Білімнің жаңа мазмұны негізінде ана тілі пәнінің оқыту ерекшеліктер



КІРІСПЕ
1.ТАРАУ. Бастауыш білім мазмұнын анықтау және оны жетілдірудің педагогикалық негіздері
1.1 Білімнің жаңа мазмұны туралы түсінік
1.2 Білімнің жаңа мазмұнын жетілдірудің дидактикалық жолдары
2.ТАРАУ. 3.сыныптың еңбекке баулу сабақтарында жаңа білім мазмұнын негізінде оқытудың ерекшелігі
2.1 Еңбекке баулу пәні бойынша жасалынған мемлекеттік стандарт пен 3.сыныптың бағдарламасына шолу жасау
2.2. 3.сыныптың еңбекке баулу сабақтарында жаңа білім мазмұны негізінде оқытудың ерекшелігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі уақыттағы қоғамымыздағы болып жатқан саяси өзгерістер, атап айтқанда еліміздің егемендігін алғаны, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жарияланғаны білім саласында үлкен өзгеріс әкелуде. Себебі Қазақстан Республикасының болашақтағы саясатының, экономикасының дамуы мектептегі оқушылардың алатын білім мазмұнына тәуелді. Осыдан келіп көптеген педагог, ғалым-ұстаздар алдында қазіргі мүмкін болған саяси жағдайлардың негізінде мектептегі білім мазмұнын қалай өзгерту мәселесі туды. Республикамыздың тәуелсіз мемлекет болуына байланысты саяси әлеуметтік дамуының осындай жаңа кезеңінде әр тілде білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмысы әр ұлттың болмысына ғана емес, егеменді Қазақстанның мақсат-мүддесіне сай болуы тиіс. Сондықтан бүгінде білім беруді жетілдіру жөніндегі жаңа көзқарастар қолдау тауып, оқыту мазмұнын жетілдірудің жолдарын анықтау тұрғысынан ой-пікірлер ұсыныстар айтылуда.
Білім берудің мазмұнын жетілдіру мәселесі осы тұрғыдан әлі де болса толық шешілмеген, енді ғана ғалым-педагогтардың еңбектері, қазақ авторларының қазақ мектебіне арналған оқулық бағдарламаларының жарық көріп отырғанын айтуға болады. Осы көкейтестілікке сай диплом жұмысымның тақырыбын "Білімнің жаңа мазмұны негізінде ана тілі пәнінің оқыту ерекшеліктері" деп алдық.
Зерттеу жұмысымның мақсаты: Білімнің мазмұнының педагогикалық маңызын және оны жүзеге асырудың тиімді жолдарын қарастыру.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 1995
2. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы. Қазақстан мұғалімі 25 ақпан, 1998.
3. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндеті, стандарттары. (Жалпы бастауыш білім) Алматы, 2002.
4. Мемлекеттік білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасы. Алматы, 1995.
5. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы.
6. Я.А. Коменский «Ұлы дидактика» Алматы, 1993.
7. М. Жұмабаев «Педагогика» Алматы, 1993.
8. Ж. Аймауытов Шығармашылығы, Алматы, 1989.
9. Ы. Алтынсарин, Таңдамалы педагогикалық мұралары, Алматы, 1991.
10. А. Байтұрсынов Ақ жол. Алматы, 1991.
11. А. Құнанбаев Қара сөздері, Алматы, 1996.
12. Р.М.Қоянбаев Білім беру және оқыту теориясы, Алматы, 1990.
13. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика», Алматы, 2000.
14. Р.М. Қоянбаев Қысқаша педагогикалық сөздік, Алматы, 1993.
15. Т.С. Сабыров Оқыту теориясының негіздері, Алматы, 1993.
16. И.Ф. Исаев, В.А. Сластенин Педагогика, Москва1997.
17. С. Ахметов Бастауыш сыныптарды білім берудің тиімділігін арттыру жолдары, Алматы, 1994.
18. Қазақстаннның жаңа буын оқулықтары бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибелер 1-4 сынып, Алматы, 2000.
19. Т.С.Сабыров Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру, Алматы, 1999.
20. Т. Бегалиев Педагогика қысқаша лекциялар курсы. Оқу құралы, Тараз, 2001.
21. Е. Сағындықұлы Педагогика, Алматы 1999.
22. И.Ф. Харламов Педагогика, Москва, 1990.
23. М.Бержанов, С. Мусин Педагогика тарихы.
24. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. Алматы 1998.
25. Т. Оралбекова, Қ. Дүйсенова, «Еңбекке баулу» 3-сынып оқулығы. Алматы 1999ж. Атамұра.
26. Т. Оралбекова, Қ.М.В. Велижанина, «Еңбекке баулу хрестоматиясы» Алматы 1999ж Атамұра.
27. Сатканов О.С. «Еңбекке баулу әдістемелік нұсқауы» Алматы 2000.
28. Бисенғалиев Б. «Технология сабағы», Бастауыш мектеп ж-р №2, 2002ж 13-16б.
29. Ералиева М., Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартты жетілдірілуде. Бастауыш мектеп ж-р №5, 6-2002ж 7-9 бет.
30. Жабаев С. Сабақ түрлері және оның құрылымы. Бастауыш мектеп ж-р №5, 1997ж 3-9 б.
31. Жарылқасынова Н., Өнерлінің – қолы алтын. Бастауыш мектеп ж-р №8, 2001ж 42-43 б.
32. Жүнісова К., Бастауыш білім беру: Мазмұны мен әдістері. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы туралы. Бастауыш мектеп ж-р №2, 2002 ж 3-4 б.
33. Жұмашева С. Табиғи материалдармен жұмыс. Бастауыш мектеп ж-р №6, 1997 ж 34-35 б.
34. Жүнісова К., Жаңа білім мазмұнының негізі-дамыта оқыту идеясы. Бастауыш мектеп ж-р №1, 1996 ж 3-14 б.
35. Жүнісова К. Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартты және оны мектеп тәжірибесіне ендірудің кейбір мәселелері. Бастауыш мектеп ж-р №5 1999 ж 4-8 б.
36. Құтпанбаев Ә. Еңбекке баулу пәнінің сабақ жоспары. Бастауыш мектеп ж-р №2, 2002ж 10-13 б.
37. Жадрина И. Білім стандарты білікке бастайтын болсын.
38. Нүсіпова З. Еңбек сабағында сабақтан көріністер. Бастауыш мектеп ж-р №8-9, 1999ж 33-34 б.
39. Сатканов О.С. Бастауыш білімінің мемлекеттік стандарттың, оның жүзеге асырудағы еңбекке үйрету пәннің өзекті мәселелері.
40. Сатканов О.С. «Пути совершенствования» трудового с использованием стедств декоративно-прикладного исскуства в начальных классах казахской школы (на казахском языке) диссертация (Алматы 1994ж).
41. Туғанов А. Қыларамен жұмыс жасау техникасы. Бастауыш мектеп ж-р №7, 1991ж 3-38 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. Бастауыш білім мазмұнын анықтау және оны жетілдірудің
педагогикалық негіздері
1.1 Білімнің жаңа мазмұны туралы түсінік
1.2 Білімнің жаңа мазмұнын жетілдірудің дидактикалық жолдары
2-ТАРАУ. 3-сыныптың еңбекке баулу сабақтарында жаңа білім мазмұнын
негізінде оқытудың ерекшелігі
2.1 Еңбекке баулу пәні бойынша жасалынған мемлекеттік стандарт пен 3-
сыныптың бағдарламасына шолу жасау
2.2. 3-сыныптың еңбекке баулу сабақтарында жаңа білім мазмұны негізінде
оқытудың ерекшелігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қазіргі уақыттағы қоғамымыздағы болып жатқан саяси өзгерістер, атап
айтқанда еліміздің егемендігін алғаны, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып
жарияланғаны білім саласында үлкен өзгеріс әкелуде. Себебі Қазақстан
Республикасының болашақтағы саясатының, экономикасының дамуы мектептегі
оқушылардың алатын білім мазмұнына тәуелді. Осыдан келіп көптеген педагог,
ғалым-ұстаздар алдында қазіргі мүмкін болған саяси жағдайлардың негізінде
мектептегі білім мазмұнын қалай өзгерту мәселесі туды. Республикамыздың
тәуелсіз мемлекет болуына байланысты саяси әлеуметтік дамуының осындай жаңа
кезеңінде әр тілде білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмысы әр ұлттың
болмысына ғана емес, егеменді Қазақстанның мақсат-мүддесіне сай болуы тиіс.
Сондықтан бүгінде білім беруді жетілдіру жөніндегі жаңа көзқарастар қолдау
тауып, оқыту мазмұнын жетілдірудің жолдарын анықтау тұрғысынан ой-пікірлер
ұсыныстар айтылуда.
Білім берудің мазмұнын жетілдіру мәселесі осы тұрғыдан әлі де болса
толық шешілмеген, енді ғана ғалым-педагогтардың еңбектері, қазақ
авторларының қазақ мектебіне арналған оқулық бағдарламаларының жарық көріп
отырғанын айтуға болады. Осы көкейтестілікке сай диплом жұмысымның
тақырыбын "Білімнің жаңа мазмұны негізінде ана тілі пәнінің оқыту
ерекшеліктері" деп алдық.
Зерттеу жұмысымның мақсаты: Білімнің мазмұнының педагогикалық маңызын
және оны жүзеге асырудың тиімді жолдарын қарастыру.
Мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Педагогика тарихындағы білім мазмұнын анықтау жолдарын қарастыру;
2. Жалпы білім беретін мектептің жаңа білім мазмұнының
тұжырымдамасымен және төлтума бағдарламасымен танысу;
3. Озат іс тәжірибелерді жинақтау талдау арқылы білімнің жаңа мазмұнын
іске асыру жолдарын белгілеу.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде алынған тақырыптың көкейтестілігі дәлелденді және жұмыстың
мақсат-міндеті айқындалып, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге шолу
жасалды.
Жұмысымның басты мақсаты-ұлттық мектептен тәлім алатын қазақ
оқушысының білім дағдысын, іскерлігін әлемдік деңгейге сай көтеру туралы.
Бұл мақсатта Қазақстан мұғалімі газетінде жарияланған мақалалар мен Абай
атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің оқытушыларының мақалаларымен
таныстым. Сонымен қатар білім мазмұнын зетттеуде педагогтар К. Ушинский,
А. Толстой, Ы. Алтынсарин сияқты ағартушылардың осы саладағы еңбектерін
оқып талдадым. Р.М. Қоянбаевтың Педагогика оқулығын пайдаландым
(авторлары Ж.Б. Қоянбаев және Р.М. Қоянбаев). Бұл оқулықта білімнің
мазмұны, мектептің мемлекеттік құжаттары болып табылатын – мектептің оқу
жоспары, бағдарлама, оқулықтар туралы айтылған.
Екінші тарау толығымен Еңбекке баулу білім мазмұны және оның
бағдарламасы, оқулықтары көрсетілген.

1-ТАРАУ. Бастауыш білім мазмұнын анықтау және оны жетілдірудің
педагогикалық негіздері

1.1 Білімнің жаңа мазмұны туралы түсінік
Білімнің мазмұнын анықтау, бұл өсіп келе жатқан ұрпақты неге үйрету,
сондай-ақ оқытудың мақсатын, міндетін анықтау туралы мәселені шешу деген
сөз.
Осыған орай, мектепте қайда, қашан, кімді және не үшін оқытады деген
сұрақтарға жауап берілуіне қарай білім мазмұны әрқилы шешіледі. Білім
берудің мазмұны дегеніміз – оқушыларды жан-жақты дамытып, олардың дүниеге
көзқарасын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білімнің, іскерліктің,
дағдының дәл белгіленіп алынған шеңбері. Білім берудің аса маңызды
құрамды бөлігі – бұл жалпы білім.
Жалпы білім-табиғат, қоғам, адам баласының ойлауы туралы оқушыларды
негізгі ғылымдардың білімдерімен қамтамасыз етеді. Қандай да болсын,
қоғамда мектеп білімінің мазмұны түгелдей тәрбие беру мақсатына байланысты
және осы мақсаттың нақтылы көрінісі болып табылады. Тәрбие беру мақсатының
өзгеруі білім берудің мазмұнын қайта қарауды талап етеді. Педагогика
ғылымында білімнің мазмұнын анықтаудың тарихына көз жіберсек, онда
мыналарды көреміз:
1. 18-ғасырдың аяғында және 19-ғасырдың ортасында формальді білім
теориясы тарады (Руссо, Песталлоцци, Дистерверг). Формальді білімнің мәні
мынада: оқушыларға кең көлемде білім берудің керегі жоқ, себебі олар
барлық білімді меңгере алмайды, бірақ оқушыларға олардың ақыл-ой өрісін,
ойлау ауқымын, есте сақтау қабілетін дамытатын білімнің материалдарымен
шектелу керек. Формальді білім беруде білімнің өзі бағалы емес, тек
дамытушылық ықпалы бағалы. Бұл теорияны жақтаушылардың көзқарасы бойынша,
ең қажетті пәндер - ой үшін гимнастика болатын латын мен грек тілдері,
еңбекке баулу және тағы басқа пәндер болып табылады. Білімнің мазмұнына
қатыссыз, ақыл-ойын жетілдіретін жаттығулар бағалы деп саналады. Өз
уақытында бұл теория прогресшіл теория болды, себебі бұл білімді
жақтаушылар догматизм мен жағымпаздыққа қарсы шықты.
2. Адамдарды практикалық пайдалы білімдермен қаруландыруды талап
еткен, материалдық білім теориясы пайда болып дами бастады. Бұл теорияны
жақтаушылар білімнің мазмұнын таңдап алу негізіне сүйенетін пәннің өмір
үшін пайдаға жарарлық сатысын алуды ұсынады. Ақыл-ой өрісі мен
қабілеттіктің дамуына келетін болсақ, олар оны ешқандай бағдарлы мақсат
көздеген арнаулы күш жұмсамай-ақ пайдалы білім алу процесінде пайда
болады деп санаған. Бұл теория бойынша халыққа білімнің өзі керек емес, ең
бастысы іс жүзіндегі әрекет-дағды керек. Сондықтан кейбір отбасыдан шыққан
оқушыға химияның немесе физиканың теориялық негізі мүлде қажет емес, бірақ
оның есесіне бұл пәндердің өмірге, тұрмысқа енгізіп пайдаланатын бөлімдері
ғана керек. Бұлай білім берудің негізгі критерийі – оның пайдалылық
дәрежесі, өмірге жарамдылығы.
Материалдық білім беру теориясы училищелер мен осы іспеттес басқа да
оқу жоспарларын құруға негізделген. Оқу жоспарларында еңбекке баулуға үлкен
орын берілді. Ал формальді білім беру теориясының өкілдері пәнді екі
топқа тілдер ( әсіресе көне тілдер), әдебиет, еңбекке баулу, жаңа
тілдердің грамматикасы; екінші топқа биология, география, физика, химия
және тағы басқалар жатқызылды.
Пәндердің бірінші тобына артықшылықтар беріледі, формальді білім
беру теориясына сәйкес Россияда, Германияда және бірқатар басқа елдерде
классикалық гимназиялардың оқу жоспары құрылды. Бұл білім теорияларының
кемшілігі-оқытудың бір жақты болып табылатын-дығында. Формальді білімде
оқушылардың білімінің мазмұны жеткіліксіз болып, ақыл-ой өрісі мен
қабілетінің дамып жетілуіне кедергі келтірді. әрбір ғылым оқушыларды
бірінші кезекте өзінің мазмұнымен байытады. Бұл теориялардың арасында
принципиальды айырмашылықтар болғанымен, бұлардың екеуі де үстемдік еткен
топтардың мүдделерін қорғап, осылардың негізінде құрылған оқу орындары
дворяндар мен буржуазияның балаларына қызмет етті.
Екі теория да біржақтылығы үшін К. Д. Ушинскийдің, Н.Г.
Чернышевскийдің сынына ұшырады, олар жас адамды біліммен толықтыруын және
олардың жан-жақты дамуына жәрдемдесуін талап етті. К.Д. Ушинский ұлы
педагог, өзінің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне және балалар тәрбиесіне
арнаған. Оның Балалар әлемі, Ана тілі, Педагогикалық антропология
атты еңбектері көпке танымал. Оның педагогикалық пікірлерінің ең негізгі
мәні-әрбір елдегі халықтың мақсат, мүддесіне, мұқтажына, салт-дәстүріне
сай өзіндік ағарту жүйесі болу қажет деген халықтың идеясына енді.
Жоғарыда айтылған 19-ғасырды 60-шы жылдарындағы жалпы білім беретін
мектептің оқу мазмұны жөніндегі пікірлерге педагог өз пікірін білдірген.
Ол бұл екі теорияның екеуін де біржақты деп бағалады.
- Себебі мектеп білім арқылы балалардың ой-қабілетін, ойлауын, сөйлеу
мәдениетін және тағы басқаларды дамыту керек.
Қаншалықты дамуы (формальді білім беру) қажет болса, сол заманның жүйеге
түскен білімдермен қаруландыру (материалдық білім беру) соншалықты қажет
дейді. Осы пікірмен К.Д.Ушинский дидактиканың негізгі проблемасында білім
мәселелерін дұрыс қойып, ғылыми дүние танымын қалыптастырып, оқушылардың
болашақта өздігінен біілм ала білу шеберлігін шыңдап, оларды білімге деген
ықыласын туғызып, оны өз бетінше қанағаттандыра алуға үйретуге тиіс.
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық зерттеулерін қазақтың тұңғыш педагогы
Ы.Алтынсарин өзінің қызметінде басшылыққа алған.
Ы.Алтынсарин 1861 жылы Торғай мен Ырғыздың қалаларында қазақ балалары
үшін бастауыш мектептер ашты. Сол кездердегі орыстың прогресшіл
педагогтарына ортақ болған өміршең өзекті мәселе-бастауыш халық мектебінің
оқу мазмұны мен білім шеңбері туралы мәселе еді. Бастауыш орыс мектебінің
оқу мазмұнын шешуде бірін-бірі толықтырып, осы проблемаларды шешуге негіз
болған бастауыш мектеп жөніндегі ірі үш қайраткердің көзқарасы бар. Олар
бастауыш мектеп білімінің көлемін сөзбен теориялық түрде ғана топшыламай,
өздерінің бастауыш мектепке арналған оқулықтарында дәлелденді.
К.Д. Ушинский бастауыш білім проблемаларын әр тараптан зерттей келе
бастауыш білім арқылы баланың ақыл-ойы мен адамгершілігі жетілуі тиіс
деді. Бұл жетілу нақты ғылыми бағыттағы табиғи және тарихи материалдарға
негізделуі керек, әрі материалдар сол заманға барлық ғылыми білімдердің
жүйесінен ерекшеленіп, сұрыпталып алынуы тиіс және педагогикалық жағынан
балаға түсінікті, тартымды болуы керек дейді. Н.А.Корфтың (1837-1883)
пікірі негізінен Ушинскийдің пікірімен жақындаса түседі де, Ушинский
оқулықтарында баланың ақыл-ойының дамуына зер салып, шаруаның, жұмысшының
балаларының тұрмысы мен тіршілігінен мәлімет бермегеніне, оларды
ескермегеніне ризашылығын білдірмейді. Оның ойынша бастауыш білімнің
негізгі талабы, міндеті баланың ақыл-ой жағынан дамытумен қатар оқушылардың
тұрмысқа, өмірге қатысты білім мағлұматтарын кеңейту болып саналады. Өзінің
Наш друг (Біздің дос) деген оқулығында осы мәселені енгізеді. Ол
Ушинскийдің Ана тілі атты еңбегін тәжірибе құралы, өмір мәселелері
туралы қосымша оқу мазмұнын шешуге А.Н.Толстой өзіндік тың көзқараспен
қарады. Ол екі көзқарасты да қолдай отырып, оқу материалдарының көңілсіз,
жалықтыратын, құрғақ кітабы тілде болуына қарсы шықты А. Н. Толстой.
Табиғи, ғылыми материалдардың барлығы да тартымды көркем сөзбен әдеби
түрде берілуін талап етті. Сондықтан Толстой өзінің Оқу кітаптарында
жазған әңгіме-мақалалары педагогикалық бағытта болуын, табиғи-ғылыми және
тарихи мазмұнда болуын көздеді.
Ы.Алтынсарин осы ұлы педагогтардың пікірлерін өзінің ағартушылық
қызметінде әрқашан басшылыққа алып отырды.
Қазақ хрестоматиясында қазақ балаларына арнап жазған әңгімелері,
аудармалары тәрбиелік-педагогикалық мазмұнда болуы балалар туралы Асан
мен Үсен деген әңгімесі А.Корфтың пікірімен ұштасып жатыр. Орыстың
прогрессивті педагогикасының дәстүрлеріне еске алатын болсақ, ежелден–ақ
баланың сауатын өзінің ана тілінде ашу керек деген пікір Я.А.Коменскийдің
еңбектерінен кіреді. Ол өзінің атақты Ұлы дидактика (1632) деген
еңбегінде педагогикалық жүйені толық және дәлелді түрде баяндаған. Бұл
еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог
ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселесі зерттелді. Ол адамның өсіп
жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып, бір-бірімен
байланысты құралған оқудың төрт сатылы кезеңін осыларға сай төрт түрлі
мектеп оқуының жүйесін ұсынды.
1. Баланың туғаннан бастсап алты жасқа дейінгі кезеңі Ана мектебі;
2. Алты жастан он екі жасқа дейінгі балалар үшін әрбір қоғамдағы Ана
тілі мектебі;
3. Он екі жастан он сегіз жастағы жастар үшін әрбір қалада латын мектебі
(гимназия);
4. Он сегіз жастан жиырма төрт жастағы жастар үшін әрбір мемлекеттік
академия болуы керек дейді.
Коменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда
келтіру деп білді. Сол заманда мектептерде латын тілінде оқу үстем болып
тұрған кезде, бастауыш мектептегі оқу ана тілінде болуын талап етті. Бұл
мәселеде ол өмірге қажетті бастапқы білім тек ана тілі арқылы ғана
беріледі, тек осылай ғана баланың ақыл-ойын дамыту міндетін жемісті
шешуге болады деген негізгі қорытындыға сүйенеді. Сонымен бірге Ұлы
дидактикада төмендегідей төрт дидактикалық сұрақтарға жауап берген:
1. қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады;
2. оқыту мен оқудың жеңілділігі;
3. оқыту мен оқудың негізділігі;
4. тез оқытудың ережесі мен тәсілдері;
Ұлы дидактикада оқыту ісіне қойылатын талаптар баяндалады.
Бұл талаптар:
а) оқытуға қолайлы уақытты таңдау;
ә) оқушыларды оқуға ынталандыру;
б) материалды біртіндеп күрделендіру;
в) пайда келтіретін мәселелерді ғана оқыту;
г) қалаған және меңгере алатын нәрсені ғана оқыту, саналы түрде
меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау.
Педагог Я.А. Коменскийдің зерттеулері мен еңбектері барлық елдердің
педагогикалық ойы мен тәжірибесіне күшті әсерін тигізді. Қандай да болсын
қоғамда мектеп білімінің мазмұны түгелдей тәрбие беру мақсатына
байланысты және осы мақсаттың нақтылы көрінісі болып саналады. Баланы
тәрбиелей отырып оқытады, оқу арқылы тәрбиелейді. Бұл мақсатта көп еңбек
сіңірген педагог А.С.Макаренко (1888-1939ж). Ол балалар ұжымымен тәрбие
жұмысын жүргізуді ғылыми негізгі теориясы мен әдістерін ұсынған.
Тәрбиенің міндеті-мақсаттарына байланысты тәрбиенің мынадай негізгі
принциптерін анықтады:
тәрбиешіге талап қоюды оны құрметтеу және оған сенім білдірумен
байланыстыру, коллектив ішінде, коллектив арқылы және еңбекте тәрбие
беру мақсатының өзгеруі білім берудің мазмұнын қайта құруды тудырады.
Білім беру-жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру
барысы және нәтижесі, оқушы өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті
шарты, білім берудің негізгі жолы-мектепте оқыту. Білім берудің мектепке
дейінгі, бастауыш, орта, арнайы орта, жоғары тағы сол сияқты сатылары бар.
Білім беру және оқыту теориясы-педагогика ғылымының саласы. Білім
беру және оқыту теориясы жас кезеңдерінің барлық сатылары сәйкес оқытудың
заңдылықтарын, оған қойылатын талаптарды, білім беру міндеттерін,
мазмұнын, оқыту мен оқу түрлерін, әдістерін, оқу барысында ынталандыру
мен бақылауды анықтайды.
Білім беру және оқыту теориясының методологиялық негізі-таным
теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім
болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын
іс-әрекет деп қарайды. Оқыту барысында оқушылардың білім, білік, дағдыларды
меңгеруде мұғалім мен олардың өз бетіндік іс-әрекеті бірлігі айқындалады.
Білім беру және оқыту теориясы адамның іс-әрекетін санасын, қарым-
қатынасын зерттейтін философия, психология, физиология, басқару теориясы
және т.б. ғылымдардың нәтижелеріне сүйенеді. Бұл терияның мақсаты оқытудың
заңдылықтарын, қоғам қажеттігіне сай оқытудың мақсаттары мен міндеттері,
әдістері, түрлері және нәтижелері байланысын ашу. Соңғы жылдары білім беру
және оқыту теориясы оқу жүктемесін тиімді және ұтымды ету тұрғысынан
оқытудың әрбір нақты жағдайын сапалы және мақсатты ұйымдастыруға мүмкіндік
беретін оқыту барысын қолайлы ету теориясын жасап шығарды.
Қоғамдық қажеттілікті есепке ала отырып, әрбір тарихи кезеңде білім
беру және оқыту теориясы оқыту міндеттерін, білім беру мазмұнын таңдап
алу белгілерін, оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу
құралдарын, дидактикалық материалдарды жасаудың негізін ашып береді.
Білім беру және оқыту теориясы оқыту әдістерін зерттейді, оларды
түрлі негізде топтайды, тәжірибелік-эксперименттік және педагогикалық озат
тәжірибе негізінде жаңа әдістер мен әдістемелік жүйелерді жасайды. Бұған
шешімі табылуға тиісті мәселе көтере отырып, оқушылардың танымдық іс-әрекет
жасау күйін туғызу, ізденіс әдістерінің пайда болуы дәлел.
Білім беру және оқыту теориясы оқытуды ұйымдастыру түрлері мен
құралдарын қарастырады. Білім–адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі,
қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың
қоғамдағы материалдық және рухани іс-әрекеті нәтижесі ретінде пайда болады.

Білік - әйтеуір бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында
лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.
Білікті әрекет іс-әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана
таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді.
Дағды - еңбек және басқа да іс-әрекет құралдарымен белгіленген
дәлдікпен және шапшаңдықпен оқу немесе ойын міндеттерін орындауда оқыту мен
қайталау нәтижесінде алған білік негізінде жақсы қалыптасқан әрекет.
Оқыту барысында мысалы, еңбек дағдыларын қалыптастыруда тек қозғалыс
емес, мақсатқа сай және орынды әрекеттер арқылы танымдық іс-әрекет
дағдыларына ерекше дейін аудару қажет. Осы үшеуі бір-бірімен тығыз
байланысты. Білімнің мазмұны-оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл
ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі.
Халыққа білім беру ісін жетілдіру-мемлекет саясатының өзекті
мәселелерінің бірі.
Білім мазмұнын жаңарту, білім беру жүйесін дамыту өмір талабының
объективті заңдылығы.

1.2 Бастауыш сынып білімінің мазмұнын арттыру жолдары

Мектепте білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, оқу пәндерінде, оқу
бағдарламада өз көрінісін тапқан. Бұл құжаттар республика көлеміндегі
барлық мектептер үшін міндетті болып табылады.
Мектептің оқу жоспары - Қазақстан өкіметі бекіткен мемлекеттік құжат.
Бұл құжат мектепте оқу үшін іріктеліп алынған оқу пәндеріне берілетін
сағат сандарын анықтап,оқу жылының құрылымын белгілейді.
Әр елдерде оқу жоспарын құрудың алуан түрлі принциптері қалыптасқан,
кейбір елдерде, мәселен, Америка Құрама Штаттарында пәндік жоспармен қатар
комплексті жоспар қолданылады. Бұл жоспарға сәйкес оқу бағдарламалары
жасалады. Оқу бағдарламасы дегеніміз оқу пәнінің мазмұны, білімдендірудің
іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың әрбір оқу жылына арналған
жүйесі мен сағат көлемі, оқу пәнінің оқытылу тәртібі мен рет жөні
белгіленген мемлекеттік құжат: Бағдарламада пән бойынша сыныптан тыс
жұмыстар жөнінде ұсыныстар және оқушылардың қосымша оқу үшін негізгі
әдебиеттердің тізімі беріледі.
Барлық бағдарламалар қосымша түсінік хаттармен жабдықталған, бұл
хаттарда пәнді оқыту міндеттері ашып, оқу пәнінің жалпы жүйесіндегі алатын
орны және пәннің басқа пәндермен байланысты сипатталған. Сонымен қатар
пәннің жеке бөлімдері, тақырыптары мен сұрақтарын оқып үйренуге қажетті
жалпы нұсқау, пәннің негізгі құралдары, оқыту әдістері жөнінде
ұсыныстар да беріледі. Бағдарлама құрастырудың екі тәсілі-концентрикалық
және линиялық тәсілдері белгілі. Оқу пәнін концентрикалық тұрғыдан
құрғанда игеруге тиісті материал неғұрлым жоғары теориялық дәрежеде
орналасуы линиялық (радикалдық) әдіске қарама-қарсы қойылады, мұнда оқу
курсының әрбір тармағы оқытудың келесі кезеңдері бұған оралмастан оқыту
міндеттерін қажет ететін толықтық пен тереңдік дәрежесінде баяндалды.
Концентрикалық тәсіл негізі-бастауыш оқытуды құру. Бастауыш сыныптарда
балаларға оларды ғылым негіздерін жүйелі де неғұрлым терең оқып үйренуге
дайындайтын білімдер, шеберліктер мен дағдылар беріледі. Қазіргі кезде
бағдарламаларды құруға концентризммен қашуға ұмтылу байқалып отыр.
Білім берудің мазмұнын одан әрі жетілдірудің ең таяудағы
міндеттерінің бірі линиялық әдіспен құрылған бағдарламалар жасау.
Мұндай бағдарлама оқу материалын компактілі (жинақы-шағын)
жайғастыруға және оқытылатын материалға оқтын-оқтын оралуға кететін
уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Біздің елімізде жалпыға бірдей сегіз
жылдық және одан орта білім алуды жүзеге асыру білім беру саласындағы
міндетті ойдағыдай шешудің маңызды алғышарты. Әрбір пән бойынша оқу жоспары
мен бағдарламасы негізінде оқулықтар құрастырылады, оқулықтарда белгілі
жүйеде оқу пәнінің мазмұны баяндалады. Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес
болуы тиіс; оқулықта бағдарламада белгіленген курс мазмұны қиындықтың
біртіндеп өсуі және оқушылардың жас ерекшеліктерімен түсініктілікте, жас
шамасына лайықты принципінің талаптарына сай болуы талап етіледі. Оқулық
балалар үшін қызықты да түсінікті, жеңіл тілмен жазылуы тиіс. Оқулықтар
әдетте бөлімдерге, тараулар мен параграфтарға бөлінеді.
Мектеп оқулықтары жақсы көркемделіп, әшекейлі көрініспен қамтамасыз
етіліп, әріптермен басылып, баспадан шығарылады. Балаларға арналған
оқулықта анықтамалар мен қорытындылар ерекшеленіп көрсетіледі.
Көптеген жаттығуларды орындауды немес есептерді шығаруды талап ететін
пәндер бойынша оқулықтарға қосымша есептер мен жаттығулардың жинақтары
шығарылады. Оқулықтардың мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілген кезде
оқу жоспардары да, бағдарламалар да, оқулықтар да өзгертіледі.
Білім беру мазмұнын анықтағанда нені басшылыққа алу керек, оны өз
еркімен белгілеуге бола ма? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін білім беру
мазмұнын құру теориясына тоқталуымыз қажет. Білім берудің мазмұнын
анықтайтын негізгі қағида критерийі оның ғылым дамуының осы заманғы
дәрежесіне сай келуі болып табылады. Білім беру мазмұнын ғылымның даму
дәрежесімен сәйкестендіруге тырыса отырып, жаңа оқу жоспары мен
бағдарламаларын құрастырушылар оқытуды тәрбиеден бөліп, оны тұтас бір бүтін
деп қарайды, әрі мұның жемісті болуы білімдерді игеру процесі, сонымен бір
уақытта қандай дәрежеде адамның белгііл бір ақылы мен мінезін, сезім мен
нанымның тәрбиелеудің тиімді процесі болғандығына қарай анықталатындығына
сүйенеді. Ал қазіргі уақытта елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты
соңғы кезде мектепте білім беру мазмұнын өзгерту пайда болды.
Оған себеп болған саяси-әлеуметтік жағдайлар болып отыр; Қазақстанның
егемендігін және қазақ тілінің мемлекеттік статус алуы жалпы білім беретін
мектептегі, әсіресе, қазақ мектебіндегі білім мазмұнын жаңарту осы
жүйедегі басқа да мәселелермен ұштасып жатыр. Олар-ана тілімізде қызмет
ететін үзіліссіз білім беру жүйесін құру әр тілде білім беретін
мектептердің өз ұлтының болмысын сақтай отырып, републикамыздың мүддесін
ұштастыру, жалпы білім беретін жаңа типті мектептердегі оқу процесін
қазақ тілінде жүргізуге қажетті мүмкіндіктердің бәрін жасау, оқыту
процесін ғылыми-техникалық прогресс талабына сай ұйымдастыру.
Бүгінгі таңда мұндай күрделі мәселені шешуде алғашқы қадамдар
жасалды. 1992 жылғы Қазақстан мұғалімі газетінің желтоқсан айындағы
нөмірінде Қазақстан Республикасында жалпы біілм беретін мектептер білім
мазмұнының тұжырымдамасы жарияланды.
Тұжырымдаманың кіріспе бөлімінде қазіргі әлеуметтік–экономикалық
жағдайға байланысты мектептің барлық сатысында білім мазмұнын қайта
қараудың қажеттілігі айтылған. Әр халықтың тарихы, мәдени дәстүрлері
бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылды.
Ол мектептегі білім мазмұнын жаңартудың қайнар көзі болуы қажет.
Тұжырымдамада осы заманғы жалпы білім мазмұнын қалыптастырудың ғылыми
негіздері анықталған. Республика мектептерінде білім мазмұны мәдениеті
өркендеген демократиялық қоғамға үйлесімді, жаңа адамды тәрбиелеуге
бағытталуы тиіс.
Болашақ қоғамның азаматы мыналарды меңгеруге міндетті:
- дүниеге диалектикалық көзқарастың негізгі болып саналатын ғылымдардың
белгілі бір мөлшерде білім жүйелерін;
- жаңа хабарды өздігінен дұрыс қабылдап бағалай білуге, дереу шешімін
табуға қабілеттілікті;
- кез келген теориялық және нақты жағдайларды өз бетімен талдай білуді;
- ана тілі мен ұлтаралық қатынас тілдерін, өзінің және басқалардың тарих
мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлердің қайнар көзі болып
табылатын рухани адамгершіілк байлықты;
- өздігінен денсаулықты нығайтуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға
әлеуметтік белсенділік, азаматтық нарықтық қатынастар жағдайындағы
әрқилы өмірде өз бетімен еңбек етуге дайын болуға міндетті.
Осыларға байланысты білім мазмұнын жаңарту тұжырымдамасының негізгі
бағыттары төмендегідей болуға тиіс.
- Біріншіден, мектептегі білім мазмұнын қазіргі ғылымының диалектикалық
құрылымына сәйкестендіру.
- Екіншіден, тәрбиелеу мен сезімді дамытудың барлық өрісін оқу, тұрмыс,
қарым-қатынас ескере отырып, оқытудағы негізгі салмақты оқушылардың
шығармашылық ойлау мен еңбектенуі мақсатына аудару.
- Үшіншіден, жалпы адамзаттың және біздің елдегі басқа халықтардың
тарихы мен мәдениетін ескере отырып, ұлттық рухани мәдениеттің
қайтадан жаңаруына байланысты өсіп жатқан ұрпақтың дүниетанымын,
адамгершілік байыту және олардың өсуін қамтамасыз ету. Осылардан
оқушыларға өмір бойы қызмет ететін, олардың ғылыми дүниетанымын
қалыптастыруға және ғылымның негізгі байлықтарын ұлттық, жалпы
адамзаттық мәдениетті игеруге мүмкіндік беретін білім, практикалық
білік, дағдылардың көлемін анықтау қажет болғандықтан, оқытудың
құрамы, құрылымы, мазмұны туралы проблема туып отыр. Осы айтылғандарға
сай қазіргі ұлттық, оның ішінде қазақ мектебі, қоғам мемлекеттің
тарапынан ерекше көңіл аударып, қамқорлық жасауды талап етеді. Ұлт
мектебінің басты қиындықтары мен проблемаларына талдау жасау –оны
дамытудың шешуші сыртқы және ішкі шарттарын айқындауға мүмкіндік
береді.
Жалпы білім беретін мектептің қалыпты жұмыс істеп ұдайы дамып отыруы
үшін мынадай сыртқы шарттарының орындалуы қажет:
- балабақшадан бастап университетке дейін біртұтас үзіліссіз ана тілінде
білім берудің жүйесін қалыптастыру және кешенді дамытып отыру;
- Қазақ Республикасында мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің қоғамдық
қызметін толық қалпына келтіру;
- ана тілі негізінде басқа тілдерді меңгерту жалпы білім беретін
мектептердің өздігінен дамуының ішкі шарты оның ана тіліндей тұтас оқу-
методикалық жүйесін жасау. Оқыту мақсаты, білім мазмұны, оқыту
формалары мен әдістері және оқу құралдары құрамдас бөліктері болып
табылатын бұл жүйе ұлттық, дүние жүзілік рухани, мәдени мұралардың
сабақтастығы негізінде, ғылымның, ғылыми техникалық прогрестің қазіргі
заманғы даму дәрежесіне сәйкес түбегейлі жаңартылуы тиіс.
Жалпы білім беретін мектептің мақсаты –жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен
адамзат мәдени мұрасынынң сабақтастығының сабақтай отырып оқыту, тәрбиелеу
және әрбір шәкіртті жеке тұлға дер санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік
жасау. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін мектеп мынадай
міндеттерді шешуі керек:
- оқушылардың санасына туған халқына деген қызмет пен мақтаныш сезімін
ұялататын, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ тілі мен әдебиетін, тарихи
өмірін қастерлеп, салт-дәстүрлерін меңгерту;
- оқушыларды интернационалистік рухта тәрбиелеп, өзге халықтардың
мәдениетін, дәстүр мен тілі құрметтеуге тәрбиелеу;
- жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеп дамуына, білім арттыруына көмектесу,
сондай-ақ оқытудың сан алуан тиімді формаларын, әдістерін кең қолдану
арқылы әрбір оқушының бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздың
қасиет дарыту, оларға білімді өздігінен толықтырып, тереңдету
тәсілдерін үйрету;
- оқытудың жаңа информациялық технологиясын пайдалану арқылы қазіргі
қоғам талап етіп отырған компьютерлік технологияны тиімді қолдана
білетін, икемді дағдылар қалыптасқан, белсенді жеке тұлғаны тәрбиелеу;

- оқушыларды адам, табиғат және әлеуметтік сұраныстарына мүдделерімен
тілектеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі формаларын, әсіресе
саралап және даралап оқытуды кеңінен қолдана отырып, олардың
таңдауларына сай-алғашқы кәсіптік және бастапқы арнаулы дайындықты
беру. Ой және дене еңбектерін ұйымдастырудың ұтымды жолдарын кең
қолдана отырып, оқушыға нарықты экономика элементтерін меңгерту,
сөйтіп олардың таланты мен қабілетін дамыту ой-санасын еркін ұштап, өз
мүмкіндігін барынша ашуға көмектесу;
Жалпы білім беретін мектептің құрылымы мен түрлері;
-Баланың ер жетуіндегі жас ерекшелігінің сапалық негізгі үш кезеңі-
балалық шақ, жасөспірім, жастық шақтарына сай мектеп 3 сатыдан тұрады:
Бастауыш саты (1-4 сынып)
Негізгі саты (5-9сынып)
Жоғары саты (10-11сынып)
Мектепке ұсынып отырған жаңа құрылымның өзіндік ерекшеліктері бар:
Біріншіден, жалпыға бірдей міндетті оқыту негізгі сатымен аяқталады;
Екіншіден, мектептің әрбір сатысының дербестігі қамтамасыз етіледі;
Үшіншіден, жоғары сатыда білім беру алғашқы кәсіптік және бастапқы арнаулы
даярлықпен ұштастырылады.
Мектептің төрт жылдық дербес бастауыш сатысы қалада да, ауылда да
баланың мекенжайын мейлінше жақын орналасуы тиіс. Шағын елді мекендер мен
қаланың мөлтек аудандарында бастауыш сатыны балабақша-мектеп жүйесіне
енгізуге болады. Мұндай жүйе мәдениетіміз бен біліміміздің, дәстүріміздің
қайта түлеу ошағы ретінде өз мүмкіншіліктерін толық пайдалана алады, әрі
балалардың ата-аналар мен өскен ортасынан кетпеуіне септігін тигізеді. Бұл
әлеуметтік және технологиялық жағынан өзін-өзі ақтай алмаған, бір орталыққа
жинақталған біртұтас бір мектеп құрылысынан бар тартуды талап етеді.
Бастауыш сатының негізгі міндеті - халық педагогикасы мен
психологиясының озық дәстүрлеріне сүйене отырып, балаларды тәрбиелеу,
оларды бойына өз халқының ұлттық игілігін дарыту, сонымен бірге оқушының
ана тілінде ойлау, сөйлеу, жазу дағдысын барынша мол қалыптастыру.
Бастауыш сатыға бала алты-жеті жастан бастап қабылданатын болады.
Баланың мектепке отбасынан да, балабақшадан да келетіндігі ескеріліп оқуға
дайындығын теңестіру мақсатында оқу-тәрбие жұмыс сараланып
ұйымдастырылады.
Бастауыш сатыдағы оқу-тәрбие жұмысының дүниежүзілік тәжірибесіне
сондай-ақ осы жастағы оқушының ақыл-ойының дамуы мен психологиясының
ерекшеліктерін зерттеген көрнекті педагог және психолог ғалымдардың жасаған
ғылыми қорытындыларына сүйенсек, балаға бастауыш мектепті ана тілінде
оқығанда ғана, оның бойындағы табиғи қабілет пен мүмкіндіктер барынша
дамиды. Өйткені, 7-9 жастағы балада өзін қоршаған ана тілін білетін бала
бастауыш сатыдағы бағдарламалық білім мазмұнын ойдағыдай меңгере алады.
Жоғарғы ұлт мектебі-еліміздегі қайта құрудың нақты жемісі, өмірі,
демократиялық өзгерістердің кепілі. Ол Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігінің және халықтар куәгері ретінде өмірге келді.

2-ТАРАУ. 3-сыныптың еңбекке баулу сабақтарында жаңа білім мазмұнын
негізінде оқытудың ерекшелігі

2.1 Еңбекке баулу пәні бойынша жасалынған мемлекеттік стандарт пен 3-
сыныптың бағдарламасына шолу жасау

Стандарт деген ұғым туралы түсінік

Өткен тарихи жолымыздың жетпіс жылы кешегі кеңес одағы аясында
өткендіктен білім берудегі жеткен жетістігіміз де, жіберген кемшіліктеріміз
де, тұйыққа тіреген қайшылықтарымыз да сол одаққа кірген туыстас елдермен
ұқсас. Сол заманда стандарт деген ұғым білім саласында қолданыста
болмағанмен, оның мақсатына сай келетін құжаттар болды. Жалпы білім беруге
қойылатын нормалар жүйесін сипаттайтын оқу жоспары, оқу бағдарламалары
сияқты басты нормативтік құжаттар болғаны мәлім. Ол құжаттардың маңыздылығы
бүгінде сақталып отыр. Ал стандарт деген ұғымның біздің білім беру
жүйесіне енуі әлемдік деңгейдегі білім жүйесінің дамуындағы жаңашыл
үрдістермен байланысты. (Стандарттың ерекшелігі неде болып тұр?)
- Жоғарыда айтылғандай білім стандартының мән-мағынасына сай келетін
құжаттар: оқу жоспары мен бағдарламалар жас өспірімге берілетін
білімге қойылатын талаптар мен нормативтер жиынтығы болып табылады.
Сипаты жағынан бұл құжаттарда негізінен мектепке қойылатын
(сатылардағы оқу жүктеменің көлемі, сынып сандары, жеке пәндерге
берілетін уақыт көлемі, міндетті оқытылатын пәндер тізімі) және пән
деңгейінде мұғалімнің оқушыларға беретін біліміне, көлеміне,
мазмұнына, тереңділігіне қойылатын талаптар беріледі. Басқаша
айтқанда, бұл құжаттарда талаптар нені беру керек, қалай беру
керек? деген сұрақтарға сай сипатталады. Бұны педагогика ғылымында
білім берудің кіру сәттегі реттелуі делінеді.
Бұл ұстамның ерекшеліктері мыналар:
- берілетін білім мазмұны, көлемі, құрылымы мен құрамы жағынан ұсақ-
түйегіне дейін сипатталуында;
- білім беру үрдісін орталықтан басқарудың тыйымдылығында;
- жалпы білім беруде, жеке пәнді оқытудың оқу-әдістемелік жүйесінің
(мақсат, мазмұн, әдіс, құрал, форма) бірыңғай біртектілігінде;
- оқушының оқу нәтижелері әрекет түрінде емес, білім-білік арқылы
сипатталатынында;
ХХ-ғасыр соңында білім беру саласындағы жаңашыл ұстаным болып отырған
білім стандартының негізгі ерекшелігі: оқушы оқу нәтижесінде нендей
әрекеттер иегері болады деген сұраққа жауап беруінде болды. Сондықтан
білім стандарты білім берудің шығу сәтін реттеуге бағытталған құжат
болғандықтан негізінен оқу нәтижелерін сипаттауға бағытталған. Олай болса,
ғылымда бұл ұстаным білім мазмұнын жобалаудағы, нормалаудағы жаңа тәсіл деп
қабылдануда. Оқу үрдісі мен берілетін білім мазмұнын нормаламай оның
нәтижесін әрекеттік сипатта нормалаудың өзіндік артықшылығы бар.
Біріншіден, белгіленген мақсатқа оқушының әр түрлі жолмен жетуіне
мүмкіндік береді. Демек, әр түрлі ұйымдастыру формалары, баламалы
оқулықтар, әр түрлі деңгейдегі бағдарламалар арқылы оқушының таңдауына
еркіндік беріледі. Екіншіден, белгіленетін мақсатты жүзеге асыруда
мұғалімге шығармашылықпен әр түрлі технологиялар, оқу әдістемелік кешендер
арқылы әрекеттенуіне еркіндік бар.
Біздің республикада білім стандарттарының оқу жүйесіне енгізілуі
қалай жүріп жатыр?
- жалпы білім беру стандарттарын зерттеу мәселесін Білім министрлігі мен
Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы бірлесе отырып 1994
жылдан жүйелі түрде бастады деуге болады. Осының нәтижесінде 1996 жылы
бірнеше құжаттар дайындалып, министрлік деңгейінде №69 бұйрықпен
бекітілді.
Олар:
- жалпы орта білімнің мемлекеттік стандартының негізгі ережелері;
- жалпы білім беретін мектептің даму тұжырымдамасы;
- жалпы орта білім мазмұнының тұжырымдамасы;
- жалпы білім беретін мектептердің базистік оқу жоспары.
Осы құжаттар арқылы біздің елде алғаш рет мемлекеттік білім
стандартының ғылымда кең және тар мағыналарындағы пайымдалуын ескере
отырып оның нысаналы, атқаратын қызметтері мен құрамы нақтыланды. Сөйтіп
мемлекеттік білім стандарты-жалпы білім берудің мазмұнына, оқу жүктеменің
көлеміне, дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар және нормативтері
ретінде кең мағынада қаралып, жалпы ережелері анықталды. Ал тар мағынада
білім стандарты жеке пәннің деңгейіне берілетін білім мазмұнының
көлемімен дайындық деңгейін сипаттайтындығы да сол жылдары нақтыланды.
Сондықтан сол жылдардан бастап оқу пәндерінің стандарттарын дайындау жұмысы
басталды десек қателеспейміз.
1998 жылы жеке пәннің деңгейінде №465 бұйрық шықты. Соның негізінде
жаңа буын оқулықтарын дайындау басталды.
Кез келген жаңа бастаманың іске асуы барыснда көптеген қиындықтар мен
кемшіліктердің болатындығы заңды құбылыс. Осы тұрғыдан 1998 жылы
дайындалған жеке пән стандарттарын жетілдіру жұмыс жүріп жатыр. Сонымен
қатар үкіметтің 1999 жыл 20-қыркүйектегі Жалпыға міндетті білім
стандарттарын дайындау, бекіту және қолдану мерзімін айқындау туралы
қаулысына байланысты білім стандарттарының дайындау формасына жаңа талаптар
қойылды. Осыған байланысты Қазақ Білім академиясының ұйымдастыруымен
мемлекеттік білім стандартының жалпы ережесі мен жеке пән стандарттары
ғалымдар, әдіскерлер мен мұғалімдердің қатысуымен өңделіп, көпшіілк қауымға
ұсынылуда.
Ал үстіміздегі жылғы Республика көлемінде білім беру саласындағы
зиялы қауыммен болған екі кездесуде де жалпы орта білімнің базалық
мазмұнына, оқу жүктеменің көлемін, оқушының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар мен нормалар жүйесі болып табылатын мемлекеттік білім стандарттары
кең түрде талқыланғанын өзіңіз де білесіз.
- Өткен тарихи жолымызда жеткен жетістіктерімізді әлемдік үрдістегі озық
тәжірибемен ұштастыруға тырыстық. Демек, білім берудің кері
сәтіндегі реттелуінен шығу сәтіндегі реттелуге бір қадам басқандай
болдық. Ол- берілетін білім мазмұнының, оқу жүктеменің көлемін
анықтап қоймай, сонымен бірге мектептің әр сатысын бітірген кездегі
оқушының оқу нәтижелерін нақтылау. Әрине, қазіргі таңда бұл
мәселені шет елдің озық тәжірибесіндегідей толық мағынадағы әрекеттік
сипатта бердік деп айту қиын.
Ұсынылып отырған білім стандартының құрылымы қандай?
- Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті жалпы орта білім беру
стандартының негізгі ережелері дайындалды. Бұл құжатта аталған
стандарттың қолдану саласы, нормативтік сілтемелер, анықтамалар мен
қысқартулар, жалпы ережелермен қоса жалпы орта білімнің барлық
мазмұнына, оқушының дайындық деңгейіне, оқу жүктеменің көлеміне
қойылатын талаптар нақтыланған. Сонымен қатар базистік оқу жоспары
жалпы орта білім алғанды куәландыратын құжаттар, мемлекеттік жалпы
орта білім стандартының орындалуын ьақылау жөнінде тиісті мәліметтер
берілген.
Негізгі ережелерге сүйене отырып оқу пәні бойынша жалпыға міндетті
стандартын дайындау жөніндегі ұсыныстар да аталған құжаттың құрамдас
ретінде берілген. Осы ұсыныстар негізінде әрбір міндетті пән бойынша үш
тілде алпыстан астам білім стандарттарындағы көпшілік назарын аудартып
сұрақ тудыратын мәселелерге тоқтала кетейік.
Біріншісі, базалық білім мазмұны мен дайындық деңгейлері арақатынасы.
Базалық білім мазмұнының көлемі, құрылымы жеке-жеке талданып емес, жалпы
сипаттама етінде берілген.
Ал осы базалық мазмұнның аясында оқушының міндетті түрде игеру қажет
бөлігі міндетті дайындық деңгейінің сипаттамасы ретінде берілген.
Бұл сипатталған базалық білім мазмұны көлемінде міндетті деңгеймен қоса
мүмкін (ілгеріленген, тереңдетілген) деңгейлер бар екендігі және олар оқу
бағдарламасында нақтыланып, оқулықта жарық көріп, оқу үрдісінде жүзеге
асады деген сөз.
Екіншісі, оқушының оқу нәтижелерін бағалау мәселесі. Жалпыға бірдей
міндетті деңгейге жету-әр оқушының міндеті, ал одан жоғары деңгейлерге жету-
оның өз еркі. Қалай болғанда оқу нәтижелерін бағалау керек. Сондықтан
күнделікті оқу үрдісіне дәстүрлі бес балдық бағалау жүйесі арқылы базалық
білім мазмұныны игерудегі оқу жетістіктері бойынша бағаланады.
Үшіншісі, оқу жүктемесінің жіктелудегі ұстанымдары. Білім беру жүйесін
реформалаудағы басты ұстаным- демократияландыру, ірілендіру екені
көпшілікке мәлім. Бұл ұстанымдары іске асыру құралының бірі: саралау
ұстанымы арқылы оқушыға, мұғалімге, мектепке таңдау мүмкіндігі беріледі.
Жалпы орта білім мазмұнын анықтап оны құрастыруда да аталған ұстанымдар
негіз болады.
Жалпыға бірдей мемлекеттік стандарттың құрамдас бөлігі болып табылатын
базистік оқу жоспардың жаңа құжаты екенін, ол жалпы орта білім негізін
анықтайтынын, ондағы көрсетілген нормативтер аясында әр мектеп өз оқу
жоспарын құру керектігін, ал оның жылжымалы бөлігі әр оқу орнының бет-
бейнесін байқатып қана қоймай, оқушылардың сұранысын қанағаттандыруға
бағытталғанын республика деңгейіне болған таңдау байқатып отыр. Осы
жоғарыда көрсетілгендермен байланысты жаңа бағдарлама бойынша 3 сыныптың
базалық білім мазмұны мына түрлерден құралған:
Өзіне-өзі қызмет ету (8 сағ)
Еңбек қауіпсіздігінің ережелерін (ине, қайшы, шелек, сыпырғыш, су
құйғыш, щеткамен жұмыс істеу тәсіліне қарай) сақтау. Тазалық-гигиеналық
талаптарды орындау, жұмыс орнын дайындау.
Техникалық-технологиялық мәліметтер. Сыртетпе түрлері, қолдану
мақсаты. Сыртетпе қадау тәсілдері, ілмек, сыртетпені мата түрлеріне
байланысты таңдау. Қиық, дайын синтетикалық, кендір баудан қолғап ысқыш
тоқу. Қолының өлшеміне байланысты қолғаптың үлгісін өздігінен жасау
(бармақсыз). Сынып бөлмесін тазалау, жинау. Ардагер мұғалімдерге құрметпен
көмек көрсету. Мұғалімдердің еңбегін бағалау құрметтеуді және
қалыптастыру.
Құрал-саймандар. Ине, қайшы, шелек, сыпырғыш, щетка, еден жуғыш.
Көрнекілік. Жеке қолғап түрлері, сыртетпе түрлерінен аппликация.
Топсаяхат. Балабақша, ардагер, зейнеткерлер үйі. Сарамандық жұмыс.
Сыртетпе қадау, ілгек торлау. Заттардың сөгілген, жыртылған жерлерін
көктеу, тігу ілмекпен тоқу. Кендірден қиықтап кесілген шұлықтардан, жұмсақ
кендір синтетикалық баудан қолғап-ысқышты ілмекпен тоқу, ілмекпен айналдыра
тоқу әдісін қолдану. Бөлме ішін тазалау, жинау.
Ұсынылатын бұйымдар. Сыйлықтық: ілмекпен тоқылған қолғап ысқыш.
Балабақша балаларына, ардагерлерге, үйдегі, жақын туыстарына, өзіне
қадалған сыртетпе. Торланған ілгек.
Ауыл шаруашылық еңбек (10 сағ)
Еңбек қауіпсіздігінің ережелерін (кетпен, күрек, тырмамен жұмыс істеу
тәсіліне қарай) сақтау. Тазалық-гигиеналық талаптарды орындау, жұмыс орнын
дайындау.
Агротехникалық мәліметтер. Бөлме өсімдіктерін мұртшаларынан және
өркендерінен өсіру. Екі жылдық сәндік өсімдік тұқымдарын тану және тұқымын
күту. Топырақты қажыту. Малдардың төлдері және олардың сыртқы, бітімі,
азықтануы, тіршілігі, қимыл-әрекеттері және форма қызметкерлерінің жұмысын
танысу.
Құрал-саймандар. Кетпен, күрек, тырма, шелек, гүл отырғызатын құмыра
ыдыстар.
Топсаяхат. Мал, құс фермалары. Бау-бақшаға сарамандық жұмыс. Сыныпта.
Бөлме өсімдіктерін мұртшаларынан, өркендерінен бөлу, отырғызу. Терезе
алдында пияз, қияр, қызанақтар өсіру.
Тәжірибе үлескісінде. Бөлінген үлескінің топырағын қопсыту, табиғи
тыңайтқыштармен өңдеу. Екі жылдық сәндік өсімдіктердің тұқымын себу, оларды
күту. Тәжірибе қию. Жеміс ағаштарын күтіп баптау.
Тірі табиғат бұрышында. Жан-жануарларды бақылау, күту.
Құстардың күтімі, азығы, көбеюі.
Мектеп формасында. Қоян, тышқандарды күту, баптау, қимыл-әрекеттерін
бақылау. Олардың азығы, көбеюі.
Техникалық еңбек (20 сағ.)
Еңбек қауіпсіздігінің ережелерін (тақтайша, ине, біз, қайшымен жұмыс
істеу тәсіліне қарай) сақтау. Тазалық-гигиеналық талаптарды орындау, жұмыс
орнын дайындау.
Техникалық-технологиялық мәліметтер. Қағаз бен қатырмақағаздың
серпімділігін салыстырмалы ерекшеліктері. Осы құбылыстардың негііз туралы
түсінік. Олардың өндірілуінің ерекшеліктері. Талшықтардың бағыты.
Фольга. Фольганың қасиеттері, пайдалануы.
Берілген өлшемдер бойынша сызғыш, үшбұрыш, циркульдың көмегімен
белгілеу. Қарындаш тәрізді таяқшамен фольгаға ою-өрнек түсіру. Сызықтың
түрлері туралы мәлімет. Масштабты қолдану. Сызғыштың қағаз бетіне тең
деңгейде түсуіне қолын жаттықтыру. Хайуанаттарға байланысты ою-өрнектердің
элементтерін қағазға сызып үйрену. Оқушыларға орындалған заттардың
әсемдігін түсіндіре отырып, бөлшектердің симметриялық теңдігін сақтауды
жаттықтыру тәсілдері. Құрал-саймандар. Тақтайша, ине, біз, қайшы, желім,
сүрткіш.
Көрнекілік. Ұлттық киімдер, ұлттық киім киген қуыршақ.
Топсаяхат. Кітап түптейтін цех, фабрика.
Сарамандық жұмыс. Сызықтың түрлерін сызу. Масштабты қолдану. өз
бетінше қағаз бен қатырмақағаздан қазақтың ұлттық киімдерінің шаблон
бойынша үлгісін жасау (тақия, көйлек, камзол, қуыршақ). Фольгадан қиылған
ою-өрнектерді қағаз, қатырмақағазға желімдеу) эскиз, сурет, шаблон
бойынша).
Қатырмақағаздан кітап қорабын, диірмен т.б. жасағанда фольгамен
әшекейлеу. Жыл мезгілінің (ағаш түстері, жапырақтың болу, болмауы,
формалары, өзенннің түсі т.б.) ерекшеліктерін дайындау.
Оқушылардың қиялы бойынша композициялар жасау. Киіздің эскизін
қағаздан қиып, жапсыру.
Ұсынылатын бұйымдар. Ұлттық киімдер; ұлттық киім киген қуыршақ, шырша
ойыншықтары, қақпақты домалақ қорап (ою-өрнекпен әшекейленген). Сабаққа
қатысты дидактикалық материалдар: күнтізбе-кітапша, фантастикалық теңіз
жануарлары мен өсімдіктері, термометр, картотекалар, Лото ойыны т.с.с.
Техникалық үлгілеу (10 сағ.)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесін талдау
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқытудың зерттеуі
Еңбекке баулу пәнін оқыту барысындағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары
Әдебиетті оқыту әдістемесі пән ретіндегі мақсаты
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі
12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Пәндер