Нарықты экономика кезеңіндегі еңбекті әлеуметтік қорғау



Жоспар

Кіріспе

І Тарау Әлеуметтік қорғау саласының жүйесі.
1.1 Әлеуметтік.мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар.
1.2 Халықты әлеуметік қорғау шығыстары.

ІІ Тарау Нарықты экономика кезеңіндегі еңбекті әлеуметтік қорғау.
2.1. Еңбекті әлеуметтік қорғау жүйесі.

2.2. Әлеуметтік жүйенің нарықты экономика кезіндегі қызметі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға — оқу-ағартуға, ақпарттық қызметтер көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, өнерге, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.
Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:
білім беру және кадрларды кәсіпке даярлау;
мәдениет, өнер, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары;
денсаулық сақтау;
-мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек.
Нарықтық қатынастар жағдайында тұтынудың бұрын қалыптасқан қоғамдык қорлардан әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландырудан бас тарту болды. Нарық жағдайында еңбек салымына, харакеттін әр түріндегі адамның мүмкіндіктеріне қарай тұтыну мөлшерінің тура тәуелділігі қалыптасады. Сондықтан қазіргі жағдайда жеке-дара табыстар адамдардың кәсіпкерлік және басқа қабілеттіктеріне қарай қалыптасады, сонымен бірге орталықтандырылмаған қорлар көбейеді, өйткені шаруашылық органдарының қарамағында олардың жұмысының нәтижелеріне қарай табыстың (пайданың) бір бөлігі қалады.
Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектрін қамтиды. Әлеуметтік қамсыздаңдырудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен жіктеріне "әлсуметтік көмек" деп аталатындар бола алады.
Әлеуметтік сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты жағынан адамның еңбек қызметімен және бұл қызметтің нәтижесіне байланысты болып келетін тиісті төлемақыларға арналған қорларды қалыптастырумен байланыстырылады. Яғни әлеуметтік сақтандыру жөніндегі қаражаттар айтарлықтай дәрежеде, өзін-өзі қаржыландыру қағидасы бойынша, пайдаланушының (сақтанушының) оларды алуына қарай көп немесе аз уақыт аралығымен жасалынады.
Тұрмысы темендегілерге әлеуметтік көмек нсгізінен кедейлік шегінен арғы халықтың көптсген санаттарына таралады және мемлекет немесе қайырымдылық-қоғамдық, мақсатты, жеке меншіктегі қорлардың есебінен болатын "қайыр көрсету" сипаты болады және мақсаты — "кедейлерге қамқор болу".
Сөйтіп, әлеуметтік мұқтаждарды қаржыландыруға арналған қаражаттарды қалыптастырудың үш әдісін бөліп көрсетуге болады: сақтық, бюджеттік, қайырымдылық жарналары (қайыр көрсету) әдістері.
Сақтық әдіс әлеуметтік төлемақылардың түрлерін қаржыландыру үшін қайта бөлу арналары бойынша қызмет көлемінен белгілі бір мөлшерде аударылатын қаражаттарды қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Абишев С. Лицом к мировой экономике //Экономика и жизнь, 1991,
№5.
2. Абутыипов Ж. На пути к рынку //Казахстан: экономика и жизнь,
№3,№.
3. Антикризисная программа правительства //Экспресс К°, 1993, 5, 6,
, 7яиваря.
4. 4 Арынов ЕМ, Социально-экономический аспект развития пробммных регыонов СССР. -Алма-Ата, 1989.
5. Арынов Е.М., Жаааманов Р., Елеусизов А. Иностранное участие е
оздоровлении эщюмики Казахстана //Саясат-Политика, 1995,
№1,2. ...
6. Аубакиров Я.А. Экономические аспекты преобразования собствето-
сти. (Преобразование собственности - основа формирования рыноч-
ной экономики в Казахстане) - Алматы, 1995.
7. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана за 60 лет. -Алма-Ата, 1977.
8. Ашимбаев Т.А. Путыс рынку. -Алматы, 1994.
9. Будущий экономический обмен Казахстана. Сборник тезисов меж-
вузовской научно-теоретической конференции. -Алма-Ата, 1977.
10. Джафурнин К.Е. ТАСИС в Казазхстане //Саясат-Политика, 1995,
№7.
11. Есимов А.С. Приватизация - основа реформы сельского хозяйства
//Саясат-Политика, 19%, №2.
12. Ертлесова Ж.Д. Программы и планы действий по углублетю рефор-
мы в регионах //Саясат-Политика, 1996, №2.
13. Жатканбаев Е.Б. Осиовы формирования смешанной экономики. -
Алма-Ата, 1992.
14. Жуламанов Р.К. Сравнительный анализ уровня конкурентоспособно-
сти национальной экономики //Саясат-Политика, 1996, №3.
15. Исингарин Н.К. Реализация среднесрочной программы - основная
задача Правительства //Саясат-Политика, 1996, №2.
16. Кабдиев Д. Развитие экономической мысли в Казахстане. -Алма-
Ата, 1978.
17. Кажигельдин А.М. От инфляционной экономики к инвестиционной
//Сажат-Политика, 1995, №3.
18. Казахстанский справочник бизнесмена. -Алма-Ата, 1978.
19. Кашимбоев Р. Сбшюнсированностъ и эффектность развития эко-
номики региона. - Алма-Ата, 1991.
20. Кузембаев Н.К. іВетюнальные проблемы формирования территори-
альных эконом&ШХЩ пропорций и их совершенствования. - Аша-
Ата, 1985.
21. 208
22. Музапарова Л.М. Горно-металлургический комплекс Казахстана:
современное состояние и проблемы. - Алматы, 1995.
23. Назарбаев Н.А. Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку. -
М., 1992.
24. Назарбаев Н.А Стратегия становления и развития Казахстана
как суверенного государства. - Алма-Ата, 1992.
25. Назарбаев Н.А. Қазақстан - 2030. -Алматы, 1997.
26. Нарибаев К.Н. Региональные аспекты управления экономикой. - Ал-
ма-Ата, 1986.
27. Национальная программа разгосударствления и приватизации в Рес-
публике Казахстан на 1993-1995 гг. (ІІ-этап) //Советы Казахста-
на, 1993, 11 марта

28. Нургалиев К.Р. Экономика Казахстана. - Алматы, 1997.
29. Нургалиев К.Р., Тулембаева А.Н. Банковский маркетинг. - Алматы,
1998.
30. Нефть и газ Казахстана (Экономический обзор). - Алматы, 1995.
31. Новые территориальные комплексы СССР. - М., 1977, с. 191-251.
32. Очерки экономической истории Казахской ССР /Под ред.
С.Б.Баишева. - Алма-Ата, 1974.
33. Программа стабилизации экономйки Казахской ССР и перехода к
рынку. - Алма-Ата, 1991.
34. Семенов П.Е., Косов В.Ф. Проблемы развития и размещения произ-
водительных сил Казахстана. - М., 1974.
35. Толымбеков К. Без конкуренции непг рынка//Казахстан: экономика
и жизнь, 1992, №8.
36. Туркебаев Э.А., Двоскин Б.Я., Исентаев К.Б. Проблемы региональ-
ной экономики Казахстана. - Алма-Ата, 1977.

Тақырыбы: Халықты әлеуметтік қорғау және дамыту жүйесі
Жоспар
Кіріспе
І Тарау Әлеуметтік қорғау саласының жүйесі.
1.1 Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар.
1.2 Халықты әлеуметік қорғау шығыстары.
ІІ Тарау Нарықты экономика кезеңіндегі еңбекті әлеуметтік қорғау.
2.1. Еңбекті әлеуметтік қорғау жүйесі.

2.2. Әлеуметтік жүйенің нарықты экономика кезіндегі қызметі.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға — оқу-
ағартуға, ақпарттық қызметтер көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату
және теледидар), мәдениетке, өнерге, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен
спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға
жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.
Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:
білім беру және кадрларды кәсіпке даярлау;
мәдениет, өнер, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары;
денсаулық сақтау;
-мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек.
Нарықтық қатынастар жағдайында тұтынудың бұрын қалыптасқан қоғамдык
қорлардан әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландырудан
бас тарту болды. Нарық жағдайында еңбек салымына, харакеттін әр түріндегі
адамның мүмкіндіктеріне қарай тұтыну мөлшерінің тура тәуелділігі
қалыптасады. Сондықтан қазіргі жағдайда жеке-дара табыстар адамдардың
кәсіпкерлік және басқа қабілеттіктеріне қарай қалыптасады, сонымен бірге
орталықтандырылмаған қорлар көбейеді, өйткені шаруашылық органдарының
қарамағында олардың жұмысының нәтижелеріне қарай табыстың (пайданың) бір
бөлігі қалады.
Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін
мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектрін қамтиды.
Әлеуметтік қамсыздаңдырудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандыру,
әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен жіктеріне
"әлсуметтік көмек" деп аталатындар бола алады.
Әлеуметтік сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты жағынан адамның еңбек
қызметімен және бұл қызметтің нәтижесіне байланысты болып келетін тиісті
төлемақыларға арналған қорларды қалыптастырумен байланыстырылады. Яғни
әлеуметтік сақтандыру жөніндегі қаражаттар айтарлықтай дәрежеде, өзін-өзі
қаржыландыру қағидасы бойынша, пайдаланушының (сақтанушының) оларды алуына
қарай көп немесе аз уақыт аралығымен жасалынады.
Тұрмысы темендегілерге әлеуметтік көмек нсгізінен кедейлік шегінен арғы
халықтың көптсген санаттарына таралады және мемлекет немесе қайырымдылық-
қоғамдық, мақсатты, жеке меншіктегі қорлардың есебінен болатын "қайыр
көрсету" сипаты болады және мақсаты — "кедейлерге қамқор болу".
Сөйтіп, әлеуметтік мұқтаждарды қаржыландыруға арналған қаражаттарды
қалыптастырудың үш әдісін бөліп көрсетуге болады: сақтық, бюджеттік,
қайырымдылық жарналары (қайыр көрсету) әдістері.
Сақтық әдіс әлеуметтік төлемақылардың түрлерін қаржыландыру үшін қайта
бөлу арналары бойынша қызмет көлемінен белгілі бір мөлшерде аударылатын
қаражаттарды қажет етеді.

І Тарау Әлеуметтік қорғау саласының жүйесі
1.1 Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар

Соңғы уақытта елімізде әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландырудың жаңа
қағидаттары енгізілді: әлеуметтік сфераның мекемелері ішінара
қаржыландырудың шаруашылық есеп негіздеріне, сақтандырудың қағидаттарына
келуде. Білім беру сферасында — бұл кепілдендірілген бюджеттік нормаларға
қосымша білім және кәсіби маман үшін ақылы оқуды қолдану, денсаулық
сақтауда — ақылы медициналық қызмет көрсетуді дамыту.
Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім
беретін мектептерге, мектептен тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму
мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы
(түзету) білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіптік білім беру оқу
орындарына, орта кәсіптік білім беру оқу орыңдарына, жоғары кәсіптік білім
беру орындарына, кадрлардың біліктілігін арттыру жоне қайта даярлау оқу
орындарына бөлінеді. Аталған барлық шығыстар мемлекет кепілдендіретін
деңгей бөлігінде бюджет ресурстары ессбінен жабылады. Білім беру
мекемелерін қаржыландыру бұл мекемелердің түрлері мен тұрпаты бойынша әр
оқушыға анықталатын мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлер мен өндірістегі басқа кадрларды даярлау және олардың
біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстар өнімінің (жұмыстардың, қызметтер
көрсетудің) өзіндік құнына кіріктіріледі.
Білім беру мекемелері бюджеттен тыс қаражаттарды және ресурстарды, соның
ішіндс валюталық ресурстарды, ақылы оқыту кызметтерін көрсету есебінен
тартады; қаражаттардын бір бөлігін кәсіпорындар мен ұйымдар — демеушілер
береді.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес гранттар және
кредиттер негізінде жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа механизмі
қолданылады: бірінші жағдайда қаражаттар қажетті профилдің мамандарын
даярлау үшін мемлскеттік бюджет есебінен өтеусіз бөлінеді, екіншісінде
оқитындарға келісімшарт негізінде коммерциялық банк құрылымдары тарапынан
ұзақ мерзімді кредит беріледі (банк мекемесі — студент — жоғары оқуы
орындары — Білім және ғылым министрлігі)
Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет
үйлерін, мұражайлар мен көрмелерді, театрларды, филармонияларды, сазгерлік
ұйымдарды, ансамбльдерді, киностудияларды ұстауды қамтиды; олар бюджеттен,
сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебінен
қаржыландырылады. Мәдениет пен шығармашылықтың бірқатар мекемелері
(театрлар, цирктер) шаруашылық есепте тұрады және олар бойынша меншікті
табыстарымен жабылмайтын шығыстардың мөлшерінде бюджеттен демеу қоржының
сомасы белгіленеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекет
құрылтайшысы болып келетін мемлекеттік радио хабарын таратуды, теледидарды,
баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруға бағытталады.
Халыққа арналған бірқатар медициналык қызметтер бұрыннан ақылы жүйеде
көрсетіліп жүргендігі белгілі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы қаңтардың 27-сіндегі № 135
қаулысына орай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі
белгіленген. Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттік — Республикалық
бюджеттің қаражаттары есебінсн, аумақтық денсаулық сақтау органдары —
жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен көрсетілетін медициналык
қызметтерге ақы төлеу жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады.
Азаматтарға республикалық бюджеттің есебінен орындалатын тегін
медициналык, көмектің кепілдендірілген көлемі:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасы бойынша ересектер мен
балаларға оңалту көмегін қоса алғанда: хирургиялық,
нейрохирургиялық, уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық және
радиологиялық, тері-венерологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық,
акушерлік-гинекологиялық және зиянды әрі қауіпті өндірістік факторларға
байланысты аурулар, туберкулез, лепра кезінде мамандандырылған медициналық
көмек көрсетуге;
ВИЧ-инфекциясын жұқтырған ауруларға медициналық көмек көрсетуте;
шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болған аурулар кезінде медициналық көмек
көрсетуге;
4) сот-медициналық сараптамаға бағытталады. Азаматтарға жергілікті
бюджеттің есебінен орындалатын тегін медициналық көмек:
1) алғашкы медициналық-санитарлық көмекті; алғашқы медициналық-
санитарлық көмек корсету мамандарының жолдамасы бойынша мамандандырылған
амбулаториялық-емханалық ұйымдар жүзеге - асыратын консультациялық-
диагностикалық көмекті;
- ортодонтикалық көмектен басқа 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге
және тісі қатты ауырған науқастарға стоматологиялық көмекті;
- 18 жасқа дейінгі балаларға физиотерапевтік көмекті;
- жедел және шұғыл жәрдем көрсетуді;
- шұғыл көмек көрсетуді;
- алғашқы медициналық-санитарлык, көмек көрсету мамандарының жолдамасы
бойынша аурулардың барлық түрлері, соның ішінде: онкологиялық,
психоневрологиялық, инфекциялық, офтальмологиялық, хирургиялык,
нейрохирургиялық, ортопедиялық, уронефрологиялық, терапевтік,
травмотологиялық, тері-венерологиялық, жүкті әйелдер мен аурулардын,
гинекологиялық ауруларына, алкоголизммен және нашақорлықпен, туберкулезбен,
кант диабетімен, тыныс жолы-өкпе ауруларымен ауыратындар бойынша жоспарлы
көмек көрсетуді қоса алғанда, жергілікті деңгейде ересектер мен балаларға
стационарлық медициналык, соның ішінде оңалтушылық көмек көрсетуді;
4) шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болған аурулар кезінде
медициналық көмек көрсетуді;
5) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған ауруларға медициналық
көмек көрсетуді қамтиды.
Әскери кызметшілерге, ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің, Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің әскери қызметшілеріне
заңдарда белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмек көрестіледі.
Басқа қалғандарының бәрі ақылы нысанда көрсетілуі тиіс, бұл дұрыс
нарықтық медициналық қызметтер көрсетудің дамуына жеткізеді.
Мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландырудың көздері мыналар болып
табылады:
- үзақ мерзімді экономикалық нормативтер бойынша бөлінетін республикалық
және жергілікті бюджеттердің қаражаттары;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерінен аударылатын аударымдар,
министрліктің, ведомстволардың және басқарудың басқа органдарының мақсатты
субсидиялары;
- арнаулы бағдарламалар бойынша халықаралық ұйымдардың қаражаттары;
- республикалық және жергілікті валюта қорларынан бөлінетін валюталық
қаржы;
- жұмыс берушілерге нормативтерден тыс медициналық және басқа қызметтер
көрсетуді орындағаны үшін және ақылы қызметтер мен шаруашылық қызмсттің
басқа түрлерін көрсеткені үшін алынған медициналық мекемелердің
қаражаттары;
- ұйымдар мен азаматтардың, соның ішінде басқа мемлекеттердің қайырымдылық
салымдары.
- Мемлекеттік денсаулық сақтаудың қаражаттары мыналарға бағытталады:
- азаматтарға медициналық көмск көрсетуге;
- денсаулық сақтаудың мақсатты кешенді бағдарламаларына;
- мемлекеттік денсаулық сақтаудың материалдық-техиикалық базасын дамытуға;
- емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерді
ұстауға;
- медициналық кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
- медициналық ғылымды дамытуға және енгізуге;
- жұқпалы аурулар эпидемияларын жоюға.
Денешынықтыру мен спортқа жүмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің
қаражаттары, кәсіподақ ұйымдарының қаражаттары, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің кірістері, спорт қоғамдарының меншікті қаражаттары есебінен
қаржылаңдырылады. Стадиондар мен басқа спорт ғимараттарына жұмсалатын
күрделі жұмсалымдар, спорт ұйымдарының аппаратын ұстау, оқу-жаттығу
жиындары мен жарыстарды өткізуге бөлінетін қаржылар мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылады. Шығыстардың бір бөлігін ұйымдар — демеушілер,
әдеттегідей, жарнамалық мақсаттарда өтейді.
Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған
және төтенше оқиғаға байланысты белгілі бір объектіні сақтандыру мен
әлеуметтік қамсыздандыру (сақтандыру) сияқты екі оқшауланған нысанада іс-
орекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоспағанда
әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен — халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен
тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының азаматы
жасына келгсн, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған
жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең
төмен мөлшерлеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді. Нарықтық
экономикасы бар елдердің тәжірибесіне орай әлеумсттік қорғау жүйесі
мемлекеттік, мсмлекеттік емес құрылымдардың (жекешені қоса), қоғамдық
бірлестіктердің көп жақты жауаптылығының негізінде құрылады.
Алайда халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына "әлсуметтік қамсыздандыру"
мен "әлеуметтік сақтандыру" терминдері сипатты болғанымен бұлар бара-бар
ұғымдар смес. Әлеуметтік қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау процесі
деп, ал ол әуметтік сақтандыруды — осы процесті жүзеге асыру нысандарының
бірі дсп түсінген жөн.
Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар мемлекет шығыстарының
жүйссінде үлкен орын алады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында халықты
әлеуметтік қорғау басым бола бастайды және тұтыну тауарлары мен қызметтер
көрсетуге бағаның өсуіне байланысты, сондай-ақ инфляцияның және ақшаның
құнсыздануының нәтижесінде өссді.
Әлеуметтік қоргау деп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес
азаматтарға қалыпты тіршілік әрекстінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз
етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай
институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Бұл деңгей
қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, жалпы ішкі өнімнің
мөлшерлеріне, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына,
жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады.
Әлеуметтік қорғаудың қаржылык тұлғалары арнаулы ақша қорларын
қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қайта бөлгіштік қатынастарда
көрініп, білінеді, бұл қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтік төлемақылар
жасалынады.
Ең томен әлеуметтік төлсмақылар мелшерін есептеудің негізі орта есеппен
жан басына шаққандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бұл үшін
негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек, отын бойынша, отбасына
қажет қызметтер жиынының ең төмен тұтыну қоржынының құны мен құрамы есептеп
шығарылады. Ең төмен тұтыну бюджетінің мөлшері бағалар деңгейінің
өзгеруімен байланысты мезгіл-мезгіл қайта қаралып тұрады және уәкілетті
орган қайта бекітсді.
Әлеуметтік шығыстар зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы, казіргі
кезде мемлекеттік бюджетке қамтылған мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры,
әлеуметтік қорлар немесе шаруашылық субъектілерінің тұтыну қорлары арқылы
жүзеге асырылады. Төлемақыларды халықты әлеуметтік қорғау органдары,
шаруашылык субъектілері, өндірістік емес сфера ұйымдары жасап жүргізеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік сақтаңдыруды кәсіподақ комитеттері
қадағалап отырады.
Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы құжаттарында,
жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеуметтік қамсыздандыру және
әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар ретіндс қамтып көрсетіледі.
Халықты әлеуметтік қорғау санатына қосылатын ұғымдардың айырмашылықтары
бар.
Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін
мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектрін қамтиды.
Әлеуметтік қамсыздаңдырудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандыру,
әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен жіктеріне
"әлсуметтік көмек" деп аталатындар бола алады.
Әлеуметтік сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты жағынан адамның еңбек
қызметімен және бұл қызметтің нәтижесіне байланысты болып келетін тиісті
төлемақыларға арналған қорларды қалыптастырумен байланыстырылады. Яғни
әлеуметтік сақтандыру жөніндегі қаражаттар айтарлықтай дәрежеде, өзін-өзі
қаржыландыру қағидасы бойынша, пайдаланушының (сақтанушының) оларды алуына
қарай көп немесе аз уақыт аралығымен жасалынады.
Тұрмысы темендегілерге әлеуметтік көмек нсгізінен кедейлік шегінен арғы
халықтың көптсген санаттарына таралады және мемлекет немесе қайырымдылық-
қоғамдық, мақсатты, жеке меншіктегі қорлардың есебінен болатын "қайыр
көрсету" сипаты болады және мақсаты — "кедейлерге қамқор болу".
Сөйтіп, әлеуметтік мұқтаждарды қаржыландыруға арналған қаражаттарды
қалыптастырудың үш әдісін бөліп көрсетуге болады: сақтық, бюджеттік,
қайырымдылық жарналары (қайыр көрсету) әдістері.
Сақтық әдіс әлеуметтік төлемақылардың түрлерін қаржыландыру үшін қайта
бөлу арналары бойынша қызмет көлемінен белгілі бір мөлшерде аударылатын
қаражаттарды қажет етеді.
Бюджеттік әдіс кезінде қаражаттар ақша ресурстарының жалпы мемлекеттік
қорынан мемлекеттің мүмкіндігімен және әлеуметтік және бюджет саясатының
мақсаттарымен анықталатын деңгейде бөлінеді.
Қайырымдылық жарналары (қайыр көрсету) әдісі кезінде қаражаттардың
тіркелген мөлшерлері болмайды және арналар бойынша олардың түсуіне қарай
қайырымдылық жарналарын іске асыратын ұйымдар анықтайтын мақсаттарға
жұмсалады.
Әлеуметтік сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету жуйесі,
еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінде жәрдемақылар төлеу, жұмысынан айырылған
кезде әлеуметтік қолдау арқылы іске асырылады.
Зейнетақы — бұл зсйнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар
заңнамада көрсетілгсн тәртіппен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, ішкі
істср органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызмсттерді ұстауға көзделген
қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Жұртқа мәлім, 1998 жылға дейін зейнетақы кәсіпорындардың өз қызметкерлері
үшін аударған жарнасы есебінен төленіп келді. Бірақ жарнадан жиналатын
қаражат күндердің күнінде мемлекеттік зсйнетақы төлеу үшін қажет болатын
қаражат мөлшеріне жетпей қалуы мүмкін еді, Оның үстіне экономика дағдарысқа
ұрынып, жұмыссыздық етек алған тұста бұл проблема өткір сипат ала түскен.
Осы жайт жаңа зейнетақы жүйесін енгізуге итермелегсн ең негізгі себептердің
бірі болды. Ескі, "ынтымақтастык," зейнетақы жүйесі мұндай жағдайда
зейнетакының іркіліссіз төленуін қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті.

1.2 Халықты әлеуметік қорғау шығыстары

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздаңдыру туралы" 1997 жылғы
маусымның 27-сіндегі заңның қабылдануымен байланысты зейнетақы рсформасы
басталды. Оның мәні - 1997 жылғы дейін өмір сүрген зейнетақымен қамтамасыз
етудің зейнетақы қорларын қалыптастыру кезіндегі ұрпақтардың ынтымақтастық
қағидатынан жеке қорланымдардың қағидатына көшуде болды. Ол үшін зейнетақы
төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық пен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын
барлық заңи тұлғалар мен жеке тұлғалардың әлеуметтік салық төлеу жолымен
қалыптасатын Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры қарастырылды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі кезінде әркім өз табысынан (жалақысынан)
міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Осы көздің есебінен жиинақтаушы
зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы қорланымдарды қалыптасады. Ұстау
жәнс жинақтаушы зейнетакы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу
мына мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады; жалдамалы кызметкерлердің
еңбегін пайдаланатын заңи тұлғалар, соңдай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар
мен жеке нотариустар ай сайынғы ақша немесе натуралдық нысандағы табысынан
(жұмыс берушінің материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе басқадай
материалдық пайда түріндегі табыстарын қоса) он пайыз мөлшерінде жарна
аударады. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге алынатын ай сайынғы табыс
ең төменгі айлык жалақының жетпіс бес еселік мөлшерінен аспауы тиіс.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары
салық кодексінің 144 бабының 1), 3), 8), 10), 11), 15), 16). 17), 23), 25),
26), 27), 29), 31-1), 34) тармақшаларында және 316 бабынын 1 тармағының 4),
5) тармақшаларында белгіленген төлемдердсн ұсталынбайды. Кейін зейнетақы
төлемдері мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы
қорларындағы әркімнің жеке зейнетақыі шотынан төленеді. Сондықтан
зейнетақының мөлшеріне бюджеттің жай-күйі, қанша адамның жұмыспен қамтыльш,
қаншасы жұмыссыз жүргені әсср степейді.
Салымшылар немесе жұмыс берушілер міндетгі зейнетақы жарналарына қосымша
ретінде ерікті зейнетақы жарналарын төлей алады, олардың мөлшері
шектелінбейді, жарналар бірақ рет немесе дүркін-дүркін, ұдайы немесе
тұрақсыз, қолма-қол ақшамен немесе аудару жолымен (қолма-қолсыз ақшамен)
төленеді.
Зейнетақы төлемдері салымшының таңдауы бойынша мемлекеттік жинақтаушы
зейнетақы қорына немесе мемлекеттік емсс жинақтаушы зейнетақы қорларына
бағытталады, салымшыға зейнетақы келісім шартының негізінде жеке зейнетақы
шоты және жекеше нөмір — әлеуметтік жеке код (ӘЖК) ашылады.
Қазақстанда 16 жинақтаушы зейнетақы қоры бар. Егср 30 жылдан бері жұмыс
істеп келе жатқан Чилидегі зейнетақы жүйесі экономикалық белсенді саналатын
азаматтарының тек 30 пайызын ғана қамти алса, Қазақстанда 5-6 жылдың ішіндс
9 миллионға жуық адам әлеуметтік жеке код туралы куәлік алып отыр. 15
миллион тұрғындары бар ел үшін бұл үлкен жетістік. Солардың 6,3 миллионға
жуығы салымшылар қатарына тартылған, яғни бұл еңбекке жарамды республика
тұрғындарының 80 пайызының өз шоттары барын дәлелдейді.
Салымшылардың қордаланған жарналарын зейнетақы қорлары уәкілетті банк
(кастодиан) арқылы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ұйымға (ЗАБҮ)
бсреді, ол қаражаттарды бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне және
басқа қаржы тетіктеріне орналастырады. Орналастыру ксзінде алынған табыс
иивестициялық кіріс деп аталады, ол салымшылардың жеке шоттары бойынша
қордаланған қаражаттардың сомасына сәйкес бөлінеді; инвестициялык, кіріс
қорланудың ұлғаюын жәнс оның инфляциядан қорғалуын қамтамасыз стеді.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға
сойкес орталықтан зейнетақы төлемдері еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдср
58 жасқа толғанда және еркектсрге кеміндс 25 жыл еңбек өтілі болғанда,
әйелдерге — 20 жыл еңбек өтілі болғанда тағайындалады.
Толық емес көлсмдегі жасына байланысты зсйнетакы төлсмдері азаматтарға
олардың нақты еңбск өтілінің болуына қарай орталықтан толық көлсмінде
зейнетақы төлемдерін алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалады.
Төтенше және барынша радиациялық катерлі өңірлсрде 1949 жылғы 29 тамыздан
1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар "Семей ядролық
сынақ полигонындағы ядролық сынақтардын салдарынан зардап шекксн
азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес еркектср — жалпы еңбек өтілі 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50
жасқа жеткснде; әйелдер жалпы өтілі — 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45
жасқа жеткендс зейнетақы тағайындалуына құқылы. 5 және одан да көп бала
туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйслдер 50 жасқа толғанда жасына
байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы
1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сөйкес, зейнетақы орташа айлық
кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі және жұмыста болған үзілістерге
қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс
негізге алына отырып, 1995 жылғы қаңтардың бірінен бастап жүзеге асырылып
келеді. 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін қажетті еңбек өтілінен тыс жұмыс
істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға
өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75
пайызынан аспауы тиіс.
Зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің
барлық түрлері жөне тізбесін Үкімет белгілейтін өзге де табыстар
енгізіледі. Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс
қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз
алтыға бөлу арқылы анықталады және орташа айлық жалақы шығарылады. Алайда
зейнетақыны есептеуге қажет табыс тиісті жылға арналған республикалық
бюджет туралы заңмен белгіленген 15 еселенген айлық есептік көрсеткіштен
аспауы тиіс. 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін тағайындалған зейнетақы
төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет
туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75
пайызынан аспауы тиіс. Бұған өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің,
лауазымдар мен көрсеткіштердің Үкімет бекіткен № 1 Тізімдегі 1998 жылғы
қаңтардың 1-іне дейін зейнетақы тағайындалған адамдар жатпайды.
2002-2003 жылдары Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан
төленетін зейнетақылар мөлшері көтерілді, енді оның ең төменгі мөлшері 5800
теңгені құрайды.
Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету негізінен "Қазақстан
Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заңымен (1998 жылғы 20
тамыз, №136-1) жүзеге асырылады. Алайда, зейнетақы зандылығы 2002 жылдың
желтоқсан айынан қазіргі кезге дейін айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Сондықтан Үкімет 2003 жылдың 4 шілдедегі қаулысымен "Міндетті зейнетақы
салымдарынан құрылған жинақтаушы зейнетақы қорлары мен ерікті кәсіби
зейнетақы салымдарынан зейнетақы төлеудің ережесін" бекітті. Барлық ЖЗҚ-
дағы салымдардың сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік зейнетақы төлеу
кезіндегі инфляция деңгейі ескеріле отырып беріліп отыр.
Сонымен қатар, Үкімет мамандықтары бойынша анықтап белгілегендерге жұмыс
берушілер тарапынан еркін кәсіби салымдар салу еңгізіліп отыр. Осындай
зейнетақы салымдарынан жинақталған қордан жасы 50-ге келгенде жиған
қаржысын алуға мүмкіндік туады. Сол сияқты, егер азамат 55 жасқа дейін
міндетті жинақтаушы зейнетақы қорына өмірінің сонына дейін жететін ең
төменгі төлем деңгейін жинап үлгерсе, зейнет демалысына шығуына мүмкіндігі
бар. Бұл жағдайда зейнетақы төлемдері аталмыш азаматтардың зейнетақы
салымдарын сақтық ұйымдарына өзімен келісім негізінде аударылатын болады.
Осылайша отандық зейнетақы жүйесі біртіңдеп дамып келеді. Зейнетақы
активтері өсіп отыр. Бірақ, осы жиналған қаржыларды сақтаудың өзі үлкен
мәселе тудырып отыр. Ұлттық банк пен Үкімет жинақтарды валюталық
тәуекелдіктен қорғаудың жолын қарастыруда.
Жалпы, 2003 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша зейнеткер саны 1,7
миллионға жуық адамға жетті. "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға
сейкес зейнеткерлік жасы белгіленген соң, зейнетақы "Зейнетақы төлеу
жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнынан төленетін болып шешілген. Оның басты міндеті зейнетақы
активтерін толықтырып отырған әр түрлі ұйымдардың еңбеккерлеріне төленетін
жалақының 10 пайызын тіркеуге алу болып табылады. Орталықтың барлық
облыстар мен қалаларда, аудандарда бөлімшелері жұмыс істейді. Енді аталмыш
жүйемен Қазақстан банктерінің байланыс жасауға мүмкіндігі бар. Өйткені,
қазіргі танда 90 мындай адам карточкалы жүйеге өтіп үлгерді. Осыған
қарағанда, әрбір банк тиімді келісімшартқа отыруға мүдделі. Осындай екінші
дәрежелі банктердің 13-імен шарт жасасылған. Бірақ, зейнетақы мен жәрдемақы
төлемдерінің негізгі бөлігі, яғни 63 пайызы әлі күнге дейін Қазақстан халық
банкінің қолында. Ал 30 пайызын "Казпошта" жүзеге асырса, қалғандары екінші
дәрежелі банктер үлесінде. Банктер зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін тегін
жүргізбесі белгілі. Мұндай қызметтері үшін орталық комиссиялық өтемдерді өз
мойнына алған. Орташа комиссиялық төлем көлемі жалпы соманың 0,6 пайызын
құрайды.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде әр түрлі жәрдемақылар маңызды орын алады.
Жәрдемақы — бұл жұмыстағы уақытша үзіліс кезінде, сондай-ақ белгілі бір
жағдайларда пайда болатын көтеріңкі шығындарды өтеуге арналған
кепілдендірілген ақшалай өтемақы.
Әлеуметтік сақтандыру шеңберінде төленетін жәрдемақыларға сырқаттық
бетшелер бойынша төлемақылар, жүктілік және босану байынша жәрдемақы,
санаторийларға жолдамалар сатып алу жөніндегі шығыстар (шаруашылық
жүргізуші субъектілердің — жұмыс берушілердің — қаражаттары есебінен жүзеге
асырылады), жаңа туған сәби үшін теленетін біржолғы жәрдемақы, балаға қарау
жөніндегі жәрдемақы, жерлеуге берілетін жәрдемақы (жергілікті бюджеттер
есебінен қаржы-ландырылады) кіріктіріледі.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жалпы
ауруларға байланысты (жарақат алуға, жүктілікті жасанды жолмен бұзуға,
карантинге байланысты, туберкулез немесе кәсіби ауру себебінен уақытша
басқа жұмысқа ауыстырылған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында
және зандарда белгіленген басқа да жағдайларда тағайындалады.
Қызметкер жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болған кезінде
жұмысқа уақытша жарамсыздығы жағдайында жұмысқа уақытша жарамсыздығы
бойынша әлеуметтік жәрдемақы еңбек демалысына дәл келген күндер үшін
есептелмейді. Егер қызметкерлердің жұмысқа уақытша жарамсыздығы демалыс
аяқталғаннан кейін де жалғасса, онда жердемақы қызметкер жұмысқа кірісуге
тиісті күннен бастап есептеледі.
Егер еңбекке уақытша жарамсыздық еңбекте мертігуге немесе кәсіби ауруға
байланысты болса, әлеуметтік жердемақыны жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық
орын алған бірінші күннен бастап, жұмысқа шыққанға дейін немесе мүгедектігі
анықталғанға дейін заңнамаға сәйкес есептелген орташа жалақысының жүз
пайызы мөлшерінде төлейді.
Маусымдық жұмыс істейтін қызметкерлерге, үй шаруасымен айналысатындар
мен үйге жұмыс алып істейтін қызметкерлерге жұмысқа уақытша жарамсыздығы
бойынша әлеуметтік жәрдемақы, егер жеке еңбек шартында өзгеше айтылмаса,
"Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды жұмыс берушілердің
қаражаты есебінен тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы" нұсқаулыққа
сәйкес тағайындалады және төленеді.
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілігі
және босануы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар қалыпты босанғанда 170
күнтізбелік күн үшін, ал босануы ауыр болғанда немесе екі және одан да көп
бала туғанда 184 күнтізбелік күн үшін төленеді.
2003 жылдан бастап бала тууға байланысты 15 айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде біржолғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру
жүйесіне кіреді және мүгедектік жөніндегі, асыраушысынан айырылғандығы және
жас мөлшері бойынша оларды алуға мұқтаж жөне толық мемлекет есебінен
қамтылмаған азаматтарға ақша қаражатын мемлекеттің мезгіл-мезгіл төлеп
тұруы болып табылады.
Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мүгедектікке душар болған жағдайда
жәрдемақыға өтініш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе
жалғасуына, қашан болғанына (жұмыс немесе қызмет кезінде, жұмысқа
кіріскенге дейін немесе жұмысты тоқтатқаннан кейін) қарамастан
тағайындалады. Бұл жәрдемақылардың мөлшері жәрдемақының түріне байланысты
болады және олар айлық есептік көрсеткштің өзгеруіне байланысты қайта
қаралып отырады. 2002 жылы бірінші топтағы мүгедектерге, бала жасынан
бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектік алған 16 жасқа дейінгі
балаларға бір айлық есептік көрсеткішке, ал екінші топтағы мүгедектерге 0,5
айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылды.
Мүгедек адамдарга зейнетақы төлеу тағайындалған кезде мүгедектігі бойынша
жәрдемақы тоқтатылады немесе Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық
пен Жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері
ескеріле отырып қайта қаралады.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға асыраушысы қайтыс
болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің
құқығы бар.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыға құқығы бар отбасының
барлық мүшелеріне ортақ бір жәрдемақы тағайындалады. Асыраушысынан айырылу
жағдайы бойынша айлық жәрдемақының ең жоғары мөлшері отбасының еңбекке
жарамсыз барлық мүшелеріне 10 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
Жасына байланысты жәрдемақы азаматтарға зейнетақы төлемдеріне құқығы
болмаған жағдайда Заңда белгіленген жасқа жеткен кезде, не зейнетақы
төлемін зейнетақының ең төмен мөлшерінен аз мөлшерлерде алған жағдайда
Орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан тағайындалады. Жәрдемақы 3
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы" заңында және
оған сөйкес қабылдаңған өзге де заң актілерінде көзделген негіздерде және
төртіппен азаматтардың арнаулы мемлекеттік жәрдемақы — әлеуметтік қорғауға
мұқтаж адамдарға және жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін
ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Арнаулы бұл жәрдемақы 1999 жылдың 1
сәуірінен бастап жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтардың 14 санатына заңда
көрсетілген мөлшерде төленеді. Мәселен, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға
берілетін ай сайынғы жәрдемақы 5,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерін
құрайды. Бұл жәрдемақы тұрған үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер
көрсетуге, отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрілік заттармен,
оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланатын көліктің
барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін,
жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға
төленеді. Ал Ұлы Отан соғысының мүгедегіне бұл жеңілдіктермен бірге кресло-
қоларба бөлуге, темір жолда, әуе, су және қалааралық автомобиль көлігінде
жылына бір рет жүру үшін, сондай-ақ 1-топтағы мүгедекті алып жүретін
адамның жол шығындарына 7,1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.
Бір мезгілде әр түрлі арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар
адамдарға олардың тандауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалатынын атап айту
қажет.
Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің
Үкімет бекіткен № 1 тізіміне орай 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және
ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға да мемлекеттік арнаулы жәрдемақы
қарастырылған. Мұндай жәрдемақы еркектер — 53 жасқа толғанда және жұмыс
стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда
істегенде; әйелдер — 48 жасқа толғанда және жұмыс стажы 15 жыл болып, оның
кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде жәрдемақы тағайындалуға
құқы бар.
2001 жылдың шілдесінде қабылданған "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
туралы" Заңға сөйкес жан басына шаққанда аймақтарда белгіленген кедейлік
деңгейінен төмен орташа табыс алатын халықтың бері атаулы көмекпен
қамтылады. Негізінен олар кәмелетке толмаған балалары, жұмыссыздары,
мүгедектері бар отбасылар. Кедейлік шегі мен ең теменгі күнкөріс деңгейі
аймақтар бойынша сараланатындықтан, заң әрбір отбасының табысын нақтылауға
мүмкіндік береді. Азаматтар қайда тұратынына қарамастан, өздерін отбасыңда
жан басына шаққанда кедейлік шегі деңгейінде орташа табыспен қамтамасыз
ететіндей әлеуметтік көмек алады. Заңға сейкес, жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі өкілетті органдарда тіркелмеген еңбек жасындағы жұмыссыздардың
әлеуметтік көмек алуға құқылары жоқ. Мүгедектер, айдан астам уақыт
стационарлық емдеуде жатқан адамдар, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жасы 80-
нен асқан кісілерге, 7 жасқа дейінгі балаларға күтім жасаумен айналысатын
азаматтар, оқушылар мен студенттер бұл санатқа жатпайды. Сонымен бірге,
жұмыспен қамту органдарына өтініш берген жағдайда, еңбекке жарамды
адамдарға лайықты жұмыс немесе қоғамдық жұмыстарға қатысу ұсынылады. Бұл
жұмыстардан бас тартқан жағдайда олар алты ай мерзімге дейін атаулы
әлеуметтік көмек алу құқынан айрылады. Занда атаулы көмек тағайындату үшін
өтініш білдірудегі ресімдер жеңілдетілген.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мыналар бөліп көрсетіледі:
1. Әлеуметтік көмек, ол бойынша төлемақылар мыналарды
кіріктіреді:
а) балалары бар отбасына жәрдемақы, ол отбасының жиынтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек туралы ұғым және еңбек нарығы
Еңбек нарығы және еңбек биржасы
Негізгі еңбек нормалары, олардың кұрылымы
Қазақстан Республикасында еңбек нарығының бүгінгі таңдағы қалыптасу жағдайы
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың қалыптасу этаптары мен заңдылықтары
Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы
Нарықты экономиканың қажеттілігі, мәні және қазақстандағы оған өту жолдары
Еңбекақы төлеу системасын ұйымдастыру және оның нарықтық экономика жағдайындағы ерекшеліктер
Нарықтық экономика: қажеттілігі, мәні, өту жолдары
Еңбек нарығы жұмыссыздық
Пәндер