Салық туралы


Жоспар
- Экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына салынатын рента салығы
- 346-бап. Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және ҚР-ның заттай нысандағы өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу тәртібі.
- Пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, роялти мен өнімді бөлу бойынша ҚР үлесінің жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы салық есептілігін (есебін) (есеп) жасау қағидалары
Экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына салынатын рента салығы
Экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына салынатын рента салығын шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстары үшін төленетін төлемдердің қатарына жатқызуға болады.
Салық заңнамасында көрсетілген келісімшарттың шеңберінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты көлемін экспорттайтын жер койнауын пайдаланушыларды коспағанда, шикі мұнайды, газ конденсатын, көмірді экспортқа өткізетін жеке және заңи тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушілер болып табылады.
Рента салығын салу объекті экспортка өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының, көмірдің көлемі болып табылады. Экспортка накты өткізілетін шикі мұнай, газ конденсаты бойынша шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі және салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген экпортталатын шикі мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Экспортқа салынатын рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі шешімі бойын- ша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеуші арасында жасасқан косымша келісіммен белгіленген тәртіппен натуралдық нысанға ауыстырылуы мүмкін.
Рента салығының мөлшерлемелері бұл өнімнің әлемдік бағасына карай 0%дан (бір баррель үшін 20 АҚШ долларынан төмен баға кезінде) 32%-ға дейін (бір баррель үшін 200 және одан жоғары баға кезінде) белгіленеді - барлығы 19 сараланған мөлшерлемелер. Күнтізбелік тоқсан экспортқа рента салығын төлеу бойынша салық кезеңі болып табылады. Салық төлеуші бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңінен кейінгі екінші айдын 25-інен кешіктірмей төлейді.
Экспортқа рента салығы бойынша мағлұмдама төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен келесі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.
346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының заттай нысандағы өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу тәртібі.
1. Осы Кодекстің 302-бабының 2-тармағында және 330-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген келісімшарттардың салық режимдерінің ережелерінде белгіленген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге міндетті.
2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтиді және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық және ішінара жүргізілуі мүмкін.
3. Заттай нысанда төленетін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшері, сондай-ақ роялти мен осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі осы Кодексте, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген тәртіппен және мөлшерде ақшалай түрде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс.
Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына беретін пайдалы қазбалардың көлемі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
4. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтиді және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін заттай нысанда төленуін көздейтін қосымша келісімді жасасу кезінде:
1) жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы, роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемдерін мемлекеттің атынан алушы;
2) жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы, роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемдерін жеткізудің пункті және шарттары міндетті түрде көрсетіледі.
5. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтиді және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебінде заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды беру мерзімі осы Кодексте және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген ақшалай нысанда төленетін осы салық пен төлемдерді төлеу мерзіміне сәйкес келуге тиіс.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттің атынан алушыға пайдалы қазбаларды, мемлекеттің атынан алушы осындай берудің неғұрлым кеш мерзімін белгілеген жағдайларды қоспағанда, аталған салық пен төлемдерді төлеу мерзімінен кешіктірмей береді.
6. Мемлекеттің атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, роялтидің және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесінің тиесілі сомасын осы Кодексте және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімінде ақшалай нысанда мемлекеттік бюджетке аударады.
7. Мемлекеттің атынан алушы жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбалардың тиісті көлемін оған уақтылы әрі толық беруіне бақылауды дербес жүзеге асырады.
Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, сондай-ақ роялтидің және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесінің бюджетке толық әрі уақтылы аударылуына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалардың тиісті көлемдерін нақты тиеп жөнелткен күннен бастап мемлекет атынан алушы жауап береді.
8. Жер қойнауын пайдаланушы және мемлекеттің атынан алушы осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, сондай-ақ роялтидің және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесінің мөлшерлері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есептілікті орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген заттай нысандағы мерзімде және нысандар бойынша табыс етеді.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, роялти мен өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесінің жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы салық есептілігін (есебін) (есеп) жасау қағидалары
1. Жалпы ережелер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz