«Оғыз-наме» кітаби эпосындағы космогониялық мифтер



«ОҒЫЗ.НАМЕ» КІТАБИ ЭПОСЫНДАҒЫ КОСМОГОНИЯЛЫҚ МИФТЕР
«Оғыз-наме» эпосының фольклорлық арқауының негізін көне космогониялық мифтердің, тәңірлік сенім мен тотемдік, культтік ұғымдардың кеңінен көрінуімен дәлелдеуге болады. Адам танымының алғашқы кезеңдеріндегі айнала табиғатты тұтас жан деп ұғыну, адам мен табиғаттың бір-біріне оң және теріс әсерлері туралы түсініктер бұрынғы ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігіне тірек болып, бүгінгі заман ой-танымында, әдеби көркемдік әдістерінде сақталған. Айнала табиғаттағы Күн, Ай, Жер, Жұлдыз, Тау т.б. құбылыстарға қасиет беріп, киелі санау, олармен қарым-қатынаста белгілі бір заңдылықтарды сақтаудың мәні – ол шарт бұзылса адам кеселге, ауруға, өлімге ұшырайды деген сенім. Сондықтан отқа, суға түкірме, аттама, айға қол шошайтпа, күн батарда ұйықтама, жер сабалама деген сияқты түрлі ұғымдардың әрқайсының өзіндік мәні бар.
Өйткені дүние жүзінің көптеген халықтары, солардың ішінде түркі, монғол халықтары да, ерте кезде табиғат сырларын түсінбеген. Ертедегі адамдардың дүниетану шама-шарқы төмен болғандықтан жаратылыс көріністерінің әр алуан түрлерін (ай мен күн, бұлт пен дауыл т.б.) жарылқаушы күш ретінде қабылдап, оларға сиынған, медет тілеген. «Шамандық сенімнің дүниеге келуі, – деп жазады Ш. Уәлиханов – жалпылай немесе жекелей табиғатты қадір тұту, қастерлеу болып табылады» /1, 171/. Осындай арғы замандардың айғағы болған Ай, Күн, Аспан, Жұлдыз сияқты космостық бейнелер бір кездері ертедегі адамдардың мифтік түсінігінен сәйкес туып, келе-келе ауыз әдебиетінің тұрақты поэтикалық образдарына айналған /1, 172./.
Алайда бұл ұғымдар аталып отырған ескерткіште тікелей негізгі кейіпкер болмысымен тығыз қабысып жатады. Өйткені, ол күннің нұрынан пайда болады. Жалпы, дүниежүзі тарихында атақты адамдар мен Құдайлардың дүниеге келуі жайлы мифтерден көбіне күн нұрынан туу мотивін жиі кездестіруге болады.
Ежелдегі адамдар басында сәулесі болған, текті адамды нұрдан жаратылған етіп көрсету, ол құбылыс келе-келе мақсатты түрдегі қолданылатын фольклорлық әдіске айналған. Күн нұрынан пайда болу мотиві Шыңғысханның дүниеге келуіне байланысты т.б. қазақ жырларында көрініс табады.
Ежелгі түркі аңыз, әпсаналарында бақытты болатын адамның төбесінен нұр жауатыны туралы көп айтылады. Бұл дәстүр түркі халықтарының ерлік дастандарынан да орын алған. Мәселен, қырғыздың «Манас» атты эпосында болашақ батыр Манас та жолына нұр төгілген ал, өзін көкжал бөрі қорғап жүрген қаһарман болып келеді /2, 101/.
Түркі-монғол халықтарының аңыз-ертегілерінде кейіпкердің күн нұрынан туу мотивінің орын алуы ежелгі наным-сенімдерге байланысты. Жалпы, дүниежүзі халықтары фольклорында атақты адамдар мен Құдайлардың дүниеге келуі көбінесе күн нұрымен байланыстырылады. Фольклортанушы ғалым В.Я.Пропп: «Адам баласы мәдениеттің неғұрлым төменгі сатыларында болған уақытта «ғажайып туу» елдің бәріне талғаусыз таныла береді. Патша мен Құдайлардың бұлай тууы олардың артықшылығына айналды. Ал қарапайым адамдар қалыпты жағдайда дүниеге келеді. Египет патшалары өздерін «күннің құдайы Раның тұқымымыз» деп санайды. Осындай сенім Үнді патшалары мен ханзадалары және Қытай императорларында да бар», – деп жазған /3, 207-208/.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы, 1985. – 172 б.
2 Фольклор шындығы. – Алматы: Ғылым, 1990. – 264 б.
3 Пропп В.Я. Фольклор и действительность. – Москва: Наука, 1976. – 325 с.
4 Толстов С.П. Пережитки тотемизма и дуальной организации у Туркмен // Проблемы истории докапиталистических обществ. – 1935. – № 9-10. – С. 3-14.
5 Өмірәлиев Қ. Оғыз қаған эпосының тілі. – Алматы: Ғылым, 1988. – 279 б.
6 Мелетинский Е.М. Поэтика мифа. – Москва, 1974. – С.193.
7 Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Қазақтың батырлық жырларының поэтикасы.– Алматы: Ғылым, 1991. – 296 б.
8 Қасқабасов.С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984. – 128 б.
9 Ыбыраев Ш. Қорқыт және шаманизм. – Алматы, 1899. – 601 б.
10 Кастанье И. Из области киргизских веровании // ВОУО. – 1992. – №3. – 45 с.
11 Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. – Алматы: Ғылым, 1986. – 215 б.
12 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. Ғылыми-зерттеу мақалалар /Құрастырған Р. Бердібаев/. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ОҒЫЗ-НАМЕ КІТАБИ ЭПОСЫНДАҒЫ КОСМОГОНИЯЛЫҚ МИФТЕР

Сарбасов Б.С. - аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)

Оғыз-наме эпосының фольклорлық арқауының негізін көне космогониялық мифтердің, тәңірлік сенім мен тотемдік, культтік ұғымдардың кеңінен көрінуімен дәлелдеуге болады. Адам танымының алғашқы кезеңдеріндегі айнала табиғатты тұтас жан деп ұғыну, адам мен табиғаттың бір-біріне оң және теріс әсерлері туралы түсініктер бұрынғы ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігіне тірек болып, бүгінгі заман ой-танымында, әдеби көркемдік әдістерінде сақталған. Айнала табиғаттағы Күн, Ай, Жер, Жұлдыз, Тау т.б. құбылыстарға қасиет беріп, киелі санау, олармен қарым-қатынаста белгілі бір заңдылықтарды сақтаудың мәні - ол шарт бұзылса адам кеселге, ауруға, өлімге ұшырайды деген сенім. Сондықтан отқа, суға түкірме, аттама, айға қол шошайтпа, күн батарда ұйықтама, жер сабалама деген сияқты түрлі ұғымдардың әрқайсының өзіндік мәні бар.
Өйткені дүние жүзінің көптеген халықтары, солардың ішінде түркі, монғол халықтары да, ерте кезде табиғат сырларын түсінбеген. Ертедегі адамдардың дүниетану шама-шарқы төмен болғандықтан жаратылыс көріністерінің әр алуан түрлерін (ай мен күн, бұлт пен дауыл т.б.) жарылқаушы күш ретінде қабылдап, оларға сиынған, медет тілеген. Шамандық сенімнің дүниеге келуі, - деп жазады Ш. Уәлиханов - жалпылай немесе жекелей табиғатты қадір тұту, қастерлеу болып табылады 1, 171. Осындай арғы замандардың айғағы болған Ай, Күн, Аспан, Жұлдыз сияқты космостық бейнелер бір кездері ертедегі адамдардың мифтік түсінігінен сәйкес туып, келе-келе ауыз әдебиетінің тұрақты поэтикалық образдарына айналған 1, 172..
Алайда бұл ұғымдар аталып отырған ескерткіште тікелей негізгі кейіпкер болмысымен тығыз қабысып жатады. Өйткені, ол күннің нұрынан пайда болады. Жалпы, дүниежүзі тарихында атақты адамдар мен Құдайлардың дүниеге келуі жайлы мифтерден көбіне күн нұрынан туу мотивін жиі кездестіруге болады.
Ежелдегі адамдар басында сәулесі болған, текті адамды нұрдан жаратылған етіп көрсету, ол құбылыс келе-келе мақсатты түрдегі қолданылатын фольклорлық әдіске айналған. Күн нұрынан пайда болу мотиві Шыңғысханның дүниеге келуіне байланысты т.б. қазақ жырларында көрініс табады.
Ежелгі түркі аңыз, әпсаналарында бақытты болатын адамның төбесінен нұр жауатыны туралы көп айтылады. Бұл дәстүр түркі халықтарының ерлік дастандарынан да орын алған. Мәселен, қырғыздың Манас атты эпосында болашақ батыр Манас та жолына нұр төгілген ал, өзін көкжал бөрі қорғап жүрген қаһарман болып келеді 2, 101.
Түркі-монғол халықтарының аңыз-ертегілерінде кейіпкердің күн нұрынан туу мотивінің орын алуы ежелгі наным-сенімдерге байланысты. Жалпы, дүниежүзі халықтары фольклорында атақты адамдар мен Құдайлардың дүниеге келуі көбінесе күн нұрымен байланыстырылады. Фольклортанушы ғалым В.Я.Пропп: Адам баласы мәдениеттің неғұрлым төменгі сатыларында болған уақытта ғажайып туу елдің бәріне талғаусыз таныла береді. Патша мен Құдайлардың бұлай тууы олардың артықшылығына айналды. Ал қарапайым адамдар қалыпты жағдайда дүниеге келеді. Египет патшалары өздерін күннің құдайы Раның тұқымымыз деп санайды. Осындай сенім Үнді патшалары мен ханзадалары және Қытай императорларында да бар, - деп жазған 3, 207-208.
Ол Фольклор и действительность атты еңбегінде бүкіл дүниежүзі фольклорының ең көне жанрларында пайда болған ғажайып туу мотивінің пайда болу принциптерін ертегі наным-сенімдермен, культтік, рәсімдік мәселелермен тығыз байланысты қарастырады және бұл мотивтің фольклорлық шығармалар сюжетін толықтырушы көркемдік тәсілге айналғанға дейінгі даму тарихын қалпына келтірді.
Түркі халықтарының фольклорында осындай Ай, Күн әсерімен дүниеге келуін баяндайтын сөздеріне орайлас тұрақты дәстүрдің қалыптасуы тегін емес. Ол түркілердің ең көне дүниетанымына, яғни, олардың көне наным-сенімдеріне Ай мен Күн культінің маңызды рөл атқарғандығын әрі сенім көріністері халықтың эстетикалық қалыпты нормасына айналғанын байқатады.
С.П. Толстов зерттеулеріндегі пайымдауларға қарағанда түркі тайпаларында Ай мен Күн тотемдеріне табынушылық ұзақ уақыттар сақталып келген. Сол себепті түрікмен тайпаларының шығу тегі баяндалатын шежірелерде түрікмендердің Әли-или, Ерсары, Шах, Теке тайпаларында Айтолды, Күнтолды ру тайпалары кездесетіні сөз болады 4, 7-б..
Жүсіп Баласағұнидың Құдатғу білік дастанындағы басты кейіпкерлердің есімдері де Айтолды және Күнтолды болуы бұл дәстүрдің түркі фольклорында мықтап орныққанын аңдатады. Талданып отырған Оғыз-наме ескерткішінде Оғыз қағанның өзі ғана емес оның үйленуі, Ай, Күн, Жұлдыз, Тау, Көк, Теңіз деген балаларының тууында космогониялық мифтердің мәні көркемдік рөл атқарады.
Оғыз қағанның оны көргенде жаны қалмады. Ол осы қызды алып үйіне кетті. Оны сүйді, алды. Бірге жатты. Тілегі қабыл болды. Сол қыз жүкті болды. Күннен күн өтіп, түннен түн өтіп, көзі жарыды, үш ер бала туды, біріншісіне Күн деп ат қойды, екіншісіне Ай деп ат қойды, үшіншісіне Жұлдыз деп ат қойды 5, 205. Бұл мысалдар негізінде көне түркі тайпаларының Көк Тәңіріге табынып, жақсылықты да, жамандықты да Көктен яғни, аспаннан күткен дүниетаным сақталған.
Көк тәңірі - көк аспан деп аталады. Қазақтар ұғымындағы бірінші аталатын сын есім көк - көріністі бейнелейді және заттық түсінікті білдіреді, ал зат есім (тәңірі) көк атауының (синонимі) баламасы... - (Алланы) және құдайды (худда). Сондай-ак, даланың алыс түкпірлерінде, мысалы қазақ ордасында Көке-Тәңірі - деген атау әлі кездеседі - деп жазады Ш. Уәлиханов 1, 181.
Қазақ мифінде хаостың космосқа айналуындағы басты бір шарт - жер мен аспанның жекеленіп пайда болуы жайлы мифтерде сақталған. Мысалы: Аспан мен жердің бөлектенуі, яғни әлемді қаптаған судан аспанның және құрлықтың бөлініп жасалғаны жайында түсінік бар. Көне заманда, мифтік сана кезінде адамдар бүкіл әлемді, аспанды да су деп білген. Қазақ тілінде Тәңір деп көкті, теңіз деп суды айту тегін емес. Екеуінің түбірі көк, аспан ұғымымен байланысты, демек, Тәңір - көктегі (яғни жоғарыдағы) су болса, теңіз - жердегі (яғни төмендегі) су. Басқаша айтқанда, аспанның өзі әуелде су деп түсінілген, оның көк, тәңір болып аталуы содан. Ал, жердегі су да түсі жағынан аспан, яғни Тәңір сияқты көк болғандықтан теңіз деп аталған. Екінші аспан мағынасында айтылған (із - жұптықтың белгісі). Аспан мен жердің телегей теңізден бөлініп жаралғаны туралы түсінік жаһанда үш түрлі әлем (аспан, жер, жер асты) бар деген сенім тудырған. Ш.Уәлиханов мұндай сенімнің қазақта да бар екенін айтқан: Аспанда ел бар. Ондағы адамдар белдікті тамағынан тартады, біз ортада, жер бетінде тұрамыз, сондықтан белдікті белімізге байлаймыз, ал, жердің астындағы адамдар белдігін аяғына орайды, олардың өздерінің күні, айы, жұлдыздары бар 1, 180.
Кейінгі замандарда, миф ертегіге айналғанда осы үш әлем ертегі кейіпкерінің шарлайтын мекеніне айналады. Бұл үш әлем шамандар дінінде де сақталған.
Қазақтың көне мифінде болуға тиісті ілкі ата-демиург бейнесі Тәңір образымен алмастырылған. Ал, Тәңір аспанның әміршісі саналған. Яғни, Тәңір - ең жоғарғы құдай, ол аспан мен жердегі тылсым мен тіршіліктің иесі. Аспанды да, ондағы жұлдыздарды да, адамды да, жер бетіндегі нәрселердің бәрін де, жаратушы - Тәңір деп саналған. Міне, мұның бәрі - көне мифтік ілкі ата - демиургтың, жасампаз қаһарманның атқаратын істері. Бұл қызметті түркілер заманында Тәңір, ал ислам келгенде Алла атқарады. Қазақтың көне мифінде ілкі ата - демиург образының толық және айқын сақталмау себебі осында деп білуіміз керек - дейтін С.А. Қасқабасов пікіріне сүйенсек, Оғыз-наме эпосындағы тәңірлік сенімнің негізгі сюжеттік өзек болғанын байқау қиын емес. Оның дүниеге келуі де ғана емес, жар таңдап сүюінде де Тәңірлік сипат басым. Ғашық болған жары да тылсыммен тығыз байланысты екендігіне мәтін арқылы көз жеткізуге болады.
Оғыз-намеде: Күндерде бір күн Оғыз қаған бір жерде Тәңіріге жалбарынып отыр еді. Қарауы болды. Көктен бір жарық (сәуле) түсті. Күннен аян, айдан қуқылырақ еді. Оғыз қаған (көк жарыққа қарай) жүрді, көрді. Көрсе, әлгі жарықтың арасында бір қыз бар екен, жалғыз отыр екен. Артықша көрікті бір қыз екен. Ол қыздың маңдайында оттай сәуле шашқан бір меңі бар екен. Алтынқазықтай екен. Яғни, қыздың жаратылысында адамзаттан бөлек тылсымдық қасиет бар. Осы қыз сондай көрікті еді: күлсе Көк Тәңірінің (өзі) күлетіндей, жыласа Көк Тәңірінің (өзі) жылайтындай еді 5, 56.
Сондай-ақ, түркі тілдес халықтар мифіндегі Тәңірлік сенімнің ерекшеліктері жайлы Ерлі зайыпты баба-құдайлардың ең көне универсальды тараған түрі аспан-әке мен жер-ана. Бұл образдарда, бір жағынан, рулардың бабалары болып саналатын ілкі адамдардың космостанғанын, ел екінші жағынан, неке мен семьялық қатынастардың табиғат дүниелеріне көшірілгенін көруге болады, - дейтін пікірін шындығында, бүкіл түркі жұртында Тәңір - көктегі ер рөлінде, ал Ұмай - жер-ана болып қабылданады 6, 73. Сонда, жоғарыда Е.М. Мелетинский ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оғыз қаған тарихи жұрт
Қазақ халық прозасындағы әпсана-хикаят жанры
Қазақ мифологиялық фольклорындағы ұлттық таным
Қазақ эстетикасының құндылықтық-мағыналық негіздері мен ерекшеліктері
Ә. Марғұланның Қорқыт жайындағы зерттеулері
ТҰРМЫС - САЛТ ЖЫРЛАРЫ
Зерттеудің өзектілігі
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
Түркі ортағасырлық мәдениеті әлемдік мәдениеттер қазынасына енді
Қазақ даласындағы философиялық көзқарастардың ерекшеліктері
Пәндер