Жаһандану туралы мәлімет


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Бүгінгі жаһандану мәселесі
  2. Жаһандану және Қазақстан

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өткен және қазіргі өмір мен келешек бір - бірімен тамырларымен тарих тұңғиығына еніп кететін және әлем халықтарының көз жетерлік болашағына ұмтынатын қоғамның алға басқуның жалпы заңдылықтары арқылы байланысты.

Қазіргі өмір - бүкіл бүгінге дейінгі тарихтың қортындысы және біздің болашағымыздың негізі.

Болашақ, материалдық және рухани жағынан алып қарағанда, адамның осыған дейінгі бүкіл практикалық әрекетінің қортындысына қарай объективті түрде біздің бүгінгі өмірімізбен тығыз байланысты. Ол қазіргі және өткен өмірдің негізінде пайда болады. Ал оның қазіргі және келешек ұрпақтарға қалай болып көрінуі, олардың танымдық ойлау қабілеттеріне және шамаларына байланысты.

Нақтылы тарихи процесс өте күрделі, ол алдын - ала белгіленген бағытпен өрбіген де жоқ, өрбімейді де. Ол - әрдайм айналмалы соқпақ.

Адамзат, әрдайым түрліше табиғи және әлеуметтік сипаттағы кедергілерді жеңе отырып, болашаққа жол салды. Ешуақыта күні бұрын дайындалып қойған және адамдарды күтіп тұрған болашақ болған емес және болмайды да.

Болашақ жолын қарама - қарсылықтардың күресі, біріне - бірі кереғар әрекет ететін күштердің қақтығыстары арқылы жорамалдану керек.

Бұған қоса, XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басы жер шары тұрғындардының қоғамдық өмірді демократияландыруға ұмтылуымен, әлеуметтік құқықтарының және саяси бостандықтарының кеңейуімен, бұқара халық көпшілігінің рөлінің артуымен, империализмге қарсы күштердің ядросыз, зорлықсыз әлем және экологиялық таза орта, дүниежүзілік, саяси және мәдени байланыстарды күшейту, гуманистік құндылықтардың рөлін арттыру, әлеуметтік әділдік және тендік, ғылыми - техникалық жетістерінің табиғи ресурстарды ақылмен пайдалануға жұмсалуы, адамдардың табиғатпен ретті (гармониялық) қарым - қатынасқа (олардың біртұтас ноосферамен қатарласқан эволюциясына дейін) ұмтылуы үшін күреспен сипаталмақ.

Планетаның адамдары, міне, осы құндылықтарға бүгіннен бастап ұмтылуға тиісті. Сонда ғана адамзаттың лайықты болашағын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Дамудың тек осы бағыты ғана прогрессивті тарихи болашақ бола алады. Бұрынғы одақтас республикалардағы - бүгінгі егемен тәуелсіз мемлекеттерде жүріп жатқан қайта құру және жаңғыру процесі бұл бағыттағы әрекеттерге жол ашу тиіс.

Көз жетерлік келешектегі адамзаттың болашағы - бұл қоғам дамуындағы нақтылы тарихи прогрестің жаңа сатыларға көтерілуі. Ол - әлеуметтік прогресс деп аталынатын алға басқан қозғалыс.

Болашақ болжап білу, ғылыми - әлеуметтік дамудың бағыттарын күні бұрын айқындау әрдайым біздің алдымызға өскелең талаптар қояды.

Болашақты болжау, тарихтың объективті заңдылықтарын дұрыс түсіну және біздің заманымыздың елеулі проблемаларын шешетін тиімді практикалық методтары мен құралдарын табу үшін өткеннің стеоретиптері мен дәстүрлі тәжірибені негізге алған жәй салихалы ақыл мен ой өте жеткіліксіз.

Жалпы дүние жүзі тарихының шеңберінде әлеуметтік прогресс болатынына күмән жоқ. Оның күрлілігі мен қайшылықтарына қарамастан, адамзат тарихынды ол үнемі адамзаттын әлеуметтік ұйымдастырудың төменгі формаларынан жоғарғыларына өрлеуі жағдайында болды.

Тарих көрсетіп отырғандай, әрбір нақтылы жағдайда бір - біріне қарама - қарсы түрған прогресс пен регресс күштерінің қақтығысуының қандай нәтижемен аяқталтынын міндетті түрде күні бұрын болжап, шешіп - біліп қоюға болмайды. Бұл жағдай адамзат өмір сүріп тұрғанда әлеуметтік прогресс үшін өз мәнін жоюға тиісті емес. Дей тұрғанмен, адамзаттық болашаққа қозғалысы жолында көптеген қиыншылықтар мен кедергілердің де бар екенін айтқан жөн. Олардың көбі адамдар санасынан орын алған және жаңаша ойлауды, болашақ проблемаларын шешу ісіне жаңаша қарауды талап етеді.

Бүгінгі жаһандану мәселесі

Жаһандану бүгінгі таңда жиі қолданылатын ұғым. Ол дүниежүзілік экономиканың дамуына, жетілген компьютерлік технологияға, біріккен ақпараттық кеңістік құруға негізделген. Бүгінде жаңа әлемнің қоғамдық - саяси өмірінің саяси, әскери, экономикалық, мәдени және экологиялық салаларында өзіндік ерекше жағдай қалыптасты. Жаңа кезеңі ретінде - жаһандану үрдісі болып есептелді. Жаһандану ағылшын тілінің Globalizaton ұғымының аудармасы болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік топтадың арасындағы айырмашылықты айқындап, адам, мәдениет, тіл, білім, рухани - адамгершілік даму, халықаралық қатынастарға әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар бұл мәселе БҰҰ, Бас Ассамблеясының сессияларында, «Үлкен сегіздік» елдері мен ЕуроОдақтың саммиттерінде, Бұқаралық Ақпарат Құралдарында, ғылыми конференцияларында жиі айтылады. Жаһандануды әкелуші АҚШ және Еуропа елдері екендігі белгілі. Сол себепті олар өмір сүру жағдайын қолайлы етуге көңіл бөлген мемлекеттер болып есептеледі және жаһандану алғашында тек материалдық құндылықтарға ие болуды көздеген. Ал қазір рухани - адамгершілік бағытынан айырылып, қатыгездік, өзге адам құқығын аяққа басу сияқты келеңсіз заңдылықтарға бағытталып отыр.
Жаһандану мәселесі өз мемлекетіміздің тәуелсіздігіне, Қазақстан халқының мәдениетіне, көпғасырлық дәстүрге, халық даналығына әсер етуде. Еліміздің дамуының өзгеше ерекшеліктерінің бірі, оның болашаққа ұмтылысы болып табылады. Мемлекет басшысы жаһандану үрдісінде жастар саясатына ерекше көңіл бөлуде. XXI ғасыр жаңару кезеңі, жастар қоғамды, экономиканы дамытушы, қозғаушы күш деп айтқан болатын. Тарихпен дәлелденген мәселе ретінде - жастар кез-келген мемлекеттің болашағы. Әлемдік өркениетке ену процесі жастардан іскерлік пен біліктілікті, ақылдылық пен парасаттылық талап етеді. Жастар саясаты - жарқын болашақ кепілі. Бұқаралық Ақпарат Құралдар мәліметтері бойынша мемлекеттер «монолисттік» мәдениеттен «плюралистікке» көшу барысында, яғни плюралистік қоғамда жастардың, қоғамның құндылықтары өзгеруі және жоғалуы да мүмкін. Бұл мәселе жайында Н. А. Назарбаев «Сындарлы 10 жыл» еңбегінде айтып, шешу жолдарын жастар саясаты «Жастарды тәрбиелеу» құжатын жасады. Онда :
• Жастардың қоғамдағы өзгерістерге төтеп бере алмауы, бейімделуі.
• Техникалық прогреске, ғылым мен білім жүйесіне конструкциялық бақылау жасай алуы.
• Қоғамнан оқшауланудан күресу, өзінің жеке тұлға ретінде қажеттігін сезіну, өзін қоғамға мойындату
• Командалық жұмысты бағалау және дамуына үлес қосу, деп атап көрсетеді.
Елбасы Жолдауында республика жастарына үлкен сенім білдіріп, үміт артып отыр. Осыдан тағы бір мәселе туындайды - білім сапасы. Қазіргі заманғы білім беруді және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту керек. Бұл саладағы реформа Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі ретінде қарастырылады. Елбасының жаһандандырудың оң және теріс әсерін салыстыра келе, оны салмақты, жүйелі басқару қажеттілігін атап өткен. Расында, әлем елдерінің арасындағы экономикалық алмасу, ақпараттық, адамдардың еркін қозғалысы арқылы жүзеге асырылатын жаһандану жағдайы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру керек екендігін дәлелдеп беруде. Елдің экономикалық деңгейі, әлемдегі бәсекелестік орны оның адам капиталына байланысты деген еді Президент. Бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторы ретінде ғылым мен білім, жаңа технологияларды атады. Ғылымды дамытуда ұсынылған Жоғары ғылыми - техникалық комиссия құру, Ғылымды дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдау болып табылады.
Алдыңғы онжылдықта жоғары технологиялар, жедел көлік жүйелері, энергия сақтаушы технологиялар заманы болатыны түсінікті. Президенттің білім мен ғылымға назар аударуы да даусыз. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне, әлемдік қауымдастық елімізді экономика мен саясаттың барлық салаларында терезесі тең әріптес ретінде қабылдауына, халықтың әл - ауқатын көтеруге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру да үміт артқаны белгілі.
Қазір әлемде қоғамдық қатынастардың барлық салалары бәсеке жағдайында деп айтуға болады. Өйткені, әлемдік инфрақұрлымдары мен институттары, қызметтің жаңа бағыттарын қалыптастырды. Яғни халықаралық байланыстар жүйесінде «Үлкен сегіздік» саммиттерінде, үкіметтік емес ұйымдар мен Бүкіләлемдік сарапшыларының пікірталасынан бастап, халықаралық ұйымдардың жыл сайынғы жиналыстарында әлемдік тартыс-таластар орын алуда. Дүние жүзі ғалымдарының қазіргі әлем туралы пікірталастарының өзекті мәселесі ретінде мемлекеттік биліктің орны мен рөлі, болашақ тағдыры, даму жағдайы, жаһандану үрдісі сияқты аса маңызды мәселелер орын алуда. Жаһандану жағдайы ғалымдармен, саясаткерлер, дипломаттардың алаңдаушылығын тудыртуда. Себебі мемлекеттің ұлттық - ұлттық егемендік мәселесіне қауіп төндіртіп отыр. Мұның бәрі Қазақстан мемлекетінің, қазақ халқының ұлттық мүдделеріне қайшы келетін ұстанымдар жиынтығы. Жаһандану, жаңару мен өзгерістер кезінде ең күрделі міндет - өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін, тұтастығын, экономикалық дербестігін сақтап қалу. Әлемдік трансұлттық компаниялардың, ұйымдар мен одақтардың саясаты мен мақсаты біздің ұлттық мүддеге қайшы келетіні белгілі. Сондықтан қазақ мемлекетін нығайту келешек президент пен парламент институттарының жауапкершілігін арттыру болып табылады. Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтқанда, Қазақ елін «олжалы жерде үлестен, ордалы жерде орыннан, жоралы жерде жолдан қалдырмау».

Жаһандану және Қазақстан

Жаңа білім, жаңа технология жүйесіне Қазақстанның ену жолдарының бірі - бейбітшілікті қолдау арқылы өркениетке қол жеткізу. Елімізде өткізіліп жатқан барлық реформалар нәтижелі болуы үшін адамдар құқығының сақталуын қамтамасыз ету, заң үстемдігін қалыптастыру, өркениетті азаматтық қоғам орнату керек. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы 2009-2011 жылдарға арналған. Қазақстан 2010 жылы Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі еліміздің әлемдік қауымдастық алдында беделін көтеретіні белгілі.

ЕҚЫҰ төрағалық стратегиясын дайындау мақсатында «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын қабылдадық. Бағдарламаның қажеттілігі мемлекетіміздің ішкі дамуына, тарихи қалыптасқан байланыстарды нығайту, технологиялық, энергетикалық, гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету, еуропалық интеграция, құқықтық реформалар тәжірибесіне сүйену арқылы өз мемлекетімізді дамыту. Мұңдағы ең басты мақсат - Еуропа елдерімен қарым-қатынасымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткізіп, заңдарымызды Еуропалық стандарттарды ескере отырып, технологиялық басқару және институттық даму тәжірибесін алу. Еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық - құқықтық базаны жетілдіру және Қазақстан Республикасының 2010 ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі үшін қолайлы жағдай жасау. Осы Бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Еуропаның жетекші елдерімен саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда стратегиялық әріптестік деңгейіне шығуын, Еуропа елдерімен тауар айналымы жыл сайын 10%-ке ұлғайту үшін қолайлы жағдай жасалуын, Еуропа мемлекеттері және үкіметтері басшылары деңгейінде жыл сайын 5 сапар алмасу, қазақстандық желілер панъеуропалық көлік жүйелерімен түйістіру аясында көлік жүйесін дамыту сияқты нақты бірлескен жобалар пайда болмақ. Оларды іске асыру осы жылдың шілде айында Париж қаласында Стратегиялық серіктестігі туралы келісімін іс жүзінде жүзеге асыруға келіскен болатын. Осындай «Еуропаға жол» бағдарламасымен Президент еліміздің ЕҚЫҰ-ға төраға болуына және қазақстандықтардың Еуропа елдеріндегі өмір сүру деңгейіне жеткізетін құжат деуге болады.

Осы жерде ЕҚЫҰ - өзі жайлы мағлұмат. 56 мемлекет мүшесі болып табылатын ұйым БҰҰ Жарғысының негізінде дағдарысты жағдайлардың алдын алу, Еуропадағы түрлі кикілжіңдер мен зардаптарын реттеу үшін құрылған болатын. Еліміз 1992 жылдан бері ЕҚЫҰ-ның тұрақты мүшесі болып, 1995 жылы ЕҚЫҰ-ның жанынан Вена қаласында Қазақстанның тұрақты өкілділігі ашылды. 1999 жылы ЕҚЫҰ мен ҚР Үкіметі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды және Алматыда ЕҚЫҰ-ның орталығы ашылды. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету туралы ниет Қазақстан 2003 жылы білдірген болатын. Елбасының 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолында» атты Жолдауында аса маңызды мән берген. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне 2005 жылы Қазан қаласында ТМД басшыларының саммитінде қолдау көрсетсе, ЕурАзЭҚ-тың 2006 жылғы тамыз айындағы бейресми саммитінде қолдайтынын мәлімдеген.
ЕҚЫҰ тұрақты төрағасының қызметтен бір жылға оның төрағалығына сайланған елдің Сыртқы Істер Министрі атқарады. Жалпы, ЕҚЫҰ-да төрағаны қосып есептегенде сегіз институт бар. Олар : Жоғары деңгейдегі кездесулер, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Басқару кеңесі, Тұрақты кеңес, Қауіпсіздік Жөніндегі ықпалдастық форумы, Парламенттік Ассамблея және Бас хатшы.
Осындай беделді ұйымға төрағалық ету Қазақстан секілді жас тәуелсіз мемлекеттер әлемге танымал бола түсуіне, халықаралық қоғамдастықтың ықпалды мүшесі болуға мүмкіндік туып тұр. Осы жол арқылы Қазақстанның өркениет жолындағы, адам құқығын, құндылығын қастерлеудің көрсеткіші. «Еуропаға жол» бағдарламасы өзара түсініктілік, сыйласымдылықты қажет етеді және Қазақстанның болашағы.
Қазақстан мен ЕҚЫҰ мен толыққанды мүшесі ретінде ынтымақтастығын, қарым-қатынастарын белгіленген бағыты бойынша дамыту. Қазақстан өз тұрғысынан жаһандану заманының талабына сай реформалау шараларын жүргізбек.
Осыған байланысты әлемде жаһандану проблемасы ғылыми сыр-сипатқа толы екендігіне түсіндім. Өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, жаһандану мәселесі - адамзат үшін жаңа кезең. Бұл процесс алғашында экономика мен информатика салаларында, білім жүйесінде, мәдениет және т. б. салаларда пайда бола бастады. Қазір қазақ халқы үшін, Қазақстан үшін ең жауапты әрі шешуші кезең. Себебі, қазір жаһандану дәуірі басталып, онда ұлттың рухани мәдениетке аса үлкен көңіл бөлінуде. Осыған байланысты біздер ең бастысы, қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтап қалу және одан әрі дамыту тиіспіз. Рухани құндылықтарға - тіл, дін, салт-дәстүр, тарих, мәдениет, өнер, музыка, жатады. Осы құндылықтарды сақтасақ, қоғамның рухани-имандылығына, әлеуметтік-экономикалық қоғамдық-саяси өміріне әсер етеді.
Өйткені, жаһандану тек ірі мәдениеттер өркениетінің, ұлттық құндылықтарының қатығысы емес, сонымен қатар экономикалық қақтығыс. Эконмикалық жағынан капитал, арзан шикізат көзі, жұмыс күші, экспортқа шығару тауарлар санын көбейту, инвистиция, кредит беру сияқты мәселелер үшін күрес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматылық журналист Галина Дырдинаның айтуынша, бұның себебі қазақ тіліне сұраныстың жоқтығы
Жаһандану кезінде мәдениеттің әмбебаптық үлгісі саналатын американдық мәдениетке ұрынбау үшін не істеу керек
Жаһандану үрдісінің дамуы және таралуы жайлы сандық ақпарат түрін табу
Жаһандану жағдайына болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны, әдістемесі
Ақпараттық желілер құрудағы дамыған елдердің тәжірибесі, даму мәселелері мен негізгі бет алысы
Ислам мәдениеттері
Мемлекеттік қызметті басқаруды жетілдіру жолдары
Ақпараттық мәдениет орталығы
Ақпараттық қоғам және жаһандану
Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz