Кіші мектеп жасындағы балалардың сабақтан тыс уақытта бейнелі есін дамыту


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Психология және әлеуметтік педагогика кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ САБАҚТАН ТЫС УАҚЫТТА БЕЙНЕЛІ ЕСІН ДАМЫТУ

050503 психология және шет тілі мамандығы бойынша

Орындаған:

ППФ, психология және шет

тілі мамандығы, күндізгі

оқу бөлімінің 4-курс

студенті

Малжанова Толғанай.

Ғылыми жетекшілері:

Психолог. ғ. кандидаты,

доцент м. а. Абдрахманова Р. Б.

аға оқытушы Бейсембаева К. Д.

Психология және әлеуметтік

педагогика кафедрасының

меңгерушісі, психология

ғылымдарының докторы,

профессор Каримова Р. Б.

Алматы, 2008 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3- 6

1-тарау. Кіші мектеп жасындағы балалардың сабақтан тыс уақытта бейнелі есін дамыту мәселелерін теориялық зерттеу

1. 1. Кіші мектеп жасындағы балалардың бейнелі есі туралы ұғымның

мәні . . . 7-16

1. 2. Кіші мектеп жасындағы балалардың есте сақтауының

психологиялық ерекшеліктері . . . 17-24

1. 3. Кіші мектеп жасындағы балалардың бейнелі есін

дамытуды психологиялық негіздеудің қажеттілігі . . . 25-29

2-тарау. Кіші мектеп жасындағы балалардың сабақтан тыс уақытта бейнелі есін дамыту мәселелерін эксперименталды зерттеу

2. 1. Эксперименттің мазмұны, бейнелі есті қолдану арқылы есте сақтаудың техникасы мен классикалық тәсілдері . . . 30-35

2. 2. Эксперимент нәтижелерін талдау және өңдеу . . . 36-39

2. 3. Бейнелі есті дамыту бойынша сабақты тыс жұмыстарды жүргізудің әдістемесі . . . 40-48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49-50

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 51-54

ҚОСЫМША . . . 55-65

КІРІСПЕ

Біздің қоғамдағы адамдардың өмір сүру салтының өзгеруі, өскелең жас ұрпаққа білім беру және тәрбиелеу ісінде түпкілікті өзгерістерді талап етеді. Қазіргі кезде, оқу орындарының маңызды кемшілігі ретінде, оқушылардың білімді кеңейту және алуға арналған өзіндік мүмкіндіктерін қолдану шеберлігінің болмауы алынады.

Оқытудың негізінде танымдық процестердің даму деңгейі алынады: қабылдау, қиял, ес, ойлау, зейін, сөйлеу. Ес - оқыту мен дамудың негізінде болатын, маңызды танымдық функция болып саналады. Ес - танымдық процесс ретінде, жеке тұлғаның тұтастығы мен дамуын қамтамасыз етеді.

Естің барлық түрлері - моторлы, эмоционалды, бейнелі, сөздік-логикалық болып бөлінеді, бұл жұмыста ерекше орын бейнелі еске беріледі. Күшті бейнелік феноменалды есте сақтау негізінде болады. Миллиондаған жылдар бойы адамдар жабайы табиғат жағдайында өмір сүріп келді. Оның сигналды жүйесінің күйінен: көруден, естуден, сезінуден, дәм сезуден, сипаудан - өмірдің өзі тәуелді болды. Үнемі дайындық және қауіпті ситуация жағдайын сезіну, өзінше ойлауды, реакцияны, зейінді, есте сақтауды ұйымдастырды. Бұл адамның жылдар бойы жинақтаған тәжірибесінің қоры болып саналды. Қажет емес нәрсе жылдам және ізсіз жоғалды. Ақпаратты есте сақтау, қайта жаңғыртудың ең үздік формасы қарапайым, әдеттегідей, үнемді өңделді. Анық, ашық, сөзбен емес, бейнелермен көрінетін ес түрі қалыптаса бастады.

Сөздік-логикалық есте сақтауы бар адам, айналдырылған шеңберге түседі. Есте сақтауды жақсарту үшін, үнемі арнайы оқу және жаттығу керек, ал оқу үшін - есте сақтау қажет. Сөздік-логикалық есте сақтаудағы барлық күш, мидың 3%-на түседі. 25 жасқа қарай, сөздік-логикалық есте сақтау қабылданған ақпаратпен толықтырылады, содан соң жаңа ақпаратты есте сақтау мүмкіндігі төмендейді. Сонымен бірге, есте сақтауға қажет емес ақпарат, қабілеттер жоғалады.

Бейнелі есте сақтаудың механизмі қарама-қарсы болады. Алдымен адам оқиғаларды, сандарды, әріптерді, сөздерді қабылдайды және оларды бейнелердің шектеусіз қорына жинақтайды.

Бейнелер формасында алынған ақпарат қанша уақыт болса да, сақталады, бұндай ақпарат жеңіл өшіріледі, ауыстырылады, жеңіл саналады және кез келген тілге аударылады. Бұндай есте сақтау тек мектепке дейінгі жастағы балаларда ғана сақталады. Адамның миы табиғатынан барлық нәрселерді есте сақтауға әдеттенген. Адам ақпаратты қабылдай отырып, мидың оң жарты шарында бейне-модельді құрады, ал сол жарты шарында - соған сәйкес сөзді құрайды. Бұндай тәсілмен қабылданған ақпарат, адамның қалауы болмай өшірілмейді. Есті бұлай ұйымдастыру табиғи және үйлесімді болып саналады.

Өркениет дамыған біздің заманда, ақпараттың 90%-ы қысқартылған түрде беріледі - диктордың дауысы, кітаптағы мәтін, теледидардың үзілген бейнелері және т. б. Мидың сол жақ шарында - ақпарат, ал мидың оң жарты шарында - формасыз дақ пайда болады, яғни ешбір бейнелер болмайды. Бұдан бақыланбайтын ұмыту, зейін қоймау туындайды. Қысқартылған ақпараттан, қоршаған дүниені біртұтас қабылдау болмайды.

Тәжірибенің аз болуы себепті, балаға процестер мен дүние құбылыстары арасындағы байланысты елестету мүмкін болмайды. Көп жағдайда, бала ақпаратты мехникалық түрде есте сақтайды: ережелерді жаттайды, мәтіндерді оқиды, тапсырмалар мен мысалдарды шешеді, оқылған ертегілер мен әңгімелерді әңгімелеп бере алады. Психикалық процестердің ырықтығы жоғары болады, егер біз өмірімізде сөздік нұсқаулар мен ойларды басқаруға қабілетті болсақ, мүмкін болар еді, осы бейнелер баланың шынайы түйсінулерінің туындауына ықпал етеді, баланы психикалық процестерінің ырықсыз механизмдерін енгізеді.

Балалық шақта баланың өзінің психикалық өмірін, фантазияның айқын тірі бейнелерімен бағындыру қабілеті ерекше болады, біріншіден, баланың сөзі нақты бейнеге өте жақын болады, екіншіден, балалардың психикасын реттеудің негізгі типі ырықсыз болып саналады. Сөздер балалардың айқын әсерлері мен шынайы түйсінулерін туындатады, олардың есте сақтау психикалық процесінің табиғи механизмдерін қосуға ықпал етеді.

Жас ерекшеліктеріне қарай, бұл қабілеттер жойылады. Бала кезден бастап, сөздік-бейнелі реттеу механизмдерін жаттықтыруға, балалар психикасының аса жоғары қабілеттерінің жоғалуына қарсы тұруы мүмкін.

Сыныптан тыс сабақтар, арнайы ойындар мен жаттығуларды қолдану, қысқартылған ақпаратты толық бейнесіне дейін толықтырады. Адамда эволюциялық тұрғыда, жедел есте сақтау қабілетінің негізі қаланған. Қабылдаудың барлық арналарын қосу, «қайталау - оқудың анасы» деген принциптің күшін жояды. Бұл - стресстің болмауы, өзіне сенімділік, ақыл-ой жұмысы шығармашылық бола бастайды, ал дұрыс психикадан баланың денсаулығы байланысты болады. Оқу енді тек түсінуге ғана тіреледі.

Бейнелі есте сақтауды дамыту әдістері, мидың жарты шарларының жұмысының координациясын болжайды және қарастырады, себебі оң жақтағы жарты шар эмоционалды-бейнелі, біріктіруші, ал сол жарты шар - конрастылы, логикалық болып табылады. Педагогтың міндеті - екі жарты шарды бір уақытта жұмыс істеуге үйрету және балаларды әлемді сезім мүшелері арқылы қабылдауға үйрету болып табылады.

Зерттеудің мақсаты: бейнелі есті дамыту және жетілдіру жолдарының тиімділігін, ақпаратты үйлесімді және табиғи қабылдау құралы ретінде анықтау.

Зерттеу объектісі: бейнелі есті дамыту процесі.

Зерттеу пәні: сабақтан тыс уақытта арнайы жаттығулар мен ойындар кешенін енгізу әдістемесі.

Қойылған мақсатқа жету үшін, келесі міндеттер қойылды:

1. Аталған тақырып бойынша әдістемелік, педагогикалық және психологиялық әдебиетті зерттеу.

2. Оқушылардың бейнелі есін дамытудың өзекті деңгейін анықтау.

3. Оқушылардың бейнелі есін жетілдірудің тәсілдерін ғылыми тұрғыда негіздеу.

4. Бейнелі есті дамытудың деңгейін қарастыратын, ойындар мен жаттығулар кешені бойынша құрылған бағдарламаның тиімділігін эксперименталды зерттеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Ассоциациялық негіздегі, бағдарламадағы ойындар мен жаттығуларды мақсатты түрде сыныптан тыс жұмыстарда қолдану, кіші мектеп жасындағы балалардың бейнелі есін дамытудың деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.

Зерттеу әдістері: эксперимент, тест, мәліметтерді статистикалық өңдеу, оқушылармен әңгіме жүргізу, бақылау.

Зерттеу базасы: Алматы қаласы, Әуезов ауданының №41 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары.

Жұмыстың құрылымы: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Жалпы жұмыс көлемі - 65 бетті құрайды.

1-тарау. Кіші мектеп жасындағы балалардың сабақтан тыс уақытта бейнелі есін дамыту мәселелерін теориялық зерттеу

1. 1. Кіші мектеп жасындағы балалардың бейнелі есі туралы ұғымның мәні

Адам психикасының жоғары деңгейде дамығандығының арқасында, көптеген нәрселердi орындай және жасай алады. Бiздiң қоршаған ортадан алған әсерлерiмiз есiмiзде белгiлi iз қалдырады. Ол iздер жеткiлiктi ұзақ уақытқа сақталады және қажет жағдайда қайта жаңғырады. Сонымен, бұрын қабылданған түрлi әсерлердi, бейнелердi, көңiл-күйлердi, әрекеттердi және бiлiмдердi есте қалдыру, есте сақтауды, қажет кезiнде қайта жаңғыртуды немесе ұмытуды ес деп айтамыз.

Адам естiң арқасында бұрынғы бiлiмдерi мен бiлiктерiн жоғалтпай, ақпаратты жинақтай алады. Осылайша, ес бiр-бiрiмен байланысты жеке процестерден тұратын күрделi психикалық процесс. Ес адамға қажет, ол жеке өмiр тәжiрибесiн жинақтап, сақтап оны пайдалануға мүмкiндiк бередi. Оны түрлi зерттеулерден бiлуге болады. Мысалы, гипнозға енген адам есiне барлығын түсiре алады (феноменалды ес) . Бұл феноменнiң себебiн, есті зерттеушiлер В. С. Ротенберг және Дж. Грезельер гипнозда бейнелеу есi басым болуының себебi, мидың үлкен шарларының оң жартысының бақылаудан босатылуымен деп түсiндiредi. Канадалық нейрохирург У. Пенфилд миға операция жасаған кезiнде, токпен мидың түрлi орталықтарын қоздырған. Сол кезде, арнайы аппарат арқылы, пациент наркозда болса да, бұрын естiген және ұмытылып кеткен әңгiмелер мен әндердi жаңғырта алғанын анықтаған. Сонымен, адамның есте сақтау қабiлетi өте мол. Адам есiнiң көлемi - 10 миллионнан астам белгiлердi сақтай алады, бiрақ қайта жаңғыртудың әр түрлi қиыншылықтарынан және бұл көлемнiң бәрiн саналы кезiнде қолдана бермегендiктен, көп нәрсенi еске түсiре алмаймыз.

Барлық психикалық құбылыстар еске сүйенедi және ес негiзiнде жүзеге асады. Орыс физиологы И. М. Сеченов айтқандай: «Ес барлық психикалық дамудың негiзiнде жатады». Егер сезiмдерiмiз, ойларымыз немесе әрекеттерiмiз сақталынбаса, олардың байланысуы мен әрекеттесуi мүмкiн болмас едi.

С. Л. Рубинштейн айтқан: «Бiз еске ие болмасақ, бiр сәттiк тiршiлiк иесi болар едiк. Бiздiң өткен өмiрiмiз, болашағымыз үшiн жоқ болар едi». Естiң жүйке-жүйелiк жағынан, физиологиялық негiздерi, ол ми үлкен жарты шарлар қыртысымен күрделi әрекетпен байланысты болады. Сыртқы тiтiркендiргiштер мида өзiндiк «iз» қалдырып отырады. Бұны ашқан И. П. Павлов болды, ол естiң негiздерiн шартты рефлекстермен түсiндiрген. Мысалы, итке тамақ беру алдында, шартты қоздырғыш ретiнде, жарықпен әсер етудi қолдансақ, осындай бiрнеше қайталанудан, иттiң аузынан сiлекей аға бастайды, яғни шартты рефлекс қалыптасады. Осы жағдайда, иттiң миында екi жүйке орталығы, бiрi - көру, екiншiсi - тамақ орталығы қозу жағдайында болып, бұл екеуiнiң арасында уақытша жүйке бекiп, бiр қалыпқа түсуi мүмкiн. Бұл механизм адамда да, мидағы жүйке байланыстары арқылы қалыптасып отырады. Егер адамның желкесiне зақым келетiн болса, ол бұрын көрген нәрсенi тани алмайды. Егер самайына зақым келсе - адам естiгенiн екiншi рет естiгенде түсiне алмайды. Осылай, естiң миының үлкен жарты шарлары қыртысының әрекетiмен байланысты екендiгiн бiлуге болады.

Ес барлық тiршiлiк иелерiнде болады, бiрақ ес адамда ғана жоғары даму деңгейiне жеткен. Адамда кездесетiн мнемикалық мүмкiндiктер жер бетiндегi ешқандай жануарда кездеспейдi. Адамға дейiнгi жануарларда екi түрлi ес болады: генетикалық және механикалық ес. Алғашқысында, өмiр сүруге қажеттi биологиялық, психологиялық және мiнез-құлықтық қасиеттердi ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық жолмен берiледi. Екiншiсi, үйренуге, өмiр тәжiрибесiн игеруге қабiлеттiлiк формасында көрiнедi. Жануарлардың есте сақтау қабiлеттерi шектеулi. Олар шартты-рефлекторлық, оперативтi үйрену әдiстерi арқылы меңгерiлген нәрселердi ғана есте сақтап, қайта жаңғырта алады.

Ес туралы көптеген теориялар бар. Олар ес құбылысын, әр түрлi жағынан қарастырған әрi түсiндiрген. Солардың iшiнде, алғашқы рет Аристотель үсынған, бiрақ өзiнiң көкейтестiлiгiн осы күнге дейiн әлi де жоғалтпаған ассоциативтік теория болып саналады. Аристотель бiздiң елестерiмiздiң бiр-бiрiмен байланысуына мүмкiндiк беретiн принциптердi табуға тырысқан. Артынан психологияда ассоциация принципi деп аталған бұл принциптер мыналар:

1. Iргелес ассоциациялар . Қабылдау бейнелерi немесе қандай да бiр елестер бұрын солармен бiрге немесе олардан соң бастан кешiрген елестердi туғызады. Мысалы, «таң ату» дегенде қораздың дауысын, «қоңырау» дегенде сабақтың басталуын немесе аяқталуын есiмiзге аламыз.

2. Ұқсастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi бiр елестер, бiздiң санамызда осыларға қандай да бiр белгiлерi бойынша ұқсас елестердi шақырады. Бұларға мысалды келтiретiн болсақ, «дөңгелек» десек, шарды және допты, «асқар» десек, тауды, «ақ» дегенде, ақ қарды немесе сүттi еске түсiремiз. Мысалы бiз қандай да бiр затты көрсек, ол бiр адамды немесе құбылысты еске түсiруi мүмкiн.

3. Контрастылы ассоциациялар. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi елестер, бiздiң санамызда бiр белгiсi бойынша қарама-қарсы елестер туғызады. Мысалы, «ыстық» дегенде суықты, «су» дегенде отты еске түсiремiз. Осы ассоциациялық байланыстарды жарнама жасаушылар әр кезде қолданып жатады. Мысалы, «тазалықты» бiлдiргiлерi келгенде суды, ақ немесе көк түстердi және жуынғанды көрсетедi. Осылардың әсерiнен, ми қабығында есте сақтау мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негiзi болып саналатын, уақытша байланыстар пайда болады.

Ассоциация принципiнiң нағыз ғылыми негiздемесi мен олардың заңдылықтарын ашқан И. М. Сеченов пен И. П. Павлов болды. И. П. Павлов бойынша, ассоциациялар дегенiмiз бiр немесе бiрнеше тiтiркендiргiштердiң бiр уақытта немесе бiрiнiң артынан бiрi әрекет етуiнен пайда болатын уақытша байланыс. Қазiргi кезде көптеген зерттеулер, ассоциацияларды естiң негiзгi емес, бiр ғана феноменi деп қарастырады.

Ес зерттеулерi психология ғылымындағы эксперименттiк әдiс қолданылған алғашқы бөлiмдерiнiң бiрi болды. ΧΙΧ ғасырдың 80−жылдары немιс психологы Г. Эббингауз ойлау ιс−әрекетιнен тәуелсιз ↔︎таза≈ естιң заңдарын зерттеуге болатын әдιстι ұсынды. Ол мағынасыз буындарды жаттау әдιсι едι. Ол өз зерттеулерιнιң негιзιнде, материалды есте сақтаудың негιзгι қисықтарын тапты және ассоциациялардың пайда болу механизмдерιнιң кейбιр ерекшелιктерιн ашты. Мысалы, ұзақ қатарды еске сақтаған кезде, соңында тұрған материал тез еске түсетιнιн тапты (↔︎шеткι эффектісι≈) . Г. Эббингауздың маңызды жетιстιктерιнιң бιрι − ұмытудың заңдылықтарын ашу болды. Бұл заңдылық мағынасыз үш әрιптен тұратын, буынды есте қалдыру тәжιрибесι негιзιнде ашылды. Алғашқы 1 сағаттан соң, алынған ақпараттың 60%−ы ұмытылады, ал алты күннен кейιн бастапқыда жатталған буындардың 20%−дан аз бөлιгι ғана есте сақталады екен.

Г. Эббингаузбен қатар, басқа да ғалымдар зерттеулер жүргiздi. Атап айтқанда, немiс психиатры Э. Крепелин психикалық ауру адамдарда есте сақтау қалай жүретiнiн зерттеген. Келесi немiс ғалымы Г. Э. Мюллер адамдағы естiң қайта жаңғыруы мен есте қалудың негiзгi заңдылықтарына фундаменталды зерттеулер жүргiздi. Адамдағы ес процестерiн зерттеудiң алғашқы кезеңiнде, арнайы саналы мнемикалық iс-әрекеттi зерттеуге (материалды арнайы жаттап, қайта жаңғырту процесi) бағытталды, кейiнiрек iздердiң өз бетiнше есте қалу механизмдерiне талдау жасалынды.

ΧΙΧ ғасырдың аяғында ассоциативтік теорияның орнына гештальттеория келдi. Бұл теорияның негiзгi түсiнiгi, заттар немесе құбылыстардың ассоциациясы емес, олардың бастапқы, тұтастай ұйымдасуы - гештальт болды. Бұл теорияны жақтаушылардың пiкiрiнше, ес процестерi гештальт қалыптасуымен анықталады. «Гештальт» сөзi «тұтастық», «құрылым», «жүйе» деген мағынаны бередi. Бұл терминдi XX-ғасырдың алғашқы ширегiнде Германияда пайда болған бағыттың өкiлдерi ұсынған. Бұл бағыттың негiзгi постулаты, тұтастың жүйелi ұйымдасуы, ол құралған бөлшектердiң қасиеттерi мен қызметiн анықтайды. Сондықтан, бұл теорияның өкiлдерi естi зерттегенде, есте сақтау және қайта жаңғыру материалы ассоциациалардың негiзiнде, элементтердiң кездейсоқ жиналуы арқылы емес, тұтастай құрылым түрiнде болады дейдi. Гештальтпсихология тұрғысынан, есте сақтау мен қайта жаңғыртудың динамикасы былай жүредi. Адам үшiн, сол мезетте өзектi болатын кейбiр күйлер, есте сақтау мен қайта жаңғыртуға белгiлi нұсқаулар туғызады. Сәйкес нұсқау, адам санасында белгiлi тұтастық құрылымдарды белсендiредi. Өз кезегiнде, олардың негiзiнде материал есте сақталады немесе қайта жаңғырады. Бұл нұсқау, есте сақтау мен қайта жаңғырудың жүру жолын бақылайды, қажет ақпаратты таңдауды анықтайды.

Гештальтпсихология негiзiнде жүргiзiлген кейбiр зерттеулерден көптеген қызықты деректер алынды. Осылай Б. В. Зейгарниктiң зерттеулерiнде, сыналушыларға бiреуiн соңына дейiн орындауға рұқсат беретiн, екiншiсiн соңына дейiн аяқтамай бiтiретiн тапсырмалар сериясын ұсынған. Нәтижесiнде, сыналушылар аяқталмаған тапсырмаларды соңына дейiн жеткiзген тапсырмаларға қарағанда екi есе жиi есiне түсiре алған. Бұл құбылысты былай түсiндiруге болады. Тапсырманы алғанда, сыналушыларда оны орындауға деген қажеттiлiк пайда болады. К. Левин квазиқажеттiлiк деп атаған бұл қажеттiлiк, тапсырманы орындау барысында күшейедi. Тапсырма орындалса ол жүзеге асады, ал тапсырма соңына дейiн жетпесе, ол қанағаттанбайды. Сәйкесiнше, мотивация есте аяқталмаған тапсырманың iзiн сақтап, естiң таңдамалығына әсер етедi.

ΧΧ ғасырдың басында, естiң мағыналық теориясы пайда болды. Бұл теорияның өкiлдерi сәйкес процестердiң жұмысы, мағыналық байланыстардың бар немесе жоқ болуына тәуелдi деп пайымдады. Мағыналық байланыстар есте сақталған материалды азды-көптi көлемдi мағыналық құрылымдарға бiрiктiредi. Бұл бағыттың көрнектi өкiлдерi А. Бине мен К. Бюлер болды. Олар есте сақтауда, қайта жаңғыртуда материалдың мағыналық мазмұны басты орын алатынын көрсеткен. Алғаш балалардың есiнiң жоғары формаларын жүйелi түрде зерттеген көрнектi кеңес психологы Л. С. Выготский болды. Ол өзiнiң шәкiрттерiмен бiрге, естiң жоғары формаларының шығу тегi жағынан, әлеуметтiк және психикалық әрекеттiң күрделi формасы екендiгiн көрсеттi. Л. С. Выготский ұсынған жоғары психикалық функциялардың шығу тегi туралы теорияның шеңберiнде, естiң фило- және онтогенетикалық даму сатылары анықталды. Л. С. Выготскийдiң жұмыстары француз ғалымы П. Жаненiң зерттеулерiне ықпал еттi. Француздардың психологиялық мектебi барлық ес процестерiнiң әлеуметтiк келiсiлгендiгiн, адамның практикалық iс-әрекетiне тiкелей байланыстылығын дәлелдедi.

Кеңес психологтары ерiктi мнемикалық iс-әрекеттiң күрделi формаларын зерттеудi жалғастырды. Онда ес процестерi ойлау процесiмен байланыстырылды. Осылайша, А. А. Смирнов пен П. И. Зинченконың iс-әрекеттiң психологиялық теориясы позициясынан жүргiзiлген зерттеулерi, естiң заңдылықтарын мағыналанған адам iс-әрекетi ретiнде ашуға жол бердi, есте сақтаудың қойылған тапсырмаға тәуелдiлiгiн және күрделi материалды есте сақтаудың негiзгi тәсiлдерiн тапты. Мысалы, А. А. Смирнов ойларға қарағанда, әрекеттер жақсы есте сақталатындығын, ол әрекеттердің iшiнде қиындықтарды жеңумен байланыстылары ұзақ есте сақталатындығын тапты.

Естiң физиологиялық теориясын жасаған И. П. Павлов және П. К. Анохин зерттеулерi бойынша, жүйкелiк импульстар нейрон арқылы өткенде, өзiнiң iзiн қалдырады - бұны нейрондық модель теориясы деп атайды. Жүйке клеткаларынан таралатын аксиондар, басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады немесе өзiнiң клетка денесiне қайта оралады. Жүйке клеткаларында осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда болады. Сөйтiп, клеткалардың өз-өзiнен жанауы iске асады. Мұндай құбылыстар жүйесiн, iздердiң сақталып қалудың физиологиялық субстраты деп есептейдi. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте балалық шақ жасындағы балаға сипаттама жасап, психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекетіне бейімділігі мен әлеуметтік статусын қабылдауының психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың есін дамыту және тәрбиелеу
Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері
Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмысында таным процесін дамыту
Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілетін дамыту
Ес және іс-әрекет
Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері. Зердесін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау үрдісін дамыту
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz