Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали



1 Ғазалидің еңбектері
2 Ғазалидің ғылымдағы бағыты
3 Білімнің өлшемі туралы
4 Адасудан арылдырушы
Философияның келесі бір көрнекті ойшылы Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали Европада туып-өсіп өмір сүрмеді демесе осы аймақтарда кең мәлім болған адам. Ислам әлемі оған көзінің тірісінде "Шейх-ул-ислам" деген құрметті атақ берген. Сондықтан Ғазали туралы айтушылардың мына пікіріне таң калуға да болмайды: "Егер Мүхаммедтен кейін пайғамбар болса, ол сөзсіз Ғазали болған болар еді".
Ғазали орта ғасырдағы Европаға ғана белгілі болып қойған жоқ, ол Фома Аквинскиға, жалпы батыстық схоластикаға әсер еткен ғұлама. Ол сонымен бірге Әл-Фараби, ибн Синалармен айтысқа түсіп, екі кітап жазған: "Философтар ниеті" /Манасид әл-фаласафия/ және "Философтардың өздерін терістеуі" /Тахафут әл-фаласафия/.
Ғазалидің еңбектерінің саны жүзге тартады. Егер оларды бір жүйеге келтірсе, мынадай білім салаларын қамтитын еді: библиография, хұқықтану, философия және логика, теология, пікірталастар /полемика/, суфизмнің тәжірибесі, суфизмнің теориясы.
Негізгі еңбектері жоғарыда айтылған екеуінен басқа мыналар: "Бақыт алхимиясы", "Нұрдың орын алу тәртібі" /Мишкат әл-Анвар/, "Жұмыс өлшемі" /Мизан әл-амал/, "Інжілді бұрмалаушыларға нақтылы жауап" /Әл-Каул ел-джамил фиррадин аля мен гайар Әл-Инжел/ және төрт томдық "Дін ғылымдарының қайта өрлеуі" /Ихийа улум ад-дин/, тағы басқалары.
Ғазалисіз жалпы ислам философиясын түсіну мүмкін емес. Ғазали ислам философиясын ғылым дәрежесіне көтерген аса мол білімді хакім. Кезінде ол білмейтін ғылым болмаған. Исламнан өзге діндерге де жетік. Ғылым туралы айтқанда біз сөзсіз сенім мен таным мәселесіне тірелеміз. Осы екі үғым оның ойларының негізгі баскыштары. Сенім философиясы мен таным философиясы бір-бірімен ымыраға келетін нәрселер ме? Ғазалидің осы ойлары Фома Аквианскийға да айтулы әсер еткен. Былай ойлап қарасақ, Ғазалидің де, Фома Аквинскиийдің де сүйенетіндері — Аристотель. Антика дәуірінің ойшылы Аристотель "Метафизикасы" уақыт өткен сайын кайта-кайта түлеп отырады. Ол араб философтары әл- Кинди, ибн Араби, ибн Сина, Әл-Фараби, ибн Рушдтар арқылы | бір түлеп, фәлсафа деген атқа ие болса, Фома Аквинмнийлер ? фәлсафадан жаңа европалық ойлау мөдениеті философиясының ; дүниеге келуіне қызмет етті. Бүл Аристотель философиясының христиандық ілім шеңберінде түлеуі ед. Бірақ кезінде Аристотель ; көтерген сенім мен таным проблемасы фәлсафаға да, христиан іліміне де ортақ еді. Яғни, ортақ болып отырған мәселе ғылым, бірақ оны түсінудің христиандық және исламдық мәндері бар.
1. Аль-Газали Абу Хамид. Воскрешение наук о вере. М., 1998.
2. И.Шах. Суфизм. М., 1994, С. 175-192.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Философияның келесі бір көрнекті ойшылы Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали
Европада туып-өсіп өмір сүрмеді демесе осы аймақтарда кең мәлім болған
адам. Ислам әлемі оған көзінің тірісінде "Шейх-ул-ислам" деген құрметті
атақ берген. Сондықтан Ғазали туралы айтушылардың мына пікіріне таң калуға
да болмайды: "Егер Мүхаммедтен кейін пайғамбар болса, ол сөзсіз Ғазали
болған болар еді".
Ғазали орта ғасырдағы Европаға ғана белгілі болып қойған жоқ, ол Фома
Аквинскиға, жалпы батыстық схоластикаға әсер еткен ғұлама. Ол сонымен бірге
Әл-Фараби, ибн Синалармен айтысқа түсіп, екі кітап жазған: "Философтар
ниеті" Манасид әл-фаласафия және "Философтардың өздерін терістеуі"
Тахафут әл-фаласафия.
Ғазалидің еңбектерінің саны жүзге тартады. Егер оларды бір жүйеге
келтірсе, мынадай білім салаларын қамтитын еді: библиография, хұқықтану,
философия және логика, теология, пікірталастар полемика, суфизмнің
тәжірибесі, суфизмнің теориясы.
Негізгі еңбектері жоғарыда айтылған екеуінен басқа мыналар: "Бақыт
алхимиясы", "Нұрдың орын алу тәртібі" Мишкат әл-Анвар, "Жұмыс өлшемі"
Мизан әл-амал, "Інжілді бұрмалаушыларға нақтылы жауап" Әл-Каул ел-джамил
фиррадин аля мен гайар Әл-Инжел және төрт томдық "Дін ғылымдарының қайта
өрлеуі" Ихийа улум ад-дин, тағы басқалары.
Ғазалисіз жалпы ислам философиясын түсіну мүмкін емес. Ғазали ислам
философиясын ғылым дәрежесіне көтерген аса мол білімді хакім. Кезінде ол
білмейтін ғылым болмаған. Исламнан өзге діндерге де жетік. Ғылым туралы
айтқанда біз сөзсіз сенім мен таным мәселесіне тірелеміз. Осы екі үғым оның
ойларының негізгі баскыштары. Сенім философиясы мен таным философиясы бір-
бірімен ымыраға келетін нәрселер ме? Ғазалидің осы ойлары Фома Аквианскийға
да айтулы әсер еткен. Былай ойлап қарасақ, Ғазалидің де, Фома Аквинскиийдің
де сүйенетіндері — Аристотель. Антика дәуірінің ойшылы Аристотель
"Метафизикасы" уақыт өткен сайын кайта-кайта түлеп отырады. Ол араб
философтары әл- Кинди, ибн Араби, ибн Сина, Әл-Фараби, ибн Рушдтар арқылы
бір түлеп, фәлсафа деген атқа ие болса, Фома Аквинмнийлер ? фәлсафадан жаңа
европалық ойлау мөдениеті философиясының ; дүниеге келуіне қызмет етті. Бүл
Аристотель философиясының христиандық ілім шеңберінде түлеуі ед. Бірақ
кезінде Аристотель ; көтерген сенім мен таным проблемасы фәлсафаға да,
христиан іліміне де ортақ еді. Яғни, ортақ болып отырған мәселе ғылым,
бірақ оны түсінудің христиандық және исламдық мәндері бар. Және мәселенің
күрделігі сонда, сонау Аристотельден бастап жауапсыз калып келе жаткан
сүрақтар бар, соның бірі дүниенің басы, жаратылуы. Осы мәселеде екі дін-
христиан және ислам мәмлеге келмейді. Себебі діни догмаларда жауаптар
әртүрлі. Әл-Ғазали ислам философиясын ғылыми дәрежеге көтергенде осы сұрақ
төңірегіңде жауап іздеген.
Екіншіден, Ғазали бір әлем, бір дүние, бір болмыс, бір тұрпатты адам туралы
әңгіме айта бастағанда, алдынан діни партикуляризм шыға береді. Яғни,
адамдар дінге байланысты бір-бірінен алшактай бастайды. Тіптен дін
жауығудың, дауласудың негізгі мәселесіне айналады. Хәкім Ғазали осы мәселе
жөнінде христиандық ойшылдардың мұсылман хәкімдеріне қойған сұрақтарына
жауап іздеген және тапкдн. Осы істе ол суфистік бағыт үстаған. Сонда суфизм
Ғазали қалпында христиан мен ислам арасындағы діни партикуляризмді шешудің
құралына айналған. Міне, суфизмді Европаның касиетті ойшылдары Фома Аквиант
пен Франциск Ассиздің жатсынбай оқып үйренулері осыдан. Идрис Шахтың
айтуынша христиан теологі Август Толк Ғазали шығармалары христиандарға
жарамды деп жазған. Осы ғалымның сөзінен үзінді келтірейік: "Ол өзі жеткен
барлы кымбат, ізгі биік істерінің бәрін мұсылмандыққа, қүдай жолына
арнаған, оның қасиетті құранды терең, мағыналы түрде таныса, ізгілік
сезімге бастайтын ойлары, менің пікірімше, христиан дініндегілерге де
пайдалы. Ол мұсылман теологиясының, суфистік мистицизмге Аристотель
философиясын аскан шеберлікпен қодданған. Сөйтіп Аристотель жаңа түрге
енген. Оның айтуынша, қандай болмасын философиялық мектеп, қандай болмасын
діннің құпиясьн ашып, олардың даңкы мен алға қойған ниеттерін тануға
мүмкіндік аша алады" И.Шах. Суфизм. 177 б. Кезінде Ғазалиді христиан
дініне іш тартты дегендер де болған. Оның себебі ол суфистік ілімнің барлық
діндерге іштей жақыңдығы барын айтқан. Осы пікірін "Інжилді бұрмалаушыларға
нақтылы жауап" атты еңбегінде осы пікірін келтірген. Мұнда ол Інжилді
түсіндіруші христиан ғалымдарын сынаған. Ғазалиді жете түсінбегендер: оның
сөзі мен ісінің арасында алшақтық бар, іштей өзгеше пейілде болуы мүмкін
деген жорамалдар жасаушылар көп болған. Ал шындығына келсек, тағы да бір-
біріне байланысты екі мәселеге тоқталуымыз керек. Біріншісі, мұсылман
хакімдері ешқашан исламды өзге діндерден бөліп алып қарастырмаған.
Кезінде Інжіл жаратушынын хақ сөзі болатын. Ол келе-келе бұзылды. Жалпы
ислам деген сонау Адам атадан бергі келе жатқан дін. Демек, Ғазалидің
Інжілді бұрмалаушыларға берген жауабы ислам кағидаларына теріс емес,
христиан дінінің мұсылмандықтан басты айырмасы - адамның құдай атануы.
Ислам дінінде адам пенде, жаратушының құлы, сондықтан ол ешқашан құдай
болмақ емес.
Екіншіден, суфизм шынында жұршылыкқа түсінікті іс емес. Ол шағын топтың
ғана қабылдай алатын шаруасы, яғни құпиясы. Өз ішінде болмағандықтан,
суфизмнің нақты сыры туралы бейхабар жұрт не айтпақшы. Ғазали турасындағы
түсінбеуішліктің бір сыры осыңда. Бұған қосу керек, ортодоксиялық ислам
иелері суфизммен әманда қайшылықта болып отырған. Суфизм мен дін
басшыларының келіспеушіліктері пайғамбарға катысты, суфистер пайғамбарды
қастерлеп кұрметгегеннен теориялық жұмыстарында әманда әңгіме тақырыбы
жаратушы мен оның пендесі, яғни Алла мен адам туралы.
Ғазали кәміл адам инсан-и-кәмил туралы "Мизан әл-амал" Жұмыс
өлшемдері деген кітабыңда жан-жақты айтқан. Онда ол кәмелетті жан бір
мезгілде бірнеше өлшемде кеңістікте өмір сүруі ықтимал деген батыл ой
айтқан. Кәмелетті адам идеясына соқпай өтпеген гұлама болмаған. Себебі
мәселе адам және оның мүмкіндігі туралы сөз болғанда адам -пенде, адам
жаратушыньщ кұлы, адам -құдай немесе құдайдың ұлы сияқты үғымдардың
барлығын мойындау емес, осылардың артында үлкен-үлкен философиялық
концегадиялар, діни қағидалар барын естен шығаруға болмайды. Сондыктан
кәмелетті адам қандай жан деген сұрақ бүгінге дейін күн тәртібінен түскен
жоқ. Кезінде Ницще "Заратуштра осылай айтқан" деген кітабында кәмелетті
адам сверхчеловек туралы ой қозғаған. Ницще "құдай өлді" дейді, ал оның
орнына кәмелетті адам болмақ. Әрине, "құдай өлді" деген санадағы ой. Ол
онтологиялық мәндегі емес, ол танымға байланысты. Дін туралы сана өзінің
ішкі кайшылықтары бар феномен. Сондықтан мәселе құдайдың өлгенінде емес,
санамыздағы құдай туралы бұрынғы түсініктің жойылуында болар сірә.
Кәмелетті жан туралы Абайдың да қарасөздерінде айтады. Бұл проблеманың осы
күнге дейін шешімін таппау сыры мынада: кәмелетті адам мүсылман ба,
христиан ба, әлде өзге діндегі адам ба? Немесе ол кәмелетті атануы үшін
барлық діндерде болуы керек пе? Міне осы сұрақтарға Ғазали сонау заманда
жауап іздеген, ойлар білдірген, бірақ сұрак калпында бізге жетіп отыр.
Мәселе адамға тірелгенде айтпай кетпейтін бір іс - алхимия немесе
"философиялық -тас" туралы Ғазалидін гакірлері.
"Бақыт алхимиясы" деген еңбегінде ол былай дейді: "Алхимическое золото
лучше простого золота, но настоящего алхимика можно встретить столь же
редко, как и настоящего суфия. Поверхностные знания о суфизме нельзя
ставить выше настоящего
знания".
Алхимия дегенді Европаға, латын әлеміне алып келген арабтар. Ағылшын
Р.Честерский кітап жазып, христиан дүниесін алхимиямен таныстырған. Оның
бұл кітабы арабтардың бір еңбегінің аудармасы дейді кейінгі зерттеушілер.
Жалпы алхимия турасында кереғар түсініктер көп. И. Шахтың пікірінше алхимия
таза химиялық іс емес, ол рухани проблемаға қатысты дейді. Бүл пікірмен
келіспеуге болмайды.Себебі Орта ғасырда алхимияны софистика деп те атаған,
ибн Араби "атақты есімдерді алтын жөне күміс деп атаған" дейді. Сонда жай
тастарды алтынға айналдыратын "Философиялық тас" дегеніміз не? Осы мәселе
туралы И.Шахтың мына бір пікіріне назар аударайық: "Адамдардың өмір
сүрудегі мақсаты суфистердің айтуынша, олардың тән тазалығын сақтауында.
Адамдардың көңіл-күйінің болмай, өзіне- өзі разы болмай, дел-сал күйде
болуы, өзінің мәнінен аластауында. Сондықтан адам өз бойындағы қоқысты
аршып, бойындағы алтынды іске қосуы керек. Мүндай істі атқару адамның
өзінің құпиясы. Адамның ол құпия мүмкіндігін философиялық тас дейді.
Арабтың тас деген сөзі "құпия" деген үғым береді. Соңдықтан адам мәнін
ұғынуда тас символ ретінде қолданылған. Батыста мұндай тасты азат дейді.
Шығыстанушылар азот деген арабтың "азат' деген үғымы дейді. Аз-зат мән
немесе "құпия шындық" деген түсінік. Суфистер тас дегеніміз зат демейді.
Демек, ол тас қандай өзге нөрсемен араласса, соны өзгертіп жіберетін
кұдіреті бар. Демек, тас дегенде адам мәнін айтамыз да, ал адам мәні кұдай
кұдіретіне байланысты, сонда философиялық тас дегеніміз адам бойындағы сыры
ашылмаған жаратушының нұры болмақ". Алхимияньң рухани ізденістерге қатысты
екеніне тағы бір дәлел. Данте өзінің "құдіретті комедиясын" жазғанда
суфистік деректерге сүйенген. Дантенің суфистік алхимиямен байланысы бары
көпке мөлім. Себебі, Данте шығармасының басты идеясы адамның тазаруы емес
пе?
Ғазалидің "Діни ғылымдардың қайта өрлеуінің" маңызы өте зор. Ғазалидің
әлі мойындалмаған кезіңде мұсылман Испаниясында бұл кітап отқа жағылған.
Осы еңбегін жазудағы мақсатын автор былай түйеді: "Дін туралы білім өте
керек, оны нағыз білушілер оны білгендер. Бала үлкендер өрекеті туралы
біле бермейді. Ересек адам болғанымен ол ғалымның білгенін білмейді. Сол
сияқгы ғалым да суфийлерге аян арқылы берілетін білімнен бейхабар". іЯғни,
дін туралы білімді тек ақылмен қорытып шығару мүмкін
емес. Оның табиғаты — мистикалық мәнде. Дін туралы мұндай
ғылымның аты -ғылым. Бұл еңбек туралы ойды қоғамдау жеңіл нәрсе емес. Біз
бір ғана мәселеге назар аударайық. Ғазали өмірде кездесетін әртүрлі
мәндегі күнәлар адам затының табиғатының
төрт сипатына қатысты дейді: бірінші — хайуан инстинкті бахимийа, екінші
— тағылық инстинкті сабу ийа, үшінші -құдайға қарсылык
надандьіқшайтанийа, төртінші өзінің жоғары күшке ие екендігі туралы
жалған сана рубубийа. Ғұлама осылардың қасиеттерін толықтаратады.
Ғазали мұрасын біршама зерттеген орыс ғалымы В.Наумкиннің пікіріне
сүйенсек, Ғазали мұсылман дүниетанымының үш басты бағытында:
традиционализм, рационализм және мистицизмде еңбек еткен. Сондыктан да оның
еңбектерінде әртүрлі ойлар жиі тоғысып отырады.

ӘДЕБИЕТ:
1. Аль-Газали Абу Хамид. Воскрешение наук о вере. М., 1998.
2. И.Шах. Суфизм. М., 1994, С. 175-192.

Әл-Ғазали туралы

Ғазалидің ғылымдағы бағыты әр уақыттарда әртүрлі бағаланьп келді, бірақ
солардың ішіндегі шындыққа ең жуығы ибн Рушдтың мына жолдары болса керек:
"Ол ашарийлер арасында ашарийт бодды, софылар мен софы философтармен
философ" болды. Оның ілімінің алуан-қырлылығы сондай, мұсылман діншілдері
бір жағынан ғайбаттап жатса, екінші жағынан "Исламның дәлелі" деп
аскақгатты.
Ғазалидің ғылыми еңбектері өзінен кейінгі философтар мен дін
қайраткерлерінің көбінің шығармаларына нәр берді.
әл-Ғазали мен Августиннің арасында сөзсіз рухани туыстық бар, өйткені
олар өздері өмір сүрген дәуір мен қоршаған орталарына тән барлық әлеуметтік
және діни айырмашылықтарға қарамастан екі сала болып ағып келіп, бір арнада
тоғысатын қос өзен тәрізді. Бұл — адамды сезім әлемі мен оның әртүрлі
көріністерінен киял дүниесіне, философия мен метафизикаға жетелеген олардың
көңіл түкпіріңдегі ортақ үмтылысы.
Әл-Ғазали өмірден баз кешіп, тұрмыс-тіршіліктегі барлық жақсылықтардан,
атақ -даңқтан, байлықтан бас тартьш, өз ғұмырын ғылымды дін негіздерімен
сабақтастыратьш нәзік пернелерді іздеуге арнады, адам даналығы мен
адамдардың барлық жиған-терген тәжірибесі олардың сезімдерімен және арман-
тілектерімен тоғысатын құпия құмғанды іздеп табу мақсатын алға қойып, өз
еркімен дәруіш — софылық жолын калап алды.
Одан бес ғасыр ілгеріде Августин де осылай еткен. Оның "Тәубесін" оқыған
кім болмасын ғұламаның жарлы және жердегінің баршасын болмыс құдіретін
танудың баспалдақтары санағанын жақсы біледі.
Алайда, заттардың қүпиясы мен нақты болмысын таньш білуде, менің
пікірімше, Августиннен әл-Ғазали көп жақын тұрған тәрізді. Бәлкім, оның
себебі - біріншісінің Ғайсаның туғанынан екінші, үшінші ғасырларда шіркеу
ұстаушылардың қолымен жасалған теологиядан қалған мұра мен екіншісіне
ілгергі замандарда араб және грек ғалымдары жүйеге келтіріп кеткен ғылыми
теориялық мұралардың айырмасында болуы. Мен мұра ету деп уақыт озған сайын
әр халықтың сырт қабілетіне қарай, кей физикалық қасиеттер тәрізді мидан
миға кұйыльш, ұрпақтан ұрпаққа өтіп отыратынның бәрін түсінемін.
Мен әл~Ғазалиден үнді мистиктерін, олардан ілгері болғандарды кейін
пайда болған метафизиктермен жалғастырып тұрған алтын балдақты көремін.
Көне заман буддашыларының ойлау дәрежесінде көтерілген биіктерінде әл-
Ғазали ұмтылыстарынын ұрқы болуы тәрізді, уақыт жағынан біздерге жуығырақ
тұрған Спиноза мен Уильям Блейктің еңбектерінен де оның сезім нәрінің
ұшығын
көреміз.
Батыстық шығьстанушылар мен ғалымдар өл-Ғазали турасында ең жоғары
пікірде. Олар оны ибн Сина және ибн Рушпен қатар қойып, бәрін Шығыстын
таңдаулы философтары санайды. Діни мансап иелері оны Ислам жергегінде
жаратылған ең мәртебелі және ең жоғары идея деп санайды. Мен он бесінші
ғасырға жататын Флоренция соборларының бірінің қабырғасынан орта ғасырдағы
шіркеу ұстаздары Абсолютті Рух храмының іргетасы және басты тіректері
санайтын философтар мен дін уағызшылары арасынан Әл-Ғазалидің портретін
көріп қатты таң қалдым.
Бірақ әл-Ғазали туралы Шығысқа қарағанда Батыстың әддеқайда көп білуі
бұдан бетер тандандырады. Европалықтар оны өз тілдеріне аударады, ілімін
зерттейді, оның философия мен суфизмдегі мақсаттары мен ұлы ойларын бар
қырынан зерделеп талдайды. Ал біз болсақ күні бүгінге дейін арабша сөйлеп,
жаза жүріп, оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘБУ ХАМИД ӘЛ-ҒАЗАЛИДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ
Әбу Хамид әл-Ғазалидің тасаууфтық көзқарастары
Ортағасырлық ислам философиясы әл-Ғазали мен Ибн Рушд мысалында
Әл-Ғазалидің философиялық еңбектері жайлы
Ортағасырлық суфизм ілімі
Ислам философиясы қашан пайда болды
Сопылық ілім
Сопылық
ИБН РУШД
Идея Құдайдың ойлары
Пәндер