Жұмыс уақыты туралы



Кіріспе
1. Жұмыс уақытының түсінігі
2. Жұмыс ауқытының түрлері.
3. Жұмыс уақытының нормасы.
4. Жұмыс уақытының режимі.
5. Жұмыс уақытының есептеу.
Қорытынды
Кіріспе
Бүгінгі таңдағы нарықтық экономика жағдайында және оған өтпелі кезеңде кәсіпорындардағы еңбекті мөлшерлеу мәселесі яғни, жұмыс уақытын пайдалануды талдау маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Себебі, кез келген кәсіпорынның жұмысының нәтижелілігін анықтайтын экономикалық механизм – еңбекті мөлшерлеу және оның рөлін жоғарылату жұмыс берушілердің кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табысы мен жолданбалы жұмысшылардың жалақасы шығарылған өнімнің өтіміне, оның бағасына және өзіндік құнына байланысты, былайша айтқанда, нарық тауарларының көбеюіне, сұрыпталымының ұлғаюына, тұтынушылардың сұранысына және олардың сапасы мен бағалылығына да байланысты болады. Мұндай нәтижеге жұмыс уақытын дұрыс пайдалану яғни, еңбекті мөлшерлеу механизмдерін дұрыс басқару, ұйымдастыру және оны дұрыс қолдану арқылы жетуге болады.
Сонымен, жұмыс уақытын дұрыс пайдаланудың басты міндеті мен мақсаты - өнімнің өлшем бірлігінің нақты жұмысты орындауға кететін уақыт шығынын нормативті негіздеу болып табылады. Негізінен, жұмыс уақытын пайдалануды талдау бұл – жабдықтау жүйесін және еңбек жөніндегі шараларды орнықтыру әдістерін зерделейтін экономикалық, интенсивтік, әлеуметтік ғылым саласы болып есептелінеді. Нарық жағдайында еңбекті мөлшерлеу дегеніміз кәсіпорынның бөлімдері мен бөлімшелеріндегі қызметкерлер мен жұмысшыларды ағымдағы міндеттерін ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ болашақ стратегиялық міндеттерді де қарастырады. Еңбек шығындарын жалпы саналық деңгейде бағалуды, техникалық және ұйымдастырушылық шаралар қолдану арқасында еңбек шығындарының төмендеу мүмкіндігін экономикалық тексеруді, қанағаттандырылмайтын қажеттіліктерді анықтау және тағы басқада мәселелерді шешеді. Сондықтан біз мұнда жұмыс уақытын және оны ұйымдастыруды, жұмыс уақытын пайдалануды, құрал-жабдықтардың жұмыс уақытын сыныптауды, сондай-ақ жұмыс уақытын пайдалануды зерделеудің түрлі әдістерін қарастырамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Еңбекті мөлшерлеу Б.Қ.Сәнімбаев Д.Т.Досконаев
2. Қазақстан Республикасының Ата Заңы, 30 тамыз 1995 ж.
3. Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы”
Заңы, 23 қаңтар 2001 ж.
4. Қазақстан-2030 Назарбаев Н.Ә.
5. Кәсіпорын экономикасы А.Қ.Мейірбеков Қ.Ә.Әлімбеков
6. Менеджмент негіздері Р.С.Каренов
7. Экономика труда Н.А.Волгина Ю.Г.Одегова
8. Рынок труда В.С.Буланова Н.А.Волгина
9. Основы предпринимательского труда Ю.М.Оспова.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Бүгінгі таңдағы нарықтық экономика жағдайында және оған өтпелі кезеңде кәсіпорындардағы еңбекті мөлшерлеу мәселесі яғни, жұмыс уақытын пайдалануды талдау маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Себебі, кез келген кәсіпорынның жұмысының нәтижелілігін анықтайтын экономикалық механизм –еңбекті мөлшерлеу және оның рөлін жоғарылату жұмыс берушілердің кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табысы мен жолданбалы жұмысшылардың жалақасы шығарылған өнімнің өтіміне, оның бағасына және өзіндік құнына байланысты, былайша айтқанда, нарық тауарларының көбеюіне, сұрыпталымының ұлғаюына, тұтынушылардың сұранысына және олардың сапасы мен бағалылығына да байланысты болады. Мұндай нәтижеге жұмыс уақытын дұрыс пайдалану яғни, еңбекті мөлшерлеу механизмдерін дұрыс басқару, ұйымдастыру және оны дұрыс қолдану арқылы жетуге болады.
Сонымен, жұмыс уақытын дұрыс пайдаланудың басты міндеті мен мақсаты - өнімнің өлшем бірлігінің нақты жұмысты орындауға кететін уақыт шығынын нормативті негіздеу болып табылады. Негізінен, жұмыс уақытын пайдалануды талдау бұл –жабдықтау жүйесін және еңбек жөніндегі шараларды орнықтыру әдістерін зерделейтін экономикалық, интенсивтік, әлеуметтік ғылым саласы болып есептелінеді. Нарық жағдайында еңбекті мөлшерлеу дегеніміз кәсіпорынның бөлімдері мен бөлімшелеріндегі қызметкерлер мен жұмысшыларды ағымдағы міндеттерін ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ болашақ стратегиялық міндеттерді де қарастырады. Еңбек шығындарын жалпы саналық деңгейде бағалуды, техникалық және ұйымдастырушылық шаралар қолдану арқасында еңбек шығындарының төмендеу мүмкіндігін экономикалық тексеруді, қанағаттандырылмайтын қажеттіліктерді анықтау және тағы басқада мәселелерді шешеді. Сондықтан біз мұнда жұмыс уақытын және оны ұйымдастыруды, жұмыс уақытын пайдалануды, құрал-жабдықтардың жұмыс уақытын сыныптауды, сондай-ақ жұмыс уақытын пайдалануды зерделеудің түрлі әдістерін қарастырамыз.
1. Жұмыс уақытының түсінігі

Еңбек процестерін зерделеу еңбекті ұйымдастыруға және оның мөлшерленуіне зор әсерін тигізеді де әр кәсіпорынның экономикасын жақсартуда маңызды орын алады. Әр түрлі операциялардың элементтерінің технологиялық, еңбек, өндірістік процестердің жұмыс уақытының шығынын зерттеп талдауға болады. Оның бәрі алға қойылған мақсатқа, еңбекті ұйымдастыру нысандарына, өндіріске байланысты. Осы жағдайларды ескере отырып жұмыс уақытын зерделеудің дұрыс әдісін таңдап алу қажет.
Жұмыс уақыты және жабдықтарды қолдану уақыты тікелей өлшеу әдісі мен мезгілді бақылау әдістерін қолдана отырып зерделенеді.
Жұмыс уақытының шығынына бақылау жүргізу мақсатына, мазмұнына, көлеміне байланысты келесі әдістерге бөлінеді: жұмыс уақытының суреттемесі, хронометраж, фотохронометраж.
Суреттеме деп жұмысшының немесе жабдықтардың жұмыс уақытының шығынын ауысым бойынша не оның бір бөлігін зерделеуді айтады. Оның түрлері: жұмысшының жұмыс уақытының суреттемесі, жабдықтарды қолданудың суреттемесі, өндіріс процесінің суреттемесі.
Жұмыс уақытының суреттемесі тікелей өлшеу (жаппай, іріктеме) және мезеттік қадағалау әдісін қолдану арқылы жүргізеді. Уақыт шығындарын цифр, индекс немесе кесте, кейде құрамдастырылған түрде жазуға болады.
Суреттеменің мақсаты жұмыс уақытының шығындары мен ысырабын анықтау, олардың себептерін белгілеу және оларды болдырмау шараларын өңдеу. Сонымен қатар суреттемеден алынған мәліметтер дайындау-қорытындылау, жұмыс орнын күту, демалыс, жеке мүдде үшін уақыттардың нормативтерін анықтауға әсерін тигізеді.
Жұмыс уақытының суреттемесі қадағалаудың көлеміне қарай және еңбекті ұйымдастыру нысанына байланысты жеке, топтасқан және бриғадалық болады. Суреттеменің жеке түрі өзіндік суреттеме, оның өзі жеке және топтық болып бөлінеді.
Зерттеудің мақсатына сәйкес бақылауға дайындақ кезеңінде қадағалаудың объектісі таңдап алынады. Егер жұмыс уақытын зерделеудің мақсаты оның ысыраптығы туралы болатын болса, онда уақыт ысырабы әжептеуір орын алатын жұмысшылардың немесе бриғаданың жұмысын қадағалау қажет. Бұл жағдайда суреттемелеу жұмыс күнін түгел қамтиды. Егер уақыт нормативтерін өңдеу қажетті болса, онда еңбек жақсы ұйымдастырылған, уақыт ысырабы аз болатын, еңбек мөлшерлерін орындайтын жұмысшылардың жұмысын суреттемелеуге болады. Егер көмекші жұмысшылардың күту мөлшерін, сандық мөлшерін анықтау қажет болса, онда сол жұмысшылардың (жөндеушілер, құралды әкелушілер және т.б.) жұмысын қадағалау керек.
Суреттеме жұмыс басталу кезеңінен жүргізіледі, сол себептен бақылаушы жұмыс басталудан бұрын 10-15 минут ерте келуі қажет. Уақыт шығыны 30 сек. дәлдікпен өлпіенеді. Мысал ретінде жұмыс күнінің жеке суреттемесін 2-кестеде келтіреміз.
Жұмыстың әрбір элементтері мен үзілістері уақыт шығынының санаттары бойынша жеке-жеке жазылады. Бақылаудың нәтижесінде алынған уақыт шығындары туралы мәліметтерді өңдеу, олардың ұзақтығын жекелеп есептеуден басталады. Ол үшін ағымдағы уақыт көрсеткішгерінен бұрынғы жұмыс элементінің көрсеткішін алып тастайды.
Бақылаудан алынған мәіметтерді талдаған кезде барлық жұмыс уақытының шығындарының қажеттілігін және оңтайлылығын ескеру қажет.

Жұмыс күнінің суреттемесінің бақылау парағы


Орындалған жұмыс
түрлері және операция
элементтері
Ағымдағы уақыт
Жұмыс элементінің ұзақтығы, мин.
Индекс

сағ.
мин.

Бақылаудың басталуы

1
Жұмыс орнына келуі

ЕТҮ
2
Құралдарды іріктеу

ЖОК
3
Көршісімен сойлесу

ЕТҮ
4
Станокты майлау

ЖОК
5
Мастердсн таисырма алу

дқ
6
Саймандар мен дайындамалар алу

дқ

Станокты реттеу

Ж
8
Оперативті жұмыс

п
72
оп
9
Құралдарға кетті

ӨТҮ 1
10
Құралдарды ауыстыру

жок
11
Электр энергиясының болмауы

ӨТҮ
12
Оперативті жұмыс

он
дқ
13
Шығарылған өнімдерді санау

14
Қалдықтарды сыпыру

жок
15
Жеке мүддесіне байланысты кету

джм

Үзіліс 10 сағ. 30 мин.-нан
сағ.30 мин.-ға дейін

16
Түскі тамақтан келуі

-

17
Оперативті жұмыс

Oil
18
Электро жөндеушіге кетті

ОТҮ
19
Электр өткізбесін жөндеу

ӨТҮ
20
Оперативті жұмыс

on
21
Жеке мүддесіне байланысты кету

джм
22
Оперативті жұмыс

Oil
23
Мастермен сөйлесу

дқ
24
Оперативті жұмыс

оп
25
Жұмыс орнын жинау

жок
26
Өнімдерді ТББ қызметкеріне тапсыру

дқ
27
Ауысымды тапсырып кетті

жок
28
Ауысымның аяқталуы

ЕТҮ

Барлық алынған мәліметтер бойынша жұмыс уақытының нақтылы және нормативті балансын құрастырады. Баланста берілген мәліметтерді талдау негізінде жұмыс уақытының пайдалану бағыттарын анықтауға болады. Ол үшін алдымен жұмыс уақытын пайдалану көрсеткішін есептейді.

Индекс
Жұмыс түрлері мен уақыт шығыны
Ауысым бойынша қайталануы
Ауысым бойынша ұзақтығы, мин.
1

дқ
Мастерден тапсырма алу
Саймандар мен дайындамалар алу Станокты реттеу
Шығарылған өнімдерді санау
Өнімдерді ТББ қызметкеріне тапсыру Мастермен сөйлесу
Барлығы:

ОП
Оперативті жұмыс

ӨТҮ
Құралдарға кетті
Электр энергиясының болмауы
Электр жөндеушіге кетті
Электр өткізбесін жөндеу
Барлығы:

ЕТҮ
Жұмысқа кешігу
Жұмыстан тыс сөйлесу
Жұмыстан ерте кету
Барлығы:

Жеке мүддеге байланысты кету

Жиынтығы:

Сонда, біздің жағдайда өндірістік процестің тәртібінің бұзылуына байланысты үзілістер 9,2% (44:480x100), ал еңбек тәртібінің бұзылуына байланысты үзілістер 3,1% (15:480 х 100) тең болады. Барлық алынған мәліметтер үлесі 100% (87+9,2+3,1) болуы қажет. Көрсеткіштерді анықтағаннан кейін, олардың себептерін ашуға болады және үзілістерді болдырмау шараларын әзірлейді. Нақтылы баланс арқылы нормативтік баланс құралады, соның нәтижесінде оперативті уақыттың үлесі көбейеді, оның өзі еңбек өнімділігін жоғарылатады.
Еңбек өнімділігінің мүмкіндікті жоғарылауы уақыттың ысырабын болдырмау немесе төмендетудің әсеріне байланысты. Еңбек өнімділігінің мүмкіндікті жоғарылауы төмендегі формулалармен есептеледі:
а) ұйымдастыру-техникалық себептерге байланысты уақыт ысырабын жою.
Бұл есептеу жұмыс уақытының шығынын төмендету арқасында оперативті уақытты көбейту үшін қолданылады.
Егер суреттемені жүргізу барысында алынған мәліметтер дайындау-қорытындылау, жұмыс орнын күту және демалыс жеке мүдде сияқты әрекеттерге уақыт шығындары нормативтік берілгендерден аз болса, онда еңбек өнімділігінің мүмкіндікті жоғарылауын былай ессптеуге болады:
Суреттемеден алынған мәліметтерге талдау жүргізгеннен кейін жұмыс уақытының ысырабын жою шаралары әзірленеді.
Жұмыс уақытының топтық суреттемесі бір жұмысты жұмысшылар тобы немесе бриғада орындағанда жүргізіледі. Егер топ үш-бес адамнан аспаса, уақытты тікелей өлшеу әдісімен жүргізеді. Жүргізу тәртібі жоғарыда келтірілген жеке суреттеме сияқты, бірақ уақыт шығынын жазу және ақпар әр жұмысшыға жеке-жеке жүргізіледі. Уақыт шығыны 2-3 мин. аралығында, егер бриғада бес адамнан көп болса, онда 5 мин. аралығында жазылады.
Бақылау жүргізіліп болған соң әр жұмысшының уақыт шығыны жеке есептеледі де аттас шығындар ақпары топталады. Мысалы, 30 минут ішінде жүргізілген бақылау бойынша бірінші жұмысшының дайындау-қорытындылау уақыты 9 мин. (3x3); жұмыс уақыты -15 мин. (3x5); жұмыс орнын күту уақыты 6 мин. (3x2); т.б.
Топтық суреттеменің кемшілігі барлық жұмысшылардың жұмысты бастау және аяқтау кезеңін бір уақытта жазу қиынға соғады. Бұл кемшіліктерді болдырмау үшін мезеттік қадағалау (бақылау) әдісін қолдануға болады.

2. Жұмыс ауқытының түрлері.

Жұмыс уақыты дегеніміз нақтылы жүктелген жұмысты атқаратын, жұмыс істелінетін мезгіл. Оның нақтылы және заңды түрі бар. Мәселең, ежелгі шаруа адамдары таңның атысы мен күннің батысы жұмыс басында болып, еңбек етумен болады. Ал, малшылар, шопандар тәулік бойы, күні-түні, жыл бойы, қысы-жазы мал бағып күтумен болады. Ал, заң бойынша оларға 8-сағаттық жұмыс уақыты есептеледі. Артық істелген жұмыс уақыттары есепке алынбайды.
Біздің елде еңбек заңдары бойынша дүние жүзінде ең аз жұмыс уақыты қолданылады деп мақтан етеміз. Мәселе жұмыс уақытының аз-көптігінде емес, оның өтімді, тиімді пайдалануында. Жұмыс басында болғанмен тиімді, өндірімді еңбек етілмесе, одан не пайда? Америка, Жапония сияқты алдыңғы қатарлы мемлекеттерде 8-10 сағаттық жұмыс күні қолданады деп жарияланса да, ол уақыт өте тығыз және өндірімді пайдаланады. Онда мезгілсіз орынсыз үзіліс жасау, шылым тарту дегендей тағы басқа қыдырымпаздыққа жол берілмейді. Жұмыс уақытының дұрыс, тиімді пайдалануына жұмысшының өзі ынталы: оның жалақысы мол және сапалы өнім өндіруге байланысты жоғары, мол төленеді.
Біздің елде 1967 жылдан бері 5 күндік жұмыс аптасы, екі күндік демалысымен, аптасына 41 сағаттық жұмыс уақыты енгізілген. Екі күн қатарынан (сембі, жексекбі күндері) жұмыс істемеу деген кейбіреулер үшін жұмыссыз, қолдың бостығынан теріс қылық, маскүнемдік жасауға, мәдениетті, мәнді демалудың орнына, өндірістің ұзақ уақыт бос тұрып қалуына әкеп соғып отыр. Бұрыңғы алты жұмыс күндік 7-8 сағаттық жұмыс аптасын қайта енгізген жөн болар деп ессптейміз. "Жұмыссыз адамды аздырар-, еңбек еткен емеді" дегендей өндірімді, тиімді еңбекке көшкен жөн деп санаймыз. Өмірдің өзі осыны талап етеді. Жұмыс уақытын, жұмыс күндерін жөнсіз қысқарту деген орынсыз ұранды қою керек. Тек ерінбей еңбек ету арқылы қиын жағдайдан шығатынымызды ұмытпайық, қалайық.
Жұмыс уақыты, демалыс уақыты Заң бойынша өз алдына жеке дербес тараулар. Олар еңбек туралы заңдар кодексінде —біріншісі ІV тарауда, екіншісі V тарауда реттелген. Сондықтан бұл мәселелерді ғылыми, оқулық тұрғыдан алғанда өз алдына жеке қарау керек. Жұмыс уақыты да, демалыс уақыты да жеке праволық институт қатарында қаралута тиіс. "Жұмыс уақыты" туралы тақырыпта әр заманда құрастырылған күнтізбелерді (календарды) пайдалану керек.
Ежелгі Вавилонда біздің дәуірден 3 мың жыл бұрын жұлдыздарға қарап бірінші әлем күнтізбегі жасалған екен. Біздің дәуірден 1100 ж. бұрын Ханмураби реформаларымен бірге ай-күн тізбегі (лунно-солнечный календарь) құрылған.
Кейінірек Иранда парсылық күнтізбек жасалған, онда күн мен түннің теңелген күні-наурыз (жаңа күн) деп аталған.
1019 ж, Беруни бастаған, Омар-Хайам аяқтап жаңа күнтізбек (ай қозғалысына қарап) ай-хижрасын (күн хижрасын) құрастырған. Қазіргі айлардың аты (Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Көкек-сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазаң, қараша, желтоқсан) және күн аттары (дүйсембі, сейсембі, сәрсембі, бейсембі, жұма, сембі, жексембі) қабылданған.
Батыстықтардың жадынан шығып қалған Шығыстан-шуақ деген өсиет-нама жарыққа шығып, іске асып келеді. Қазақстан республикасы жерінде жаңа жыл наурыздың 20 жұлдызында 14 сағат 48 минутте алматы уақыты бойынша басталады. Осы қасқағымды естен шығармаңыз: осы кезде Сіздің ойланған, арман еткен игі жақсы ниетіңіз бен мақсатыныздың орындалуы ықтимал.
"Уақыт", оның ішінде "жұмыс уақыты" дегеніміз философиялық, экономикалық және праволық категориялар.
Философиялық мағынада уақыт дегеніміз обьективтік, тәуелсіз дүние, өмірді мәңгілік қозғатушы күш. Осы мағынадан алғанда уақыт әлем кеңістігі сияқты материяның негізгі формалары боп саналады. Ф.Энгельс айтқандай әлем кеңістігі мен уақыт —өмірдің, тұрмыстың негізгі формалары және олар өзара байланысты". Уақытсыз өмірді түсінуге болмайды, кеңістіксіз тұрмыс та осындай байланыста. Сондай-ақ қеңістік пен уақыт та материясыз, материаддық процессіз өмір сүре алмайды. В.И.Ленин айтқандй "материя кеңістіксіз, және уақытсыз жилжи да өмір де сүре алмайды"
Жұмыс уақыты зкономикалық мағынадан алып қарасаң, ол өнімнің, товардың құнының баламасы. Құрам жағынан алып қарағанда ол екі бөліктен: қажетті және қосымша жұмыс уақытынан тұрады. Оның біріншісі қажетті өнім жасайды, екіншісі қосымша өнім, қосымша құн жасайды. Біріншісі, яғни қажегті жұмыс уақыты есебінен жұмыс күнінің құны, яғни жұмысшының алатын жалақысы өтеледі. Екіншісінен түсетін қосымша құн есебінен капиталист қалтасына түсетін қосымша пайда болады.
Жұмыс уақыты қазіргі біздің дәүірде өзінің бағытын өзгертіп біріккен қоғамдық өнімнің негізі (көзі) болып саналады, Оның бір бөлегі —қажетті жұмыс уақыты есебінен бұрыңғыша жұмысшы және оның семья мұқтажын өтейтін жалақы өтеледі, ал екінші, қосымша уақыт есебінен қосымша өнім —пайда түседі. Мұның есебінен кқоғам мұқтажына жұмсалатын қоғамдық тұтыну қорлары жасалады. Демек, жұмысшының өтелінбеген еңбек ақы есебінен бұл қоғамның материалдық байлық жасауға қатыспайтын бөлегі күнін көреді. К.Маркс кезінде оларды "арамтамақтар" деп атаған.
Сонымен қатар К.Маркстің жұмыс уақытын "еңбектің тірі өмірі" деп атағаның ұмытпайық. Бұл деген былайша айтқанда еңбек арқылы адам өмірінің жандандыруын, пайдаға асырылуын көздеп отырған жоқ па? "Еңбектің саны оның ұзақтығымен, яғни жұмыс уақытымен өлшенеді. Былайша айтқанда, жұмыс уақыты еңбектің сан жағының жалпы өлшеміші.
Атқарылатын жұмыс, оның түрі саны мен сапасы арқылы белгіленетін болады. Оның сандық сипаты өнім өндіру, құн жасау жолындағы жұмсалған жұмыс уақытының ұзақтығы, мөлшері. Ал оның сапалық жағы өнім өндірудің тәсілі, сыры; ол жұмысшының қолданған мамандығы, квалификациясы мен шеберлігіне байланысты. Жұмыс сан жағынан күн, сағат, минуттармен өлшенеді, сапа жағынан ой еңбегі, қол еңбегі, жай-қарапайым, құрамды, оңай, қиын болып бөлінеді.
Уақыт —жұмыс уақыты, бос уақыт боп бөлінеді. Бос уақыт деп жұмыс уақытынан тыс уақыттарды айтамыз. Оны жұмыскер өз қалауы бойынша пайдалануға ерікті.
Жұмыс уақыты праволық мағынада заңда не оның негізінде сағат, минут есебімен көрсетілген уақыт. Бұл кезде жұмысшы, қызметші өз мекемесінде, кәсіпорнында, бірлестігінде ішкі еңбек тәртібіне лайық міндеттелген жұмысты, еңбек функциясын, яғни мамандығы, квалификациясы не қызметі бойынша атқаруға тиіс.
Осы мағынада жұмыс уақыты әрі еңбектік право қатынасы әрі еңбек правосының дербес бір институты боп саналады. Неге десеңіз мұнда жұмысшылар мен қызметшілердің еңбектік режимі, яғни олардың еңбек ету, жұмыс істеу туралы праволық нормалар жүйесі туралы сөз болып отыр.

3. Жұмыс уақытының нормасы.

Жұмыс уақытының ұзақтығы нормалануға тиіс. Оны мемлекеттің өзі кәсіподақ ұйындарының қатысуымен жасайды және ол норма еңбек правокатынастарының субъектілері үшін міндетті боп саналады және оны мемлекттің өзінен басқа ешкім біржақтама немесе келісім бойынша да өзгерте алмайды.
Жұмыс уақытын нормалау арқылы екібірдей мәселе шешіліп отыр: біріншіден, қоғамға қажетті еңбек шенбері (нормасы) белгіленеді; екіншіден, адамдардың конституциялық демалу правосы іске асырылады.
Заң бойынша жұмыс уақытының үш түрі бар: 1) қалыпты; 2) қысқартылған; 3) толық емес.
Жұмыс уақытының бір қалыпты ұзақтығы аптасына 41 сағат көлемінде белгіленген. Алайда, одан аспауға тиіс. Сонымен қатар елдің экономикалық және басқа қажетті жағдайлардың жақсаруына қарай неғұрлым қысқартылған жұмыс аптасына көшу жүзеге асырылып отырады. Мәселең, Ресейде 1991 жылдан аптасына 40 сағаттық жұмыс уақыты енгізілген.
Қысқартылған жұмыс уақыты мына кісілерге төмендегі мөлшерде белгіленген. 16 жастан 18 жасқа дейінгі жұмысшылар мен қызметшілер үшін аптасына 36 сағат; 15 жастан 16 жасқа дейінгі адамдар үшін —сағат; еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда істейтін адамдар үшін жұмыс уақыты аптасына 36 сағаттан аспау керек. Зиянды жұмыстар арнайы тізбеде көрсетілген. 1991 ж қабылданған заң бойынша 14-15 жастағы мектеп оқушылары үшін олардың каникул кезінде істейтін жұмыс жағдайына байланысты қысқартылған жұмыс күндері белгіленген.
Жұмысшылар мек қызметшілер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленген. Мұнда күн сайынғы жұмыс ұзақтығы әр мекеменің ішеі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді немесе жұмыстың ерекшелігін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбектік құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері және мазмұны
ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері
Жұмыс уақыты ұғымы
Жұмыс уақыты ұғымы, онын түрлері
Жұмыс уақытының түрлері
Жұмыс және демалыс уақыты
Азаматтардың жеке категорияларына жұмыс уақытының жалғасуын тоқтату
Жұмыс уақытының нормасы
Өндірістік кәсіпорындағы жұмыс уақытын пайдалануды талдау
Пәндер