Секталардың корпоративтік құпиялары


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Секталардың корпоративтік құпиялары

Мыңдаған білімді, ақылды, ауқатты адам неге секталарға бой ұрады? Дінді жамылған ұйымдардың қатаң бақылауын немен түсіндіруге болады? Олар өз мүшелерінің «ілімге» толыққанды мойынұсынғанын қалай анықтайды? Секта «оқушылары» «ақиқат» ілім үшін бастарын өлімге дейін тігуге неге барады? Сонымен . . .

СЕКТА «МҮШЕЛЕРІ» КІМДЕР?
Қазіргі қоғамда жалғызбастылық «вирусы» кеңінен тараған. Бақытсыз отбасының мүшелері, жалғызбасты аналар, қарт адамдар және ірі компания қызметкерлері - бәрі қоғамның әлеуметтік изоляциясына ұшырағандар. Кейбір ошағы түзу деген отбасының өзі жұмысбастылықтың салдарынан балаларына қарауға уақыты жоқ екендіктерін де мойындайды. Іштен тынуға көп бас ұратын қоғамдағы бұл топтың басты сұранысы - қарым-қатынас, біреумен тілдесу, тұлғалық деңгейін анықтау болып табылады. Көбіне олар уақыттың қысастығынан бір басына жиналып қалған проблеманы «басқа біреулер шешсе екен» деп тұрады. Америкалық психолог Г. СУХДЕО бұл құбылысты былай түсіндіреді: «Адамдар өмірін айқындау үшін тіпті өз еркіндігін шектеуге дейін барады. Себебі қазіргі қоғамда мәселе шешімінің баламалары өте көп. Ал адамдар соның ішінде біреуін ғана таңдауы тиіс. Бұл дұрыс таңдау бола ма?. . Ол үлкен мәселе. Сол себепті қоғамымызда өз проблемасын бөтен біреулер шешіп берсе, соларға еріп жүре беруге даяр тұратын адамдардың болуы түсінікті құбылыс», - дейді.

СЕКТАНТСЫЗ БА? СІЗ БАҚЫЛАУ НЫСАНАСЫНДАҒЫ АДАМСЫЗ!
Сектаға енген күннен бастап адамға арнайы картотека әзірленеді. Онда оның тәртібіндегі өзгерістер міндетті түрде тіркеліп отырады. Мұндағы мақсат - секта мүшесін туған-туыстарынан ажырату, жеке ойға берілуге мұрша бермеу, секта іліміне мойынұсынту, ақыры психологиялық гипнозға миы айналған оған айтқанын істету. Көбіне сектаға мүшелікке жастар қолайлы, яғни 18 бен 24 жас аралығындағы байыпты, идеалист, дінге берілгіш, мықты денсаулығы бар, ақиқатты, өмірдің мәнісін іздеуші, тұрақты мекенжайы бар, басы бос, отбасымен жиі байланысқа түспейтін, кәсіпкер адамдар. Неге олар? Себебі жастарды гипноздау оңайға түседі, саяси тартыста тобыр ретінде де қолдануға ыңғайлы, ақшасы мен жеке меншік дүниесін секта қалай пайдаланамын десе, өз еркінде . . . Бұл ретте бұрынғы сеантологтың мына бір сөзін келтіре кетейік: «Біз ешқашан қоғамдағы төмен таптың өкілдеріне, яғни қайыршыларға, ауруларға үміт артқан емеспіз. Олардың жаны да ауру, жаралы. Сондықтан олар біздің миссиямызды орындауға жарамайды. Бізге олармен кейін айналысасыздар деп айтты. Алдымен бойында күш-қуаты мол адамдарды жинағанымыз абзал», - дейді.

АДАМДАРДЫ СЕКТАҒА ТАРТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ
1. «Step by step» технологиясы - Аз ғана шегініс, ол сенің қолында! Осындай ұран негізінде атқарылатын істің салдарынан көп адам сектаға еніп, тақыр кедей болып шығып жатады. Яғни бізге келіңіз (ақшалай, заттай көмек береді), демалыс күндеріңізді бізбен өткізіңіз (ас әзірлейді, ұжыммен тамақтанып, көңіл көтертуге тырысады), - тағы да бір апта бізбен бірге жүре тұрыңыз (секта мүшелері объектісімен діни ілімдер тұрғысында тығыз жұмыс істейді) - енді сенің кезегің, Құдай сұрап жатыр, ақша бер! (ақшаның аз сомадан сұрап бастайды, ақыры жеке меншік мүлігіне дейін қалай беріп қойғанын білмейді!)
2. Сектаның идеологиясын қабылдап, оған сенім артсаң, сенің барлық проблемаң шешіледі деп сендіреді.
3. Топтық күштің динамикасы. Бұл арада секта ұжымының саны мен бет-ажарының тартымдылығы үлкен рөл атқарады. Алғаш сектаға тартуда адамның қарама-қарсы жынысындағысын сөйлестіруге тырысады. Яғни сектаға тартылушы еркек болса, онымен әйел адам сөйлесіп, діни ілім-білімді уағыздайды.
4. Секта идеологиясына қарсы келуге, дау туғызуға ешқандай күмән қалдырмас үшін мұндағы адамның миына күнде жаңа ақпараттарды тықпалап отырады. Оның өзін жалғыз қалдырмауға тырысады. Үйінде болса, телефон шалып шақырып алады немесе қарама-қарсы жынысындағысын үйіне жібертіп діни ілімдер туралы әңгіме-дүкен құрғызады.
Бұл арадағы секта мүшелерін тартудағы құпия айласы негізінен психологиялық ықпал етудің тиімді маркетингтік амалдары мен мейірімді жарнамамен ұштасуында болады.

АДАМ СЕКТАНЫҢ САЛДАРЫН НЕГЕ МОЙЫНДАҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ?
Психологиялық манипуляцияға түскен сектант өзін «рухани тұрғыда сауығып жатырмын» деп ойлайды. Соған ризашылығы ретінде сектаға қолындағы барын беріп, олардың айтқанын істейді. Бұған қарсы болған туған-туыстарымен араласпайды. «Олар мені түсінбейді» деп ойлайды. Ал түсінгендерін өзімен бірге сектаға кіргізеді.

СЕКТАНТТАР ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ МЕ?
Бұл үшін сектаның идеологиясын қарастырып көрелік. Діни секталар өзара мүшелерін «соңғы ақиқат ілім бізде» деп сендіруге барынша тырысады. Яғни бұл арадағы «біз» - әрқашан «нақты адамдар» да, «олар» - «адам еместер» (шайтанға еріп, өмірден адасқандар) . Осыған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елуліктер дәстүрлі емес діни қозғалысы
Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері және исламның таралуы
Басқару теориясына негізделген тәсі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Қазақстандағы діни секталар, олардың мақсаты
Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ерекшеліктері
Діни бірлестіктер
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
Егемендік жылдардағы діни басылымдар ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz