Желтоқсан оқиғасы – ұлт рухының биік белесі



1 Жастар қозғалысына тікелей түрткі болу себебі
2 Республика басшылығының саяси дәрменсіздігі
3 Желтоқсандағы қайғылы оқиғаға әміршіл.әкімшіл жүйе басты кінәлі
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Г.В. Колбиннің жасырын және халықты қорлайтындай түрде тағайындалуы жастар қозғалысына тікелей түрткі болды. Бұл орталықтың өрескел өктемдік саясатының тікелей көрінісі болды. Бұл республика халқының өмірлік мүдделеріне байланысты мәселелерді олардың пікірімен, көзқарасымен санаспай, қайта құру жария еткен демократиялық қағидаларға қайшы, біржақты әміршіл әдіспен жүзеге асыруының дәстүрлі айқын көрінісі еді. Республика халқын қорлайтын мұндай шешімге алғашында Алматы қаласының жұмысшылары мен оқушы жастарының шағын тобы ғана наразылық білдірді. Наразылық бейбіт және саяси сипатта болды. Онда мемлекеттік құрылысты құлатуға, ұлт араздығын қоздыруға байланысты ұрандар айтылған жоқ. Жиналған жастар заңдарды және қоғамдық тәртіпті бұзбаған, олар тек Орталық Партия Комитеті пленумының асығыс шешімі жөнінде түсінік берілуін талап етіп, мұндай шешіммен өздерінің келіспейтінін білдірді. Бірақ республика басшылығы жастармен тең құқылық келіссөз бастағысы, олардың пікірін тыңдағысы келмеді. Саяси, бейбіт шеруді - билікті қорлау, өздеріне төнген қауіп деп санап, оларға қарсы күш қолданумен жауап берді, тіпті бой көтерулерді тұрақты армия бөлімдерін қолдана отырып басып-жаншу туралы шешім қабылдады. Г.Колбин бастаған республика басшылығының үсті-үстіне өтінуіне байланысты Орталықтың ішкі әскерлерінің арнаулы бөлімдері Алматыға жеткізілді. Бейбіт және аз адам қатысқан наразылық осыған байланысты жаппай бас көтеруге ұласты.
Республика басшылығының саяси дәрменсіздігі, олардың сын жағдайдан шығудың бейбіт жолын қарастырмауы, тіпті бұған ұмтылмауының өзі, олардың ақыл-парасат пен ізгі ниетке емес, қайта қарулы күшке сүйенуі, жаппай наразылықтың бой көтеруіне, өршуіне тікелей себеп болды. Наразылық білдірушілер мен қарулы күштердің арасында қақтығыс болды, нәтижесінде, кісі өлімі, денеге жарақат келтіру, автокөліктерді өртеу, үйлерді зақымдау оқиғалары орын алды. Наразылықты басып-жаншуға байланысты құқық қорғау органдары заңдылықты өрескел бұзып, ұсталғандарды ұрып-соқты, жеңіл-желпі киінген адамдарды көлікке тиеп, қала сыртына апарып тастады, прокурордың санкциясынсыз ұсталғандарды тергеу изоляторы мен уақытша ұстау орындарында көбіне тамақ берместен, бірнеше тәулік бойы ұстады.
Наразылықты қуып-тарату кезінде сойыл, саперлік кішкентай күректер, қызмет иттері пайдаланылды. Қақтығыс салдарынан наразылыққа қатысқандар тарапынан да, қоғамдық тәртіп сақшылары тарапынан да қаза тапқандар әртүрлі дене жарақатын алғандар сөз жоқ болды. Жұмысшылар мен қызметшілерден азаматтық құрамалар құрып, оларды қаруландыру жөнінде нұсқау берген, сол арқылы адамдарды ұлттық белгісі бойынша бір-біріне қарсы қойған Орталық партия басшыларының, қызметкерлерінің іс-әрекеттері өте қауіпті болды. Мұның өзі сол уақытта бұл оқиғаны ұлтаралық қақтығыс сипатына айналдырудың тікелей амалы еді. Бұл сұрқиялық орталықтың «қазақ ұлтшылдығы» деген жалған, жалақорлық айыптаудың тікелей қайнар көзі болды.
Алматы қаласында 1986 жылы желтоқсанның 17-18-інде болған оқиғаларға байланысты жағдай Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1986 жылы 19 желтоқсанда өткен бюро мәжілісінде талқыланып, СОКП Орталық Комитетінің 1986 жылғы 18 желтоқсандағы Алматыдағы оқиғаға байланысты қабылданған қаулысын толық қолдайтынын және оны жүзеге асыруға бағытталған шаралардың іс-жоспарын бекітті, жергілікті партия, кеңес алқаларына еңбекші жастар, студенттер арасындағы ұлтшылдық көріністермен күрес жүргізу, ұлтшылдықтың кез келген көріністерінен оларды оқшаулау мәселелеріне ерекше мән берілді. (хаттама №18)
Орталық Партия Комитетінің бюро мәжілісіне қатысқандардың барлығы бірауыздан қабылданған 16 түрлі іс-шара жөнінде дауыс берді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Желтоқсан оқиғасы – ұлт рухының биік белесі

Дата: 23.11.2011 в 19:44 · Категория: Қазақша жаңалықтар

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Г.В.
Колбиннің жасырын және халықты қорлайтындай түрде тағайындалуы жастар
қозғалысына тікелей түрткі болды. Бұл орталықтың өрескел өктемдік
саясатының тікелей көрінісі болды. Бұл республика халқының өмірлік
мүдделеріне байланысты мәселелерді олардың пікірімен, көзқарасымен
санаспай, қайта құру жария еткен демократиялық қағидаларға қайшы, біржақты
әміршіл әдіспен жүзеге асыруының дәстүрлі айқын көрінісі еді. Республика
халқын қорлайтын мұндай шешімге алғашында Алматы қаласының жұмысшылары мен
оқушы жастарының шағын тобы ғана наразылық білдірді. Наразылық бейбіт және
саяси сипатта болды. Онда мемлекеттік құрылысты құлатуға, ұлт араздығын
қоздыруға байланысты ұрандар айтылған жоқ. Жиналған жастар заңдарды және
қоғамдық тәртіпті бұзбаған, олар тек Орталық Партия Комитеті пленумының
асығыс шешімі жөнінде түсінік берілуін талап етіп, мұндай шешіммен
өздерінің келіспейтінін білдірді. Бірақ республика басшылығы жастармен тең
құқылық келіссөз бастағысы, олардың пікірін тыңдағысы келмеді. Саяси,
бейбіт шеруді - билікті қорлау, өздеріне төнген қауіп деп санап, оларға
қарсы күш қолданумен жауап берді, тіпті бой көтерулерді тұрақты армия
бөлімдерін қолдана отырып басып-жаншу туралы шешім қабылдады. Г.Колбин
бастаған республика басшылығының үсті-үстіне өтінуіне байланысты Орталықтың
ішкі әскерлерінің арнаулы бөлімдері Алматыға жеткізілді. Бейбіт және аз
адам қатысқан наразылық осыған байланысты жаппай бас көтеруге ұласты.

Республика басшылығының саяси дәрменсіздігі, олардың сын жағдайдан шығудың
бейбіт жолын қарастырмауы, тіпті бұған ұмтылмауының өзі, олардың ақыл-
парасат пен ізгі ниетке емес, қайта қарулы күшке сүйенуі, жаппай
наразылықтың бой көтеруіне, өршуіне тікелей себеп болды. Наразылық
білдірушілер мен қарулы күштердің арасында қақтығыс болды, нәтижесінде,
кісі өлімі, денеге жарақат келтіру, автокөліктерді өртеу, үйлерді зақымдау
оқиғалары орын алды. Наразылықты басып-жаншуға байланысты құқық қорғау
органдары заңдылықты өрескел бұзып, ұсталғандарды ұрып-соқты, жеңіл-желпі
киінген адамдарды көлікке тиеп, қала сыртына апарып тастады, прокурордың
санкциясынсыз ұсталғандарды тергеу изоляторы мен уақытша ұстау орындарында
көбіне тамақ берместен, бірнеше тәулік бойы ұстады. 
Наразылықты қуып-тарату кезінде сойыл, саперлік кішкентай күректер, қызмет
иттері пайдаланылды. Қақтығыс салдарынан наразылыққа қатысқандар тарапынан
да, қоғамдық тәртіп сақшылары тарапынан да қаза тапқандар әртүрлі дене
жарақатын алғандар сөз жоқ болды. Жұмысшылар мен қызметшілерден азаматтық
құрамалар құрып, оларды қаруландыру жөнінде нұсқау берген, сол арқылы
адамдарды ұлттық белгісі бойынша бір-біріне қарсы қойған Орталық партия
басшыларының, қызметкерлерінің іс-әрекеттері өте қауіпті болды. Мұның өзі
сол уақытта бұл оқиғаны ұлтаралық қақтығыс сипатына айналдырудың тікелей
амалы еді. Бұл сұрқиялық орталықтың қазақ ұлтшылдығы деген жалған,
жалақорлық айыптаудың тікелей қайнар көзі болды. 
Алматы қаласында 1986 жылы желтоқсанның 17-18-інде болған оқиғаларға
байланысты жағдай Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1986 жылы 19
желтоқсанда өткен бюро мәжілісінде талқыланып, СОКП Орталық Комитетінің
1986 жылғы 18 желтоқсандағы Алматыдағы оқиғаға байланысты қабылданған
қаулысын толық қолдайтынын және оны жүзеге асыруға бағытталған шаралардың
іс-жоспарын бекітті, жергілікті партия, кеңес алқаларына еңбекші жастар,
студенттер арасындағы ұлтшылдық көріністермен күрес жүргізу, ұлтшылдықтың
кез келген көріністерінен оларды оқшаулау мәселелеріне ерекше мән берілді.
(хаттама №18) 
Орталық Партия Комитетінің бюро мәжілісіне қатысқандардың барлығы
бірауыздан қабылданған 16 түрлі іс-шара жөнінде дауыс берді. Осы мәселеге
арналған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бюро мәжілісінің отырысы
1986 жылдың 23 желтоқсанында тағы да екінші рет болды. (хаттама №19).
Осыдан кейін Орталық партия органдарының нұсқауларына сәйкес, Қазақстан
аумағында желтоқсан оқиғасына қатысушыларды жазалау, қудалау үрдістері
жаппай жүзеге асырылды. Оқиғаға қатысушыларға қылмыстық істер қозғалды,
олар бойынша тергеу қысқа мерзімде үстірт және айқын айыптау бейімділігімен
жүзеге асырылды. Түрлі деңгейдегі органдар істі асығыс қарап, әділетсіз
үкімдер шығарды. Тергеу, прокуратура, сот органдары әміршіл-әкімшіл жүйенің
тікелей құралына айналды. Заңсыздықтарға тікелей жол берді. Желтоқсан
оқиғасына байланысты мыңдаған адамдардың заңсыз ұсталуына, наразылық
кезінде оларға қарсы саперлік құралдар мен қызмет иттерінің қолданылуына
жол берілді. Желтоқсан оқиғасына байланысты қаншама азаматтар қызметтен,
партиялық мүшеліктен, оқу орындарынан заңсыз шығарылды. Баспасөз
құралдарының негізгі ұраны - қазақ ұлтшылдығын сынау, белгілі мемлекет,
қоғам, ғылым қайраткерлерінің теріс іс-әрекеттерін жариялауға ұласты. 
Желтоқсандағы қайғылы оқиғаға әміршіл-әкімшіл жүйені басты кінәлі деп
санап, оған қазақ жастарының ешқандай кінәсі жоқ екенін сол оқиғадан кейін-
ақ көтерген халықтың адал ұл-қыздары болды. Соның бірі сол кездегі КСРО
халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Қазақстанның халық жазушысы
Мұхтар Шаханов еді. 1989 жылғы 6 маусымда өткен КСРО халық депутаттары
съезі мінбесіне шығып, 1986 жылғы 16 желтоқсанда Алматыда болған желтоқсан
оқиғасының мұның алдында орын алған Грузиядағы оқиғадан да едәуір қауіпті
сипат алғанын, бейбіт шеруге шыққандарға қарсы сапер күректерін, қызмет
иттерін қолданғанын, жас қыздарды дубинкамен сабап, етіктерімен
тепкілегенінен, бұл наразылықтың ешқандай ұлтшылдық астары болмағанын
айтып, осы оқиғаға байланысты ақиқатты анықтау үшін халық депутаттары
комиссия құрамында құруды батыл түрде ұсынды. 
Іле-шала М.Шаханов ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі көне заманнан XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының кейбір мәселелері
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Ардағым –ата жұрт
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы көтерлістің қозғаушы күші
Дақпырт пен шындық
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қазақ жастарының қатысуы және оның тарихи маңызы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы
Тәуелсіздік жолындағы күрес
Ұ. Есдәулетов поэзиясындағы азаматтық үн
Пәндер