Қазақ халқының дәстүрлі әдет - ғұрыптары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
Мемлекеттік-құқықтық пәндер және
халықаралық қатынастар кафедрасы
Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӘДЕТ - ҒҰРЫПТАРЫ
Өскемен, 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ… . . . 3
1 ТҰРМЫСТЫҚ ТӘРБИЕГЕ ҚАТЫСТЫ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР . . . 10
1. 1 Амандасу салты… . . . 10
1. 2 Қонақ қабылдап, күту рәсімдері . . . 12
1. 3 Ұлттық отбасы тәрбиесі . . . 18
2 АДАМДЫ ЖЕРЛЕУ ДӘСТҮРІ . . . 25
2. 1 Кісі өлімі және оны естірту . . . 25
2. 2 Сүйекті жерлеу және аза тұту . . . 62
3 ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚ ЕМШІЛІГІ . . . 40.
3. 1 Сенім-нанымдарға негізделген емдеушілік . . . 40
3. 2 Шөптер мен ағаштарды емдікке пайдалану . . . 43.
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52
ДЕРЕК БЕРГЕН АДАМДАР . . . 54
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ халқының арғы тегі өзінің тамырларымен сонау қола дәуіріне кетеді. Содан бергі өткен төрт мыңдай жылдың аясында көшпенді өмір кешкен халқымыз сол тіршілікке сәйкес алуан түрлі салт-дәстүрлерді қалыптастыра білді және оларды атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырды. Кеңес заманына дейін сол әдет-ғұрыптарды қаз-қалпында сақтап келді десек артық айтпайтын шығармыз. Алайда мұндай құбылыстан қызыл империя үстемдік құрып тұрған кезеңде айырылып қала жаздаған. Бұрынғы ата дәстүрімізге ескіліктің сарқыны деп үрке қарадық, жастарды басқаша, яғни жаңа қоғам -коммунизм рухына тәрбиелейміз - мыс деп даурықтық, осы бағытта жүргізілген шаралар нәтижесін берді: «Мазмұны жағынан -социалистік, формасы жағынан-ұлттық мәдениет қалыптастырдық-мыс», -деп жар салдық. Шын мәнінде осындай мәдениет орнаған жоқ еді. Рас, социализм қоғамында жағдайымыз өте мүшкіл болған еді деп айту қисынсыз әрине, ол шақта да әсіресе мәдени құрылыста қолымыз жеткен табыстар (оқу-ағарту ішінде тағы басқа) баршылық. Сонымен қатар, орталығы Москва болған коммунистер үкіметінің елді орыстандыру секілді зымиян саясатының барысында халқымыздың көпшілігінің дінінен айырылғаны, ана тілімізді ұмытқаны, ұлттық дәстүрімізге қайшы келетін халықтардың белең алғаны, сол заманда өмір сүрген ұрпақтың дені ғасырлар қойнауынан жеткен әдет-ғұрыптардан қол үзгені де тарихи шындық. Ал мәдениетінен, тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырылған халықтың ұлт ретінде жойылып кететіні өзінен-өзі түсінікті. Коммунистер елімізді осындай дәрежеге жеткізуге біртіндеп әкеле жатты… КСРО-ның құлауының арқасында мұндай бұлыңғыр болашақтан құтылдық. Қазақстан егемендігін алған күннен бастап Президентіміз бен үкіметіміз сөніп бара жатқан мәдениетімізді қайта жаңғыртуды басты мақсат етіп қойды. Дербес мемлекет болған он жылдан астам уақыттың ішінде бұл бағытта қыруар шаралар атқарылып келеді. Осыған орай ұлтымыздың салт-дәстүрінің, озығы мен тозығын айыра сараптап, халық кәдесіне жаратуға талпыну бүгінгі зиялы қауымның қасиетті борышы болып саналады. Демек, қазақтардың ежелден қалыптасқан әдет-ғұрыптарын тереңірек зерттеп, оның тиімді жақтарын ел арасында насихаттаудың келешек ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы зор.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Нақты бір халықтың бүкіл болмысын танып, түсінуге қызығушылық қай кезде де болған. Көшпенділердің де мәдени өмірін зертеушілік бастауын ежелгі дәуірден алады. Қазақ даласында ертеде мекен еткен соң, үйсін, қаңғлы, ғұн, түрік тайпаларының тұрмыс-салты туралы маңызды деректерді көрші жатқан иран, грек, араб және қытайдың жазбаша ескерткіштерінен табамыз. Ал монғол заманында өмір мүрген еуропа саяхатшылары Плано Кармени, Гильмон Рубрик, Марио Поло және парсы ғалымы Рашид-ад-Дин еңбектерінде де Ұлы Даланы мекен еткен халықтардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары жөнінде құнды материалдар сақталып қалған. Содан бергі ғасырларда да ғұмыр кешкен ғалымдардың ішінде көшпенділер мәдениетіне арнап қалам тартқандар баршылық. Біз осы зерттеушілердің барлығының еңбектеріне тоқталмай, ХІХ ғасырдан кейінгі уақытта жарияланған шығармалардың бәріне болмаса да кейбіреулеріне шолу жасауды жөн көрдік.
Қазақ халқын этнографиялық тұрғыдан зерттеудің үлгісін бірінші рет жасаған орыс ғалымы А. Левшин еді. Ол 1832 жылы өзінің «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсакских орд и степей» атты үш томдық еңбегін жариялады. Бұл жұмыс баспадан шыққаннан бері осы кезге дейін қазақ тарихын зерттеушілердің назарынан тыс қалған жоқ. Аталмыш монографияның құндылығы - оның қазіргі күнде із-түзсіз жойылып кеткен архив деректері мен автордың өзі ел арасынан тікелей жиылған мағлұматтар негізінде жазылғандығында. Оның ішінде маңыздылығы: құдалық, қалыңмал, жалпы үйленуге байланысты Тәуке ханның әйгілі «Жеті жарғысындағы» қағидалар сипатталған. Левшиннің еңбегі кісіні жерлеуге, тағы басқа толып жатқан әдет-ғұрыптарға қатысты деректерге толы. Левшиннің еңбегін оның замандастары да және бергі ғалымдар да жоғары бағалаған.
Қазақтың отбасылық қатынастарына арналған біраз материалдар орыс армиясының бас штаб офицерлері А. Майер, К. Красовскийдің шығармаларында келтірілген.
ХІХ ғасырдың 20 жылдарынан басталған қазақтың әдеттік правосы туралы деректерді ел арасынан жинау ісінің ең қомақты нәтижесінде үлкен еңбекті Торғай облысының әскери губернаторы генерал-лейтенант Л. Ф. Баллюзек жариялады. Бұл еңбекке кірген қыруар деректерді губернатордың тапсыруымен қазақ әкімдері мен билері, қазақтың білімді зиялы қауымы жинаған. Бұлардың ішінде ұлтымыздың әдет-ғұрпын өте жақсы білетін штабс-ротмистер сұлтан Седалиннің болуы Баллюзек еңбегінің құндылығын арттыра түседі.
Сол сияқты Сырдария облысының санақ комитетінің төрағасы, атақты Хиуа жорығына қатысқан генерал-майор Н. И. Гродековтың еңбегі жөнінде де айтуға болады. Ол да құжаттарды жаңағы жолмен, яғни қарауындағы қырғыз, парсы, сарт тілдерін жақсы білетін А. И. Вишнегорский деген офицер арқылы жергілікті ауыл ақсақалдарына, ел ағаларына жинаттырды. Жеті ай бойы жүргізілген жұмысты құжаттар көп жиналған. Оны сұрыптап жүйелеп шығуға Н. И. Гродеков бір жылдай уақытын жұмсады.
Патша генералдарының сүзгісінен шыққандығына қарамастан, әрине, бұл еңбектерді ұмытуға болмайды. Олар, сөз жоқ, қолдағы деректермен салыстыра қарасақ, халқымыздың ұлттық дәстүрлерін тереңірек түсінуімізге көмектеседі.
Сондай-ақ діндәрлығы үшін есімі ауызға алынбай ұзақ жылдар бойы оқырмандарға белгісіз болып келген ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында «Тауарих Халоса» (Бес тарих) атты еңбек жазып қалдырған тарихшы-этнограф Құрбанғали Халидтың кітабын да айтуға болады. Бұл монографияда қазақтың үйлену тойы, кісіні жерлеу және ұлттық ойын-сауық ерекшеліктері жақсы баяндалған.
ХІХ ғасырға жататын шығармалардың ішінен Лазеревскийдің, Ы. Алтынсариннің, В. Плотниковтың жұмыстарын да ерекше атаған орынды. Оларда құда түсу, үйлену тойы ғұрыптары туралы көптеген қызықты мағлұматтар берілген.
ХХ ғасырдың басында Түркістан өңірінде қазақ халқын этнографиялық тұрғыда зерттеп, төңкеріске дейін ғана жүз отыздай үлкенді-кішілі еңбек жариялаған А. Диваев болатын. Оның шығармаларынан қазақ өмірінің сан алуан жақтары жайында қызықты деректер табылады. Әсіресе үйлену тойы жайында материалдар көп кездеседі.
Кеңес дәуірінде, әсіресе КСРО құлап, Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі жылдары халқымыздың салт-дәстүріне қатысты жария көрген еңбектер баршылық. Оларды мазмұнына қарай шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады:
- Салт-дәстүрдің бірсыпыра түрлерін қамти жазылған көпсалалы еңбектер. Бұлардың қатарына Д. Айдаровтың «Дәуір мен дәстүр», С. Кенжетайұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», С. Қалиев, М. Оразов, М. Смаиылов «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Казахи. Историко-этнографическое исследование» және тағы басқалар жатады.
- Қайтыс болған кісіне жерлеу ғұрпына байланысты шығармалар. Бұл мәселені А. Жүнісовтың «Фәниден бақиға дейін», Т. Нысанбектің «Сүйіншіден көңіл айтуға дейін» атты жариялымдарынан табамыз.
- Дін және діни наным-сенімдер туралы жұмыстар. Аталмыш мәселе А. Төлеубековтың «Реалисты до исламских ворований в семейной обрядности» және «До исламские ворования в традиционной свадебной обрядности» атты еңбектерде баяндалған.
- Отбасы және отбасылық қатынастар мәселесін қамтитын шығармалар. Бұл тақырыпты зерттеуде белгілі этнограф Х. Арғынбаев елеулі үлес қосты. Оның «Қазақ отбасы» деген монографиясы 20-30 жыл бойы ел арасынан. Архивтерден және бұрын соңды баспа жүзін көрген әдеби мұралардан жиналған қыруар этнографиялық деректердің негізінде жазылған тарихи-этнографиялық жұмыс. Монография қазақ отбасының өткені мен бүгінгісін, халқымыздың оған байланысты бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын терең қамтыған. Бұл ңбектің ғылыми танымдылық маңызы, әсіресе, қазіргі қазақ қауымы үшін тәлім-тәрбиелік мәні зор.
- Қазақтардың өсімдікді емшілікке пайдалану хақында жазылған еңбектер. Осы тақырыпқа Б. Мұқанов «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары», М. Юсупов «Табиғат тағдымы», «Қазақ емшілігіне ұдайы қолданылатын дәрілер» атты кітаптар бағышталған.
Сонымен, әдебиеттерге жасаған қысқаша шолудың өзінен қазақ халқының салт-дәстүріне арналған азды-көпті шығармалардың бар екенін байқаймыз. Алайда олар алдына қойған мақсатына сәйкес республика көлемін қамти жазылған. Осыған байланысты бұл еңбектерде Шығыс Қазақстан облысындағы этнографиялық мағлұматтар аз келтірілген. Сөйтсе де әрбір жаңа жұмыстың бұрын жарияланған шығармаларға сүйене орындалатыны белгілі. Мәселеге осы қырынан келсек, онда жоғарыда көрсетілген әдебиеттер біздің зерттеу жұмысымызға бағыт-бағдар беріп, оның жоспарын жасауда үлкен септігін тигізді.
Тақырыптың мақсаты . Бітіру жұмысымыздың атауы айтып тұрғандай, оның басты мақсаты қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін зерттеу болып табылады. Осы мәселенің мазмұнын ашуда біз қажетті құжаттарды бүкіл Қазақстанды қамти жинамай, өз өлкеміз - Шығыс Қазақстан облысы бойынша, әсіресе Ұлан ауданынан деректерді молырақ келтіруге тырыстық. Әрине, ұлтымыздың сан-алуан әдет-ғұрыптарын зерттеу еңбегімізде түгелдей тәпіштеп жазу мүмкін емес. Сол себептен тақырыпты ықшамдай түсу ниетімен, алдымызға төмендегідей міндеттер қойдық:
-халқымыздың қонақ қабылдап, оны күту рәсімдерін зерделеу;
-тұрмыстық тәрбиенің басты саласы - ұлттық отбасы тәрбиесін ой елегінен өткізу;
-қайтыс болған адамды жерлеу дәстүрін баяндау;
-дәстүрлі халық емшілігін зерттеу.
Бітіру жұмысының дерек көздері. Бітіру жұмысты даярлау барысында бірнеше түпдеректерге сүйендік. Біріншіден, жарияланған әдебиеттерден өзімізге қажет құнды материалдарды іріктеп алдық; екіншіден, республикалық және Шығыс Қазақстан облыстық, аудандық баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалардағы маңызды деректерді пайдаландық; үшіншіден, өзім қонақта болған үйлерде, қайтыс болған кісіні жерлеу науқандарында этнографиялық бақылау жұмыстарын жүргіздім; төртіншіден, туған жерім Тарбағатай ауданындағы ауылдарды аралап, 40-қа жуық көпті білетін қариялар мен әжелерге жолығып әңгімелестім, олардың құнды естеліктерін дәптерге түсіріп алдым. Бітіру жұмыс осындай жолдар арқылы жиналған деректердің негізінде жазылды.
Бітіру жұмыстың әдістемелік негізі. Бітіру жұмысты жазуда жетекші этнограф-ғылымдардың бағалы нұсқаулары мен тұжырымдарын және олардың шығарма жазудағы тәсілдерін басшылыққа алсын. Сондай-ақ қолда бар көптеген фактілердің ішінен зерттеу жұмыстың құрылған жоспары мен құрылымына сәйкес іріктеп алып, бір-бірімен салыстру арқылы қызықты да құнды материалдарды сұрыптап алу және басқадай да тәсілдер біздің еңбектің методологиялық негізін құрайды.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Этнология пәнінің басқалардан бір ерекшелігі халықтардың салт-дәстүрлерін зерттегенде қандай да бір ғасырлар мен жылдарды нақтылы көрсету мүмкін емес. Себебі әдет-ғұрыптар көне дәуірден бері қалыптасатын құбылыс. Әрине, әрбір заман өзінің тарихи, экономикалық және мәдени ерекшеліктеріне қарай оларға өз үлесін қосып отыратын шығар, алайда салт-дәстүрдің негізгі өзегінің сақталып қалатыны да шындық. Демек, тақырыптың мерзімдік уақытын дәл белгілей алмасақ та шамамен шартты түрде бұл еңбек ХІХ ғасырдан бастап қазіргі күнге дейінгі жылдарды қамтиды, - деп мөлшерлейміз.
Жұмыстың жаңалығы жоғарыда айтып кеткеніміздей, бұрын жарық көрген ғылыми еңбектер Қазақстан көлемінде жазылған. Нәтижесінде еліміздің шығыс өлкесіндегі, дәлірек айтсақ Тарбағатай өңірінде жинақталған мол этнографиялық мағлұматтар ғылыми айналымға толық түсе қойған жоқ. Осынын ескертіп өз жұмысымызда осы ауданның деректерін көбірек келтіруді жөн санадық.
Бітіру жұмыстың практикалық маңызы. Бітіру еңбекте келтірілген деректер мен тұжырымдарды университеттегі тарих бөлімінің тсуденттері этнология пәні бойынша жүретін семинар сабақтарында қосымша құрал ретінде пайдалана алады. Сонымен қатар мектептерде оқушылардың ұлттық тәрбиеге баулуда, ата-аналарды балаларын ұлттық отбасы тәрбиесіне үйретуде, тигізер көмегі мол және де халық емшілерінің өз қызметінде қолдануларына болады.
Бітіру жұмыстың құрылымы. Бұл еңбек кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста дерек берген адамдардың да тізімі келтірілген.
- ТҰРМЫСТЫҚ ТӘРБИЕГЕ ҚАТЫСТЫ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР
1. 1 Амандасу салты
Амандасудың қай халықтың болмасын мәдениетінің алғашқы бетін ашушы қатынасының ең негізгі сыпайылық көрінісі деп көруге болады. Басқа халықтардың амандасу ерекшеліктері сияқты қазақ халқының амандасуында да үлкен ізгіліктің белгісі және өзіндік ережесі бар. Әуелі қария үлкен адамдарға жасы кіші адамдар бұрын сәлем беруге тиісті. Жасы кіші адамдар аға адамдарға сәлем беру үшін сол қолымен кеудесін басып, оң қолымен тымағын алып, кеудесін сәл иіп, оң аяғын ілгері салып, «Ассалаумағалайкум!» - деп тәжім етіп сәлем береді. Сонда сәлем алып тұрған қария, не аға адамдар сол қолымен кеудесін басып тұрып «уағалайқум уа сәлем!» - деп оң қолын сәлем берушіге ұсынады.
Жастар оң қолындағы бас киімін басына киіп, оң қолымен қария, не аға адамдардың ұсынған оң қолын алады. Осылайша қол алысады. Амандасу ары қарай жалғасады.
Амандасушылар алма-кезек:
-Дені қарныңыз сау ма
-Басыңыз аман ба
-Малыңыз түгел ме
-Қора-қопсағызың тыныш па?
-Ел іші есен бе? - деген сияқты өз қалауынша амандасу сұрағын жалғастырады.
Келесі жүз ұшырасушы:
-Деніміз сау.
-Басыңыз аман.
-Малымыз түгел.
-Ел іргесі тыныштық (тағы басқа) - деп ризашылықпен жауап қайырады.
-Жауап қайырылған соң келесі кісіге қайтадан аманшлығын сұрап, жағдайымен танысады. Осылайша амандасу аяқталып дидарласу басталады. Егер қария үлкен адам сәлем берсе сәлемін алып (жастар) қайта қайырылып сәлем беруге тиісті. Егер жапан далада, түзде жүрген жастардың қасынан қария, не аға адамдар жанап өтіп бара жатса, жастар қария, аға адамдардан бұрын бұрылып барып сәлем беріп амандасуға тиісті. Аман аяқатала бере жасы кіші адам: «Қария, жол болсын!» - дейді. «Әлей болсын!», «өзіңнің де жолың болсын!» - деп аға адам жауап қойырады. Қысқаша таныса сөйлеп қоштасады. Ат үстінде жүріп кезігуші адамдар, қол алысуға және қол алыспай амандасуға да болады [5, 16 б] .
-Кездесушілер бұрыннан бір-бірмен таныс, көріспегелі көп жылдар өткен болса, аттан түсіп жайғанын отырып танысып болғансоң қоштасып аттанысады.
-Ауылға келген қонақпен ауыл адамдарының амандасуында да ереже бар. Үй сыртына таяп келген үлкен адамға аттан түсіріп алғалы тұрған жасы кіші адам бұрын сәлем беруге тиісті.
-Үй сыртына таяп келген адамның жасы кіші болса, онда үй сыртындағы адамға аттан түспей тұрып бұрын сәлем берген жөн. Ал, сырттан үйге кірген қандай жастың адамы болса да үй ішіндегі отырған адамдарға бұрын сәлем беріп кіруге міндетті.
-Көріспелі көп жыл болған тұрғылас, замандас, құрдас, ағайын, туыс адамдар қауышып амандасады:
Қауышып амандасу ер азаматтар үшін ұлттық амандасуымыздың ең құрметті түріне жатады. Ал, жас жігіттер үшін жәй ғана қол алысу, келесі қолымен арқа, иық қағысып та амандасады.
-Қыз балалар үшін бір-бірін жүгіре барып құшақтай сүйісіп немесе жай қол алысып амандасады. Жастар өз арасына сәлеметсіз бе? Есенсіз бе? Саулық па? Тағы басқа аман түрлерімен амандаса беруіне әбден болады. Халқымыздың ұлттық дәстүрінде келіндері жасы үлкен қайын ата, қайнағанларына және ата-ене, қайнағаларына үйге кіріп амандасқанда, қымыз, шай, ас-су алып бергенде және ата-ене, қайнанағаларының ұсынған қандай бір заттарын ас, тағамдарын алғанда сол аяғын бүгіп үш рет басын иіп сәлемдесіп кішпейілдік, сыйластық ишаратын көрсететін болған. Жалпы ауыл адамдары ұзақтан келген және ұзақ сапарға шыққалы жатқан жолаушыға жиылып барып амандасып, қоштасатын коллективтік жақсы қасиет те мәдениетімізден бекем орын алған.
-Әжелеріміз бен аға жастағы аналарымыз қайтыс болған аруақ орнын жоқтап, ұзатылған қызына қимастық көрсетіп көріс жоқтаулармен де көз жасын төгіп жолаушыны қарсы алып шығарып салады.
-Келген көңіл айтушы жолаушы үшін дүние салғандарға «арты қайырлы, топырағы торқа болсын» - деп орындағыларға, туыстарына жақсы сөзбен көңілге тоқтау айту, жаңа туған нәресте болса «бауы берік болсын» жаңа түскен келін болса «көпшіл, берекелі болсын» айтуға қайткен күнде міндетті. Егер бұл жосынымызға (салтымызға) арнайы ишарат жасалмаса, теңгермеді, тәкаппарлық көрсетті, ескермеді тағы басқа орынды өкпе сайлады. Ауыл адамдары келген жолаушыдан жаңа туған нәресте, жаңаа түскен келінге, сүйінші сұрау көрсетіп көрімдік алу сияқты жақсы дәстүріміз күні бүгінге дейін жақсы жалғасып өз мазмұнынан айырылмай келеді. Әдейілеп ресми түрде уақыт шығарып жолаушылап, қыдырып амандасу халқымыздың арасында бекем орын алды. Ауыл аралап жүргенде, ұзақ жол жүріп бара жатқанда жасы үлкен атамен әжеге бұрылып үйіне түсіп, амандаспай кетсе, үлкен сөгіс қойылып өкпе айтылатын және сол азаматтың үлкенді сыйлауы кем баға жүргендігі, аманға да жарамағандығы сынға алынуға тиіс. Бұдан туатын түсінік- қазақ халқының амандасу салты мазмұны жағынан өте бай екендігін айқын көрсетеді [2, 186 б. ] .
1. 2 Қонақ қабылдап, күту рәсімдері
Ауылға келген қонақты атының мінер жағынан жақындап сәлем беріп амандасып, сол жақ қолымен тізгінінен ұстап тұрып, оң қолымен қолтығынан сүйет аттан түсіреді. Қонақ атына шегініп алыстағансоң, аттың тапта айлын босатып, тізгінін ердің қасына іліп, шылбырынан белбеуге, немесе бөлекше отырғызылған ат ағашқа ілмектеліп байланады.
Аты тарпаң, мінезі шаргез болса алдыңғы аяғын тұсап, несесе шідерлеп қояды. Егер қонатын жағдай болса, аттын ерін алып үйдің оң жағына ішке, немесе жамылтық жауып сыртқа сақтайды.
Ноқта жүгені ермен бірге қойылады.
Қонақтың атын аулдан тым ұзақ емес соны шөп жерге (тұсап өрелеп, немесе шідерлеп, арқандап) отқа қояды. Ертеңіінде таңертең қонаққа атын іздетпей ауыл адамдары немесе қонған үйдің қолғанат балалары, үй иелері әкеліп ерттер дайындайды. Қонаққа қоштасып аттандырушы аттың мінер жағынан атын үркітпей ептеп жанасалап келіп шылбырын шешіп еріне оран тізгінін бос мойнына түсіріп сол қолымен шылбырды ұстап тұрып, оң қолымен қонақтың қолтығынан сүйей аттандырады. Бір-бірімен қоштасады. Осылайша қонақты жолға шығарады.
Аттан түсіріп, үйге кіруге бет алған қонақты сол үйдің жастары мен балалары сәлем беріп, амандасып есік ашып үйге кіргізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz