Металдар туралы ұғым



І. Кіріспе.
І.І. МЕТАЛДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІ.1. ТАБИҒАТТАҒЫ МЕТАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ
ІІ.2. МЕТАЛДЫҚ БАЙЛАНЫС
ІІ.3. МЕТАЛДАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
ІІ.4. ҚҰЙМАЛАР
ІІ.5. МЕТАЛДАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
ІІ.6. КОРРОЗИЯ
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Барлық химиялық элементтерді4 4/5-нен көбі металдар. Менделеев кестесін сол жақтағы жоғарғы бұрышынан оң жақтағы төменгі бұрышына қарай, Ве, А1, Gе, Sb, Ро элементтерінің үстімен екіге бөлсек, астыңғы үш бұрышта (және 8-топта) металдар болады. Кестеден металдар негізгі топтарда да, қосымша топтарда да бар екенін, ал қосымша топтардағы элементтердің барлығы металдар, негізгі топтардан, біз әлі оқымаған, III, II, I топтардын, да элементтерінің көпшілігі металдар екенін көреміз. Бұл тарауда металдардың жалпы сипаттамасына, табиғатта таралуына, алу тәсілдері, физикалық және химиялық қасиеттеріне т. т. тоқталамыз.
ТАБИҒАТТАҒЫ МЕТАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ
Табиғатта металдар көбіне түрлі қосылыстар түрінде кездеседі, кейбіреулері бос, еш затпен қосылыспаған күйде болады. Ондай жеке кездесетін түрін сап металл дейді, ол — платина, алтын, күміс және мыс, қалайы, сынап сиякты металдар. Соңғы үш металл, көбіне қосылыс түрінде болады.
Металдардың жер кыртысында кездестін косылыстары, түрлі минералдар түрінде болады.
Ішінде металдарды4 қосылыстары бар минералдар мен тау жыныстарын, құрамындағы металды өнеркәсіптік жолмен шығарып алу экономика жағынан тиімді болса, кен (руда) деп атайды. Демек қандайда болсын кен құрамында керекті бөлігімен қатар, керексіз кұм, саз, әктас т. б. бос жыныс деп аталатын бөлімі болады. Мысалы, темір кендерінде таза темір 50—70% болса, ондай кенді іске асыру экономика жағынан пайдалы дейді, мыс кендерінде, таза мыс 1% болса да, ол бай кен болып саналады, ал алтынға келсек, онда проценттін, оннан, жүзден бөліктері бар жыныстардың өзі тиімді деп есептеледі.
1. Жалпы химия Б.А. Бірімжанов «Алматы Ана тілі» 1992ж
2. Жалпы химия Н.Н. Нұрахметов «Алматы Ана тілі» 1992ж

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МЕТАЛДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Барлық химиялық элементтерді4 45-нен көбі металдар. Менделеев
кестесін сол жақтағы жоғарғы бұрышынан оң жақтағы төменгі бұрышына қарай,
Ве, А1, Gе, Sb, Ро элементтерінің үстімен екіге бөлсек, астыңғы үш бұрышта
(және 8-топта) металдар болады. Кестеден металдар негізгі топтарда да,
қосымша топтарда да бар екенін, ал қосымша топтардағы элементтердің барлығы
металдар, негізгі топтардан, біз әлі оқымаған, III, II, I топтардын, да
элементтерінің көпшілігі металдар екенін көреміз. Бұл тарауда металдардың
жалпы сипаттамасына, табиғатта таралуына, алу тәсілдері, физикалық және
химиялық қасиеттеріне т. т. тоқталамыз.
ТАБИҒАТТАҒЫ МЕТАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ
Табиғатта металдар көбіне түрлі қосылыстар түрінде кездеседі,
кейбіреулері бос, еш затпен қосылыспаған күйде болады. Ондай жеке
кездесетін түрін сап металл дейді, ол — платина, алтын, күміс және мыс,
қалайы, сынап сиякты металдар. Соңғы үш металл, көбіне қосылыс түрінде
болады.
Металдардың жер кыртысында кездестін косылыстары, түрлі минералдар
түрінде болады.
Ішінде металдарды4 қосылыстары бар минералдар мен тау жыныстарын,
құрамындағы металды өнеркәсіптік жолмен шығарып алу экономика жағынан
тиімді болса, кен (руда) деп атайды. Демек қандайда болсын кен құрамында
керекті бөлігімен қатар, керексіз кұм, саз, әктас т. б. бос жыныс деп
аталатын бөлімі болады. Мысалы, темір кендерінде таза темір 50—70% болса,
ондай кенді іске асыру экономика жағынан пайдалы дейді, мыс кендерінде,
таза мыс 1% болса да, ол бай кен болып саналады, ал алтынға келсек, онда
проценттін, оннан, жүзден бөліктері бар жыныстардың өзі тиімді деп
есептеледі.
Металдардың кені болып саналатын қосылыстар көбіне оксидтер,
сульфидтер және түрлі тұздар (карбонат, галогенид, сульфат, силикат, фосфат
т. б.).
1. Оксид-кендердің мысалдары — қызыл темір тас (Ғе2Оз), қоңыр
темір тас (2Ғе2Оз-ЗН2О), магнитті темір тас (ҒеО-Ғе2О3); боксит (А12Оз-
2Н2О); пиролюзит (МпО2); калайы тас (5пО2); қызыл мыс кені (Си2О), хромды
темір тас [Ғе(СгО2)2] т. т.
2. Сульфид кендері, жер қыртысында біраз терендікте жатады,
мысалы, колчедандар: мыс колчеданы (СиҒе32); темір колчеданы (ҒеS2);
жалтырлар: мыс жалтыры (Си25); қорғасын жалтыры (Рb5); а л д а у ы
ш т а р: мырыштікі (ZnS), күмістікі (Аg25), сыр (Нg5) т. б. Сульфид
кендерінің көпшілігінде бірнеше металл аралас болады, мысалы, қорғасын мен
мырыш аралас, оның үстіне алтын, күміс т. б. қоспасы болады. Мұндай көп
металды кенді полиметалды кен деп атайды.
3. Тұз кендері. Кей металдар, әсіресе, периодтық системаның I, II
негізгі топтарындағы металдар және сирек металдардың біразы жаратылыста
көбінесе тұздар түрінде кездеседі. Ол тұздар теңіздердің, не ащы көлдердің
суында еріген күйде және қазба тұз түрінде жер қабатында болады (бұлар да
бұрынғы теңіздердің қалдығы). Ол тұздардың да химиялық құрамына қарай
химиялық атымен қатар минералдық аты бар. Айталық, галогенидтер — карналит
(КС1-МgС-6Н2О), сильвинит (КСІ-NаСІ), сильвин (КСІ), галит (NаСІ), флюорит
(СаҒ2), бишофит (МgС12-6Н2О), сульфаттар — каинит (КСL •МgCL4-6Н2О),
кизерит (МgSО4-Н2О), полигалит (Қ2SО4-МgSО4-2СаSО4-2Н2О), лангбейнит (К2SО4-
2Мg5О4), эпсомит (МgSО4-7Н2О), гипс (СаSО4-2Н2О), ангидрит (СаSО4),
тенардит (Nа2SО4), мирабилит (Nа2SО4• 10Н2О), карбонаттар — доломит (СаСОз-
МgСОз), мрамор (СаСОз), сидерит (ҒеСОз), смитсонит (2пСО3), церусит (РbСОз)
сода (Nа2СОз* 10Н2О) т. б
Енді кен ішінде осы қосылыстар түрінде болатын металдарды шығарып алу
мәселесіне келелік. Металды адам баласы мұнан 5 000 жылдай бұрын өндіре
бастаған. Содан кейінгі жердегі адамзаттың материалдық, рухани және мәдени
тұрмысынын дамуы, металл алу және оны пайдалана білумен байланысты болған.
Бірақ, XX ғасырдың басында бар болғаны 15 металл, негізінен темір, мыс,
корғасын, қалайы, мырыш, күміс, алтын ғана қолданылып келді. Соңғы қысқа
мерзімде алюминий, магний, хром, никель, марганец және басқа металдардың
маңызы артып, сонымен қатар қазіргі ғылым мен техника металдардың бәріне де
қолданылатын орын тауып, барлығын адам баласының қызметіне косты.
Қазіргі кезде адам керегіне тұтынылатын металл мөлшері орасан көп,
мысалы, осы ғасырдың ортасында бүкіл жер жүзінде жылына 150 миллион тонна
темір, мыс, корғасын, алюминий әрқайсысы 2 миллион тоннадан, қалайы, никель
әрқайсысы 200 мың тоннадан артық өндірілді.
Отанымызда металл өндіру жыл сайын өсуде, әсіресе темір (шойын)
өндірісі жедел дамуда.
Металл қоры жағынан, оны өндіруде Қазақстанның қосар үлесі зор.
Қазақстан Ғылым академиясының президенті, академик Қ. И. Сәтпаевтың
айтуынша Қазақстан еліміздің гауһар қоры; Қазақстан хром және ванадий
байлығынан жер жүзінде бірінші орын алады, ал темір, мыс, қорғасын, мырыш,
күміс, қадмий, ванадий, хром, вольфрам, молибден және баска кейбір
металдардың қоры жөнінде біздің елде бірінші орын
алады.
Кен кұрамындағы металды шығарып алатын өнеркәсіп саласын металлургия
дейді. Химия металлургиямен тығыз байланысты ғылым, өйткені металл өндіру
процестері химиялық реакцияларға негізделген. Металлургия сол химиялық
реакцияларды өндірістік масштабта жүргізудің әдістерін, оған керекті
аппараттарды табады.
Қазіргі заман металлургиясының теориялық және практикалық негіздерін
кұруға Д. К. Чернов, Н. С. Курнаков, М. А. Павлов, И. П. Бардин т. б. Кецес
.ғалымдары үлкен үлес косты.
Кендегі металды шығарып алудан бұрын көп жағдайда ол кенді әуелі
байыту к е р е к. Кенде керекті бөлігімен қатар, керексіз құм, саз, әктас
т. б. сиякты, бос жыныстар болады, ол бос жыныстар кейде өте көп те болады,
кеннің сол керекті бөлімін бос жыныстан бөліп ажыратуды кенді байыту деп
атайды. Кен байытудың қарапайым түрлерінен басқа флотация (ағылшынша
flataton қалқып шығу деген сөзден) көп қоланылады. Флотацияның техникасы
оңай, оның негізі — кен мен бос жыныстың бөлшектерінің адсорбтағыш
қасиеттерінің әр түрлі болуында. Флотация жасау үшін кенді өте ұсақ етіп
ұнтақтап, сумен араластырып (пульпа түрінде) арнаулы ыдысқа құяды; суға
полюстілігі нашар бір органикалық зат, айталық карағай майын қосады (1 г
кенге 400 г есебінен). Бос жыныс бөлшектерінің сыртына су молекулалары
адсорбцияланады (өйткені олар гидрофильдік заттар), кеннің, әсіресе
сульфидтің, бөлшектерінің сыртына су молекулалары адсорбцияланбайды
(өйткені олар гидрофобтық заттар) ал майдың молекулалары адсорбцияланады.
Ыдыстың астыңғы жағынан сығылған ауа жібергенде, сол ауа
көпіршіктерінің сырты майдың жұқа қабыршағымен қапталады. Осындай ауаның
көпіршігі жоғары көтеріліп ыдыстың бетінде көбік түзеді, оның сыртындағы
маймен адсорбцияласқан кеннің бөлшектері, ілесіп жоғары шығып, көбік ішінде
болады. Бөлшектеріне су сіңген бос жыныс ауырлап ыдыс түбіне шөгеді.
Көбікті сыпырып алып, сығып байытылған кенді алады .
Кен ішіндегі металды алу әдісі — оның химиялық құрамына байланысты.
Оксидкендері тотықсыздандырып барып ішіндегі металды алады.
Тотықсыздандырғыш ретінде көбінесе көміртек қолданылады, мысалы:
Кенмен араласып пешке түскен бос жыныстарды (олар көбіне кұм SіО2)
бөліп шығару үшін шахтаға флюс, немесе балқытқыш араластырады. Бос жыныспен
флюс реакцияласып оңай балқитын қосылыстар — шлак түзеді. Шлак жеңіл
болғандықтан сұйық күйде балқыған металдың үстінде болады, оны пештің
арнаулы аузынан бөлек ағызып алады. Кейбір қиын балқитын металдарды алуда
тотықсыздандырғыш ретінде алюминий колда-нады, өйткені алюминий тотыққанда
өте көп жылу бөліп шығарады (бір моль (А12О3) түзілгенде 1,61033 кДж), бұл
реакцияны шағын ыдыста өткізсе, 3 500°-қа дейін қызу береді. Бұл әдісті
алюминотермия дейді, оны орыс ғалымы Н. Н. Бекетов (XIV тарау, § 5)
ұсынған. Хром, марганец, молибден және басқа қиын балқитын металдар осы
алюминотермия арқылы алынады:
Таза металл және сирек металдар алу үшін тотықсыздандырғыш ретінде
сутек қолданылады:
Сульфид кендерін әуелі арнаулы пештерде (конвертор, немесе
ватержакет) күйдіріп, құрамындағы күкіртті де, металды да оксидке
айналдырады:
Одан әрі, оксидтерді жоғарыда айтқандай тотықсыздандырады.
Қайнаған тәрізді күйде күйдіру. Ұсақталған қатты заттарды қайнаған
тәрізді күйде әрекеттестіру, өнеркәсіптің түрлі салаларында өріс алды.
Ұсақ ұнтакталған затты шілтер үстіне салып, астынан шілтердің тесік-
тесігінен ауа (баска газ) үрлейді, сонда ұнтақ заттың ауа тесіп шыққан беті
бүлкілдеп, қайнап жатқан тәрізді болады. Соның нәтижесінде ұнтақ зат,
тозан, түрінде көтеріліп, ауамен (басқа газбен) жақсы араласып, бұл
қайнаған тәрізді күйде реакцияласуы өте жылдам болады.
Сульфид кендерін күйдіріп өртегенде осы әдісті қолданатын болды,
сонда өндірістің өнімі 3—4 есе артады.
Т ұ з кендеріндегі литий, натрий, калий, кальций, магний, бериллий т.
б. сияқты металдарды, ол тұздарды балқытып, электролиздеп алады. Алюминийді
балқыған глиноземді (АІ2Оз) электролиздеп алады.
Тұздар құрамындағы металдар, оң зарядты ион түрінде болады.
Электролиздегенде ол оң иондар теріс электродқа (катодқа) келіп, тиісті
мөлшерде электрон қосып алып, нейтрал атомға айналып, балқыған тұздан
бөлініп шығады.
Электролиз әдісін тек балқыған емес, еріген тұздарға және мыс, никель
т. б. металды тазалауға (рафинация) қолданады.
Электролизден басқа әдістердің барлығы жоғары темпаратурада жүреді,
оларды пирометаллургия әдістері деп атайды.
Кейбір кендерде керекті металдың аздығы сондай, олар флотациямен де
байымайды, ондай кендерге гидрометаллургия әдістерін қолданады. Оның
мазмұны — кенді өте ұсақтап түрлі реагенттермен (қышқыл, сілтілердің
ерітінділері) әрекеттейді. Сонда ерітіндіге тұз түрінде көшкен металды
көбінесе электролиздеу арқылы шығарып алады.
Бұл айтылған металдарды алудың жалпы ортақ әдістері, жеке металды
алудың бұдан өзгеше ерекшеліктерімен сол металды өткенде танысамыз.
Таза металдар алу. Қазіргі металлургияның алдында тұрған басты
міндеттердің бірі — кейбір металдарды аса таза күйінде беліп алу. Оның
себебі, олар бүгінгі техникада шектен асқан таза күйінде қолданылады.
Мәселен, жартылай (шала) өткізгіштерде ядролық реакторлар мен қазіргі аса
төзімді болаттың арнайы түрлерінде металдардың тазалығы өте жоғары бо-луы
талап етіледі. Осыған орай өнеркәсіп кейбір металдардың тазалығын
99,999999%-тен астам етіп отыр.
Металдарды тазалаудын, әр түрлі әдістері бар. Мәселен, вакуумда айдау
мен қайта балқыту аркылы металдардың әртүрлі ұшқыштығына сай қоспадан бөліп
алады. Ал, кейбір металдар төменгі температурада аса ұшқыш қосылыстар
түзеді, оларды қатты қыздырса, ыдырап таза металл бөледі. Зоналап балқыту
әдісі қоспаның қатты және балқыған металда әртүрлі еруіне негізделген. Өте
жоғары қызуы бар зонадан әрлі-берлі баяу жылжып өтіп тұратын металдың таза
кристалдары ортасына шоғырланып, қоспасы шеттеріне ығысады. Осылайша
көптеген қайталаулардан соң өте таза металл алынады.
Өте таза күйдегі металдардың қасиеттері қалыпты жағдайдағыдан біршама
өзгеше болады. Мысалы, олардың серпімділігі, иілгіштігі өте жоғары болып,
электр, жылу өткізгіштігі артады.

МЕТАЛДЫҚ БАЙЛАНЫС
Металдардағы химиялык байланыстың табиғатын түсіну үшін, оның бұрын
қарап өткен коваленттік және иондық байланыстардан басты екі ерекшелігі бар
екенін білу қажет. Біріншісі — металдардың жоғары электрөткізгіштігі мен
жылуөткізгіштігі, екіншісі — қалыпты жағдайда кристалдық күйде болуы (сұйық
сынапты қоспағанда). Металдарға ғана тән бірінші ерекше қасиет оның өне
бойында еркін қозғалатын электрондардың (бұрын электрон газы деп атаған)
болатынын көрсетсе, екінші қасиет кристалдағы атомдар өзара қос электронды
локальданған (бір жерге шоғырланған) байланыспен ұстаса алмайтындығын
көрсетеді, себебі олардың арасындағы валенттік электрондар саны мұндай қос
электронды ковалентті байланыстар түзуге жетімсіз келеді.
Металдардағы химиялық байланыстың табиғаты, әрі олардағы
ерекшеліктерді литийді мысалға ала отырып түсіндірейік. Литий кубтық
көлемді центрлеген тор кұра кристалданады (138, а-сурет) демек, оның
кубтың ортасында орналаскан 1 атомы көрші тұрған бұрыштардағы 8 атоммен
байланыс түзеді. Кәдімгі ковалентті қос электронды 8 байланыс түзу үшін,
ортадағы литий атомы 8 электрон жұмсар еді, ал оның бар болғаны бір ғана
валенттік 2в' электроны бар. Кристалдық тор түзіп атомдар жақындасқанда
көрші орналасқан атомдардың валенттік орбиталь-

дары қаптасады. Әрбір литий атомынан байланыс түзуге 4 валенттік
орбитальдар (бір 5, үш р) қатынасады. Ал, әрбір литий атомы байланыс түзуге
бір ғана электроннан беретін есепке алсақ, кристалдағы орбитальдар санынан
электрондар саны әлдекайда аз болатыны өзінен-өзі түсінікті. Сондықтан
ортақ электрондар бір орбитальдардан екінші орбитальдарға оңай ауыса алады.
Оның үстіне металдардың иондану энергиясы кішірек келетін-діктен, валенттік
электрондардың бөлінуі оңай болады, олар бүкіл кристалдың өне бойында еркін
қозғалады. Осы еркін электрондар барлық атомдардың арасында металдық
байланыс туғызады.
Сонымен, коваленттік және иондық қосылыстармен салыстырғанда
металдарда аз ғана электрондар көптеген атом ядроларын өзара байланыстырып,
еркін қозғалыста болады екен. Басқаша айтқанда металдағы химиялық байланыс
локальданбаған болып шығады. Олардың электрөткізгіштігінің жоғарылығы да
осымен түсіндіріледі.
Металдық байланыс түзетін элементтердің атомдарының сыртқы деңгейінде
аз ғана электрондар саны болады, олар 5- және й-металдар. Бірақ байланыскан
атомдардың қаптасатын орбитальдарынық көптігі сондай олар энергиясы жуықтау
(пз пен пр) болғандыктан өзара бірігіп бір өткізгіштік зона береді (138, б-
сурет). Сыртқы өрістің әсерінен электрондар өткізгіш зонаға ауысып,
металдық өткізгіштікті іске асырады.
Металдық байланыс қатты күйдегі, сұйық күйдегі металдардың бәріне
тән. Тек бу күйіне ауыскан металл атомдары өзара ковалентті қос электронды
байланыспен байланысқан. Кристалдағы байланыс, металдың бу күйіндегі
молекуласындағы байланыстан берік, сондықтан металл қатайып кристалданғанда
көп жылу бөліп шығарады.
Мысал ретінде литийдің металл және молекула түріндегі энергетикалық
сипаттамаларын келтірейік. Кристалдағы Lі-Li байланысының ұзындығы 0,300
нм., ал Lі2 молекуласындағы 0,267 нм. Бірақ, металдың кристалының атомдану
энергиясы ΔНат =163,1 кДжмоль, молекуланікі Δ Ңат = 108,7 кДжмоль, яғни
моль-атомға шаққанда кристалдағы металдық байланыс энергиясы газдағы
коваленттік байланыстан 3 еседей берігірек келеді.
Металдық байланыс металдардың барлық қасиеттерін: физикалық,
механикалық, оптикалық, магниттік т. б. түсіндіре алады.
МЕТАЛДАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Металдарды сипаттаушы қасиеттерінің бастылары — олардың электр-және
жылуөткізгіштігі, бұлар бұрында айтылған бос электрондардың болуынан.
Металдардың бұл қасиетін электртехникада, қыздырғыш және суыткыш аспаптар
жасауда кең қолданады. Электрөткізгіштік пен жылуөткізгіштік пропорциялы,
бір бағытта өзгереді (60-кесте). Жылуды да, электр тоғы да жақсы өткізетін
элементтер — күміс, мыс, алтын мен алюминий болып есептеледі.
60-кесте
Металдар Аg Сu Аu Аl W Ғе Рt Ві Электрөткізгіш 59 56,9 39,6
36,1 17,5 9,8 9,7 0,8 Жылуөткізгіш 48,8 46,2 35,3 26 19,2 9,5
8,3 1,0 Кейбір металдар абсолюттік нөл температурасына жуық
суығанда, асқынөткізгіштік деп аталатын қасиет көрсетеді. Бұл кезде
металдар, электр тогының өтуіне ешбір кедергі келтіре алмай, іс жүзінде
өзінің бойынан кез келген мөлшерлі токты өткізіп жіберіп отырады.
Металдардық асқынөткізгіштік қасиеті температура төмендеген сайын туа
бастамайтын, белгілі бір кризистік температурада бірден пайда болатын
құбылыс.
Металдардың барлығы жалтырайды, оның себебін былай түсіндіреді. Жарық
сәулесі жолында кездескен заттан бөгелмей өтіп жатса, ондай зат біздің
көзімізге мөлдір (шыны) болып көрінеді сәуле түгел сіңіп жатса, зат кара
(күйе) болып көрінеді. шағылысып бетінен қайтып жатса-ак, ақ жалтыр болып
көрінеді, Демек, металдардың жалтырауы түскен сәуленің шағылуынан. Металдар
тек кесек, тұтас күйінде жалтырайды, ұнтақ түрінде, алюминий мен магнийден
басқасы, жалтырамайды. Металдардың өте жалтырауығы күміс, одан кейін
палладий; бұлардың ол қасиеттерін айна жасауға пайдаланады.

Металдардың пластикалық — созылғыш, иілгіш, соғылғыш — қасиеті де
ішкі құрылымымен байланысты. Сырттан механикалық әсер еткенде ион қабаттары
жанасқан жерлерінде ығысып, сәл ауысады. Ертедегі адам металды балқытудан
бұрын оны соғып, керекті балға, балта, садақ жебесін т. т. жасауды білген.
Пластикалық жағынан металдарда бірінші орынды алтын алады — алтыннан
тартқан сым қылдан жіңішке, көзге көрінер-көрінбес болады. Сурьма мен
висмут морт келеді.
Бұл айтылған қасиеттерден басқа металдарды іс жүзінде қолданғанда
керекті бірнеше қасиеттері бар, ол — балқығыштық, қаттылык және меншікті
салмағы.
Металдардың балқу температуралары әр түрлі — оны мына кестеден көруге
болады (61-кесте).
61-кесте Кейбір металдардың балқу температуралары
Металдар W Оs Іr Сr Рt Ғе Мn Сu АІ Zn Sn Na Сs Hg 3370
2700 2440 1800 1773 1535 1250 1083 659 419 232 98 28 -39
Әдетте металдардың балқу температурасы 800°-тан кем болса, оңай
балқитыңдар 800°-тан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі және қосымша топшалардың металдарын оқыту
Металдардың жалпы химиялық қасиеттері
Металдардың жалпы физикалық қасиеттері
Орта мектеп химия курсындағы металдардың жалпы қасиеттерін оқып үйретудің әдістемесі
Мұнай мен газдың жаратылысы туралы түсінік
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
9 сыныпта бейорганикалық химияны оқытуда халықтық педагогика элементерін пайдалану әдістемесі
Периодтық заң
ХИМИЯ КУРСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ТАҢДАУҒА ЖӘНЕ ОҚЫТУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
ХИМИЯ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМЫ НЕГІЗІНДЕ
Пәндер