Бата туралы түсінік



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Батаның негізгі түрлері
2. Батаны беретін адамдар
3. Ел есіндегі баталар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.
Ата-бабаларымыздың өсиет-намасы-ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Алайда бірқатар тіл мамандары: «Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», - дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Ақ бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ал сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Өзінің адал жаны, бүкіл рухы, өткен тарихы сөзге тығыз байланысты қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға жол іздеп, оны Жаратқан Иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «Ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды, басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді. Олай болса, тілек айту, бата беру – Аллаһ Тағалаға жол іздеудің, онымен байланысудың Ғаламдық күш-құралы, дүниетанымымыздың ұлттық бір жүйесі. Ақ бата – қазақ халқы үшін – Ой, Ниет, Тілек, Істің жиынтығы, барлық наным-сенімнің бірлігі. Сол себепті, қазақ халқы көне – көк түрік заманынан қазірге дейін өзінің барлық ізгі істерін ақ тілекке толы ақ батамен бастап келеді, келешекте де әр қадамын ақ батамен аттайтын болады.
1. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет.
2. “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
3. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
4. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Батаның негізгі түрлері
2. Батаны беретін адамдар
3. Ел есіндегі баталар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жақсылыққа жол ашады, ырыс-ынтымаққа шақырады
Бата туралы түсінік
Біздің данагөй бабаларымыз: Жауынменен жер көгерер, батаменен ер
көгерер, - деп айтып кеткен ғой. Бата беру - адал ниет, жақсы тілек
білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол
жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі
қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен
арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.
Ата-бабаларымыздың өсиет-намасы-ақ батаның шығу тарихы әлі терең
зерттелген жоқ. Алайда бірқатар тіл мамандары: Бата – арабтың фатеке
деген сөзінің қазақша айтылу түрі, - дейді. Яғни, бата – фатекенің
мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Ақ бата – ұлтымыз үшін
теңдесі жоқ асыл сөз. Ал сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш.
Өзінің адал жаны, бүкіл рухы, өткен тарихы сөзге тығыз байланысты қазақ
халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз
сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға
жол іздеп, оны Жаратқан Иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп,
бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып,
Раббымыздан Ісімді оңғара көр,-деп сұрайды, басқаға тілек айтып, бата
бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді. Олай болса, тілек
айту, бата беру – Аллаһ Тағалаға жол іздеудің, онымен байланысудың Ғаламдық
күш-құралы, дүниетанымымыздың ұлттық бір жүйесі. Ақ бата – қазақ халқы үшін
– Ой, Ниет, Тілек, Істің жиынтығы, барлық наным-сенімнің бірлігі. Сол
себепті, қазақ халқы көне – көк түрік заманынан қазірге дейін өзінің барлық
ізгі істерін ақ тілекке толы ақ батамен бастап келеді, келешекте де әр
қадамын ақ батамен аттайтын болады.

Бата – негізінен, намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға. Қазақ баталары
соның үлгісінде айтылатын бір түрі. Батаның қысқасы да, ұзыны да болады.
Түрлері де әртүрлі. Мұның бәрі бата берушінің шешендігіне, ақыл-ой,
парасатының дәрежесіне тығыз байланысты. Егерде сөздері асыл болса, ол ақ
ниетпен айтылса, қысқа батаның да, ұзын батаның да қадір-қасиеті, құдіретті
күші бірдей. Тек оның қабыл болу – болмауы жалғыз ғана Ал-лаһ Тағалаға аян.
Батаның негізгі түрлері:
1. Ақ бата. 2. Теріс (қарғыс) бата. 3. Серттесу батасы (Баталасу).
Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе
жатқан өсиетнама, Аллаһ Таға-ладан мейірім-шапағат сұрау, қазақтың қасиетті
тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-
шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке –бір-
лікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жү-зеге асырылатын мақсат,
мүдделерді белгілеу. Соған сәйкес, ақ бата көбінесе мынан-дай жағдайларға
байланысты беріледі: жаңа туған нәрес-теге, өмір жолын жаңа баста-ған ұл-
қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен бір істі қолға алушыларға,
жорық-шеруге аттанушы сар-баз, сардарларға, түрлі жақ-сылықтарға арнап
жасалын-ған тойларға, аруақтарға ар-
налған асқа, жауын тілеген тасаттыққа, жиналған егінге, садақа,
құрбандыққа, қонақасыға, күздік, соғымға сойылған малға, сойылған соғым
басына, қонақасыға, Наурызға (Наурыз бата), Жаңа жылға, мүшел жасқа, дастар-
қанға, Ораза ұстағандарға (Жарапазан бата).
Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұн-дай батаны
әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін
масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан,
жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс
жайып тұрып берген. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылады. Теріс
бата ұрпақтан-ұрпаққа қара таңба болып қалып келген. Ата-анасының теріс
батасын алғандарды халық жек көрген, оларға сенім артпаған, қонақ-қа
шақырмаған, қыз беріп, қыз алыспаған, дос болмаған. Теріс батаны қайтару,
қайтып алу үшін алқалы жұртты жинап, Аллаһ Тағаладан теріс батаны өзгерту
сұралып, жалбарыну рәсімдері жасалынған. Тірі болса, ата-анасы: Теріс
батамды қайтып алдым, - деп айтқан. Адамдар қаншама ашуланып, қорланып,
намыстанса да теріс бата беруге асықпағаны, теріс бата беруден сақ болғаны,
теріс батаға мән бермей, айтып қалудан бойын аулақ ұстағаны абзал. Өйткені,
Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады.
Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел
арасында-ғы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар,
билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын ғұрып.
Оны бұзу, яғни, бата бұзу - қарғыспен тең. Қазақ баталасуды – елдіктің,
тектіліктің, азаматтық қасиеттің белгісі деп таниды. Этнограф – жазушы
Сейіт Кенжеахметұлы баталасуға байланысты мынандай бір оқиғаны айтады:
Шақшақ қайтыс болғанда (ХVII ғасыр) оның жас әйелі Сомалтынды жақын қайны-
сы Әйдеркеге қосады. Осы Сомалтынның Шақшақтан ту-ған жас баласы Есназар
мен Әйдеркеден туған Жылқыайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер
жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып: Сомалтын қасиетті, өнегелі
ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқыайдар бір ананың баласы
болғандықтан, қанша ата өтсе де, бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс
болып саналсын, - деп, қол жайып, аруақ атын айтып, баталасыпты. Міне, сол
бата арада 400 жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған
жоқ.

Батаны беретін адамдар
Бата көбінесе жастарға беріледі. Бата беретіндер: көпті көрген құрметті
ақсақалдар мен кемеңгерлер, дуалы ауызды билер, атақты адамдар, өз ісінің
хас шеберлері. Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар.
Батаны халық арасында (қонақтар ішінде) үлкен адам болмаса, көптің
рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам береді. Ерлер
отырғанда әйел бата бермейді. Әйелдер арасында сөз білетін бір ер бала
отырса, әуелі сол бата беруге тиісті. Халқымызда батырларға, билерге
ардақты аналардың да бата берген кезі көп. Бата ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз тіркесінің зерттелуі. «Суггестия» термині
Қазіргі шешендік сөздер
Бата сөздерінің ғұрыпқа байланысты жіктелуі
Әлеуметтік лингвистика
Графика бейнелеу өнерінің жанры
Дін және жастар тәрбиесі
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Концепт ғаламның тілдік бейнесінде көрініс табатын тілдік құбылыс
Шешендік өнері туралы түсінік
Оқушылар білімін көтеруде ұлттық салт- дәстүрлердің ролі
Пәндер