Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерциясының қарым-қатынастары: тарихи аспект (1991-2009 жж.)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

Қорғауға жіберілді:

« » 2011 ж.

Кафедра меңгерушісі,

т. ғ. д., профессор Алтаев А. Ш.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН РЕСЕЙ ФЕДЕРЦИЯСЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ:

ТАРИХИ АСПЕКТ (1991-2009 ЖЖ. )

050203 - «Тарих» - мамандығы бойынша

Орындаған: Қуанбай Ә. Е.

Ғылыми жетекші:

т. ғ. к., доцент Рысбекова С. Т.

Алматы 2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынас эволюциясы

1. 1 Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың

даму тенденциясы . . . 10

1. 2 Мемлекетаралық экономикалық және ынтымақтастық қатынастардың

дамуы . . . 20

ІІ Қазақстан және Ресей: саяси қатынастардың проблемалары және болашағы

2. 1 Екі жақты қатынастағы Байқоңыр ғарыш кешенін пайдалану

мәселесі25

2. 2 Қазақстан мен Ресейдің Каспий теңізі мәселесіндегі

саясаты . . . 38

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54

ҚОСЫМША . . . 58

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектлігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған кезден бастап-ақ мемлекетіміздің жоғарғы басшылығы Ресеймен тату көршілік қатынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі назар аударылады. Қазақстанның пікірі бойынша, екі мемлекеттің әл-ауқаты көп жағдайда халықтар арасында қалыптасқан байланыстардың сақталуына, экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың оң әлеуметінің нығайтылуына, қазіргі бар қарым-қатынасты кең ауқымды ынтымақтастыққа, үдемелі мемлекет аралық кооперацияға айналдыруға байланысты.

Сол себептен де, Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын, екі ел дипломатиясының дамуы мен болашағын зерттеу бүгнігі таңда өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.

Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар. Бұл ортақ тарих, 7 мың км-ге ұзақтыққа созылатын ортақ шекара, ортақ тіл және ұқсас діл. Сондықтан тату көршілік пен тең құқықты ынтымақтастықтан басқа қандай да бір өзге саясат екі мемлекеттің түбірлі мүдделеріне қайшы келеді [1. 5] .

Оның үстіне екі елдің өзара іс-қимылының терең қатпарлы факторлары Астана мен Мәскеудің көптеген көкейтесті халықаралық проблемаларға көзқарастарының жақындығын айқындайды. Мұның өзі ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған сыртқы саяси өзара іс-қимылға, бастамаларды екі жақты қолдауға жәрдемдеседі. Халықаралық сахнадағы ынтымақтастық өзара қарым-қатынастың сапалы жаңа деңгейіне - стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді, бұл дегеніміз екі мемлекет басшыларының тұрақты байланыстарын қоса алғанда, барлық деңгейлердегі жан-жақты байланыстарды білдіреді [2. 1; 21] .

Отандық және шетелдік тарихнамада Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын кезеңдерге бөлу мәселесіне қатысты бірнеше көзқарастар бар. Біздің көзқарасымызша төмендегідей кезеңдерге бөліп көрсету орынды секілді:

1. Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру (1991 ж. тамыз - 1992 ж. мамыр) ;

2. Саяси экономикалық және әскери салаларда екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандарын белгілеу (1992 ж. мамыр - 1994 ж. соңы) ;

3. ТМД шеңберіндегі интеграциялық процестер арнасында екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету (1995 ж. бастап осы уақытқа дейін) .

Бірінші кезеңде тараптардың күш-жігері шарттық-құқықтық құжатты әзірлеуге бағытталды. Мұндай құжат екі жаңа мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастардың негізгі принциптерін айқындайды.

1994 жылғы наурызда болған ҚР Президентінің Ресей Федерациясына жасаған тұңғыш мемлекеттік сапары екі жақты қарым-қатынасты кеңейту мен тереңдетуде елеулі рөл атқарды, оның барысында 22 ірі ауқымды құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны одан әрі тереңдету туралы шартты бөліп көрсету қажет. Осы құжатқа сәйкес Тараптар экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуде, ортақ рынокты қалыптастыруда, шаруашылық заңнамаларын жақындастыруда өзара тығыз үйлестіру ісі жүзеге асару туралы уағдаласты. Сол сапарда бір-бірінің аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан мен Ресей азаматтарының азаматтығы мен құқықтық мәртебесіне байланысты мәселелерді шешудің негізгі принциптері туралы меморандумға, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімге қол қойылды. Байқоңыр жөнінде, жалға алу шарты (жыл сайын 115 млн. доллар) мен ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану туралы шешім қабылданды. 1994 ж. наурыздағы жоғары деңгейдегі Қазақстан-Ресей кездесуі мемлекетаралық қатынастардың серпінді дамуына қатысты берік шарттық базаны құруға әкелді. Бұл келіссөздер экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы тығыз интеграцияның жаңа кезеңін ашты [1. 8] .

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы және егеменді екі мемлекет Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында тең құқықты байланыстардың қалыптасуы мен даму барысы ғылыми тарихнамада жоғарғы деңгейде зерттелген тақырыптардың бірі. Өйткені жаһандану кезеңіндегі экономиканың әлемдік интеграциялануы шеңберінде көршілес екі елдің дамуы мен өзара байланысы, екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық әріптестігі мәселелерін зерттеу екі ел қатынастарының келешегіне болжам жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы, Қазақстан-Ресей қатынастары және екіжақты ынтымақтастықтың жекелеген салалары қазіргі таңда да ғалымдар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие. Осы тақырыпта қазақстандық және ресейлік стратегиялық зерттеу институттары, ресейлік «Обозреватель», «Россия и мусульманский мир», «Восток» сараптамалық журналдары, ӘЭХҚИ баяндамалары, сондай-ақ «Саясат», «Қазақстан-Спектр», «Аналитик» және т. б. ғылыми-мерзімді басылымдарда жан-жақты қарастырылады [2. 1; 217] .

Осы тақырыптағы зерттерулерді шартты түрде топтастыруға болады. Бірінші және ең үлкен топты Қазақстан мен Ресей қатынастары және Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы аясындағы байланыстарына арналған әдебиеттер құрайды. Екінші топқа екіжақты байланыстардың жекелеген салалары мен өзекті бағыттары зерттелген монографиялар, авторлар тобымен жазылған жинақтар біріктірілген. Үшінші топқа екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық, оның жекелеген салалары мен қазіргі жай-күйі мерзімді басылымдарды жатқызуға болады.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті салалары мен бағыттарына талдау жасауда Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының мәліметтері, екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі ақпарттары үлес қосты. Сонымен қатар, екіжақты қатынастардың қазіргі сипаты мен келшегі екі ел басшыларының түрлі жылдардағы Жолдауларында аталып өткен.

Негізгі әдебиетер қатарында Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстары «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1995 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1999 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 2000-2004 жылдар» материалдар мен құжаттар жинақтарында қарастырылады. Еңбектің құндылығы белгіленген уақыт аралығында екіжақты деңгейде қабылданған құжаттар мәтіні, Қазақстан мен Ресейдің мемлекет және саясат қайраткерлерінің екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы туралы мақалалары жарияланған.

Тақырыпты зерттеу барысында қолданылған негізгі әдебиеттер қатарында отандық авторлар Қ. Тоқаев, Т. Мансұров, Б. Сұлтанов еңбектерін атап өтуге болады.

Тәуелсіз дамудың алғашқы жылдарынан Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты алдындағы басымдылықтар, ондағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының орны мен Ресей бағыты қарастырылған Қ. Тоқаевтың монографиялық еңбектері мен әр жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігі бастамасымен жарық көрген мақалалар жинағын ерекше атап өткен жөн [2. 56, 2. 57] .

Тақырыпты зерттеу барысында негізге алынған әдебиет көзінің бірі Т. Мансұровтың «Өзгерістер кезеңіндегі Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-2001 жылдар» атты еңбегі. Жұмыста Қазақстан-Ресей қатынастары құжаттық-құқықтық негізде кезеңдестіріліп, әрбір кезеңге талдау жасалады. Екіжақты байланытың өзекті саласы ретінде Қазақстан-Ресей экономикалық ынтымақтастығы жеке қарастырылған. Осы ынтымақтастықтың жай-күйі Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар және оның алғашқы қорытындыларымен қатар талданады. Экономикалық ынтымақтастықтың өзекті салалары ретінде отын-энергетика, қаржы-несие және банк салаларындағы алғашқы байланыстар аталып өтеді [3. 1; 7] .

Авторлар тобымен жазылған «Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық басымдылықтары» атты еңбек диплом жұмысын жазуға үлкен үлес қосты. Кітапта Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстарының жекелеген салалары: сауда қатынастары, энергетика саласындағы ынтымақтастық, көлік-коммуникациялық байланыстар және ынтымақтастықтың өзге де салалары қарастырылады. Еңбектің құндылығы экономикалық байланыстарда екі ел арасында қол жеткізілген нәтижелермен қатар, кейбір кемшіліктер мен оларды шешу жолдары, өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамыту әдістері келтіріледі.

Посткеңестік аумақтағы интеграциялық үрдістер Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстарының дамуына зор үлес қосып келеді. Мәселен, Кеден одағы, ЕурАзЭҚ шеңберінде қабылданып жатқан құжаттар екі ел арасындағы кейбір экономикалық, кеден мәселелерін шешуге септігін тигізуде. Өз кезегінде, Қазақстан мен Ресей тарапынан көтерілген бастамалар интеграцияның тереңдеуіне үлес қосып келеді. Тіпті, қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей интеграцияның қозғаушы күші ретінде танылады. Осы орайда, диплом жұмысының арнаулы бөлімін жазу барысында аталмыш сала мамандары - Н. Исингарин, Е. Жоламанов, В. Алесин, С. Прімбетов және т. б. авторлар еңбектерін атап өткен жөн [2; 27] .

Қазақстан-Ресей байланыстарының қазіргі таңдағы сипаты, энергетика, көлік, қаржы салаларындағы байланыстары мен сауда қатынастары, шекаралас аумақтар деңгейіндегі екіжақты байланыстар баспасөз беттері мен электронды ресурстарда жарық көрген Б. Сұлтанов, В. Амиров, Т. Мансұров, М. Лаумулин, А. Местоев және т. б. авторлар мақалаларында қарастырылады.

Қазақстан-Ресей байланыстары қарастырылған ресейлік авторларының еңбектері қатарынан «Внешняя политика и безопасность современной России. 1991-2002 годы» атты төрт томдық хрестоматиясын атап өтуге болады. Кітаптың негізгі бөлімі Ресей Федерациясының халықаралық және аймақтық деңгейдегі саясаты, екінші кітапта ТМД елдерімен байланысы қарастырылады. Арнаулы бөімде Қазақстанмен экономикалық байланысы талданады [2. 1; 217] . .

Ресей стратегиялық зерттеу институтының авторлары тобымен жазылған «Қазақстан: тәуелсіз дамудың бүгінгі жағдайы мен келешегі» атты кітабы тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық дамуын зерттеген алғашқы еңбегі болып табылады. Жұмыста нарықтық қатынастардың дамуы негізінде Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстары да қарастырылады.

Сондай-ақ, екіжақты сауда-экономикалық қатынастары Р. Андреещев, Л. Зевин, Е. Борисова және т. б. авторлар зерттеулерінде қарастырылып, ресейлік баспасөз беттерінде жарияланған. Дегенімен, кейбір мақалаларда Ресей мен Қазақстан арасындағы тең құқықты және өзара тиімді байланыстары жөнінде айтыла келіп, Орталық Азия аймағындағы көп жағдайда бір жақты пайда алып келетін Ресей мүдделері және оны жүзеге асыру жолдары ашық көрсетіледі.

Жалпы, Қазақстан-Ресей қатынастары тақырыбында жарық көрген әдебиеттердің көп болумен қатар, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жекелеген салалары жете қарастырылмағанын аңғаруға болады. Мәселен, ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласы екіжақты байланыстың басты бағыты саналатын отын-энергетика кешенімен саластыра алғанда зерттелу деңгейі төмен. Осы орайда, екі ел саясатын ДСҰ кіру ниеті аясында қарастырсақ, дайын өнім түрлерін өндіру мақсатында екі елдің өндірістік потенциялын дамыту өзектілігі туындайды. Бұл жағдайда бастамалық роль сала мамандарына берілуі тиіс.

Диплом жұмысының әдістемелік негізін халықаралық қатынастарды сараптаудың дәстүрлі теориялары−либерализм және саяси реализм бағыттары негізге алынды. Либералды−идеалистік көзқараста тұжырымдалған мемлекетаралық қатынастардағы халықаралық құқық нормаларының жетекшілік ролі, яғни ондағы демократиялық, әділеттілік принциптері мен жалпы адамзаттық құндылықтар приоритеті, егемендікті құрметтеу және өзара тиімді ынтымақтастық Қазақстан мен Ресей қатынастарының қазіргі сипаты болып табылады.

Ұлттық мүдде, күштер тепе−теңдігі, басымдылық ұғымдарын негізге алған саяси реализм бағыты мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық байланыстарын зерттеуге үлкен үлес қосты. Бұнда ынтымақтастық мәселелері мемлекеттің ұлттық мүддесі шеңберінде қарастырылады. Мемлекеттер арасындағы ынытамқтастық қолайлы халықаралық орта құру қажеттілігінен туып, өзге елдермен достық, татулық қатынастар орнатуды көздейді. Саяси реализмнің көрнекті қайраткерлерінің бірі А. Уолферстің белгілеуінше, мемлекетаралық ынтымақтастықтың ішкі және сыртқы қозғаушы күші болады. Бірі−мемлекеттің өз ішіндегі жағдайын жақсартуға деген ұмтылысы болса, екіншісі−сыртқы қауіпке бірлесе қарсылық көрсету [2. 61; 245−246] . Жоғарыда аталып өткен екі стимул Қазақстан−Ресей қатынастарынан да байқалады.

Сондай−ақ, өзара байланыстылық теориясын ерекше атап өтуге болады. Бұл бағыт мемлекетаралық қатынастар кеңістігін ресми байланыстар, өзара әріптестік жиынтығымен қатар, бейресми қатынастар тұрғысынан да қарастырады. Бейресми қатынастарға сыртқы саяси элиталардың, үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдар арасындағы тығыз байланыстармен сипатталады.

Сонымен қатар, тақырыпты зерттеу барысында жалпылау, сараптау, жүйелі тәсіл, салыстыру, хронологиялық және құжаттарды талдау әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысының дерек көзі ретінде түрлі мұрағат құжаттары, мерзімдік баспасөз материалдары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлгі басқармасының мәліметтері, ғылыми еңбектердің мәліметтері сұрыпталып пайдаланылды.

Диплом жұмысының дерек көзін Қазақстан және Ресеймен қабылданған мемлекетаралық келісім-шарттар, декларациялар, ақпарттық мәліметтер және басқа да құжаттар құрайды. Осы орайда ерекше атап өтетіні екіжақты қатынастардың негізі ретінде 1992 жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімі, 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім мен Бағдарлама, 1999-2007 жылдарға арналған шекаралық аумақтардағы ынтымақтастық туралы Келісімі [1. 1] .

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы дипломатиялық қатынастарға байланысты жалпы мемлекеттік мағынадағы құжаттар: Қазақстан Республикасының Ата Заңы, «Қазақстан - 2030. Қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және игілігі» Стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі даму жоспары, Қазақстан республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Заңдар: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Жер кодексі», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Мемлекеттік бағдарламалар: Мемлекеттік бағдарламасы, БҰҰДБ «Қазақстандағы кедейшілік: себептері мен жою жолдары, Адам туралы ұлттық есеп пайдаланылған [2. 1] .

«Дипломатия жаршысы», «Егемен Қазақстан», «Социалистік Қазақстан», «Заң» газеттерінде, «Ақиқат», «Жаршы», «Заң және заман» атты журналдарда Қазақстандағы дипломатиялық қатынастар және оның негізгі бағыттары туралы құжаттар, Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар, ғылыми мақалалар, статистикалық көрсеткіштер жарияланған [2, 3, 4, 5; 217] .

Қолданыс тапқан дерек көздерін мұқият талдауға, ғылыми құндылығын ашуға ерекше мән берілген. Деректерді сұрыптау барысында салыстырмалы әдіс кеңінен қолданылған. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасы бойынша күнделікті баспасөз беттерінен көптеген құжаттар, ғылыми мақалалар пайдаланылды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынасын талдау. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді алдыға қойып отырмыз:

  • Қазақстан Республика мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынас эволюциясы және саяси қатынастардың даму тенденциясын зерттеу;
  • Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру;
  • Мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық моделін іздестіру;
  • Экономикалық және басқа салаларда екі елдің кірігуінің кеңеюі мен тереңдеуін зерттеу (1994 жылғы наурыз - 1997 жылғы қыркүйек ) ;
  • Стратегиялық әріптестікті нығайту. Мәңгілік достық декларациясын талдау;
  • Қазақстан және Ресей: саяси қатынастардың проблемалары және болашағына сараптама жүргізу;
  • Екі жақты қатынастағы Байқоңыр ғарыш кешенін пайдалану мәселесі:
  • Қазақстан мен Ресейдің Каспий теңізі мәселесіндегі саясатын анықтау және т. б.

Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылымен қазіргі таңға дейінгі аралықты қамтиды. Яғни, 1991-2010 жылдар аралығы.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан тұрады.

І Қазақстан Республика мен Ресей Федерациясы

арасындағы дипломатиялық қатынас

эволюциясы

1. 1. Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси

қатынастардың даму тенденциясы

XX ғ. 90-шы жылдарында халықаралық саясатта елеулі өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістердің нәтижесінде Қазакстан және Кеңес Одағының құрамында болған басқа республикалар тәуелсіздік алды. Қазақстанмен бір аймақта - Орталық Азияда орналасқан мемлекеттер тәуелсіз дамудың бірінші мүшелінен өтуде. Жетпіс жыл бойы Кеңестік Ресейдің ықпалында, ортақ, бірыңғай әлеуметтік-идеологиялық жағдайда болып келгендеріне карамастан, қазіргі Орталық Азия республикаларын экономикалық-әлеуметтік-саяси дамулары бойынша түрліше сипаттауға болады [10; 7]

Бұл мемлекеттердің арасында Қазақстан өзінің экономикалық және саяси дамуы бойынша Батыс ұсынып отырған моделге жақын даму үстінде. Аймақтағы келесі ірі мемлекет Өзбекстан, өтпелі кезеңнің бас жағында бола түра, авториторлық билік пен жартылай нарықтық экономикасымен ерекшеленеді. Қырғызстан нарықтык-демократиялық даму жолына нық аяқ басқанына қарамастан, әлсіз экономика тұракты дамуға мүмкіндік бермей тұр. Азаматтық соғысты бастан өткізген Тәжікстанның да болашағы экономикалык реформалардың нәтижелілігіне тәуелді болуда. Қазақстаннан басқа республикаларға қарағанда табиғи ресурстарға бай Түркменстан өзіндік «ерекше» жолмен дамуды жөн көруде [12; 21] .

Әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістер қауіпсіздік мәселесіне тек әскери жағынан ғана емес, экономикалық, геосаяси мүдделер қақтығысы жағынан да өзгеше қарауына себепші болды. Орталық Азия елдерінің әлемдік кауымдас-тығына кірген мерзімінен бастап аймақтың келешегі мемлекеттердің халықаралық еңбек бөлініс процесіне каншалықты дәрежеде қатысуына байланысты болып отыр. Бүл әрине, қауіпсіздік және тұрақтылық қамтамасыз етілген жағдайдың көрінісі ғана болмақ. Қазіргі таңда қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері көбейгені айқьн. Бір жағынан қарағанда, Орталық Азия мемлекеттеріне тікелей кауіп жоқ, дегенмен, әлемнің саяси сахнасындағы ойьншылардың күштер балансы өзгеріске ұшырағаны Орталык Азия мемлекеттерінің жағдайына әсерін тигізбей қоймайды. Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы субъекттермен қатынастары аймақтық тұрақтылык пен қауіпсіздікке әсер етуші фактордың бірі. Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздік қатерлеріне қарсы және тұрақтылықты теңселтуі мүмкін бағыттардың алдын алу саясаты кейде уақытылы болмай жүр. Бүл жәйт саясаттың тиімділігі жөнінде ой салатыны сөзсіз. Орталық Азияның қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мүм-кіндіктерін қарастырсақ, аймақтың әлсіз функционалды байланысын ескерген жөн. Белгілі бір мүдделердің бір-бірімен уақытша сәйкес келуі шарты ұжымдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру үшін жеткіліксіз. Орталық Азия аймағының мемлекеттері ішінара аймақтық деңгейде тұрақтылық күйін сақтау дәрежесі айтарлыктай жоғары емес. Сондықтан аймақтағы саяси, экономикалық, әскери тұрақгылық сыртқы факторға байланысты екендігі жөнінде қорытынды жасауға болады. Атап айтқанда, Орталық Азияның қауіпсіздігі, тұрақтылығы сыртқы акторлардың аймаққа қатысты мүдделеріне және геосаяси стратегаяларының жүзеге асырылу дәрежесіне тікелей байланысты болып отыр. Демек, аймаққа қатысты қызығушылық білдіріп отырган мүдделі сыртқы акторлардың саяси ұстанымдарын анықтап, талдау қажеттілігі туындап отыр. Енді оларды талдап көрейік.

Орталық Азия елдері - Ресей Федерациясының мүдделсрі шоғырланған аймаққа жатады. Геосаяси, эканомикалық және әскери мүдделер тұрғысьнда ресейлік саясатының басты бағыттары келесідей факторларға негізделеді:

  • Орталық Азияны Рссейдің оңтүстіктегі шекараларының кауіпсіздігін камтамасыз ететін буфер ретінде қарастырады;
  • мұнай факторы және Каспийде ықпалын сактау Рссей үшін маңызды;
  • аймақтағы кақтығыстар пайда болған жағдайда күш ресурсын шоғырлану сәйкесінше шара қолдану аймағы ретінде қарастырылады;
  • аймақтың негізгі көлік байланыс жолдарын бақылауын қамтамасыз етуіндегі сыртқы саяси экономикалық маңызға ие болу;
  • Орталық Азиядағы өзінің геосаяси ықпал етуін сақтап қалу, АКШ, Қытай секілді ойыншылардың әсерін болдырмау;
  • Орталық Азия мемлекеттерінің Ресеймен байланысын, интеграциялық процестердің аясын кеңейту.

Осыған орай 1992 жылдың 15-мамырында Ташкентте Армения, Белорусия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Өзбекстан мемлекеттері қол қойған Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт (ҰҚК) дүниеге келді, ол 1994жылдың 20-сәуірінде ратификацияланып, оның күші кейінгі бес жылға созылды. Сөйтіп тұңғыш рет геосаяси аренаға жаңа негізде - қатысушы мүше елдердің аймағында олардың өз еріктерімен бейбітшілікті сақтауға және қақтығыстарға тосқауыл қоюға бағытталған мемлекеттердің әскери-саяси одағы пайда болды [13; 218] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН - ФРАНЦУЗ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастарын зерттеу
Зерттеудің деректік негізі
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
Қытайдың сыртқы саясатының бағыттары
Қазақстан Республикасында көші-қон қатынастарын реттеудің мемлекеттік-құқықтық негізі
ПӘКІСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ЖАНЖАЛДАР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz