Православие діні



Кіріспе
1. Православие дінінің пайда болу тарихы
2. Православиенің қалыптасуы
3. Орыс православие шіркеуі
4. Орыс православ шіркеуінің ерекшелігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Православие — христианшылдықтың шығыс немесе византиялық бөлігі. Оның діндарларының саны ұлғайтылған шіркеу дерегі бойынша 120 млн. екен.
Православие Рим империясы бөлінген соң (Батыс және шығыс болып ) Византия территориясында қалыптасып, өз алдына жеке шіркеу болып 1054 жылдан бері өмір сүреді.
Күшті императорлық өкімет жағдайында Византия православие шіркеуі мемлекетте бағынышты рөл атқарады. Монархиялық мемлекет тұрғысынан қатаң бақылау, православие дін басыларын көптеген уағыздардан және әдет-ғұрып жаңалықтарынан бас тартуға мәжбүр етті. Осы себепті православиенің негізгі белгілері консерватизм және мистицизм болып қалыптасты. Олар діни ілімінде, әдет-ғұрыптарда, әр түрлі православие «әулиелерінің» іс-әрекеттерінен көрінеді. Православие діни ілімнің мәні «Діни наным» символында («Символы веры») баяндалған. Ол Никей соборында (325 ж.) және Царьгород немесе Константинополь (381 ж.) әлемдік соборларда, жетінші Никей (787-ж.) соборын қоса есептегенде, қабылданған.
Православие ілімінің көзі қасиетті жазбалар (Көне және Жаңа өсиет кітаптары), сондай-ақ қасиетті аңыздарда (әлемдік және жергілікті соборлардың шешімдері, « шіркеудің әкелері мен ұстаздары » Василий Великий Иоанн Златоуст, Григорий Богослов тағы басқалар) баяндалған.
Православие ілімінің негізіне үш бейнеден: әке-құдай ( көрінетін сондай-ақ көрінбейтін де дүниені таратқан — Савооф), бала құдай
(И. Христос) және құдай-қасиетті рухтан (ол тек әке-құдайдан шығады) тұратын, бірақ шын мәнінде жалғыз құдайды танып білуге болмайды деген түсінік жатады.
1. Елганов А., Эрн В., Флоренский П., – История религии, – М.,– Польза, – 1991
2. Основы религиоведения, – под ред. И. Н. Яблокова, – М., – Высшая школа, – 1994
3. Ранов О. М., – О дате принятия христианства князем Влалимиром и киевлянами, –Вопросы истории, – 1984, N6
4. Современный словарь иностранных слов, – М., – Русский язык
5. Черняев А.Ф., - Золото Древней Руси. Русская матрица - основа золотых пропорций.- М.: Белые альвы, 1998. -144 с., ил.
6. Щапов Я. Н., – Церковь в древней Руси (до конца XIII в.),– М.,– Политиздат, – 1989 г.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Православие дінінің пайда болу тарихы
2. Православиенің қалыптасуы
3. Орыс православие шіркеуі
4. Орыс православ шіркеуінің ерекшелігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Православие дінінің пайда болу тарихы.
Православие — христианшылдықтың шығыс немесе византиялық бөлігі. Оның
діндарларының саны ұлғайтылған шіркеу дерегі бойынша 120 млн. екен.
Православие Рим империясы бөлінген соң (Батыс және шығыс болып )
Византия территориясында қалыптасып, өз алдына жеке шіркеу болып 1054
жылдан бері өмір сүреді.
Күшті императорлық өкімет жағдайында Византия православие шіркеуі
мемлекетте бағынышты рөл атқарады. Монархиялық мемлекет тұрғысынан қатаң
бақылау, православие дін басыларын көптеген уағыздардан және әдет-ғұрып
жаңалықтарынан бас тартуға мәжбүр етті. Осы себепті православиенің негізгі
белгілері консерватизм және мистицизм болып қалыптасты. Олар діни ілімінде,
әдет-ғұрыптарда, әр түрлі православие әулиелерінің іс-әрекеттерінен
көрінеді. Православие діни ілімнің мәні Діни наным символында (Символы
веры) баяндалған. Ол Никей соборында (325 ж.) және Царьгород немесе
Константинополь (381 ж.) әлемдік соборларда, жетінші Никей (787-ж.) соборын
қоса есептегенде, қабылданған.
Православие ілімінің көзі қасиетті жазбалар (Көне және Жаңа өсиет
кітаптары), сондай-ақ қасиетті аңыздарда (әлемдік және жергілікті
соборлардың шешімдері, шіркеудің әкелері мен ұстаздары Василий Великий
Иоанн Златоуст, Григорий Богослов тағы басқалар) баяндалған.
Православие ілімінің негізіне үш бейнеден: әке-құдай ( көрінетін
сондай-ақ көрінбейтін де дүниені таратқан — Савооф), бала құдай
(И. Христос) және құдай-қасиетті рухтан (ол тек әке-құдайдан шығады)
тұратын, бірақ шын мәнінде жалғыз құдайды танып білуге болмайды деген
түсінік жатады.
Православие ілімінің кіндік мәселесі — барлық адамдардың күнәлі
екендігі, сол себепті белгілі бір әдет-ғұрыптар мен нормаларды ұстап,
орындап отыру арқылы кұнәдан арылу туралы уағыз. Діндарлар, егер
ыждағаттылықпен құдайға көз жасын төгіп жалбарынса, дұға етсе аспан
патшалығынан үміт етуге болады дегенді уағыздайды. Православие
уағызшыларының идеалы — құдайға дұға етуші-мистик, монах-аскет.
Православиенің маңызды белгісі деп жер бетіндегі пендешіліктен аулақ
тұрғанды, христианшылдық аскетизмі тұрақты уағыздайды. Дін басылары құдай
мен діндарлардың ортасында құдай мейірімін жеткізуші, ол адамдарды құтқару
үшін қызмет етеді.
Православие тек қана алғашқы жеті әлемдік соборлардың бекіткен
қағидаларын ғана ақиқат деп мойындайды. Кейінірек енгізілген — папаның
күнәкар болуының мүмкін еместігі, тазалағыш туралы, филиокве туралы, Мария
қыздың адал бола тұрып жүкті болуы және оның денесінің көкке көтерілуі,
бұлар барлық православие шіркеулерімен қасиетті жазбаға және қасиетті
аңызға қайшы деп жарияланады. Протестант шіркеулерінің көптеген құпиялары,
сондай-ақ діндарларды дін қызметкерлеріне және қарапайым діндарларға бөлуді
қате деп есептейді.
Православие ғибадатының мақсаты — діндарлардың сезіміне әсер ету. Сол
себепті шіркеу, әсіресе храмның ішін безендіруге, құдайға құлшылықты
өткізуге дұға етуге ерекше назар аударады. Православие шіркеуі діндарлардың
міндетті түрде храмға барып тұруын, денесіне крест тағуын, құпияларды
ұстауға, ораза ұстауын талап етеді. Православие шіркеуі мынадай жеті
құпияны мойындайды: шоқыну, қош иісті май жағу, тәубеге келу, неке
қасиеттілігі, асқынған ауруды жеті священниктің немесе біреуінің-ақ зәйтүн
майымен сылауы. Құпиялықтарды өткізу әдет-ғұрыптармен бірге
жүргізіледі. Олардың православие мен католиктерде айырмашылықтары бар.
Мысалы, шоқындыру православиеде батыру арқылы өтсе, ал католиктерде су құю
арқылы, қош иісті май жағу арқылы өтеді. Сондай-ақ православие дініндегілер
причащениеде нан жеп, шарап ішсе, католик дініндегілерде тек дін басылары
ғана нан жеп, шарап ішіп, ал жәй діндарлар тек нан арқылы ғана атқарады.
V ғ. Византия империясы шіркеуге қатысты төрт аймаққа бөлінді:
Қонстантинопольдық, Александриялық, Антиохийлік, Иерусалимдік болып
патриархаттық аталды. Кейіннен патриархаттардан дербес православие
шіркеулері құралды. Қазіргі кезде 15 дербес шіркеулер бар. Олар
Константинополь (Түркия), Александрия (Египет), Антиохия (Сирия, Ливан),
Иерусалим, Орыс, Грузин, Серб (Югославия), Румын, Болгар, Кипр, Эллада
(грек), Албан, Поляк, Чехословакия және Американ шіркеулері; Бұлардың
арасында неғұрлым ықпалы зор орыс православие шіркеуі. Сондай-ақ екі
автономды православие шіркеулері — Фин 1957 жылдан және Жапон — 1970 жылдан
бері қызмет етеді.
Барлық православие шіркеулеріне ортақ діни уағыз, ғибадат, бұлардың
заңдастырылған дербестігі сақталады. Егер Константинополь патриархын
әлемдік десек, ол біреу болса бірегейі деп ұғынылуы тиіс. Өйткені оған
басқа православие шіркеулерінің іс-әрекетіне қол сұғуға құқ берілмеген.
Дербес шіркеулер әкімшілік тұрғыдан экзархат, еп архия, викариат,
благочиния, приход деп бөлінеді. Мысалы, Орыс православие шіркеуі 4
экзархатқа бөлінеді (Украина, Батыс Европа, Орта Европа, Орталык, жәні
Оңтүстік Америка экзархаттары). Сондай-ақ 76 епархия (ТМД-да және шет
елдерде), 11 викариаттар бар.
Православие мен протестантизм де Ватикан сияқты бір орталыққа
бағынбайды. Дербес шіркеулерді басқарушы патриархтар (архиепискодтар,
митрополиттер) жергілікті соборларда өмір бақи сайланады. Патриархтар
жанында синод болады.

2. Православиенің қалыптасуы.

Дін жүздеген адамдарды, бұзылған қоғамдарды түзете алатын ерекше күш
құдіретке ие. Ол адамзатты ізгі армандарға жетелейді. Бірақ діни сезім
кейде кері жағдайларға да итермелеуі мүмкін. Православия шіркеуінің есебі
бойынша, Албаниядан Ресейге дейін 200 млндай дінге сенуші қауым бар екен.
Бірақ ол елдердегі бұрынғы коммунистік идеология кесірінен және коммунизм
күйрегеннен кейінгі кездегі ұлт аралық жанжалдардан бұл аймақта көптеген
қырғын, бүлінушілік жағдайлары орын алды.
Кейбіреулер шіркеу қоғамды қайта құруға көмектесуі керек десе,
басқалар өзінің ұлтшылдықпен байланысына орай шіркеу проблема – мәселе
туғызуы да мүмкін, дейді. Сербтерден өздерінің жүрегіне жақын, құрметтейтін
тәрбие ошағы жөнінде сұрағанда олар нені атауы мүмкін ? Ондай тәлім-тәрбие
орындары жөнінде сауал қойылғанда сербтер алдымен, православия шіркеуін
атайды. Бұл жөнінде діни мәселелерді көбірек талдайтын Белграттық журналист
Бранко Биелайец тілшімізге былай дейді.
- Сербиядағы православия шіркеуі сербия халқының ежелден келе жатқан
діни тәрбие орны. Ол шіркеу өз тарихында көптеген қиыншылықтарды басынан
өткізген, уақыт сынынан өткен. Сондықтан халық оған барынша сенеді, - дейді
журналист.
Сарапшылардың айтуынша, Сербия және өзге де бір қатар елдердегі
православия дінін ұстанатын қауым бір неше жылдық соғыс және саяси жанжал,
төңкерістерден кейін қайта құру үдерісіне кіріскен. Бұл діни сенімді олар
ұғымды пайдаланады. Олардың айтуынша, дәстүрлі христиан дініндегі
төзімділік, қайрымдылық , аяушылық сықылды сезімдер, қасиеттер ұлттық саяси
бөлінушіліктен бүлінген қоғамды жөндеуге, емдеуге қажетті нәрселер.
Афинадағы университет профессоры саясат және православия бойынша
көптеген еңбектердің авторы Китромилидестің айтуынша, шіркеудің пост-
коммунистік елдерге берері көп. Бірақ оның пікірінше, шіркеу алдымен өзін
ежелгі ұлтшылдық, әсірешілдік қасиеттерінен тазалап алуы керек екен.
Православия шіркеулері ұлтшылдықтан жырақтаса, онда коммунизм, тоталитаризм
кесірінен бүлінген қоғамдарды рухани жағынан қайта тәрбиелеуге үлкен үлес
қосқан болар еді. Бұны қазіргі Албания мысалында көруге болады. Бірақ
ұлтшылдықтан құтылмастан бұрын шіркеу өзінің негізгі миссиясын орындай
алмайды, - дейді афиналық ғалым.
Албания 1990-жылдардың басында мәжбүрлеп енгізілген құдайсыздық -
атеизмнан құтыла бастаған кезде Католик, Православия және Ислам дініне
қарай қайта бет бұрды. Міне сол кезде Албанияның архиескопы Анастасиос
түрлі діни басшылықпен қызметтесе отырып, өзара діни ынтымақтастықта өмір
сүруге мүмкін екендігін дәлелдеді. Белграттағы қазіргі заман тарихы
институтынан тарихшы ғалым Радмила Радичтің айтуынша, шіркеудің әсіресе
әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызы зор. Сондықтан ол өткенде ойнаған
кейбір саяси рөлінен бас тартатын болар. - Меніңше шіркеу рухани
құндылықтарды қайтарып, босқындарға, жетімдерге, ауру адамдарға, есірткімен
уланған жастарға көмектесіп, ішімдік, жезөкшелікке қарсы күресуде маңызды
рөл ойнайды. Бірақ Сербиядағы шіркеу саяси партиялардың саяси күрестеріне
араласпағанда ғана көпшілікке пайда келтірмек. Мен үшін ең маңыздысы осы, -
дейді тарихшы. Соныменен, коммунизм күйреп, атеистер көзден таса болғалы
бері шіркеудің қандай игі табыстарын атап өтсе болады ? Сербиялық журналист
Биелайецтің
айтуынша, бұл салада алғашқы игі қадамдар бар. Мектептерде 2001-жылдан бері
таңдау негізінде діни сыныптар ашыла бастаған. Нәтижесі алда десекте, ондай
шаралар ата-аналардың ойынан шығып отыр екен. Енді, Еуропадан нағыз
коммунистік аймақ, бұрыңғы советтік одақ елдеріндегі шіркеу жағдайына да
тоқтала кетсек. Алдымен бұрыңғы одақтағы ең үлкен республика Ресейде
православия шіркеуі, 70 жыл бойы қудаланған, енгізілген дінді қайта
жандандыруға одақ құлағаннан кейін бірден-ақ кірісті. Осы арада Ресейдегі
жалпы діни жағдай жөніндегі статистикаға да бір сәт тоқтала кетсек. 1917-
жылғы болшевиктік төңкеріске дейін Ресейде 77 000 шіркеу болса, коммунизм
күйреген кез 1991-жылға келіп, сол Ресейде 6 000 ғана шіркеу қалыпты. Яғни,
оның саны 11-12 есеге дейін кеміген, дәлірегі қиратылған. Міне сол шіркеу
саны соңғы он жылда 19 мыңға жеткен. 1980-жылдары орыс православия
шіркеуінде сыртқы байланыстар бөлімінде қызмет істеген Андрей Юрченко
қазіргі шіркеу жағдайы жөнінде былай дейді. -Қазір шіркеулер тағы да босап
қалды. Діни мерекелер кезінде ғана олар кісіге бір шама толады. Ал
коммунизм құлаған кездегі тойлардан кейін ашылған ауыл-қыстақтағы
шіркеулердің көбі қазір бос тұр. Олардағы поптар шіркеулерді тастап кетіп
жатыр, -дейді Юрченко. Жалпы орыс халқының қаншасы православ дінінде ?
Олардың үлесі 80 пайыздай, бірақ соңғы зерттеулерге қарағанда, сол 80
пайыздан аз ғана бөлігі діни шараларға қатысып тұрар екен. Ал Сербиядағы
орыстар шіркеуге мәдени орын ретінде тамашалауға ғана баратын көрінеді.
-Кейбір пікірнама нәтижелері төмендегідей: Азаматтардан қай діндесіз?
десеңіз , - православия дінінде, дейді. Ал Құдайға сенесіз бе ? - деп
сұрасаңыз, - жоқ, деген жауап есітесіз, -дейді Юрченко. Дегенмен, Андрей
Юрченко Ресейдегі рухани жаңаланудың бастамаларына сеніммен қарайды. Бірақ
оның пікірінше, шіркеудің тиісті моралдық, рухани тәрбие беру деңгейіне
жеткенше әле көп уақыт қажет болар екен.

3. Орыс православие шіркеуі.

Орыс православие шіркеуі ресми түрде 988 жылы құрылған болып
есептеледі. Осы жылы князь Владимир Святославович Русьті шоқындырды. Бірақ,
орыс православие шіркеуі Константинополь патриархиясынан 1448 жылы ғана
бөліне алды. Бірақ, бұл толық бөліну емес еді,- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс православие шіркеуінің дамуы
Православие мен мемлекет
Қазақстандағы христиан діні
Қазақстандағы православие тарихы
Орыс Православие шіркеуі православие институты ретінде
Қазақстандағы діндер
Христиан діні, мәдени ерекшеліктері
Қазақстандағы православие
Христиан дінінің шығу тарихы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕРДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
Пәндер