Батыс өркениетінің құлдырауы



1 Батыс өркениетінің құлдырауы
2 Қазақстан және Ислам конференциясы ұйымы
3 Қазақстан төрағалық қызметінің мақсаты
4 Батыстық жаһанданудың аражігі қандай?
5 Ислам экономикасы: тығырықтан шығаратын жол
Әлемдік жаhандану үдерісі - адамзаттық мәдениет пен өркениетті тоғыстыратын және шаңырағын шайқалтатын қауіпті объективті құбылыс. Бүгінде Еуропа өркениеті үлкен дағдарысты бастан кешіруде. Мәселен, Еуропадағы саяси, әлеуметтік, экономикалық тұрақсыздық (қаржы дағдарысы, бюджет тапшылығы, валюталардың құнсыздануы, ішкі, сыртқы қарыздардың көбеюі т.б) факторлардың өрши түсуі рухани дағдарыстың әсерінен туындап жатыр деп есептеймін. Себебі, батыс Еуропа елі біріншіден, демократиясы азғындаған қоғамдастық (гомосексуализм, біржыныстық неке, жезөкшелік, т.б), екіншіден, шынайы діни құндылықтарынан айырылған қоғам деуімізге толық негіз бар. Өйткені, Еуропа елі әлі де, орта ғасырдағыдай индульгенция принциптерін қолданатын, христиан дінінің шынайы құндылықтарын, заңдарын қолдан өзгерткен, бұрмалаған, батыс халқын мәңгүрттік жолға итермелеген өркениет болып отыр. Мәселен, бүкіл христиан әлеміне билігін жүргізіп келе жатқан Рим папасы (католик шіркеуі), еврей қауымдастығы жаһандану құбылысын басты құрал ретінде алып, шығыстың бай мәдениетін бірте-бірте отарлап, ұлттық болмысынан жұрдай етуі үшін түрлі агрессиялық қауіпті қадамдарға баруда. Мысалы, араб елдеріндегі шиелеленісті айтсақ та жеткілікті. Яғни, Еуропа шынайы мәдени болмысынан айырылып, тығырықтан шығуы үшін мұсылман әлемін бір-біріне қарсы қойып, дінаралық қақтығыстарды ушықтырып, халқын қырғынға ұшыратып, шығыстың бай мәдени мұрасын, қазба байлықтарын пайдаланып қалғысы келеді. Демек, батыс өркениетінің көздеген мақсаты – шығыс-мұсылман әлемін ислам құндылықтарынан айырып, саяси-экономикалық тәуелділікте ұстау болып отыр. Бұдан асқан қауіпті нәрсе жоқ. Демек, жаһандану үдерісіне жұтылмау үшін қай мемлекеттің мәдениеті мығым, ауызбіршілігі, ынтымағы, ішкі, сыртқы тұрақтылығы, саясаты күшті сол ел ұлттық мәдени, рухани болмысын, құндылықтарын сақтай алады және болашақ ұрпақтың мәнді де мағыналы ғұмыр кешуіне жағдай туғыза алады,-деп санаймын. Мұны бүгінгі жаһандану қоғамы көрсетіп отыр.
Қазіргі заманның басты тенденциясы-техногенді өркениеттің қалыптасуы болып отыр. Бұл әсіресе, батыс өркениеті үшін үлкен қасірет. Себебі, техниканы жаңарту негізінде материалдық байлықты үнемі өсіру адамды тиімді экономикалық қызмет қаруына айналдыратын жағдай пайда болды. Екінші жағынан, адамзат өміріндегі техниканың рөлі адам жасаған ғылыми техникалық революция процесінде (аспаптар, құралдар, техникалар),
өзін жасаушыға қарсы шығып, адамның өмірдің табиғи негіздерімен
органикалық байланысы үзілуінің және мәдени тұтастығы бұзылуының
салдарынан шеттелу пайда болды.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Батыс өркениетінің құлдырауы.

Әлемдік жаhандану үдерісі - адамзаттық мәдениет пен
өркениетті тоғыстыратын және шаңырағын шайқалтатын қауіпті объективті
құбылыс. Бүгінде Еуропа өркениеті үлкен дағдарысты бастан кешіруде.
Мәселен, Еуропадағы саяси, әлеуметтік, экономикалық тұрақсыздық (қаржы
дағдарысы, бюджет тапшылығы, валюталардың құнсыздануы, ішкі, сыртқы
қарыздардың көбеюі т.б) факторлардың өрши түсуі рухани дағдарыстың әсерінен
туындап жатыр деп есептеймін. Себебі, батыс Еуропа елі біріншіден,
демократиясы азғындаған қоғамдастық (гомосексуализм, біржыныстық неке,
жезөкшелік, т.б), екіншіден, шынайы діни құндылықтарынан айырылған қоғам
деуімізге толық негіз бар. Өйткені, Еуропа елі әлі де, орта ғасырдағыдай
индульгенция принциптерін қолданатын, христиан дінінің шынайы
құндылықтарын, заңдарын қолдан өзгерткен, бұрмалаған, батыс халқын
мәңгүрттік жолға итермелеген өркениет болып отыр. Мәселен, бүкіл христиан
әлеміне билігін жүргізіп келе жатқан Рим папасы (католик шіркеуі), еврей
қауымдастығы жаһандану құбылысын басты құрал ретінде алып, шығыстың бай
мәдениетін бірте-бірте отарлап, ұлттық болмысынан жұрдай етуі үшін түрлі
агрессиялық қауіпті қадамдарға баруда. Мысалы, араб елдеріндегі
шиелеленісті айтсақ та жеткілікті. Яғни, Еуропа шынайы мәдени болмысынан
айырылып, тығырықтан шығуы үшін мұсылман әлемін бір-біріне қарсы қойып,
дінаралық қақтығыстарды ушықтырып, халқын қырғынға ұшыратып, шығыстың бай
мәдени мұрасын, қазба байлықтарын пайдаланып қалғысы келеді. Демек, батыс
өркениетінің көздеген мақсаты – шығыс-мұсылман әлемін ислам құндылықтарынан
айырып, саяси-экономикалық тәуелділікте ұстау болып отыр. Бұдан асқан
қауіпті нәрсе жоқ. Демек, жаһандану үдерісіне жұтылмау үшін қай мемлекеттің
мәдениеті мығым, ауызбіршілігі, ынтымағы, ішкі, сыртқы тұрақтылығы, саясаты
күшті сол ел ұлттық мәдени, рухани болмысын, құндылықтарын сақтай алады
және болашақ ұрпақтың мәнді де мағыналы ғұмыр кешуіне жағдай туғыза алады,-
деп санаймын. Мұны бүгінгі жаһандану қоғамы көрсетіп отыр.
Қазіргі заманның басты тенденциясы-техногенді өркениеттің
қалыптасуы болып отыр. Бұл әсіресе, батыс өркениеті үшін үлкен қасірет.
Себебі, техниканы жаңарту негізінде материалдық байлықты үнемі өсіру адамды
тиімді экономикалық қызмет қаруына айналдыратын жағдай пайда болды. Екінші
жағынан, адамзат өміріндегі техниканың рөлі адам жасаған ғылыми техникалық
революция процесінде (аспаптар, құралдар, техникалар),
өзін жасаушыға қарсы шығып, адамның өмірдің табиғи негіздерімен
органикалық байланысы үзілуінің және мәдени тұтастығы бұзылуының
салдарынан шеттелу пайда болды.

1
Шеттелуші механизм өмірдің сыртқы күштеріне тұлғаның
дәрменсіздігінің байқалуы, әлеуметтік тәртіпті сақтау бойынша, адамдардың
өзара міндеттерін жоғалтуы, құндылықтардың билік құрушы жүйесін мойындамау
арқылы адамның өзін жалғыз, қоғамдық байланыстардан шығарылып
тасталғандығын сезіну, индивидумның өзін жоғалтуы, тұлғаның өзіндік
ерекшелігінің бұзылуы, суицид секілді қауіпті жәйттер батыс өркениетінің
іріп-шіруіне алып келетін фактор екендігіне көз жеткізуімізге әбден
болады. Бұл қауіпті дерт бүгінде шығыс елдерінің де шаңырағын шайқалтуда.
Менің пікірімше, жалпы адамзаттық мәдениеттердің тепе-теңдігінің
бұзылмауын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін – әлемде мәдениетаралық
келісім берік орнауы тиіс деп есептеймін. Келісім-мәдениеттердің
гуманитарлық қарым-қатынастары туралы ғана мәселе емес, жеке алынған
тұлғаның осы мәдени білімдердің рухани әлеміне дұрыс бағытта
тартылуына мұрындық болуы тиіс. Сондай-ақ, мәдениеттер арасындағы
келісім-рухани дағдарыстың терең қайшылықтарын жеңудің, экологиялық
тұйықтықты, соғысты, атом қаруын, адам құқықтарының тапталуын болдырмаудың
нақты мүмкіндігіне айналуы тиіс. Сондықтан, мәдениетаралық келісім–мәдени
айырмашылықтарды сақтайтын,өзара түсінушілік пен мәдени тұрақтылықты
қамтамасыз ететін маңызды қадам деп есептеймін. Бұл тұрғыдан алғанда,
Қазақстанның биыл Ислам Ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі бүкіл
әлемнің тұрақтылығы үшін жақсы мүмкіндік болады деп сенемін. Ал,
Еуропа, Америка елі, еврей қауымдастығы, басқа да алпауыт
мемлекеттер осы тамаша бастаманың жаршысы болып, әлемдегі тыныштық
пен бейбітшіліктің сақталатындығына кепіл болуы шарт және шығыс-
мұсылман елдеріне деген басқыншылық саясатын жедел түрде доғаруы
қажет. Егер бұл келісім орындалмаса, жалпы адамзаттық мәдени
байланыстар мен құндылықтар өздігінен бірте-бірте жойылып, әсіресе,
батыс өркениеті бұдан да асқан үлкен қасіретке тап болары сөзсіз.
Сондықтан да, жастарымыздың болашағы жарқын болуы үшін, елімізді
жаһандық қауіп-қатерлерден сақтау үшін мәдени, рухани қауіпсіздігімізді
нығайтып, халқымыздың діни, саяси-философиялық дүниетанымын кеңейтіп,
сауаттылығын арттыру жолында бірігіп жұмыс жасауға тиіспіз. Ол үшін
алдымен, отбасындағы бала тәрбиесіне аса көңіл бөліп, қоғамдағы
отбасы институтының механизмдерін заман талабына сай қайта қарап,
заң жүзінде бекітуіміз қажет,-деп есептеймін.

Абдуахитов Ерқожа Сейтжаппарұлы

Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Философия ғылымдарының магистранты.

2

Қазақстан және Ислам конференциясы ұйымы

     

 

 

Қазақстан Президентінің қазіргі Жолдауының негізгі ерекшелігі оның
әлеуметтік бағыттылығы: біздің қоғамымыздың болашақ дамуы жеделдетілген
экономикалық жаңғыртудың жалғасы болып табылатын – Үдемелі инновациялық
индустрияландыру бағдарламасын іске асырумен бірге әлеуметтік модернизация,
яғни білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларымен
қатар жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылықты жаңғырту, халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету
бағдарламаларын жасап, қабылдау тапсырылды.Тәуелсіздік алғанына биыл
жиырма  жыл толатын Қазақстан осы қысқа мерзім ішінде ішкі және сыртқы
саясатында әлемнің дамыған елдері қызығарлық көптеген табыстарға қол
жеткізді.  Қазақстан Президентінің Жолдауында ерекше атап өткендей, сыртқы
саясатта біз бүкіл әлемдегі инвесторларға, бизнес-қауымдастықтарға
міндеттемелеріміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететіндігімізді мәлімдеймін.
Біздің саясатымыз барлық әріптестеріміздің үміттері мен күткендеріне
сәйкесетін болады.

2010 жылы Қазақстан ТМД мемлекеттері, мұсылман дүниесі, түркі тілдес
мемлекеттері және Азия құрлығы арасынан бірінші болып Еуропадағы
Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағалығына сайланып, мәртебелі
әрі жауапты төрағалық қызметті абыроймен атқарды. Әлемнің белгілі
саясаткерлері мен қоғам, мемлекет қайраткерлері қазақ елінің ЕҚЫҰ-ға 
төрағалық қызметі міндетін ойдағыдай атқарды деп оң баға берді. Президент
өзінің Жолдауында тағы да Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде бастаған
жанжалдарды реттеу жөніндегі жұмысын жалғастырады деп ерекше басып
айтты.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев еліміздің ЕҚЫҰ-ның төрағалық қызметіне
кірісуіне орай үндеуінде ұйымға мүше елдер басшылығының жоғары деңгейдегі
кездесуді шақыру туралы бастама көтерген еді. 2010 жылы тамыздың 3-інде
ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кеңесі 57 елдің
басшылығы бас қосатын аса ірі халықаралық ұйымның саммитін өткізу жөнінде
түпкілікті шешім қабылдады. Қазақстан ЕҚЫҰ аясында төрағалық әрі Саммит
шақырушы ел мәртебесіне қатар қол жеткізген тұңғыш мемлекет ретінде әлемдік
саясат тарихында көрініп отыр. Қазақстанның ұйымға төрағалық етуі Қазақ
елінің мәртебесін биіктетіп, Қазақстан халқының патриоттық сезімін
арттырады. Қазақстан өңірлік және әлемдік деңгейлердегі интеграция мен
ынтымақтастықтың ұйытқысы әрі дамытушысы (ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ҰҚШҰ) болып
табылады. Президент Жолдауында атап өтілгендей мұның барлығы Қазақстанның
өңірлік және жаһандық тұрақтылықты нығайтуға қосқан маңызды үлесі болады.

Біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы келесі елеулі оқиға еліміздің
ЕҚЫҰ-ның төрағалық етуімен қатар осы жылы Ислам Конференциясы Ұйымына да
(ИКҰ) төрағалық етуімен ерекшеленеді. Қазіргі кезде кең ауқымдылығы және
маңыздылығы  жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымынан  кейінгі екінші орынды
иемденетін Ислам Конференциясы Ұйымы 1969 жылы құрылған болатын. Алғашқы
кезде бұл ұйым Бүкіләлемдік ислам конференциясы (1926 ж.) деген атпен
құрылып, кейін Ислам конференциясы форумы және Әлемдік ислам конференциясы
деген атауларды да иеленген. Ислам Конференциясы Ұйымы бүгінде 1,5 миллиард
тұрғылықты халқы бар 57 мемлекетті қамтиды және де жер бетіндегі барлық
құрлықтарды, ең алдымен Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Американы
қамтиды. Бүгін әлемде жер бетіндегі барлық халықтардың бестен бір бөлегі
исламды ұстанады және де ерекше атап өту қажет басқа дін өкілдеріне
қарағанда исламда жыл сайынғы адам өсімі жоғары: мұсылмандар арасындағы жыл
сайынғы адам өсімі 25 млн.адамды құрайды. Бұл дегеніміз мұсылман
халықтарының жыл сайын  2,1% өсіп отырғандығын білдіреді, яғни жер
бетіндегі жалпы халық өсімінің  0,4 пайызын құрайды деген сөз.

1969 жылдан бері қарай Ислам Конференциясы Ұйымы өзіне мүше елдердің саяси
проблемаларымен қатар олардың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық
және мәдени салаларына қатысты түйінді мәселелерді шешумен үнемі айналысып
келеді. Ислам Конференциясы Ұйымы діни емес, халықаралық саяси ұйым ретінде
әртүрлі халықаралық және мемлекетаралық саяси-әлеуметтік, рухани және
мәдени мәселелерді шешуге бағытталған. Ұйымның ұстанған негізгі мақсаты –
мұсылман елдерінің өзара қарым-қатынастарын тереңдете түсіп, олардың ортақ
табиғи және адами байлықтарының сол елдердің өз мүдделеріне тиімді қызмет
етуіне және тұрақты дамуына оң ықпал жасау және олардың әл-ауқаттарының
артуын қамтамасыз ету.

Ұйымның бас хатшылығы Сауд Арабиясының Жидда қаласында орналасқан. Ұйымның
жарғысы бойынша Бас хатшыны бес жылдық мерзімге Ұйымға мүше елдердің
бірінен Сыртқы істер министрлерінің кеңесі сайлайды. Қазіргі Бас хатшы
Экмеледдин Ихсаноглу мырза бұл лауазымға 2005 жылдың бірінші қаңтарында
бекітілген болатын. 2008 жылы өткен Ұйымның он бірінші саммиті Э.
Ихсаноглудың бұл мандатын тағы бір кезеңге ұзартты. Бас хатшы 2007 жылы
Қазақстанға жасаған ресми сапары кезінде Президент Н.Ә.Назарбаевпен
кездесіп, біздің елде “Орталық Азиядағы ислам өркениеті” деген тақырыптың
аясында өткен халықаралық конференцияға қатысты. Э. Ихсаноглу Қазақстан мен
Ислам Конференциясы Ұйымының арасындағы қарым-қатынастың кеңейе түсуіне
үнемі атсалысып келеді. Ол Қазақстанның 2011 жылы аталмыш Ұйымға төрағалық
етуіне байланысты көтерілген ұсынысты да бірден қолдады.

Зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан бүгін ислам өркениетінің
ажырамас бір бөлігі болып табылады. Халқының саны жағынан әлемде 62-орында
тұрған Қазақстан мұсылман әлемінде 23-орынды иеленсе, жер көлемі жағынан
олардың арасында бірінші орында.

Қазақ тарихының мұсылман әлемімен ғасырлар бойы сабақтас және халқымыздың
рухани мәдениетінің ислам өркениетімен ежелден тамырлас екені ешбір дау
туғызбайтын шындық. 1995 жылдан бері ИКҰ-ға мүше мемлекет ретінде Қазақстан
әруақытта да бұл Ұйымның атқарып келе жатқан іс-шараларына белсене
араласып, оның әлем қауымдастығы алдындағы беделінің өсуі мен ислам
әлемінің абыройлы форумы ретінде бұдан былай да нығая беруіне атсалысып
келеді. Олай болғанда, 2011 жылы осы беделді ұйымға басшылықтың Қазақстанға
өтуінің жер жүзіндегі мұсылман қауымдастығы тарапынан біздің елге деген
үлкен сенімі мен қолдауы деп қабылдаған жөн.

2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ететін Қазақ елі Ислам
әлемінің халықаралық қауымдастық елдері және дүниежүзілік ұйымдарымен
серіктестік пен ынтымақтастықты тереңдетіп, ұйымға мүше  елдердің сауда-
экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық салада өзара іс-қимыл деңгейін
жақсартуға қол жеткізу, ИКҰ мүше елдерінің мәдени гуманитарлық саладағы
ынтымақтастығы аясында ИКҰ халықтары мәдениетінің жетістіктері және спорт
ойындары жарыстарын, сондай-ақ дін және мәдениет қайраткерлерінің форумын
ұйымдастыру, білім алуға еркін қолжетімділік, біріккен ғылыми жобаларды
жасау, экономикалық салада мүше елдермен кадрлар алмасу, барлығы үшін
тауарлардың, қызмет көрсетудің, қаржы, банк және сақтандыру, валюталық
реттеу нормаларын үйлестіру, әлемдік экономикалық дағдарысқа қарсы іс-
шараларды атқару, еларалық тауар айналымдарын біріздендіру мен ұлғайту,
кедейшілікпен күрес, энергетикалық ресурстары мен шикізат көздерін тиімді
пайдалану, бірлескен ғылыми-техникалық бағдарламалар және инновациялық
жобаларды жасау, жоғары технологиялар мен ғылым жетістіктерін ортақтасып
пайдалануға мүмкіндік жасау, саяси салада – жаһандық және өңірлік
қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ынтымақтастық пен серіктестікті нығайту мен
дамыту, ИКҰ мүше елдердің ЕҚЫҰ, Еуропалық қауымдастық, Оңтүстік Шығыс Азия
елдері қауымдастығы, Африкалық бірлестік ұйымы сынды басқа да беделді
аймақтық халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасу ісін тереңдетуді көздейді.

Ұйым жауапкершілігіндегі аймақта туындауы мүмкін жаңа қауіп- қатерлердің
алдын алатын шараларды іздестіру шиеленісті жағдайларда үнқатысу мен
бітімге келу жолдарын іздестіру, дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу жолында
мүше елдердің күш-қайратын тиімді жұмсау, Ауғанстан мен Қырғызстандағы
жағдайды реттеудің оңтайлы әдістері мен салиқалы шешімдерін табу.

Ауғанстан, Қырғызстан және аймақтағы басқа да әлжуаз елдерге гуманитарлық
көмек көрсету және олармен сауда, экономикалық, гуманитарлық
ынытмақтастықты дамыту жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру бұдан былайғы кезде
де біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі
болатындығын Президентіміз өзінің Жолдауында тағы да басып айтты.

ИКҰ төрағалығы еліміздің Шығыс пен Батыс арасындағы сұқбаттастықты дамытуда
алатын орны мен рөлінің маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан ғасырлар бойы
Шығыс пен Батысты байланыстырып отырған. Біз бұл дәстүрді жай ғана сақтап
қалған жоқпыз, оны жаңа бір деңгейге көтере алдық. Оның жарқын бір айғағы
болып мемлекетімізде біздің Президентіміздің тікелей басқаруымен жасалып
жатқан іс-шаралар. Қазақстанның бір мезгілде өте беделді екі халықаралық
ұйымда, белгілі бір мағынада Шығыс пен Батысты білдіретін ЕҚЫҰ мен ИКҰ-ға
төрағалық етуі шын мәнінде өркениеттер сұқбатын, әлемдік діндер сұқбатын
дамытудағы тарихи миссиясын орындауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде бұл
орындалатын және өте жауапты іс-шара болып табылады, себебі, аталған екі
халықаралық ұйымның алдында бір мақсат – қауіпсіздік және ынтымақтастық,
әлеуметтік экологиялық мәселелерді шешу, жеке адам құқығын қорғау және
әртүрлі ксенофобия мен исламофобия көріністерімен күресу, мұсылман
халықтарының мұсылман емес елдерде бейімделу мәселелерін шешу.

Астанада алғаш рет 11 жыл үзілістен кейін жоғарғы деңгейде өткен ЕҚЫҰ
саммитінің қорытындысы негізінде Қауіпсіздік қауымдастығына бетбұрыс
Астаналық декларация қабылданған болатын. Аталған Декларация тағы да өзінің
ЕҚЫҰ мен БҰҰның Жарғысының негізінде жатқан Хельсинки қорытынды актісінің
нормалары мен принциптерін толық ұстанатынын тағы да дәлелдеді.  Мүше
мемлекеттердің қарым-қатынасын реттестіруде Астаналық декларация кезінде
Хельсинки қортынды актісінде қарастырылған 10 қағидатқа  негізделеді:
тәуелсіздікке негізделген теңдік, суверенитетке тән құқықтарды сыйлау, күш
көрсетпеу, шекараның бұзылмастығы, мемлекеттердің территориялық тұтастығы, 
дау-жанжал мәселелерін бейбіт жолмен шешу, ішкі іске араласпау, адам
құқығын және еркіндігін, ой және ар-ождан еркіндігімен қоса діни сенім мен
еркіндігін мойындау, халықтар теңдігі және өз тағдырын айқындаудағы
құқылығы, мемлекет арасындағы байланыс, халықаралық құқық бойынша алынған
міндеттемелерді ұқыпты орындау.

Сонымен қатар, ерекше назар аударатын мәселе, Астаналық саммит ЕҚЫҰ
дамуының жаңа векторын: еуразиялық бағытын негіздеді. ЕҚЫҰ саммиті өткенен
кейінгі баспасөз  мәслихатында берілген Қазақстан Президентінің мәлімдемесі
бойынша, еуропалық және азиялық қауіпсіздік мәселелерін бір-біріне
байланыссыз шешу бүгінгі күнде мүмкін емес. Елбасының пікірінше, бұл форум
тарихқа енеді, себебі осы  Астаналық саммитте Еуропа мен Азияны бөліп,
онсыз да құлайын деп тұрған бекіністі алып тастаудың тарихи үрдісі іске
асты. Президенттің пікірі бойынша 1990 жылы жаңа Еуропа үшін қабылданған
Париж хартиясына байланысты күрделі және қарама-қайшы кезеңге шек қойылды.
Астаналық саммит Хельсинки мен Парижден кейінгі үшінші жаңа бір кезеңнің
басталуына негіз болды. Президенттің айтуы бойынша Хельсинки рухы жаңа
тарихи жағдайда Астана рухымен байытылды. Елбасы пікірі бойынша қайтадан
жаңғырған өзара түсіністік және келісім рухы қазіргі заманның қауіп-
қатерлеріне төтеп беруге, біздің халықтарымыз үшін өмірлік маңызы бар
мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді. Астаналық саммиттің келесі бір
ерекшелігі ЕҚЫҰ қызметінің жаңа бағыты еуроатлантикалық және еуразиялық
қауіпсіздік мәселелерін шешу арқылы Еуропа мен Азияның арасындағы
интеграциялық процестердің нығаюына  негіз болады. Әрине, ешбір күмәнсіз,
ЕҚЫҰ-да Қазақстанның төрағалық етуінің нәтижесі ұйымның дамуына негіз
болған жаңа еуразиялық бағытты енгізе алуында, сол арқылы қауіпсіздік пен
ынтымақтастықтың жаңа кеңістігі жасалды. Осы қауіпсіздік пен
ынтымақтастықтың жаңа кеңістігінде екі ең беделді халықаралық ұйымдарда
Қазақстанның тікелей қатысуымен ЕҚЫҰ мен ИКҰ бірлесе әрекет етуіне
мүмкіндік жасалып отыр.

Қазақстан төрағалық қызметінің мақсаты – әлемдік және өңірлік деңгейде ИКҰ
беделі мен әлеуетін арттыру, халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты
сақтау мен дамытуда Ұйымның әлеуетті тетігін жақсарту мен нығайтуға
жұмылдыру. Ұйым қызметін жаңа жағдайға сай жаңғырту дегеніміз – адам өмірін
ардақтау құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, діни төзімділік пен
адамзатқа ортақ құндылықтарды ұлықтау, экономикалық дағдарыстарды
болдырмаудың жолдарын шешу, бейбітшілік пен тұрақтылық, қауіпсіздікке қол
жеткізу.

Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалық қызметінің басымдықтары мен көкжиектеріне
бүгін әлем жұртшылығы үшін маңызды мәселелер кіріп отыр. Атап айтсақ,
лаңкестік, сепаратизм, ксенофобия, исламофобия, есірткі саудасы, адам мен
қару саудасы дүниежүзілік қауымдастық үшін ауқымды мәселелер болып отыр.  

ИКҰ-на қазақ елінің төрағалығы осы өңірдегі демократиялық жаңғыруларға,
гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастыққа, өзара түсіністік пен
әрекеттестікке жаңаша тың серпін беруі керек. Қазақстанның жаһандық және
өңірлік ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі
халықаралық қауымдастық тарапынан мойындалуы Елбасымыздың салиқалы да
көреген көшбасшылығының жемісі.  Қазақстан Республикасы өткен жылы
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. Жыл
ішінде алдын ала жоспарланып, белгіленген халықаралық ауқымдағы іс-
шаралардың барлығын жоғары деңгейде, аса ұйымшылдықпен өткізді. Соның
ішінде он бір жыл бойы өтпеген ЕҚЫҰ-ның Саммитін елордамыз – Астана
қаласында шақырып, осынау ұлы жиынды абыроймен өткізгендігі Қазақстан
басшылығы үшін, барша қазақстандықтар үшін аса жоғары мәртебе болды. Бұл
жөнінде әлемге танымал саясат саңлақтары, мемлекеттер мен үкіметтер
басшылары қоспасы жоқ шынайы ризашылықтарын, жүрекжарды пікірлерін
білдірді. Есігін енді ашқан жаңа 2011 жылдың екінші жартысынан бастап
еліміз тағы бір ірі халықаралық ұйым – Ислам Конференциясы Ұйымына
төрағалық еткелі отыр.
Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) 1969 жылдың қыркүйегінде құрылды деп
айтылып та, жазылып та жүр. Нақты дерек көздеріне қарағанда, ИКҰ-ның құрылу
тарихы әріден, яғни 1926 жылдан бастау алатыны байқалады. Өйткені, осы жылы
Бүкіләлемдік ислам конференциясы құрылып, оның алғашқы отырысы Меккеде
өткен екен. Одан кейін Конференцияның сессиялары Иерусалим, Карачи және
Могадито қалаларында шақырылған. Бұл жиындарда мұсылман елдері арасында
әртүрлі салалар бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл орнату мәселелері
қарастырылыпты. Ал 1953 жылы аталған Конференцияның орнына Ислам
конференциясының форумы құрылып, оның отырыстары Иерусалимде, сондай-ақ
бірқатар араб елдерінің астаналарында өткен.
Бірқатар деректер бұдан кейін де жоғарыда аталған Ислам конференциясы
форумының атауы бірнеше рет өзгертілгенін, басқа да исламдық ұйымдардың
құрылғанын көрсетеді. Бірақ, бұл ұйымдардың ешқайсысы да халықаралық саяси
үдерістерге жеткілікті түрде ықпал ете алмаған. Ал мұсылман әлеміне барлық
Ислам мемлекеттерінің басын біріктіріп, өзара тығыз ынтымақтастық орнату
арқылы халықаралық саясатқа ықпал ететін ұйым аса қажет еді. Мұны мұсылман
елдерінің басшылары мен дін қайраткерлері жақсы түсінді. Бұған мұсылман
әлеміндегі ішкі және сыртқы саяси-экономикалық жағдайлар жол бермеді. Оның
сәті 1969 жылы түскені тарихтан белгілі.
Қысқаша тоқталатын болсақ, 1969 жылы белгісіз біреулер Иерусалимдегі
мұсылмандардың әл-Акса мешітін өртеп жібергенінен әлем жұртшылығы жақсы
хабардар. Бұл жағдай өз кезінде мұсылман әлемін дүр сілкіндіріп,
көпшіліктің орынды ашу-ызасын туғызды. Сөйтіп, Сауд Арабиясының Королі
Фейсальдің бастамасымен сол жылдың қыркүйегінде 26 Ислам мемлекетінің
басшылары Рабат қаласында (Марокко) бас қосып, мұсылман қауымының қасиетті
орны саналатын әл-Акса мешітіне қатысты жағдайды талқылады. Нәтижесінде
олар жаңа Ислам ұйымын құру мәселесін нақты шешу үшін Сауд Арабиясының
Джидда шаһарында Ислам мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесін
шақыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Ал келесі 1970 жылдың ақпанында
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтіп, онда жаңа халықаралық орган –
Ислам Конференциясы Ұйымы ресми түрде құрылды.
Ислам Конференциясы Ұйымы құрылғаннан бері өзінің қатарын үнемі арттырумен
қатар, қызмет ауқымын кеңейтіп келеді. Алғашқы жылдары ИКҰ-ға 25 мемлекет
мүше болса, бүгінде Ұйым Азия, Еуропа, Африка және Оңтүстік Америка
құрлықтарындағы 57 мемлекетті біріктіріп отыр. Сонымен қатар, ИКҰ-ның
жиындарына бес мемлекет және бес халықаралық ұйым байқаушы ретінде
қатысады. Оның үстіне Ислам Конференциясы Ұйымы әлемде БҰҰ-дан кейінгі
екінші ірі халықаралық саяси ұйым болып табылады. Қазіргі кезде жер
шарындағы тұрғындардың төрттен бірі мұсылман. Мұсылман елдеріндегі
тұрғындардың жалпы саны 1,532 миллиард адамды құрайды екен. Бұл – жер
шарындағы тұрғындардың 22,9 пайызы. Ал Қазақстан адам саны жағынан ИКҰ-ға
қатысушы елдер арасында – 23, әлем елдері арасында 62-ші орында тұр.
Ислам Конференциясы Ұйымына мүше мемлекеттер аумақтарында табиғи
ресурстардың аса мол қоры жатыр. Нақты мәліметтер бойынша, оның көлемі
әлемдегі запас қордың 65 пайызын құрайды. Ұйымға қатысушы елдер, сондай-ақ
әлемде өндірілетін шикізаттың 45 пайызын өндіреді. 2009 жылы олардың ішкі
жалпы өнімі 7,5 трлн. АҚШ долларын құраған. Бұл мәлімет мұсылман әлеміндегі
елдер өндіретін өнімнің Қытайдың ІЖӨ-не жақындап қалғанын білдіреді. Біздің
еліміздің ИКҰ-ға мүше мемлекеттермен өзара тауар айналымына келсек, 2008
жылы ол 10,6 миллиард долларға жетті. Оның 8 миллиард доллары – экспорт,
2,6 миллиард доллары – импорт.
Тәжірибе көрсеткендей, әлемдік мәдениет өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықта
дами бермек. Ал Исламның бірегейлігі оның рухани кеңістігін жетілдіруге
жағдай тудыратындығында жатыр. Осыған байланысты Қазақстан болашақ зайырлы
мемлекет ретінде ұлы мұсылман өркениетінің ажырамайтын бөлігі болып
табылады. Өйткені, біздің тарихымыз жүздеген жылдардан бері Исламмен
тікелей байланыста дамып келеді, қазақ халқының рухани мәдениетін одан
бөліп қарастыру мүмкін емес. Тәуелсіз Қазақстан жиырма шақты жылдан кейін
ғана мұсылман әлеміне алдына аса зор міндет пен мақсат қойған іргелі
мемлекет болып қайта оралды.
Қазақстан Республикасы Ислам Конференциясы Ұйымына 1995 жылдың
желтоқсанында Конкариде (Гвинея) өткен Ұйымға мүше мемлекеттер сыртқы істер
министрлерінің конференциясында толық құқықты мүше ретінде қабылданған еді.
Мүше болып қабылданған кезден бастап еліміз Ұйымның көптарапты қызметіне
белсене қатыса отырып, ИКҰ-ның рөлін арттыруға және оның өркениетті
әлемдегі ерекшеліктерін нығайтуға өзінің үлесін қосып келеді. Бүгінде
Қазақстан, сондай-ақ Ұйым аясында әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге
асыру жолымен кедейшілікті азайту, білім сапасы деңгейін арттыру, Ұйымға
қатысушы елдерде демократияны, адам құқығы мен азаматтық қоғамды дамыту
мәселелеріне қолдау көрсетіп жүр.
Бұл мәселелерде 2005 жылдың 8 желтоқсанында Меккеде Ұйымның жоғары
деңгейдегі конференциясында қабылданған ИКҰ-ның Онжылдық іс-қимыл
бағдарламасының алатын орны ерекше болып табылады. Аталған құжатта Ұйым
қызметінің алдағы он жыл ішіндегі перспективалары нақты көрсетілген. Осы
бағдарламаға байланысты ИКҰ-ның Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглудың Ұйымның
Онжылдық іс-қимыл бағдарламасының қабылдануы тарихи және жаңа бетбұрыс
екенін, оның талаптарын орындау Ұйымға мүше көптеген елдерді тап келіп
отырған қиындықтардан алып шығуға негіз болатынын атап көрсетуі жайдан-жай
емес.
Бағдарламада, сондай-ақ Ислам әлемінің Жол картасы рөлін атқаратын бұл
құжатта Ұйым елдері арасында ішкі сауданы кеңейту арқылы оның көлемін
қазіргі 16 пайыздан 20 пайызға дейін арттыру шаралары да қарастырылған.
Осыған байланысты Қазақстан өзінің экономикалық стратегиясын сауда-
экономикалық байланыстарды ынталандыруға, Ұйымға мүше мемлекеттермен
инвестициялық және технологиялық тәжірибелер алмасуға ниеттеніп отыр.
Бұлардан бөлек еліміз аталған салалар негізінде Қазақстанның экономикалық
моделін дамытуды насихаттау мақсатында тұсаукесерлер өткізу мүмкіндігін
қарастырмақ.
Қазақстан биылғы жылдың екінші жартысынан бастап Ислам Конференциясы
Ұйымына төрағалық ету жауапты жұмысына кіріседі. Еліміздің осындай аса ірі
халықаралық ұйым төрағалығына сайлануы Ұйымға қатысушы мемлекеттердің
елімізге көрсетілген жоғары сенімі болып табылады. Бұл жоғары сенімнің түп
негізінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының
нәтижесінде елімізде салтанат құрған этносаралық татулық, саяси тұрақтылық,
дінаралық және конфессияаралық келісім жатыр. Сонымен қатар, тәуелсіздік
таңы арайлап атқаннан бергі кезеңде табысты жүзеге асырылған реформалар
жатыр. Осының барлығы жинақтала келіп, бір арнаға тоғыса келіп, Қазақстанды
бүкіл әлемге танытты, танытумен бірге күллі әлемге мойындатты.
Қазақстан Республикасы ИКҰ-ға мүше мемлекеттер ішінде ЕҚЫҰ-ға төрағалық
еткен тұңғыш мемлекет ретінде тарихта қалды. Мұны мұсылман әлемі зор
мақтанышпен қолдады, қуаттады. Еліміз сол үдеден шыға білді. Ал Қазақстан
ИКҰ-ға төрағалығы кезінде бірқатар ауқымды іс-шараларды өткізуді қолға
алғалы отыр. Оның ішінде Ұйымға мүше мемлекеттер сыртқы істер
министрлерінің кеңесі, денсаулық сақтау министрлерінің кездесуі, сондай-ақ
Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумы бар.
Сонымен, еліміз биылғы жылы тағы бір іргелі халықаралық ұйым – Ислам
Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді. Елдігімізге, бірлігімізге сын
болатын, ұйымшылдығымызды әлемдік қоғамдастыққа тағы бір көрсететін кез
табалдырық аттаған жаңа 2011 жылдың еншісіне тиіп отыр. Бұл төрағалық та
асқақ абыроймен, әлем жұртшылығы айта жүретін үйлесімді ұйымшылдықпен өтеді
деген сенімдеміз.
 

Жаhандану және бүгінгі ұрпақ.

Егеменді ел болып, өз тұғырымызды, ұлттық болмысымызды, ұлттық
құндылықтарымызды түгендеуге жол ашқанымызда, жер бетінде қалыптасып,
қанатын кеңінен жайып келе жатқан жаһандану атты ғаламда саяси, мәдени,
әлеуметтік және экономикалық бағытта үстемдік еткен идеологиямен санасуға
тура келді. Себебі, кеңестік темір құрсаудан босағаннан бергі уақытта
жаһандану элементтері біздің өміріміздің барлық саласында ептеп орын
алғанына көзіміз жетіп отыр. Барлық елдерге қонысын салған жаһанданудың
саяси астарын анықтап көрелік.
Батыстық жаһанданудың аражігі қандай?
Қазіргі кезде жаһандану үрдісіне әртүрлі көзқарастар қалыптасқан.
Батыстың Алмонд, Истон сияқты ғалымдары жаһанданудың тиімді әрі жақсы
жақтарын ғана суреттейді. Олар бұл қоғамның, жалпы, әлемнің динамикалық
және прогрессивті дамуы деп түсіндіреді. Оған Ресейдің бірқатар ғалымдары
жаһандануды Батыстың пиғылының күн санап жүзеге асып жатқандығын баяндайды.
Яғни, орыстың Пугачев, Панарин, Ильин тәрізді ғалымдардың айтуынша,
жаһандану кезеңінде ұлттық құндылықтар жойылып, олардың орнын әлемге ортақ
құндылықтар басады. Бұл ғалымдардың да айтып отырғаны өзінше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғам және мәдениет
Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірбаяны
ХХ ғасыр мәдениеті дамуының негізгі тенденциялары
Ежелгі Египетте мемлекет пен құқықтық пайда болуы
Ислам философиясының батысқа әсері
Ертедегі көшпенділер өркениеті
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері
ХХ ғасыр социологиясы
Жалпы тарихтан дәрістер
Ибн Халдунның мемлекет және саясат туралы тұжырымдары
Пәндер