Көмекші өндіріс


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ІІ. Көмекші өндірістің шығындарының талдамалық есебі.

2. 1. Көмекші өндірістің сипаттамасы

Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл - қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автотранспорт және т. б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 920 шоты арналған және ол "Цехтардың Шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.

Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:

920- "Көмекші өндірістер (қорытушы шот) ";

921- "Материалдар";

922- "Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу";

923- "Еңбекақыдан қаржы бөлу";

924- "Үстеме шығыстар";

Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарды есепке алу "цехтар шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.

Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді, Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектестігі немесе біртектес еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.

Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршама ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жүмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.

Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын есептеу үшін автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік кұнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны не математикалық, не есептік өзіндік құн бойынша (немесе өткен айдағы кызмет көрсетудің құны бойынша) есептелінеді. Математикалық әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі кеңінен пайдаланылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады, сондықтан онда қалдық қалмайды.

Тек жөндеу-механикалык пен аспаптар жасайтын цехын қоспағанда, бұл цехтарда ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бұндай қалдықтарды есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтериясына беріледі, ол кезде 213 - "Көмекші өндіріс" шоты дебеттеледі де, 920 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі - бұл операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің көмекші өндірісіне жатқызылады.

Келесі есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік (басқарушылық) бухгалтерияға беріледі, ол кезде 920 - "Көмекші өндіріс" шоты дебеттеліп, 213 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі.

Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар бойынша тарату үшін "Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату" деп аталатын талдамалы кестесін жасайды. Онда әрбір көмекші цехтардың жиынтық шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы бойынша - будың тоннасы, компрестік қондырғы - қысылған ауаның куба метрі, электростанция - киловатт/сағаты, автотранспорт - тонна/километрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықталады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен кызметті тұтынғандарға таратады.

Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктердің көрсеткіштері бойынша немесе шамамен (шартты жолымен) анықтайды. "Көмекші өндіріс қызметін таратудың" талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген кызметтердің және көмекші өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік құны есептелініп шығарылады және олардың жоспарлы өзіндік құны келтіріледі. Қабылданған және көрсетілген қарама-карсы қызметтердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған және көрсетілген қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бір өлшемінің, өзіндік құны анықталады.

Екінші бөлімнің деректері "Цех шығындарының" негізінде ведомосқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 920 шоты кредиттеледі.

Үшінші бөлімде көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы болып саналмайтын бөлімшелердің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.

Ай ішінде көмекші өндіріске мынадай шығындар жатқызылды:

Кесте 2. 1.

Қатар
Шаруашылық операцияларының мазмұны
Сомасы, теңге
Шоттар корреспонденциясы
дебет
кредит
Қатар: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны: 2
Сомасы, теңге: 3
Шоттар корреспонденциясы: 4
5
Қатар: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Көмекші өндіріс қажеттілігіне босатылған материалдық құндылықтар:

  • автотранспорт цехына
  • буқазан цехына
  • жөндеу механикалық цехына
Сомасы, теңге:

141

35

79

27

Шоттар корреспонденциясы: 921
201-206, 208
Қатар: 2
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Көмекші өндірісте істейтін еңбеккерлерге жалақысы есептеленеді:

  • автотранспорт цехына
  • буқазан цехына

жөндеу механикалық цехына

Сомасы, теңге:

319

165

98

56

Шоттар корреспонденциясы: 922
681
Қатар: 3
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Көмекші өндіріске жататын үстеме шығыстары есептен шығарылды:

  • автотранспорт цехына

буқазан цехына

Сомасы, теңге:

2131635

1102569

654860

374206

Шоттар корреспонденциясы: 924
930
Қатар: 4
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Көмекші өндірістің шолушы шотына жинақталады:

  • материалдық шығындары
  • еңбек ақы шығындары
  • еңбек ақыдан аударылатын аударымдар
  • үстеме шығыстары

Шығындар цехтар бойынша қорытынды.

  • автотранспорт цехына
  • буқазан цехына

- жөндеу механикалық цехына

Сомасы, теңге:

7334545

141

319

602910

2131635

3414419

2610080

1310046

Шоттар корреспонденциясы:

920

920

920

920

921

922

923

924

Қатар: 5
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Бір-біріне қарама қарсы көрсетілген қызметтері есептен шығарылады:

  • автотранспорт цехына
  • буқазан цехына

жөндеу механикалық цехына

Сомасы, теңге:

1159810

253681

557869

348260

Шоттар корреспонденциясы:

920 920

(сәйкес субпюттары бойынша)

Қатар:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Көмекші өндіріс бойынша жасалған шығындар (барлығы) 8494355 теңге (7334545+1159810)
Сомасы, теңге: 8494355
Шоттар корреспонденциясы:
Қатар: 6
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Бір-біріне өзара көрсеткен қызметтері мен жұмыстары есептен шығарады.
Сомасы, теңге: 115810
Шоттар корреспонденциясы:

920 920

(сейкес субпюттары бойынша)

Қатар: 7
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Көмекші өндіріс цехтары бойынша шығарылған дайын өнімі кірістіледі
Сомасы, теңге: 114400
Шоттар корреспонденциясы: 221
920
Қатар: 8
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Негізгі өндіріске көрсеткен қызметі мен атқарған жұмыстары:

  • кескіш цехы үшін
  • пішетін цехы үшін
  • дайындау цехы үшін
  • аяқ киім тігетін цехы үшін
Сомасы, теңге:

5058038

1414650

1623758

766671

1252959

Шоттар корреспонденциясы: 904
920
Қатар: 9
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Жалпы және әкімшілік қажеттілігі үшін орындалған жұмыстармен қызметтер
Сомасы, теңге: 526237
Шоттар корреспонденциясы: 821
920
Қатар: 10
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Өнімді сатумен байланысты, жұмыстар мен қызметтер
Сомасы, теңге: 1051092
Шоттар корреспонденциясы: 811
920
Қатар: 11
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Тыс жақта орындалған жұмыстар мен қызметтерді есептен шығару
Сомасы, теңге: 584778
Шоттар корреспонденциясы: 804
920
Қатар:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Жиыны
Сомасы, теңге: 8494355
Шоттар корреспонденциясы:

Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай қосымша өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шала фабрикаттар (электр станциялары, бу-қазандық, компрессорлық және оттегі станциялары, автомобиль көлігі) болмайды.

Күрделі өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жургізуді талап етеді. Күрделі өндіріске жөндеу, модельдік (үлгілік), аспаптық, ыдыс цехтары жатады.

Мысал, кәсіпорынның құрамында көмекші өндіріс ретінде: автотранспорттық, жөндеу-механикалық, бу қазандық цехтары бар болсын дейік. Олардың ішінен жөндеу-механикалық цехы - күрделі цех болып саналады, ал қалған екеуі қарапайым цехтар қатарына жатады

2. 2. Қарапайым өндірістің калъкуляциясы.

Қарапайым өндірісінде өнімнің, қызметтің және жұмыстың өзіндік құнының бірлігі ықшамдалған тәсіл бойынша калькуляцияланады: шығарылған өнімге, жұмысқа, қызметке қатысты шығын сомасын сол өнімнің санына бөледі.

Анықталған өнімнің, қызметтің, жұмыстың өзіндік құны бойынша тұтынушыларға 920 шотының кредитінен есептен шығарылады.

1. Бу қазан цехы. Бу қазан цехының таза өзінің шығыны 2610080 тенге кұраған, ал жөндеу-механикалық цехының көрсеткен қызметі (құрал-жабдықттарды жөндеу бойынша) - 175150 тенге құраған, автотранспорт цехының көрсеткен қызметі (есептік құны бойынша) - 382719 тенге құраған. 1 тонна будың есептік өзіндік кұны - 185 тенге құраған (өткен айдағы нақты шығындарының деңгейінен алынған) .

Ағымдағы айда жылыту үшін 14397 тонна бу шығарылған, еңді ол счетчиктердің көрсеткішіне сәйкес тұтынушылардың арасына таратылады:

Кесте 2. 2.

Қатар№:

Қатар

Қызметті тұтынушылар: Қызметті тұтынушылар
Тутынылған будың келемі, тонна: Тутынылған будың келемі, тонна
Керсетілген кызметтің кұны, тенге: Керсетілген кызметтің кұны, тенге
Қатар№: 1
Қызметті тұтынушылар:

Негізгі. өңдіріс цехтары:

- кесу цехы

- пішу цехы

- Дайындау цехы

- аяк киіңлі тігу цехъі

Тутынылған будың келемі, тонна:

2990

2901

2940

2600

Керсетілген кызметтің кұны, тенге:

668679

648776

657497

581460

Қатар№: 2
Қызметті тұтынушылар: Жалпы және әкімшілік кажеттілігіне жұмсалғандары
Тутынылған будың келемі, тонна: 1626
Керсетілген кызметтің кұны, тенге: 363637
Қатар№:
Қызметті тұтынушылар: Негізгі тұтынушылары бойынша жиыны
Тутынылған будың келемі, тонна: 13057
Керсетілген кызметтің кұны, тенге: 2920049
Қатар№: 3
Қызметті тұтынушылар: Көмекші өндіріс цехы: - жөндеу-механикалык цехы
Тутынылған будың келемі, тонна: 1340
Керсетілген кызметтің кұны, тенге: 247900-
Қатар№:
Қызметті тұтынушылар: Барлығы
Тутынылған будың келемі, тонна: 14397
Керсетілген кызметтің кұны, тенге: 3167949

* 1 тонна будың есептік өзіңдік кұны 185 теңге кұраған

Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құны 2920049 теңге құраған (6 кестеге қараңыз) : 2610080 + 175150 + 382719 - 1340 х 185 (жоспарлы өзіндік құны бойынша жөндеу-механикалық цехының көрсеткен қызметі) . Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызмтеттің нақты өзіндік құнының бірлігі 223, 64 теңгеге тең болған (2920049 : 13057) .

Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік кұны туралы мәліметтің (223, 64 тенге) және тұтынылған кызметтің саны туралы ақпараттың негізінде бу қазанының шығындары тиісті тұтынушылары бойынша есептен шығарылады.

2. Автотранспорт цехы. Автотранспорт цехының тасымалдаған жүгінің саны 18957 ткм құраған (ағымдағы айдың жол парағының мәліметі бойынша) . Ал автотранспорт цехының өзі жасаған шығын 3414419 тенге құраған, қарама-қарсы қабылданған кызметтің деңгейі - 253861 тенге құраған (жөндеу-механикалық цехының көрсеткен қызметі, 6 кестеге 568 б. қараңыз) . Өткен айдың нақты өзіндік құны туралы мәлімет бойынша бір т/км-дің жоспарлы өзіндік құны 193 тенге құраған. Жоспарлы өзіндік құн бойынша қарсы көрсетілген қызметтің сомасы цехтар бойынша мынаны құраған:бу қазан цехы бойынша - 382719 тенге (1983 т/кмх193) ; жөндеу-механикалық цехы бойынша - 100360 тенге (520 т/кмх!93) .

Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнының сомасы 3185021 тенге құраған (3414419+253681-382719-100360) . Негізгі тұтынушыға көрсетілген қызметтің көлемі 16454 т/км құраған (18957-1983-520) . Негізгі тұтынушылар бойынша шығындардың жалпы деңгейін (3185021) негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің көлеміне (16454) бөлеміз де, 1 т/км нақты өзіндік құнын табамыз, ал ол біздің мысалда - 193, 57 тенге құраған (3185021:16454) .

Жасалған калькуляцияның және жол парағының негізінде транспорттық кызметті тасымалданған жүктің т/км бойынша есептелген санына пара-пар (пропорционалды) етіп тұтынушылардың арасына таратылады.

Кесте 2. 3.

І Қатар№:

І Қатар

Транспорт қілзметін тұтынушыларынын атауы: Транспорт қілзметін тұтынушыларынын атауы
Тасыма Іданған жуктін саны, тонна/километр: Тасыма Іданған жуктін саны, тонна/километр
Қызметтің кұны, тенге: Қызметтің кұны, тенге
І Қатар№: 1
Транспорт қілзметін тұтынушыларынын атауы:

Негізгі ендіріс цехтары:

- кесу цехы

- пішу цехы

- дайындау цехы

- аяк киімді тігу цехы

Тасыма Іданған жуктін саны, тонна/километр:

2030

1100

564

3469

Қызметтің кұны, тенге:

392950

212928

109174

671499

І Қатар№: 2
Транспорт қілзметін тұтынушыларынын атауы: Маркетингі мен сату бөлімі
Тасыма Іданған жуктін саны, тонна/километр: 5430
Қызметтің кұны, тенге: 1051092
І Қатар№: 3
Транспорт қілзметін тұтынушыларынын атауы: Әкімшілік бөлімі
Тасыма Іданған жуктін саны, тонна/километр: 840
Қызметтің кұны, тенге: 162600
І Қатар№: 4
Транспорт қілзметін тұтынушыларынын атауы: Баска да (сырткы) тұгыушылар
Тасыма Іданған жуктін саны, тонна/километр: 3021
Қызметтің кұны, тенге: 584778
І Қатар№: 5
Транспорт қілзметін тұтынушыларынын атауы: Негізгі тұтынушылар бойынша жиыны
Тасыма Іданған жуктін саны, тонна/километр: 16454
Қызметтің кұны, тенге: 3185021
І Қатар№: 6
Транспорт қілзметін тұтынушыларынын атауы: Көмекші өндіріс цехтары: - бу казан цехы - жендеу-механикалык цехы
Тасыма Іданған жуктін саны, тонна/километр:

1983

520

Қызметтің кұны, тенге:

382719*

100360*

І Қатар№:
Транспорт қілзметін тұтынушыларынын атауы: Барлығы
Тасыма Іданған жуктін саны, тонна/километр: 18957
Қызметтің кұны, тенге: 3668100

Кесте 2. 4.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмекші өндірістің жұмысын анықтау
Өндірістік шығындар есебі
Өндіріс түрлері және өндіріс шығындар
Көмекші өндірістің сипаттамасы
Көмекші өндіріс шығындарының есебіне сипаттама
Көмекші өндірістің шығындары
Өндірістік шығындар есебінің теориялық негізі
Көмекші өндірістің шығындарының есебі
Өндірістік есепті ұйымдастыру
Үстеме шығыстардың есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz