Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауданың ролі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
“Экономика және бизнес ” факультеті
“” кафедрасы
КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС
«»
Тақырыбы : “ Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауданың ролі»
Тексерген :
Орындаған:.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауда саясаты
1. 1Сыртқы сауда саясаты: мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары . . . 5
1. 2Қазақстан Республикасының сыртқы саудасындағы кедендік тарифтердің орны . . . 12
2. Қазақстан Республикасының әлем елдерімен ынтымақтастық пен ықпалдастықтың жаңа көкжиктері.
2. 1 Қазақстан экспортының әлемдік рынокта алатын орны . . . 17
2. 2Қазақстан Республикасының сыртқа саудасындағы әлем елдерімен әріптестігі . . . 23
2. 3Трансұлттық компаниялар-Қазақстанның сыртқы сауда саласындағы ынтымақтастығының негізі . . . 26
3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге әзірлігі . . . 33
Қорытынды . . . 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 37
Кіріспе:
Алдымен жұмысымның кіріспелі бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған ісіме дұрыс көңіл аударатын шығар деп ойлаймын. Қай елдің болмасын экономикасының дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі - ол сыртқы сауда саясаты. Осы тақырыпты таңдағанымның Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайындағы сыртқа сауда саясатының ролі мен мәнін талдап, тереңірек зерттеу .
Жаһандану жағдайында әлемдік экономиканың үрдістерінен сырт қалу елдің экономикалық жағдайының, даму деңгейінің, технологиялық даму мен ұлттық бәсекелестік қабілеттілігінің шегеріп қалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан сыртқы экономикалық қатынастардың ырықтандырылуы қазіргі заманның талабы болуда. Қазақстан өз экономикалық даму бағдары да сыртқы экономикалық іс-әрекетті ырықтандыруға, әлемнің жаңа технологияларын жетістіктерін кеңінен пайдалануға бағытталған. Мемлекеттің сыртқы ашықтық деңгейі жоғарлаған сайын сыртқы экономикалық факторлардың даму үрдісіне әсері де күшейе түсіп, сыртқы экономикалық қауіпсіздік мәселесін өзектендіре түседі.
Сыртқы экономикалық, қатынастарды ырықтандыру ең алдымен елдің сыртқы саудасында шектемелерді жоюымен көрінеді. Біздің ойымызша оның үрдісі жергілікті, отандық өндірушілердің шетел тауарларымен бәсекелестік қабілетін қолдаудың кең тарамды шаралар жүйесін қалыптастырумен қатар жүргізілуі тиіс. Өйткені ұлттық капиталдың қорлануының алғашқы кезеңіндегі Қазақстандық өндірушілер үшін қаржылық қуаттылығы мол, технологиялық озықтығы әйгілі, бизнестік тәжірибиесі қомақты шетел өндірушілермен тең дәрежелі бәсекелесу мүмкіндігі екі талай болады. Бұл жағдай елдің сыртқы саудасын ырықтандыру мен сыртқы экономикалық қашықтық дәрежесі арасында тікелей өзара байланыстылығы барын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы сыртқы сауда саясатын жүзеге асыруда мемлекеттің орнына айрықша мән беріледі. Оның ұлттық экономикалық мүдделерге сай келуі мен халықаралық аренада бәсекелестік қабілетті жоғарлатуға үлкен ықпал ету мүмкіндігімен көрінеді. Сондықтан кез - келген елдің сыртқы сауда саясаты шетел тауарларының келуін реттеу және ел мүдделеріне сәйкес келетін халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына әсер ету сияқты мақсаттарды көздейді. Осы мақсаттарды орындау барысында халықаралық сауда ағымдарының елдің экономикалық қауіпсіздігіне әсер ету мәселесі ерекше мәнге ие болатындығын Қазақстан Республикасының қызметкерлері жақсы біледі.
Біріншіден халықаралық сауда қатынастарында әрбір ел өз мүдделерін жүзеге асыруға тырысатындықтан, әлемдік нарықта мемлекеттер шиеленісті мүдделер қақтығысы негізінде бәсекелеседі. Екіншіден ғаламдану үрдісінін белен алуы, сыртқы экономикалық катынастардың ырықтандырылу бағытының басым болуы, шаруашылық байланыстардың интерұлттандырылуы ел алдына туындайтын сыртқы қауіп - қатерлерден қорғану шараларын халықаралық келісімдерге сәйкестендіре жасақтауды қажет етеді.
Осы «Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты» атты курстық жұмысты жазу барысында, оның бөлімдерін толықтай қарастырылып, негізгі үш бөлімге бөлінді. Яғни сыртқы сауда саясаты, мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдарын нақты көрсетіп және Қазақстан Республикасының кедендік тарифтерінен нақты цифырларын келтіріп, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатындағы әріптестік қатынастырына тереңірек мән беріп, Қазақстан Республикасының «Дүниежүзілік Сауда Ұйымына» енуге жасап жатқан әрекеттеріне тереңірек тоқталынады .
1. 1Сыртқы сауда саясаты: мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары.
Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекеленген мемлекеттер тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.
Өйткені кез-келген ұлттық саясат олардың нақты экономикалық мүдделерін қорғауы немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері арасындағы баланысқа, мәмілелерге немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері арасындағы баланысқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен толығуы қажеттілігін алдын-ала анықтайды.
Сауда-саясаты негізіне әлемдік кеңістіктегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастар типі жатады. Олардың ішіндегі үш негізгі бағыттарды атап өтуге болады: яғни «Солтүстік-Оңтүстік», «Оңтүстік-Солтүстік»
«Солтүстік-Оңтүстік» жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді, мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түрлерін шетке шығарады да, техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауаралдары шеттен әкеледі.
Өзара қарым - қатынастардың мұндай моделін «Оңтүстік-Солтүстік» жүйесіндегі экономикалардың өзара қарым қатынастарының мазмұндылығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде экономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған.
Кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады:
-Сыртқы сауда саясаты жөнінде;
-Халықаралық сауда саясаты жөнінде:
Сыртқы сауда саясаты дегеніміз-мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастары мақсаты түрде әсер етуі;
Халықаралық сауда саясаты-ұжымдық жекеленген елдер тобының монополияларының, қаржылық-сауда және басқа топтардың мүдделерінің көрінісі.
Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибе 2 принципке негізделген: еркін сауда және протекционизм.
Зерттеулер көрсеткендей, осы шараларды іске қгосуды уақытшапараметірлері бойынша, барлық мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды.
Мысалы Оңтүстік Корея, Бразилия және басқа елдер алғашқы кездері тек қана экспорттық өндіріске арналған порттық тауарларды шеттен әкелуге жағдалар жасады, ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ тауарлардың импорты шектеледі немесе оларға тфйым салады.
Осыған ұқсас әдістемені Тайвань қолданды. Ол жерде импортты алмастыру саясаты жүргізілді. Тым аса диффренцияланған әдіс-айлалар Малазия тәжірибесінде көрініс тапты, ондағы шектеулер белгілі бір өнімнің экспортына, өндірістік фирманың немесе жалпы саланың сандық параметірлеріне байланысты белгіленеді.
Сонымен бірге, сауда саясатының тиімділігі үшін импортты алмастыруды жүзеге асыру жолын таңдау өте маңызды.
Осылайша, көптеген елдер экспортты өңдеу дәрежесін арттыру ісін менсінбеді де, дамудың экстенсивті жолдарды таңдады, бұған қарағанда Бразилия өз тауарлары терең өңдеуді арттыру жолы бойынша жүргізіп отырады.
Әлемдік нарықтық динамикалық, өзгермелі конъюнктурасы жағдайында аргентиналық нұсқа эконоика дамуының тежегіші болды, ал Бразилияда даму локамативті болып саналады, өйткені ол алғашында халық шаруашылығының өндірістік кешенінің интенсивті емес, экстенсивті әдіспен дамуын көздеген еді.
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: яғни сауда саясаты бірінші немесе екінші әдісті жүзеге асыру жағдайында да, әр алуан экономикалық салдарды қамтамасыз етеді. Бірақ мынаны атап өту керек, реформалардың басталған мерзіміне байланысты, экономиканың дамуы үшін бөгеттердің ашылуы, халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, аймақтық принциптерді күшейту жағдайларында елдер үшін эконоикалық реттеу құралдарын таңдау әр алуан, кейде шектеулі болады.
Мысалы, қазіргі кезде барлық социалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі.
Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зеттеу нәтижесінде мыналар анықталған, яғни дамушы әлем, әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне - ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны прайдалану жолымен жүруі тиіс.
Осыған байланысты елдің экспорттық саясатында осы үшін қабылданатын шаралар келесі іс-әрекеттерден тұрады:
-экспорттық салалардың дамуы үшін жағдайлар жасау немесе экспорттық өндіріс салаларына бағыттау;
-кейбір салалардың дамуын бағалау және импорттық өндіріспен бәсекелесу
үшін мүмкіндігі жоқ салаларды жабу бағдарламасын қабылдау;
-егер белгілі бір саланың келешекте әлемдік нарықта белгілі бір орынды қамтамасыз ету мүмкіндігі болса, бірақ та қазіргі таңда осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру жағдайы болмағанда:
1) кедендік қорғау;
2) қаржылық және фискалдық ынталандыру;
3) қолайлы жағдайлар мен жеңілдіктердің басқа ұтымдылығы бар сыртқы сауда саясатының адекваттығын қажет етеді
Экспорттық-импорттық саясаты жүзеге асыру кезінде әдістемелік жолдар төмендегілерге қатысты мұқият таңдау тиіс: нақты тауарға; оны өндіруге қалыптасқан жағдайға; ұлттық нарық, елдің экспорттық жеткізулері құрылымында оның орнына; халықаралық еңбек бөлінісіндегі шағына.
Осы жағдайда белгілі бір таңдалған құрал протекционистік режимге, не ырықтандыру режиміне қызмет көрсетеді.
Аталғандардың бірінші режимі өз тіршілігінде уақытша параметірлермен шектелген және қол жеткен мақсат бойынша әлсірейді, не толығымен тыйым салыну мүмкін. Бір мезетте экспорттық позициялардың даму локомотиві болып табылатын салалар инвестициялық саясаттың басым объектісі болып табылады.
Осы кезде дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымдары тарапынан болатын протекционистік режимдер өзіне қатысты қарама-қайшы күштерді сезінуі мүмкін. Өйткені, кез-келген дамушы мемлекет маңызды тұтқалардың қысымын басынан өткерді, ал оған жауапты шаралар реті оларды маневрлеу үшін жеткілікті варианттарды қолданады.
Әлемдік шаруашылық байланыстар интеграциясы тұжырымдамасын алға қою өзара қарым-қатынастар векторының ақырындап өзгеруін қамтамасыз етеді.
Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төмендегідей әдістеме қолданылады: тауарлар өндірісіндегі ұлттық мүмкіндікті талдау; оның ұлттық экономика құрылымында экспорттық позициядағы орнын анықтау; әлемдік нарық тенденцияларын талдау.
Төлем баланысының тең болмауы, экспорт тиімділігінің төмендеуі жағдайларында протекционитік режимді қамтамасыз ететін құралдардың кең арсеналы қолданылады. Белгілі бір нақты мақсат пен қорғау дәрежесіне қол жеткізген протекционистік режимнің бұл құралдары басқа шаралармен және реттегіштерімен ауыстырылады. Мұндай мысал Латын Америкасында, Шығыс Азияда кең танымал. Экономикалық дамуды көтеру қажеттілігін сезіну экономиканың болашақ секторларын дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын қабылдауға мемлекетті бағыттады. Құрылымдық қайта құру қажеттілігі бірқатар салалардың өзгеруін қамтамасыз етті, бұл салаларда мемлекет тарапынан протекцинистік қорғау жүргізілді.
Бірақ мұндай реттегіштерді қолдану саналы шектеулерде жүруі тиіс. Көптеген мемлекеттер барлық тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз еткен жоқ, ол тек қана басым салалардың дұрыс дамуы үшін стратегиялық маңызды тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, мынаны атап өту керек, яғни сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіштер синхронды түрде инвецтициялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс.
Атап айтқанда, кедендік саясаттың болашағы зор, бірақ өз дамуында белгілі бір күшті жинақталмаған салаларға ғана бағытталуы мүмкін. Өйткені, елдің экспорттық табысының құрамдас бөлігі болып табылатын салалар, еркін сауда режимі салдарынан жедел түрде күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық саясаттың құралдары «даму локомотиві» болып қызмет ете алатын салалардың дамуына бағытталуы мүмкін.
Сонымен бірге, сыртқы сауданы реттеу шараларына, арсеналына төмендегі құралдар кіретіндігін атап өту керек. Оларды 8 топқа кіруге болады.
Реттеу шаралары
-баж салықтары;
-импорттық тауарларды енгізу
кезінде алынатын төлемдер;
-кедендік жиындар;
-ішкі салықтар;
-мақсатты жиындар.
-демпингке қарсы;
-компенсациялар;
-импорттық жиындар
-стандарттар;
-сапа нормасы;
-қауіпсіздік нормасы
Саудадағы негізгі ережелер сыртқы сауда ұйымының жерлерімен реттеледі. Осы ұйымның ережелеріне сәйкес сыртқы сауданы реттеу үшін негізгі құрал кедендік тариф қолданылады. Сыртқы сауда ұйымының мүшесі болып табылмайтын мемлекеттер мүшелеріктің қамтамасыз ететін артықшылықтарын қолдана алмайды.
Бұл жағдайларда сауданы реттеудің негізі болып екі жақты сауда келіссөздері мен келісімдері табылады. Оған өте қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Ұлттық жүйедегі саудада қолданылатын ережелерде ізгіліктің болмауы протекционистік шаралармен анықтап көптеген кедергілерді туындатады. Сыртқы сауданы реттеу Кедендік ынтымақтастық Кеңесі мыңызды рөл атқарады.
Кеңес бірыңғай ережелерді белгілейтін тұжырымдамаларды жасайды.
Дамыған елдердің халықаралық саудасы негізінен сыртқы сауда ұйымының мұшелері болып табылады. Олар реттеудің төмендегідей тәсілін қолданады.
Елдераралық өзгешеліктеріне қарамастан, кедендік тариф құрылымына мыналар кіреді:
-автономдық мөлшерлемелер; бұл мөлшерлемелер елге өте қолайлы жағдайлар режимі ұсынылмаған кездерде ғана қолданылады;
ҚЖР мөлшерлемелері;
-дамушы елдердің тауарларына қатысты қолданылатын артықшылығы бар мөлшерлемелер.
Сыртқы сауда ұйымына мүше елдер, сыртқы сауданы реттеу тәжірибесінде шектеуші шаралар блогын қолданады, олар төмендегі ретпен жіктеледі.
-экономикалық мазмұндағы әкімшілік шаралар (тауар тапшылығы, төлем баланысының теңсіздігі, өнеркәсіптік саясатқа зияны), сонымен бірге экономикалық емес сипаттағы шаралар;
-субъектілердің өзара келісімдері бойынша экспортты өз еркімен шектеу;
-әділетсіз бәсекеге қарсы шектеулер немесе шаралар;
-қоршаған ортаны қорғау, ұлттық қауіпсіздік сақтау мақсатында енгізілетін шектеулер.
Мемлекеттің сыртқы сауда саясатының басты реттеу құралдарын әсер ету әдістері бойынша негізгі екі топқа бөлуге болады. Оған импорт пен экспортты шектеу мен жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған шаралар жатады. Бірінші топқа тарифтер мен бейтарифтік құралдар, ал екіншісіне отандық кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған үкіметтің арнайы ұйымдық және экономикалық шаралары кіреді. Сыртқы экономикалық қатынастарда көзге көрнекті, қысқа мерзімді және стратегиялы мақсаттарға бағытталу мүмкіндігі жоғары кеден баж салықтары болып табылады.
1. 2Қазақстан Республикасының сыртқы саудасындағы кедендік тарифтердің орны.
Кедендік тариф - ұлттық сауда саясатының принциптері мен басым-дылықтары және елдің негізгі сауда әріптестерімен сауда-саяси келіссөздерінің нәтижелерінде жүзеге асырылатын едәуір күрделі жүйе. Кеден тарифі өте қомақты құжат болып табылады және әрбір тауарды сырттан әкелу тәртібі туралы нақты ақпаратты қамтиды. Сонымен бірге, тарифтің жалпыланған сипаттамаларын алу мәселесі жиі туындайды. Бұл түрлі мемлекеттердің сауда режимдерін салыстыру үшін, уақыт өте келе елдің сауда режимінің жалпы өзгеру тенденцияларын талдау, тарифтік құралдардың көмегімен елдің ішкі нарығының қорғалу дәрежесін анықтау үшін қажет болады, ал бұл ішкі нарықтың жабықтығы немесе ашықтығы дәрежесінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Қазақстан Республикасының кедендік баж салықтары мен тарифтері еліміздің интеграциялық құрылымдарда қатысу мен ДСҰ кіру келіссөздері әсерінде жасақталуда. Халықаралық келісімдерге негізделіп, кедендік баж салықтары әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын Тауарларды кодтау мен суреттеудің (описание) үйлесімді жүйесін қолданылады. Еуроазиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) шеңберінде мемлекеттер өз баж салықтарын үйлестіру мақсатында бірегей тауарлы номенклатураны қолдану туралы келісімге қол қойған. Соған сәйкес 2004 жылы 14 наурыздың № 310 ҚР үкіметтің қаулысында ЕурАзЭҚ сыртқы экономикалық қатынастарының тауарлы номенклатурасының (СЭҚ ТН) 10 сандық жүйесіне өту туралы өзгертулер енгізіліп, сыртқы сауданы реттеуде қолданысқа енгізілді.
Аталған Тауарлы номенклатура құрылымы бойынша 21 бөлімнен және 97 тауарлы топтардан, 4 санды 1243 тауарлы позициялар мен тауарлардың жіктеліміне байланысты субпозициялардан тұрады. Қазіргі кездегі ЕурАзЭК, СЭҚ ТН позицияларының жалпы саны (СЭҚ ТН негізі ретінде саналатын Ресей Федерациясының 12. 03. 2005ж. мысалында) 14282 және қолданылатын тауарлы номенклатура импортталатын тауарлардың жоғары дәрежелі жіктелімін жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетеді.
Тауар позицияларының саны - тарифтің маңызды көрсеткіші, ол жеке тауарларға қатысты импорт қаншалықты жіктеліп реттелетіндігін көрсетеді. Тарифтің мөлшерлемелерінің тауарлық жіктелімі бойынша мүмкіндіктер мен тарифтік құралдардың көмегімен импортқа іріктеле ықпал ету мүмкіндіктері тауар позицияларының санына тәуелді болады. Тауар номенклатурасының даму дәрежесі елдегі сыртқы сауда реттелімі жүйесінің дамуының жанама көрсеткіші болып табылады. Осы жағдайда ЕурАзЭҚ шеңберінде бірегей тауарлы номенклатураны пайдаланғанына қарамастан, Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясына қарағанда тарифтік жіктелімі төмен жөне тарифтік "эскалацияны" пайдалануы мардымсыз болуда.
Мысалда көрсетілген Ресей Федерациясының СЭҚ ТН жіктелімділігі жоғары тауарлы топтарға 20 - көкөністердің, жемістердің, жаңғақтардың немесе өсімдіктердің өзге бөліктерінің қайта өңделген өнімдері - 432, 29- органикалық химиялық қосылыстар - 699, 84- ядролық реакторлар, қазандықтар, жабдықтар және механикалық құрылғыштар - 5540, 85- электр машиналары және жабдықтары, олардың бөліктері - 992, 90- оптикалық, фотографиялық, кинемотографиялық, өлшеу, дәлдік, медициналық немесе хирургиялық аспаптар - 443 жатады.
Қазақстанда тарифтік және бейтарифтік реттеу 1996 жылдың 28 қарашада № 1389 «Әкелінетін тауарларға кеден бажының ставкалары туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен анықталады. Оны жүйелеу мен қолдану Қазақстан Республикасының ДСҰ принциптері мен ережелеріне сәйкестендіру, ЕурАзЭҚ қабылданған шешімдері мен басқадай халықаралық келісімдерге негізделіп орындалады. Осы қаулыда ДСҰ ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының жеңілдік кестесін пайдаланатын 104 дамушы және 47 мейлінше аз дамыған елдер тізбесі бекітіліп, олардан импортталатын тауарлар орнатылған кеден баж салықтарының 75% төленетіндігі көрсетілген. Берілетін преференциалды тәртіп (режим) тауарлы номенклатураның барлы-ғына емес, тек қаулыда белгіленген 21 тауарлы топ пен 34 тауарлы позици-ялар бойынша жүзеге асады. Сонымен қатар ТМД елдерінің арасында жасалған сауда туралы екіжақты келісімдерге сәйкес белгіленген тауарлар импортынан кеден баж салықтары алынбайды. Кедендік тарифтер мен баж салықтары сыртқы сауданы реттеудің құралы болғандықтан, өндіруші елі белгіленбенген және анықталмаған тауарларға қ атысты орнатылған баж салықтар көлемінен екі есе асатын баж қойылымдары қолданылады. Сонымен бірге қаулыда белгіленген баж салықтарының қойылымдары ел экономикасының қажеттіліктеріне толық жауап беруі үшін оның өзгертімі жылына бір рет және оған келесідей жағдайлар әсер етеді:
- сыртқы сауда тиімді көрсеткіштерін ұстану;
- дүниежүзілік рыноктың конъюнктурасының өзгерісі;
- Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісімдердің күшіне енуі;
- жергілікті өндірушілердің кеден бажының қойылымдарын қайта қарау.
Тарифтік шараларды импортты шектеуде қолдануда адвадорлық. арнайы құрама мөлшерлемелерді қолдану тәжірибесі елдің сыртқы сауда қатынастарын реттеуде маңызды көрсеткіш болып табылады. Сыртқы сауданы реттеудің әлемдік тәжірибе адвалорлық кеден баждарына толығымен көшуге бағыттылған, себебі олар транспарентті, сыртқы сауда субъектілеріне түсінікті болып және жеңіл реттеледі. Егер ел ДСҰ мүшесі болуға ниеттеніп жатса , адвадорлық баждарды қолдану ауқымын ұлғайту осы ұйымның басты талабы болып табылады. Бірақ арнайы және құрама баждарды қолдаудағы маңызды нәрсе - осы баждар әдеттегідей, тарифтердің «шекті» мөлшерлемелерін қалыптастырады және ішкі нарықтарды импорт экспансиясынан неғұрлым мықты қорғау мақсаттарында пайдаланылады. Осындай мөлшерлемелерді өнеркәсібі дамыған елдерде де барынша қолданылатындығын атап кетуімізге болады. Мысалы, АҚШ-та импорттық тарифтің конвенциялық мөлшерлемелері жүйсінің шектерінде арнайы және құрама баждардың саны 19 пайызға, ал ЕО елдерінде 14 пайызға жетеді. Қазақстанның ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН белгіленген тарифтік жүйесі тарифтің адвадорлық баждарына негізделгендігін көрсетіп, оның жалпы саны төмендігі кестеде көрсетілгендей 96, 3 % құрайды, осы жағдай Қазақстанның ДСҰ кіру бағытында тарифтік реттеу халықаралық келіссөдер нәтижесіндегі шешімдерімен байланыстырылады. Бұл жерде атап өте кететін бір жайт: - элемнің көптеген елдердің тарифтік жүйелері бірте-бірге арнайы және құрама мөлшерлемелердің, санын қысқарту бағытында дамуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz