіне қарсы болмай қала алмады.
Алғашқы болып Тұркиямен жасалған Севр келiсiмi күшiн жоғалтты.
Версаль бiтiм-шартының баптарын жүзеге асыру үшiн жеңген-державалар
көптеген комиссиялар құрды. Олардың жұмысын бақылау Францияның төрағалық
етуiмен Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония елшiлерiнiң үнемi өткiзiлiп
тұратын конференцияларына тапсырылды. Оған АҚШ-тың өкiлi бақылаушы ретiнде
қатысты. Осы конференциялар барысында ағылшын-француз қайшылықтары тереңдей
тұстi. Европа проблемаларын шешуде, әсiресе Германияға байланысты, Франция
Таяу Шығыста Ұлыбританияның қолдауына сүйендi. Германия жеңiлдiкке жету
үшiн одақтастар арасына жiк салуға тырысты. Герман отарлары мен бұрынғы
Осман империясы халықтарының ешқайсысы да тәуелсiздiк алмады, Версаль-
Вашингтон жүйесі тек билеушiлердi ғана алмастырды. Ол халықтар үшiн
мандаттық жүйесі енгiзiлдi. Метрополия осы халықтарды басқаруға Ұлттар
Лигасынан мандат алды. Ұлттар Лигасынан АҚШ кеткен соң Кеңес құрамында
мандатқа ие мемлекеттер ғана қалды. Мандаттық территориялар жағдайының
отарлардан еш айырмашылығы болмады. Бұл отар халықтарына ұлы державалардың
отаршылдықты қолдайтынын тағы да айқындады. Сондықтан отарлыққа қарсы
азаттық қозғалысы кең қанат жайды.
Репарация мәселесi қызу талас туғызды. Репарациялық комиссия
алғашқыда герман репарациясының мөлшерiн 269 млрд. алтын марка деп
анықтады. Алайда бiраз уақыт өткен соң Германияның талап етуiмен Спа
қаласында бұл мәселе қайта талқыланды. Онда репарацияның державалар
арасында бөлiну принципi ғана айқындалып, оның 52 %-iн Франция, 22 %-iн
Англия, 10 %-iн Италия, қалған бөлiгiн басқа мемлекеттер iшiнде АҚШ-та
бар алатын болды. Онан кейiнгi конференция репарацияның жалпы сомасын 226
млрд. алтын маркаға тұсiрдi. Германия тағы да бастартты. Ақырында, 5 мамыр
1921 жылы Германияға репарацияны 132 млрд. алтын марка деп белгiлеген
Лондон ультиматумы жiберiлдi. Ол қабылданды. Алайда, Германия оны бiр-ақ
жыл ғана төледi. 1923 жылдың қаңтарында репарация мәселесi бойынша ағылшын-
француз келiспеушiлiгi тым шиеленiсiп кеттi. Лондонның репарацияны 50 млрд.
алтын маркаға азайтқанына Париж барынша ызаланды.
Ұлы державалар Париж конференциясында келiсiмдердiң экономикалық
салдарларына мән бермедi. Олар жас герман демократиясын масқара келiсiмге
қол қоюға мәжбұр етiп, олардың болашағын ойламады. Орталық Европаның үш
империя жерiнде бiр-бiрiмен келiспеушiлiгi көп бiрнеше кiшiгiрiм
мемлекеттердiң құрылуына келiскен Ұлы державалар, бұл регионда үнемi саяси
тұрақсыздыққа жол бердi.
Германия әскерi мен оны қаруландыру мәселесi бойынша бiтiспес
алауыздықтар туды. Германия Версаль келiсiмiнiң кейбiр шарттарын орындаудан
бас тартты, жеңгендер - державалар оны орындатуға мәжбұр ете алмады.
Әсiресе соғыс айыптыларын соттау туралы баптары мүлдем орындалмады.
Вильгельм II-де сотқа шақырылмады. Версаль келiсiмiнiң әскери шарттары
әуелден-ақ бұзылды. Сондықтан герман реваншизмi халықаралық шиеленiстiң
және жаңа дүниежүзiлiк соғыс қаупiнiң қайнар көзiне айналды. Империалистiк
системаның Версальда жасалған халықаралық қатынастардағы антагонизмiнiң
бүкiл жиынтығы жаңа соғыс қаупiне жол салды. Версаль-Вашингтон жүйесi
империалистiк мемлекеттер арасындағы терең қайшылықтарды жоя алмады. Ол тек
уақытша бұрынғы қайшылықтарды бәсеңдеттi де, жеңгендер мен жеңiлгендер
арасында жаңа келiспеушiлiктер тудырды. Соғыстан кейiнгi дүниенi реттеу
жүйесi Кеңес үкiметiнсiз және оның заңды мүдделерiн есепке алмай жасалынды.
Сондықтан ол тек жеңiлген елдерге ғана емес, Кеңес үкiметiне, капиталистiк
елдердегi революциялық қозғалысқа, отарлар мен тәуелдi елдердегi ұлт-
азаттық қозғалысқа қарсы бағытталды. Дегенмен, Версаль - Вашингтон жүйесi
бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi дүниенi реттеудi жүзеге асырды.
Бақылау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz