Иммун жүйесі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе. Иммун жүйесі туралы түсінік.

Негізгі бөлім:

  1. Екіншілік иммун жетіспеушіліктің жіктелуі. Клиникасындағы негізгі синдромдар.
  2. Екіншілік иммун жетіспеушілік пайда болуына әсер ететін факторлар.
  3. Екіншілік иммун жетіспеушілік пайда болуына стресс әсері.

Қорытынды.

Иммун жетіспеушілік деп туа немесе жүре пайда болған иммунды жауаптың бұзылысын және түрлі инфекцияларға, ісікті ауруларға ағзанық қарсы тұру қабілеттілігінің төмендеуін айтамыз.

Екіншілік иммун жетіспеушілік ағзаға түрлі сыртқы орта факторларының әсерінен иммунитеттің төмендеуі. Екіншілік иммун жетіспеушіліктер жедел және созылмалы болады.

Жедел екіншілік иммун жетісепушілік инфекциялық ауру, ауыр травма, стресс әсерінен болады. Ал созылмалы созылмалы қабыну аурулары, аутоиммунды ауру, ісікті аурулар, зат алмасу бұзылыстары (қант диабеті) және тағы басқа әсерінен болады.

Иммунды жетіспеушілік келесі факторларға байланысты болады:

  • Вирусты инфекциялар (грипп, эпидемиялық паратит, желшешек, жедел және созылмалы гепатиттер, ЖИТС, т. б. ) ;
  • Бактериалды инфекция (стафилококк, стрептококк, менингококк, туберкулез т. б. ) ;
  • Құртты және протозойлы аурулар (лейшманиоз, малярия, трихинеллез, т. б. ) ;
  • Қатерлі ісіктер;
  • Созылмалы инфекциялық және инфекциялық емес аурулар;
  • Зат алмасу бұзылыстыры;
  • Иммунодепресивті әсері бар препараттардың, (цитостатиктер, стероидті гармондар, антибиотиктер, нитрофурандар және т. б. ) ;
  • Иондаушы сәуле және иммунотоксиндердің әсері (соның ішінде ксенобиотиктер) ;
  • Ұзақ стресс әсері және қажу;
  • Эндокринді бұзылыстар;
  • Травма, операция, күйік және т. б. ;
  • Жас (балаларда иммун жүйесі жетілмеген, қарт адамдарда клеткалық иммунды реакцияның әлсіреуі, антиденелер белсенділігі төмендеу және т. б. ) .

Жоғарыда аталған факторлардың жалпы сипаты ол ағзаның барлық жүйелеріне, соның ішінде иммун жүйесіне теріс әсер етеді.

Е. С Белозеровтың ЕИЖ-дің жіктелуі.

Пайда болу уақытына байланысты: антенаталды, перенаталды,

постнаталды.

Этиология бойынша: бактериалды, инфекциялы, вирусты, қарапайымдармен кұрт инвазиялар, тамаҚтанудың бұзылыстары, хирургиялық операциялармен анестезиялар, белокты жоғалтуы, зат алмасу аурулары, катерлі ісіктер, күйіктер, стресстер, жас шамасы, иопизирлеуші радиация, дәрілік заттарды қабылдау (антибиотиктер, кортикостероидтар, цитостатиктер) .

Формасы бойынша:

А) ЕИЖ-тің комиеисациялпнған формасы инфекцияларға жоғары кабылдағыштыкпен байқалады. жиі ОРВИ, . пневмониялар, пиодермиялар түрінде. Бала шақтагы инфекцияларға да жоғары сезімталдык байқалады.

Б) ЕИЖ-тің субкомпенсацияланған формасы инфекциялық процестердің созылмалауына бейімділікпен байқалады.

В) ЕИЖ-тің декомпенсацияланған формасы шартгы-патогенді флорамен индуцирленген генерализацияланган инфекциялардың пайда болуымен, катерлі ісіктермен көрінеді. Декомпенсацияланған ЕИЖ-тің көрнекті мысалы ретінде, ЖИТС болып табылады.

Иммунжетіспеушіліктер клиникалық түрде 4 негізгі синдроммен
көрінеді: инфекциялық, аллергиялық, аутоиммунды және иммунопролиферативті.

Инфекциялық синдром - түрлі этиологиялы және орналсуы әртүрлі жедел және созылмалы инфекциялық-қабынулық аурулардың, шартты патогенді микробтармен шақырылатын іріңді-қабынулық инфекциялардың рецидифті ағымда өтуімен сипатталы.

Аллергиялық синдром - аллергиялық реакциялар және аурулармен сипатталады.

Аутоиммунды синдром - жеке аутоиммунды нозологиялық формалары мен және патологиялық үрдістің (ішкі мүшелер мен жүйелердің зақымдалуы) ұзақ ағымы үстінен аутиммунды компонентімен сипатталады.

Иммунопролифиративті синдром - ісікті үрдістің дамуымен сипатталады.

Ұзақ күшті стресс әсері.

Стресс кезінде нерв эндокрин, иммун жүйелерінің әсерлесуінің терең және күрделі өзгерістері болады.

Иммунды жүйенің өзгеруінде төрт фазаны бөліп қарастырады.

  • 1-фаза. Иммунды реакцияның белсенуі.
  • 2-фаза. Компенсация, бір иммунды фактордың төмендеуі кезінде келесілердің күші арқылы компенсацияланады.
  • 3-фаза. Декомпенсация. Бұл фаза ағзаның компенсациялық қорының азаюы кезінде иммунитеттің көптеген факторларының деңгейінің тез төмендеуімен сипатталады.
  • 4-фаза. Қалыптасу. Бұл фаза стресс әсерінің ұзақтығы мен күшіне байланысты.

Стресс кезіндегі екіншілік иммун жетіспеушілік жетіспеушіліктері иммун жүйесінің шырышты қабықтар иммунитет механизімімен қоса барлық бөлігін қамтиды. Фагоцитоз тежеледі, В-лимфоциттер, Т-хелперлер, Т-супрессорлардың абсолютті және салыстырмалы мөлшерлері төмендейді. Стресс пен созылмалы шаршау синдромын байланыстырады. Созылмалы стресс табиғи киллерлердің белсенділігінің төмендеуіне әкеледі. Ол өз кезегінде ісіктердің интенсивті өсуіне әкеледі.

Сонымен, екіншілік иммунодефициттер фенотип деңгейінде қоршаған орта әсерінен, соның ішінде стресс әсерінен қалыптасады және температуралық реакциямен, созылмалы, әлсіз ағымдағы инфекциялармен сипатталады; жиі ЖРА, гаймориттер, пиадермиалар, пневманиялар және басқа мүшелер мен тіндердің зақымдалуымен, созылмалы инфекциялық-қабыну үрдістердің (созылмалы бронхит, пиелонефрит, отит және т. б. ), қатерлі ісік және жалпы инфекцияның (сепсис, бактериалды эндокардид болуымен көрініс береді) .

Қолданылған әдебиет:

  1. Хаитов Р. М., Вторичные иммунодефициты: клиника, диагностика, лечение, 1999
  2. Кирзон С. С. Клиническая иммунология и аллергология, М. : Медицина, 1990
  3. Современные проблемы аллергологии, иммунологии и иммунофармакологии, М., 2002
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екіншілік иммундық тапшылықтар
АИВ инфекциясының асқынулары
ВИЧ СПИД ауруының алдын алу жұмыстары
Ауруханашылық инфекциялар, себептері мен алдын алу
Ісікке қарсы иммунитет туралы
Клеткалық иммунитет. Гуморальдық иммундық жүйе
Өмір мен денсаулыққа қарсы қылмыстар
Клеткалық иммунитет және гуморальдық иммундық жүйе
Алғашқы туберкулез кешені: анықтамасы, сатылары, рентгенологиялық сипаттамасы. Клиника. Диагностика. Асқынулар
ЖИТС, ВИЧ аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz