«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын азайту»



Қоршаған ортаны қорғау
Проблемалары:
ТАБИҒАТҚА АЯЛЫ АЛАҚАН КЕРЕК
2008 жылдың аяғында Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу жоспарлануда
Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерін жіктеу
Полигонды (полигонның бөлігін) жабу,
рекультивациялау және мониторинг рәсімдері
Аягөз қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын жайластыру бойынша жоба іске асырылуда. Бюджеттік ұйымдар мен тұрғындардан құрамында сынабы бар аспаптар мен бұйымдарды жинау жүргізілді – 42161 дана, жоспар бойынша жылына – 55420 дана.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үшін саны 60 дана контейнер әзірленді. Мынадай іс-шаралар жүргізілуде:
• Өскемен қаласының тазарту имараттарының ауыр металдармен ластанған шөгінділерін бейтараптандыру бойынша;
• аршынды жыныстардың полигондық үйіндісін тәжірибелік қайта өңдеу бойынша.
Бұл жұмыс қаланың тазарту имараттарында жинақталған шөгінділерді өсімдіктер үшін қоректік қоспа ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Өскемен қаласындағы Отдельная 53 А көшесіндегі радибелсенді ластануды залалсыздандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Семей қаласының, Бородулиха ауданының Дмитриевка ауылының, Жарма ауданының Георгиевка ауылының көшелерінде экологиялық жарнамалар орнатылды.

Жер ресурстарын қорғауды жүзеге асыру үшін Өскемен, Семей, Риддер қалалары үшін қалдықтармен айналысу нормативін әзірлеу басталды – қалалар туралы жалпы мәліметтерді жинау және қалдықтарды пайда қылуда қолданылатын шикізаттың өндірістік және технологиялық үдерістерінің сипаттамалары бойынша жұмыстар орындалды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үшін европалық стандарттағы контейнерлерді дайындау бойынша жұмыстар басталды – техникалық сызбасын жасау, бұйымдардың бөлшектерін және жекелеген бөлшектерін жасау бойынша жұмыстар орындалды.

3. Бағдарламаның Өндіріс және тұтыну қалдықтарын азайту тарауы бойынша:
Аягөз қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын жайластыру бойынша
жоба іске асырылуда. Бюджеттік ұйымдар мен тұрғындардан құрамында
сынабы бар аспаптар мен бұйымдарды жинау жүргізілді – 42161 дана,
жоспар бойынша жылына – 55420 дана.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үшін саны 60 дана контейнер
әзірленді. Мынадай іс-шаралар жүргізілуде:
• Өскемен қаласының тазарту имараттарының ауыр металдармен
ластанған шөгінділерін бейтараптандыру бойынша;
• аршынды жыныстардың полигондық үйіндісін тәжірибелік қайта өңдеу
бойынша.
Бұл жұмыс қаланың тазарту имараттарында жинақталған шөгінділерді
өсімдіктер үшін қоректік қоспа ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Өскемен қаласындағы Отдельная 53 А көшесіндегі радибелсенді ластануды
залалсыздандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Семей қаласының, Бородулиха ауданының Дмитриевка ауылының, Жарма
ауданының Георгиевка ауылының көшелерінде экологиялық жарнамалар
орнатылды.

Жер ресурстарын қорғауды жүзеге асыру үшін Өскемен, Семей, Риддер
қалалары үшін қалдықтармен айналысу нормативін әзірлеу басталды –
қалалар туралы жалпы мәліметтерді жинау және қалдықтарды пайда қылуда
қолданылатын шикізаттың өндірістік және технологиялық үдерістерінің
сипаттамалары бойынша жұмыстар орындалды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинау үшін европалық стандарттағы контейнерлерді дайындау бойынша
жұмыстар басталды – техникалық сызбасын жасау, бұйымдардың бөлшектерін
және жекелеген бөлшектерін жасау бойынша жұмыстар орындалды.
Тұрмыстық қатты қалдықтар объектілерін түгендеу бойынша алты аудан
бойынша материалдар жиналды, Глубокое ауданында тұрмыстық қатты
қалдықтарды үю объектілерін түгендеу жұмыстары басталды.

Өскемен қаласындағы № 3 өндіріс қалдықтарының полигонын көгалдандыру
бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді, қоқыстан тазартылды, көшеттердің
шұңқыры тегістелді, қопсытылды, 290 көшет отырғызылды, күтім жасалды,
арам шөбі оталды
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз еу мақсатында Түркісіб ауылындағы
белсенділігі төмен радиоактивті қалдықтарды уақытша көму пунктін жою
бойынша жобаны әзірлеу басталды – радиоактивті қалдықтарды орналастыру
контурын анықтау, жер үстіндегі және мал өлігін көметін орындағы
экспозициялық рауалы қуаттылығын анықтау бойынша жұмыстар орындалды.
Радиоактивті ластануды жою үшін Нефтебаза ауданындағы Попов, 123
көшесіндегі радиоактивті қалдықтарды зарарсыздандыру жүргізілуде.
Өскемен қаласының жағдайына көбірек тән атмосфера ауасындағы
радионуклидтердің құрамына жасалған радиациялық бақылау бойынша қаланың
атмосфера ауасының, топырағының, жер асты суларының радиациялық-
гигиеналық ахуалы бойынша экологиялық ақпарат жиналды және жүйелендіру
жүргізілді; қаланың негізгі кәсіпорындары бойынша белгілі және әлеуетті
техногендік бөлінетін көздерді бағалау бойынша ақпарат жиналды және
талданды, қаланың жағдайына көбірек тән радиоактивті заттардың мөлшерлі
тізбесі анықталды.
Өскемен қаласының зерттелмеген аумақтарын ары қарай зерделеу бойынша
Меновное ауылының (Өскемен қаласы) құрылыс шекарасы шегінде 350 қума
метр көлемінде гамма-түсіру жүргізілді.
Жабайы жануарлардың биологиялық тепе-теңдігі мен санын реттеу
мақсатында 135 қасқыр мен 1500 сұр қарға жойылды.
Ұлан, Көкпекті, Үржар аудандарының алқаптарында жабайы аңдар мен
құстардың табиғи азық базасын ұдайы өндіру үшін бидай сатылып алынды,
жер жыртылып арпа мен тары егу жүргізілді.
Координациялық кеңес шеңберінде экологиялық білім беру бойынша екі
ұйымдастыру мәжілісі өткізілді, мұғалімдер үшін өңірдің экологиялық
тақырыбын жариялау үшін семинарлардың модулі әзірленді, екі семинар
өткізілді. Экологиялық музейдің базасында экологиялық тақырыптарға
арналған 35 лекция оқылды, 614 адам қамтылды.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды дер кезінде шығару үшін "Арнаулыавтотранспорт"
АҚ-ына 50 бірлік қоқыс шығарғыш қажет, ал қазіргі сәтте олардың саны небәрі
16 бірлік құрайды.

Бұл не береді? Осынау шара үйлер мен пәтерлер, ірі және ұсақ дүкендер,
қоймалар, мейрамханалар, кафелер иелерінен, вокзалдар және т.б.
мекемелерден тұрмыстық қатты қалдықтар шығарғаны үшін шынайы төлемақы
белгілеуге мүмкіндік береді.

Қоршаған ортаны қорғау
 
    Автомобиль көлігі мен энергетика кәсіпорындары Астана қаласының
атмосфералық ауасын ластайтын негізгі көздер болып табылады. Қазіргі
уақытта автомобильдердің саны 2000 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсті және
94,5 мыңды құрады. Қалада шағын қазандықтар саны көбеюде, олар 250-ге жуық.
Қазіргі уақытта Есіл өзенінің қала аумағындағы  ластану деңгейінің жоғары
болуы байқалады.
 
    Ақбұлақ және Сарыбұлақ сияқты екі саласы бар Есіл өзені Астана
қаласының ең басты су арнасы болып табылады. Сарыбұлақ саласы жайылма
сулардың ғана емес, Есіл өзеніне құйылатын сарқынды сулардың да қашыртқысы
қызметін атқаратын техногендік су арнасы болып отыр. Елорда халқының жылдам
өсуімен және экономикасының дамуымен арта түсіп отырған өндірістің және
тұтыну қалдықтарының мөлшері қаланың қоршаған ортасына кері техногендік
ауыртпалық түсіріп отыр.
 
Проблемалары:
• бақылау жүйесінің атмосфералық ауаның жай-күйінің нормативтер талабына
саны бойынша да, сапасы бойынша да сай келмеуі; 
• ластану деңгейін төмендету мақсатында жедел шешімдер қабылдауға
мүмкіндік беретін ақпаратты жинақтайтын және талдайтын біртұтас
орталық жоқ;
• Талдыкөл сарқынды суларды булағыш-жинағышын жоюдың және қайта
өңдеудің қажеттігі;
• жауын-шашын кәрізі жүйесінің санитарлық-эпидемиологиялық және
экологиялық талаптарға сай келмеуі;
• күл үйіндісін қайта өңдеу және жаңаларын салу қажеттілігі. Күл-қожды
кәдеге жарату мен оларды өңдеу жұмыстары деңгейінің жеткіліксіздігі;
• тұрмыстық қатты қалдықтар және өндірістік қалдықтардың рұқсат берілген
қоймасының атмосфералық ауаға теріс әсері;
• қауіпті қалдықтарды көметін арнайы салынған полигонның болмауы.
Табиғатқа аялы алақан керек

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған
ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті
Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде
атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы
уақытта нығайта беру алға тартылды.
Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен
жағымды ауа райын мақтан етеміз. Ал, оның ішінде Алматы облысы орналасқан,
ежелден жер жәннаты – Жетісу атанған өлкенің орны өз алдына бір төбе.
Жетісудың табиғатын аялап, оның байлықтарын қаз-қалпында сақтап, қолдан
келсе, көркейтіп отыру – баршаға ортақ парыз екені анық. Бұған тікелей
жауап беретін мемлекеттік деңгейдегі құзырлы мекемелер жұмыс істеп жатыр.
Солардың бірі – Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Басқарманың басты міндеті – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас
мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың
орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл
бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар
түрлеріне лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына
жол бермеу шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама
жүргізеді және экологиялық аудит жасауға құқылы.
Үстіміздегі жылғы белгіленген жұмыстарды басқарма қызметкерлері биыл
қабылданған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің баптары негізінде
жүргізуде. Басқармадағы инспекциялық жұмыстардың барлығы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің Табиғат қорғауды бақылау комитетімен келісілген
жоспарға сәйкес жүргізілуде. Өткен мерзім ішінде қоршаған ортаны қорғау
нысандарына 688 тексеру жасалып, 10 миллион 213 мың теңгенің айыппұлы
салынды. Басқарманың мемлекеттік экологиялық сараптама бөліміне 865 құжат
түсіп, оның 796-ы қаралды.
Сонымен бірге, облыс көлемінде қоршаған орта туралы халық арасында
экологиялық білім беру, насихаттық жұмыстарды жүргізу, тұрғындардың
экология жөніндегі танымын кеңейту, бұл бағытта үкіметтік емес, қоғамдық
саяси, жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің
мүмкіндігін пайдалануға баса назар аударылып отыр. Мәселен, Текелі және
Талдықорған қалаларында үкіметтік емес, жастар ұйымдары өкілдерінің
қатысуымен үш мәрте экологиялық сенбілік өткізілді. Бүкілдүниежүзілік
қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты дәстүрлі облыстық экологиялық
форум болып, оған 600 адам қатысты.
Қоршаған ортаны қорғау жөнінде 7 дөңгелек үстел өткізіліп, 38 лекция
оқылды, 13 семинар ұйымдастырылды. Санитарлық тазалық айлығы қураған
ағаштарды кесу, орнына ағаш егу және басқа да науқандық жұмыстар кезінде
басқарма қызметкерлері 25 экологиялық рейдке қатысты. Экологияға байланысты
тұрғындардан 112 өтініш түсті. Оның 111-і қаралып, қанағаттанарлық жауап
берілді. Басқарманың қызметіне және өткізілген шаралар жөнінде газеттерге
80 мақала жарияланып, телеарналардан 19 телебейне көрсетілді. Сол секілді,
дәстүрлі “Іле – Балқаш” регатасына арналған шаралар да өз нәтижесін беріп
келеді.
Тікелей министрліктің ұсынысымен аймақтардағы басқарма басшыларының
экологиялық мәселелер жөніндегі есебін тыңдау дәстүрге айналды. Осы
кездесулердің пәрменділігі қандай? Енді осыған тоқталғанды жөн көріп
отырмын. Басқосуларда жергілікті тұрғындар, табиғат пайдаланушылар,
үкіметтік емес ұйымдардың, жастар және саяси партиялар өкілдері
аймақтардағы экологиялық проблемалар жөнінде нақты мағлұмат алды және
олардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ой-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік
жасалды. Табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қолданыстағы заң талаптары
бойынша түсініктемелер берілді. Қазіргі кезде облыстың аудандары мен
қалаларында басқарманың 18 мемлекеттік өкілетті инспекторы жұмыс істейді.
Инспекторлардың халықпен байланысын нығайту, экология жөніндегі жергілікті
проблемаларды талқылау және нақты шараларды айқындау мақсатында олардың
аудандар мен қалалардағы есебі тыңдалды.
Алайда, мемлекет тарапынан қоршаған ортаны қорғауға осындай заңдық негізде
бақылау жұмыстары жүргізілгенмен, табиғатты пайдалануда қамқорлық емес,
қорқаулық көзқарастың жойыла қоймағанын мойындауымыз керек. Мәселен,
Қапшағай қаласындағы бұрынғы “Вимпекс” арақ зауытының қалдықтары ауаны
ластап, қала тұрғындары мен демалушыларға қиындық келтіруде. Сондай-ақ, Іле
ауданындағы “Филипп Морис Қазақстан” серіктестігі де өндіріс қалдықтарын
жасырын сақтап, қоршаған ортаға мол зиян келтіргені анықталды. Алматы
қаласына таяу орналасқан Қарасай, Іле және Талғар аудандарының экологиялық
жағдайы баса назар аударуды қажет етеді. Тау аймақтарының бірқатар көрікті
жері аталған аудандарға қарайды. Аудандар территориясындағы шатқалдардың
орманы оталып, беткейі түзетіліп, шағын тау өзендері бойына зәулім үйлер
салынып, оның айналасы дуалдармен қоршалып жатқаны жасырын емес. Кез келген
тексерушіні жолата қоймайды. Олардың қарулы күзетшісі және бар. Сән
салтанатты сауналар мен моншалардан шыққан лас су тау өзендеріне құйылып
жатыр. Осындай нысандарға уақтылы экологиялық сараптама жасап, заңдық
тексеру жүргізу мүмкін болмай отыр.
Қазіргі кезде ірі елді мекендерде тұрмыстық қалдықтарды сақтау жөніндегі
мәселелер күн тәртібіне қойыла бастады. Мәселен, Талдықорған қаласындағы
тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтауға арналған полигон әлі күнге шешілмей
келеді. Бір таңқаларлығы сол, оған жыл сайын жергілікті бюджеттен мол қаржы
бөлініп игерілгенімен, ешқандай нәтиже жоқ. Полигонның қазіргі жағдайы
экологиялық-санитарлық талаптарға сай келмейді. Ол Қаратал өзені ғана емес,
Балқаш көліне де қауіп төндіруде. Сонымен бірге, облыс орталығының
маңайындағы елді мекендерде қалдықтарды сақтау жайы да сын көтермейді.
Басқармаға қарасты арнайы жабдықталған топырақ, су және атмосфералық ауаға
сараптама жасау жөніндегі зертханалардың қорытындысына сүйенсек, облыстың
экологиялық жағдайы тұрақты деп баға беруге болатындай.
Алайда, облыстың бүгінгі өсу, өркендеу және даму қарқыны қоршаған ортаны
қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, елді мекендерді көркейту,
көріктендіру бағыттарында бірқатар мәселелерге назар аударуды қажет етуде.
Мысалы, Талдықорған қаласынан жылына 100 мың тонна, Қапшағай қаласынан 30
мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Соны өңдейтін зауыт салудың
уақыты келген сияқты. Алакөл, Балқаш көлдерінің тазалығын сақтауға
мемлекеттік қолдау көрсетілуі керек. Оған Шығыс Қазақстан, Қарағанды
облыстарының да ортақ көзқарасы, көмегі болуы тиіс.

Экологтар алаңдаулы

Жыл сайын Орал қалалық полигонға 80 мың тонна көлемінде қатты тұрмыстық
қалдықтар келіп түседі. 1975 жылдан бергі келе жатқан полигон толып,
жабылуы тиіс. Облыстық бюджеттен жыл сайын қалдықтарды қайта өңдеуге
қаражат бөлінгенмен, оралдықтар күл қоқыстың астында қалудың аз-ақ алдында.
Экологтар осы мәселеге қатысты дабыл қағуда

Ауаны ластаған көліктер

Астананың қоршаған ортаны қорғау басқармасы ауаны ластаушы көліктермен
күресуге шықты. Экологиялық полицейлердің қолдарында - Ресейде жасалған
"Мета 01" құралы. Бұл жабдықпен көліктердің ауаға қанша улы зат шығаратыны
бақыланады. Мамандар қалада көліктердің 30 пайызы экологиялық талаптарды
сақтамай отырғандығын айтады.

Улы газдың 90 пайызы автокөліктерден

Алматыдағы ауаға тарайтын улы газдың 90 пайызы автокөліктердің еншісінде.
Мәселен 2007 жылдың есептік көрсеткіштеріне сүйенсек, көлік құралдарынан
180 мың тонна улы зат табиғатты ластаған. Ал қаладағы кәсіпорындар мен
өндірістерден шыққан қалдықтар бар болғаны 15 мың тоннадан аспайтын
көрінеді

Қала экологиясына кім кінәлі?

Алматы қаласының экологиясы мен ауасының ластануына тұрғындардың өздері
кінәлі. Себебі "Медеу" мемлекеттік табиғи паркі шахар азаматтарының қала
тазалығына немқұрайлы қарауынан жапа шегуде, - дейді мамандар. Табиғи
паркте әрбір екі аттам жерде қоқыс салатын жәшіктер қойылғанына қарамастан,
өзен маңындағы күл-қоқыстан көз сүрінеді. Ал бұдан өзен саласы ластанып
жатыр.

2008 жылдың аяғында Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу
зауытын салу жоспарлануда

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. 2008 жылдың аяғында Астанада
қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Бұл
туралы бүгін Астана әкімшілігіндегі экологиялық қоғамдық тыңдауда қала
әкімінің орынбасары Сансызбай Есілов мәлімдеді, деп хабарлайды
Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сансызбай Есіловтің ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта қатты
тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыты құрылысының жобасы
қарастырылуда. "Егер біздің осы жоба бойынша инвесторлармен жасап
жатқан келіссөздеріміздің барлығы табысты болса, онда осы жылы
Софиевский тасжолында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу
зауытының құрлысы салына бастайды",- деп нақталап өтті ол.

Өз кезегінде, Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық
басқармасының бастығы Мұрат Рахымбергенов әкімшіліктің зауыт құрылысы
жобасының бірнеше үлгісінен қатты тұрмыстық қалдықтардың 80 пайызын
қайта өңдеп, 20 пайызын көмуді қарастыратын жоба таңдап алғандығын
айтып өтті.

Сонымен қатар, Сансызбай Есіловтың сөздеріне сүйенсек, Астана қалалық
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасына өндіріс
қалдықтарын басқару бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. "Қала
кәсіпорындарындағы қуат үнемдеу технологияларын енгізу және олардың
қалдықтарды өз бетінше қайта өңдеу жөніндегі іс-қызметіне жағдай жасау
қажет",- деп қосты шенеунік.

"Қазіргі уақытта Астанада қаланың коммуналдық қалдықтарын басқару
жүйесі жоқтың қасы",- деді С. Есілов. Ол "қолданыстағы тұрмыстық
қалдықтарды сақтау, пайдаға асыру және қайта өңдеу жүйесі қаланың
табиғи ортасының ластануына әкеп соқтыратындығын" атап өтті.

Әкімшіліктің ақпараттарына сүйенсек, Астананың қаласының қоқыс
алаңында 15 млн текше метрдей қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып
қалған.

Қайта өңдеу технологиясынсыз өндірістік қалдықтың қоршаған ортаға келтірер
залалы шексіз. Керісінше, жағдайда ол стратегиялық жағынан маңызды шикізат
көзі болып табылады. Алдымен сөз зиянды өндіріске жататын улы қалдықтар
жайында. Оны айту үшін амалсыз қалта телефонның нөміріне ұқсайтын цифр
тіліне жүгінуге тура келеді. Мәселен, Балқаш металлургия комбинаты
тәулігіне 3,7 тонна мышьякты қалдық есебінде шығарады екен. Бір жылда бұл
сан шамамен 1100 тоннаға дейін өседі десек, табиғатқа қаншалықты зиян келіп
жатқанын өзіңіз шамалай беріңіз. Оған еліміз аумағында 56085, 1 мың
текшеметрді құрайтын уран өндірісінің қалдығы жатқанын қосыңыз. Ол аз
болса, 24890, 34 гектар аумақты алып жатқан 21815439,05 мың текшеметрді
құрайтын көмір қалдығы тағы бар. Оны да көпсінбесеңіз, 9225, 73 гектарды
алып жатқан 2512240, 27 мың текшеметр түсті металл қалдығын қосып қойыңыз.
Осылайша, бүгінде Қазақстанда 20 миллиард тонна қатты қалдық қаттаулы тұр
десек болады. Қалдық сұйық, газды және қатты болып бөлінеді. Оқымыстылардың
пікірінше, ең зиянды улы қалдыққа газды және сұйық қалдықтар жатқызылады.
Ал қоршаған ортаны қалдықпен ластауда бірінші орынды жылу энергетика саласы
алса, екінші орында – тау-кен – металлургия кешені тұр. Елімізде айнала
оршаған ортаны улап жатқан өнеркәсіптік қалалардың көшбасшысы ретінде
жылына 800 мың тонна антигидрид – қалдық шығаратын Балқаш қаласын батыл
атауға болады. Сондай-ақ өнеркәсіптік қалдыққа толы жерлерге бірінші
кезекте Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан
облыстары жатады.
Енді өнеркәсіптік қалдыққа қатысты қайта өңдеу технологиясы қаншалықты іске
асуда дегенге келсек, бұл орайда зардапты зияндылығы аздау қара
метталлургия қалдығын жол құрылысына пайдаланатын кәсіпорындарды, яғни Ақсу
және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарын бірінші кезекте ауызға аламыз. Сондай-
ақ өндіріс қалдықтарын игеруде Минералдық ресурстарды кешенді өңдеудің
Ұлттық орталығының да атқарып жатқан игі істері баршылық. Керісінше, түсті
металлургия қалдықтарын өңдеу ісі өрге басар емес. Минералдық байлықты
кешенді өңдеу Ұлттық орталығы бас директорының орынбасары Мыңжасар
Айсауытовтың айтуынша, Қазақстанда қалдықпен жұмыс істеуде шикі тұстар
жетіп артылады. Мәселен, заңдылық жағынан жетілмеген, стратегиялық бағыты
бұлыңғыр, тарифтік және салықтық саясат қалыптаспаған дегендей. Нәтижесінде
өндіріс орындарына қалдық өңдеумен айналысу ешқандай пайда әкелмейді. Оның
орнына кәсіпорындарға табиғат байлығын есепсіз ұрлай берген қолайлы.
Сондықтан бұл мәселеде мемлекеттік органдар шикізат стратегиясына қатысты
ұстанған бағытын қайта қарастыруы керек. Сонда ғана әкімшілік және тарифтік
шараның әсерімен жағдайды жақсы жағына қарай өзгертуге болады.
Қазір еліміздегі ірі қалалардағы жеке және заңды тұлғалардан, тұрмыстық
қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелерден күн сайын қаншама көлемде
қатты тұрмыстық қалдықтар шығатынының есебін ешкім де білмейді. Тіпті ірі
мегаполис саналатын Алматының өзінде қатты тұрмыстық қалдықтарды
сұрыптайтын шағын зауыттан басқа, оны өңдейтін бірде-бір өндіріс орны жоқ
көрінеді. Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің
директоры Әділ Несіпбековтың айтуынша, Алматыда келесі жылы қатты
қалдықтарды өңдеу зауытын іске қосу жөнінде жұмыс шаралары жаңа басталуда.
Елімізде өзге елдермен салыстырғанда табиғатты бүлдірушілерге қолданылатын
заң жұмсақ, айыппұл салып қорқыта алмайсың. Мәселен, Еуропада қоршаған
ортаға залал келтіргендерге барынша қатаң шара қолданылады. Салыстыру үшін
айтсақ, қоршаған ортаны бір тонна ангидрид қалдығымен ластағаны үшін ғана
ондағы кәсіпорындар 98 доллар айыппұл төлейді. Ал Қазақстанда тура сондай
бір тонна ангидрид қалдығы үшін кәсіпорындардың төлейтін айыппұлы 7 цент
қана. Арадағы айырмашылықты осыдан-ақ байқай беріңіз. Оның үстіне елімізде
айыппұл көлемі әр аймақта әр түрлі, оның себебі оны жергілікті
мәслихаттардың белгілейтінінде. Осыдан кейін негізінде табиғаттың заңы
бір, адамзат баласына жер шары ортақ екенін ескерсек, қоршаған ортаны
ластағаны үшін салынатын айыппұл көлемі жер шарының қай ел, қай түкпірінде
болсын бірдей болу керек дейтін табиғат жанашырлары мен оқымысты
ғалымдардың пікіріне еріксіз жүгінуге тура келеді.
Ал қоршаған ортаны қалдықпен ластауда бiрiншi орынды жылу энергетика саласы
алса, екiншi орында – тау-кен металлургия кешенi тұр. Елiмiзде айнала
қоршаған ортаны улап жатқан өнеркәсiптiк қалалардың көшбасшысы ретiнде
жылына 800 мың тонна антигидрид – қалдық шығаратын Балқаш қаласын батыл
атауға болады. Сондай-ақ өнеркәсiптiк қалдыққа толы жерлерге бiрiншi
кезекте Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан
облыстары жатады.
Қазiр елiмiздегi iрi қалалардағы жеке және заңды тұлғалардан, тұрмыстық
қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелерден күн сайын қаншама көлемде
қатты тұрмыстық қалдықтар шығатынының есебiн ешкiм де бiлмейдi. Тiптi iрi
мегаполис саналатын Алматының өзiнде қатты тұрмыстық қалдықтарды
сұрыптайтын шағын зауыттан басқа, оны өңдейтiн бiрде-бiр өндiрiс орны жоқ
көрiнедi. Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментiнен
бiлгенiмiздей, Алматыда қатты қалдықтарды өңдеу зауытын iске қосу жөнiнде
жұмыс шаралары жаңа басталуда.

Бүгінгі таңда қаламыздың дамуы негізінен “Таза ауа, таза жер, таза су –
адами қатынастардың тазалығы” деген қағидамен жүріп жатыр. Әрине, алдына
кесек – кесек мақсаттар қойған, өңірлік қаржы орталығы атануды міндет еткен
Алматының тазалығы – қашан да ең басты мәселе болып отырады. Қазір қаладан
сырттағы полигонға шығарылатын қоқыстар айына 33 мың тоннаны құрайды екен.
Мамандардың айтуына қарағанда бұл – жылына 365 мың тонна қоқыс қала сыртына
әкетіледі деген сөз. Сондай – ақ, “Новоалексеевкадағы” “Боралдай”,
кентіндегі полигондарға да жылына 100 мың тоннадай тұрмыстық қатты
қалдықтар тасылады екен. Осы ретте биыл қоқыс шығарушы ұйымдар қызметінде
1204 контейнерлер, алаңқайлар болған. Оларда әртүрлі түрдегі және ауқымдағы
8050 дана контейнер болса, соның 5582 контейнері еуростандартқа жауап
береді. Дегенмен де, қала әлі де 1138 дана контейнерге зәру екен. Сонымен
қатар, қала тазалығы осы жұмысты мойнына алған кәсіпорындар іс - әрекетіне
де байланысты екені белгілі. Бұл орайда биылғы 5- ші мамырда тұрмыстық
қатты қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсетушілерді анықтау тұрғысында
байқау қорытындысы жарияланған болатын. Нәтижесінде бұл байқау барлық 71
учаскеде өтіп, 28 учаскеде – “Тәртіп” АҚ, 11 учаскеде – ЖШС меншік
түріндегі 8 ұйым, 26 учаскеде – 21 ПКСД, 6 учаскеде – 3 жеке кәсіпкер
жеңімпаз болып табылды. Сөйтіп, байқауға қатысқан қоқыс шығарушы ұйымдардың
жалпы саны 44 болған. Ал бүгінгі таңда тұрмыстық қатты қалдықтарды
шығарумен байқауда жеңіске жеткен 33 ұйым айналысуда. Олардың ішіндегі ең
ірілері – “Тәртіп” АҚ, “Іскер - Т” ЖШС, “Силур корпарациясы” ЖШС болып
табылады.
Сонда әр тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарудың жаңа жинақтау нормалары
енгізілген соң, көпқабатты үйлерде – 1 адамға жылына 2,55 текше метр, жеке
секторда 2,90 текше метр қоқыстан келеді екен. Сосын контейнер
алаңқайларының 5 метр ауқымдағы айналасының сантиарлық жағдайы талапқа сай
болуы керек.
Түрксіб аудандық “Тәртіп” ХРУ АҚ көпқабатты тұрғын үй қорына 100 пайызда
тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кірпіш қалдықтары
Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу
Атырау мұнай өңдеу зауыты ҚОӘБ жүргізу
Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар жайында
Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортада ыдырау мерзімі
Глиноземнен алюминийді электролиздеу
Қалдықсыз және жартылай қалдықты өндірістік технологиялар
Металлургия өндірісінің қатты қалдықтары
ІІІ қауіптілік сыныбы - қауіптілігі орташа қалдықтар
Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу
Пәндер