Тынық мұхит пен мұхиттың аралдар



ЖОСПАР
1. Тынық мұхит
2. Мұхитты зерттеу тарихынан
3. Түбінің жер бедері.
4. Климаты.
5. Ағыстары.
6. Органикалың дүниесі.
7. Табиғатының ерекшеліктері

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Тынық мұхит
Мұхиттың физикалық-географиялық орны. Тынық мұхит — оны Ұлы мұхит деп те атайды — планета бетінің 1/3 -ін және Дүниежүзілік мұхит көлемінің жартысын дерлік алып жатыр (2-сурет). Мұхит сопақша пішінді, экватор тұсында ерекше енді, сондықтан ол беткі жағы ең жылы мұхит.
Мұхиттың шығысындағы жағалық сызығы аз тілімденген; онда бірнеше түбектер мен шығанақтар бар. Батысында Евразия мен аралдардың аралығында көптеген теңіздер жатыр. Бұл Жер бетіндегі жағалық сызықтың ең көп тілімденген ауданы. Теңіздердің арасында тереңдігі 100 м-ден аспайтын қайраңды теңіздер де бар. Кейбір теңіздер литосфера плиталары (Жапон, Охот және басқа) өзара әсер ететін зонада орналасқан. Олар терең әрі мұхиттан арал доғаларымен бөлінген.
Тынық мұхитта аралдар өте көп, олардың саны 10 мың-нан асады.

58-сурет. Евразия жағасындағы Тынык мұхит. Жапон теңізі
Мұхитты зерттеу тарихынан. Тынық мұхиттың жағасы мен аралдарын мекендеген халықтар ертеден-ақ мұхитта жүзіп, оның байлықтарын игерген. Ф. Магелланның, Дж. Куктың жүзу сапарларының нәтижесінде мұхит туралы мәліметтер жиналды. И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянскийдің Жер шарын айналып шыққан бірінші орыс экспедициясы XIX ғасырда мұхитты кеңінен зерттеуге бастама болды. XIX ғасырда С. О. Макаров «Витязь» кемесімен комплексті зерттеу жүргізді. Экспедициялық кемелер 1949 ж. бастап жүйелі ғылыми рейстер жасауда. Қазіргі уакытта Тынық мұхитты зерттеу жөнінде арнайы халықаралық ұйым құрылған.

59-сурет. Ғылыми-зерттеу кемесі
Соңғы онжылдықтар ішінде мұхит табиғатының ерекшеліктері жөнінде жаңа мағлұматтар алынды, оның ең терең жері анықталды, ағыстары, түбінің жер бедері, терең сулы науаларындағы тіршілік, мысалы, омыртқасыздардың, жіп тәрізді организмдердің жаңа типтері зерттелуде. Тынық мұхитты зерттеп білу үшін біздің елімізде, Қиыр Шығыста Ресей Ғылым академиясының арнаулы ғылыми-зерттеу орталығы құрылған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Материктер мен мұхиттар географиясы В.А.Коринская, В.А.Щенев, И.В.Душина

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Тынық мұхит
2. Мұхитты зерттеу тарихынан
3. Түбінің жер бедері.
4. Климаты.
5. Ағыстары.
6. Органикалың дүниесі.
7. Табиғатының ерекшеліктері

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ТЫНЫҚ МҰХИТ ПЕН МҰХИТТЫҢ АРАЛДАР
Тынық мұхит
Мұхиттың физикалық-географиялық орны. Тынық мұхит — оны Ұлы мұхит деп
те атайды — планета бетінің 13 -ін және Дүниежүзілік мұхит көлемінің
жартысын дерлік алып жатыр (2-сурет). Мұхит сопақша пішінді, экватор
тұсында ерекше енді, сондықтан ол беткі жағы ең жылы мұхит.
Мұхиттың шығысындағы жағалық сызығы аз тілімденген; онда бірнеше
түбектер мен шығанақтар бар. Батысында Евразия мен аралдардың аралығында
көптеген теңіздер жатыр. Бұл Жер бетіндегі жағалық сызықтың ең көп
тілімденген ауданы. Теңіздердің арасында тереңдігі 100 м-ден аспайтын
қайраңды теңіздер де бар. Кейбір теңіздер литосфера плиталары (Жапон, Охот
және басқа) өзара әсер ететін зонада орналасқан. Олар терең әрі мұхиттан
арал доғаларымен бөлінген.
Тынық мұхитта аралдар өте көп, олардың саны 10 мың-нан асады.

58-сурет. Евразия жағасындағы Тынык мұхит. Жапон теңізі
Мұхитты зерттеу тарихынан. Тынық мұхиттың жағасы мен аралдарын
мекендеген халықтар ертеден-ақ мұхитта жүзіп, оның байлықтарын игерген. Ф.
Магелланның, Дж. Куктың жүзу сапарларының нәтижесінде мұхит туралы
мәліметтер жиналды. И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянскийдің Жер шарын
айналып шыққан бірінші орыс экспедициясы XIX ғасырда мұхитты кеңінен
зерттеуге бастама болды. XIX ғасырда С. О. Макаров Витязь кемесімен
комплексті зерттеу жүргізді. Экспедициялық кемелер 1949 ж. бастап жүйелі
ғылыми рейстер жасауда. Қазіргі уакытта Тынық мұхитты зерттеу жөнінде
арнайы халықаралық ұйым құрылған.

59-сурет. Ғылыми-зерттеу кемесі
Соңғы онжылдықтар ішінде мұхит табиғатының ерекшеліктері жөнінде жаңа
мағлұматтар алынды, оның ең терең жері анықталды, ағыстары, түбінің жер
бедері, терең сулы науаларындағы тіршілік, мысалы, омыртқасыздардың, жіп
тәрізді организмдердің жаңа типтері зерттелуде. Тынық мұхитты зерттеп білу
үшін біздің елімізде, Қиыр Шығыста Ресей Ғылым академиясының арнаулы ғылыми-
зерттеу орталығы құрылған.
Түбінің жер бедері. Тынық мұхит — ең терең мұхит. Оның орташа
тереңдігі 3980 м, ал ең терең жері Мариан науасында 11022 м-ге жетеді.
60-сурет. Тынық мұхит түбінің жер бедері Мұхит түгелдей дерлік бір
литосфералық плитаның үстіне орналасқан, бұл плита өзінің шекарасында басқа
плиталармен өзара әсер етеді. Мұндай өзара әсер ету жер бетіндегі және су
астындағы жер сілкінуге, вулкандардың атқылауына ұласады. Мұхит түбінде
атылған лавалардың көлемі материктерде атылған лавалардың көлемінен үш есе
артық болады. Мұхитты жиектеп жатқан құрлықта да әйгілі Отты шеңберді
құрайтын көптеген вулкандар бар. Мұхит түбінің жер бедері өте күрделі .
Мұндағы қайраң басқа мұхиттардағыға қарағанда аз аумақты алып жатыр. Ол
Азия мен Австралияның жағасында ғана жақсы дамыған. Материктік беткейлері
тік, көбіне сатылы болып келеді. Мұхит түбі жер бедерінің өзіне тән
ерекшелігі — оның ең терең жерлері шеттеріне орналасқан.
Терең сулы науалар мұхиттың батыс және шығыс бөліктерінде ұзыннан-ұзақ
жіңішке шұңғымалар түрінде созылып жатады. Ірі дөңдер, жекелеген таулар мен
жоталар мұхит шарасын қазаншұңқырларға бөледі. Мұхит шарасының шығысында
Шығыс Тынық мұхит дөңі орналасқан, ол мұхит ортасындағы жоталардың
дүниежүзілік жүйесіне кіреді.
Климаты. Тынық мұхиттың ұлан-байтақ айдыны полярлық белдеуден басқа
климаттық белдеулердің бәрін қамтиды.
Тынық мұхитты суық Солтүстік Мұзды мұхиттан құрлық пен су астындағы
жоталар қорғап тұрады. Сондықтан оның солтүстік бөлігі оңтүстік бөлігінен
анағұрлым жылырақ болады. Мұхит өзінің Тынық мұхит деген атауына Ф.
Магелланның кезінде ие болған, ол мұхитты өте қолайлы ауа райы
жағдайларында, теңіз дауылын бірде-бір рет кездестірместен, экваторға таяу
маңнан кесіп өткен. Алайда бұл тіптен тынық мұхит емес.
Мұхиттың орталық бөліктерінде пасаттар басым болады. Батыс бөлігінде
муссондар соғады. Жазда оңтүстік-шығыс муссон Евразияға жанасып жатқан
бөліктер мен аралдарға мұхиттьің ылғалды ауасын әкеледі. Қыста материктен
мұхиттың климатына айтарлықтай әсер ететін суық әрі құрғақ муссон соғады;
теңіздердің бір бөлігін мұз басып жатады.
Мұхиттың батыс бөлігінде оқта-текте тропиктік жойқьің дауыл — тайфун
(тайфун — күшті жел деген мағынаны білдіреді) соғады.
Қоңыржай ендіктерде жылдың бүкіл суық жартысында теңіз дауылдары
өршелене соғып тұрады. Мұнда батыстан соғатын ауа басым. Ең биік толқындар
Тынық мұхиттың солтүстігі мен оңтүстігінде байқалған. Ондағы дауылдар
биіктігі 25 м-ге дейін жететін тұтас су тауларын түзеді.
Су массаларының қасиеттері климаттың ерекшеліктеріне байланысты. Мұхит
ұзаққа созылып жатқандықтан, су бетінің жылдық орташа температурасы—1°-тан
4-29° С-ге дейін өзгереді. Тропиктердің аралығында ол 4-19° С-ге тең, бұл
басқа мұхиттардағыдан жоғары. Тұтас алғанда, мұхитта буланудан гөрі, оған
түсетін жауын-шашын басым, сондықтан мұндағы су бетінің тұздылығы басқа
мұхиттардағыға қарағанда, біраз төмен болады.
Ағыстары. Тынық мұхит батыстан, шығысқа қарай өте созылып
жатқандықтан, онда ендік су ағындары басым болады. Мұхиттың солтүстік және
оңтүстік бөліктеріндегі су бетінде шеңбер тәрізді су ағыны пайда болады.
Солтүстік бөлігінде судың қозғалысы Солтүстік Пассат ағынынан, Куросио,
Солтүстік Тынық мұхит және Калифорния ағыстарынан қалыптасады.
Органикалың дүниесі. Тынық мұхиттың өсімдіктер және жануарлар дүниесі
ерекше бай және алуан түрлі. Мұхиттың мұндай ерекшелігі оның көлеміне,
табиғат жағдайларының алуан түрлілігі мен жасына байланысты. Онда
организмдердің ең ежелгі түрлері мекендейді. Тропиктік және экваторлық
ендіктер, маржан рифтерінің аймақтары тіршілікке ерекше бай. Мұхиттың
солтүстік бөлігінде албырт тәрізді балықтар көп, оңтүстік-шығысында,
Оңтүстік Американың жағасында қамса балықтардың (дене тұрқы 16 см-ге дейін
жететін майшабақ тәрізді балықтар) орасан зор шоғыры пайда болады. Мұхитта
киттер, ескек аяқтылар, көптеген омыртқасыз жануарлар (сегізаяқтар,
кальмарлар және басқалары) тіршілік етеді.
Табиғат белдеулері. Тынық мұхитта солтүстік полярлық белдеуден басқа
табиғат белдеулерінің бәрі бар (30-сурет). Олардың әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктері болады. Солтүстік субполярлық белдеу Беринг және Охот
теңіздерінің аздаған бөлігін қамтиды. Су массаларының температурасы төмен
(—1° С-ге дейін). Бұл теңіздердің суы жақсы араласатындықтан, олар балыққа
бай болып келеді. Мұнда минтай, камбала, майшабақ ауланады. Охот теңізінде
албырт тәрізді балықтар мен таңқыщаяндардың ерекше маңызы бар.
Солтүстік қоңыржай белдеу ұлан-байтақ территорияны қамтиды. Оған батыс
желдері күшті әсер етеді, мұнда теңіз дауылдары жиі болып тұрады. Бұл
белдеудің батыс жағында организмдердің алуан түрлеріне бай теңіз — Жапон
теңізі жатыр. Экваторлық белдеуге тән нәрсе — әр түрлі ағыс суының өзара
күрделі әсер етуі. Ағыстардың шекарасында тереңдегі судың су бетіне қарай
көтерілуі күшейе түседі, олардың биологиялық өнімділігі артады. Бұл арадағы
негізгі кәсіптік балықтарға акулалар, тунецтер, желкенді балық және
басқалары лсатады. Осы белдеудің батыс бөлігінде ерекше комплекстер
қалыптасады. Зонд аралдарының маңы мен Солтүстік-Шығыс Австралия
жағасындағы қайраңдар тіршілікке анағұрлым бай. Маржан рифтерінің жануарлар
дүниесі ерекше алуан түлі. Тынық мұхиттың оңтүстік тропиктік белдеуінде
Австралия жағасында Үлкен Тосқауыл рифінің бірегей табиғат Комплексі бар.
Бұл Жер шарындағы организмдер түзген ең ірі тау жотасы. Көлемі жағынан
оны Урал жотасымен салыстыруға болады. Жылы тымық судағы аралдар мен
Рифтердің панасында бұталар мен ағаштар, колонналар, қорғандап, гүл
шоқтары, саңырауқұлақтар түрінде мәржандар мекені өсіп жетіледі; маржандар
ақшыл-жасыл, сары, қызыл, көгілдір, адшыл көк түсті болып келеді. Бұл арада
моллюскалар, тікен терілілер, шаян тәрізділер, әр түрлі балықтар да көп
кездеседі.
Оңтүстік Америка жағасына таяу орналасқан тропиктік белдеудің суы
балыққа ерекше бай. Бұл араның суында қорек өте мол, сондықтан онда өсіп
жетілетін өсімдіктер мең жануарлар планктонын қамса балықтар, ставридалар,
скумбриялар және басқа балықтар қорек етеді. Мұндағы көптеген балықтарды
суқүзғын, бірқазан және пингин секілді құстар азық етеді.
Мұхиттағы шаруашылық әрекет түрлері. Тынық мұхиттың жағасы мен
аралдарында 50-ден астам жағалық мемлекеттер орналаскаи, оларда шамамен
бүкіл адамзаттың тең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхит суының температурасы
Тынық мұхит аралдары
Мұхиттар
Тынық мұхиттың физикалық географиялық бөлінуі
ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Мұхит түбі рельефі және геологиялық құрылымы
Тынық мұхиттың оңтүстік тропиктік белдеуінде
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТҚА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА. Дүние жүзілік мұхиттарға шолу
Дүние жүзілік мұхитттарға физ-географиялық шолу
Солтүстік Американың физикалық – географиялық жағдайы
Пәндер