Қазақстанның мемлекеттік бюджеті: құрылу проблемалары және пайдаланылуы



Қазақстанның Мемлекеттік Бюджеті: құрылу проблемалары және пайдаланылуы
2. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы
2.1. Бюджет балансы
2.2. Бюджетті құрудың проблемалары
Бюджет деп - мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруға арналған және тиісті заңдарға сәйкес белгіленген салықтар мен өзге де кіріс көздерінің және түсімдерінің есебінен құрылатын орталықтандырылған қаржы базасын айтады. Қысқаша айтқанда, мемлекеттік бюджет деп - қаржылау жоспары бойынша құрылған және мемлекет тарапынан жұмсауға, пайдалануға арналған ақша қоры.
Қоғамымызда мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджет болып бөлінеді. Жергілікті бюджет - облыстық, қалалық әкімшіліктен тұрады. Ал республикалық бюджет мемлекеттік салықтар есебінен қалыптастырылады. Республикалық бюджетке ҚР Үкіметінің, парламенттің актілерінен жүктелген міндеттерді атқаруға бөлінген және жалпы бағдарды қамтамасыз ету үшін арнайы орталықтандырылған түрде ақша қорының бөлінуі жатады. Бұл жалпы ішкі өнімнің өзгеруіне байланысты өзгеретіндігі, яғни мемлекетіміз бойынша жалпы ішкі өнім өскен сайын мемлекеттік бюджеттің де артатындығы.
Қазіргі кезде мемлекеттік бюджеттің керектігін мынадан көруге болады: өнім өндіру үшін орталықтандырылған ресурстардың құрылуы тиіс және сол арқылы экономика салалары тоқтаусыз жұмыс істеу керектігі, сол арқылы халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік мәдени жұмыстарды жүргізу, қорғанысты күшейту, білім саласын көтеру, халықтың денсаулығын сақтау, мәдениет пен өнерді дамыту, ақпарат көздері мен оның сапалылығын арттыру.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның Мемлекеттік Бюджеті: құрылу проблемалары және пайдаланылуы

Бюджет деп - мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруға арналған және
тиісті заңдарға сәйкес белгіленген салықтар мен өзге де кіріс көздерінің
және түсімдерінің есебінен құрылатын орталықтандырылған қаржы базасын
айтады. Қысқаша айтқанда, мемлекеттік бюджет деп - қаржылау жоспары бойынша
құрылған және мемлекет тарапынан жұмсауға, пайдалануға арналған ақша қоры.
Қоғамымызда мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджет
болып бөлінеді. Жергілікті бюджет - облыстық, қалалық әкімшіліктен тұрады.
Ал республикалық бюджет мемлекеттік салықтар есебінен қалыптастырылады.
Республикалық бюджетке ҚР Үкіметінің, парламенттің актілерінен жүктелген
міндеттерді атқаруға бөлінген және жалпы бағдарды қамтамасыз ету үшін
арнайы орталықтандырылған түрде ақша қорының бөлінуі жатады. Бұл жалпы ішкі
өнімнің өзгеруіне байланысты өзгеретіндігі, яғни мемлекетіміз бойынша жалпы
ішкі өнім өскен сайын мемлекеттік бюджеттің де артатындығы.
Қазіргі кезде мемлекеттік бюджеттің керектігін мынадан көруге болады:
өнім өндіру үшін орталықтандырылған ресурстардың құрылуы тиіс және сол
арқылы экономика салалары тоқтаусыз жұмыс істеу керектігі, сол арқылы
халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік мәдени жұмыстарды жүргізу, қорғанысты
күшейту, білім саласын көтеру, халықтың денсаулығын сақтау, мәдениет пен
өнерді дамыту, ақпарат көздері мен оның сапалылығын арттыру.

2. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы

Бюджет қаржысы жеке және қоғамдық қорлар қозғалысын қамтамасыз ету
үшін пайдаланылады. Кәсіпорындардағы күрделі жұмсалымдар мен айналым
қаржысын бюджеттен қаржыландыру, операциялық және басқа шығындарын жабу
бюджетке жеке кәсіпорындардың өзіндік айналым қорларына қосылып, оның
іркіліссіз бірқалыпты жүруіне мемлекеттік көмек береді. Өндірістен тыс
саладағы бюджет қаржысы олардың қызметінің одан әрі дамуының басты көзі.
Бұл салалардағы мекемелер мен ұйымдардың басым көпшілігі өздерінің табыс
көздері жоқ болғандықтан, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Білім
беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру,
ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттің шығындары жалпы
мемлекеттік ауқымындағы әлеуметтік мәдени шараларды жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін қаржы базасы.
Жергілікті бюджеттер түсімдер мен бюджет тапшылығын (профицитін
пайдалану) қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен және ҚР
Президентінің, ҚР Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру
үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімімен
бекітілген әкімшілік - аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды
немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін ҚР заңдар жобаларының ережелері
Қазақстан Республикасы үкіметінің оң қорытындысы болған жағдайда ғана
енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының үкіметінің қорытындысы
Республикалық бюджет комиссия санының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.
Республикалық бюджеттік бағдарлама - тиісті қаржы жылына арналған
Республикалық бюджеттің құрамында Қазақстан Республикасының Парламенті
бекітетін мемлекеттік басқару міндеттерін орындауға, Республикалық деңгейде
мемлекеттік саясатты іске асыру және Республикалық деңгейде мемлекеттік
саясатты іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарлама қаржы жылының
басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары - есепті кезеңде инвестициялық
жобаларды қаржыландыруға қажетті соманы шегере отырып ағымдағы қаржы
жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өткен қаржы жылында бюджетке түскен
ақшаны пайдаланудың салдарынан пайда болған өткен қаржы жылының
қортындылары бойынша бюджеттер қаражатының қалдықтары қаржыландырудың
жиынтық жоспары бюджет бөліктерінің кезеңдер бойынша теңдестірілген
қаржылық жоспары.

2.1. Бюджет балансы

Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни
баланстаған дұрыс. Баланс - бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі
мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне
жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін
түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізінде бөлінетін
кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артықшылығын- профицитті құрайды.
Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың
(республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін.
Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттің тапшылығын тудырады.
Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай күйін
(инфляцияны) сипаттайды.
Экономикалық теорияда бюджет тапшылығын шешетін бірнеше тәсілдер бар:
1. Бюджет жыл сайын баланста болуы тиіс. Мұндай саясат антициклдық
ағымды мәселені шешуге мемлекеттің қолын байлайды. Мәселен, экономикада
жұмыссыздық ұзақ жүруде, демек халықтың табысы төмендеп, бюджетке салық
көтереді немесе мемлекеттік шығысты қысқартады.
Осы екі шараның байланысы қолданылады. Бірақ бұл шаралардың салдары
жинақталған сұранысты қысқартады. Бюджеттің жыл сайын баланста болуы
антициклді емес, ол циклді шығаруда.
2. Бюджет баланста жыл сайын емес, ол экономикалық циклдің жүрісінде
болуы тиіс. Бюджет баланста 1 жылда ғана емес ол цикл кезеңінде болады.
3. Мемлекеттік қаржының мақсаты бюджетті емес, экономиканы баланста
ұстау. Бюджет тапшылығының өсуі мемлекеттік қарыздың өсуіне әкеледі.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары

Мемлекеттік бюджет кірістерінің көздері әдетте, салықтар немесе
төлемдер болып табылады. Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезінде
республикалық бюджеттің кірісі мыналардың есебінен қалыптасып отыр:
• қосылған құнға салынатын салық
• акциздер
• меншік формасына қарамастан кәсіпорындардың бірлестіктер мен
ұйымдардың, салық ішінде шетелдік және біріккен кәсіпорындардың
пайдалануына салынатын салық
• жер салығы
• тіркелген төлемдер
• құнды қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық
• Қ.Р. 1992 ж. мемлекеттік ішкі ұтыс заемный, қазыналық фондтарын
өткізуден түскен табыстар
• Қысқа мерзімді қазыналық вексельдерді аукционда сатудан алынатын
табыстар
• мемлекеттік мүлікті өткізуден түскен түсімдер
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы
Муниципалды басқару түсінігі
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні. Бюджеттің функциялары
Инвестициялық саясатты қаржыландыру көздері
Бюджет тапшылығы
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы
Аймақтық даму проблемасы
Мемлкееттік бюджет
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін жақсарту үшін бюджет процесін жетілдіру
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік басқару есебінің жүргізілуі, олардың проблемалары мен жетілдіру жолдары
Пәндер