Конкурстық міндеттемелер


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ . . .

Негізгі бөлім . . .

  1. Конкурстық міндеттеме . . .
  2. Сыйақыға жария уәде беру . . .
  3. Лотореялар, тотализатор және өзгеде ойындар өтткізу ерекшеліктері . . .
  4. Тендер . . .
  5. Аукцион . . .

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Конкурстық міндеттемелер біржақты іс-әрекеттерден туындайтын міндеттемелердің бір түрі болып табылады.

Қазақстан Республикасының міндеттемелік құқығында топтастырудың мұндай негізі қолданылмайды, бірақ квази келісімшарттық міндеттемелерді атап өту конкурстық міндеттемелерді дұрыс түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді.

Субьектілердің еркі есте ұсталады және олар көмекші маңызға ие болады. Осы міндеттердің мазмұны конкурстық тапсырма бойынша конкурстардың әдетте борышқормен бірқатар азаматтық-құқықтық шарттарды мердігерлік тапсырма, комиссия және тағыда басқа жасалатын іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін.

Бірінші жағдайда конкурсанттардан конкурсты жария етекн субьектінің пайдасына заңдық маңызы бар іс-әрекеттерді іс жүзінде жасау туралы емес, сол конкурсты жария еткен тұлғамен өз талаптарын сақтаудың орнына өздерінің заңдық міндеттеуге дайын екендігі сөз болған жағдайларда кездескен.

Конкурс жария еткен, шарттарды бекітуге қатысты тұлға оферталар жасауды ұсынуды және өзіне ең жақсы жағдайлары бар офертаға қосылу міндеттемесін алады. Ғылыми, әдебиет және өнер туындыларын жасауға конкурс жария еткен кезде, нақты іс-әрекеттерді жасау талап етеді.

Конкурстық міндеттемелер Қазақстан Республикасының өзге заң актілерімен де реттелуі де мүмкін. Біз Қазақстан Республикасының 16 мамыр 2002 жылғы «мемлекеттік сатып алу туралы» атап өткен едім.

Онкурстық міндеттемелерді реттейтін заңға сәйкес Нормативті-құқықтық акт ретінде Қазақстан Республикасының Үкметінің 31 қазан 1996 жылғы «Қазақстан Республикасының аумағында лотореялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» қаулысын атауға болады.

Конкурсқа қатысу туралы ұсынысты кокурстық бастамасы тікелей өзі немесе конкурстық делдалұйымдастырушысы арқылы жасауы мүмкін. Делдал мен бастамашының құқықтырымен міндеттеріолардың арасындағы шартпен анықталады, ол шарт өзезегінде табиғаты жағынан комиссия немесе тапсырма шарты болады.

Осында айтылып отырған тапсырма шартына келетін болсақ, мұнда бір тарап (сенім білдірген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің ) атынан және соның есбіненбелгілі бір заңды іс-әреет жасауға міндеттенеді делінген.

Келесі комиссия шарты бойынша бір тарап (комиссионер) екінші тараптың (комитент) тапсыруы бойынша сыйақы үшін комитет есебінен өз атынан бір немесе бірнеше мәміле жасауға міндеттенеді. Яғни осы шарттардың анықтамасын көрсете кеткенім, бұл шарттар өзара ұқсас келетіндігін көрсеткім келді.

Тағы бір айта кететін жайт ол конкурс ашық болуы да мүмкін. Мұндай ұсыныстар яғни хабарламалр деп атауға даболады баспасөз немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралы арқылы хабар жолдаумен жүзеге асырылады.

Конкурстық міндеттеме шарты бұл кең таралған шарттардың бірі болғандықтан, ол өзішінде «сыйақыға жария уәде беру», «тендер», «аукцион» міндеттемелерді өз қатарына қосады. Сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме тұрмыстық аяда пайда болуы мүмкін. Кейде азаматтар өздеріне тиесілі затты (құжаттарды, үй жануарларын т. б. ) жоғалтып алып, оларды іздеп тауып өздеріне қайтаруға талаптанады. Соған орай азаматтар оларды қайтаруға үміттене отырып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе ілуге арналған арнайы тақтайшаларда хабарламаларын жария етеді. Затқа оның меншік иесі немесе өзге де құқық иесі сыйақы беруге уәде бере алады.

Енді келесі міндеттеме түрі «тендер» нысанында саудаластық өткізген кезде оның бастамашысы өзі ұсынған бастапқы шарттардың негізінде тендер бастамашысы үшін шарттаың ең жақсы талаптарын тендер қатысушыларымен шарт жасасуға міндеттенеді.

Тендер шарттарында белгіленген мерзімнің шегінде, тендер бастамшысына тендермен ұйғарылған барлық құжаттаманы қоса бере отырып өз ұсыныстарын жазбаша түрде жібереді. Тендердің шарттарында ұсыныстарды желмдеген конверттермен жіберу көзделінген. Тағы айта етсек осы шартпен қатысатын әрбір қатысушылардың кепілдік жарна енгізу міндеті көзделуі мүмкін.

Аукцион да, тендер сияқты суадаластық жүргізудің ерекше нысаны болып табылады. Аукцион туындайтын міндеттемелерге сәйкес, конкурстық саудаластық нәтижелері бойынша сатушы аукционның затын ол үшін неғұрлым жоғары баға ұсынатын аукцион қатысушысына сатуға міндеттенеді. Осы шарт жайлы және де мұнда атап көрсетілген міндеттемелер жаилы толығырақ негізгі бөлімде қарастырылды.

Конкурстық міндеттеме шарты, түсінік және түрлері.

Конкурсттық міндеттемелер біржақты іс-әрекеттерден туындайтын міндеттемелердің тағы бір түрі болып табылады. Осы айтылған сөз, жоғарыда қарастырылып өткен басқаның мүдесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын міедеттемелерге де қатысты.

Қазақстан Республикасының міндеттемелік құқығында топтастырудың мұндай негізі қолданылмайды, алайда келісімшарттық міндеттемелерді атап өту конкурстық міндеттемелерді дұрыс түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді. Олардың кейбіреулері шарттық міндеттемелеге өте ұқсас, өйткені конкурстық міндеттемелер қатысушылардың еріктерін іс жүзінде келістіру алдағы уақытта бәрбір орын алады, бірақ заңнама сол бір немесе өзге нысаннда кокурсқа бастамашылдық білдірген субъектінің еркіне ғана және егер оның ерік білдіруі құқықтық қатнастың негізгізі ретінде жеткілікті болса, басымды құқықтық маңыз береді.

Қалған субъектілердің еркі есте ұсталады және олар көмекші маңызға ие болады.

Осы міндеттемелері мазмұны конкурстық тапсырма бойынша конурстардың әдетте борышқорлармен бірқатар азаматтық шарттарды мердігерлік тапсырма, комиссия және тағыда басқа. Жасалатын іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін. конкурстардың заңдық қылықтарды-ғылыми, әдебиет және өнер туындысын жасауы жоққа шығарылмайды.

Бірінші жағдайда конкустармен конкурсты жария еткен субъектінің пайдасына заңдық манызы бар іс-әрекеттерді іс жүзінде жасау туралы емес, сол конкурсты жария еткен тұлғамен өз талаптарын сақтаудың орнына өздерінің заңдық міндеттеуге дайын екендігі туралы сөз болып отыр. Егер конкурстардың қайсыбірімен іс-өрекеттер жасалса және конкурс жария еткен тұлға оны қабылдаса және соңғысының мүлітік аясы конкурсант іс-әрекеттерінің салдарынан белгілі бір игіліктермен толықса, онда тараптардың арақатынасына белгілі бір шарт туралы ережелер қолдануға тиіс.

Конкурс жария еткен, шарттарды бекітушіге қатысты тұлға оферталар жасауды ұсынуды және өзіне ең жақсы жағдайлары бар офертаға қосылу міндеттемесін алады.

Ғылыми, әдебиет және өнер туындыларын жасауға конкурс жария еткен кезде, нақты іс-әрекеттерді жасау талап етіледі.

Конкурстық міндеттемелердің көмегімен тараптардың ара қатынасы және қажет болған кезде шарттар мен интелектуалдық меншіктің әртүрлі объектілерін жасаудан басқа, өзге заңдық маңызы бар іс-әрекеттер реттелуі мүмкін.

Конкурстық міндеттемелер туралы нормалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің «конкурстық міндеттемелер» деп аталатын 46-тарауында 910-914 баптарында көрсетілген Конкурсты мiндеттеменi мазмұны бойынша былай делінген:

1. Осы тарау сыйақы беруге көпшiлiк алдында уәде беруден туындайтын конкурстық мiндеттемелердi және тендер, аукцион әрі саудаластықтың Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген өзге де нысандары негізінде туындайтын мiндеттемелердi реттейдi.

Конкурстық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының өзге заң актiлерiмен де регламенттелуi мүмкiн.

2. Конкурстық мiндеттемеде оның бастамашысы конкурстың өзi айқындаған нысанасы мен бастапқы шарттарының негiзiнде тұлғалардың белгiсiз немесе белгiлi бiр адамдар тобына оған қатысуға ұсыныс жасайды және конкурстың жеңiмпазына белгiленген сыйақы төлеуге және (немесе) онымен конкурстық мiндеттемелердiң мазмұнына сәйкес шарт жасасуға мiндеттенедi.

3. Конкурсқа қатысуға ұсынысты конкурстың бастамашысы тiкелей немесе конкурстың делдал ұйымдастырушысы арқылы жасауы мүмкiн.

Делдалдың құқықтары мен мiндеттерi оның конкурстың бастамашысымен жасасқан шартымен айқындалады.

4. Конкурс бастамашысының конкурсқа қатысуға шақырған ұсынысы баспасөзде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында барлық тiлек бiлдiрушiлерге хабарлау жолымен жолданғанда - ашық немесе конкурсқа қатысуға шақырған ұсыныс конкурс бастамашысының таңдауы бойынша тұлғалардың белгiлi бiр тобына жолданғанда - жабық болуы мүмкiн.

5. Конкурстың бастамашысы конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушi тұлғаларға алдын ала iрiктеу жүргiзгенде ашық конкурс оған қатысушылардың бiлiктiлiгiмен байланыстырылуы мүмкiн.

Сыйақыға жария уәде беру

1. Жұмысты жақсы орындағаны немесе өзге де нәтижелерге жеткенi үшiн ақшалай немесе өзгеше нысанда сыйақы төлеу туралы жария хабарлаған кез келген тұлға конкурс шарттарына сәйкес оның жеңiмпазы болып танылған кез келген тұлғаның алдында өз мiндеттемесiн орындауы тиiс.

2. Сыйақыға жария уәде беру тапсырманың мәнiн, нәтижелердi ұсынудың өлшемдерi мен тәртiбiн, сыйақының мөлшерi мен нысанын, сондай-ақ нәтижелердi жариялаудың тәртiбi мен мерзiмдерiн көздейтiн шарттарды мiндеттi түрде қамтуға тиiс.

3. Сыйақы төлеу туралы шешiм мен оны төлеудiң өзi уәдеде белгiленген мерзiмдерде қабылдануға және iске асырылуға тиiс.

4. Егер конкурс ғылым, әдебиет немесе өнер туындысын жасауға арналып хабарланса, сыйақыға жария уәде беруде өзгеше белгiленбесе, жария уәде берген тұлға туындыны жасаушымен оған қаламақы төлей отырып, оны пайдалануға шарт жасасуға басым құқық алады.

5. Сыйақы туралы жария уәде берген тұлға, егер конкурс шарттарында өзгеше көзделмесе, сыйақы тағайындалмаған жұмыстарды олардың жасаушыларына қайтарып беруге міндетті.

Аталған баптардың нормалармен сыйақы беруге көпшілік алдында уәде беруден туындайтын конкурстық міндеттемелер саудаластық негізінде (тендерлер, аукциондар) туындайтын міндеттемелер реттеледі.

Конкурстық міндеттемелер Қазақстан Республикасының өзге заң актілерімен де реттелуі мүмкін. Біз Қазақстан Республикасының 16 мамыр 2002 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын атап өткен болатынбыз. Сондай-ақ, міндеттемелердің аталған түрлері үшін маңызды болып табылатындардың қатарын Қазақстан Республикасы Президентінің 23 желтоқсан 1995 жылғы «Жетекшілендіру туралы» заң күші бар Жарлығы және басқа да бірқатар заңды актілер кіреді.

Конкурстық міндеттемелер Қазақстан Республикасының өзге заң актілерімен де реттелуі мүмкін. Біз Қазақстан Республикасының 16 мамыр 2002 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын атап өткен болатынбыз. Сондай-ақ, міндеттемелердің аталған түрлері үшін маңызды болып табылатындардың қатарын Қазақстан Республикасы Президентінің 23 желтоқсан 1995 жылғы «Жетекшілендіру туралы» заң күші бар Жарлығы және басқа да бірқатар заңды актілер кіреді.

Қазақстан Республикасының Үкметінің 10 желтоқсан 1998 жылғы қаулысымен тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды өткізу тәртібі туралы нұсқаулық бекітілген.

Конкурстық міндетттемеде оның бастамашысы оның пәнін, сондай-ақ конкурстың бастапқы шарттарын өзі немесе заңнама талаптарына сәйкес анықтайды. Ол осының негізінде тұлғалардың белгісіз немесе белгілі бір тобына оған қатысуға ұсыныс жасайды және конкурстың жеңімпазыа белгіленген сыйақы төлеуге және онымен конкурстық міндеттемелердің мазмұнына сәйкес шарт жасауға міндеттенеді.

Конкурсқа қатысу туралы ұсынысты конкурстық бастамашысы тікелей өзі немесе конкурстық делдал-ұйымдастырушысы арқылы бойынша міндеттеме конкурстың бастамшысында пайдаболды. Делдал мен бастамшының құқықтары мен міндеттері олрдың арасындағы шартпен анықталады, ол шарт, өз кезегінде, табиғаты жағынан комиссия немесе тапсырма шарты болады. Конкурс ашық болуы мүмкін. Ол бойынша конкурс бастамашысының конкурсқа қатысу туралы ұсынысы барлық тілек білдірушілергем арналады.

Мұндай ұсыныс баспасөз немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралы арқылы хабар жолдаумен жасалады.

Конкурсқа қатысушы тілек білдіруші тұлғаларға алдын ала іріктеу жүргізгенде ашық конкурс оған қатысушылардың біліктілігімен байланыстырылуы мүмкін.

Ашық конкурсқа қараганда, конкурсқа қатысуға шақырған ұсыныс конкурс бастамашысының таңдауы бойынша тұлғалардың белгілі бір тобына жалданғанда жабық конкурс жариялануы мүмкін.

Сыйақыға жария уәде беру .

Жоғарыда атап өткеніміздей, міндеттеменің бір түрі болып сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме табылады.

Мұндай міндеттеме де бөлінеді. Сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме тұрмыстық аяда пайда болуы мүмкін. Кейде азаматтар өздеріне тиесілі заттарды (құжаттарды, үй жануарларын және тағыда сол сияқты. ) жоғалтып алып, оларды іздеп тауып өздеріне қайтаруға талпынады. Соған орай азаматтар оларды қайтаруға үміттене отырып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе хабарлама ілуге арналған арнайы тақтайшаларда хабарламалар жария етеді.

Азаматтардың осындай іс-әрекеттерінің салдарынан сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттемелер пайда болуы мүмкін. Олардың пайда болу талаптары мен элемненттерін қарастырып өтейік.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімін қабылдаумен байланысты аталған қатынастар тек конкурстық міндеттемелер туралы нормалармен ғана емес, сонымен қатар тікелей олжа туралы(АК 245-б) нормалармен де реттелуі мүмкін.

Кеңестік азаматтық құқықтың әрекет ету кезеңінде олжа табу мен затты тапқан адаммен оны қайтару кезіндегі тараптардың ара қатынастарын реттеу үшін ұқсастыру бойынша конкурстық міндеттемелер туралы нормалар қолданылды және олжа тапқаны үшін сыйақы төлеу тек соған сәйкес сыйақы алуға деген тікелей құқық туындамаған болатын.

Енді, жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, біз міндеттемелер сыйақыға жария уәде беру туралы норманың затын екінші тұлғамен тауып алуға байланысты тараптардың құқықтық қатынастарының аясында да туындай алады. Егер еске түсірер болсақ, 245-баптың 6-тармағына сәйкес затты тауып алған тұлға затты алуға заңды құқығы бар адамнын зат құнының отыз пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Бұл заң нұсқауына орай туындайтын міндеттеме.

Затқа оның меншік иесі немесе өзге де құқық иесі сыйақы уәде бере алады. Бұл орайды сыйақының ескертілген мөлшері заңда көрсетілген мөлшерден кем болуы да мүмкін. Егер затты тауып алған тұлға сыйақаның уәде етілген мөлшерімен келіспесе, онда ол не жоғарыда аталған норма негізінде онымен құқықтық қарым-қатынасқа түсе алады, не аз мөлшердегі сыйақынвң алуға келіседі (конкурстық міндеттеме түзуге) . Егер зат те оның меншік иесі үшін ғана қызығушылық тудыратын болса, онда сыйақы мөлшері тікелей сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеменің талаптарымен анықталатын болады.

Сыйақының нақты мөлшерінің көрсетілмеуі маңызды емес. Мұндай жағдайларда ол сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндттеме бойынша тараптардың қосымша келісімімен белгіленетін болады, егер келісімге қол жеткізілмесе, онда сот тәртібімен анықталады.

Олжа табу кезінде сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме туындау үшін сыйақы беру кәдесінің жария болуы қажет. Жариялықтың басты белгісі болып адамдардың белгісіз тобына жүгіну табылады. Сондай-ақ мұндай жүгіну сыйақыға уәде берген субъектіні айқындауға мүмкіндік беруге тиіс.

Кейбір осыған ұқсас жағдайларда да міндеттеме туындау мүмкін. Мысалы, қылмыскер туралы ақпарат бергені үшін сыйақы беруге уәде етіледі.

Сыйақыға уәде берген тұлға оны төлеуді өз пайдасына, өз мүддесіне мүліктік және мүліктік емес сипаттағы іс-әреккеттерді жасаумен шарттай алады. Сыйақының өзі бұл орайда әрқашан мүліктік (ақшалай немесе заттай) нысанда болуға тиіс.

Жоғарыда қарастырылып өткен осы жағдайлар конкурс туралы нормаларды ұқсастық бойынша қолдануға қатысты. Ал сыйақыға жария уәде беруден туындайтын конкурстық міндеттеме өз қолданысы көрініс табатын белгілі бір аяларға ие. Олар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 910, 911 және 912-баптарының нормаларына толық көлемде жүзеге асырылуына мүмкіндік береді. Осы бап бойынш сыйақыға жария уәде берудiң күшiн жою

1. Сыйақы төлеу туралы жария хабарлаған тұлға, бас тартуға жол берiлмейтiндiгi хабарландырудың өзiнде көзделген немесе содан туындайтын немесе сыйақыға уәде берiлген iс-әрекеттердi жасау үшiн белгiлi бiр мерзiм берiлген немесе бас тарту туралы хабарланған кезде соған үн қосқан адамдардың ең болмағанда бiреуі мiндеттемеде көрсетiлген iс-әрекеттердi орындап қойған жағдайлардан басқасында, берiлген уәдеден сол нысанда бас тартуға құқылы.

2. Сыйақыға жария уәде берудiң күшiн жою сыйақы туралы хабарлаған тұлғаны үн қосқан адамның хабарландыруда көзделген iс-әрекеттердi жасауға байланысты шеккен шығындарын өтеуден босатпайды. Барлық жағдайларда өтеудiң мөлшерi хабарландыруда аталған сыйақыдан аспауға тиiс.

Конкурстық міндеттемелердің көмегімен мәдениет, ғылым, білім ұйымдарының мемлекеттік органдар, коммерциялық құрлымдар, қоғамдық бірлестікттер алдында тұрған әртүрлі мәселелер шешімін табады. Кейбір жағдайларда конкурс конкурсанттардың өз мүдделері, яғни оларды ынталандыру, қолдану және тағыда басқалар үшін ұйымдастырылады. Конкурс арқылы интелектуалдық меншік объектілерін құру қажеттіліктері жиі қанағаттандырылады.

Конкурстық негізде әтүрлі бағдарламалар (аймақтарды дамыту, қала құрлысы, жастармен жұмыс істеу және тағыда сол сияқты. ) жасала алады.

Конкурстық міндеттемелердің ерекшелігі - олар заңнаманың тек жалпы талаптарын ғана ұстануға міндетті. Конкурстық нақты шарттары мен оның мақсаты, пәні тұтастай және толығымен конкурс ұйымдастырушылармен анықталады.

Сонымен қатар, сыйақыға жария уәде беру міндетті түрде тапсырма мәнісін, нәтижелерді ұсыну белгілері мен тәртібін, сыйақы мөлшері мен нысанын көздейтін шарттарды қамтуға тиіс. Конкурстың шарттары нәтижелерді жария етудің тәртібі мен мерзімдерін де көздеуге тиіс.

Бастамашысы конкурсты ұйымдастыру кезінде өзінің жария хабарламасына сәйкес өзіне жұмысты жақсы орындағаны немесе өзге де нәтижелерге қол жеткізгені үшін ақшалай немесе өзгеше нысанда сыйақы төлеу туралы міндеттеме алады.

Яғни, ол барлығына емес, тек аталған талаптарға сай келетін тұлғаға ғана төленеді. Орын алған жағдайға қарай бұл ережелер біршама өзгеруі де мүмкін, мысалы, егер конкурстың ұйымдастырушылары сыйақы төленетін бірнеше номинация көзделген болса.

Сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені орындау конкурс шарттарына сәйкес жүргізіледі.

Оны төлеу тәртібін конкурстық міндеттемеде тікелей реттеу, әрине, орын алмайды, ол ақшалай немесе өзге де мүліктік міндеттемені орындаудың жалпы ережелеріне сәйкес анықталатын болады, бірақ оны орындау мерзімі аса маңызды болып табылады. Сыйақы төлеу туралы шешім және оны іс-жүзінде төлеу уәдеде белгіленген мерзімдерде қабылдануға және жүзеге асырылуға тиіс.

Сыйақыға жария уәде беру бойынша өз міндеттемелерін орындаған конкурс бастамашысы, егер сыйақыға жария уәде беруде өзгеше белгіленбесе, туындыны жасаушымен оған қаламақы төлей отырып, оны пайдалануға шарт жасасуға басымды құқық алады. Яғни белгілі біршамада конкурсқа қатысу конкурсанты да міндеттейді. Ол ұсынылған талаптарға алдын ала келісім береді және сондықтан ол жасаған туындыны пайдаланғаны үшін сыйақы азайтылуы мүмкін немесе автор конкурс бойынша сыйақыны алып қойғанына байланысты белгілі бір кезеңде мүлдем төленбейді.

Мұндай жағдайларда тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, сыйақыға жария уәде беру шарттарына, сондай-ақ интелектуалдық меншік объектілерін жасауға байланысты қатынастарды реттейтін заңнамаға сүйену керек.

Сыйақы туралы жария уәде берген тұлға, егер конкурс шарттарында өзгеше көзделмесе, сыйақы тағайындалмаған жұмыстарды олардың жасаушыларына қайтарып беруге міндетті. Жұмыстар қайтарылмайтын жағдайда, конкурстың ұйымдастырушылары авторлардың айрықша құқықтарын сақтамайынша оларды пайдалануға құқылы емес.

Сыйақы төлеу туралы жария хабарлама берген жеке тұлға немесе ұйым дәл сондай нысанда берілген уәдеден бас тартуға құқылы. Егер бұл конкурс шарттарында тікелей ескертілсе, олардан бас тартуға жол берілмейтіндігі айқын осетілсе немесе сыйақы уәде етілген іс-әрекеттерді жасау үшін белгілі бір мерзім берілген болса, бас тартуға жол берілмейді.

Жария уәдеден бас тартуға үн қосқан адамдардың ең болмағанда біреуі

хабарламада көсетілген іс-әрекеттерді орындап қойған кезде де жол берілмейді. Өз уәдесінен бас тартқан субъект хабарламада көзделген іс-әрекеттерді жасаған кез келген үн қосқан тұлғаға іс-әрекеттер жасауға байланысты көтерген шығындарын өтеуге міндетті.

Аталған ережені конкурс бастамашысы үшін белгіленетін жауапкершіліктің санкциясы ретінде қарастыруға болады, оның мөлшері бұл жағдайда конкурсанттардың нақты залалдарымен шектеледі. Сонымен қатар барлық жағдайларда өтемнің мөлшері хабарландыруда аталған сыйақыдан сапауға тиіс.

Конкурстың күші жойылмайтын ал конкурсант сыйақы алуға лайық болмайтын кәдімгі жағдайларда оның шығындары өтелмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жария конкурс
Негізсіз баюдың салдарын ашу
Кәсіпорын қаржысының банкроттық жағдайы
Кәсіпкерлік субъектілерінің банкроттығын құқықтық реттеу
Кәсіпорынды антикризисті басқару негіздері
Банкроттық туралы істер бойынша төрелік соттың актілері
Корпорацияның қаржы жағдайы
Банкроттықтың негізгі рәсімдері
Банкроттық туралы істерді сот тәртібімен қарау
Азаматтық құқық (Ерекше бөлім)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz