Ресей-Қытай қатынастарының стратегиялық серіктес ретіндегі деңгейі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Ресей мен Қытай - әлемдегі екі ірі держава ретінде халықаралық жағдай мен геосаяси қатынастарға өз ықпалын жүргізіп келе жатқан мемлекеттер болғандықтан олардың арасындағы өзара байланысты, оның деңгейі мен форматын анықтай отырып зерттеу әлемнің халықаралық қатынастар саласының жетекші мамандарының қызығушылығын туындатып отырған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің өзекті болуының бірнеше себебі бар, біріншіден, Ресей мен Қытай әртүрлі өркениеттік типке жататын мемлекеттер (славаян-православиелік және конфуцийлік) ; екіншіден, Қытайдың басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы мен байланысы бұл елдің дәстүрлі эгоцентристік ұстанымдары негізінде жүргізілуі қызығушылық тудырады; үшіншіден, екі мемлекеттер арасындағы өте ауқымды шекара аймағы өзінің қоныстанбағандығына байланысты нақты белгіленбеген. Сонымен бірге, Ресей мен Қытай ірі аймақтық әскери державалар ретінде өте күшті дипломатиялық мектептерге ие.
Тақырыптың өзектелігі ресей-қытай қатынастарының дамудың жоғарғы қарқынымен, мықты құқықтық базасы бар екі жақты өзара әрекеттестіктің жан-жақты ұйымдастырулық құрылымға ие, барлық деңгейдегі белсенді байланыстары бар ерекшелігімен негізделеді.
Зерттеу жұмысының мақсатына келер болсақ, ол ресей-қытай қатынастарының стратегиялық серіктес ретіндегі деңгейіне анықтама бере отырып, оның болашақтағы даму мүмкіндіктерін анықтау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:
- Ресей мен Қытайдың қазіргі кезеңдегі стратегиялық серіктестік қатынастарының саяси және сауда-экономикалық салаларына талдау жасау;
- Екі ел арасындағы қарым-қатынастың негізгі түйіндерінің бірі - шекаралық және миграциялық мәселелерді саралау;
- Әлемнің екі ірі державалары - РФ мен ҚХР арасындағы әскери-техникалық келісімдер мен оның салдарларының аймақ және әлем қауіпсіздігі мәселесінде алатын орнын қарастыру;
- Өзара ынтымақтастықтың келешегін анықтап, халықаралық серіктестіктің негізгі бағыттарын нақтылау.
Диплом жұмысының тарихнамасы : Кеңес-қытай және Ресей-қытай қатынастарының әр кезеңдеріндегі халықаралық жағдайдың түрлі кезеңдеріне қатысты көптеген ресейлік (кеңестік) және шетелдік ғалымдардың зерттеу еңбектері бар. Әлемдік саясат пен халықаралық қатынастарда болып отырған өзгерістерге қатысты талдаулар мен сипаттамаларды Примаков Е. М. Россия, восстанавливая свой большой и перспективный потенциал, возвращается к положению великой державы 1; Системная история международных отношений в четырех томах. События и документы. 1918-2003 / Под. ред. А. Д. Богатурова. М. : Научно-образовательный форум по международным отношениям, 2004. 2118 с. 2 атты еңбектерде берілген. Сонымен қатар, Гриняев С. Н. 3, Д. Трофимов 4, Поздняков Валерий 5, Ли Наньцюань 6 тағы басқалардың еңбектерінде Қытай мен Ресейдің өзара экономикалық байланыстары және аймақтық қауіпсіздік пен шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмысы жайлы айтылған.
Екі ел арасындағы шекара және миграция мәселесіне қатысты Цзин Юэцзин 7, Е. К. Гаврилов 8, 3. Кунадзе 9 жұмыстарында қарастрылған.
Аталынған еңбектерден басқа бұл тақырыпқа қатысты көптеген монографиялар мен мақалалардыің жарық көріп, халықаралық конференциялар мен «дөңгелек үстелдерде» баяндамалалар оқылғандығын айтып өтуге болады.
Зерттеу жұмысының дерек көздері ретінде осы кезеңдерде орын алған екі ел басшыларының кездесулерінің материалдары, келісім-шарттардың, мемлекеттік бағдарламалардың және басқа да құжаттардың мәтіндері қарастырылады.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. «Ресей мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің саяси бағыты» деп аталатын бірінші тарауда ресей-қытай қатынастарының саяси бағыты қарастырылған. Бірінші тарау мағынасына қарай үш тараушаға бөлінген, «РФ мен ҚХР-дың өзара стратегиялық серіктестігінің алғышарттары» атты бірінші тараушада Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы алғашқы байланыстардың орнауы мен оның әртүрлі мәселелерге қатысты белгілі-бір кезеңдердегі даму үрдісі қарастырылған. Ресей мен Қытай қатынастарының
стратегиялық ынтымақтастық деңгейіне көтерілуі мен оның халықаралық қауымдастық пен аймақтық геосаяси жағдайға әсері туралы екінші тараушада аталынған екі державаның стратегиялық серіктестігінің аймақ елдері (Орталық Азия) мен әлемдік державалардың мүдделері үшін ықпалы сараланған. «Екіжақты қарым-қатынастарға шекара және миграция мәселелерінің ықпал етуі» деп аталатын үшінші тараушада Ресей мен Қытайдың бүгінгі таңдағы өзара саяси серіктестігіне кедергі болып отырған мәселелер талқыланған.
Ресей мен Қытайдың стратегиялық серіктестігінің экономикалық саласына арналған екінші тарау екі тараушадан тұрады, оның біріншісінде екі елдің бүгінгі таңдағы өзара экономикалық байланыс орнатуының алғышартары мен негізгі салалары қарастырылса, «Ресей мен Қытайдың өзара экономикалық байланыстарының келешегі» атты тараушада екі державаның болашақтағы экономикалық серіктестігі қандай дәрежеде болатындығы мен оның қандай бағытта дамитындығы қарастырылған.
РФ мен ҚХР әскери сала мен ғылыми-техникалық байланыстарына арналған тарауда екі держава арасындағы әскери техника мен қару-жарақ саудасы, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәселелері көтерілген. Екі тараушаға бөлінгендіктен, бірінші тарауда екі ел арасындағы әскери саладарығ ынтымақтастық айтылса, екінші тараушада Қытай мен Ресей арасындағы ғылыми-техникалық байланыстар, оның ішінде космосты игеру, өнеркәсіпті дамыту, инновациялық жобаларды жүзеге асыру және тағы да басқа бірлескен шаралардың барысы қарастырылған.
Зерттеудің объектісі ретінде Ресей мен Қытайдың өзара ынтымақтастығы мен стратегиялық серіктестігі қарастырылады.
Зерттеу жұмысының пәні - РФ мен ҚХР арасындағы стратегиялық серіктестіктің және өзара ынтымақтастықтың алғышарттары, жағдай және де келешектегі даму мүмкіндіктері мен өзіндік ерекшеліктері.
I. РЕСЕЙ МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
1. 1. РФ мен ҚХР-дың өзара стратегиялық серіктестігінің алғышарттары
Ресей мен Қытай әлемдік тәртіп пен халықаралық қатынастарда аса маңызды рөл атқаратын мемлекеттерге, яғни өзінің белгілі-бір дәрегейі жағынан адамзат тарихына ықпал ете алатын ірі державалар қатарына кіреді. Ресей әлемдегі ең бірі территорияға ие мемлекет болса, Қытай елі өзінің тұрғын халқы саны жағынан алғашқы орында. Ал аталынған бұл мемлекеттердің бір-бірімен көрші орналасуы және олардың өзара қатынасы мен оның деңгейі олар орналасқан аймаққа ғана месе, сонымен қатар барлық халықаралық қатынастардың дамуына өз ықпалын тигізеді.
Ресей мен Қытай арасындағы өзара байланыс тарихы шамамен 400 жыл мерзімді қамтиды. Екі ел арасындағы алғашқы байланыс XVII ғасырдың соңында орын алып, бірден әскери қақтығысқа алып келген болатын. Патша қызметіндегі казактар 1632 жылы Якутск қаласының негізін қалған, ал жеті жыл шамасында Тынық мұхитқа жеткеннен соң біртіндеп оңтүстікке Амур өзені жағалауына ойысқан еді.
Бұл кезеңде Қытай елі өздерінен саны жағынан бірнеше есе манчжурлардан жеңіліп, Пекинде жаңа императорлық әулетке негізделген Цин империясы құрылды. Қыайдың бұл кезеңдегі шекрасы Ұлы қытай қабырғасы болса, Манчжурияның шекарасының сыртында Амурдан 600-800 шақырым жерден өтетін Ивовый полисад қорғаныс жүйесімен шектелетін еді. Қорғаныс жүйесі мен Якутск арысында жергілікті тайпалар өмір сүретін. Бастапқы кездерде бұл аймақта орыстардың пайда болғанына мән бермеген манчжурлар Қытайды бағындырғаннан соң орыстарға қарсы жорық жасаған. 1652 жылдың наурызында Ачанск бекінісі маңында (қазіргі Хабаровскіден алыс емес) Қытай мен Ресей тарихындағы алғашқы әскери қақтығыс орын алған 10.
Манчжурлар мен жергілікті тайпалардың біріккен әскеріне (2100 адам) бір отряд казактар (206) қарсы тұрған болатын. Әскери қару-жарақтың күшімен жеңіске жеткен казактар 10 адамнан айрылса, манчжурлардың 700 адамы шығын болған еді. Бұдан кейінгі кездерде казактар Амур, Уссури, Сунгари өзендері бойын және Амурдың оңтүстік жағалауының біршама бөлігіне бақылау орнатқан. Ресейліктердің бұл әрекеті ұнамаған Цин империясы 1682 жылы Амурдағы өздерінің алғашқы бекінісі - Айгунь (қазіргі Хэйхэ) қаласының неігізін қалады.
Бірақ, екі ел арасындағы қатынастардың негізгі оқиғалары Албазин абақтысы маңында өтті. Бұл жер бүкіл әскери қосындардың орталығы ретінде бүкіл Приамурье өңірін біріктірді. Орыстар алғашында қытайлықтармен дипломатиялық келіссөздер жүргізуге тырысқан болатын. Бірақ манчжурлар (қытайлар) келіссөз барысында Орталық мемлекет тұжырымдамасы принциптерін (қытай емес барлық халықтар жабайылар, сондықтан олар императорға алым төлеп, өздерінің бағыныштылығын білдіруі қажет) ұстанды. Қытай императоры Канси 1685 жылы орыстардың «тез арада Якутскіге оралуын, және сол жер шекара болып» есептелінуі туралы талап қойған қаулы-ультиматум шығарды. Бұдан кейінгі кезеңде Албазин үшін соғыста екі жақтан да шығындар болып, соғыс 1689 жылғы Нерчинск келісімімен аяқталды. Бұл келісім Ресей мен Қытай арасындағы орыс-қытай шекарасына қатысты алғашқы келісім болатын. Бұл келісім бойынша шеара Аргуни және Горбище өзендері бойымен өтті. Кездесуге келген қытай жығының әскер саны басым болғандықтан келісім-шарт қытайлар пайдасына шешілді. Келісім бойынша Қытай құрамына ауқымды территория кірді. Бұл туралы қытай елшісі императорға жазған хатында: «Бұрындары Қытайдың қарауында болмаған солтүстік-шығыс өңірдегі мыңдағын ли болатын аймақ енді сіздің меншігіңіздің құрамына кірді» деп жазды. XIX ғасырдың ортасында Қытай Англия мен Францияға қарсы «апиын соғысы» және тайпиндер көтерілісіне қатысты дағдарысқа ұшырады 11.
Нерчинск келісімі бойынша Ресейден алынған жерлер екі ғасыр бойы иесіз жатты. Ал бұл кезде Камчатканы игере бастаған Ресей Приморье өңіріне шығыстан келіп кіре бастады. Бірақ, Қырым соғысы кезіндегі ағылшын-француз теңіз күштерінің Петропавловск-Камчатский қаласына шабуылы бұл аймақты иесіз қалдыруға болмайтындығын танытты. Камчаткамен арадағы көлік байланысын жетілдіру үшін орыстарға Амур өзені қажет еді. Шығыс Сібірдің генерал-губернаторы К. Муравьевтың белсенді қызметінің арқасында 1858 және 1860 жылдары Айгунь және Пекин келесімдері жасалынды. Ол бойынша қытай-орыс шекарасы Амур және Уссури өзендері арқылы өтті, яғни қазіргі таңдағы ресми үлгісі жасалынды.
Екі ел арасындағы саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстың бастауы болып бірінші ресей рұхани миссиясының Пекин қаласына 1716 жылғы сапары саналады. Бұл миссияның басшысы ретінде Петр I бұйрығымен архимандрит Илларион тағайындалғанымен де, өзара қатынастардың дамуына миссияны 1807 жылдан бастап басқарған Иакинф әкей (Никита Бичурин) көп үлес қосты. Ол Ресейде қытайтанудың негізін қалап, екі арадағы ғылыми-техникалық байланыстардың дамуына негіз болды. Екі держава арасындағы дипломатиялық және консулдық байланыстар 1924 жылдың 31 мамырындағы «Мәселелерді реттестірудің жалпы принциптері туралы» келісімінен соң орнаған болатын 12.
Ресей-қытай қатынастарының дамуына кейбір факторлар ықпал еткен және етіп келеді де, олардың қатарына бірінші кезекте 300 жыл бойы негізгі басым фактор болып келген шекара мәселесін атауға болады. Шекара сызығының демаркациясы мәселесі бұған дейінгі бірнеше келісімдердің (Нерчинск, Пекин келісімдері және т. б. ) болғандығына қарамастан XX ғасырдың соңына дейін өз шешімін таппай келуі кей кезеңдерде тіпті шиеленістіктер мен әскери қақтығыстарға да (1969 жылғы Даман аралдарындағы қақтығыс) алып келіп отырған. Осы қақтығыстан соң, яғни 1969 жылы Косыгин мен қытай премьері Чжоу Эньлай шекара сызығының сол кезеңдегі қалпында қалуы туралы келісімге қол жеткізді. Мемлекеттер шекара дауына байланысты келісімдердің жаңа кезеңіне аяқ басып, ол тек 1991 жылы 19 мамырдағы КСРО мен ҚХР арасындағы кеңес-қытай шекарасының шығыс бөлігі туралы келісімге қол қоюмен аяқталды. Ал шекараның демаркация мәселесі тек 1999 жылы ғана аяқталған болатын.
Екі держава арасындағы қарым-қатынасқа ықпал еткен тағы мәселе - идеологиялық соғыс еді. Өткен ғасырдың 50-ші жылдарының соңына қарай қытай басшылығы КСРО-ға қарыс күшті насихаттық компания бастаған болатын. Қытай 60-шы жылдардың басында «картографиялық агрессия», яғни Кеңес одағына тәуелді Орталық Азия мен Орал өңірін «Қытайдың тарихи территориясы» деп көрсетілген карталар басып шығары бастаған. Екі ел арасындағы өзара байланыстағы тоқырау 20 жылға созылып, тек 80-ші жылдардың соңына қарай тараптардың еркін ерік-жігері мен дипломатиялық күш-қуатының арқасында өзара қарым-қатынас жақсарған болатын.
Әлемдегі социалистік болгтың басында тұрған әлемдік алып коммунистік мемлекет - КСРО ыдырағаннан соң, алғашқылардың бірі болып 1991 жылдың 24 желтоқсанында ҚХР үкіметі Ресей Федерациясын Кеңес одағының халықаралық құқық пен міндеткерліктерінің мұрагері ретінде таныған мерзімнен бастап екі ел арасындағы дамудың жаңа кезеңі өз бастамасын алған еді.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1992 жылы қаңтарда Нью-Йорк қаласында өткен отырысында Ресей Федерациясының Президенті Б. Н. Ельцин мен ҚХР Мемлекетік Кеңесінің Премьері Ли Пэн екі ел арасындағы бейбіт қатар өмір сүру принциптеріне негізделген достық, тату көршілік қатынастарды дамытуға деген тараптардың талпынысын мәлімдеді. Екі тараптың 1990 жылдардағы саяси жігерлерінің негізінде Ресей мен Қытай негізінде бір-бірінің мүдделерін құрметтеу және санасу екіжақты қарым-қатынастардың тиімді үлгісін қалыптастыруға алып келсе, әскери салада белгілі-бір одақтық қатынастардан саналы түрде бас тарту екі елдің өз мүдделерін қорғаудағы сыртқы саяси үйлесімділігіне жағдай жасады.
Ресей мен Қытайдың ұстанған бағыты екіжақты ынтымақтастықтың тарамдық механизмдерінің қалыптасуына ықпал етті. Белсенді түрде мемлекетаралық және үкіметаралық деңгейдегі түрлі салаларды қамтитын келісімдер мен шарттар дайындалып, бекітілген еді. Жоғарғы дәрежедегі кездесулер мен келіссөздер ұдайы өткізіліп, сыртқы істер министрлігі бағыты бойынша жүйелі түрде кеңестер алу жүргізілсе, қорғаныс министрліктері арасында жұмыс топтарының байланысы қалыптастырылды.
Мемлекететер арасындағы қарым-қатынастың 1990 жылдардағы жағдайына Қытай мен Ресей көшбасшыларының жеке байланыстары үлкен ықпал етті. Екі елдің жоғарғы басшылары ұдайы кездесіп тұрды немесе «тікелей байланыс» арқылы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, өзара кеңестер алысып отырды. Олардың арасындағы қалыптасқан достық және сенімділік қатынастары жалпы мемлекетаралық және үкіметаралық жағдайға тиімді ықпал етіп, серіктестік қатынастар мен байланыстарды белсенді орнығуына негіз болды. Бұл үрдіс кейіндері бірнеше маңызды екіжақты құжаттарда көрініс тапты.
Ресей президенті Б. Ельциннің 1996 жылдың сәуіріндегі Пекинге сапары барысындағы жоғарғы дәрежедегі бірінші орыс-қытай кездесуі негізінде ҚХР мен РФ өзара қатынастың негіздері туралы Қытай мен Ресейдің бірлескен декларациясын жариялауға қол жеткізілді. Декларация екі мемлекеттің XXI ғасырдағы өзара стратегиялық әрекеттестігіне негізделген тең дәрежедегі сенімдлілік серіктестігінің қалыптасқандығын жариялады.
Өзара қатынастың жаңа деңгейге көтерілуінің нәтижесі ретінде 1997 жылы нақты салалардағы өзара әрекеттестіктің ерекше кешенін жасауды атауға болады. Ресей мен Қытай үкімет басшыларының тұрақты өтетін (жыл сайынғы) кездесулерін ұйымдастыру механизмдерін қалыптастыру туралы келесімге қол жеткізілді. Оның толыққанды жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет басшыларының тұрақты кездесулерін өткізуді дайындау жөніндегі комиссия құрылды, оны жетекші ретінде вице-премьер басқарып, құрамына қызметі ынтымақтастықтың түрлі бағыттарының спектрларын қамтитын салалық жұмыс топтары кірді. Мысалы, 2000 жылы Білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт салаларындағы ынтымақтастық жөініндегі ресей-қытай комиссиясы құрылды (2007 жылы Гуманитарлық ынтымақтастық жөініндегі ресей-қытай комиссиясы болып өзгертілді) . Комиссия құрылымдарын сәйкес министрліктер мен ведомстволардың басшыларының жетекшілік етуі олардың өзара әрекеттестігінің жоғарғы деңгейінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. 2008 жылдан бастап үкімет басшыларының орынбасарлары деңгейіндегі ресей-қытай энергодиалогы жұмысын бастады. Қазіргі таңда премьерлердің тұрақты кездесулері тетіктері аясында 18 комиссия және 35 жұмыс тобы жұмыс атқаруда. Осылайша, ресей мен қытайдың өзара әрекеттестігі үрдісіне екі елдің атқарушы органдары да тікелей қатыстырылып отыр.
Бұдан кейінгі кезеңдегі орыс-қытай қатынастарының негізгі принциптері, бас бағыттары мен салалары екі елдің басшылары - РФ Президенті В. В. Путин мен ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминнің 2001 жылдың 16 шілдесінде (2002 жылдың 28 ақпанында күшіне енген) Мәскеу қаласында қол қойған «Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісім» аясында нақтыланған 13. Ресей-қытай қатынастары үшін негізгі құжат болып отырғандықтан ол екіжақты ынтымақтастықтың барлық салалары мен бағыттарын қамтиды. Бұл келісім бірден 20 жылға жасалынған, және де мерзім аяқталғаннан соң автоматты түрде бес жылдық кезеңдерге ұзартуға мүмкіндік беретін шарттары бар. Келісімнің шарттарына сай тараптар ұзақ мерзімге негізделген тату көршілік, ынтымақтастық, достық қарым-қатынастарды, халықаралық құқық нормаларына негізделген тең құқылы сенімділік серіктестік пен стратегиялық өзара әрекеттестікті дамыту, өзара қарым-қатынастарда күш қолданбауға немесе күш қолдану туралы қоқан-лоқы жасамауға тырысу, бір-бірінің таңдап алған даму жолын құрметтеу және мемлекеттік тұтастығы мен территориялық бүтіндігін қорғау мәселесінде бір-бірін қолдаулары қажет болды. Сонымен қатар келісімде Ресей мен Қытай әскери саладағы өзара сенімділікті дамытып, бір-бірінің қауіпсіздігін нығайтуға, аймақтық және халықаралық тұрақтылықтың тұғырлы етуге күш салулары керектігі айтылған. Бейбітшілікке қатер төнсе немесе агрессиялық қауіп пайда болған жағдайда Мәскеу мен Пекин бірден байланысқа түсіп, пайда болған қауіпті жоюға қатысты өзара кеңес өткізулері қажет. Соған қарамастан тараптар ешқандай одақтар мен блогтар (әскери-саяси) құрамында болмау және де бір-бірінің егемендігіне, қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығына қатер төндіретін шараларға бармау туралы келісімге келген. Сонымен қатар келесімде тараптар қақтығыстарды реттестіру мен алдын-алу үрдісіндегі халықаралық аренадағы жаһандық стратегиялық теңдік пен өзара әрекеттер үйлестігін сақтауға қатысты ортақ күш-жігер таныту керектігі бекітілген.
Осы құжатқа сай Ресей мен Қытай сауда-экономикалық, әскери-техникалық, энергетикалық, көлік және тағы да басқа саалалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытумен қатар, шекаралық және аймақаралық байланыстарды ынталандырып, өзара мәдени алмасуларды да жүзеге асырады. Олар ланкестікпен, сепаратизммен, экстремизмммен, ұйымдасқан қылмыс, есірткі кәсібі және заңсыз көші-қон әрекеттерімен күресте өзара әрекеттесуді де көздейді. Ал екі елдің заңшығарушы, атқарушы және сот билігі органдарының арасындағы байланысты дамыту қажеттілігі жеке қарастырылған. Осы жерде айта кететін маңызды мәселе - Келісім (құжат мәтінінде ерекше айтылған) үшінші бір мемлекетке қарсы жасалынбаған. Басқаша айтқанда бүкіл әлемге тағы да бір рет нақты түрде Ресей мен Қытайдың өзара сыртқы саяси ынтымақтастығында «қарсы» деген түсінікті білдіретін мазмұн жоқтығын танытуында болды. Бұл мәселе аталынған екі держава қатысып отырған Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Ресей - Қытай - Үндістан (РИК) және де Бразилия - Ресей - Қытай - Үндістан (БРИК) форматындағы байланыстардың да мазмұнында жоқ.
Осылайша, Ресей мен Қытай жаңа мыңжылдыққа стратегиялық өзара ықпалдастық пен тату көршілік қатынастарды дамытуды көздеген державалар ретінде аяқ басқан болатын. Қытай мен Ресей басшыларының осындай форматтағы қарым-қатынас орнату туралы шешімдері екі ел тұрғындарының түпкілікті мүдделеріне сай келіп, жалпы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға негізделді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz