Бюджет тапшылығы туралы


3. Бюджет тапшылығының проблемалары және бюджет тапшылығының болу себептері, оны төмендетудің әдістері .
Бюджет тапшылығы.
Бюджет тапшылығы- таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальбоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең. Теріс белгімен алынған шама бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығының жол берілетін щекті мөлшері әлеуметтік- экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.
Бюджет тапшылығының болу себептері:
- елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
- қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
- айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен шығару;
- бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
- әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
- көлеңкелі экономиканың ірі ауқымды айналымы;
- ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар,
Бюджет тапшылығын төмендетудің тәсілдері:
- шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
- кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;
- кірістер өседі, шығыстар азаяды.
3. 2. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру- қарыз алу бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қаматамасыз ету. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
- ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлеуметтік-экономикалық салдарларыболатын инфляцияға жеткізеді. Өз екзкгінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғаланылуы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
- мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары бар компаниялар, банктер және т. б қатысады.
- шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.
- ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.
Бюджет профицітін пайдалану - қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицітін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.
Бюджет профицітін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицітінің шмасына сай келеді.
Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге, бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықарлық ынтымақтастыққа, сондай - ақ қолданбалы ғылыми зерттеулерге, мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық актілері мен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады .
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютті және относителді тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл инфляциялық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының кеңкюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр.
3. 3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауыерекше экономикалықнысандар ө бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттер өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік - экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1. кірістер:
Салықтық түсімдер;
Салықтық емес түсімдер;
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
Ресми трансферттер түсімдері;
2. шығындар;
3. операциялық сальдо;
4. таза бюджеттік кредит беру:
Бюджеттік кредиттер;
Бюджеттік кредиттерді өтеу;
5. қаржы активтерімен жасалатын операцияларбойынша сальдо:
Қаржы активтерін сатып алу;
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6. бюджет тапшылығы (профициті) ;
7. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) :
Қарыздар түсімі;
Қарыздарды өтеу;
Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материялдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материялдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz