Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін қалыптастыру



Кіріспе
І тарау Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу.таным әрекетін ұйымдастырудың ғылыми.теориялық негіздері
1.1 Балалардың оқу.таным әрекетінің мәні мен мазмұны
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу.таным әрекетін ұйымдастыру мәселеcінің педагогіка ғылымында зерттелу жайы
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу.танымдық әрекетін ұйымдастырудың мазмұндық құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі Қазақстан Республикасындағы болып жатқан әлеуметтік – экономикалық және саяси өзгерістер білім саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе, қоғамдағы оқу- ағарту, білім беру салаларындағы гуманитарландыру мен демократияландыру процестері, ең алдымен білім мазмұнын жаңартуды қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қажет етіп отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Білім беру реформасы– Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз ету мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі” [1],-деп, білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар бүгінгі күннің талабынан туындап отырғанын атап көрсеткен . Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту мәселесін тәуелсіз еліміздегі саяси - әлеуметтік даму талаптарынан туындайтындықтан білім берудің жүйесін жетілдіру ісі адамзаттық құндылықтарға негізделіп, жаңа бағыт алуда.
Мектепке дейінгі мекемелерде баланы мектепке дайындау жалпы білім беру жүйесінің бастамасы ретінде бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірінен саналады. Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының 23 бабында: “... балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады”,- деп атап көрсетілген [2].
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында: “Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі...” деп көрсетілген [3].
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. -Алматы, 2003,
2. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. /"Егемен Қазақстан", 11.06.1999.
3. "Қазақ балабақшаларындағы тәрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы", - Алматы, 1991. -43 б.
4. "Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасы".
Алматы, 1993.-29 б.
5. Әл-Фараби. "Философиялық трактаттар", -Алматы, Ғылым, 1972
6.Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары, -Алматы, Жазушы, 1989.
7.Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары, -Алматы, Жазушы, 1994.
8.Құнанбаев А. Қара сөздері. Поэмалары. -Алматы, Ел, 1993. -270 б.
9.Жұмабаев М. Педагогика. -Алматы, Ана тілі, 1992. - 170 б.
10.Меңжанова А.К. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу. -Алматы, Мектеп, 1987. - 152 б.
11.Сәтімбекова М.С. Алты жастағы оқушылардың математикалық білімін арнайы тапсырма жүйесі арқылы жетілдіру. Пед.ғыл.канд.дис. 13.00.01. -Алматы, 1989. - 162 6.
12.Мендаяхова К.М. Развитие дошкольного воспитания в сельской местности Казахстане. Дис.канд.пед.наук. 13.00.01. - Алматы, 1988.
13. Аймауытов Ж. Психология. -Алматы, Рауан, 1995.-311 б.
14.Ушинский К.Д. Таңдамалы шығармалары. -Алматы, Жазушы, 1949.
15. Кішібеков Д. Сыдықов ¥., Философия. -Алматы, Нұркітап, 2002.
16. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәли Қ., Философия тарихы.
Алматы, Жеті жарғы, 1999. - 289 б..
17.Суфиев Е.. Баланың дамуы және оны мектепке әзірлеу (Ата-
аналарға арналған кітапхана). -Алматы, Мектеп, 1965.
18.ЖарықбаевҚ. Психология. - Алматы, Білім, 1993.-272 6.
19.Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. -М.,
20.Педагогика,В.И.Ядэшко, Ф.А.Сохина. Мектепке дейінгі педагогика.Алматы, Мектеп.1982. 133-150 6.
21.Усова А.П. Обучение в детском саду. М.: Просвещение. 1970.
22.Балбөбек бағдарламасы - Алматы: Шартарап 200
23.Эльконин Д.В. Детская психология (Развитие ребенка от года до семи лет) -М., 1960. - 317 с.
24.Выготский Л.С. Собрания сочинений В 6-ти т. Проблемы общей психологии /Под ред. В.В.Давыдов. -М., Педагогика, 1982,
25.Запорожец А.В. Психология. - М., Просвещение, 1961, - 228 с.
Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. -М., МГУ, 1981, -548 с.
26..Левченко Т.А. Научно-практические основы использования казахского народного декоративно - прикладного искусства в эстетическом воспитании детей старшего дошкольного возраста:Автореф.канд.пед. наук. 13.00.06. - Алматы, 1996. - 22с.
27.Иманбеков Т. Қазақ балабақшаларындағы оқу-тәрбие жұмыстарында ұлттық ойындарды пайдалану (5-7 жас). Автореф. пед. ғыл. канд. 13.00.01. -Алматы, 1995.-23 6.
28.Рысбекова Ж. Педагогические проблемы подготовки детей 6-7 лет обучению в школе. Автореф. канд.пед.наук. 13.00.01. - Алматы, 1997.-25 с
29.Жиенбаева С.Н. Мектепалды балаларын еңбекке баулудың ғылыми- педагогикалық негіздері. Пед.ғыл.канд.дис.13.00.07. -Алматы, 2002.
30.Божович ЛИ. Личность и ее формирование в детском возрасте.
М., Просвещение, 1968. -464 с.
31.Мухина В.С. Мектепке дейінгі балалар психологиясы. - Алматы,Мектеп, 1986.-322 6.
32.Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению вшколе. -М., Просвещение, 1991. -189с.
33.Люблинская А.А. Детская психология. - М., 1971. - 187 с.
34.Венгер Л.А, Мухина В.С. Психология. - М,: Просвещение, 1988.
35.Подготовка детей к школе в семье. /Под ред. Т.А.Марковой,
Ф.А.Сохина. -М., Педагогика, 1976. - 252 с.
36.Менлибекова Г.Ж. Развитие трудового воспитания в дошкольных учреждениях Республики Казахстан (1960-1985г.). Дисс.кан.пед. наук. 13.00.01. - Алматы, - 208 с.
37.Турыскельдина М.Т. Развитие физического воспитания 6 летних
детей в Каазахстане (1970-1985і\). Дисс.кан.пед.наук.13.00.01.
-Алматы, 1991.-124 с.
38.Аймағамбетова Қ, А., Метербаева Г.М. Қоршаған ортамен
таныстыру арқылы балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету (5-7
жас). Әдістемелік құрал. -Алматы, 2000, - 60 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3

І тарау Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-таным әрекетін
ұйымдастырудың ғылыми-теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .9

1. Балалардың оқу-таным әрекетінің мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... .9

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру
мәселеcінің педагогіка ғылымында зерттелу жайы ... ... ... ...21

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастырудың
мазмұндық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы болып
жатқан әлеуметтік – экономикалық және саяси өзгерістер білім саласын
жетілдіруді талап етеді. Әсіресе, қоғамдағы оқу- ағарту, білім беру
салаларындағы гуманитарландыру мен демократияландыру процестері, ең алдымен
білім мазмұнын жаңартуды қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қажет
етіп отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Білім беру реформасы– Қазақстанның бәсекеге
нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз ету мүмкіндік беретін аса маңызды
құралдарының бірі” [1],-деп, білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан
реформалар бүгінгі күннің талабынан туындап отырғанын атап көрсеткен .
Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту мәселесін тәуелсіз
еліміздегі саяси - әлеуметтік даму талаптарынан туындайтындықтан білім
берудің жүйесін жетілдіру ісі адамзаттық құндылықтарға негізделіп, жаңа
бағыт алуда.
Мектепке дейінгі мекемелерде баланы мектепке дайындау жалпы білім
беру жүйесінің бастамасы ретінде бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің
бірінен саналады. Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының 23 бабында:
“... балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында,
мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының
шеңберінде жүзеге асырылады”,- деп атап көрсетілген [2].
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру
стандартының жобасында: “Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан
Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде
маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен
ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі...” деп
көрсетілген [3]. Ал мұны өз кезегінде білім беру саласында түбегейлі
өзгерістер жасаудың алғы шарты деп атауымызға негіз болады. Өйткені,
әлемдік білім кеңістігіне енуге байланысты білім саласында жүріп жатқан
реформа осының аймағы. Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында балаларды
ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын проблемены шешуге
қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.
Бүгінгі заман талабы мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін,
табиғатын, мүмкіндігінің ғылыми–теориялық негізін терең тану ғана оқыту
үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Мектепке дейінгі балалық шақ және
мектепке дейінгі білім беру адамның өмірлік және білім алу жолындағы
бастамасы болып табылады. Балалардың танымдық үрдісін тиімді етіп
ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық әрекетін
қалыптастыруды философиялық тұрғыдан әл –Фараби, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, Ә.Нысанбаев, Ж.Алтаев, А.Қасабеков,
М.Орынбеков, М.Хасанов және т.б. еңбектерінде оқу-таным әрекетін
қалыптастыру саласынада көптеген құнды ой – пікірлер мен көзқарастар жан –
жақты мазмұндалған.
Оқу-танымдық әрекет пен танымдық белсенділіктің психологиялық
негіздерін М.М.Безруких, Л.А.Венгер, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов,
Д.Б.Эльконин, Е.Е.Кравцова, Т.Д.Марцинковская, В.В.Рубцов, Б.Г. Ананев,
А.Н.Леонтев, Л.В. Занков П.Я.Гальперин, Д. Брунер және т.б ғалымдар өз
зерттеулерінде қарастырған.
Республикамызда белгілі психолог ғалымдарымыз Ә.Алдамұратов, Қ.Жарықбаев
,Т.Тәжібаев, Х.Шерьязданова, Ж. Аймауытов , М.С. Мұқанов және т.б. зерттеу
объектісіне қарай жүйелі талдаған.
Қазақстан Республикасы көлемінде Р.К.Аралбаев, Б.Б.Баймұратова,
Ф.Н.Жұмабекова, Ж.А. Исмайлова, Т.Иманбеков, Г.К.Керімбаева, А.К.Меңжанова,
Қ.М.Меңдаяқова, Г.Ж.Меңлібекова, Н.Нұғманов, Т.Сабыров, Т.А.Макеева,
А.Е.Манкеш, М.С.Сәтімбекова, М.Т.Тұрыскелдина, Б.О.Арзанбаева, А.С.
Әмірова, Т.А.Левченко, С.Н.Жиенбаева, Ғ.З.Таубаева т.б. ғалым мамандар
мектепке дейінгі тәрбиенің әртүрлі салалары бойынша зерттеулер жүргізіп,
оқу, тәлім-тәрбие жұмысының мазмұнын, әдістерін талдаған.
Балалардың танымдық әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың
атқаратын ролінің ерекше екендігін, оны ұйымдастыру әдіс-тәсілдері
балалардың ойлау процесі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін
тигізетінін қазақстанның белгілі дидактері Н.Нұғманов, Т.Сабыров және т.б.
өз еңбектерінде дәлелдеп отыр.
Десек те, мектеп жасына дейінгі балалардың оқу – танымдық әрекетін
қалыптастыру, оқыту процесінің, сондай–ақ тәлім-тәрбиенің мүмкіндіктерін
қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары әлі терең зерттелмей келеді.
Сондықтан үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып саналатын
мектепке дейінгі балалардың оқу-танымдық әрекетінің тәрбиенің кезек
күттірмейтін көкейтесті бұл мәселесіне тиісті дәрежеде көңіл бөліп, зерттеу
қажет. Бұл проблеманың ғылыми теориялық жағынан зерттелуі жеткіліксіз
болғандықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық әрекетін
қалыптастырудың өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің
бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап
отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми зерттеу жұмысының
тақырыбын “Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін
қалыптастыру” деп таңдап алуымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық
әрекетін қалыптастыру арқылы, теориялық тұрғыда негіздеу және ғылыми
әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үрдісі.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін
қалыптастыру жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-
танымдық әрекетін қалыптастыру қамтамасыз етіледі, егерде
-мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың оқу–танымдық әрекетін
қалыптастыру ерекшеліктері айқындалса;
-мектеп жасына дейінгі баланың дамуының ұйымдастырушылық педагогикалық
шартына мынадай қажетті компоненттер енгізілсе: баланың белсенділігін
ынталандыратын және білім беруді жекелендіруді қамтамасыз ететін дамытушы
орта; ашық оқу жобалық процес, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп
жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастырудың тиімділігі
артады, өйткені мұндай жағдайда қарастырылып отырған процестің жүйелігі мен
тұтастығы қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің міндеттері:
-мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін
ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтау;
-мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін
қалыптастырудың үлгісін құру;
-зерттеу проблемасы бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар жасау;
Зерттеудің жетекші идеясы: мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-
танымдық әрекетінің қалыптастырылуы олардың жеке тұлға ретінде дамуына, оқу-
танымдық әрекетінің жандануына, білімді өз мүмкіндігіне лайықты жан-жақты
меңгеруіне, толы, әрі жүйелі жеткізуіне игі ықпал етеді.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасы Конституциясы, “Білім туралы”
Заңы, Үкіметтің қаулы-қаралары, мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен білім
беру тұжырымдамалары, бағдарламалары және оқу құралдары, зерттеу
проблемасына қатысты философтардң, психологтардың, педагогтардың білім,
тәрбие, тұлға, іс-әрекеті және танымдық қызығушылық даму, оқыту мен
тәрбиелеу технологиялары, мотивація туралы ғылыми-зерттеу еңбектері,
автордың әдіскерлік іс-тәжірибесі.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: философияның нақты танымдық Ілімі;
жеке тұлғаның танымдық белсенділігі; психология ғылымының ынта, танымдық
белсенділік, қызығушылық туралы қағидалары; қоғам табиғат пен ой-пікірдің
даму заңдылықтары; педагогика ғылымының оқу-таным әрекеттілік бағдар және
тұтас педагогика процесіндегі тұлғаның қалыптасу теориясы.
Зерттеудің әдістері: ғылыми-теориялық әдебиеттерге талдау жасау,
мектеп жасына дейінгі балалардың нормативті құжаттарын зерделеу, озат
тәжірибені зерттеу, жинақтау, диагностикалық әдістер, тест, сауалнама,
әңгімелесу әдістері, салыстырмалы талдау, бақылау, модельдеу, әрекет
нәтижесін салыстыру, тәжірибелік-эксперимент жұмысы бойынша алынған
мәліметтерді сапалық және сандық сараптау, қорытынды жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
-мектеп жасына дейінгі балаладың оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың
ғылыми-теориялық негіздері айқындалады;
-балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың педагогикалық
мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталады;
-оқу-таным әрекетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
жасалынып, оған сипаттама беріледі;
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
-мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру
суреттелді, бұл оларды білім беру жұмысын жоспарлағанда мақсат ретінде және
баланың дамуының психологиялық шарттарын құрғанда пайдалануға мүмкінділік
береді;
-ашық оқу жобаларын жүзеге асырудың жекеленген формаларының әдістемесі
жасалынады;
-мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық әрекетін
қалыптастырудың нәтижесі анықталады;
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі: зерттеу мақсатына сәйкес
қағидаларының әдіснамалық және теориялық негізде дәлелденуі, оқу-танымдық
әрекетін дамытуға негіз болған теориялық тұжырымдардың айқындылығы, таным
процесін белсендіретін білім мазмұнының тиімділігі, тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстарымен және жарияланған ғылыми әдістемелік еңбектері
негізінде қамтамасыз етіледі.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
-балаларды мектепке дайындауда оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың
ғылыми-теориялық негіздемесі;
-мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-таным әрекетін қалыптастырудың
құрылымдық-мазмұндық моделі, өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері;
-мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық әрекетін
қалыптастыруда дәлелденген ғылыми қағидаларға негізделген әдістемесі.

1 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың ғылыми-
теориялық негіздері.
1.1 Балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың психологиялық-
педагогикалық негіздері.
Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын елдің ертеңгі болашағын оқыту
мен тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталады, үздіксіз
ұдайы даму барысында қалыптасады. Бұл білім беру жүйесінің барлық
буындарында үлкен міндеттер жүктейді [3].
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші
ролін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Білімнің мазмұнын
берудің жолдары біршама дәрежеде танымның объектісімен анықталады. Танымның
объектісі, болмыс түсінігімен түсіндіріледі. Бірақ әр философиялық жүйеде
болмыс түсінігі әр түрлі мағынаға ие болғандықтан, таным түсінігі де
соншалықты әр түрлі мағынаға ие болады. Таным объектісі дегеніміз
материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық
тұрғыдан қарым-қатынасқа түсетін нақты тарихи іс-әрекет барысында субъекті
игерген бөлігі. Таным объектісінің ерекшелігі, оның адам үшін маңыздылығы
танушы субъектінің рухани қасиеттерін қалыптастырып, қызығушылығын
тудырады. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның
негізгі мәселесі-рухтың материяға сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан
зерттелетін ілім-“танымдық әрекет” деп аталады. Танымдық әрекеттің басқа
ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы: ол-білімнің қалыптасуымен
негізделуінің жалпы ұстанымдары, объективтік қатынастарды қалыптастыру
болып табылады.
Юдиннің пайымдауынша, “Әрекет–қоршаған дүниеге белсенді қарым-
қатынастың ерекше түрі, оның мазмұны мәдениеттің бар формаларын мегеру мен
дамыту негізінде осы дүниені мақсатқа сәйкес өзгерту мен байта құруды
құрайды” [105.267-268]. Бұл философия әрекетті сезімдік–практикалық және
теориялық формаларын органикалық бірлестік ретінде бірегей түсінуден
басталады.
Танымдық әрекет-баланың білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.
Танымдық әрекет-танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық мотив және
әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде
балаларда оқуға деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі қалыптасады.
Танымдық әрекет оқу танымына тікелей қатысты. Таным мен оқу арасында
жалпы ортастық көп. Бала қоршаған дүниені даму арқылы дамиды кмелденеді.
Атақты грек философы Аристотель таным туралы ілімінде “пікір айту”
түріндегі ықтималдық көзқарстан нағыз ғылымды ажырата білді. Аристотельдің
пікірінше тәжірибе пікірді зерттеудің соңғы сатысы емес, шынайы ғылыми
тұжырымдар тек сезімдік таным арқылы емес, сезім түйсік емес, ақыл-оймен
сараланады, -деген [115.156].
Сондай-ақ, неміс классикалық философиясының негізін қалаушысы,
көрнекті ғалым И.Канттың айтуы бойынша біздің біліміміз, біз әсер арқылы
нені қабылдасақ және де біздің танымдық қабілеттілігіміз өздігінен не берсе-
осылар арқылы қалыптасады деді. Бірақ ол танымның субъективтігі қабілет
ретінде субъектінің объективтік заңдарды ашпайтындығын керісінше, субъекті
заңдары бойынша объектінің танылатындығын түсінеді [22.191-192].
Кант таным процесінің үш сатыдан өтетінін, сезімдік, түйсіну,
сараптаушы парасат және таза ақыл-ойдан тұратынын көрсетіп берді [35.140].
Танымның үшінші сатысында таза ақыл-ой заттардың көрініс әлемімен шектеліп
қалмай, олардың ар жағында не бар екенін білуге, басқаша айтқанда “өзіндік
заттардың табиғатын, мәнін түсінуге ұмтылады”.
Сондықтан да танымның жемісі адамның танымдық қабілетіне, танымдық
әрекет түрлерімен анықталатын ақыл-естің құрылымына, білімді сақтап,
кейінгі жас ұрпаққа жеткізуге байланысты. Оқудың пайда болуы танымды
игеруге мамандануға ықпал етіп, қатынас жолының негізгі құралына айналды.
Адам табиғатына сіңген, жоққа шығармайтын танымның белгілері бар. Танымның
белгілерін төмендегі суреттен байқауға болады.

1-сурет Танымның белгілері.
Бұлардың ықпалы білімнің барлық түрінде көрініс табады.
Таным әрекетіне баланың барлық рухани қабілеттілігі кіргізілген: еркі
мен қиял-елесі ,саналылық пен санасыздық, сезу мен ойлау, сезім мен ақыл-
ой. “Философиялық сөздікте: “таным-бала іс-әрекетінің мақсаттары мен
ұмытылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы, әрекет қызметінің
қоғамдық тарихи процесі”,-деген анықтама берілген [9.409].
Бұл анықтамада ең алдымен әрекеттік қызмет көрсетілген. Таным
балалардың табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат заттарын
өңдеуден, зат қасиеттерін өндірісте пайдаланудан бастау алады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру
проблемасына философтар, педагогтар, психологтардың, әдіскерлердің ой-
пікірлері көптеген еңбектерінде айтылған. Бұл проблеманың кейбір қырлары
тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады [1].
Ғұлама ғалым әл-Фарабидің философиялық мұрасынан шоқтығы биік негізгі
үш мәселені ерекше бөліп көрсетуге болады. Олар; дүниенің мәңгілігін тану;
детерменизм-зерттеу принціпі, яғни себептілік сыр-сипатын ашу, ғылым-
білімнің қайнар көзі; адам жанының өшпейтіндігін теріске шығарған ақыл
туралы ілім. Әл-Фараби философияны екі түрге бөледі. Оның бірі теориялық,
екіншісі практикалық немесе азаматтық деп аталады. Теориялық философияда
дүниеде бар заттарды, адам әрекеті дарымайтын заттарды танып, ол туралы
білім аламыз. Екінші түрі адам әрекеті арқылы дарымайтын заттарды осындай
қасиеті бар заттарды танып, сол туралы білім аламыз [123.18]. Танымды ішкі
және сыртқы деп екіге бөліп қарастырған Әбу Насыр әл-Фараби: әлемдегі
заттар мен құбылыстарды сезім арқылы танып білуге негізделген таным- адам
танымының сыртқы негізін түзеді. Ал танымның ішкі бөлігін абсолютті таза,
киелі рух көрініс алған ақыл-ойдың қызметін байланыстырамыз, - деп танымның
ішкі бөлігіне назар аудартады [123.26].
Философ Д.Кішібеков: “Таным дегеніміз – сыртқы заттар мен
құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеялды образдар
жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылыққа толы күрделі процесі”, - деген
анықтама берген [12.12].
Таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім
кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы
мәліметі ішкі мәнге қарай ұмытылып, жүйелі шынайы білімге айналады. Олай
болса танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп
есептеуге болады.
Қорыта айтқанда, адамның таным қабілеттілігін сараптау-таным
нәтижелерінің маңыздылығы адамның сезім органдарының мүмкіндіктері мен
құрылысына және ойлауына байланысты екендігін көрсетеді.
Қазақстанда ағартушылық идеяның негізін салушы Шоқан Уәлихановтың
“Қазақтардағы шамандықтың қалдығы”, “Даладағы мұсылмандық жөнінде” атты
еңбектерінен философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. Онда
Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның обьективтік
заңдылықтарға бағынатынын мойындайтын, қазіргі кезде философияның негізгі
мәселесінің маңыздысы адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы екенін ХІХ
ғасырдың орта кезінде-ақ көрсете білді [5.12].
Қазақ балабақшаларында дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин
үлкен үлес қосты. Алтынсариннің тәрбиеші міндеттері туралы, қалай оқыту
керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулнрімізде маңызы
болды.
Ы.Алтынсарин бойынша оқытудың жеке әдіс – тәсілдеріне:
а) оқыту әдісі – бұл баланың білімге құштарлығын оятатын, кейіннен өз
бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;
ә) сабақта баланың ой-әрекетін жаттықтыру. “Маңыздысын бала өз бетінше
ойлана білуі...” [5.13].
Алтынсарин оқыту міндеттері ретінде баланың ақыл-ой әрекетін дамытуды
көздеді.
Ұлы ақын, ойшыл ретінде А.Құнанаев халқымыз үшін зор идеал болды. Адам
туралы, оның рухани жан-дүниесі туралы Абай “Жас бала да анадан туғанда екі
түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады, бұлар
тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі
өспейді, қуат таппайды. Біреу білсем екен демелік... Мұның бәрі жан
құмарлығы – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген...” [10.13]. Ол
білімнің қайнар көзі – қоршаған орта, адамның өзі. Адамның ақыл-ойының,
сана-сезімінің, жоғары болуы өзіне байланысты. Адам танымын Абай өте
күрделі процесс деп қарайды. Адам үнемі ақыл-ойын, таным түсінігін, рухани
жан дүниесін табанды еңбңгі арқылы жетілдіріп, күш-қайратын, жігерін бір
мақсатқа шоғырландыруы тиіс.
Абайдың пікірінше, баланың өмірі мен оның бүгінгі, болашағы үшін ең
басты қажаттілік, баланың мақсатына, мұратына жетуі үшін өзін және қоршаған
ортаны кеңірек танып, оның нәтижесін өмірде қолдана білуі керек. Қоршаған
ортаға, адамға деген ынта-ықылас жас ұрпақтың біліміне білім қосып, білуге
итермелейді. Ол сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды.
Оған дәлел мысалы: қырық үшінші қара сөзінде бала “...көзбен көріп,
құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы
дүниеден хабар алады”, - дейді [10.111].
Оқытуды күшейту құралы ретіндегі танымдық әрекет туралы құнды пікірлер
Ф.Бэкон, Ф.Рабле, М.Монтень, Д.Локк, Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, К.Гельвеций,
Д.Дидро, А.Лавуазье, И.Г.Песталоцци және т.б. еңбектерінде айтылды
[2,3,4,5,7,8].
Қайта өрлеу дәуірінің ұлы ойшылы, XVI ғасырда өмір сүрген француз
ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттің маңыздылығын ерекше атап
көрсетті: “Тәрбиеші баланы бастапқы кезден ақ оның бойындағы қатілеттерді
еркін көрсете білуін, түрлі заттарды дәмі мен олардың ерекшеліктерін
ажыратуда өз бетінше еркін әрекет жасауын, кейде оған жол көрсетіп, кейде
керсінше өзіне іздетіп отыруын қалады” [11]. Монтень таным әрекетінде
тәрбиешінің басшылық ролінің маңыздылығын түсінді. Ол: “Бала тәрбиешіден
алған білімін түгел сүзгіден өткізіп, өз бетінше орындауы қажет соның
нәтижесінде оның білуге құштарлығы дами түсетіні сөзсіз”, деп жазған
болатын [11].
Демек, Монтень пікірлерінде балалардың танымдық әрекетін дамыту
идеялары айтылған.
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық әрекетті дмытудағы оқыту
әдістемесінің негізін Я.А.Коменский қалады. Ол: “Таным бастамасы-сезімнен,
бала сезіне білмесе,оның ой-өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды. Оқытуды зат
туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы баланың ойын дамыту керек”,-
деп жазды [12].
“Мен өз шәкіртімнің әрқашанда өз бетінше бақылауын практикада
өздігінен тұжырым жасауын дамытуды- білім беруден негізгі жетістікке жету
құралы ретінде қарастырамын”, - деген болатын [12].
Коменский оқытудың мақсаты ғылыми білімді мегеру және өмірге пайда
келтіру деп білді. Ол “Ұлы дидактика” еңбегінде “Заттың не құбылыстың түп
тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана
білу” қажеттілігін ерекше атап өтті [13].
Я.А.Коменскийдің мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әркеті
туралы пікірін Д.Локк одан әрі дамытып, оқу әрекетіндегі мотив пен ұмытылыс
туралы сөз ете отырып, баланы дмытудағы әрекеттің қажеттігін атап көрсетті
[14]. Философиялық сөздікте “мотив – баланың белгілі бір қажеттерін
қанағаттандыруға бағытталған мақсатқа итермелейтін сапалы әрекет”, - [15]
деген анықтама берілген. Матив ерік күштерінің әрекетін белгілі бір түрде
негіздеу болып табылады. Оның өзі адамның қоғам талаптырына деген қатынасын
көрсетеді. Мотив баланың іс-әрекеті мен қылықтарына баға беру де маңызды
роль атқарады. Бала сұрақтардың негізінде танымдық мотив жайлы: бала
білмегенін білгісі келіп, өзінің білімінің жетіспеушілігін сезініп оны
толықтыруға, жаңалауға талпынады.
Ж.Ж.Руссо тәрбие мақсатын сөз ете отырып, ол баланың жас және жеке
даму ерекшелікткрі мен қажеттіліктерін ескермеген тәрбиешіні қатты сынаған.
Руссо алғаш рет оқытудағы белсенділік пен өзбеттілік, танымдық әрекеттің
ұстанымын көрсетіп берді [16].
Мектеп жасына дейінгі оқыту мен тәрбие теориясын дамытуға Швейцарияның
аса көрнекті педагог-демократы И.Г.Песталоцци мектеп жасына дейінгі
балалардың оқу-танымдық әрекетін дамытудағы тәрбиешінің ролін ерекше атап
көрсетті. Песталоццидің пікірінше, сәби кезден бастап балалардың айналадағы
дүниені тануы оқыту арқылы жүзеге асады дейді. “Баланың әрбір сөзі, әрбір
іс-әрекеті,-деп жазды Песталоцци,-бұл оның бақылаулары нәтижесінде
қалыптасқан ой өрісінің жемісі” [17]. Осы пікірге сүйене отырып, ол баланың
танымдық әрекетін дамытуға әсер ететін оқытудың эвристикалық бақылау
әдістемесін жасайды.
Песталоццидің жұмыстарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
ЕРКІН ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Мектеп жасына дейінгі балаларың креативті ойлауын дамыту ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Танымдық белсенділіктің теориялық негіздері
Ересек топ балалардың танымдық қабілеттері
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау
Пәндер