Жергілікті атқарушы органдар



Кіріспе
1. Әкім
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілігі
3. Облыс (республикалық маңызы бар, астана) әкімшіліктің құзіреті
4. Өзгертулер мен толықтырулар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Жергілікті атқарушы органдар атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясаты облыстарда, аудандарда, қалаларда, қала аудандарында әкімдер басқаратын олардың жергілікті органдары (Қазақстан Республикасы Конституциясьшың 87 бабы); бөлімдер, басқармалар және басқа бөлімшелер мен қызметтер арқылы жүзеге асырылады. Бұл саясат тиісті әкімшілік-аумақта жүзеге асырылады және бұл саясат тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністердің мүдделері мен мұқтаждықтары қоса ескеріліп жүргізіледі. Жергілікті атқарушы органдардың қызметі мына қағидаларға негізделе отырып жүзеге асырылады:
• Президент пен Үкіметке, жоғары тұрған әкімшілік басшысына есеп беру;
• оны жүргізу мәселесі бойынша тиісті жергілікті өкілдік органның бақылауында болу;
• заңдылық;
• дара басшылық;
• азаматтардың құқықтарын, бостандығын және занды мүдделерін қамтамасыз ету;
• өз құзіреті шегіндегі дербестік және тәуелсіздік;
• өз қызметі және қабылдаған шешімі үшін жауаптылық.
Олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында және заң акгілерінде анықталған. Әкімдер қызметін ұйымдық, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін аппарат құрылады. Әкімнің жанынан ақылдасу-кеңесу органы - алқа құрылуы мүмкін, оның қүрамын әкім бекітеді. Алқа мәжілісі қажеттілігіне қарай өткізіледі. Оның шешімі әкімнің акгілері арқылы жүзеге асырылады, алқа мәжілісіне мәслихат хатшысы шақырылады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олар Президенттің және Үкіметтің тікелей өкілі болып табылады, олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталган қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі үйлестіріп отырады.
1. "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 ж. 23 қаңтардағы № 148 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2001, № 3, 17-бап).
2. "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Даму банкі қызметінің мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы 2001 ж. 25 сәуірдегі № 179 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2001, № 9, 86-бап).
3. "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2001 ж. 10 шілдедегі № 227 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2001, № 15-16, 229-бап).
4. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚазақстанРеспубликасы Кодексінің (Салық кодексінің) қабылдануына байланысты ҚазақстанРеспубликасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2001 ж. 24 желтоқсандағы 276 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2001, 24, 338-бап).
5. "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне"Астана —жаңа қала"арнайы экономикалық аймағы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы"ҚР 2002 ж. 21 наурыздағы 312 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2002, 6, 75-бап).
6. "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы 2004 ж. 11 мамырдағы 552 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2004, 10, 56-бап).
7. "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2004 ж. 5 шілдедегі № 570 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы,2004, № 14, 84-бап).

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жергілікті атқарушы органдар

Жоспар
Кіріспе
1. Әкім
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілігі
3. Облыс (республикалық маңызы бар, астана) әкімшіліктің құзіреті
4. Өзгертулер мен толықтырулар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Кіріспе
Жергілікті атқарушы органдар атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясаты облыстарда, аудандарда, қалаларда, қала аудандарында әкімдер басқаратын олардың жергілікті органдары (Қазақстан Республикасы Конституциясьшың 87 бабы); бөлімдер, басқармалар және басқа бөлімшелер мен қызметтер арқылы жүзеге асырылады. Бұл саясат тиісті әкімшілік-аумақта жүзеге асырылады және бұл саясат тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністердің мүдделері мен мұқтаждықтары қоса ескеріліп жүргізіледі. Жергілікті атқарушы органдардың қызметі мына қағидаларға негізделе отырып жүзеге асырылады:
* Президент пен Үкіметке, жоғары тұрған әкімшілік басшысына есеп беру;
* оны жүргізу мәселесі бойынша тиісті жергілікті өкілдік органның бақылауында болу;
* заңдылық;
* дара басшылық;
* азаматтардың құқықтарын, бостандығын және занды мүдделерін қамтамасыз ету;
* өз құзіреті шегіндегі дербестік және тәуелсіздік;
* өз қызметі және қабылдаған шешімі үшін жауаптылық.
Олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында және заң акгілерінде анықталған. Әкімдер қызметін ұйымдық, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін аппарат құрылады. Әкімнің жанынан ақылдасу-кеңесу органы - алқа құрылуы мүмкін, оның қүрамын әкім бекітеді. Алқа мәжілісі қажеттілігіне қарай өткізіледі. Оның шешімі әкімнің акгілері арқылы жүзеге асырылады, алқа мәжілісіне мәслихат хатшысы шақырылады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олар Президенттің және Үкіметтің тікелей өкілі болып табылады, олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталган қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі үйлестіріп отырады.

1. Әкім
Әкім -- Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін,тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімшілік Қазақстан Республикасы атқарушы органдардың біртұтас жұйесіне кіреді, атқарушы биліктің мемлекеттік саясатьн тиісті аумақты дамыту мүлделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) әкімшілікті облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі басқарады. Әкім облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімшілікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)әкімшілікті -- алқалы орган, ол занды тұлға болып табылмайды. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімшілігі заңдарға сәйкес: облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы) дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетті,сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің атқарылуы туралы есепті әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне ұсынып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншікті басқарады,оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды; аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жүмыс істеуін қамтамасыз етеді;Қазақстан Республикасы өндірісітік күштерін орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын,облыс орталығын,республикалықмаңызы бар қалалық және астананы салудың бас жоспарларын әзірлейді, оларды облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың қарауына енгізеді; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рүқсат береді; әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсынады;су қүбырлары, тазарту құрылыстары, электр беру, байланыс желілері мен басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салу мен пайдалануды ұйымдастырады;ҚР жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және өз қүзіреті шегінде табиғат пайдаланылуын бақылауды, табиғат қорғау объектілерінің қүрылысы мен олардың қайта жаңартылуын жүзеге асырады; облыстық маңызы бар жолдарды ұтымды пайдалануды және күтіп үстауды қамтамасыз етеді;мемлекеттік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етеді; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады; ауданаралық(қалааралық)жолаушылар көлігі қатынасын үйымдастырады; белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың кепілдік берілген медициналық қызметке құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді;азаматтардың тегін білім алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді; халықты жүмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікпен күрес бағдарламаларын әзірлеп, мәслихаттың бекітуіне ұсынады және іске асырады; халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;тарихи және мәдени мұраларды сақтау жөніндегі жүмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрып салттарын дамытуға жәрдемдеседі;өздерінің қүзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қаладық республикалық маңызы бар қаладағы аудандық астанадағы аудандық) әкімшіліктер жұмысын үйлестіреді; Қазақстан Республикасы зандарына сәйкес тиісті мәслихат қарауына қарыз алу жөнінде шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесші органдар құрады;мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар құрады, облыстық(республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)әкімің Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті қызметке тағайындайды. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін Қазақстан Республикасы Президенті қызметтен босатады.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілігі
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілігі Қазақстан Республикасы атқарушы органдардың біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік аудандық(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқарады. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың республикалық маңызы бар (астана) қаладағы аудандық, аудандық маңызы бар қалалық,кенттік,ауылдық (селолық),ауылдық (селолық) округтік әкім Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген тәртіпте қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Заңда аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімнің,сондай ақ облыстық (республикалық маңызы бар,астана), аудандық (облыстық маңызы бар), республикалық маңызы бар (астана) қаладағы аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімдердің құзіреттері белгіленді. Республикалық маңызы бар (астана) қаладағы аудандық, аудандық маңызы бар қалалық,кенттік,ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімшіліктер қүрылмайды. Облыс (республикалық маңызы бар, астана), аудандық (облыстық маңызы бар) әкімінің қызметін ақпараттық-талдау түрғысынан, үйымдық-қүқықтық және материалдық -- техникалық жағынан қамтамасыз етуді тиісті деңгейдегі әкім аппараты жүзеге асырады. Әкім аппаратын әкім қүрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Қазақстан Республикасы 2001 ж. 25 сәуірдегі Заңымен облыс (республикалық маңызы бар, астана) әкімiлік қүзіретіне қосымша Қазақстан Даму Банкінің жарғы капиталына қатысу жатқызылды. Қазақстан Республикасы 2001 ж. 10 шілдедегі Заңымен астананың атқарушы органдары өкілеттіктеріне қосымша мыналар жатқызылды:коммуналдық заңды түлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық мүлік тізбесін бекітеді республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін қоспағанда,Қазақстан Республикасы астанасының аумағында тіркелген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иеленуді, пайдалануды және оларға билік етуді жүзеге асырады;Астана қаласының коммуналдық меншігін иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы 2001 ж. 24 желтоқсандағы Заңымен облыс (республикалық маңызы бар,астана) әкімшілігінің құзіретіне қосымша рыноктарда бір жолғы талондар беру жөніндегі жүмысты үйымдастыру және қамтамасыз ету жатқызылды. ҚР 2002 ж. 21 наурыздағы Заңымен астананың атқарушы органдары өкілетгіктеріне қосымша мыналар жатқызылды:"Астана -- жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына әкелінген тауарлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті мемлекеттік органдар түрлері
Мемлекетті басқару органдарының жіктелуі
Жергілікті атқарушы билік органдары
Құқық қорғау органдары
Заң шығарушы билік органдары
Орталық атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде
Жергілікті атқарушы органдардың түсінігі
Атқарушы билік
Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару органдары
Пәндер