Мұтазила мазхабы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мұтазила мазхабының қалыптасуы
2. Мұтазила мазхабының қысқаша тарихы
3. Мұтазила мазхабының мектептері
4. Мұтазиланың бес негізі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мұтәзила – тәухид, ади, әл-уағд, уәл-уаид, әл-мәнзиләту бәйнәл-мәнзиләтайн уә әл-әмру бил-мағруф уән-нәхи ғанил-мүнкәр деген бес негізді қабылдаған және кәламдық-философиялық мәселелерімен танымал ағым болып табылады.
Мұтәзила сөзі «ғазл» түбір сөзінен шыққан және ол «ұзақтау, бір шетке ысырылу» деген мағынаны білдіретін «иғтизәл» сөзінен өрбіген. Терминдік мағынасы ретінде мұғтәзила сөзі бір-бірінен алшақ үш түрлі ұғымда қолданылған. Бұл атау алғаш рет Хазірет Әлидің заманында бүлік жайлаған ортада ешбір топқа қосылмай, бейтарап қалған адамдарға қолданылса да, бұл кезеңде иғтиқадтық айырмашылықты сипаттамайтын еді. Мұғтәзила атауы хижри ІІ ғасырдың бас кезінен бастап, үлкен күнә істеушілердің жағдайы, тәухид, адам өз ісінің жаратушысы деген мәселелерде ақылды басты орынға қойып, қоғамның өзге мүшелерінен біраз өзгеше пікір, көзқарастар білдірген бір топ адамға беріле бастаған. Мұғтәзила Ислам әлемін өз ықпалында қалдырған философияны тану, жаңадан алынған елдердің әлеуметтік, мәдени, саяси және идеологиялық проблемаларымен айналысу және солардың шешімін табу талпыныстарының нәтижесінде жаңа сипатқа ие болды.
Мұғтәзиланың осы атаумен еске алынуының себебі турасында көптеген әрқилы тезистер ортаға тасталды. Солардың бірі, әрі ең танымал көзқарас: Мұғтазила ағымы «үлкен күнә істеген адамдардың мүмин де, кәпір де болмайды, осы екі жағдайдың арасында бір мекенде (әл-Мәнизиләту бәйнәл Мәнзиләтайн) болады» деген пікірлерінен соң осы атауды алған делінеді. Бұл көзқарасты Хасан Басри (110/728) мен Уасыл бин Ата (131/748) арасында өрбіген деп айтылатын және Уасылдың бөлініп кетуімен аяқталатын әйгілі оқиғамен байланыстырылған пікір қабылдады. Тақырыпқа қатысты өзге кейбір риуаяттарда мұғтазила атауының берілуіне себеп болған оқиғаның жүзеге асқан жері, мерзімі және тұлғалардың аттары әр алуан көрсетіледі. Мұғтазила өзіне қарсыластар тарапынан берілген осы атауды бастапқы кезде қолданбауға қанша тырысса да, уақыт өте келе қабылдап «тазалық және тақуалық иесі» деген ұғымда қолданды. Одан басқа, олар бұл атаудың Құраннан келгенін және оның шынайы ұғымы – жалғандықтан, азғын қоғамдардан бөлініп шығу және мақтаныш екендігін білдірген (Айдынлы, 2001, 25-41).
Мұғтазилалық идеялардың басты орынға шығуына және мазхабтың негізгі мақсаттарының пайда болуына ықпал еткен басты факторлар: Мұсылмандар арасындағы шыққан келеңсіздіктердің, келіспеушіліктердің шешімін іздеулерін Исламды қорғау психологиясы және аудармашылық істердің басталуымен қатар философияға бет бұруы деп тізбектеуге болады. Мұғтазиланың қалыптасу кезеңінде алғашқы мұғтазилалық идеялардың өте маңызды бір орны бар. Оған тұңғыз негіз болған «әл-мәнзиләту бәйнал-мәнзиләтәйн» идеясының тууымен мұғтазиланың пайда болуы кезеңі басталды.
1.И. Абдулхамид (1981). Исламда Итикади Мезһеплер ве Акайд Есаслары (ауд.: М. Сайым Йепрем). Истанбул: Марифет Баспасы.
2. А. Әл-Багдади (2001). Мезхеплер Арасындаки Фарклар (Ал-Фарк Байн ал-Фирак). (Арапша күнделіктен ауд.: Е. Рухи Фиғлали). 2ші Баспа. Анкара:ТДВ Баспасы.
3. Е. Р. Фиғлали (1996). Чагымызда Итикади Ислам Мезхеплери. Баспа. Стамбул: Селчук Баспасы.
4. Й .Кутлуай (1959), Исламийетте Итикады Мезһеблерин Доғушу. Анкара: Балканоңлу Матбаасы.
5. О. Айдынлы (2003). Мутезиле еколу. Тешеккулу, илкелери ве Ислам душунжесинекаткылары. Марифе Дер., Жилт:3, Сайы: 3. 27-54.
6. А. Асаоглы. Ислам мазхабтары тарихы. Түркістан, 2011. Тұран баспасы.
7. М.Исахан. Мазхабтар тарихы. Алматы, 2010.

Web сайттар:
1. http://www.topos.ru/article/2197
2. http://dic.academic.ru/dic.nsf/islam/572/

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мұтазила мазхабының қалыптасуы
2. Мұтазила мазхабының қысқаша тарихы
3. Мұтазила мазхабының мектептері
4. Мұтазиланың бес негізі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мұғтазиланың қалыптасуы
Мұтәзила - тәухид, ади, әл-уағд, уәл-уаид, әл-мәнзиләту бәйнәл-мәнзиләтайн уә әл-әмру бил-мағруф уән-нәхи ғанил-мүнкәр деген бес негізді қабылдаған және кәламдық-философиялық мәселелерімен танымал ағым болып табылады.
Мұтәзила сөзі ғазл түбір сөзінен шыққан және ол ұзақтау, бір шетке ысырылу деген мағынаны білдіретін иғтизәл сөзінен өрбіген. Терминдік мағынасы ретінде мұғтәзила сөзі бір-бірінен алшақ үш түрлі ұғымда қолданылған. Бұл атау алғаш рет Хазірет Әлидің заманында бүлік жайлаған ортада ешбір топқа қосылмай, бейтарап қалған адамдарға қолданылса да, бұл кезеңде иғтиқадтық айырмашылықты сипаттамайтын еді. Мұғтәзила атауы хижри ІІ ғасырдың бас кезінен бастап, үлкен күнә істеушілердің жағдайы, тәухид, адам өз ісінің жаратушысы деген мәселелерде ақылды басты орынға қойып, қоғамның өзге мүшелерінен біраз өзгеше пікір, көзқарастар білдірген бір топ адамға беріле бастаған. Мұғтәзила Ислам әлемін өз ықпалында қалдырған философияны тану, жаңадан алынған елдердің әлеуметтік, мәдени, саяси және идеологиялық проблемаларымен айналысу және солардың шешімін табу талпыныстарының нәтижесінде жаңа сипатқа ие болды.
Мұғтәзиланың осы атаумен еске алынуының себебі турасында көптеген әрқилы тезистер ортаға тасталды. Солардың бірі, әрі ең танымал көзқарас: Мұғтазила ағымы үлкен күнә істеген адамдардың мүмин де, кәпір де болмайды, осы екі жағдайдың арасында бір мекенде (әл-Мәнизиләту бәйнәл Мәнзиләтайн) болады деген пікірлерінен соң осы атауды алған делінеді. Бұл көзқарасты Хасан Басри (110728) мен Уасыл бин Ата (131748) арасында өрбіген деп айтылатын және Уасылдың бөлініп кетуімен аяқталатын әйгілі оқиғамен байланыстырылған пікір қабылдады. Тақырыпқа қатысты өзге кейбір риуаяттарда мұғтазила атауының берілуіне себеп болған оқиғаның жүзеге асқан жері, мерзімі және тұлғалардың аттары әр алуан көрсетіледі. Мұғтазила өзіне қарсыластар тарапынан берілген осы атауды бастапқы кезде қолданбауға қанша тырысса да, уақыт өте келе қабылдап тазалық және тақуалық иесі деген ұғымда қолданды. Одан басқа, олар бұл атаудың Құраннан келгенін және оның шынайы ұғымы - жалғандықтан, азғын қоғамдардан бөлініп шығу және мақтаныш екендігін білдірген (Айдынлы, 2001, 25-41).
Мұғтазилалық идеялардың басты орынға шығуына және мазхабтың негізгі мақсаттарының пайда болуына ықпал еткен басты факторлар: Мұсылмандар арасындағы шыққан келеңсіздіктердің, келіспеушіліктердің шешімін іздеулерін Исламды қорғау психологиясы және аудармашылық істердің басталуымен қатар философияға бет бұруы деп тізбектеуге болады. Мұғтазиланың қалыптасу кезеңінде алғашқы мұғтазилалық идеялардың өте маңызды бір орны бар. Оған тұңғыз негіз болған әл-мәнзиләту бәйнал-мәнзиләтәйн идеясының тууымен мұғтазиланың пайда болуы кезеңі басталды. Бұл негіздің пайда болуымен тығыз байланысты әр түрлі есімдерді атап көрсеткен риуаяттар болғанмен, осы идеяның туған кезеңі нақты белгілі және сол көзқарастың авторлары - Уасыл бин Ата мен Әмір бин Убайда еді. Алайда бұл - ағым сол кезде пайда болған дегенді білдірмейді. Өйткені ағым бес негіз және пәлсапалық-кәламдық әдебиетке ие болу деген сияқты қасиеттерімен ол кезеңде әлі нақты қалыптаспаған еді.
Мұғтазила мазхабының пайда болуы және орнығуында Әбул Құзайл, Аллаһф, Наззам, Бишір бин әл-Мұғтемір және Жахыз сынды ғұлама-ғалымдар маңызды рөл атқарды. Ағымның кейінгі кезеңдерінде Хайят, Әбу Әли Жұббаий, Әбу Хәшім Жұббаий және Қады Әбділжаппар сынды есімдер өздері жазған еңбектерімен және жанын сала қорғаған өзіндік көзқарастарымен айқын көрінді. Белгілі бір кезең ресми саясаттың бір бөлшегіне айналуы және ғылыми кадрлардың мол болуы олардың ықпал ету аясын одан әрі кеңейтті. Мұғтазила ағымы бес принциптің ішінен ең көбі Таухид пен Ади принциптеріне қатты көңіл бөлді. Олар Тәухид принципі негізінде Аллаһ-Әлем қатынасын ескере отырып, иләхи сипаттар, иләхи құдірет, дене, жүзун лә ятәжазза (атом), әрекет, тыныштық сияқты мәселелерде ерекше пікірлер ортаға тастады. Аталмыш ағым Ади принципіне негізделе отырып, жақсылық пен жамандық, иман мен күпірлік, мойынсұну мен қарсы қарсы шығу секілді сипатта жасалған іс-әрекеттердің, бұл пәни мен ақырет жауапкершілігінің ададарға тән екенін баса айтты және адам жауапкершілігін ақыл, еркін қалау және өзіне берілген потенциалды күшке, яғни ерік-жігерге тығыз байланыстырған. Осы принциптің негізінде құлға, яғни адамға жақсылық, пайда әкелетін істі - игі істерді жаратуға Аллаһ Тағаланың міндетті болуы; құдірет, ерік күші, хабардың дәлел болу шарттары, тікелей және жүзеге асқан іс-әрекеттер, жүрек және өзге мүшелердің іс-әрекеттері секілді мәселелер егжей-тегжей қарастырылды.
Қалыптасу кезеңінде басты топ ретінде Әбу Құзайлы Аллаһф (227841), Бишір бин әл-Мұғтемір (210825), Наззам (221835) сынды маңызды есімдерді көруге болады. Бұл кезеңнен бұрын бес негіз (усулул хамса) мазмұн ретінде әлі пайда болмауымен қатар, ұғым ретінде де ешбір жерде айтылмайтын. Осы уақыттан бастап Мұғтәзила ағымы үшін философиялық ұғымдардың қолданылуымен қатар бес негіз де басты орынға шыға бастады. Хижреттің ІІ ғасырынан бастап Басрада пайда болған мұсылман ойшылдарын айқындайтын бейімділік үдерісі Мұғтәзилалардың көлеңкесінде қауырт түрде дамып жетілді және Аббасидтер дәуірінде Бағдат қаласы да осы ағымның ең маңызды орталықтарының бірі болды.
Мұғтазиланың көсемдері Уасыл мен Әмір өз замандарында кейбір мемлекеттік тұлғалармен тығыз байланыс құрғанымен де, өз пікір-көзқарастарын көпшілікке қабылдатарлықтай ықпалды механизмдерге қол жеткізе алмады. Мұғтазила ойшылдарының сарай төңірегімен байланыстары, Жақия Бәрмакидің сарайында өткен айтыс-тартыстарға қатысуы оң нәтиже берді. Бәрмакилере ұйымдастырған осы айтыс-тартыс мәжілістерге Әбу Құзайыл, Наззам, Бишір бин Мұғтемір, Суммама бин Әшрас (213828) сияқты кейбір мұғтазила ғалымдары қатысқан. Бірақ көп ұзамай осы айтыс-тартыс мәжілістерін ұйымдастырушысы әрі мұғтазилалармен тығыз байланыстары болған бәрмакилер Харун Рәшидтің тарапынан қызметтерінен аластатылды. Бұл оқиға мұғтазиланы ресми сарай тарапынан аластату, ағымды ұстанушыларды қуғындау және артына түсу секілді салдарларды тудырды. Бағдаттық мұғтазилалардың көсемі ретінде санаған Бишір бин әл-Мұғтемір де осы кезеңде қатаң бақылауға алынды, аңдуда болды. Ол өз заманында аббасидтердің Әли ұрпақтарына қарсы ұстанған саясаттарына қарсы шығып, бір бүйрегі бұрып тұрған Әли ұрпақтарының жағында болды. Бірақ белгілі бір уақыт өткен соң Бишір бин Мұғтемір және Сүмәма бин Әшрас сияқты Әлиді биік тұтқан көптеген мұғтазилалар еркіндікке қайта қауышты.

2. Мұғтазиланың қысқаша тарихы
Мәғмұнның (218833) билік басына келуімен бұл мазхабтың жұлдызы жарқырап, асығы алшысынан түсіп, саясаттан ойып тұрып орын алғандығы, мұғтазила ғалымдарының сарайда аса абыройлы, құрметті әрі кәламдық тартыстарда өте ықпалды болғандығы анық көрінеді. Мұғтазилалық ой-пікірлер мемлекеттің де қолдауымен әрі сарайда, әрі саяси аренада, әрі ғылыми мәжілістерде маңызды орын ие болды. Сондай-ақ бұл кезең аралығында өздерін доктрина, мемлекеттің ресми идеологиясы ретінде қабылдата білді. Мәғмұнның билік басына келгенге дейін тар деңгейде талас-тартысқа негіз болған Құранның жаратылуы идеясы 212827 жылы Мәғмұн тарапынан мемлекеттік идеологияға айналып, бұл пікірге сену - мемлекеттік ресми саясаты деген жағдайға жетті. Сол бағытта Бағдата және өзге қалаларда қуғындау мақсатында тергеу, жауап алу амалдары үдей бастады, Бұл саясатты бақылауда әрі жүргізуде мұғтазилалық Ахмет бин Әбу Дуаттың (240854) есімі ерекше аталады. Ол Мәғмұнның сарайында зор құрметке ие болып, Мұғтасымның халифалыққа келгенінен соң Бас қазылыққа тағайындалады және сол лауазымды орында жауап алуға, тергеудің жүргізуге жауапты адам ретінде қызмет атқарды (Хатиб Бағдади, 1931, IV, 151). Мәғмұнның кезеңінде қуғындау саясатының Мұғтасым және Уасықтың кезеңінде жүргізілгенін көруге болады. Мұғтазила ағымы қуғындау саясаты үстемдік құрған кезеңде ресми идеология орнатқан сананың салдарынан биліктің қасынан орын алып немесе кемінде оппозициялық бағытты да ұстанбай, саяси ерік-жігерге заңдылық сипат дарытты. Мұғтазиланың ең өрлеген жылдарына да, күйреген кезеңдеріне куә болған ғалымдардың бірі ол, Наззамның шәкірті - Жахиз (255868). Ол - Ислам рационализмінің ең маңызды орталықтарының бірі саналған Басраның саяси, әлеуметтік, мәдени ауасымен тыныстаған және сонда ие болған жоғары мүмкіндіктердің арқасында мұғтазилаға еркін пікір білдіруімен, ағымның ішінде теологиялық тақырыптардағы көзқарастарымен Ислам ой-пікір тарихының ең құрметті тұлғаларының бірі болды. Жахиз мұғтазила ағымының шарықтау жылдарында Бағдатта маңызды лауазымды кісілермен тығыз байланыста болған. Кәламдық білімі өте күшті, ұсынған көзқарастарын ортаға тастауда, онысын дәлелмен қорғауда недәуір табысқа жеткен Жахиз осы қасиеттерін мемелекет адамдарымен болған қарым-қатынастарында өз бас пайдаларында ұтымды пайдалана білген. Оның әл-Баян уәт-Тәбиин, Китәбул Хаяуан, Рәсәилул Жахиз және Китәбул Бухала, Китәбул Османия атты еңбектері Мұғтазлиға қатысты ең маңызды мәліметтер береді.
Мұғтазила ағымы Мәғмұн, Мұғтасым және Уасықтың кезеңдерінде білімде саласында, идеологияда және саясатта алтын дәуірді бастан өткергенімен, Мүтәуәккилдің келуімен басталған жаңа кезеңде биліктен және саяси ықпалынан, күшінен айырылып қалады. Бұл халифа мұғтазилалық идеологияны биліктен аластататын, түбегейлі өзгеріс әкелетін бір кезеңнің басталуына алғы шарт болды, ресми билік діни және идеологиялық саясатта елеп-ескерген өзгерістерді жүзеге асырды. Құран және өзге тақырыптардың төңірегінде тартысуға қатаң тыйым салынады және Уасықтың кезеңінде қуғын-сүргін саясатының құрбанына айналып, абақтыға жабылған қала халқының еркіндікке қауышуына, босатылуына мүмкіндік жасады. (Яқуби, 1992, II, 485). Мүтәуәккил әрі мұғтазилалық саяси кадрларды ауыстырып, әрі сол ағымның мемлекеттің ресми идеологиясы болуына нүкте қойып, мұғтазилалыққа ауыр соққы береді.
Саяси күштер мұғтазилаға қолдау көрсетуді доғарып, соның нәтижесінде аталмыш ағым өзге салаларда да ықпалынан айырыла бастады. Сонымен қатар, кезінде қуғындау саясатынан шайлығып қалған жұртшылық қоғамның алдында мұғтазиланың қоғамда қолдау таппаған кейбір пікірлерін сынап-мінеп, абыройын түсіруге тырысты. Осы саяси, әлеуметтік, ғылыми және идеологиялық блокаданың нәтижесінде аталмыш ағымнан жерініп, бөлініп шыққандар және өзге мазхабтарға өткендер болды. Ал ағымнан шықпай, сол күйінде қалғандар әрі билікпен әрі олардың қолдаған идеологияларымен келісуге мәжбүр болды. Ағымды қайта қалпына келтіру талпыныстарымен және сүбелі еңбектерімен көрінген тұлғалардың ең әйгілілерінің бірі - Әбул Құсайын әл-Хаят (300912) еді. Ол аласапыран басталып, Мұғтазилға және Исламға қарсы қысымдардың күшейе түскен кезеңде мұғтазиланы жанын сала қорғады; ағымның ішіндегі ыдыраушылық түпкі негізде емес, жекелеген мәселелерде дегенді алға тартып, ағымды қайта қалпына, ретке келтіруге тырысты.
Жахиздің фазиләтул мұғтазила (мұғтазиланың артықшылығы) және Ибн Равендидің оған қарсы жазған фадихатул мұғтазила (мұғтазиланың сандырақтары) деп басталатын кітап деңгейіндегі тартыстарға ол да Китабул Интисар уәр рәдду ғала ибн әр-Равендия әл-Мүлхид атты еңбегімен қатысқан болатын. Хаят Бағдат мектебінен болғанына қарамастан өз еңбегінде бес принципті қабылдап, мұғтазила болуға лайықты әрбір ойшылды және көзқарастарын қорғайтын бір ұран ойлап табады. Ал, мұғтазила мазхабының күміс дәуірі ретінде сипатталған Әбу Әли (303916) және оның ұлі Әбу Хашім Жұббаи (321933) кезеңінде ағымның мүддесі үшін жаңа ізденістер басталған, бірақ жаңа салалар құрыла алмаған уақыт кезеңі болды. Ағымның ішіндегі әрқилы көзқарастарды бір жүйеге келтірудің жолдары ашылып немесе дәстүрлі түсініктер жаңа теориялармен күшейтіле түсті.
Мұғтазила дәстүрі тұрғысынан маңызды тұлғалардың бірі - Қады Әбділжаппар (4151020) болды. Ол мұғтазилалық принциптерді қабылдаған Буейұлдарының уәзірі Сахиб бин Аббадтың кезінде Рай қаласынан бастап Казвин, Әзірбайжан, Сухревард, Құм, Жүржан, Таберістан сияқты қалаларда қазылық қызмет атқарған. Қады Әбділжаппардың Шәрхул усулил хамса және Муғнифи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аср-и сағадат және табиғин дәуірінде сенім (ақаид)
Ислам ілімдерінің қалыптасуы және дамуы
Уахабилік ағымы
Имам Матуридидің иманды түсіндіруі
ЗАЙДИЯ МАЗХАБЫ
ХАНАФИ МАЗХАБЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ислам ойлау жүйесіндегі пайғамбарлық
Ханафи мазһабының қалыптасуының діни-тарихи алғышарттары
Матуриди ақидасы мен қазақ діни танымы арасындағы сабақтастық
Исламдағы ағымдардың шығу себептері
Пәндер