Ұлт зиялысы мен зиялылық


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

2007-07-26:

Ұлт зиялысы мен зиялылық: тарихи негіздер

Ұлт зиялысының тарихы мен тағдыры, қоғамдағы орны мен міндеті төңірегіндегі алуан пікір, ғылыми зерттеулердегі қилы-қилы байлам-тұжырым бір арнаға саймайтыны бүгінгі күннің ғана ақиқаты емес, ғасырлардан бері желісі үзілмей келе жатқан үдеріс. Мәсе-лен, Абай поэзиясы мен қара сөздерінде ғалым, ұстаз, дәрігер, болыс, старшын, дін ие-лері, билер қауымы, әскери маман, ақын, адвокат, тілмаш жайлы ХІХ-ХХ ғасырлар ме-жесіндегі қоғамдық және ғылыми пікірлердің озығы ұлықталып, тозығы аяусыз сыналғанын исі қазақ баласы жақсы біледі. Ал одан да әріге көз жіберсек, дәстүрлі қазақ қоғамы тұсында халықтың рухани-интеллектуалдық, саяси-идеологиялық, әскери көсемдері ер-лер”, ел ұстайтын ұл”, жақсылар”, жұрт иесі, ел иесі тәрізді ұғым-түсініктермен айдар-лағанын көреміз. Әрқайсын даралап қана қоймай, несімен жақсы, қайткенде жаман атанатынын дәйектей де алған екен. ХХ ғасыр басында осынау әлеуметтік қауымның қысқа да нұсқа классикалық атауы орнықты. Енді бұларды зиялы” деген сөзбен айшықтау тілдік қорымызға енді. М. Әуезов осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын былай деп жазған екен: Жә, қазақтың сол баста деп алдына салып отырған көсемі кім? Ол қазақтың оқыған азаматтары, зиялылары.

Әрине, бұдан қазақ зиялылары ХХ ғасыр басында қалыптасқан екен деген қорытынды тумаса керек. Зиялы қауымның бастау-бұлағы этнос тарихының қойнауында жатыр. Қандай этнос болмасын тарих сахнасына төл зиялы-сымен шығады, өз этносынан ерте немесе кеш туған зиялылардың болуы да мүмкін емес. Себебі, халыққа тән саяси, мәдени, эко-номикалық, әдет-ғұрыптық, тағы басқа толып жатқан әлеует пен қасиет алғашқыда табиғи-географиялық орта, тіршілік қисыны, сыртқы фактор әсерімен қалыптасса да, осылардың бәрін өміршең, бәсекеге қабілетті дәрежеге көтеретін құдірет этнос зиялысы.

Адамзат баласының өткенін көктей шолып бағамдасақ, жүздеген, бәлкім мыңдаған этностардың жойылып, тарих сахнасынан түсіп қалғанын жоққа шығара алмаймыз. ХVІІІ ғасырда Орталық Азияның жойқын мемлекетін құраған жоңғарлар қайда, ХІІІ ғасырда жарты әлемді ашса алақанында, жұм-са жұдырығында ұстаған моңғолдардың бүгінгі әлеуеті кімді қызықтырады? Мәскеулік ғалым Мұрад Аджи күйзеле жазғандай, дін қызметі VІІІ ғасырға дейін Византияда, ХІІІ ғасырға дейін Римде, ХVІІ ғасырға дейін Мәскеуде түркі тілінде жүргенін бүгінде кәсіби тарих-шы-лар да білмейді. Кезінде айдарынан жел ес-кен мемлекеттер мен халықтардың мұнша-лықты күйреуінің себебін тізіп шығу мүмкін емес. Дегенмен солардың ішінде зиялы қауым қа-телігінен, берекесіздігінен, қарымсызды-ғы-нан, сатқындығынан туындағаны ең басты орында тұрмаса да, соңғысы, елеусізі еместі-гіне күдік жоқ. Зиялысыз халық тас дәуіріндегі тобырға тең, халқынан кіндігін үзген зиялы қауым әркімге жем болатын бүлдіргі. Баба-ла-рымыз халық пен зиялылардың жарасымды қатынас-байланысы тағдыр анықтағыш маңызға ие екенін Күлтегін тасына бекер қашап жазбаған. Игі, білгіш кісілерді, игі, батыл кісілерді қозғалта алмады, дейді тастағы жазулар. Бір кісі жаңылса, рухы, халқы тұқымына дейін қалмас еді.

Иә, тарихи тамыры тереңге тартқан арғы қазақтар мен түркі әлемінің заңды мұрагері қазақтың зиялысы халқына қызмет етудің, ұлтты ұйыстырудың, жаһандық, аймақтық бәсекеге төтеп берудің қатал сынағынан абыроймен өткенін биік ғылыми өремен, мақтанышпен айтатын уақыт келді. Тұмар ханым жайлы аңыздардың, Қорқыт Ата күйлерінің, Қ. А. Ясауидің даналық сөздерінің, Асан Қайғы, әз Жәнібек, Қасым, Есім, әз Тәуке, Бұқар, Абылай сынды хандар мен жыраулардың зердеден өшпеуін далалық ауызша тарихнама мұрасы ретінде ғана қабылдамай, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан зиялы қауым өкілдеріне көрсетілген халық құрметі мен ұлықтауы мәртебесінде де бағалаған жөн шығар. Халық санасында кездейсоқ есімдер мен құндылықтарға орын жоқ. Олар не мақтауға, не даттауға лайық. Әрқайсы ұрпақтан ұрпаққа тағылым, үлгі болу үшін тиісті бағасын алған.

Сонымен, ғылыми анықтамасын айтар болсақ, зиялылар дегеніміз қоғамның, уақыт-тың, халықтың объективті төл перзенті. Бұлар елі мен халқының құрамында (ерекше жағдай-да диаспора мәртебесінде де) прогресс жолы-мен ілгерілеуге немесе қиын-қыстау сәтте қамал-қорғандай пана болуға ақыл-ойымен, ұйымдастырушылық және басқарушылық іс-әрекетімен қол жеткізуге лайықты үлесін қос-қанда ғана тарихи миссиясын атқарды деуге негіз бар.

Ал зиялылық дегеніміз не? Біздің ойымыз-ша, қоғамның, уақыттың, халықтың алдын-дағы перзенттік борышын риясыз өтеу барысында зиялы қауымның өмір салтына айналған жағымды қасиеттер жиынтығы зиялылық. Нағыз зиялылықтың қалыптасуына ғасырлар қажет. Оның негізінде туған хал-қы-ның арғы-бергі тарихы, болмыс-бітімі, тірнек-теп жиған қазынасы жататыны рас. Дей тұр-ған-мен, шыққан тегінің мәртебесі мен мис-сия-сына сәйкес зиялылық қасиеттерде ерек-ше-лік, қалың бұқараны өрге сүйрейтін әлеует болуы шарт.

Мәнді белгілері адам әрекетімен ажырағысыз байланыста өрілетіндіктен зиялылық қасиеттерді үш топқа жіктеуге болатын тәрізді. Біріншісі әлеуметтік-кәсіби, екіншісі мәдени-этикалық, үшін-шісі ұлттық. Айталық, билерге тән ше-шен-дік, тапқырлық, құқықтық кемелдік, батыр-ларға жарасқан аңғалдық, жауын санамай соғыс-қан жүректілік, толарсақтан саз кешкен төзім-ділік, сал-серілерді ерекшелендіретін сегіз қыр-лы, бір сырлы өнерпаздық, еркіндік, еркелік жыл-қышы, қойшы, дихан, ұста, мұраб қауымы-ның игілігіне айналғанмен сол ортадан әрқашан туындай бермейді. Әрине, батыр кешегі жыл-қышы, би кезіндегі қойшы, серінің әкесі ұста болуы әбден мүмкін. Бірақ жаңа әлеуметтік са-ты-ға көтерілген бұлар атасының баласы болудан қалып, ел ұстайтын ұлға лайық зиялылықтың көзіне айналады. Саф алтындай зиялылық ізгілігімен, өміршеңдігімен барша қоғамға тарап, әлеуметтік субъектілердің санасын ашатыны, рухын шыңдайтыны, ұлттық мақтанышын қалыптастыратыны сөзсіз. Қазақ: шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ деген қағидатты осы мағынада айтқан.

Зиялы қауым мен зиялылық статикалы күйде қала алмайды. Олар кеңістік пен уақыттағы, ел ішіндегі ахуалға қарай түрлі күйде тағдыр кешуі заңды құбылыс. Бірде табиғи-ырғақты даму заңдылықтары сақталған ортада динамикалы-сабақтасты мазмұн мен пішінде көрінеді, келесі жолы жаулап алумен, отарлаумен (сыртқы фак-тор) немесе елдегі реакциялық күштердің өк-темдігімен (ішкі фактор) табиғи ырғақты даму бұзылғандықтан дағдарысты-деформа-циялы күй кешуге мәжбүрленеді, ең соңғысы дағдарысты деформациялы дәуір жойдасыз ұзақ-қа созылғанда халқымен қоса ұлт зиялысы мен зиялылық ыдырайды, бөтеннің қанжы-ғасында кетеді.

Қазақ зиялысы, оның зиялылық қасиеттері де, алғашқы екі тағдырды бастан кешті. Әсіресе ХV-ХVІІІ ғасырлардың орны бөлек. Қазақ хан-дығы шаңырағын тіктеді, аумағын кеңейтті, алыс-жақын елдермен байланысқа түсті, әз Тәу-кенің тұсында классикалық биігіне көтерілді. Зиялы мен зиялылықтың мейлінше кемелден-гені, ұлттық даралығының түпкілікті орныққаны осы кезең. Ерлердің, ел ұстайтын ұлдардың, жақсылардың, билер мен батырлардың уақыт үдесінен шыға алуы халықтың дәулетін тасытты, оптимизмін асқақтатты. Төрт құбыласы түгел болғандықтан өзі батыр, өзі жырау Ақтамберді:

Салпаң да салпаң жортармын,

Сары азбанға қосымды артармын,

Торлаусыз өскен құланмын,

Мезгілсіз жусап өрермін,

Байраққа біткен құрақпын,

Саусағым жерге түсірмен,

Жапанға біткен терекпін,

Еңсемнен жел соқса да теңселмен,

Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,

Балталасаң да айрылман,

Сыртым құрыш, жүзім болат,

Тасқа да салсаң майрылман! деп неге шалқып таспасын. Бірақ тар жол, тайғақ кешулер алда еді.

Ресей бодандығына өту арпалысқа толы болғанмен ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында ол толығымен аяқталды. Енді отарлаушы империя өз ойындағысын жүзеге асыруға ашығынан кірісті. Жерді тартып алу дағдыға айналды, хандық басқару жүйесінің тамтығы қалмады, ру-тайпалық қатынастардың мәні аяусыз бұрмалан-ды. Зиялы мен зиялылықты табиғи-ырғақты негізде туындатқан тетіктер, заңдылықтар ішін-ара сақталды, біразы жұмыс істеуден қалды. Есе-сіне отарланған Қазақстанға қажетті ұлт зиялы-ларын жасақтау мәселесі ресми Петербургті алаңдатпады. Мектеп-медреселерді айтпағанда, орта және кәсіби білім беретін оқу орындарына қазақ ұл-қыздарының мыңнан бірі тартылмады. Зорлық-зомбылығын, қылмысын жасыру үшін қазақты надан, ұшарын жел, қонарын сай білген қараңғы, барымташы атандырғанын қайтесің. 1870 жылы Вестник Европы журналының: Рус-ские подчиняют казахов более строгому контролю и порядку. Такой строй жизни не мог нравиться людям, привыкшим к бродяжничес-тву, своеволию, набегам, барымте . . . деп жазуы-нан көп нәрсені аңғаруға болады емес пе. Мем-ле-кетті басқару ісінен, ұлттық байлықтан шет-тетіл-гендіктен қазақ мүддесін қорғайтын күштің қауқары біржолата сарқылмаса да дәрмен-сіздіктен іш қазандай қайнады. Еуразияның сайын даласын кедейшілік, әділетсіздік, қорғансыздық жайлады.

Зиялы мен зиялылыққа тән бұрынғы текті-ліктің жағасына отарлаумен келген жалтаң-көз-дік, жағымпаздық, парақорлық, жалқаулық жармасты. Отарлаудың классикалық формуласы: Бөліп ал да, билей бер толық қолданылған-дықтан өршіл рухқа сызат түсті, ұлт тұтастығы сыр берейін деді. Осының бәрін оймен ұғып, көз-бен көрген хакім Абай: Қазақтың бірінің бірі-не қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас аз болатұғынының, қыз-метке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? деп күңі-рен-ді. Зар заман поэзиясынан да осыны байқай-мыз. Төніп келе жатқан апат қаупін сейілтудің бірден бір жолы ұлттық мемлекет құру екенін Алаш зиялылары қапысыз ұқты. 1917 жылдың жазында Ә. Бөкейхан: Тірі болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар, деп сенімін білдіре, одан әрі кезек күттірмейтін міндеттерді тізген еді. Бұл болып тұрған заман Алаштың азаматына зор жүк. Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт махаббат жолына түсті. Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере - бере жүретін алдымызда зор шарттар бар! Осыны аңғар, жұртым қазақ”. Өкінішке орай, бәрі басқаша шешілді.

Дағдарысты деформациялы қазақ қоғамындағы зиялы мен зиялылықтың та-рихи негіздерін алапат қирату кеңестік тота-литаризм тұсында жалғасты. КОКП диктату-расы ұлт мәселесіндегі қайшылықтарды шеше алмай, сөз бен іс арасындағы алшақтықты тіпті ұлғайтып жіберді. Халықтар достығы желеуімен КСРО-ны орыстандыру жайлаға-нын әркім білді. Жаңа тұрпатты мемлекет Қазақ кеңестік социалистік республикасы 70 жыл өмір сүргенмен, оның бар билігі Кре-мль-дің қолында қала берді, оқу орын-дары-ның тәп-тәуір жүйесі қалыптасқанмен, білім және тәрбие мазмұнын Мәскеу анықтады, маман қазақтардың саны еселеп артқанмен, бәрі дерлік партиялық бақылауда тұрды. Кеңестік 70 жыл аясындағы Қазақстанда жүзе-ге асқан науқанның бірде біреуі жер-су реформасы, кәмпеске, ұжымдастыру, индустриализация-лау, мәдени революция, тың игеру, қой санын 50 млн. -ға жеткізу, қайта құру республика басшылығының қалауы-мен әрі байырғы ұлт мүддесі тұр-ғысынан күн тәртібіне қойылмағаны айтпаса да түсінікті. Үздіксіз саяси қуғын-сүргін, миллиондардың өмірін қиған аштық, қазақ тілінің мүшкіл халі, ата тарихы мен дәстүрі-нен мақұрым ұрпақтың мәңгүрттенуге бет түзеуі онсыз да тынысы тарылған ұлт зиялысы мен зиялылыққа ауыр дерт жамады. Сорақыларын айтар болсақ, олар үрей, екіжүзділік, әлемдік өркениеттен алшақтау, жалған идеологияның жетегінде кету, халыққа қызмет етуді мезеттік, партиялық шешімге қызмет етумен шатастыру, қарақан басының, дұрысы, қарынның қамын күйттеу, ұлттық ой-сананың бұзылуы. Науқасы” ауырлары саяси-әкімшілік, құқық қорғау қызметіндегілер еді де, жеңіл-желпі тымауратқандары” ғылыми және көркем шығармашылықпен айналысатындар болды.

Дерттің беті қатты екені демократия, заңдылық, адамның бас еркі, өмірі тәрізді мәңгі құндылықтардың құнсыздануымен әшкереленді. Озық ой иелері тығырыққа тірелгендерін түсінді. Егер отарлық дәуірде қазақ зиялысы қарнының ашқанынан емес, қадірінің қашқанынан ұлт-азаттық қозғалысына, Алаш автономиясы идеясына мұрындық болса, тоталитарлық тоқпақтан, кәмпеске мен аштықтан шошынған алашордашыл Ахмет, Әлихан, Мағжандар туған халқының тағдырына қабырғалары қайыса өксіді, лениншіл Сәкен, Тұрарлар оңбай алданғандарына өкінді. 1937-1938 жылдарғы қызыл қырғыннан кейін ұлтжанды зиялы ішкі эмигрантқа айналды. Соғыстан соң басталған ұлтшылдықпен күрес, Бекмаханов ісі бұларды эзоп тілімен сөйлеуге, жазуға үйретті. Хрущевтік жылымық”, социалистік теория мен практиканың тоқырау жылдарындағы дағдарысы, республика басшылығында ұзақ жылдар бойы Д. Қонаевтың отыруы, қазақтар санының өсуі нағыз зиялы мен зиялылық тамырына қан жүгірткендей көрінгенмен, болашаққа үміттен гөрі күдік басым түсіп жатты. Қоғамның объективті қисынды заңдылықтарын жалған ілімге және ұлыорыстық шовинизмге құрылған жасандылық жеңген соң нағыз зиялылық ортайып, орнын қазақтың бойынан әлі де тарқай қоймаған маскүнемдік, трайбализм, басқаларға еліктегіштік сипатты кереғарлықтар басты. Зиялылықты әдемі киініп, театрға, киноға барумен шатастыру қалыпты ұғымға айналды. Социалистік, ашығын айтқанда, орыстық идея табанына түскен қазақ әлемінің ұрпақтары балабақшада Ленинді, КОКП-ні, Мәскеуді тақылдай тақпақтаудан жоғары дәрежелі білім алғанша жат өркениет құндылықтарына тәрбиеленгендіктен, халқымен қауыштыратын жолды таба бермеді. Сананы торлаған тұманда адасқандары жөргегінен жеріді, қасиетті қара домбыраны две струны, одна палка десе, үйлену тойында горько! деген сөзді құлақ тұндыра айғайлады. Түрі қазақ, тілі орысша, болмысы дүбара зиялы топ бой көтерді. Ұлттық позицияда қалған зиялылар бұлар үшін мәмбет” еді. Ең ауыры ұлт зиялысы мен зиялылықтың тарихи негізін талқандау жақсыларға қарап ой түйетін, бой түзейтін қалың бұқараны тамырсыздандыру қаупін зорайтты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н.Құлжанованың мұраларының зерттелуі
Философияның даналық және адамзат қоғамының дамуы
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
Нұрғали және Нәзипа Құлжановтардың қоғамдық өмірі мен қызметі
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Алашорда
Жақып Ақпайұлы - қазақтың тұңғыш заңгері
Жыраулар
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz