Сапа менеджмент жүйесі


Жоспар
- Сапа менеджмент жүйесі
- Сапа менеджмент жүйесінің міндеті
- Сапа менеджмент жүйесінің құрылымы
- Пайдаланылған әдебиеттер
Сапа менеджмент жүйесі
Ұйымның қызметі табысты болу үшін оны жүйелі түрде және сырттан бақылай отырып басқару керек.
Ұйымды басқаруға менеджменттің басқа аспектілерімен қатар сапа менеджменті де кіреді.
СМЖ - бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады. ЖОО-ның СМЖ-сы - жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және сапаны жақсарту арқылы сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымының, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.
Сапа саласындағы саясат - жүйенің негізгі құжаты. Ол СМЖ-ның қалыптасуын және қызметінің мақсатын, сонымен қатар қойылған мақсаттарға жету бойынша жоғары басшылықтың міндеттерін белгілейді.
СМЖ ЖОО-ның педагогикалық, ғылыми, тәрбие, әкімшілік, шаруашылық секілді қызмет салаларын қамтиды. Көрсетілген салалар өзара байланыста болады және көп жағдайда бір-бірімен қиылысады.
СМЖ-ның қызмет етуі барлық персоналды қатыстыру арқылы жүзеге асады, ал жоғары басшылық (университет ректоры) сапа саласындағы мақсаттарға жету үшін толық жауапкершілікті өзіне алады.
СМЖ-ға әкімшілік тарапынан ықпал ету нақты көрсеткіштер бойынша процестерді басқаруға негізделген. Оның негізгі мақсаты - процесті үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ететін жағдайларды жасау. Сонымен қатар процесс сапасының өзгерістерін бағалау критерийлері негізінде жүзеге асады.
Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу процесі келесі кезеңдерден тұрады:
- СМЖ моделін таңдау;
- университет қызметін таңдалған модель талаптарымен салыстыру;
- университеттің қызметін қажет болған жерде қайта жасау;
- университет қызметі модель талаптарына сай екендігін дәлелдейтін СМЖ құжаттарын әзірлеу және енгізу;
- қызмет процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында СМЖ-ны сертификаттау;
- процестерді үздіксіз жетілдіру негізінде қызметті жақсарту.
Білім беру қызметінің сапасын арттыру міндетін шешу басқарудың кешенді жүйесін жасау қажеттілігімен байланысты. Тек кез-келген процестің нәтижесін бағалауға сүйене отырып жасалған мұндай жүйе түбегейлі негізсіз болып табылады.
Сапаны басқару тиімділігіне процесс ішінде процедураларды басқару жолы арқылы ғана қол жеткізуге болады. Университет жағдайында - маманды даярлаудың барлық кезеңдерінде ұсынылатын ғылыми-білім беру қызметі сапасын басқару арқылы басқару тиімділігіне қол жеткізе аламыз.
Барлық қателер қате әрекет етуден пайда болады. Қатені болдырмау үшін әрекеттің дұрыс ретін анықтап, сипаттап жазу қажет. Дұрыс әрекеттерді орындау және бақылау бойынша нұсқауларды әзірлеу қажет. Белгіленген талаптардан ауытқымай дұрыс орындау үшін қателікті түзеткеннен гөрі, оның алдын алған дұрыс, сондықтан мамандарды даярлау сапасын басқару жұмысында болжамды ауытқулардың алдын алуға ерекше көңіл бөлген жөн.
Бұл арқылы біз ұсынатын қызметтің тұтынушылары деп есептеуге болатын кәсіпорындар, ұйымдар, жеке тұлғалар үшін университеттің жоғары сапалы мамандарды дайындайтын сенімді жеткізуші ретіндегі беделін қамтамасыз етуге болады.
Сапа менеджмент жүйесінің міндеті
СМЖ көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге және осы сапаны тұтынушылардың сұранысына икемдеуге арналған жүйе. Сонымен қатар СМЖ-ның басты мақсаты-әрбір қызметті жеке бақылау емес, қызмет сапасының төмендеуіне себеп болатын қателерді болдырмайтын жүйені жасау.
Қажетті жағдай жасау нәтижесінде СМЖ университет түлектерінің мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына, мүдделі тараптардың ұсынымдары мен ұсыныстарына сай келетіндігіне кепілдік беру керек. СМЖ дұрыс қызмет еткен жағдайда мамандарды даярлауға жұмсалған шығын оңтайлы болуға тиісті.
Барлық мүдделі тараптардың талабын ескеріп, қызметті үнемі жақсарту үшін әзірленген менеджмент жүйесін енгізу және жұмысты жандандыру нәтижесінде табысқа жетуге болады.
Сапа менеджмент жүйесінің құрылымы
СМЖ келесі элементтерден тұрады: ұйым, процестер, құжаттар, ресурстар.
ISO анықтамаларына сәйкес ұйым - жауапкершілігі, өкілеттілігі және өзара қарым-қатынас бөліп таратылған қажетті құралдар мен қызметкерлер тобы.
Процесс - «кірісті» «шығысқа» айналдыратын, қызметтің өзара байланысқан және өзара әрекеттесетін элементтер жиынтығы. Сонымен қатар процестің «кірісі» әдетте басқа процестің «шығысы» болып табылады.
СМЖ-да процедура ұғымының мағынасы маңызды. Процедура - қызмет немесе процесті іске асырудың белгіленген амалы. Сөйтіп, процедура деп, бір жағынан, процесті (немесе процестердің жиынтығы), ал, екінші жағынан, процесті орындаудың дұрыс амалын қалыптастыруын айтады.
Құжат - тиісті тасымалдаушыда орналастырылған ақпарат (маңызды деректер) .
СМЖ-ның ресурстары - сапа менеджментін қамтамасыз ететін ресурс (адами, уақытша, материалдық және т. б. ) .
Ұйымда СМЖ-ны әзірлеу үшін не қажет?
- қызметтің негізгі процестерін сәйкестендіру;
- процестердің өзара әрекеттесуін және ретін белгілеу;
- жұмыс және процестерді бақылау тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті әдістер мен критерийлерді анықтау;
- процестерді бақылау және жұмысты жүргізу үшін қажетті ақпаратпен және ресурстармен қамтамасыз ету;
- процесті бақылау, өлшеу және анализ жасау;
- жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестерді үнемі жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдау.
1. Сапа ұғымының жалпы сипаттамасы және өнім сапасының қажеттілігі.
2. Сапа теориясын тәжірибемен ұштастыру
3. Өнім сапасының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолдары.
Біріншіден: Тауарлар «сапасы» деген ұғымға олардың ассортиментінің әртүрлілігі мен толықтығы енеді. Мұның өзі тұтынушылар сұранымын өтеудің бір кепілі болып табылады. Кейде тауардың сапасы дегенде оның нормативті - техникалық құжаттарында көрсетілген талапқа тауардың сәйкес келуін ұғамыз. Яғни ол тек өндірістік сапа болып табылады. Ол «сапа» ұғымын толық қамти алмайды, бұл тек өнімнің дайындалу сапасын ғана анықтайды. Тауардың сапасы оған тән физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттердің кешені бағаланады. Соған қоса ондай тауарлар әлеуметтік, функционалдық, эргономикалық, эстетикалық, экономикалық және басқа талаптарға сай болуы қажет.
Сұраным мен тұтыну тауардың сапасына байланысты болады. Жоғары сападағы тауар халықтың сұранымын толық қанағаттандырады және жоғары сұранысқа ие болады.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты - баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне.
Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы салада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:
өнімнің әр түрлілігі;
жарнамалау сауаттылығы;
өнім сапасы;
пайдалылығы;
өнімнің дүниежүзілік стандарттарға сай келуі.
Сонымен, өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі.
Екіншіден: Өнім сапасының ұғымы және қажеттілігімен таныса отырып, бұдан әрі қарай тауар сапасын зерттеу тәжірибесімен жалғастырамыз. Осы ғылыми жұмыстың тақырыбына байланысты өнім сапасын зерттеуге алынып отырған тауар түрі - тамақ өнімі. Яғни, күнделікті халық тұтынатын тамақ өнімінің түрі - макарон өнімдері.
Өз өнімдерін сыртқы және ішкі нарықта шығарып, қаламыздағы бөлшек және көтерме сауда орындарында сатып, қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруда.
Үшіншіден:
Жалпы, өнім сапасын жақсарту экономиканы үдемелі дамытуға және қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, жалпы қоғамның және жекелеген тұтынушылардың сұранымын өтеуге мүмкіндік береді. Мұның әлеуметтік зор маңызы бар. Соған қоса сапаны жақсарту арқылы белгілі бір заттың тұрмыста қолданылу мерзімін ұлғайта аламыз. Міне, осы арқылы оларға деген сұраным да сирейді, яғни көп уақытқа қолданылуға жарайтын нәрселерді тұтынушылар еселеп сатып ала бермейді.
Өнім сапасының жақсаруын біз өндіріс тиімділігінің артуы мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайының жақсара түсуі деп білеміз. Еліміздің экономикасындағы басты міндет те осыған, яғни халықтың әл-ауқатын жақсарта түсуге, нарықты сапалы, әрі мол тауарлармен толтыруға бағытталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz