Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері



Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

А) МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Б) МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
В) ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ.ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МӘНІ
Г) СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖОЛДАРЫ

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жоғары мәдениетті қарым-қатынасқа түсе алатын тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасында» мектепке дейінгі білім беруде жаңа рухани-мәдени құндылқтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып, ақыл-ойының, интеллектуальдық дамуын қамтамасыз ететін, болашақ бастауыш мектептегі оқу әрекетіне дайындық ретінде танымдық құзыретін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу үдерісін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың түйінді құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес мектепке дейінгі балалардың бойында қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге, экологиялық білімді меңгертуге танымдық құзыреттілікті қалыптастыру басым бағыттарының бірі болып табылады.
Психология ғылымында «құзыреттілік» ұғымына қатысты нақты түсініктер қалыптасқан. Сонымен қатар бұл ұғым іс-әрекетті жүзеге асыруда білім, білік, дағдыны қамтиды (А.Н. Журавльев, Н.Ф. Талызина, Р.К. Шакурова және т.б.). Олай болса психология ғылымында «құзыреттілік» танымдық (когнитивтік), пәндік-практикалық және жеке өзіндік тәжірибелер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Жас ерекшелігіне қарай балалардың құзыреттілігі өткен кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-тарихи, этникалық және әлеуметтік-экономикалық формалардың әсер ету дәрежесіне тікелей байланысты болады. Осылайша ересек топтағы балалардыңпсихологиялық ерекшелігі коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыру мүмкіндігін анықталады. Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын құруда. Бұл тұрғыдағы көзқарасты Б.Д.Эльконин өз еңбегінде былай көрсетеді:
– «құзыреттілік» ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықтың, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды;
– құзыреттілік – алған білім, білік, тәжірибе мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті;
– құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы;
– құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында да қалыптасады

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жоғары мәдениетті қарым-қатынасқа түсе алатын тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында білім берудің негізгі міндеті - білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасында мектепке дейінгі білім беруде жаңа рухани-мәдени құндылқтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып, ақыл-ойының, интеллектуальдық дамуын қамтамасыз ететін, болашақ бастауыш мектептегі оқу әрекетіне дайындық ретінде танымдық құзыретін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу үдерісін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың түйінді құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес мектепке дейінгі балалардың бойында қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге, экологиялық білімді меңгертуге танымдық құзыреттілікті қалыптастыру басым бағыттарының бірі болып табылады.
Психология ғылымында құзыреттілік ұғымына қатысты нақты түсініктер қалыптасқан. Сонымен қатар бұл ұғым іс-әрекетті жүзеге асыруда білім, білік, дағдыны қамтиды (А.Н. Журавльев, Н.Ф. Талызина, Р.К. Шакурова және т.б.). Олай болса психология ғылымында құзыреттілік танымдық (когнитивтік), пәндік-практикалық және жеке өзіндік тәжірибелер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Жас ерекшелігіне қарай балалардың құзыреттілігі өткен кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-тарихи, этникалық және әлеуметтік-экономикалық формалардың әсер ету дәрежесіне тікелей байланысты болады. Осылайша ересек топтағы балалардыңпсихологиялық ерекшелігі коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыру мүмкіндігін анықталады. Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын құруда. Бұл тұрғыдағы көзқарасты Б.Д.Эльконин өз еңбегінде былай көрсетеді:
- құзыреттілік ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықтың, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды;
- құзыреттілік - алған білім, білік, тәжірибе мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті;
- құзыреттілік ұғымында нәтижеден қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы;
- құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында да қалыптасады.
Психология ғылымының кәсіби маңызды сапа немесе іскерлік және тұлғалық сапа, сонымен қатар белгілі үш таған: білім, білік, дағды ретінде де түсіндіріледі. Елімізде 2000 жылдың басында құзыреттілікке бағдарланған білім беру мен дамыту тұжырымдамасы ресімделіп, бұл жұмыстың көптеген қолдаушылары мен келісімге келмейтін қарсыластары да пайда бола бастады. Осы тұжырымдамаға қатысты пікірталас әлі күнге дейін басылмай, таласты пікірлердің тууына себепкер болуда. Сондықтан бүгінгі еліміздің білім жүйесінде әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруда оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жалпы ұлттық деңгейдегі жаңа мазмұнмен қамтамасыз етуде құзыреттілік тұғырының маңызы зор. Құзыреттілік ұғымы дәстүрлі педагогикалық зерттеулерде кәсіби құзыреттілік немесе маман құзырлылығы ұғымдарымен қатар қолданылып келді. Ал, қазіргі зерттеу жұмыстарында құзыреттілік тек маман біліктілігі мен мамандыққа ғана қатысты емес, сонымен бірге ақпараттық, әлеуметтік, мәселені шешу, коммуникативтік құзыреттіліктері зерттеу пәніне айналуда. Құзыреттілік ұғымының тағы бір маңызды жағына тоқталар болсақ, ол тек өз кәсібін жетік білетіндерге немесе үлкен адамдарға ғана қолданылатын мінездеме емес, сонымен қатар студенттерге, мектеп оқушыларына, тіпті мектепке дейінгі жастағы балаларға да берілетін мінез-құлық сапасы болып табылады. Сол себепті мынадай қорытындылар шығаруға болады: құзыреттіліктің жас ерекшелігі шегін анықтауда қиындықтар туындайды. Қазіргі зерттеушілер маман ретінде, құзыреттілікті мектепке дейінгі балалар мен бастауыш сынып жасындағы балалардың маңызды мәселесі ретінде қарастыруда. Қазіргі таңда құзыреттілікті тұлғаның күрделі мәденижиынтық іс-әрекеті түрлерін жүзеге асырудағы қабілеттілігі деп түсінуге болады.
Бүгінгі мектепке дейінгі білім беру нәтижесі ретінде мемлекеттік міндетті білім беру стандарт бойынша денсаулық сақтау, таным, қарым-қатынас, әлеуметтік және шығармашылық құзыреттілік деп белгіленген. Соның ішінде танымдық құзыреттілік қоршаған ортамен таныстыру, математикалық түсініктерін қалыптастыру, сенсорлық тәрбие беру негізінде қалыптасатындығы негізге алынған. Біз соның ішінде танымдық құзыреттіліктің мәнін ашуды жөн көрдік.
Таным, ол әрекеттің мақсаты мен түрткісін анықтайтын тұлғаның ақпараттық қорын құрайтын қоғамдық-тарихи үрдіс философиялық категория болып табылады. Философиялық сөздікте: таным - заттардың эмоциялық мазмұнын немесе ақиқатты табу мақсатындағы заттардың күйін, жағдайын меңгеру болып табылады. Психологиялық сөздікте таным Педагогикалық сөздікте таным - әлем туралы шынайы білімдерді алуға деген субъектінің шығармашылық іс-әрекеті деп жазылып, сыртқы орта туралы ақпарат алу тұрғысынан берілген.
Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов, Г.Нұрышева танымға сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі үдерісі деп анықтама берген. Ғалымның таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады, сондықтан танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп те есептеуге болады деген құнды пікірімен де келісуге болады. Бейнелеудің философиялық теориясы тұрғысынан алғанда танымның үш түрі: сезімдік, логикалық және прагматикалық жағынан ерекшеленеді. Сонымен, ересек топтағы балалардыңтанымын дамытуда сезімдік, логикалық және практикалық түрі ұйымдастырылуы шарт деп санаймыз. Таным теориясында танымның маңызды жақтары ретінде бейнелену көрінеді. Мұнда бейнеленудің бірнеше деңгейлері ерекшеленген:
- өлі табиғатта бейнеленуі;
- тірі табиғатта бейнеленуі;
- әлеуметтік деңгейдегі бейнеленуі;
- жеке санамен сезінуі;
- қоғамдық санамен сезінуі. Біздің мәселемізді талдау үшін жеке деңгейдегі бейнеленуі маңызды болып табылады. Сонда мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзерттілігі - қоршаған орта туралы білімі, , сенсорлық мәдениті, оларды қолдану біліктілігі, дағдысы және тәжірибесінің жиынтығы.. Дегенмен, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігінің қалыптасу ерекшелігі зерттелуі күрделі мәселе болып табылады.

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында, 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті - білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген. Бұл межелі міндет мектепке дейінгі ұйымке дейінгі кезеңнен басталып, жаңа бағыттары қарастырылуда.
Мектепке дейінгі ұйымке дейінгі білім жаңа мазмұнмен байытылып, мектепке дейінгі ұйымке дейігі баланың қабілеттерін дамыту, оның бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру міндетін шешуге бағытталған. Қазіргі әлемдік өркениетте экономикалық жағдайға сәйкес білімдік мақсаттарды стандарттау, білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін жалпы дамыту және жеке жағдайда түйінді құзыреттілігін қалыптастырудың қажеттілігі айқындалып отыр.
Балапан бағдарламасында Мектепке дейінгі ұйымке дейінгі ұйымдардың тапшылығын азайту жөнінде 2009 жылдың аяғында қабылданған шаралар балалардың қамту көрсеткішін 37-ден 38,7 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді: республикада қосымша 17 155 орынға арналған 404 мектепке дейінгі ұйымке дейінгі ұйым қосымша іске қосылды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету 2015 жылға қарай МЖБС-ның жетекші білім салаларына сəйкес 5 оқу бағдарламасын жаңарту жоспарлануда. Əрбір оқу бағдарламасы үшін оқу-əдістемелік кешендер əзірленеді (жыл сайын 5 бірліктен, барлығы 25). делінген.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда тұлғаны дамытуға, оның әлеуетін анықтауға, дербестігін қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі сабақ жүйесінің орнына ізгіліктік философия, психология және педагогиканың идеяларын біріктірген тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесі келуде. Аталған жүйе адамды субъект, өз өмірін жасаушы қалыптастыруға мүмкіндік береді; балаларды белсенділіктің барлық түрін (танымдық, әлеуметтік, шығармашылық және т.б.) жауапкершілікпен жүзеге асыруға үйретеді. Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Шығармашылық мәселесі адамзатты ежелден - ақ толғандырып келген және қазіргі күнге дейін түбіне жеткен жоқ. Берілген сұрақтың философиялық шешімі шығармашылықты жаңа дүниенің туындысы деп қарастырып, шығармашылық акттың мәнін түсіндіргісі келеді.
Тұлғаның іс-әрекетіндегі шығармашылық теориялық таным деңгейінде, ойлаудың жоғары сатысында іске асатындығы В.Бердяев, М.М.Бахтин, Э.Г.Юдин, А.Спиркин, М.Попани, Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Г.Нұрышева т.б. ғалымдардың еңбектерінде, адамның ақиқат өмірдегі өзін-өзі тануға ұмтылуы, өздігінен ізденуінен туындайтын жаңа тұлғалық сапаларының көрінуі деп тұжырымдалған. Оның ішінде В.Бердяев адамның шығармашылық дамуы іс-әрекет арқылы өзін-өзі тануы, өзін-өзі жетілдіру тұрғысынан түсіндіреді. А.Г.Спиркин шығармашылықты келесі түрде анықтайды ... .. бұл практикалық және ойлау қызметі, керемет әрі қайталанбас құндылықтар жасау, жаңа фактілерді, қасиеттерді, заңдылықтарды, сондай-ақ зерттеу әдістерін анықтау осы қызметтің нәтижесі болып табылады. Бұл жағдайда мынаны атап өту қажет: мәдениет тарихи жағынан алғанда жаңа болып келсе, жаңалық обективті әрі әлеуметтік жақтан маңызды болғаны, ал егер ол автор үшін ғана жаңа болса, жаңалық субъективті әрі қоғамдық маңызға ие болмағаны. Автор бұл анықтамада шығармашылық процестің объективтілігін бөліп көрсетеді. Біз шығармашылық, адамның процесс барысында қоғамдық маңызы бар жаңаны танитын, ашатын, ойлап табатын, жасап шығаратын қызметі деген жалпыға танымал көзқарасты қолдаймыз. Шығармашылықтың мәні жаңаны, озатты, ілгерішілдікті көре білу деп анықтама бергенді қолдамаймыз. Біздің ойымызша жаңаны көру, іздестіруге түркі болады, ал шығармашылық әрекет жаңаны жасауды көздестіреді. Шығармашылық негізінде өнімді қызмет деген ұғыммен келісе отырып, сонымен қатар біз кез-келген шығармашылық процесс өзіне қайта құру әрекетін де кірістіреді, әр жасампаздығының өзіндік ерекшелігі болды деп есептейміз.
Қабілеттің табиғаты мен шығу тегі туралы екі түрлі көзқарас белгілі: олардың бірі (Р. Декарт, Г.В.Лейбництен басталады) қабілеттіліктің туғаннан пайда болатынын сипаттап, бұл ақылдың қасиеті деп түсіндіреді. Басқасы (Дж.Локк және оның ізбасарлары) өз өмірінің сыртқы шарттарына тәуелділігі туралы тезистен шығады. Біз ғалымдардың пікірінен қабілетті дамытуда іс -әрекет пен тәрбие беруде шешуші рөлді тану қажет деп есептейміз, бірақ олардың табиғи негіздерін бағаламауға болмайды, ересек топтағы балалардың қабілетін дамытуға байланысты педагогикалық іс- әрекетте баланың және оның дарындылығының табиғи ерекшеліктерінің өзіндік даралығына сүйену керек. Әрбір ересек топтағы балалардың мүмкіндігін тиімді қолдану педагогтар мен ата-аналардың өзекті практикалық есебі.
Шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудың маңызды шарты ересек топтағы балалардың өздерінің мотивациясының болуы керек. бұл олардың әдістемелік, психологиялық және әдістік білім, ересек топтағы балалардың адамзат мәселелеріне қызығушылығының бағытталуымен танысуынан келіп шығады. Осы негізде ересек топтағы балалардың белгілі бір дәрежедегі санының оқу сабағы мен сабақтан тыс уақытта педагогикалық іс-әрекетке қатыстырылуы болып табылады. Осыған орай, біз шығармашылық еңбек әрекетінің мәнін интегративті шебер әрекет (А.М. Новиков) деген түсінікпен байланыстырдық. Бәрін істей алу дегеніміз не? Бұл қажеттіліктері итермелейтін адамның өз бетімен жағдаятта бағдарланатынын, оны тани білетінін (сонымен қатар қажетті жаңа білімдер алып), объективті заңдар мен жағдайларға сәйкес әрекеттің мақсатын дұрыс анықтай алатынын, қалыптасқан жағдайға, мақсатқа сай нақты әрекет құралдары мен тәсілдерін анықтай алатынын, еңбек ету барысында оларды жетілдіріп, түпкі мақсатына қол жеткізе алатынын білдіреді. Шынында, біз бұл жерде іс-әрекеттің жалпы, тұтас, психологиялық сызбасын келтіріп отырмыз. Барлық аталған компоненттер бірлігінен тұратын осындай іс-әрекетті шартты түрде біріккен (интегративті) деп атайық.
А.Я.Понамарев айтуынша, шығармашылық тетігінің белгілі бір өзара әсерлесу фазалары бар дамытушы өзара әсерлесу. Іс - әрекеттің екіжақты нәтижесімен анықталатын интуитивті механизм шығармашылық негізі болып табылады. Іс-әрекеттің бір бөлігі қойылған саналы мақсатқа сәйкес келе отырып, тура өнім деп аталады, ал екіншісі мақсатқа сәйкес келмей және саналы ойдан бөлек алынғандықтан, қосымша өнім деп аталады. Оны шығармашылық іс -әрекеттің интуитивті деп аталады. Интуитивті шешімнің ерекшеліктері сезімдік бейне, қабылдау тұтастығы және санадан тыс нәтижені алу болып табылады.
ТМД елдеріндегі психолог және педагогтар дошкольника (Б.В. Асафьев, Л.А. Венгер, Н.А. Ветлугина, Л.С. Выготский, А.В. Запорожец, Д.Б. Кабалевский, Н.Н. Поддьяков, Б.М. Теплов және т.б.) шығармашылықты баланың тұлғалық сапасы, әрбір баланың қабілетін дамытуға бағытталған табиғи іс-әрекеті, өзіндік құндылығы ретінде қарастырды.
Мектепке дейінгі ұйымке дейінгі білім беру теориясы мен практикасында түрлі көркем әрекетінде баланың шығармашылығын дамыту тәжірибесі жинақталған. Дегенмен, жалпыға міндетті мектепке дейінгі білім беру стандартында өнімді және көркем іс-әрекеттер нәтижесі шығармашылық құзыреттілік деп таңдалған. Зерттеулер бойынша шығармашылық құзыреттілік тек студенттерге тән білім нәтижесі, тіпті мектеп жасындағы оқушылардың білім беру нәтижесі ретінде қарастырыл зерттеулер жоқтың қасы. Сондықтан бұл білім беру нәтижесі мектепке дейінгі балалар үшін ауыр салмақты нәтижесі тәрізді деп тұжырымдаймыз.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МӘНІ
Бүгінгі таңда егеменді еліміз өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Білім беру жүйесіндегі болып жатқан реформа жаңа ұлттық модельдегі білімді құрумен және оқу-тәрбие процесінің педагогикалық теориясы мен практикасында елеулі өзгерістермен ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық комуникациялық желілерге шығу" делінген. Соңғы жылдары практикаға жаңа идея, жаңа тұжырымдама мен жаңа технологияларды енгізу қарқынды жүзеге асырылуда.
Оқыту технологиясы - алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп, оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Барлық берілген анықтамалардан біз технология - tehno - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, бір сөзбен айтқанда технология дегеніміз - шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін көреміз.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде жасалған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады. Педагогикалық технология ғылым мен тәжірибенің арасынан аралық орын алады. Осы мәселені зерттеушілердің бірі Н.Ф.Талызина: Ғылым мен тәжірибенің арасында айрықша ғылым болуы тиіс, ол арқылы ұстанымдар, әдістер дүниеге келіп, олардың қолданылу жүйесі анықталуы керек - деп жазды. Оқыту технологиясы оқыту теориясын бейнелейді және оқытудың технологиялық деңгейін көрсететін стратегиясы мен тактикасы болып табылады.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты сан алуан жаңа педагогикалық технологияларымен таныстырмайынша олардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технология негізінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру проблемасы білім беру жүйесі талаптарының бірі болып табылады. Оқушылардың танымдық әрекетін арттыру қазіргі заман педагогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқытудың жаңа технологияларының өсіп келе жатқан жас ұрпақтың танымдық әрекетін қалыптастыруға мүмкіндігі зор. Оқушылардың танымдық әрекетін педагогикалық колледждерде қалыптастырудың маңызы ерекше. Оқушылардың таным процесін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық әрекетін дамыту мәселесі бірқатар ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нысанасына айналған.
Жеке тұлға тәрбиесінде таным әрекетінің маңызы туралы ой-пікірдің қалыптасуына Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев секілді қазақ халқының ағартушы-ғалымдарының қосқан үлесі әлі күнге дейін үлкен маңызын жойған емес. Танымды қалыптастыру мәселесін философиялық тұрғыдан В.Г.Афанасьев, В.В.Журавлев, П.Алексеев, М.Федосов, А.Спиркин, Ә.Нысанбаев, Ж.Әбділдин, Д.Кішібеков, О.Сегізбаев, Ә.Тұрғынбаев, т.б. жан-жақты зерттеген. Философиялық тұрғыдан: "Таным - ойдың бiлмеуден бiлуге қарай дәл емес, бiлуден неғұрлым толық дәл бiлуге қарай ұмтылатын ой-өрiсiнiң күрделi үрдiсi",- деген анықтама берілген.
Белгілі философ Д.Кішібеков: "Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеялды образдар жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылыққа толы күрделі процесі", - деп таным ұғымын жан-жақты қарастырған. Яғни, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Оқушылардың танымдық процесін тиімді етіп ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық әрекетін қалыптастыруды психологиялық тұрғыда Б.М.Теплов, А.Н.Леонтьев, Н.С.Лейтес, Л.С.Выготский, А.М.Матюшкин, Я.А.Пономарев, П.М.Якобсон, В.С.Мухина, А.Б.Бакушинский, А.Ковалев, В.Мясищев, Д.Узнадзе, С.Рубинштейн, А.Люблинская, В.А.Крутецский, П.Иванов, М.Матюхина, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Т.Сабыров, зерттеген еңбектері ғылыми-әдістемелік негізге алынды. Таным туралы ғалымдардың түрлі пікірлерін саралай келе: таным адамның рухани баюы деген қорытынды жасауға болады.
Педагогикалық тұрғыдан қазақстандық ғалымдар: Қ.Аймағамбетова, Г.Е.Алимухамбетова, А.Х.Аренова, А.Е.Әбілқасымова, А.Байтұрсынов, А.А.Бейсенбаева, М.Дулатов, А.Н.Ильясова, Ж.А.Қараев, Р.Қоянбаев, Н.Н.Хан, Р.Г.Лемберг, Б.И.Муканова, Ә.Муханбетжанова, С.Рахметова, А.К.Рысбаева, Р.К.Төлеубекова, С.Ұзақбаева, Н.Д.Хмель және т.б. зерттеп, тұжырым жасаған. Оқушылардың танымдық әрекетін қалыптатыру туралы Ресей ғалымдары Н.К.Крупская, Ж.Д.Ушинский, А.С.Макаренко еңбектерінде зерттелінсе, Республика көлемінде жалпы оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру мәселелерінің ғылыми-теориялық және әдістемелік негізін жасаған педагог-ғалымдар К.К.Құнанбаева, А.Сейтешов, Қ.Акишев, Н.Адамқұлов, Р.Ахияраев, К.Ж.Қожахметова, С.Ұзақбаева, Болатбаев т.б атауға болады.
Педагогика және психология ғылымдарында "педагогикалық технология", "білім беру технологиясы", "оқыту технологиясы", "тұлғаны дамыту технологиясы" және т.б. ұғымдар кеңінен қолданылуда. Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту оның оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру міндетттерін шешуге септігін тигізеді. Кез-келген педагогикалық технология оқу-тәрбие процесін жетілдіруге, оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағыттылуы тиіс.
Мектеп практикасына қазіргі педагогикалық технологияларды енгізуді өз зерттеу жұмыстарының нысана етіп алған ғалымдар С.К.Исламгулова, Ж.Кобдикова, М.М.Жанпеисова т.б. бірақ дегенмен де мұғалімдердің жаппай тәжірибесінде қазіргі педагогикалық технологияларды таңдау мен қолдануда елеулі қиындықтарға кездеседі. Педагогикалық колледже білім беру мәселесін қарастыруда жаңа педагогикалық технология негізінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру мәселесіне өз дәрежесінде көңіл бөлінбей келетінін ескерсек, бүгінгі күннің кезек күттірмес көкейтесті мәселелердің бірі ретінде педагогикалық колледж оқушыларының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру болып табылады.

СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау ісін қайта қарау, оның мазмұны мен құрылымын өзгертуді ғана талап етпей, сонымен қоса оның бүкіл бағдар бағытын түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Себебі, қай саладан болса да өз мамандығының шебері, өздігінен ізденуге мүмкіндігі бар, кәсіби бағыттылығы жоғары маман даярлау мәселесі қазіргі заманның басты талабына айналды.
Студенттерге кәсіби бағыттылықты қалыптастыру жолдарының бірі - білім беру үрдісінде олардың өзіндік жұмыстарын күшейту. Сол себептен де кәсіби бағыттылықты қалыптастыруда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды негізгі мәселелерінің бірі ретінде қарауға тура келді. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру арқылы олардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға жағдай туады.
Өзіндік жұмыс мәселесі бойынша біршама алыс және таяу шетел ғалымдары өз зерттеу жұмыстарының нысанасы еткен. Жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін Г.Ахметова, Н.Асанов, А.К.Садыкова, К.Л.Гончарова қарастырды.
Жоғары оқу орындарында мамандарды кәсіби даярлаудың теориялық, ғылыми, дидактикалық, әдістемелік негіздері және олардың кәсіби даярлығын қалыптастыру мәселелері Ш.А.Абдраман, А.Р.Анасова, Ы.А.Нәби, Ш.Т.Таубаева, Р.И.Бурганова, Б.Т.Кенжебеков, Қ.М.Кертаева, М.Кұрманов, М.А.Лигай, М.С.Мәлібекова, А.А.Саипов, Г.Ж.Меңлібекова, О.Ү.Мұсабеков, О.С.Сыздықов, К.М.Беркимбаев, Р.С.Омарова, Г.К.Нұртаева, А.Н.Тесленко және т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттелген.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім берудің кредиттік жүйеге көшуімен байланысты студенттердің шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-студенттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілді. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, өзіндік жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастыру-дың педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады.
Кәсіби бағыттылықты қалыптастыруда өзіндік жұмыстардың маңызы орасан зор. Студенттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Танымдық құзыреттілік сипаттамасы
Мектепке дейінгі оқыту бағдарламаларының мазмұны мен міндеттері
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру
ЕРКІН ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесі
Қарым - қатынас мәдениеті арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың бағдарламасы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау
Ата - аналардың педагогикалық қатынастарымен талаптарды үйлестіру
Ертегілер арқылы бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзыреттіліктерін дамыту
Пәндер